ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы ЕР- ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ ЖШС-ның мыстау цехындағы жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тариха тұрғыдан алғанда, еліміздің аумағы арқылы шығыстан батысқа және кері қарай көлік легі тоқтаусыз өтіп жатты, ал олардың жылыну жиілігі бүгінгі күні де саябырситын емес. Қазақстанның міндеті - отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және аумағымыз арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз етуде жатыр [1] .

Белгілі бір дәрежеде бұл сала біршама дамыған, ал ұзақ мерзімдік келешекте жан-жақты өсу стратегиясына ілесуге тиіс, мұның өзі ұлттық рынокты жан-жақты жетілдіруге және біздің көлік пен коммуникацияның қызметімізге ден қоятын жаңа рыноктар іздеуге салды. Бұл стратегия автомобиль жасау, туризм, қызмет жүйесі, жол және күрделі құрылыс салаларын барған сайын дамытуға және отандық сенімнің құнындағы көлік шығысысын кемітуге жәрдемдесетін болады.

Автомобиль көлігі қалалардағы, сондай-ақ ауылдық жерлердегі тұрғындар үшін де зор маңызға ие болуда. Ол халықтың экономикалық және мәдени тұрмыстық өмірін көтеруі қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік-техникалық, экономикалық және мәдени дамуындағы қарама-қайшылықты аластатуға, орталық облыстар мен еліміздің шалғай жатқан аудандарындағы өміріндегі жағдайларды теңестіруге септігін тигізеді. Автомобиль көлігінің басты міндеті халық шаруашылығы мен тұрғындардың жүктерді материалдық және еңбек қорларының мүмкін боларлық ең төменгі шығындарын пайдалана отырып, тасымалдаудағы қажеттілігін сапалы және уақытылы қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мәселені шешу жалпы пайдаланудағы автомобиль көлігін дамытуды, жүк және тауар айналымдарын арттыруды, материалды-техникалық негізді бекітуді және көлік құралдарын ірі автокөлік кәсіпорындарында шоғырландыруды, жылжымалы тізбектің техникалық баптауы мен жөндеуін жақсартуды талап етеді.

Техникалық пайдалану автомобиль көлігі жүйесінің бірыңғай түрі болып есептелінеді. Автомобиль көлігінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі автомобильдердің пайдалану сенімділігін арттыру және оны ұстауға кететін шығындарды төмендету болып табылады.

Дегенмен автобус паркінің техникалық күйін жақсарту өте баяу жүргізілуде. Бұл мәселені шешу бір жағынан сенімділігі жоғары автобустарды техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, техникалық баптау және жөндеу жұмыстарының еңбексыйымдылығын төмендету автобустардың жөндеу аралық жүрісін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. Нұсқалған шарттарға қосымша жылжымалы тізбекті ақаусыз күйде демеуге қажетті өндірістік негізді құру, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру құралдарын кеңінен енгізуді талап етеді. Қазіргі уақытта АЖТК-дағы өндірістік процестерді механикаландыру деңгейі салыстырмалы түрде шамалы ғана [4] .


1. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТехникО-экономикалық негіздеу

1. 1. «ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС-ның даму тарихы.

«ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС-ның негізі 1965 жылдың 10 желтоқсанында қаланған болатын.

1965 жылдың 10 желтоқсанына берілген кәсіпорындағы маркалары әр түрлі автомобильдердің тізімі төменде келтірілген [2] :

1. Жеңіл таксилер М - 21 - 6 дана

2. КАВЗ - 651 автобусы - 4 дана

3. ПАЗ - 672 автобусы - 12 дана

4. Жүк автомобильдері:

- ЗИЛ - 158 - 4 дана

- ГАЗ - 51 - 2 дана

Барлық автомобильдер саны - 28 дана. 1966 жылдан бастап бұл ұйым өз алдына тәуелсіз АЖТК болып есептелді.

Нұсқалған уақыттан бастап кәсіпорында құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіле бастады. Біріншіден әкімшіліктік кеңселер мен өндірістік ғимараттар тұрғызыла бастады.

Уақыт өткен сайын жұмысшылар мен қызметшілердің коллективтерін арттыру үшін көптеген ыңғайлықтар жасалынды.

1966 жылдан бастап автобустар саны өсе түсті. Цехтарға, аумақшалар мен бекеттерге маркалары әр түрлі техникалық аспаптар әкелінді.

Сонымен, автобустар саны 120 данаға жетті. Тұрғындар саны мен жолаушылар ағынының артуына байланысты 1971 жылы қала аралық бағыт жолдар ашылды.

Осы жылы автобекет іске қосылды. Ол экономикалық пайдалану техникалық көрсеткіштеріне сүйене отырып жұмыс істей бастады.

1971 жылы өндірістік ғимараттарда жуу бекеті жұмысқа кірісті.

1979 жылдан бастап ТҚ - 1 және ТҚ - 2 техникалық баптау бекеттері жұмыс істей бастады.

1986 жылы кәсіпорынға табиғи газ жүргізіліп ТЭР мәселесі шешілген болатын. У-6м жылыту қазаны екікомплектті табиғи газымен жылытылатын болды.

Кәсіпорында үлгінің әр түрлі жиынтығындағы өлшеу аспаптарымен жабдықталған бақылап өткізу пункті (БӨП) жұмыс істей бастады.

1995 жылдың 10 шілдесінде кәсіпорын өзінше «ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып құрылды.

Кәсіпорын темір жолдан 25 км қашықтықта орналасқан. Облыс орталығына дейінгі аралық 140 км, Алматы қаласына дейін 830 км.

Қазіргі уақытта кәсіпорын келесідей үш бағытта жұмыс істеуде: ауылдар арасында; қалааралық бағытта; республикалар арасында [2] .

Барлығы 25 бағыт жолдар жұмыс істейді.

1. 2 Материалдық-техникалық негіздің күйі

Автобустар паркін техникалық ақаусыз күйде ұстау үшін автокөлік кәсіпорны жылжымалы тізбекті техникалық баптау, жөндеу және сақтау, сондай-ақ персонал жұмысына қажетті жағдайлар жасауға арналған ғимараттар, үймереттер, жабдықтар, құрал-жарақтар мен аспаптар жиынтығы болып табылатын өндірістік-техникалық негізге ие болады. Өндірістік-техникалық негізге қойылатын негізгі талаптар - жылжымалы тізбектің ең төменгі еңбек және материалдық шығындарын пайдалана отырып, тасымалдауларды орындауға қажетті техникалық дайындығын талап етілген деңгейде қамтамасыз ету.

Өндірістік-техникалық негіздің даму деңгейі кәсіпорынның көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді.

Өндірістік-техникалық негізгі өндірістік қорлардың 56 % -ын құрайды, ал қалған 44 % -ы жылжымалы тізбек паркінің үлесіне тиеді.

Дегенмен, кәсіпорын талдамасы өндірістік-техникалық негіздің маңызына қарамастан, оны пайдалану дәрежесі өндірістің ұйымдастырылуы мен технологиясындағы кемшіліктер салдарынан жоғары емес екендігін көрсетіп отыр. Жұмыс уақытының механизациялаудың төменгі деңгейі мен өндірістің тиімсіз технологиясы есебінен болатын жоғалтулар 25 - 40 ٪ - ті құрайды.

Өндірістік техникалық негізді дамыту кәсіпорынды кеңейту, қайта конструкциялау және жарақтандыру есебінен жүзеге асырылады.

Өндірістік-техникалық негіздің негізгі элементтері кәсіпорынның бас жоспарындағы көрсетілген. Бас жоспарда барлық үймереттер, ғимараттар мен алаңдар габириттік сызбалар түрінде нұсқалған.

Өндірістік ғимаратта ағында жөндеу аумақшалары, техникалық баптау тораптары орналасқан, ал қоймаларға жеке үймереттер бөлінген.

Сондай-ақ бақылау техникалық өткізу пунктінің, емхана мен әкімшілік тұрмыстық корпустың жекеленген үймереттері де бар.

Сонымен қатар автобустар үшін монтаждау-жөндеу шеберханалары бар.

«ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС аймағында жылжымалы тізбекті майлау материалдары мен жанар маймен толық қамтамасыз ететін ЖҚБ және автобустарды жуу орны бар.

Кәсіпорын аймағына кірер жерде техникалық пункт, сондай-ақ жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізетін пункт орналасқан [3] .

1. 3 Автобустардың күйі мен саны

«ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС -ның иелігіне жолаушыларды тасымалдауға арналған 95 автобус кіреді. Автобустарды маркалары бойынша сандық үлестіру 1. 1-кестеде көрсетілген [2] . Олардың ішінде 85 автобус, ал қалғандары қызметкерлерге арналған әр түрлі маркалы автобустар мен автомобильдер.

Қазіргі уақытта автобустардың көп бөлігі жөндеуді талап етеді. Бұл соңғы 4-5 жылда қосалқы бөлшектер мен материалдардың болмауынан және оларға деген бағаның күрт өсуімен байланысты. Кәсіпорынның қазіргі жағдайларда барлық жылжымалы тізбекті жақсартуға және күрделі жөндеуден өткізуге қаражаты болмай отыр.

Көптеген автобустар қажетті қосалқы бөлшектермен материалдардың жетіспеушілігінен технкалық баптау мен ағынды жөндеуде өте көп уақыт тұруда.

Кесте 1. 1

Автобустар саны

№:
Автобустардың маркалары: Автобустардың маркалары
Саны, бірлік: Саны, бірлік
№:

1

2

3

4

Автобустардың маркалары:

ЛАЗ-695

Икарус

ПАЗ-672

СЕТРА

Саны, бірлік:

28

6

31

22

№:
Автобустардың маркалары: Барлығы
Саны, бірлік: 85

Алдағы жылдарда кәсіпорын басшалағы жаңа модификациялы автобустарды сатып алудың және де сығылған және сұйытылнған газдармен жұмыс істеуге арналғантораптар мен қондырғыларға қайта жарақтандыруға жоспарлап отыр.

Кәсіпорын жаңа мың жылдыққа барлық қарыздары мен несиелерінен толық құтыламыз деген сенімде отыр.

1. 4 Кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметін талдау

Талдаудың мақсаты - кәсіпорын қызметі нәтижелерінің пайдалану, техникалық және ұйымдастырушылық себепкерлерінен тәуелділігін ашып көрсету. Талдаудың көмегімен әрбір себепкердің жоспарды орындауға әсер ету дәрежеін анықтаймыз, өндіріс қорлары мен жұмыстағы кемшіліктерді табамыз. Талдауға қажетті негізгі материал кәсіпорынқызметінің барлық жақтарын толығырақ хабардар ететін жылдық есеп беру жазбасы болып табылады.

Талдауға қажетті шартты материал, сондай-ақ пайдаланудың нақты жағдайларын, кәсіпорынның техникалық жарақталу деңгейін және ұйымдастырылу құрылымын есепке ала отырып, қарастырылатын оперативтік, бухгалтерлік және статистикалық есепке алудың берілгендері болып саналады:

  • жоспарды кәсіпорын жұмысының өндірістік пайдалану және қаржы көрсеткіштері бойынша орындау дәрежесін анықтау;
  • орнатылған тапсырмалардың асыра орындалуын немесе орындалмауын түсіндіретін себептер мен себепкерлерді анықтау;
  • өндіріс қорларын анықтау және тордау.

1. 4. 1 Жолаушыларды тасымалдаулар көлемін талдау

Тасымалдаулар көлемі кәсіпорынмен тасымалданған жолаушылар санын сипаттайды. Төмендегі 1. 2-кестеде соңғы 3 жылдағы жолаушыларды тасымалдаулар көлемі келтірілген [2] .

Кесте 1. 2.

Тасымалдау көлемі

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
Жылдар: Жылдар
Көрсеткіштер: 2010
Өлшем бірлігі: 2011
Жылдар: 2012
Көрсеткіштер: Тасымалдаулар көлемі, Q
Өлшем бірлігі: Мың жолаушы
Жылдар: 5074
6051
6260, 5

Жолаушыларды тасымалдаулар көлемін талдай отырып 2010 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде жолаушыларды тасымалдау көлемінің жүйелі түрде жоғарылағаны байқалады.

1. 4. 2 Кәсіпорынның жолаушылар айналымын талдау

Жолаушылар айналымы деп кәсіпорынмен орындалған немесе орындалуға жататын көліктік жұмысын атайды. Жолаушылар көлемінен және орташа қашықтығынан тәуелді болады [2] .

Кесте 1. 3

Жолаушылар айналымы

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
Жылдар: Жылдар
Көрсеткіштер: 2010
Өлшем бірлігі: 2011
Жылдар: 2012
Көрсеткіштер: Жолаушылар айналымы, Р
Өлшем бірлігі: мың жолаушы/км
Жылдар: 26320, 4
27812
28134

2010 жылдан 2012 жылғы өсу жолаушыларды тасымалдау көлемінің және жолаушыларды тасымалдаудың орташа қашықтығының арту есебінен болды.

1. 4. 3 Паркті пайдалану коэффициентінің талдамасы

Паркті пайдалану коэффициенті жол бойында жұмыс істейтін автобустар санының автобустардың тізбелік санынан алынған пайызын өзгертеді және жол бойындағы жұмыс тәртібі мен өндірісті ұйымдастыру деңгейінен тәуелді болады.

Кесте 1. 4

Паркті пайдалану коэффициенті [2]

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
Жылдар: Жылдар
Көрсеткіштер: 2010
Өлшем бірлігі: 2011
Жылдар: 2012
Көрсеткіштер: Паркті пайдалану коэффициенті, £ β
Өлшем бірлігі: -
Жылдар: 0, 85
0, 87
0, 89

1. 4-кестесінен, паркті пайдалну коэффициентінің 2012 жылға дейін өзгеріссіз жоғарылаған.

1. 4. 4 Орташа тәуліктік жүрістің талдамасы

Орташа тәуліктік жүріс деп бір автобустың бір тәуліктегі жүрген қашықтығын айтамыз. Соңғы 3 жылдағы орташа тәуліктік жүрістің сандық мәндері 1. 5- кестеде келтірілген [2] .

Кесте 1. 5

Орташа тәуләктәк жүріс

Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
Жылдар: Жылдар
Көрсеткіштер: 2010
Өлшем бірлігі: 2011
Жылдар: 2012
Көрсеткіштер: Орташа тәуліктік жүріс, l cc
Өлшем бірлігі: км
Жылдар: 220
225
240

1. 5-кеседен орташа тәуліктік жүрістің де жоғарылағанын байқау қиынға соқпайды. Бұл тасымалдаулар қашықтығының ұзаруымен, автобустардың рейстер аралығындағы көп жүруімен түсіндіріледі.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін талдай отырып, 2012 жылдан бастап бұл көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғанын көруге болады.

Кәсіпорының басшылығы табыстың өсуі мен кәсіпорын тиімділігінің артуына әсер ететін көрсеткіштерді жоғарылату үшін бар күш-жігерін салуда.

1. 5 Дипломдық жобаның мақсаты мен міндеті

«ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС-ның өндірістік-шаруашылық қызметін, жоғарыда келтірілген талдауы дипломдық жобаның мақсаты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ағынды жөндеу аймағындағы ұйымдастыруды жетілдіру және жөндеу жұмыстарының еңбек мәдениетін арттыру.

Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:

  1. Ағынды жөндеу аймағындағы жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті мәселенің технологиялық шешімін өңдеп шығару;
  2. Қол жұмыстарын жеңілдететін құрылымдық шешімді өңдеп шығару;
  3. Ұсынып отырған шешімдер үшін еңбек қорғау және өндірістік экология іс-шараларын өңдеп шығару
  4. Ұсынылған шешімдер бойынша экономикалық есептерді орындау.

2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕУ

2. 1 Пайдаланудың ауа-райы климаттық және жол жағдайларының жазбасы

«ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС Абай селосы, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан. Абай селосының климаты ыстық құрғақ болып келеді, орташа айлық температура қаңтарда «-15º»-тен «-18º» аралығында, шілдеде «+35º»-тан «+38º»-қа дейін.

«ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС Абай селосының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл ұжым жолаушыларды тасымалдаумен айналысады.

Пайдалану шарттарының категориясы жол төсемі, түрімен, жергілікті рельфпен және қозғалыс жағдайларымен сипатталады.

Пайдалану процесінде АЖТК-ның жылжымалы тізбегі жолдың ІІ категориясы бойынша пайдаланылады. Жол төсемінің түрі - Д1, яғни битумдалған қоспалар [2, 3] .

2. 2 Шартты белгілер

«ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС-ның орналасқан жері - ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай селосы.

«ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС-ның қызметі - жолаушы тасымалдау.

Пайдалану шарттары категориясы - ІІ.

Автомобильдердің тізбелік саны, дана - 85.

Орта тәуліктік жүрістері, км:

- ПАЗ-672 - 130 км;

- ЛАЗ-695 - 165 км;

- Сетра, Икарус - 210 км [2, 3] .

2. 3 Түзету коэффициенттерін таңдау

Түзету коэффициенттерін таңдауды негізгі бірліктер бойынша, яғни автобустың әрбір маркасына орындаймыз.

«ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС жылжымалы тізбегі автобустардың 3 технологиялық үйлесімді топтарына ие болады:

1) ПАЗ-672;

2) ЛАЗ-695;

3) Сетра, Икарус.

Автобустар бойынша алынған барлық қалыпты берілгендер анықтама кітапшасында пайдалану шарттарының І категориясы үшін келтірілген.

Пайдалану шарттарының І категориясын жүргізу үшін нақты шарттарға, берілген жағдайға ІІ категорияға келесідей түзету коэффициенттері пайдаланылады:

К 1 - қалыптарды пайдалану шарттарынан тәуелді түзету коэффициенті;

К 2 - қалыптарды ЖТ модификациясынан тәуелді түзету коэффициенті;

К 3 - қалыптарды ауа-райы климаттық шарттарынан тәуелді түзету коэффициенті;

К 4 - АЖ-дың меншікті еңбексыйымдылығы қалыптарын пайдалану басындағы жүрістен тәуелді түзету коэффициенті;

К 5 - ТҚ мен АЖ еңбексыйымдылығы қалыптарын АЖТК-дағы автобустар санынан және технологиялық үйлесімді топтар санынан тәуелді түзету коэффициенті.

2. 2 бөлімінде келтірілген, есептеуге қажетті шарттары берілгендердің мәндерін пайдалана отырып, К 1, К 2, К 3, К 4, К 4 1 және К 5 коэффициенттерін 2. 8 - 2. 12 кестелері бойынша анықтаймыз [4] .

Кесте 2. 1

Іріктеу коэффициенттері

Автобус маркалары
Қалыптары
коэффициенттер
КЖ-дейінгі жүріс
ТҚ ке-зеңділігі

ТҚ еңбек-

сыйым-

дылығы

АЖ еңбек-

сыйым-

дылығы

Автобус маркалары: ПАЗ-672
Қалыптары:

К 1

К 2

К 3

К 4

К 5

0, 9

1

0, 9

-

-

0, 9

-

0, 9

-

-

-

1

-

-

1, 3

1

1

1, 1

1, 5

1, 3

Автобус маркалары: ЛАЗ-695
Қалыптары:

К 1

К 2

К 3

К 4

К 4 1

К 5

0, 9

1

0, 9

-

-

-

0, 9

-

0, 9

-

1, 4

-

-

1

-

-

-

1, 3

1

1

1, 1

1, 5

-

1, 3

Автобус маркалары: Сетра, Икарус
Қалыптары:

К 1

К 2

К 3

К 4

К 4 1

К 5

1

1

0, 9

-

-

-

1

-

0, 9

-

1, 4

-

-

1

-

-

-

-

1

1

1, 1

1, 4

-

1, 3


2. 4 «ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС-ның техникалық баптау бойынша өндірістік бағдарламасын есептеу

2. 4. 1 ТҚ-дың қалыпты кезеңділігі мен КЖ-ге дейінгі жүрісті таңдау және түзету

Нақты кәсіпорын үшін жүргізілетін жергілікті жағдайлар әдетте ерекшеленеді, сондықтан жалпы жағдайда, автобустың КЖ-ге дейінгі қалыпты жүрісі L к мен ТҚ-1 және ТҚ-2 кезеңділіктері пайдалану шартының категориясын есепке алатын К 1, К 2, К 3 коэффициенттерінің көмегімен анықталады.

Осылайша, автобустың күрделі жөндеуге дейінгі жүрісі төмендегіге тең [4] :

(2. 1)

мұндағы - автобустың КЖ-ге дейінгі жүрісі, км

Автобустың КЖ-ге дейінгі қалыпты жүрісін кестеден таңдаймыз

ПАЗ - = 3 км;

ЛАЗ - = 3 км;

Сетра, Икарус - =36 км.

Бұл мәндерді (2. 1) формулаға қоя отырып есептейміз:

ПАЗ - L к =3·0, 9·1·0, 9=243000 км;

ЛАЗ - L к =3·0, 9·1·0, 9=243000 км;

Сетра, Икарус - L к =36·1, 1·0, 9=324000 км;

Бұдан ары қарай, бір модельді автобустардың немесе біртипті автобустардың «жаңа» және «ескі» тобы бойынша ені параллель есептеулерді жүргізбес үшін есептеулерді қарапайымдандыру мақсатымен автобустың бір айналымдағы орташа келтірілген жөндеу аралық жүрісті L к. ср анықтаймыз (L к. ср < L н ) [4] :

(2. 2)

мұндағы - автобустардың кез келген КЖ-ден кейінгі жүрісі. Бұл кезде 0, 8 - бірінші КЖ-ге дейінгі жаңа автобустың жүріс қалыбы;

А и - бірінші КЖ-ге дейінгі жүрісі жоқ автобустардың орташа тізбелік саны;

- бірінші КЖ-ге дейінгі жүріс қалыбын орындаған, бірақ пайдаланудағы автобустардың орташа тізбелік саны.

«ЕР-ДАУІТ ЖӘНЕ КОМПАНИЯ» ЖШС-дағы А и мен мәндері 2. 1- кестеде келтірілген. Бұл кестеде үш түрлі маркадағы (ПАЗ, ЛАЗ, Сетра, Икарус) автобустардың А и және мәндері келтірілген.

Автобустың кез келген КЖ-ден кейінгі жүрісін анықтаймыз:

ПАЗ - =243000·0, 8=194400 км;

ЛАЗ - =243·0, 8=194400 км;

Сетра, Икарус - =324000·0, 8=259200 км.

Кесте 2. 1

Автобустар саны мен күйі

Аталуы
Белгіленуі
Автобус маркалары
ПАЗ-672
ЛАЗ-695
Сетра, Икарус
Аталуы:

Жаңа

Ескі

Барлығы

Белгіленуі:

А и

-

Автобус маркалары:

8

23

31

7

21

28

5

21

26

Аталуы: Жалпы
Белгіленуі: -
Автобус маркалары: 85

Жоғарыда нұсқалған мәндерді (2. 2) формулаға қоя отырып, келесіні аламыз:

ПАЗ-672

ЛАЗ-695

Сетра, Икарус

2. 4. 2 ТҚ-ді жүргізу кезеңділігін анықтау

Күнделікті баптаудың (КҚ) кезеңділігі әдетте, автобустың орташа тәуліктік жүрісіне - l сс тең.

ТҚ-1 мен ТҚ-2 кезеңділігі ( L 1 және L 2 ) пайдалану шарттарын есепке ала отырып, түзетілуі қажет [4, 5] :

L 1 = ·К 1 ·К 3 ; (2. 3)

L 2 = ·К 1 ·К 3 , (2. 4)

мұндағы - ТҚ-1-ды жүргізудің қалыпты кезеңділігі;

- ТҚ-2-ды жүргізудің қалыпты кезеңділігі.

және мәндерін кесте бойынша таңдаймыз, бұл кезде олар автобустардың барлық 3 тобы, яғни ПАЗ, ЛАЗ, Сетра, Икарус маркалы автобустары үшін тең.

=3500 км;

= 14000 км.

Мәндерді орнына қойып есептейміз:

=3500·0, 9·0, 9 = 2835 км;

=14000·0, 9·0, 9 = 11340 км.

2. 4. 3 Орташа тәуліктік жүрісті ТҚ мен КЖ-ге дейінгі жүріс кезеңділіктерін түету

Автобустарды баптауға жіберу жұмыс күндерінің толық саны арқылы орташа тәуліктік жүрісті есепке ала отырып жүргізілетіндіктен ТҚ-1, ТҚ-2 және КЖ жүрістері орташа тәуліктік жүріске дәрежелі болуға тиісті.

Түзету өзара және орташа тәуліктік жүріске дәрежелі және шамалары бойынша орнатылған қалыптарға жуық болатын ТҚ мен КЖ әрбір түрі үшін алынған км-де берілген жүріс кезеңділігінің сандық мәндерін таңдауға негізделген.

Кезеңділік қалыптарынан мүмкін боларлық ауытқулар ±10%-ті құрайды.

ПАЗ үшін:

L КҚ = l с. с = 130 км;

L 1 = l с. с ·21 = 130·21 = 2730 км;

L 2 = l 1 ·4 = 2730·4 = 10920 км;

L к. орт = L 2 ·22 = 10920·22 = 240240 км.

ЛАЗ үшін:

L КҚ = l с. с = 165 км;

L 1 = l с. с ·17 = 165·17 = 2805 км;

L 2 = l 1 ·4 = 2805·4 = 11220 км;

L к. орт = L 2 ·21= 11220·21 = 235620 км.

Сетра, Икарус үшін:

L КҚ = l с. с = 210 км;

L 1 = l с. с ·13 = 210·13 = 2730 км;

L 2 = l 1 ·4 = 2730·4 = 10920 км;

L к. орт = L 2 ·29 = 10920·29 = 316680 км.

ТҚ мен КЖ-ге дейінгі жүріс кезеңділіктерін орташа тәуліктік жүріс бойынша есептеу нәтижелерін 2. 2 кестеге толтырамыз. Ол келесі бетте көрсетілген.

Кесте 2. 2

ТҚ мен КЖ-ге дейінгі жүріс кезеңділіктерін түзету

Автобус маркасы
Жүріс түрлері
Белгіленуі
Жүріс, км
Қалыпты жүріс
Түзетілген жүріс
Алдыңғы әсерге дейінгі жүріс дәрежесі
Есептеу бойынша қабылданған
Автобус маркасы: ПАЗ-672
Жүріс түрлері:

Орташа тәуліктік

ТҚ-1-ге дейін

ТҚ-2-ге дейін

КЖ-ге дейін

Белгіленуі:

l c. c.

L 1

L 2

L к. ср

Жүріс, км:

-

3500

14000

3

-

2835

11340

243000

-

130х21

2730х4

10920х22

130

2730

10920

240240

Автобус маркасы: ЛАЗ-695
Жүріс түрлері:

Орташа тәуліктік

ТҚ-1-ге дейін

ТҚ-2-ге дейін

КЖ-ге дейін

Белгіленуі:

l c. c.

L 1

L 2

L к. ср

Жүріс, км:

-

3500

14000

3

-

2835

11340

243000

-

105х17

2805х4

11220х21

165

2805

11220

235620

Автобус маркасы: Сетра, Икарус
Жүріс түрлері:

Орташа тәуліктік

ТҚ-1-ге дейін

ТҚ-2-ге дейін

КЖ-ге дейін

Белгіленуі:

l c. c.

L 1

L 2

L к. ср

Жүріс, км:

-

3500

14000

36

-

2835

11340

324000

-

210х13

2730х4

10920х29

210

2730

10920

316680

2. 5 ТҚ мен КЖ-дің жылдық бағдарламасын анықтау

2. 5. 1 Бір айналымдағы бір автобусқа қажетті ТҚ мен КЖ сандарын анықтау

Бір айналымдағы жылжымалы тізбектің бірлігіне техниканың әсер етулер саны әсер етудің берілген түріне дейінгі айналымдық жүрістің қатынасымен анықталады [4, 5] :

; (2. 5)

; (2. 6)

; (2. 7)

, (2. 8)

мұндағы, L ц = L к - жылжымалы тізбектің айналымдық жүрісі

Сонда:

ПАЗ үшін:

;

;

;

.

ЛАЗ үшін:

;

;

;

.

Сетра, Икарус үшін:

;

;

;

Мұнан кейін бір айналымдағы техниканың дайындық коэффициентін мына формуламен анықтаймыз [4, 5] :

т , (2. 9)

мұндағы Д эц - автобустың бір айналымдағы техникалық бұзылусыз күйдегі күндер саны;

Д р. ц - автобустың бір айналымдағы ТҚ мен жөндеудегі бос тұру саны.

Д эц мәні мынаған тең [4, 5] :

. (2. 10)

Сонда мәндерді орнына қойсақ:

ПАЗ үшін:

күн;

ЛАЗ үшін:

күн;

Икарус үшін:

күн.

Автобустың бір айналымдағы ТҚ мен жөндеулердегі бос тұру күндерінің санын келесі түрлендіруден табамыз [4, 5] :

, (2. 11)

мұндағы, Д К - автобустың КЖ-дегі бос тұруы, күндер;

Д ТҚ, АЖ - жылжымалы тізбектің ТҚ мен АЖ-дегі күндермен алынған меншікті бос тұруы, күндер.

Автобустың КЖ-дегі бос тұруы мынаған тең [4, 5] :

, (2. 12)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарыағаш атауының топонимиясы және ауданның физикалық-географиялық ерекшеліктері
Жолаушылар айналымын сараптамалау
Жұмыстардың жылдық көлемін анықтау
Айналымдағы техникалық әсерлесу саны
Қазасктан Республикасының бюджет жүйесі және бюжет құрылымы
Тараз қ. 1 Тараз автобус паркі ЖШС-нің аймағындағы ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету аймақтарының жұмыстарын ұйымдастыру
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Жергілікті бюджет жайлы
Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
Мемлекеттік - жекеменшік серіктестіктердің типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz