Тараз қаласындағы Тараз ТрансМоторс ЖШС-ның автобустарына техникалық қызмет көрсету аймағының жұмыстарын ұйымдастыру


КІРІСПЕ
Кез-келген мемлекеттің көлік жүйесінде автомобиль көлігі ерекше орын алады. Себебі, мемлекеттің барлық өндірістік және экономикалық салаларында тасымалдануға тиісті жүктер мен жолаушылардың төрттен үш бөлігіне дейін осы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Ал өз кезегінде автомобиль көлігінің негізгі міндеті халық шаруашылығы мен мемлекет тұрғындарының тасымалдауға деген мұқтаждықтарын дер кезінде әрі сапалы, әрі тез және арзан қамтамасыз ету болып табылады. Автомобиль транспорты басқа көлік түрлерімен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшін ең ыңғайлы және тиімді көлік түрі болып табылады. Автомобиль көлігінің тиімді және үнемді жұмысы жүк және жеңіл автомобильдерден, автобустардан тіркемелерден және жартылай тіркемелерден құралатын көп салалы автомобиль паркін дұрыс әрі оңтайлы пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
Жаһандану жағдайында Қазақстанның кең байтақ аумағын ескере отырып, экономиканың және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көбіне көлік саласының тиімді қызметіне байланысты болады.
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын техникалық жарамды жағдайда ұстап тұру үшін жұмсалатын еңбек және материалдық шығындары автомобиль көлігіндегі жалпы шығындардың едәуір көп бөлігін құрайды. Техникалық ақаулар салдарынан көлік құралдарының бос тұруы мемлекеттің, халық шаруашылығының мақсаты үшін көптеген материалдық шығындар келтіреді. Осы шығындарды азайту автомобиль көлік саласындағы қызметкерлердің маңызды міндеті болып табылады.
Бұл материалдық және еңбек шығындарды өз кезегінде өндірістік процесстерді кең көлемде механикаландыру және автоматтандыру, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру арқылы азайтуға болады. Бұл проблема бірінші жағынан, автомобиль жасау кәсіпорындарының сенімділігі жоғары және жаңа технологиямен автомобильдер шығару, ал екінші жағынан, автомобильдерді техникалық пайдаланудың тәсілдерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының еңбек көлемін азайту, автомобильдердің жөндеу аралықтарындағы жүретін жол көлемін ұлғайту арқылы шешуге болады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегилық бағыттарында Республикамыздың транспорттық-коммуникациялық кешенін ары қарай дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағыттарды орындауда осы саладағы жас мамандардың орны ерекше болмақ [1] .
Қазіргі кезде көлік шаруашылығы еліміздің жалпы ішкі өнімінің 7, 3 пайызын қамтамасыз етеді. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында деп аталған бұл маңызды құжат шын мәніндегі нағыз жаңаша серпілістің айқын бағыт - бағдары. Сондай-ақ, осы салада 572 мың адам жұмыспен қамтылған. Яғни, ел экономикасы үшін көлік саласының орны бөлек. Еліміздің 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы аясында жүзеге асырылуда. Мұнымен қоса, саланың алдындағы ірі міндеттер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында кеңінен көрсетілген. Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2050» Стратегиясында еліміздің көлік және коммуникация саласын дамытудың басты бағыттарын да айқындаған болатын. Елбасы былайша ой өрбітеді Қазақстанның көлік - коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кірігу болып қала береді. Көлік коммуникациялық кешенін дамыту Еуразия мен Азия арасындағы аралық көпір болып отырған еліміздің геостратегиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануды толығымен қамтамасыз етуге тиісті жүктердің тез өткізілуін ұйымдастыру жөнінде тиімді рәсімдер енгізу үшін көршілермен арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет. Осы және басқа да міндеттердің бәрі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын әзірлеу мен іске асыру барысында ескерілуге тиіс. Бұл мәселелерді шешуде біз мемлекеттік - жекеменшік серікестікті қамтамасыз ету тетіктеріне бас назар аударуға тиіспіз. Шындығында экономиканың күретамыры саналатын көлік инфрақұрылымы саласын дамыту елдік өсуге үлкен әсер ететіні белгілі [1] .
Бүгінгі күні біздің техника саласындағы мүмкідігіміз зор. Көлік стратегиясындағы жаңа серпілістер дамуымыздың жаңаша сипаты. Алысты жақын еткен көлік-ғасыр күретамыры. Жолдау жолдарындағы көлік пен коммуникацияға бағытталған инфрақұрылымды дамыту күн тәртібіндегі ең бірінші мәселе. Оның басты кілті - зымырандай зырлаған көліктің қай -қайсысына да ие боларлықтай, ат жалын тартып мінген бойында намысы бар ұлттық мамандарды тәрбиелеп шығару - мерейлі міндетіміз.
1. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТЕХНИКО- ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
1. 1 Автокөлік мекемесінің сипаттамасы
Автокөлік кәсіпорнының толық аталуы: Тараз қаласындағы жолаушыларды тасымалдау автокөлік кәсіпорны - «ТаразТрансМоторс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ( бұдан ары қарай «ТаразТрансМоторс» ЖШС ) .
Кәсіпорын орта және кіші сыйымдылығы бар автобустармен жолаушыларға кешенді қызмет ету үшін арналған. Автобустардың күту аймағы жабық, кәсіпорынның негізгі өндірістік аймақтары арасында ішкі көліктік баланс қамтамасыз етілген.
Жеке ғимаратта ТҚК-1, ТҚК-2, АЖ, Д-1, Д-2, күту аймағы, шинамонтажды учаске және басқа цехтар қарастырылған. Өндірістік ғимарат калонналар сеткасы бар құрастырылған темір бетонды элементтерден жасалған, биіктігі 6, 5м [2] .
Бас жоспар бойынша бірқатар көрсеткіштер:
АКК ауданы, га - 0, 876
Құрылыстар, м 2 - 1, 6
Парк жобалауға берілген тапсырма негізінде жасалған . Бұл жоба жаңа нормативті құжаттардың шығуымен, канализация, жылу және электр қамтамасыз етудің жаңа техникалық шарттарына байланысты, ескі типті жобаны ауыстыру үшін жасалған. Өндірістік ғимаратта ескірген технологиялық жабдықтар жаңасына ауыстырылған.
Автокөлік кәсіпорны (АКК) Тараз қаласы Сыпатай батыр №21 көшесінің маңында орналасқан. Қала жүйесінен келетін 99, 74м 3 /тәулік шығыны бар су қамтамасыз етілген.
Қуаты 2189, 87 квт болатын электрмен қамтамасыз ету ПС 110/35/6 квт - пен 2 кабельді желі арқылы іске асырылады.
Телефондандыру және радиоландыру қалалық тораптардан жүргізіледі [3] .
Кесте 1. 1.
Парктің тізімдік саны
Пайдалану жағдайы категориясы - ІІІ.
Кесте 1. 2
«ТаразТрансМоторс» ЖШС құрамындағы ғимараттар мен құрылғылар
Кесте 1. 3.
Техникалық қызмет жұмысының негізгі көрсеткіштері [2]

Кесте 1. 4.
2012 жылдың аяғындағы негізгі қор құны [3]
Кесте 1. 5.
«ТаразТрансМоторс» ЖШС-нің транспорттық жұмысының негізгі көрсеткіштері [2]


1. 2. Ағымдағы жөндеу аймағының сипаттамасы
Ағымдағы жөндеу аймағы автомобильдер мен агрегаттардың күрделі жөндеуге дейінгі болатын бұзылуларды және тағайындалған нормативтермен қамтамасыз ету үшін жүрістерді болдырмауға негізделген. Ағымдағы жөндеудің сипаттамалық жұмыстары: шашу, жинау, слесарлы, пісіру, ақау, бояу, бөлшектермен агрегаттарды ауыстыру болып табылады.
Ағымдағы жөнделген агрегаттар мен жүріс түйіндерінің келесі техникалық қызмет көрсетуге дейін жақсы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуі тиіс. Ағымдағы жөндеу учаскесінде 5 күндік жұмыс уақытымен 8 сағат ұзақтылықпен жұмыс істейді. Ағымдағы жөндеу аймағында өртті сөндіруге қарсы жәшік және екі тақта орнатылған. Технологиялық жабдық негізінен ағымдағы жөндеу көлемі және техникалық қауіпсіздік жағынан істелген жұмыстарымен сипатталады [1] .
Ағымдағы жөндеуді ұйымдастырудағы және жүргізу технологиясы жұмыстарындағы кемшіліктер.
Ағымдағы жөндеу бекеттері автомобильдің белгілі бір түрлеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге мамандандырылған. Бекеттік технологиялық карталар әртүрлі автомобильдердің түрлеріне арналған, жұмыс орындауға қажет операциялар және техникалық шарттардан бөлек информациялардың еңбекқуаттары туралы қажетті мағлұматтар жоқ.
Берілген өндірістің үздіксіз жұмыстың көбінесе өнімділігіне, сапасына және ағымдағы жөндеу аймағының жұмыстарын ұйымдастыруға тәуелді болады. Бұл үшін жоғарыда айтылған кемшіліктерді болдырмауға тырысу қажет, осы аймақ жұмыстарының технологиясымен ұйымдастыруды жүзеге ауыстыру қажет, технологиялық және экономикалық жағынан тиімдірек автотранспорт кәсіпорнының есеп-жоспарлы шешімдерін қолдану керек.
1. 3 Өндірістік аймақтар мен бөлімшелердің жоспарлау шешімі
Өндірістік аймақтар мен бөлімшелерді техникалық жоспарлау өз жағынан бекеттердің қойылу жоспарын, күту орнының және техникалық жабдықты сақтауға қатысты немесе жобаның жабдық қойылатын және жөндейтін техникалық құжаты болып табылады.
Өндірістік аймақтар мен бөлімшелердің жоспарлау шешімі мен өлшеиі колоналардың таңдалған тормарына, бекеттердің орналасуына, зоналар мен учаскелердің жолдарының еніне тәуелді болады.
Қарастырылып отырған құралдарыдң техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу зоналарында көп тарағаны СНиПІІ-93-74 сәйкес жұмыс ыңғайына қамтамасыз ету және қатар орналасқа канавтар мен көтергіштер, олар бір бірімен ашық траншеялармен және тоннелдердің ені 1м-ден кем болмауы керек, егер олар тек өтеуге арналған болса және 2м-ден кем болмаса егер оларға жұмыс орындары мен техникалық жабдықтар орналастырылған болса.
Автомобильдерге арналған кострукцияларды алып өтуге арналған немесе адамдар өтетін тоннелдердің биіктігі 1, 8м-ден кем болмауы керек. Өндіріс бөлмелерінде тоннелдер мен трашеяларда сатымен шығу қарастырылады; 5 автомобильге біреуден кем болмауы керек. Автомобильдер саны көп болған жағдайларда әр 10 автомобильге қосымша шығу жолдары құрылады. Шығу екі 0, 7м-ден кем болмауы керек.
Канавалдардан, траншеялардан және тоннелдерден келетін сатыларды қауіпсыздік мақсатында автомобильдердің астынғы жағынан және олардың жүретін жолдарына қоюға немесе орналастыруға болмайды. Өндірістік учаскелердің жоспарлау шешімін өңдеу еңбек ұйымдастыру және СНиП қажеттіліктері жұмыстарының технологиясына қатысты жүргізіледі.
Көмекші учаскелерде орындалатын кейбір жұмыстардың біріңғай мінездемесі оларға бірдей құрылыстық, өртке қарсы, санитарлы-техникалық қажеттілік көрсетеді. Сондықтан ғимараттың осындай майда-майда бөлмелерге бөлініп кетпеуі үшін мұндай жұмыстарды бір бөлмеде істеген дұрыс. Бұдан басқа жұмыстың кейбір бөлек түрлерін орындаған кезде бөлме ауданы 10м 2 -тан кіші болады, және біріңғай жұмыстарды орналастыру қажет.
Жұмыстың осы немесе басқа түрлерінің бағдарламасын өзгерту нәтижесінде бөлмені қоршау технологиялық процесстің өзгеруіне мүмкіндік береді.
СНиПІІ93-74 сәйкес бір бөлмеге келесі учаскелердің топтарын орналастыруға болады: маторлы, агрегатты, механикалы, электротехникалы және карбюраторлы, балқыту-рессорлы, пісіру-қатыру және жұмсарту, ағаш шебері және тұс қағаз [2] .
1. 4 Диплом жобасының тақырыбын негіздеу
Берілген өндіріс сапалы және үздіксіз жұмыс істеуі үшін, техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама дұрыс орындалу үшін және қозғалыстағы құрылымның ағымды жөндеуіне өндірістің дайындау кешеніне жаңартулар енгізу керек.
Бұл комплекстік ең негізгі бөлігі айнымалы агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердің қосалқы түрлерінің болуы, олар жөндеу учаскелерінің және автокөлік кәсіпорны толығымен қалыпты жұмысын қамтамасыз ету қабілеттілігі. Бұл сұрақ учаскедегі жұмысты ұйымдастыру, олардың техникалық жарқырауы, қойма шаруашылығын ұйымдастыру, агрегаттар мен тораптардың ақауына байланысты сұрақтарды шешу сияқты факторлармен тығыз байланысты. Осы сұрақтардың қалай шешілуіне байланысты біз мынадай көрсеткіштердің өзгеруін аламыз, автомобильдің техникалық дайындық коэффициенті, желідегі автомобильдердің шығару коэффициенті сияқты. Осыған орай жалпы жүрістің, жүк айналымының немесе барлық автокөлік кәсіпорынының толығымен жұмыс өнімділігін айтуға болады.
Автокөлік мекемесіндегі кез-келген цехты, бөлімді немесе учаскені жобалық жағынан дайындау кезінде атқарылатын жұмыстар технологиясына және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру талаптарына сәйкес белгіленген обьектіде таңдап алынған технологиялық және көмекші жабдықтарды оңтайлы әрі тиімді орналастыру іске асырылу тиіс.
ТҚК аймағында диагностикалау, реттеу, шашып-жинау, пісіру, срырлау жұмыстары жасалады.
Қозғалтқыштар автомобильдердің ең ауыр, жөндеуі күрделі тораптарына жатады және де ағымдағы жөндеу аймағымен орнатылған байланыс қозғалтқыштар цехын мүмкіндігінше ағымдағы жөндеу аймағы бекеттеріне жақын орналастыру мүмкіндігін тудырады.
ТҚК аймағының жұмыс режимі ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұтымды ұйымдастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.
ТҚК аймағының жұмыс режимі [3] :
1. Бір жыл ішіндегі жұмыс күндері саны -Д р. г. = 305 күн.
2. Тәулік ішіндегі ауысымдар саны -с = 1.
3. Жұмыс ауысымының ұзақтығы -Т см = 10 сағ.
4. Цехтың жұмыс уақыты -Т = 8 сағ.
ТҚК аймағында 4 слесарь жұмыс істейді. Оларды мамандық бойынша біліктіліктері әртүрлі. Цехта атқарылатын тиісті жұмысты орындауға қажетті технологиялық жабдықтар мен құрал-саймандар бар, бірақ олар жеткіліксіз. Жалпы алғанда ТҚК аймағының жұмысымен танысу барысында мынадай кемшіліктер анықталды:
- технологиялық операциялардың операциялардың механизациялау деңгейі төмен, агрегаттарды жөндеуге, ажыратып-жинауға, жуып-тазалауға арналған арнайы жабдықтар өте аз;
- автомобильдердің қозғалтқыштар жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындер көлемі нормативтік көрсеткіштерден жоғары;
- аймақта келтірілген құрал-жабдықтарды орналастыру тиімсіз, операциялар арасындағы технологиялық, өндірістік байланыстар тізбегі бұзылған.
Жоғарыда келтірілген факторлардың барлығы қозғалтқыштар цехын жетілдіруге бағыттайды. Ол үшін мына төмендегі мәселелер толық шешілуі тиіс:
- автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің өндірістік бағдарламасын есептеу;
- цехтар мен учаскелердегі қажетті құрал-саймандарды таңдау, ұтымды орналастыру;
- ТҚК аймағын қайта жобалау;
- ТҚК аймағындағы қол еңбегін механикаландыруға арналған қондырғыны жобалау.
2. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖӨНДЕУДІ ЖОСПАРЛАУ
2. 1 Пайдаланудың табиғи-климаттық және жол жағдайының
сипаттамасы
«ТаразТрансМоторс» ЖШС Жамыл облысының орталығы Тараз қаласында орналасқан. Кәсіпорынның орналасқан жерінің ауа райы облыстағы климаты ыстық және құрғақ болып есептеледі. Қаңтардағы ауаның орташа айлық температурасы «−15»-дан «+5» градус целцияға дейінгі аралықта жатса, шілдеде «+25»-тен «+40» градус целция аралығында жатады.
«ТаразТрансМоторс» ЖШС автобус паркінің автобустары Тараз қаласының тұрғындарына жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетеді. Жол төсемінің түрін D 2 − битумдық минеральдық қоспа деп қабылдаймыз [4, 5] .
Пайдалану жағдайларының категориясы жол төсемінің түрімен, жергілікті рельефпен және қозғалыс жағдайларымен сипатталады.
Жоғарыда атап өтілген сипаттамаларды ескере отырып, пайдалану жағдайларының II категориясын қабылдаймыз.
2. 2 Түзету коэффициенттерін таңдау
Түзету коэффициенттерін таңдауды жылжымалы құрамның негізгі бірліктерін ПАЗ және ҚХР (Dong Feng, FAW) маркалы автобустар тобы құрайтынын ескере отырып жүргіземіз.
Түзету коэффициенттерінің қабылданған мәндері 2. 1-кестеде келтірілген.
Кесте 2. 1
Түзету коэффициенттерінің қабылданған мәндері
Автомобильдер бойынша осыған барлық қалыпты мәндер пайдалану жағдайларының I категориясы анықтамалық жазбаларында келтірілген.
Пайдалану жағдайларының I категориясын пайдаланудың нақты жағдайларына келтіру үшін К 1 , К 2 , К 3 , К 4 және К 5 коэффициенттерін пайдаланамыз. Мұндағы:
К 1 − пайдалану жағдайларын ескеретін коэффициент;
К 2 − жылжымалы құрамның модифкациясын ескеретін коэффициент;
К 3 − табиғиклиматтық жағдайларды ескеретін коэффициент;
К 4 − автокөлік паркінің техникалық күйін ескеретін коэффициент;
К 5 − автокөлік паркінің көлемін, яғни парктегі автобустар санын ескеретін коэффициент.
2. 3. Техникалық қызмет пен жөндеу бойынша өндірістік бағдарламаны есептеу
2. 3. 1 ТҚ-тің нормативтік кезеңділігін және КЖ-ге дейінгі жүрісті
анықтау және оны түзету
Нақты кәсіпорын үшін жергілікті жағдайлар, әдетте, ерекшеленеді, сондықтан жалпы жағдайда автобустардың күрделі жөндеуге (КЖ) дейінгі нормативтік жүрісі L н мен ТҚК-1 және ТҚК-2 кезеңділіктері пайдалану жағдайларының категориясын ескеретін К 1 , К 2 , К 3 коэффициенттерінің /1, 31бет/ жәрдемінде анықталады.
Осылайша, автомобильдің күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін ( L К ) төмендегі өрнектен анықтаймыз [4] :
; (2. 1)
мұндағы:
− автобустың күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрісі, км;
- түзету коэффициенттері, 2. 1-кесте бойынша қабылданады.
Автобустың КЖ-ге дейінгі қалыпты жүрісін кестеден таңдаймыз
ПАЗ-32054:
= 4 км
ҚХР:
= 4 км
Коэффициенттердің жоғарыда қабылданған мәндерін (2. 1) өрнегіне қоя отырып, автобустардың топтары бойынша күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін анықтаймыз:
ПАЗ-32054:
L К =4·0, 9·1·1, 1=396000 км;
ҚХР:
L К =4·0, 9·1·1, 1=396000 км;
Біртекті автобустардың бір модельде немесе топта «жаңа» және «ескі» автобустар үшін екі дүркін параллель есептеулерді жүргізбес үшін, соның нәтижесінде есептеулерді қарапайымдау мақсатымен автобустың бір айналымындағы орташа теңгерілген жөндеуаралық жүрісін ( L к. орт < L н ) аламыз [4, 5] :
, (2. 2)
мұндағы:
− автобустардың саны бойынша кез келген күрделі жөндеуден кейінгі жүрісі:
, бұл жердегі 0, 8 − күрделі жөндеуден кейінгі автобус жүрісінің жаңа автобустың бірінші күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрісінен алынған үлесі;
− бірінші күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрісті орындаған жаңа автобустардың тізімдік саны. Оны барлық автобустар санының 10-25% мөлшерінде деп қабылдаймыз.
− бірінші күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрісті орындаған, бірақ әлі пайдалануда жүрген автобустардың орташа тізімдік саны.
Сонда
ПАЗ-32054:
=396000·0, 8=316800 км
ҚХР:
=39600·0, 8=316800 км
Алынған мәндерді (2. 2) өрнегіне қоя отырып, автобустың бір айналымындағы орташа теңгерілген жөндеуаралық жүрісін (
) анықтаймыз:
ПАЗ-32054 үшін:
ҚХР үшін:
Күнделікті қызмет (КҚК) жүрісінің L К. Қ. К. мөлшерін автобустардың орташа тәуліктік жүрісіне l cc тең деп аламыз. ТҚК-1 және ТҚК-2 жүргізу кезеңділігіне ( L 1 және L 2 ) пайдалану жағдайларын ескере отрып, төмендегі өрнектер бойынша түзету енгіземіз [4, 5] :
(2. 3)
мұндағы
− бірінші (ТҚК-1) және екінші (ТҚК-2) техникалық қызмет көрсетудің нормативтік кезеңділіктері.
Өрнектерде көрсетілген шамалардың сан мәндерін орындарына қоя отырып, автобустар тобы үшін бірінші (ТҚК-1) және екінші (ТҚК-2) техникалық қызмет көрсетудің нақты кезеңділіктерін анықтаймыз [6] :
ПАЗ-32054 үшін:
L 1 (H) = 5000 км;
L 2 (H) = 2 км.
ҚХР үшін:
L 1 (H) = 5000 км;
L 2 (H) = 2 км.
ТҚК-1 және ТҚК-2 кезеңділіктерін (2. 3) формуласы бойынша есептейміз:
ПАЗ-32054 үшін:
=5000·0, 9·1, 1=4950 км
=2·0, 9·1, 1=19800 км
ҚХР үшін:
=5000·0, 9·1, 1=4950 км
=2·0, 9·1, 1=19800 км
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz