Шымкент-Түркістан бағыты бойынша көліктік-экспедициялық қызмет көрсету технологиясын жетілдіру жобасы


Аннотация
Диплом жұмысының тақырыбы: «Шымкент-Түркістан бағыты бойынша көліктік-экспедициялық қызмет көрсету технологиясын жетілдіру жобасы».
Орындаған: Нұсқабаев Ғ. О., ЗСМ-14-2ку тобы
Ғылыми жетекші: т. ғ. к., аға оқытушы Джунусбеков А. А.
Қорғалу уақыты: 2016ж.
Диплом жұмысында Шымкент, Түркістан станцияларының техникалық және пайдалану сипаттамасы келтіріле отырып, станциядағы технологиялық процесті орындауды талдау және бақылау орындалған. Станция жұмыстарын жедел басқару, станцияда көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, тиеу және жүк жөнелту бойынша операциялар анықталды.
Жүкті жеткізудің тасымалдау-технологиялық схемасын жобалау, Тасымалдаушы таңдау алгоритмі дайындалды, жүкті жеткізу мерзімін анықтау коммерциялық актілер және оларды дайындалған.
Станциядағы тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, тиісті іс-шаралар ұсынылды. Поездарды қалыптастыру кезіндегі сұрыптау жолында қолданылатын автоматтандырылған тежегіштерді енгізу шығындары анықталған. Жұмысты өндіріске енгізуге арналған бизнес-жоспар дайындалды.
Дипломдық жұмыс 104 беттен тұрады, түсіндірме жазбасында 19 кесте, 19 формула, 18 сурет келтірілді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі - 21.
Мазмұны
8 Экономикалық бөлім
9 Бизнес жоспарлау бөлімі
88
95
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесі сілтемелер қолданылған:
МЕМСТ 19359-80- Жол қозғалыстарын басқарудағы телеавтоматика және автоматтандырылған жүйелер. Техникалық құралдар. Негізгі параметрлар мен типтері. Техникалық талаптар.
ҚР СТ 1648-2007- Темір жол көлігінің автоматикасы, телемеханика және байланыс. Техникалық жағдайы.
ҚР СТ 1651-2007 - Темір жол көлігі. Орталық диспетчерлік жүйе, автоматтық телемеханика және байланыс, техникалық талап.
МЕМСТ 16. 2. 203-87- Зиянды зат шығындыларының мүмкіндік шегінен тыс шығындылар үшін төленетін сапа.
МЕМСТ 17. 2. 3. 02-78- Атмосфераға тасталанынатын зиянды заттардың шектік мүмкін концентрациясы мөлшері талаптар.
Белгілер және қысқартылған мәндер
КЭО- көліктік -экспедициялық операция
МАКС - мемлекетаралық келісім сертификаты
КЭҚК -көліктік-экспедициялық қызмет көрсету
КЭҰ-көліктік экспедициялық ұйым
АҚ - Акционерлік қоғам
АРМ ТВК - тауар кассирлерінің автоматты басқару жұмыс орыны
БЕО - бас есеп орталығы
ДБЖ - деректі беру жүйелері
ДЭА-деректермен электронды алмасу
ЖВМ-жолдағы вагондық модель
ЖТҚК - жалпы техникалық қызмет көрсету
ҚТЖ-Қазақстан темір жолы
ТЖТ-темір жол транспорты
ТҚК - техникалық қызмет көрсету
ТЭМ - маневрлік тепловоз
ҰК - Ұлттық компаниясы
Анықтамалар
Көліктік-экспедициялық қызмет - көліктік ұйымның күшімен және құралдармен орталықтырылған түрде орындалатын, негізгі тасымалдаушының міндетіне кірмейтін, әдетте жөнелтуші мен алушының күшімен және құралдармен орындалатын тасымалдау үрдісінің бастапқы және соңғы кезеңдерімен байланысты, қосымша опрацияларды айтамыз. Вагон - темiр жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;
Логистика - бұл тауарды баратын жеріне қажетті көлемде, бүтін және сақталған күйде белгіленген уақыт мезетінде жылдам және аз шығынмен жеткізу өнері Жүк - жүк поезында тасымалдауға шарт бойынша қабылданған мүлiк;
Қаптама - тасымалданғанда, сақталғанда және реализацияланғанда (сатылғанда) өнімді қоршаған ортадан және зақымданудан қорғайтын құралдар немесе құралдар кешенін айтады. Жүк терминалы - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызметтер кешенін ұсынуға және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға арналған кірме жолдағы құрылыстар мен техникалық құралдар кешені;
Көліктік-экспедициялық операция - бұл КЭҚК қамтамасыз ететін, периодты түрде қайталанатын аяқталған элементар іс-әрекет.
Аралас тасымалдау - тізбектей жұмыс істейтін екі немесе бірнеше көліктермен жүк тасымалдау.
Түзу аралас тасымалдау - барлық тасымалдау көлігімен барлық жол бойында бір тасымалдау құжатымен жүзеге асады.
Мультимодальды тасымалдау - жүктерді түсірмей аралас тасымалдау (мысалы, контейнермен тасымалдау) .
Контрейлерлік тасымалдау - автокөлік құралдарын тасымалдау.
Жүк экспедиторы - бұл басқа бір жеке немесе заңды тұлға атынан, тасымалмен айналысатын жеке немесе заңды тұлға.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Көлік экономиканың инфрақұрылымын құрайтын салалардың бірі болып табылады. Қазақстанда әжептеуір дамыған көліктік жүйе қалыптасқан оған; теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су көлігі және құбыр көліктері кіреді. Қазақстан көлігі республиканың салалық кешендерінің құрылуы нәтижесінде дамыды (агроөнеркәсіптік, жанармай-энергетикалық, тау-кен металургиялық, құрылыстық және т. б. ), ол тек экономика салаларын және өндіріс түрлерін ғана емес, сонымен қатар аумақттық кешендерді де өзара байланыстырады. Республикадағы барлық көлік түрлерінің едәуір қарқынды дамыған кезеңі XX-ғасырдың 70-80 жылдары болды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. ТМД-ғы 90-жылдарда байқалған экономикалық құлдырау барлық көлік түрлерінде жалпы дамуы және өсуі 1999 жылдың соңынан басталады. Соңғы 10 жылдың ішінде жүкті тасымалдау үрдісін ұйымдастырудағы экспедиторлық қызмет және көліктік кәсіпкерліктегі экспедиторлық капиталдың рөлі түгелдей өзгеріске ұшырады. Олар көліктегі ғылыми техникалық төңкеріліс нәтижесінде, яғни жүк массасын контейнерге тиеу және жүк тасымалдау үрдісін мультимодельдық технологияға ауысу. Көп жағдайда, барлық көліктік үрдісттің сапасы мен тиімділігі жүк жөнелтуші мен тасымалдаушыға емес, сондай - ақ тасымалдауға қатысатын бір қатар делдалдарға байланысты.
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы. Көліктік экспедиция кең ауқымды операциялардан тұрады: жүк жөнелтуші немесе алушы қоймасындағы қабылдап-тапсыру, көлікті стансаға кіргізіп шығару, экспедициялық-тасымалдау құжаттарын толтыру, тасымал ақысын және алымдарды төлеу, ақпарат, қаптау, құжаттар көшірмесін жасау және т. б. Кейбір жүк жөнелтушілер және алушылар көліктік экспедиторлық операциялар үшін біршама экспедиторлар штатын ұстайды. Бірақ кез-келген кәсіпкер мұндай штат ұстауға шамасы жетпейді, сондықтан КЭҚК жүкті экспедициялауға шоғырланатын компаниялар бар.
Дипломдық зерттеудің мақсаты. Шымкент-Түркістан темір жол бағыты бойынша жүк тасымалдауда көліктік-экспедициялық қызмет көрсету технологиясын жетілдіру.
Дипломдық зерттеудің міндеті . Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету кезінде жүкті тасымалдаудың ең тиімді жолын тауып беру.
Жүк экспедиторы экспортер мен импортер арасындағы байланыстырушы топ. Олар мойындарына екі жақтың бірінің міндеттерін жұмыстарын алып, негізгі қызметтерінің бірі екі жақ арасында жүк тасымалдауға келісім шарт жасау болады. Операциялардың жөнелту және жету бекетінде, жол жөнекей орындалатын, сондай-ақ көліктік экспедиция қызметінің толықтығына қарай:
- жергілікті - операциялар тек қана жөнелту (жету) бекетінде немесе жол жөнекей;
- ішінара немесе толық емес - Ұйым өз мойнына қызметтің барлық түрі емес, кейбіреуін ғана алады.
- толық - жүк жөнелтуге байланысты барлық операцияларды ұйым өз мойнына алып, жөнелтушінің қоймасынан, алушының қоймасына дейінгі қызметке жауап береді.
Зерттеудің нысаны. Өндірістік объектілерін ала отырып темір жол желілерінің станциялары, темір жол телімдері, тасымалдау бөлімшелері.
Жүк экспедиторы импортер немесе экспортерға жолданып, солардың атынан белгілі бір елге немесе белгілі бір елден жүкті тасымалдауды жүзеге асырады, ол қызметі үшін экспедитор белгілі бір келісілген төлемақы алады. Барлық әлемде қазіргі заманғы экспедиторларға қойылатын талап және оқу әдістерін өзгеру үстінде, олар маманның өндірушіден тұтынушыға, бірнеше көлік түрлерін пайдаланып сатушыдан сатып алушыға, көбінесе тасымал келісімшартын арнайы экспедиторлық құжаттарды рәсімдеп, жүк жеткізудегі тиімді логистикалық схема құруды талап етеді.
Жұмыстың теориялық базасы мен әдістемелік негіздері:
- көліктік объектінің техникалық құрылғыларының негізгі параметрлерін есептеуде кәзіргі әдістемелік жолдарды қолдану;
-теміржол көлігінде жаңа техниканы енгізудегі экономикалық тиімділігін теориясының тұжырымдарын қолдану.
Дипломдық жұмысты жазудың практикалық базасы ретінде Шымкент, Түркістан станциялары алынды.
1 Шымкент-Түркістан теміржол бағытының техникалық-пайдалану сипаттамасы
Шымкент-Түркістан теміржол бағыты автоблокировкамен жабдықталған. Телімдердегі пойыздар жүрісі диспетчерлік орталық арқылы басқарылады.
Теміржол бағытында ірі станциялар орналасқан, барлық станцияларда жолаушылар операциялары орындалады. Барлық станциялар МРЦ-мен жабдықталған.
Шымкент-Түркістан теміржол телімінің жалпы ұзындығы 160 км.
Шымкент-Түркістан теліміндегі тәуліктік жолаушылар ағыны 11800 жолаушыны құрайды. Телімдерде қаламаңдық қатынастар орындалады.
Шымкент-Түркістан желiсiнде жолаушы пойыздарына қызмет көрсету үшін ВЛ80т сериалы локомотивтері қолданылады.
Қазығұрт Арыс
Шымкент Бадам Түркістан
Сурет 1. 1. Шымкент-Түркістан темір жол бағытының сұлбасы
1. 1 Шымкент станциясының техникалық сипаттамасы
Темір жол станциясы - тасымалдау процесінің шешуші буыны. Осы жерде бұл тасымалдау процесі басталып, осында аяқталады, вагон ағындары өңделеді және станцияның қалай жұмыс істейтіндігіне байланысты вагонның айналу уақыты өзгереді де, тасмал жоспарының орындалу немесе орындалмауы да осыған тәуелді болады. Ал станцияның өзінің жұмыс көрсеткіші оның техникалық жарақтандырылу дәрежесіне технологияның жетілдіруіне, мамандардың біліктілігіне, ұжымдағы еңбек тәртібінің сақталуына, ауысым бөлімшелерінің арасындағы тығыз, өзара байланысқа, еңбекті ұйымдастыру мен басқару деңгейіне байланысты болады.
Шымкент станциясы 31. 07. 1998 жылға № 552-Ц және 17. 08. 1998 жылға №58-Н бұйрықтарға сәйкес жұмыс түрі бойынша жүк станциясы, ал тасымалдау көлемі бойынша кластан тыс станция болып табылады. Станцияда бұрмашалар мен белгілерді орталқтандырылған басқарылу жүйесіне қосылған. Станциядағы негізгі бағыттар мен қозғалысты ұйымдастырудың негізгі құралдары
а) тақ бағытта:
Шымкент - Қорғасын - 2 жолды; 1-жол бір жақты автоблокировкасы бар, тақ бағыттағы жолаушы және жүк поездары қозғалысы үшін, II жол - бір жақты автоблокировкасы бар, жұп бағыттағы жолаушы және жүк поездары қозғалысы үшін;
б) жұп бағытта:
Шымкент - Қызылсай - 2 жолды; 1-жол бір жақты автоблокировкасы бар, тақ бағыттағы жолаушы және жүк поездары қозғалысы үшін, II жол - бір жақты автоблокировкасы бар, жұп бағыттағы жолаушы және жүк поездары қозғалысы үшін;
Шымкент - Қазығұрт - 1 жолды; тақ және жұп бағыттағы жүк поездары үшін екі жақты автоблокировкасы бар.
Поездық, маневрлік және жолаушыларға қызмет көрсету жұмыстарын қамтамасыз ету үшін станцияда бар:
- жолаушы және жүк поездарын қабылдау және жіберу үшін арналған қабылдау-жіберу паркі;
- жүк поездарын қалыптастыруға және ажыратуға арналған, оларды жақындау жолдарына беруге арналған сұрыптау-жіберу паркі;
- «Отырар» жолаушылар поездының ваондары мен жергілікті қатынастағы жолаушылар вагондарының тұру жолдары;
- жақындау жолдарынан шығатын поездар мен вагондар тобының қалыптастырылуы мен ажыратылуы үшін арналған жол;
- қуаты аз төбешік.
Станцияға жалпы 44 жақындау жолы қосылады. 4 жақындау жолында келесі кәсіпорындардың локомотивтерімен қызмет көрсетіледі: «Теміржол» АҚ, «Ақбидай» ЖШС, «Шымкент-тұрғын үй-құрылысы» ӨҚК, «Шымкентмай» АҚ.
Сондай-ақ станцияға «Кедентранссервис» ЖАҚ мен «Казтранссервис» МК жалпы пайдаланылатын жүк алаңы да қосылады.
I - маневрлік аудан.
Оңтүстік бағыттағы маневрлік ауданда келесі операциялар орындалады:
а) жүк поездарын қалыптастыру-ажырату; құрама поездарды жинақтау, жақындау жолдарына жіберуді қалыптастыру;
б) топтық вагондарды қалыптастыру.
Бұл ауданда жұмыстар бір локомотивтің сериялық серпілісі арқылы жүргізіледі.
II - маневрлік аудан.
Сұрыптау жолдарының тақ бағыты, жылжымалы құрамды 9-20 жодар арасында қалыптастырады. Бұл ауданда да бір локомотив жұмыс істейді:
а) барлық бағытта келген поездарды ажырату;
б) Тараз, Шу, Шымкент, Қазығұрт, Қорғасын, Бадам бағыттарына, Шымкент - Тараз учаскесіне қалыптастыру;
в) тиеу және түсіру алаңына вгондарды беру;
г) “Отырар” фирмалық поездын жібері жолына қою және алу, сондай-ақ транзиттік жолаушы және жүк поездарына вагондарды тіркеу және ажырату.
III - маневрлік аудан.
Сұрыптау паркінің жұп бағытынан жалпы пайдаланылмайтын жолдарға 192, 104, 301, 52 бұрмашалар арқылы келесі кәсіпорындардың жақындау жолдарына вагондар беру және алу: “Шымкентмай” АҚ, “Южтекс” АҚ, “Ақмақта” АҚ, ТЭЦ-1, ПЧ-53, НГЧ-1, “Шымкентстройторг” АОҚ, “Пищепромзаготторг-2”, “Пищезаготпромторг” ӨК, “Шымкентжилстрой” АҚ.
IV - маневрлік аудан.
Сұрыптау паркінің тақ жағынан 97, 117, 119 бұрмашалар арқылы келесі кәсіпорындарға қызмет көрсету: “Шымкенттара” ЖШС, “Шымкентоктан” АҚ, “Имстальком” ААҚ, “Темиржол” АҚ, “Бірлесу” АҚ, “Абдрахманов и К” ТС, “Кедентранссервис” ЖАҚ, ДОК АҚ, “Сана” ЖШС, ”Алтындэн” ЖШС.
Байланыс құралдары.
- диспетчерлік басқару орталығына қосылған поездық радиобайланыс;
- маневрлік радиобайланыс;
- кі жақты практік байланыс;
- маневрлік локомотив машинистімен және диспетчерлік басқару пунктімен байланысу үшін жылжымалы байланыс құралдары;
- станция аралық байланыс;
- жалпы телефон байланыс;
- диспетчерлік байланыс;
Шымкент станциясының эксплуатациялық сипаттамасы
Шымкент станциясында келесі операциялар орындалады:
- жүк, беріліс және құрама поездарды қалыптастару және ажырату;
- жолаушы және жүк поездарын қалыптастыру;
- жақындау жолдарына вагондар жеткізу және алу;
- кіші контейнерлерді тиеу, түсіру және өңдеу;
- жолаушыларға билет стау, түсіру және отырғызу;
- багаж және почтаны түсіру, қабылдау және өткізу, сондай-ақ жолаушы тасымалдау бойынша басқа да операцияларды орындау.
Сурет 1. 2 Шымкент станциясының схемасы
1. 2 Түркістан станциясының техникалық сипаттамасы
Түркістан станциясы Арыс-Қандыағаш магистарлінде орналасқан, жұмыстың орындалуы бойынша учаскелік станцияға жатқызылады. Жұмыстың орындалу көлемі бойынша станция 1 санатты станциялар қатарына жатқызылған. Мұнда екі жолды Түркістан-Шорнақ, екі жолды Түркістан-Шой-Төбе айдаулары түйіседі. Айдаулар дұрыс емес жолдағы пойыз қозғалысын реттеуге арналған құрылғылармен жабдықталған - локомативті бағдаршам сигналдары. Станцияда екі парк жұмыс жасайды:
1. Тақ жолаушылар және жұп жүк пойыздарының қабылдау және аттандыру парктері 8 жолдан тұрады (1-ден 8-ге дейін) ;
2. Жүк поездарының іріктеу-аттандыру парктері 8 жолдан тұрады (9-шыдан 16 дейін) .
Пойыздар мен вагон топтарын құру мен тарату үшін станцияларда аз қуатты арнайы іріктеу дөңестері бар, олар іріктеу паркінің солтүстік жағынан түйіседі.
Маневрлік жұмыс ТЭМ-2 сериялы тепловозбен жүзеге асырылады.
Кесте 1. 1
Парктер мен жолдар туралы ақпараттық тізім мен олардың мамандандырылуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz