Жолаушылар айналымын сараптамалау


КІРІСПЕ
Тарихи тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылжу жиілігі азаятын емес. Қазақстанның міндеті отандық көлік - коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өететін сауда легінің ұлғаюын қамтамасыз етуде.
Автомобиль көлігі қалалардағы, сондай-ақ ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін зор маңызға ие болуда. Ол халықтың экономикалық және мәдени тұрмыстық өмірін көтеруге, қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы қарама-қайшылықты аластатуға, орталық облыстар мен еліміздің шалғай жатқан аудандарындағы тұрғындардың өміріндегі жағдайларды теңестіруге септігін тигізеді. Автомобиль көлігінің басты міндеті халық шаруашылығы мен тұрғындардың жүктерді материалдық және еңбек қорларының мүмкін боларлық ең төмен шығындарын пайдалана отырып тасымалдаудағы қажеттілігін сапалы және уақытылы қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселені шешу жалпы пайдаланудағы автомобиль көлігін дамытуды жүк және тауар айналымдарын арттыруды, материалды-техникалық негізді бекітуді және көлік кәсіпорындарында шоғырландыруды жылжымалы тізбектің техникалық баптауы мен жөндеуін жақсартуды талап етеді.
Автомобиль көліктерінің алдында тұрған маңызды мақсаттардың бірі ол, автокөліктердің пайдалану сенімділігін жоғарылату. Бұл мәселенің шешуі бір жағынан автокөлік өнеркәсібінің автокөлік шығаруынан қамтамасыз етіледі, басқа жағынан автокөлігінің жылжымалы құралдарының техникалық пайдалануының әдістерін жетілдіру арқылы жылжымалы құралдарды дұрыс жағдайда күту үшін, керекті өндірісті базаның жасауын талап етеді және де прогресивті қорларды сақтайтын технологиялық процестерді кең пайдалануын, өндірістік процесстерді автоматизациялау, жұмысшылардың мамандығын көтеру, жол салуды кеңейту және сапасын көтеру.
Бұрынғы Кеңес Одағында автокөлік өнеркәсібі жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында құрыла бастады. Одақ күйрегеннен кейін Қазақстан өнеркәсібі автокөлік шығару тарихын жоғалтты. Қазақстан егемендік алғалы бері автокөлік шығаратын бірде-бір заводттар салынған жоқ. Үкіметтің автокөлік өнеркәсіптер мәселесінің шешімін оңай жолын тауып автобустарды сатып ала бастады. Әрине бұл жол ыңғайлы болған шығар, бірақ Қазақстандағы автокөлік өнеркәсібінің дамуы тоқтап қалды.
Техникалық пайдалану автомобиль көлігі жүйесінің бірегей түрі болып табылады. Автомобиль көлігінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі автомобильдердің пайдалану сенімділігін арттыру және оны ұстауға кететін шығындарды төмендету болып табылады.
Дегенмен, автобус паркінің техникалық күйін жақсарту өте баяу жүргізілуде. Бұл мәселені шешу бір жағынан сенімділігі жоғары автомобиль-дерді шығару, ал екінші жағынан автомобильдерді техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, техникалық баптау және жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығын төмендету, автобустардың жөндеу аралық жүрісін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. Нұсқалған шарттарға қосымша жылжымалы тізбекті ақаусыз күйде демеуге қажетті өндірістік негізді құруды, өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын кеңінен енгізуді талап етеді. Қазіргі уақытта АЖТК-дағы өндірістік процесстерді механикаландыру деңгейі салыстырмалы түрде шамалы ғана, жұмыстардың түрлері бойынша 50 пайызға жуық шаманы құрайды. Техникалық баптау мен жөндеуінің пайдалану процессі өндірісті одан әрі автоматтандыру және механикаландыру еңбек өнімділігін және жөндеу сапасын арттыруға қажетті технологиялық аспаптар мен жабдықтарды қолдануды қарастыруда. Дипломдық жобаның таңдалған тақырыбынан шыға отырып, техникалық баптау тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру және ТҚ-дың технологиялық процесін механикаландыру АЖТК-дағы жекеленген мәселелердің бірі болып табылады деген қорытынды жасауға болады.
Белгілі-бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ол ұзақ мерзімдік келешекте Жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық нарықта жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік пен коммуникациялық қызметімізге ден қоятын жаңа нарықтарды іздеуге салды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамытуға және отандық сенімнің құнындағы көлік шығысын кемітуге жәрдемдесетін болады.
Автокөлік жолдары және автокөлікке жасалған «Қазақстан-2030» стратегиясының бағдарламасы мынадай:
- автомибиль жолдарын шапшаң аралықтар құру арқылы халықаралық тасымалдауды қамтамасыз ететін бағыттарды дамыту;
- жекеменшік автомагистральдар салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау, оларға осы заманғы халықаралықтар талаптар деңгейінде қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету.
1. ЖОБАНЫ ТЕХНИКО - ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
1. 1 «Қаратау Ақ жол» ЖШС-ның түзілу және даму тарихы
Шолақтау поселкіесіндегі көлік кәсіпорны 1956 жылдың тамыз айында ұйымдастырылған болатын, ал алғашқы автобустар 1963 жылы келіп түскен (КаВЗ - 651 маркалы) . Қаратау қаласында екі алғашқы бағытжолдар ашылған, бұлар №1 «Кольцевая» және «Свердлова» бағытжолдары.
Мұнан кейінгі жылдары жоспарлық түрде КаВЗ және ЛиАЗ -158 автобустары алынып, қалалық автобустардың бағытжолдары біршама кеңейе түскен. Бұдан басқа, «Қаратау» тау-кен-химия комбинаты мен құрылысшыларға қызмет көрсетіле бастады. 1968 жылдың басына қарай жолаушылар көлігі өсіп, оны жүк көлігімен бірлесе пайдалау қиындай түскен.
«Қаратау Ақ жол» ЖШС 1968 жылдың 24 сәуірінде Жамбыл жолаушылар тасымалдайтын өндірістік автотресті жөніндегі №145 бұйрықтың негізінде шаруашылық есебіндегі жолаушылар автоколоннасы деген атау берілді. Ол кезде 27 автобус, 3 жеңіл такси, 5 жүк машинасы бар болатын. Барлығы 89 адам жұмыс істеген, оның ішінде 50 жүргізуші 7 слесарь, 23 кондуктор 9 ИТҚ мен қызметкерлер. 1972 жылы жолаушылар автоколоннасы «Қаратау ЖТАКК» болып қайта құрылған, оның құрамында 72 автобус, 6 жеңіл такси, 7 жүк машинасы болған. 187 адам жұмыс істеген, олардың 120-сы жүргізуші, 15-і слесарь, 17-сі ИТҚ және қызметкерлері мен 32-сі кондуктор.
«Қаратау Ақ жол» ЖШС қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде, «Жартас» көлінің маңында орналасқан.
Кәсіпорын ауданы - 42100м 2 , оның 21000м 2 асфальтпен төселген, құрылыстар ауданы - 11650м 2 , ауданы 6500м 2 , ашық тұрақ 154 машина орынға арналған, автобустардың 80 бірлігіне су қыздыру жүйесі қарастырылған.
1990 жылдың 1 қаңтарына қарай кәсіпорында 479 адам жұмыс істеген, олардың ішінде 242 жүргізуші, 59 ИТЖ мен қызметкерлер, 59 жөндеу жұмысшысы. Жұмыс істеушілердің 80-і әйелдер. 1996 жыдың 1 мамырына қарай ЖТАКК-да 220 адам жұмыс істеген, олардың 117-і жүргізушілер, 24-і жөндеу жұмысшылары, 20-сы қосымша көмекші жұмысшылар, 3-і құрылыс бригадасынан, 25-і ИТҚ және қызметкерлер, 8-і кондукторлар, 4-і кассирлер, 6-ы қазандық жұмысшылар. Кәсіпорында 44 әйел жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта, 4 бағытжол жұмыс істеуде. Қалалық бағытжолдардың күрт қысқаруы ЖММ-ның күрт қымбаттауымен және бағытжолдардың тиімсіздігімен түсіндіріледі. Негізінен тау-кен байыту фабрикасы мен Ақсай кен орнына қызмет көрсетілуде, аудан аралық және қала аралық бағытжолдар жұмыс істеуде. Автобус қозғалысы Жаңатас, Шымкент, Алматы қалаларын, сондай-ақ тапсырыс бойынша Бішкек, Самарқан, Ташкент, Түркістан қалаларын байланыстырады.
1. 2 Кәсіпорынның өндірістік - техникалық базасының күйі
Жылжымалы тізбек паркін ақаусыз күйде ұстап қалу үшін ЖТАКК, жылжымалы тізбектің ТҚ мен жөндеуі, жылжымалы тізбекті сақтау үшін арналған ғимараттардың, жабдықтар мен құрал-жарақтардың өзіндік жинағы болып табылатын өндірістік-техникалық базаға (ӨТҚ) ие болады.
Өндірістік-техникалық базаны дамыту деңгейі кәсіпорыннның жұмыс көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер ететді.
Кәсіпорын жұмысын сарапталай отырып, келесіге көз жеткізуге болады: ӨТҚ-ны пайдалану деңгейі өндірісті ұйымдастырудағы кемшіліктердің, жұмыс уақытын жоғарылатудың, механикаландырудың төменгі деңгеінің әсернен жоғары емемс.
Өндірістік-техникалық базаның негізгі элеметтері кәсіпорынның бас жоспарында көрсетілген.
Бас жоспарда ғимараттар мен құрылыстардың, алаңдардың барлық түрлері өлшемдік сызбалар түрінде нұсқалған.
Өндірістік корпуста ағынды жөндеу аймағының кедендік және аумақшалық жұмыс орындары, ТҚ-1 және ТҚ-2 аумақшалары орналасқан.
Жекеленген ғимаратта бақылау-өткізу пункті, әкімшіліктік-тұрмыстық корпусы, Д-1 және Д-2 аумақшалары орналастырылған.
ЖТАКК аймағында күнделікті баптау кедені, асхана, жанар май құю стансасы, қоймалар, автобустар тұрағы, қосымша аумақшалар орын алған.
1. 3 Жылжымалы тізбектің күйі мен саны
«Қаратау Ақ жол» ЖШС балансыда модификациясы әр түрлі жылжымалы тізбектің 110 бірлігі тіркелген ЖТ маркалары бойынша алынған сандық сипаттама 1. 1 кестеде кетірілген
Қосалқы бөлшектердің жоқтығының соңғы 3-4 жылда олардың бағасы күрт өскен, бұл автобустардың көпшілігінің жөндеуді қажет еткендігіне әкеп соққан. Кәсіпорынның мұндай жағдайларда барлық автобустарды толығымен жаңартып, күрделі жөндеуден өткізуге шамасы келмейді, өйткені олардың көбісі қосалқы бөлшектердің жоқтығының ТҚ мен АЖ-де уақытынан аса тоқтап бос тұруда.
Кесте 1. 1.
Жылжымалы тізбектің саны
Кесте 1. 1. Жалғасы.
1. 4 Қаржы - шаруашылық қызметінің сараптамасы
Сараптамалаудың мақсаты - шаруашылық нәтижелердің пайдалану, техникалық және ұйымдастырушылық себепкерлерінен тәуелділігін ашып көрсету. Сараптаманың көмегімен өндірістің тоқтауларын анықтап, жұмыстағы кемшіліктер көрсетіледі. Сараптама үшін негізгі материал шаруашылық қызметінің барлық жақтарынан толығымен қамтитын кәсіпорын есептері болып табылады.
Оларды сараптамалаудың негізгі міндеттері келесілер:
- Кәсіпорын жұмысының өндірістік, пайдалану және қаржы көрсеткіштері бойынша тапсырманың орындалу дәрежесін анықтау;
- Алға қойған мақсаттардың асыра орындалуын немесе орындалмауын түсіндіретін себептер мен факторларды анықтау;
- өндіріс қорларын көрсету.
1. 4. 1 Жолаушыларды тасымалдау көлемін сараптамалау
Тасымалдаулар көлемі кәсіпорынмен тасымалдайтын жолаушылар санын сипаттайды. 1. 2 - кестеде соңғы 3 жылда тасымалданған жолаушыларды тасымалдау көлемі келтірілген.
Кесте 1. 2.
Жолаушыларды тасымалдау көлемі
Тасымалданған жолаушылар көлемін сараптамалай отырып, келесіні байқауға болады: соңғы 2012 жылда 2011 жылмен салыстырғанда төмендеуі орын алған.
Бұл бірінші кезекте мемлекетіміздегі дағдарыстың орын алуымен байланысты, мұның нәтижесінде көптеген мекемелер мен кеңселелр жұмыс істеуін тоқтатты. Мұнымен тасымалдау көлемінің төмендеуі автобустардың ТҚ мен АЖ-де нормадан асыра тоқтап бос тұрулармен, қосалқы бөлшектер мен жанар май-майлау материалдарының жоқтығымен байланысты болып отыр.
1. 4. 2 Жолаушылар айналымын сараптамалау
Жолаушылар айналымы кәсіпорымен орындалған немесе орындауға тиісті жолаушыларды тасымалдау жөніндегі көлік жұмысы болып табылады. Жолаушылар айналымының сандық мәні тасымалданған жолаушылар көлемінен және тасымалдаулардың орташа қашықтығына тәуелді болады. Жолаушылар айналымының мәліметтері 1. 3. кестеде келтірілген.
Салыстырмалы кездегі жолаушылар айналымының мәліметтері бойынша келесіні айтуға болады: сандық мәндердің төмендеуі орын алуда. Бұл жолаушыларды тасымалдаудың орташа қашықтығының азаюынан, сондай - ақ тиімсіздігіне байланысты автобустардың көпшілігін тізімнен шығарылуын түсіндіріледі.
Кесте 1. 3.
Жолаушылар айналымы
1. 4. 3 Дайындық коэффициентінің сараптамасы
Техникалық дайындық коэффициенті автобустардың тізімдік санынан алынған техникалықақаусыз автоустар санының пайызын көрсетеді және автобустардың ТҚ мен АЖ жұмыстарын ұйымдастырудан тәуелді болады.
Техникалық дайындық коэффициенті бойынша алынған мәндер 1. 4. кестеде келтірілген.
Кесте 1. 4.
Техникалық дайындық коэффициенті
1. 4 - кестеден келесіні байқауға болады: техникалық дайындық коэффициенті 2011 жылы 2012 жылмен салыстырғанда төмендеген. Берілген коэффициенттің төмендеуіне келесі көрсеткіштер әсер еткен.
- ТҚ мен АЖ-де ұзақ уақыт тоқтап бос тұру;
- Қосалқы бөлшектер мен материалдардың жоқтығы;
- Пайдалану үшін тиімсіз автобустардың артуы.
Коэффициенттің осы мәндерін салыстыра отырып α т алдыңғы жылдамен салыстырғанда күрт өзгергеніне көз жеткізуге болады. Бұл кейбір автобустарды тізімнен шығару мен оларды жеке тұлғаларға сатудың нәтижесі.
- 1. 4. 4 Паркті пайдалануды сараптамалау
Паркті пайдалану коэффициенті автобустардың тізімдік санынана алынған жол бойында жұмыс істейтін автобустар санын көрсетеді және жол бойында жұмыс істйтін автобустар санын көрсетеді және жол бойында жұмыс істеу тәртібінен, кәсіпорын өндірісін ұйымдастыру деңгейінен тәуелді болады.
Мәндер 1. 5. кестеде келтірілген
Кесте 1. 5.
Паркті пайдалану коэффициенті
1. 5. кестедегі мәндерді салыстыру, паркті пайдалану коэффициентінің алдыңғы жылға қарағанда күрт төмендегенін көрсетіп отыр. Бұл келесі өзгерулерге байланысты болып отыр:
- өндірісті ұйымдастырудың төменгі деңгейі;
- клиенттердің, жанар май - майлау материадарының жоқтығы.
Бұл көрсеткішті жоғарылату үшін өндірісті ұйымдастыру деңгейін арттыру, ЖММ, шендеуіштердің қажетті мөлшерін қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорын жұмысының шаруашылық-қаржы көрсеткіштерін сараптамалау келесі көрсетіп отыр: 2012 жылдан бастап шаруашылық-қаржы көрсеткіштері төмендеп отыр, бұл автобустардың толығымен тиімсіздігне және қосалқы бөлшектер мен материалдардың жоқтығына байланысты болып отыр.
1. 5 «Қаратау Ақ жол» ЖШС- дағы басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
«Қаратау Ақ жол» ЖШС - ны басқару келесі функциялардан түзіледі:
жалпы басқару;
- техникалық - экономикалық жоспарлау;
- еңбек пен жалақыны ұйымдастыру;
- бухгалтерлік есеп және қаржы қызметі;
- материалдық - техникалық жабдықтау;
- кадрларды жинақтау және дайындау;
- өндірістік - техникалық қызмет.
«Қаратау Ақ жол» ЖШС ұйымдастырушылық құрылымының сызба-нұсқасы жергілікті жағдайларда ескере отырып жасап шығарылады. ЖТАКК-нын басқаруды директер жүзеге асырады. Директор кәсіпорын басшысы болып табылады, ол кәсіпорынның барлық құралдарына өкіл жүргізеді, кадрлардың таңдауы мен орналастыруын жүзеге асырып, кәсіпорын қызметін бақылап отырады, мемлекеттік жоспардың орындалуы мен қаржы тәртібінің сақталуына жауап береді.
«Қаратау Ақ жол» ЖШС -ның бас инженері техникалық қызметті басқарып, ЖТ-тің техникалық күйіне, техникалық базаның, материалдық - техникалық жабдықтаудың күйі мен дамуына жауапты. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін бас инженер екі негізгі өндірістік бөлімшелерге: бастықпен басқарылатын шеберханаларға және гаражға ие болады. Шеберханаларда техникалық баптау және ағынды жөндеу аумақшалары орын алған, олар сәйкес кешендік жұмыстарды орындайды.
Негізгі өндірістік жетектерден (шеберханалар мен гараждардан) басқа бас инженерге өндіріс техникасымен, ғимараттар мен техникалық құралдардың пайдалануымен және жөндеумен, матермялдық - техникалық жабдықтаумен айналысатын бірқатар бөлімшелер мен қызметтер бағынады.
Қаратау қаласындағы «Қаратау Ақ жол» ЖШС -да ТҚ-2 мен АЖ орындаудың агрегаттық - аумақшалық әдісі қолданылады. Автобустардың жекеленген агрегаттарын (немесе тобын) ТҚ мен жөндеудің бұл түрі кезінде жөндеу жұмыстары өндірістік аумақша жұмысшыларының белгілі - бір бригадасымен жүзеге асырылады. Бүкіл паркті жол бойына шығару үшін диспетчер жауап береді, оған аумақша шеберлері бағынады, ол диспетчер жөндеу - механикалық шеберханалардың ( ЖМШ ) бастығына бағынышты.
Сурет 1. 1 - «Қаратау Ақ жол» ЖШС пайдалану қызметін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.
Сурет 1. 2 - «Қаратау Ақ жол» ЖШС техникалық қызметін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.
1. 6 Дипломдық жобаның мақсаты мен міндеті
«Қаратау Ақ жол» ЖШС-ның келтірілген сараптамасы дипломдық жоба-ның мақсаты келесі түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Қаратау Ақ жол» ЖШС-ның ұсталық-рессорлық цехындағы жұмыстарды жетілдіру және ұйымдастыру.
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- цехтағы жұмыс орнын ұйымдастыру үшін техникалық шешімдерді жасап шығару;
- конструкторлық шешімді жасап шығару;
- ұсынылып отырған шешімдер үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс - шараларды жасап шығару;
- ұсынылған шешімдер бойынша экономикалық есептеулерді орындау.
2. ЖОБАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕБІ
2. 1 «Қаратау Ақ жол» ЖШС жөнінде жалпы мағлұматтар
«Қаратау Ақ жол» ЖШС облыс орталығы Тараз қаласынан 105 км қашықтықта Қаратау қаласында орналасқан.
Жылжымалы тізбек көліктің алуан түрлі маркалармен сипатталады. Әрбір автобус бойынша алынған бұл мәліметтер қосымшада келтірілген. Кәсіпорын негізінен «Қаратау - Ақсай» кен басқармасының жұмысшыларын тасымалдауды, сондай - ақ Тараз, Жаңатас, Шымкент, Алматы қалалары арасындағы жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырады.
Аймақтың климаты - күрт континентальды. Бұл ауданда ауаның орта теспературасы қаңтар айында “-25” тен “+ 5 0 С”-ге дейiн, ал шiлде айында “+25”-тен “+40 0 С”-ге дейiн ауытқиды.
2. 2 «Қаратау Ақ жол» ЖШС бойынша өндірістік бағдарламаны есептеу үшін арналған шартты мәліметтер
Кәсіпорындағы автобустар санының аздығын және олардың жалпы жолаушылар ағынындағы елеусіз көлемін ескере отырып, жобалау үшін арналған шартты мәндер ретінде (Икарус -256, Mersedes - Bens, SCANIA), (ЛАЗ-695, ЛиАЗ - 677, ЛАЗ - 4202) және (ПАЗ, АSIA) автобустары бойынша алынған көрсеткіштерді қабылдаймыз. Жобалау үшін арналған басқа шартты мәндерді аймақтық климаттық ерекшеліктерінен, жолдардың көрсеткіштерінен, жылжымалы тізбектің қабылданған жұмыс тәртіптерінен тәуелді қабылдаймыз.
Жылжымалы тізбектің ТҚ және АЖ-нің түрлерін және кезеңділігін «Автомобиль көлігінің жылжымалы тізбегінің техникалық баптау және жөндеу туралы жағдайды» негізінде орнатады.
Жылжымалы тізбектің ТҚ мен АЖ-де тоқтап бос тұруының ұзақтылығы есептеу жолымен және нормативтік мәндер бойынша орнатылған. Олардың түрлері мен диагностикалау кезеңділігін «Автомобиль көлігі жылжымалы тізбегінің техникалық күйін диагнстикалау жөніндегі басшылықққа» сәйкес орнатады.
2. 2. 1 Iрiктеу коэффициенттерiн таңдау
Iрiктеу коэффициенттерiн таңдау техникалық баптау бойынша АКК-ның өндiрiстiк бағдарламасын есептеу үшiн жасалынады.
ТҚ бойынша АКК-ның өндiрiстiк бағдарламасы белгiлi-бiр уақыт мерзiмiнде (жыл, тәулiк) жоспарланатын техникалық баптаулардың санымен сипатталады.
Қарастырылатын АКК үшiн бағдарламаны есептеу мақсатымен алдын-ала жылжымалы тiзбектiң КЖ-ге дейiнгi жүрiсi және ТҚ-1 мен ТҚ-2 кезеңдiлiгiнiң нормативтi мәндерiн ең қолайлы жағдайда таңдап алу керек.
Оларға: пайдалану жағдайларының 1 категориясы, автомобильдердiң базалық модельдерi, қоршаған ортаның агрессивтiлiгi бiркелкi қоңыржай климатты аудан жатады. Сондықтан, қолайлы жайдайларды жергiлiктi жағдайларға келтiру үшiн келесi iрiктеу коэффициенттерiн пайдаланады:
К 1 - пайдалану жағдайларына тәуелдi нормативтердi iрiктеу коэффициентi;
К 2 - жылжымалы тiзбектiң модификациясы мен оның жұмысын ұйымдастыруына тәуелдi нормативтердi iрiктеу коэффициентi;
К 3 - табиғи-климаттық жағдайларға тәуелдi нормативтердi iрiктеу коэффициентi;
К 4 - пайдалану басындағы жүрiске тәуелдi жөндеудiң меншiктi еңбексыйымдылығына тәуелдi нормативтердi iрiктеу коэффициентi;
К 5 - автокөлiк кәсiпорындарындағы бапталатын және жөнделетiн автомобильдер саны мен жылжымалы тiзбектiң технологиялық үйлесетiн топтар санына тәуелдi ТҚ және АЖ еңбексыйымдылығының нормативтерiн iрiктеу коэффициентi.
Таңдалған iрiктеу коэффициенттерiн 2. 1-кестеге енгiземiз.
Кесте 2. 1.
Iрiктеу коэффициенттерi.
2. 3 ТҚ бойынша өндiрiстiк бағдарламаны есептеу
Автокөлiк кәсiпорнының өндiрiстiк бағдарламасы уақыттың белгiлi бiр кезеңiне жоспарланып техникалық баптаулар санымен сипатталады.
Жылына екi рет жүргiзiлетiн маусымдық баптау ТҚ-2 мен өзара үйлестiрiледi және өндiрiстiк бағдарламаны анықтау кезiндегi жоспарланатын баптаудың жеке түрi ретiнде ескерiлмейдi.
Қажеттiлiгiне қарай орындалатын ағынды жөндеу үшiн техникалық әсерлер саны анықталмайды.
Жылжымалы тiзбектiң тоқтап бос тұруларын және АЖ-дегi жұмыс көлемдерiн жоспарлау, жүрiстiң 1000 км-ге шаққандағы сәйкес келетiн қалыптардан шыға отырып жүргiзiледi.
2. 3. 1. ТҚ және КЖ-ге дейiнгi жүрiстiң қалыпты кезеңдiлiгiн таңдау және түзету
Нақтылы АКК үшiн өндiрiстiк бағдарламаны есептеу кезiнде жергiлiктi жағдайлар әдетте ерекшеленедi, жалпы жағдайларды автомобильдiң КЖ-ге дейiнгi мөлшерленген жүрiсi L К , ТҚ-1 мен ТҚ-2 кезеңдiлiктерi, пайдалану жағдайларының категориямын ескертетiн К 1 , К 2 , К 3 коэффициенттерiнiң көмегiмен анықталады:
Сонымен, автомобильдiң күрделi жөндеуге дейiнгi жүрiсi келесiдей болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz