Тараз қ. 1 Тараз автобус паркі ЖШС-нің аймағындағы ағымдағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету аймақтарының жұмыстарын ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Көлік - халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Қазіргі таңда көліксіз экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес. Өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының еңбек ырғағы, халықтың көңіл-күйі мен еңбек етуге деген құлшынысы көлік қызметінің қаншалықты дәл және сенімді жұмыс атқаруына тікелей байланысты.

Автомобиль көлігі басқа көлік түрлерімен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшін ең ыңғайлы және тиімді көлік түрі болып табылады. Автомобиль көлігінің тиімді және үнемді жұмысы жүк және жеңіл автомобильдерден, автобустардан тіркемелерден және жартылай тіркемелерден құралатын көп салалы автомобиль паркін дұрыс әрі оңтайлы пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта жолаушы тасымалдау көлігінің жұмысы экономиканың реальдық секторында және тұрғындардың табысында тұрақтану тенденциясы байқалған кезеңге тура келіп отыр. Жолаушы көлігі шаруашылықтың маңызды саласының бірі болып табылады. Тұрғындардың көпшілігінде жекеменшік автомашинасы жоқ болғандықтан, олардың тасымалдауға деген сұранысын сапалы және дер кезінде қанағаттандыру мәселесі - тек қана тасымалдау мәселесі болып қалмастан, оның шеңберінен шығып, әлеметтік мәселеге айналады; сөйтіп, тұрғындардың оларға көрсетілген тасымалдау қызметінің сапасына деген көзқарасын ғана емес, халықтың аймақтағы және бүкіл мемлекетіміздегі жүріп жатқан үрдістерге деген көзарасын да анықтайды [4] .

Техникалық пайдалану автомобиль көлігі жүйесінің бірыңғай түрі болып есептеледі. Автомобиль көлігінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі − автомобильдердің пайдалану өнімділігін арттыру және оларды сақтауға кететін шығындарды төмендету болып табылады.

Дегенмен, автобус паркінің техникалық күйін жақсарту өте баяу жүргізіледі. Бұл мәселені шешу, бір жағынан, сыйымдылығы жоғары автобустарды техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығын төмендету, автобустардың жөндеуден жөндеуге дейінгі аралық жүрісін арттыру есебінен жүзеге асырылады. Аталған шарттарға қосымша, жылжымалы құрамның ақаусыз күйде жұмыс атқаруына қажетті өндірістік негізді құру, өндірістік үрдістерде механикаландыру және автоматтандыру құралдарын кеңінен енгізу жұмыстарын орындау да талап етіледі. Қазіргі уақытта «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-ндегі өндірістік процестерді мехникаландыру деңгейі, салыстырмалы түрде алатын болсақ, өте төмен деңгейде, ал ауқымы болса мардымсыз.

Ежелден-ақ Қазақстан Орта Азияның транзиттік аймағы болды. Көршілес мемлекеттер, көбінесе Еуропа нарығына шығу үшін осы қазақ жерін басып өтіп жатты. Орта ғасырлардағы сауда қарым-қатынастарына көз салсақ, бұнда да Қазақ хандығының (XIV ғ) жерін бүкіл әлемге танымал «Ұлы Жібек жолы» көп бөлігін басып өткен.

Қашан да болмасын сауда мен транзит мекені болған еліміз, көлік ғылымы парақтарында өзіндік ерекше таңбасын қалдырады.

Ғылым мен техниканың пайда болуы арқылы көп түрлі көлік құралдары пайда бола бастады. Әлемде әуе және құбыр көліктері дамымай тұрған кезде, автомобиль көлігі, су және темір жол көліктерімен қалыспай қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта автомобиль көлігі мен басқа да көлік түрлерінің қызметін реттейтін ұйымдар мен халықаралық ереже-шарттар бар. Осылар арқылы жалпы дүниежүзілік көлікпен жүк және жолаушы тасымалдау реттеліп, біртұтас жүйеге келтіріліп отырады.

Автокөлік, автомобиль тасымалдары және автомобиль жолдарын дамытуды мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың бастапқы кезеңінің бірқатар міндеттерін шешу қажеттігіне тоқталды [1] .

Еліміздің бес өңірінде қоғамдық тыңдалымы өтетін бұл бағдарлама отандық көлік қатынасы жүйесіне халықаралық сапа талаптарын енгізуді көздейді. Жолаушыларды тасымалдау ісін жаңа деңгейге көтерумен қатар, елімізде жаңа автовокзалдар, автобекеттер, темір жол вокзалдары мен аэродромдар салынатын болады. Сонымен қатар теміржол магистральдары желісін кеңейту жүргізілетін болады.

Халықаралық тасымалдардың әлемдік тәжірибесі көлік маршруттарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету тек қана техникалық проблемаларды шешумен ғана шектелмейтіндігін куәландырады. Маңызды мәні барлық мүдделі тараптармен халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша саясаттың болмауы, шекаралық өтпелдер арқылы жүктерді өткізу технологиясының жетілдірілмеуі, құқық саласындағы және т. б. ақпараттық қамтамасыз етудің жетіспеушілігі транзиттік жүк ағындарының жүру жолында физикалық емес кедергілерді жою болып табылады.

Осыған байланысты мен өз дипломдық жобамның алдына «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-ндегі автобустарға техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіру арқылы автокөліктің сенімділік деңгейін жоғарылатуды, соның нәтижесінде мекеменің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды мақсат етіп қойдым.

1 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ

1. 1 Кәсіпорынның қысқаша тарихы

Біз қарастырмақ болып отырған ААҚ «№1Автобус паркі» құрылу тарихы өткен ғасырдың ортасынан, атап айтқанда 1950 ж. басталды. Сол кездегі Қазақ ССР-і үкіметінің меншігімен №1 автобаза құрылады. Ол соңғы кездерге дейін Жамбыл қаласы Сүлейменова 21 мекен-жайы бойынша орналасқан еді. №1 автобаза құрылуының басында онда келесі көрсеткіштер болған:

1) Жүргізушілер - 60 адам

2) Жөндеу жұмысшылары - 30 адам

3) Автобустар саны - 30 дана

4) Инженер-техникалық қызметкерлер саны - 12 адам

5) Қызметкерлер саны - 8 адам

1964 жылы 20 сәуіріндегі Қазақ ССР автомобиль көлігі министрінің №54 бұйрығы бойынша №1 Жамбыл автобазасы №1 Жамбыл автобус паркі болып аталды.

Қазақстан Республикасы экономикасының әртүрлі салаларының нарықтық экономикаға көшуіне байланысты 1994 жылы 12 сәуірінде Жамбылдық №1 автобус паркі негізінде «№1 Автобус паркі» ашық акционерлік қоғамы құрылды [2] .

Кесте 1. 1.

Мекеменің даму тарихы

Күні
Аталуы
Заң шығуы
Күні:
Аталуы: №1 Жамбыл автобазасы. Сулеманова 21 көшесінде орналасқан
Заң шығуы:
Күні: 20. 04. 1987ж.
Аталуы: №1 Жамбыл автобаза №1 Жамбыл автобус парк болып өзгерді
Заң шығуы: №54 20. 04. 1987 ж. КазССР автокөлік министрінің бұйрығымен
Күні: 01. 12. 1987ж.
Аталуы: №1 автобус паркі жолаушы өндірістік автобасқарма №1 автобус паркі көліктің өндірістік бірлестікке өзгертілді
Заң шығуы: №197 1. 12. 1987 ж. КазССР автокөлік министрінің бұйрығымен

1. 2 Кәсіпорынның шаруашылық қызметі

«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС Тараз қаласы 5 қала маршруты және үш арнайы маршруты бойынша жолаушыларды тасымалдайды сонымен қатар «Темір жол вокзалы - Құмшағал» бағыты бойынша жолаушыларды саябаққа (дачаларға) тасымалдаумен айналысады. Соңғы жылдарда автомобиль паркін жаңарту нашар жүргізілуіне байланысты ААҚ «№1 автобус паркі» жылжымалы құраманың техникалық жағдайы ауыр болып тұр. Нарықтық экономика заманы талаптары бойынша еңбекте арендалық қатынастардың өмірде батыл орын ала бастағанына байланысты автобустар жүргізушілергі арендалық төлемге берілген. Жүргізушілер салық комитетінде жолаушыларды тасымалдауға патент сатып алып күнделікті тасымалдау жұмыстарын жасап, автобустардың техникалық жағдайына қарап жүр. Жүргізушілер автобустарға 1-ТҚК, 2-ТҚК және жөндеу жұмыстарын жасағанда қосалқы бөлшектерді сатып алуға қажетті ақшаны өз қалталарынан төлеп жүр. Қазіргі кезде «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС жұмыс жасайтын жұмыскерлердің жалпы саны 133 және олар қызметкерлердің категориясы бойынша былай бөлінеді [2] :

1) жүргізушілер саны - 84 адам

2) жөндеу-көмекші жұмысшылар саны - 38 адам

3) басшы мамандар мен қызметкерлер саны - 6 адам

4) басқалар - 5 адам

«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС Тараз қаласы солтүстік-батыс жағында 3-ші автомобиль бұрылысында орналасқан. Кәсіпорын тегіс жерде орналасқан. Автобус паркіндегі автобустар мен жеңіл автомобиль жолаушыларды тасымалдауды қала аумағында және қала маңындағы қатты жабынды жолдармен, ал жүк автомобильдері қала сыртындағы қатты жабынды жолдармен жасайды. Автомобиль паркінің техникалық қызмет көрсету және қозғалмалы құрамды жөндеу ережесімен (Положение о техническом обслуживаний и ремонте подвижного состава автомобильного парка) АҚҚ «№1 автобус паркінің» жүк автомобильдері пайдалану жағдайының І категориясы бойынша, ал автобустар мен жеңіл автомобильдері ІІІ категория бойынша пайдаланылады. Мекеме Тараз қ. ыстық-құрғақты ауа райы болатын аймақта орналасқан.

Кәсіпорынның бас жоспары 1. 1-суретте және басқару структурасы 1. 2-суретте көрсетілген.

Кәсіпорынның басшысы - президент болып табылады. Президентке үлкен құқық берілген. Ол бұйрықтар шығара алады. Онда кәсіпорының жұмыс істеу тәртібі мен ережелері көрсетілген. Президент өз жұмысында кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымына сүйене отырып барлық қазіргі және болашақ жоспарын орындайды.

Президенттің үш орынбасары бар: вице-президент, кадрлар бөлімінің басшысы және бас бухгалтер. Орынбасарлардың әрқайсысына бекітілген салалары бар. Олар сол салалардың тиімді жұмыс істеуіне жауап береді.

Вице-президент кәсіпорының ең негізгі, яғни жол-көпір құру жұмыстарының орындалуына жауапты. Вице-президентке ПТО басшысы, бас инженер және бас прорабы қарайды.

ПТО басшысы барлық жылжымалы құрамдардың техникалық жағдайына жауапты. Ал бас инженері мен қызмет көрсету жұмыстарын сапасына қарай ұйымдастырып орындайды.

1- бақылап өткізу бекеті; 2 - диспетчер; 3 - медпункт; 4 - өндірістік, ТҚК-1, ТҚК-2 және жөндеу жұмыстарын атқаруға арналған аймақ; 5 - жанар-жағармай бекеті; 6 - күнделікті қызмет көрсету аймағы; 7, 8 - ашық тұрақ алаңы; 9 - әкімшілік ғимарат; 10 - асхана;

11 - электростанция; 12 - күзет; 13 - жылыту аймағы (котельная) .

Сурет 1. 1- «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС кәсіпорынның бас жоспары

Сурет 1. 2 - Басқару структурасы

Кадрлар бөлімінің басшысы кадрлар бөлімінің жұмыстарын бақылайды. Кадрлар бөлімі қызметкерлер мен жұмысшылардың біліктілігін арттыруға, жаңадан жұмысшыларды дайындауға, қызметкерлердің құжаттарына, түрлі кадрларға байланысты бұйрықтар шығаруға жауапты.

Бас бухгалтер - бухгалтерияның және қойма орталығының жұмысын ұйымдастырады.

1. 3 Автопарктың құрамы мен техникалық жағдайы

«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС Тараз қаласы бойынша жолаушылар тасиды және саяжай бағытында тасымалдайтын автобустар, оған қоса арнайы автомобильдер мен т. б. автокөліктері бар.

Кесте 1. 2.

Кәсіпорынның автокөлік құрамы

№ п/п
Автобус маркасы
Саны, дана
Орташа тәуліктік жүрісі, l , км.
№ п/п: 1.
Автобус маркасы: ПАЗ-32054
Саны, дана: 95
Орташа тәуліктік жүрісі,lcс, км.: 229
№ п/п: 2.
Автобус маркасы: Dong Feng
Саны, дана: 18
Орташа тәуліктік жүрісі,lcс, км.: 246
№ п/п:
Автобус маркасы: Барлығы
Саны, дана: 113
Орташа тәуліктік жүрісі,lcс, км.: 237, 5

Кәсіпорында жоғарыда қарастырылып кеткендей Тараз қаласы бойынша 5 қалалық бағытты жолаушыларды тасымалдау қамтамасыз етіледі. Бұл маршруттарда 113 автобус жүреді. Сонымен қатар кәсіпорын арнайы «Темір жол бекеті - Құмшағал» маршрутта баубақша қоғамдарының мүшелерін дачалар орналасқан участкілерге тасымалдайды [2] .

Өндіріс қоғамның жағдайының жақсаруына өзін-өзі ақтауға өту туралы бизнес-планы орындалуы да және еңбектің арендалық қатынасқа көшуі де ықпал етті. Ол дегеніміз автобустарды жүргізушілерге өз кезегінде өндіріске арендалық ақы төлеп отырады.

Басында осындай жағдайға алғаш рет көшкен кезде өндіріске қиынға соқты, бір-ақ осы кәсіпорын бюджет қорына, жылда ақша түсіп отырғандықтан өндіріс жағдайы жақсарды. Ол дегеніміз кәсіпорын құрамына 4 жылдан бері жаңа автобустар саны 43-ке көтерілді.

Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіші келесі 1. 4-кестеде көрсетілген [3] .

Кесте 1. 3.

Кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштердің аталуы

Белгі-

ленуі

Өлшем бірлік
Жылдар
2010
2011
2012
№: 1
Көрсеткіштердің аталуы: 2
Белгі-ленуі: 3
Өлшем бірлік: 4
Жылдар: 5
6
7
№: 1.
Көрсеткіштердің аталуы: Автомобильдердің тізімдік саны
Белгі-ленуі: А сс
Өлшем бірлік: шт
Жылдар: 100
107
113
№: 2.
Көрсеткіштердің аталуы: Паркті пайдалану коэффициенті
Белгі-ленуі: α п
Өлшем бірлік: -
Жылдар: 0, 71
0, 73
0, 76

Кесте 1. 3. Жалғасы.

1
2
3
4
5
6
7
1: 3.
2: Техникалық дайындық коэффициенті
3: α т
4: -
5: 0, 77
6: 0, 82
7: 0, 88
1: 4.
2: Барлық автомобильдердің жалпы жүрісі
3: L об
4: км
5: 22386
6: 20874
7: 151672
1: 5.
2: Автобустардың орташа сыйымдылығы
3: q вм
4: жолаушы
5: 28
6: 26
7: 28
1: 6.
2: Жолаушылар тасымалданды
3: Q
4: жолаушы
5: 12293
6: 10745
7: 10345
1: 7.
2: Жолаушы километр көлемі
3: Р
4: Жол-км
5: 104649
6: 103523
7: 100298
1: 8.
2: Сыйымдылықты пайдалану коэффициенті
3: β
4: -
5: 0, 8
6: 0, 72
7: 0, 8

1. 4 Автопарктың ТҚК және АЖ жұмыстарының қысқаша талдауы

Кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 133 адам. Жөндеуші-қалпына келтіруші жұмысшылардың цехтар мен аймақтарға бөлінуі 1. 4-кестеде көрсетілген.

Кесте 1. 4.

Жұмысшылардың цехтар мен аймақтарға бөлінуі

1. Агрегаттық
2 адам
10. Обойлық
2 адам
1. Агрегаттық: 2. Моторлық
2 адам: 3 адам
10. Обойлық: 11. Шино монтаждау
2 адам: 2 адам
1. Агрегаттық: 3. Шашып-жуу бөлімшесі
2 адам: 1 адам
10. Обойлық: 12. Вулканизациялау
2 адам: 2 адам
1. Агрегаттық: 4. Токарлық
2 адам: 3 адам
10. Обойлық: 13. Реставрациялау
2 адам: 2 адам
1. Агрегаттық: 5. Темір соғатын цех
2 адам: 2 адам
10. Обойлық: 14. ТҚ-1
2 адам: 4 адам
1. Агрегаттық: 6. Мыстау
2 адам: 2 адам
10. Обойлық: 15. Шиналар цехы
2 адам: 2 адам
1. Агрегаттық: 7. Аккумуляторлық
2 адам: 2 адам
10. Обойлық: 16. ТҚ-2
2 адам: 3 адам
1. Агрегаттық: 8. Электротехникалық
2 адам: 2 адам
10. Обойлық: 17. Диагностикалау
2 адам: 2 адам
1. Агрегаттық: 9. Карбюраторлық
2 адам: 2 адам
10. Обойлық:
2 адам:

Кесте 1. 5.

Жөндеу цехтары, аймақтар және арнайы посттардың ауданы

Аталуы
Ауданы, м 2
Аталуы
Ауданы, м 2
№: 1.
Аталуы: Агрегаттық
Ауданы, м2: 87, 2
№: 10.
Аталуы: Обойлық
Ауданы, м2: 55
№: 2.
Аталуы: Моторлық
Ауданы, м2: 138
№: 11.
Аталуы: Шиномонтаждау
Ауданы, м2: 207
№: 3.
Аталуы: Шашып-жинау бөлімшесі
Ауданы, м2: 81, 2
№: 12.
Аталуы: Вульканизациялау
Ауданы, м2: 87, 2
№: 4.
Аталуы: Токарлық
Ауданы, м2: 22, 7
№: 13.
Аталуы: Реставрациялау
Ауданы, м2: 55
№: 5.
Аталуы: Темір соғатын
Ауданы, м2: 44
№: 14.
Аталуы: ТҚК-2 аймағы
Ауданы, м2: 376
№: 6.
Аталуы: Мыстау
Ауданы, м2: 55, 8
№: 15.
Аталуы: Шиналар цехы
Ауданы, м2: 187
№: 7.
Аталуы: Аккумуляторлық
Ауданы, м2: 87, 2
№: 16.
Аталуы: ТҚК-1 аймағы
Ауданы, м2: 354
№: 8.
Аталуы: Электротехникалық
Ауданы, м2: 47
№: 17.
Аталуы: Диагностикалау
Ауданы, м2: 207
№: 9.
Аталуы: Карбюраторлық
Ауданы, м2: 87, 2
№:
Аталуы:
Ауданы, м2:

Сурет 1. 3 - Өндірістік ғимарат

1. 5 Дипломдық жобаның мақсаты мен міндеттері

Біздің жүргізген талдау нәтижесінде Тараз қаласы «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС кәсіпорынның өндірістік шаруашылығына келесі қорытынды тұжырым жасауға болады.

1. Кәсіпорында жылжымалы құрамға ТҚК және жөндеуде жоспарлы ескерту жүйелерінің ережелері сақталмаған.

2. Автобустарға ТҚК және өткізу алдын-ала жоспарлау жұмысы жүргізілмеген.

3. Өндіріс участіктері, соның ішінде қозғалтқыштарды жөндеу бөлмесі қажетті жөндеу-технологиялық жабдықтармен жабдықталмаған.

4. Автобустарға ТҚК-1, ТҚК-2 және ағымды жөндеу технологиялық процесі жүргізілмейді.

5. Кәсіпорында автобустарды ТҚК-1, ТҚК-2 және ағымды жөндеуді ұйымдастырудың жұмыстары жақсы жолға қойылмаған.

Осы дипломдық жобада жоғары көрсетілген кемшіліктерді түзету мен автобустарға технологиялық ТҚК және жөндеу мен ұйымдастыруды жетілдіру мақсаты қойылып, ағынды жөндеу аймағын қайта жаңарту жолы қарастырылған.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

1. Автобустарды ТҚК және жөндеуден өткізуге алдын-ала келер жылға есептеу және жоспарлау жұмысын жүргізу.

2. Күнделікті қызмет, ТҚК-1, ТҚК-2 және ағымды жөндеу аймақтарына технологиялық есептеулер жүргізу.

3. Ағымдағы жөндеу аймағына жаңарту жұмыстарын жүргізу.

4. Жұмысшы слесарлардың жұмысын жеңілдететін және өнімділікті ұлғайтуды қамтамасыз ететін конструкторлық құрылымды жобалап, оны өндіріске ұсыну.

5. Технологиялық картаны дайындау.

6. Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік экология мәселелерін қарастыру.

7. Орындалған жобаның техникалық-экономикалық тиімділігін негіздеу.


2. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖӨНДЕУДІ ЖОСПАРЛАУ

2. 1 Пайдаланудың табиғи-климаттық және жол жағдайының

сипаттамасы

«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС Жамыл облысының орталығы Тараз қаласының солтүстік-батыс жағында 3-ші автомлбиль бұрылысында орналасқан. Кәсіпорынның орналасқан жерінің ауа райы облыстағы климаты ыстық және құрғақ болып есептеледі. Қаңтардағы ауаның орташа айлық температурасы «−15»-дан «+5» градус целцияға дейінгі аралықта жатса, шілдеде «+25»-тен «+40» градус целция аралығында жатады.

«№1 Тараз автобус паркі» ЖШС автобус паркінің автобустары Тараз қаласының тұрғындарына жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетеді және қалааралық маршруттарда да жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Жол төсемінің түрін D 2 − битумдық минеральдық қоспа деп қабылдаймыз [4, 5] .

Пайдалану жағдайларының категориясы жол төсемінің түрімен, жергілікті рельефпен және қозғалыс жағдайларымен сипатталады.

Жоғарыда атап өтілген сипаттамаларды ескере отырып, пайдалану жағдайларының II категориясын қабылдаймыз.

2. 2 Түзету коэффициенттерін таңдау

Түзету коэффициенттерін таңдауды жылжымалы құрамның негізгі бірліктерін ПАЗ және Dong Feng маркалы автобустар тобы құрайтынын ескере отырып жүргіземіз.

Түзету коэффициенттерінің қабылданған мәндері 2. 1-кестеде келтірілген.

Кесте 2. 1.

Түзету коэффициенттерінің қабылданған мәндері

Көрсеткіштердің аталуы: Көрсеткіштердің аталуы
Автобус маркасы: Автобус маркасы
Коэффициенттердің мәні: Коэффициенттердің мәні
Көрсеткіштердің аталуы: К 1
Автобус маркасы: К 2
Коэффициенттердің мәні: К 3
К 4
К 5
Көрсеткіштердің аталуы: Күрделі жөндеуге дейінгі жүрісі
Автобус маркасы: ПАЗ-32054
Коэффициенттердің мәні: 0, 9
1, 0
1, 1
-
-
Көрсеткіштердің аталуы: Dong Feng
Автобус маркасы: 0, 9
Коэффициенттердің мәні: 1, 0
1, 1
-
-
Көрсеткіштердің аталуы: Техникалық қызметтің кезеңділігі
Автобус маркасы: ПАЗ-32054
Коэффициенттердің мәні: 0, 9
-
1, 1
-
-
Көрсеткіштердің аталуы: Dong Feng
Автобус маркасы: 0, 9
Коэффициенттердің мәні: -
1, 1
-
-
Көрсеткіштердің аталуы: Техникалық қызметтің еңбексыйымдылығы
Автобус маркасы: ПАЗ-32054
Коэффициенттердің мәні: -
1, 25
-
-
0, 9
Көрсеткіштердің аталуы: Dong Feng
Автобус маркасы: -
Коэффициенттердің мәні: 1, 25
-
-
0, 9
Көрсеткіштердің аталуы: Ағымдық жөндеудің еңбексыйымдылығы
Автобус маркасы: ПАЗ-32054
Коэффициенттердің мәні: 1, 1
1, 25
0, 9
1, 19
0, 9
Көрсеткіштердің аталуы: Dong Feng
Автобус маркасы: 1, 1
Коэффициенттердің мәні: 1, 25
0, 9
1, 55
0, 9

Автомобильдер бойынша осыған барлық қалыпты мәндер пайдалану жағдайларының I категориясы анықтамалық жазбаларында келтірілген.

Пайдалану жағдайларының I категориясын пайдаланудың нақты жағдайларына келтіру үшін К 1 , К 2 , К 3 , К 4 және К 5 коэффициенттерін пайдаланамыз. Мұндағы:

К 1 − пайдалану жағдайларын ескеретін коэффициент;

К 2 − жылжымалы құрамның модифкациясын ескеретін коэффициент;

К 3 − табиғиклиматтық жағдайларды ескеретін коэффициент;

К 4 − автокөлік паркінің техникалық күйін ескеретін коэффициент;

К 5 − автокөлік паркінің көлемін, яғни парктегі автобустар санын

ескеретін коэффициент.

2. 3 Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша өндірістік бағдарламаны есептеу

2. 3. 1 ТҚК-тің нормативтік кезеңділігін және КЖ-ге дейінгі жүрісті

анықтау және оны түзету

Нақты кәсіпорын үшін жергілікті жағдайлар, әдетте, ерекшеленеді, сондықтан жалпы жағдайда автобустардың күрделі жөндеуге (КЖ) дейінгі нормативтік жүрісі L н мен ТҚК-1 және ТҚК-2 (техникалық қызмет көрсету - 1, 2) кезеңділіктері пайдалану жағдайларының категориясын ескеретін К 1 , К 2 , К 3 коэффициенттерінің /1, 31бет/ жәрдемінде анықталады.

Осылайша, автомобильдің күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін ( L К ) төмендегі өрнектен анықтаймыз [4] :

, (2. 1)

мұндағы: − автобустың күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік

жүрісі, км;

- түзету коэффициенттері, 2. 1-кесте бойынша

қабылданады.

Автобустың КЖ-ге дейінгі қалыпты жүрісін кестеден таңдаймыз

ПАЗ-32054:

= 4 км

Dong Feng:

= 4 км

Коэффициенттердің жоғарыда қабылданған мәндерін (2. 1) өрнегіне қоя отырып, автобустардың топтары бойынша күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін анықтаймыз:

ПАЗ-32054:

L К =4·0, 9·1·1, 1=396000 км;

Dong Feng:

L К =4·0, 9·1·1, 1=396000 км;

Біртекті автобустардың бір модельде немесе топта «жаңа» және «ескі» автобустар үшін екі дүркін параллель есептеулерді жүргізбес үшін, соның нәтижесінде есептеулерді қарапайымдау мақсатымен автобустың бір айналымындағы орташа теңгерілген жөндеуаралық жүрісін ( L к. орт < L н ) аламыз [4, 5] :

, (2. 2)

мұндағы: − автобустардың саны бойынша кез келген күрделі

жөндеуден кейінгі жүрісі: , бұл жердегі

0, 8 − күрделі жөндеуден кейінгі автобус жүрісінің

жаңа автобустың бірінші күрделі жөндеуге дейінгі

нормативтік жүрісінен алынған үлесі;

− бірінші күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрісті

орындаған жаңа автобустардың тізімдік саны. Оны

барлық автобустар санының 10-25% мөлшерінде деп

қабылдаймыз.

− бірінші күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрісті

орындаған, бірақ әлі пайдалануда жүрген

автобустардың орташа тізімдік саны.

Сонда,

ПАЗ-32054:

=396000·0, 8=316800 км;

Dong Feng:

=39600·0, 8=316800 км;

Алынған мәндерді (2. 2) өрнегіне қоя отырып, автобустың бір айналымындағы орташа теңгерілген жөндеуаралық жүрісін ( ) анықтаймыз:

ПАЗ-32054 үшін:

км;

Dong Feng үшін:

км;

Күнделікті қызмет көрсету (КҚК) жүрісінің L К. Қ. К. мөлшерін автобустардың орташа тәуліктік жүрісіне l cc тең деп аламыз. ТҚК-1 және ТҚК-2 жүргізу кезеңділігіне ( L 1 және L 2 ) пайдалану жағдайларын ескере отрып, төмендегі өрнектер бойынша түзету енгіземіз [4, 5] :

(2. 3)

мұндағы: − бірінші (ТҚК-1) және екінші (ТҚК-2) техникалық

қызмет көрсетудің нормативтік кезеңділіктері.

Өрнектерде көрсетілген шамалардың сан мәндерін орындарына қоя отырып, автобустар тобы үшін бірінші (ТҚК-1) және екінші (ТҚК-2) техникалық қызмет көрсетудің нақты кезеңділіктерін анықтаймыз [7] :

ПАЗ-32054 үшін:

L 1 (H) = 5000 км;

L 2 (H) = 2 км.

Dong Feng үшін:

L 1 (H) = 5000 км;

L 2 (H) = 2 км.

ТҚК-1 және ТҚК-2 кезеңділіктерін (2. 3) формуласы бойынша есептейміз:

ПАЗ-32054 үшін:

=5000·0, 9·1, 1=4950 км;

=2·0, 9·1, 1=19800 км;

Dong Feng үшін:

=5000·0, 9·1, 1=4950 км;

=2·0, 9·1, 1=19800 км;

Енді техникалық қызмет көрсету (ТҚК) мен күрделі жөндеуге (КЖ) дейінгі жүріс кезеңділіктерін орташа тәуліктік жүріс бойынша түзету қажет болады. Орташа тәуліктік жүріс мәнін ПАЗ үшін l cc = 229 км , Dong Feng үшін l cc = 246 км деп қабылдаймыз [7] . Түзету нәтижесінде алынған ТҚ кезеңділіктер мәнінің нормативтік мәнінен ауытқуы ±10%-тен артпауы тиіс.

L К. Қ. К /l c. c. = l; (2. 4)

L 1 / L К. Қ. К =n 1 ; (2. 5)

L 2 /L 1 =n 2 ; (2. 6)

L к. орт /L 2 =n 3 ; (2. 7)

мұндағы: L КҚК − күнделікті қызмет көрсету кезеңділігі, км;

n 1 , n 2 , n 3 - бүтін сандар.

ПАЗ-32054 үшін:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараз автобус парк ЖШС кәсіпорынның бас жоспары
Тараз қаласындағы Тараз ТрансМоторс ЖШС-ның автобустарына техникалық қызмет көрсету аймағының жұмыстарын ұйымдастыру
Өндіріске төлемдер құрамы
Тараз қаласындағы Экспресс-05 ЖШС жағдайында автобустарды техникалық пайдалануын ұйымдастыруды жетілдіру
Батыс Қазақстан автобус паркі ЖШС автобустардың техникалық күйін жақсарту
Автобус паркінің структуралық құрылымы
Өндірістік ғимараттағы ағымдағы жөндеу аймағын жаңарту жұмыстарын жүргізу
Техникалық қызмет және жөндеу жұмыстарының мерзімділігін жұмыс жағдайына келтіру
Жұмыстардың жылдық көлемін есептеу
Құбыр көлік инфрақұрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz