Тараз қаласындағы Экспресс-05 ЖШС жағдайында автобустарды техникалық пайдалануын ұйымдастыруды жетілдіру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Көлік - халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып табылады. Қазіргі таңда көліксіз экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес. Өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының еңбек ырғағы, халықтың көңіл-күйі мен еңбек етуге деген құлшынысы көлік қызметінің қаншалықты дәл және сенімді жұмыс атқаруына тікелей байланысты.
Жолаушы көлігі-елімізде қазіргі таңда тасымалдау көлігінің ең сенімді, тиімді секторына айналып отыр.Қай тұрғыдан алғанда да энономикалық сонымен қатар жолаушы сұранысын бойыншада алдыңғы қатардан орын алады.Автокөлікпен жолаушы тасымалдау саласының мамандары орталық және аймақтық басқару органдары күштерін біріктіріп, автокөлікпен тасымалдау кешенінің жұмысын жетілдіруге бағыттауы тиіс.Жолаушы тасымалы автомобиль, теміржол, су, әуе көлігінің жәрдемінде жүзеге асырылуы мүмкін. Тасымалдау теориясында қалалық жолаушы көлігі өз алдына дербес сала ретінде қарастырылады, оған автобустар, автомобильдер, трамвайлар, троллейбустар және метро кіреді.
Көлік - халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып табылады. Қазіргі таңда көліксіз экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес. Өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының еңбек ырғағы, халықтың көңіл-күйі мен еңбек етуге деген құлшынысы көлік қызметінің қаншалықты дәл және сенімді жұмыс атқаруына тікелей байланысты.
Автомобильдік көлік Қазақстан Республикасында үлкен маңызға ие, ол мемлекетімізде 1,5 млн. шамасында мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және де басқада көптеген ауыл шаруашылық тұтынушыларға қызмет көрсетуде. Әр жылы автомобиль көлігімен халық шаруашылығында 80 % -тен астам жүктер, жалпы қолданыстағы көліктермен 75% жолаушылар тасымалданады.
Сонымен бірге автомобиль көлігі көліктік комплекспен шығындалатын ресурстардың негізгі тұтынушысы болып табылады: 66 % жанармай, 70 % еңбектік ресурстар.
Көлік тиімділігін жоғарлату үшін жетілдірілген техника мен технологияларды жасап және енгізу, персонал тұрмыстық жағдайын және еңбек жағдайын жақсарту, персоналдың біліктілігін және еңбек нәтижесіне қызығушылығын жоғарлату, жаңа көлік түрлерін дамыту, жылжымалы құрамның және басқа техникалық құралдардың жаңару қарқындылығын жоғарлату.Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін жоғарлату, көліктің қоршаған ортаға кері әсерін төмендету қажет.
Өндірісті жандандыру,еңбек өнімділігін жоғарлату, ресурстардың барлық түрін үнемдеу- бұл міндеттер тікелей автомобиль көлігіне қатысты және автомобиль паркінің жұмысқақабілеттігін қамтамасыз ететін автомобильдерді техникалық пайдалану жүйелеріне де қатысты.
Автомобиль көлігінің алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі автомобильдің эксплуатациялық сенімділігін арттыру. Бұл проблеманың шешімі бір жағынан сенімділігі жоғары автомобильдерді шығарумен автомобиль өндірісі қамтамасыз етеді, екінші жағынан автомобильдерді техникалық пайдалану әдістерін жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдай құрылысты кеңейту және жолдардың сапасын жоғарлату, персонал біліктілігін жоғарлату, өндірістік үрдістерді автоматтандыру ,ТҚК және жөндеудің прогрессивті және ресурстыт үнемдейтін технологиялық үрдістерді пайдалану, жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстап тұру үшін қажетті өндірістік базаны құру қажет.
Көлік құралдарының сенімділігіне талап қозғалыс қарқындылығы мен жылдамдығының, автомобильдердің қуатының, сыйымдылығының және жүккөтергіштігінің артуымен байланысты артуда.
Қазіргі заман орта және үлкен жүккөтергішті автомобильдерді шығару үшін 120-150 норма-адам еңбексыйымдылыққа тең, ал қызмет көрсету және жөндеу еңбексыйымдылығы пайдалану қарқындылығына сәйкес әр жылы 400-900 норма-адам тең болады. Бұл жағдай 2-5 жүк автомобильдеріне немесе 1-2 автобустарға бір жөндеу жұмысшының қажеттігін білдіреді.Жүк автомобилінің бүкіл қызмет ету мерзімінде еңбек шығынының құрылымы келесі қатынастардан анықталынады: техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді құрамына кіргізетін техникалық пайдалану 91 %-ті құрайды, жобалау және дайындау 2 %-ті, ал күрделі жөндеу, бөлшектерді қалпына келтіру жалпы шығынның 7 % құрайды.
Қазіргі таңда Елбасымыз елімізде көлік саласының дамуына,жол саласының дамуына көп көңіл бөлуде.Оған дәлел ретінде биылғы халқына жолдауында осы көлік саласына 11 жыл ішінде 1263,1 млрд теңге жұмсалынған.Осы жылдар ішінде ортақ пайдаланудағы 48 мың шақырымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салынды және реконструкцияланбақ.
Қазіргі уақытта Батыс Еуропа - Батыс Қытай магистральдық көлік дәлізі салынып, Жаңа Жібек жолын жаңғыртылмақ. Өзен - Түркіменстан шекарасы темір жол желісін салынып, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол ашылды. Қорғас-Жетіген жолы төселіп, Қытайдың және күллі Азия құрлығының нарықтарына еніп, Шығыс қақпасы айқара ашылмақ [1].

1. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ
1.1 Экспресс-05 ЖШС-ның жалпы сипаттамасы
Экспресс-05 ЖШС мекемесі Тараз қаласындағы Привокзальная көшесінде орналасқан. Экспресс-05 ЖШС автобус паркі 2005 жылы 25 мамыр айында құрылған және сол уақыттан бері жұмыс істеп келеді. № 9213-1919-ТОО куәлігі берілді.Автокөлік кәсіпорны 150 м 2 км аумақты алады. Тараз қаласының климаты қоңыржай болып келеді, орташа айлық температура қаңтарда - 15º-тен - 10º аралығында, шілдеде +20º-тан +40º-қа дейін. Бұл ұжым қала ішінде жолаушыларды тасымалдаумен айналысады.Пайдалану шарттарының категориясы жол төсемі, түрімен, жергілікті рельфпен және қозғалыс жағдайларымен сипатталады.Пайдалану процесінде АЖТК-ның жылжымалы тізбегі жолдың ІІ категориясы бойынша пайдаланылады. Жол төсемінің түрі - Д1.
Экспресс-05 ЖШС балансында 41 бірлік жылжымалы құрам бар. Жылжымалы құрам структурасы 1.1 кестесінде келтірілген және де олардың жастық топтарға бөліну көлемдері 1.2 кестеде көрсетілген [2].
Кесте 1.1
Жылжымалы құрам структурасы

Автомобильдің маркасы,моделі
Барлығы
бірлік
КЖ-ге
дейін
КЖ-ден
кейін
1.ПАЗ-32054
2. SAOLIN
3. Faw Ca
4. Dong Feng
33
2
4
2
1
-
-
-
32
2
4
2
Барлығы
41


Кесте 1.2
Жылжымалы құрамның жастық топтарға таралуы


рс
ЖҚ жастық топтары
Жастық топтардың жалпы парк бойынша ЖҚ ішіндегі үлесі, %

1
0,25Lk дейін
2,46
2
0,25-0,5 Lk
4,92
3
0,5-0,75 Lk
6,56
4
0,75-1,0 Lk
10,65
5
1,0-1,25 Lk
18,00
6
1,25-1,5 Lk
27,00
7
1,5-1,75 Lk
19,67
8
1,75-2,0 Lk
10,65

Барлығы
100

Сурет 1.1- Жылжымалы құрамның жастық құрылымы

Жылжымалы құрамды сақтау 41 ден аса автомобильге арналған ашық тұрақта жүргізіледі.
Экспресс-05 ЖШС өзінің құрамында өндірістік - техникалық, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылымдарды кіргізеді. Олардың тізімі 1.3 кестесінде көрсетілген.
Кесте 1.3
Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен құрылымдар


пп
Ғимараттар мен құрылымдар атауы
Жоспардағы өлшемі, м
1
2
3
4
5
6
7
8
Өндірістік ғимарат
Әкімшілік-тұрмыстық ғимарат
Бақылап - өткізу қосыны
ТҚК -2 зонасы
Қайта сумен қамтамасыз ету жүйелі жуу
Трансформаторнлы подстанция
Қазандық
Өртсөндіру сорап станциясы
12х140
20х40
18х18
12х36
12х24
12х18
9х12
6х12

Экспресс-05 ЖШС жалпы алатын территориясының алатын орны 150 м2 құрайды. Экспресс-05 ЖШС 2.01.01.-92 сәйкес құрылыс ауданы ІІІ-ші ауданшаға жатады, ауа райы жылдық және тәуліктік ауа температурасы лезде ауытқулы лездеконтиненталды болып келеді. Максималды ауа температура +44 С, минималды -32 С құрайды. Жер қабатының нормативті қату тереңдігі 1,0 м құрайды.
Құрылыс алаңының сейсмотұрақтылығы 7 баллды (РСН 2-73) құрайды.
Жер қабаты сулары алаңшаның шектерінде жер бетінен 5,7-2,2 м тереңдікте жиналады.

1- бақылап өткізу бекеті; 2 - қойма; 3 - медпункт; 4 - әкімшілік; 5 - ТҚК-1 және ТҚК-2 аймағы; 6 - өндірістік ғимарат; 7 - ашық тұрақ алаңы; 8 - күнделікті қызмет көрсету аймағы; 9 - жылу қазандығы.

Сурет 1.2 - Экспресс-05 ЖШС кәсіпорынның бас жоспары

1.2 Экспресс-05 ЖШС көліктік жұмыстарын талдау
Кәсіпорынның көліктік жұмысы эксплуатациялық және қаржы экономикалық көрсеткіштерімен бағаланады.
Кәсіпорын есеп беру жылы бойынша келесі көрсеткіштерге ие:(кесте 1.4).
Кесте 1.4
Жұмыстың негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері


рс
Көрсеткіштер

Белгіленуі

Өлшем
бірлігі
Шамасы
1
2
3
4

5

6

7
Орташа тәуліктік жүріс
Парктің жылдық жүрісі
Парктің жұмыс режимі
Техникалық дайындық коэффициенті
Сыйымдылықты қолдану коэффициенті
Желіге автомобильдерді шығару коэффициенті
Паркті қолдану коэффициенті
L cc

Д р.г


α п
Км
мың.км
күндер

-

-

-
сағ
288,5
88965
365

0,83

0,75

0,631
10

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі жолаушыағыны, жолаушыайналымы, кіріс, негізгі және айналымдық қорлардың құны сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Кәсіпорынның шаруашылықтық қызмет көрсеткіштері 1.5 кестесінде көрсетілген.

Кесте 1.5
Кәсіпорынның шаруашылық қызмет көрсеткіштер


рс
Көрсеткіштер
Шамасы
1
2
3
4
5
6
7
Жолаушы ағыны, мың-жолау.
Жолаушы айналымы, мың.жолаукм
Кіріс,мың. теңге
ЖҚ құнынсыз негізгі қорлар құны, теңге
1 автомобилге негізгі қорлардың құны мың. теңге
Негізгі қорлардың жалпы құны, теңге
Арнайы қор, мың. тенге
9588,0
25621,0
65541,9
56 000 000
150,0
84,3
28534,2

Бастапқы мәліметтерді технико-экономикалық негіздеу үшін, АТК-ның көліктік жұмыстарын бағалайтын көрсеткіштерінің өзгеріс заңдылығын белгілейтін әдісті қолданамыз.
Бастапқы мәліметтерді негіздеу кезінде ұзақмерзімді (5 жыл) болжау көп орын алады, ол ең аз квадрат әдісімен анықталынады.
Өзгеруді талдау үшін техникалық дайындық , желіге шығару, паркті пайдалану, сыйымдылықты пайдалану коэффициенттерін пайдаланамыз және Экспресс-05 ЖШС 2010-2012 жылдар арасындағы көліктік жұмыстар көрсеткіштерінің кестесін құрамыз.(Кесте 1.6) [3].

Кесте 1.6
Көліктік жұмыс көрсеткіштері

Күнтізбелік
жыл
Бастапқы мәліметтер

α т
α в
β и.п
γ
2010
2011
2012
0,87
0,84
0,83
0,653
0,652
0,651
0,405
0,404
0,402
0,445
0,443
0,442

Мысал ретінде техникалық дайындық және шығару коэффициенттерінің өзгеру динамикасын қарастырамыз.
Техникалық дайындық және шығару коэффициенттерінің негізгі төмендеу себептері болып келесілер табылады:
* материалды- техникалық қамтылу;
* парктің тозуы;
* автомашиналардың жоқтығы;
* айналымды агрегаттардың жоқтығы.
Осы себептер Экспресс-05 ЖШС жұмысын төмендетеді. Сонымен бірге АТК-ның көліктік жұмысына АЖ цехтарының өнімділігін жоғарлату үшін талап ететін еңбектің механикаландырылуының төмен денгейі әсер етеді.
Экспресс-05 ЖШС жұмысын талдай отырып ЖҚ жөндеу және пайдалану кезінде прогрессивті технологиялық нормативтерді ендіре отырып еңбек өнімділігін жоғарлату, өндірістік техникалық базаны дамыту үшін, маңызды қорлардың бар екендігі байқалды: автобустарды ТҚК және жөндеу шығындарын азайту, сонымен бірге оларды желіге шығаруды мәнді түрде ұлғайту және осының негізінде одан әрі жоғарлауды қамтамасыз ету, көлік құралдарын пайдаланудың жалпы тиімділігін жоғарлату - бұл профилактикалық жұмыстардың және сапаны жоғарлатудың басты жолы.
Осы мәселені іске асыру үшін ТҚК және АЖ өндірістік үрдістерінің автомоттандырылу және механикаландырылу денгейін жоғарлату қарқынын жеделдету қажет.
Кәсіпорынды бағалау критерилерінің бірі болып жөндеудегі автобустардың жалпы уақыты жәнеде қызмет көрсету сапасы және пайдалану шығынының көлемі тәуелді болатын жаңа автобустарды алу табылады.
Жаңа автобустардың түсуі біртіндеп қысқаратындығы факторын ескере отырып жаңа автобустардың төмендеуінен ТҚК және АЖ санының ұлғаятындығы жайлы қорытынды жасауға болады. Сондықтан Экспресс-05 ЖШС қызметіндегі қолжеткізілген техника-экономикалық көрсеткіштерді ұстап тұрып жағдайды жақсарту үшін ТҚК және АЖ сапаны жоғарлату қажет.

1.3 Қозғалтқыштар цехын қайта жобалауды негіздеу
Автомобильдің қозғалтқышына бүкіл автомобиль бойынша ақаулардың 30-40% тура келеді.Қозғалтқыщтың техникалық жағдайы автомобильдің жұмысқа қабілеттігін қамтамасыз ету үшін анықтағыш болып саналады. Қозғалтқыштар цехының негізгі міндеттеріне диагностикалық, реттеу және қозғалтқышты шынықтыру, сынау жатады. Қозғалтқыштар цехын жөндеу учаскелер комплексі құрамына кіреді. Цехтің алатын орыны 150 м2 кв.
Ағымдағы жөндеу үрдісін рациональды ұйымдастырудың маңызды факторының бірі болып жұмыс режимі табылады. (кесте 1.7)

Кесте 1.7
Жұмыс режимі көрсеткіштері


пп
Жұмыс режимі көрсеткіштері

Белгіленуі

Шамасы
1
2
3
4
Жылдық жұмыс күндер саны
Тәуліктегі жұмыс ауысмдар саны
Жұмыс ауысымының ұзақтығы,сағ
Цехтың жұмыс уақыты, сағ
Дж.к
С
Т,ауысым
Т
365
1
8,0
7

Қозғалтқыштар цехында әртүрлі біліктіліктегі слесарлар жұмыс істейді. Жұмысты жүргізу үшін қажетті технологиялық жабдықтар бар, бірақ жеткілікті емес.
Экспресс-05 ЖШС - да қалыптасқан жағдай және жоғарыда көрсетілген факторлар негізінде жұмысты жүргізу технологиясында және ұйымдастырылуында келесі кемшіліктерді ескерген қажет:
-еңбек сыйымдылығы жоғары операциялардың механикаландырылу денгейінің төмендігі және қозғалтқыштарды жөндеу жабдықтары мен арнайы стендтердің жоқтығы;
-жұмысты жүргізу шығындары нормативті шамалардан жоғары;
Осылардың барлығы жылжымалы құрамның ағымдағы жөндеуін қозғалтқыштарды жөндеуге арналған стандті жасау арқылы жетілдіруге итермелейді.
1.ТҚК және АЖ бойынша өндірістік бағдарлама есебі
2.Технологиялық жабдықтарды таңдау және рациональды түрде орналастыру
3.Қозғалтқыштар цехының жоспарлық шешімі
4.Қозғалтқыштарды жөндеуге арналған стендті даярлау
5.Қоршаған ортаны сақтау және тіршілік қауіпсіздігі сұрақтарын қарастыру.
2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕСЕП

2.1 Пайдаланудың табиғи-климаттық және жол жағдайының сипаттамасы
Экспресс-05 ЖШС автобус паркінің автобустары Тараз қаласының тұрғындарына жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетеді және қала аралық маршруттарда да жолаушылар тасымалдаумен айналысады. Жол төсемінің түрін D2 − битумдық минералдық қоспа деп қабылдаймыз [4,5].
Пайдалану жағдайларының категориясы жол төсемінің түрімен, жергілікті рельефпен және қозғалыс жағдайларымен сипатталады.
Жоғарыда атап өтілген сипаттамаларды ескере отырып, пайдалану жағдайларының II категориясын қабылдаймыз.
2.2 Түзету коэффициенттерін таңдау
Түзету коэффициенттерін таңдауды жылжымалы құрамның негізгі бірліктерін ПАЗ және Қытай автобустар тобы құрайтынын ескере отырып жүргіземіз.
Түзету коэффициенттерінің қабылданған мәндері 2.1-кестеде келтірілген.
Кесте 2.1
Түзету коэффициенттерінің қабылданған мәндері

Көрсеткіштердің аталуы
Автобус маркасы
Коэффициенттердің мәні

К1
К2
К3
К4
К5
Күрделі жөндеуге дейінгі жүрісі
ПАЗ-32054
0,9
1,0
1,1
-
-

ҚХР
0,9
1,0
1,1
-
-
Техникалық қызметтің кезеңділігі
ПАЗ-32054
0,9
-
1,1
-
-

ҚХР
0,9
-
1,1
-
-
Техникалық қызметтің еңбексыйымдылығы
ПАЗ-32054
-
1,25
-
-
0,9

- ҚХР
-
1,25
-
-
0,9
Ағымдық жөндеудің еңбексыйымдылығы
ПАЗ-32054
1,1
1,25
0,9
1,35
0,9

ҚХР
1,1
1,25
0,9
1,55
0,9

Автомобильдер бойынша осыған барлық қалыпты мәндер пайдалану жағдайларының I категориясы анықтамалық жазбаларында келтірілген.
Пайдалану жағдайларының I категориясын пайдаланудың нақты жағдайларына келтіру үшін К1, К2, К3, К4 және К5 коэффициенттерін пайдаланамыз. Мұндағы:
К1 − пайдалану жағдайларын ескеретін коэффициент;
К2 − жылжымалы құрамның модифкациясын ескеретін коэффициент;
К3 − табиғиклиматтық жағдайларды ескеретін коэффициент;
К4 − автокөлік паркінің техникалық күйін ескеретін коэффициент;
К5 − автокөлік паркінің көлемін, яғни парктегі автобустар санын
ескеретін коэффициент.

2.3.Техникалық қызмет пен жөндеу бойынша өндірістік бағдарламаны есептеу
2.3.1. ТҚК-тің нормативтік кезеңділігін және КЖ-ге дейінгі жүрісті
анықтау және оны түзету
Нақты кәсіпорын үшін жергілікті жағдайлар, әдетте, ерекшеленеді, сондықтан жалпы жағдайда автобустардың күрделі жөндеуге (КЖ) дейінгі нормативтік жүрісі Lн мен ТҚК-1 және ТҚК-2 кезеңділіктері пайдалану жағдайларының категориясын ескеретін К1, К2, К3 коэффициенттерінің 1, 31бет жәрдемінде анықталады.
Осылайша, автомобильдің күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін (LК) төмендегі өрнектен анықтаймыз [4]:

, (2.1)
мұндағы: − автобустың күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрісі,
км;
- түзету коэффициенттері, 2.1-кесте бойынша
қабылданады.
Автобустың КЖ-ге дейінгі қалыпты жүрісін кестеден таңдаймыз:

ПАЗ-32054:
= 400000 км
ҚХР:
= 400000 км
Коэффициенттердің жоғарыда қабылданған мәндерін (2.1) өрнегіне қоя отырып, автобустардың топтары бойынша күрделі жөндеуге дейінгі жүрісін анықтаймыз:
ПАЗ-32054:
LК=400000·0,9·1·1,1=396000 км;
ҚХР:
LК =400000·0,9·1·1,1=396000 км;

Біртекті автобустардың бір модельде немесе топта жаңа және ескі автобустар үшін екі дүркін параллель есептеулерді жүргізбес үшін, соның нәтижесінде есептеулерді қарапайымдау мақсатымен автобустың бір айналымындағы орташа теңгерілген жөндеуаралық жүрісін (Lк.орт Lн) аламыз [4,5]:
, (2.2)
мұндағы:−автобустардың саны бойынша кез келген күрделі жөндеуден
кейінгі жүрісі: , бұл жердегі 0,8 − күрделі
жөндеуден кейінгі автобус жүрісінің жаңа автобустың
бірінші күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрісінен
алынған үлесі;
− бірінші күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрісті
орындаған жаңа автобустардың тізімдік саны. Оны барлық
автобустар санының 10-25% мөлшерінде деп қабылдаймыз.
− бірінші күрделі жөндеуге дейінгі нормативтік жүрісті
орындаған, бірақ әлі пайдалануда жүрген автобустардың
орташа тізімдік саны.
Сонда:
ПАЗ-32054:
=396000·0,8=316800 км
ҚХР:
=396000·0,8=316800 км
Алынған мәндерді (2.2) өрнегіне қоя отырып, автобустың бір айналымындағы орташа теңгерілген жөндеуаралық жүрісін () анықтаймыз:

ПАЗ-32054 үшін:

ҚХР үшін:

Күнделікті қызмет (КҚК) жүрісінің LК.Қ.К. мөлшерін автобустардың орташа тәуліктік жүрісіне lcc тең деп аламыз. ТҚК-1 және ТҚК-2 жүргізу кезеңділігіне (L1 және L2) пайдалану жағдайларын ескере отрып, төмендегі өрнектер бойынша түзету енгіземіз [4,5]:

(2.3)
мұндағы : − бірінші (ТҚК-1) және екінші (ТҚК-2) техникалық қызмет
көрсетудің нормативтік кезеңділіктері.
Өрнектерде көрсетілген шамалардың сан +9,3мәндерін орындарына қоя отырып, автобустар тобы үшін бірінші (ТҚК-1) және екінші (ТҚК-2) техникалық қызмет көрсетудің нақты кезеңділіктерін анықтаймыз [7]:
ПАЗ-32054 үшін:
L1(H) = 5000 км;
L2(H)= 20000 км.

ҚХР үшін:
L1(H) = 5000 км;
L2(H)= 20000 км.

ТҚК-1 және ТҚК-2 кезеңділіктерін (2.3) формуласы бойынша есептейміз:
ПАЗ-32054 үшін:
=5000·0,9·1,1=4950 км
=20000·0,9·1,1=19800 км
ҚХР үшін:
=5000·0,9·1,1=4950 км
=20000·0,9·1,1=19800 км

Енді техникалық қызмет көрсету (ТҚК) мен күрделі жөндеуге (КЖ) дейінгі жүріс кезеңділіктерін орташа тәуліктік жүріс бойынша түзету қажет болады. Орташа тәуліктік жүріс мәнін ПАЗ үшін lcc=280 км, ҚХР үшін lcc=297 км деп қабылдаймыз. Түзету нәтижесінде алынған ТҚ кезеңділіктер мәнінің нормативтік мәнінен ауытқуы +-10%-тен артпауы тиіс.

LК.Қ.Кlc.c.= l; (2.4)
L1 LК.Қ.К =n1; (2.5)
L2L1=n2; (2.6)
L к.орт L2=n3; (2.7)

мұндағы: LEO − күдлікті қызмет жүргізудің кезеңділігі, км;
n1, n2, n3 - бүтін сандар.

ПАЗ-32054 үшін:
LК.Қ.К = lc.c.=280 км;
;
км
;
км;

км;
ҚХР үшін:
LК.Қ.К = lc.c =297 км;
;
км;
;
км;

км;

ТҚК және КЖ аралықтарындағы жүріс кезеңділіктерінің орташа тәуліктік жүріс бойынша түзету нәтижесінде алынған мәндерін 2.2- кестеге енгіземіз.

Кесте 2.2.
ТҚ және КЖ жүріс кезеңділіктерінің орташа тәуліктік жүріске сәйкес
түзетілген мәндері

Автобус
түрі
Жүріс түрлері
Белгі-
ленуі
Жүріс мәндері, км

Норма-
тивтік
Түзетіл-
ген
Алдыңғы әсер етуге дейін
Есептеу бойынша қабылданған
ПАЗ-32054
Орташатәуліктік
lc.c.
-
-
-
280

ТҚК-1ге дейін
L1
5000
4950
280х18
5038

ТҚК-2 ге дейін
L2
20000
19800
5040х4
20152

КЖ ге дейін
Lк.орт
400000
319200
20160х16,1
324576
ҚХР
Орташатәуліктік
lc.c.
-
-
-
297

ТҚК-1ге дейін
L1
5000
4950
297х17
5049

ТҚК-2 ге дейін
L2
20000
19800
5049х4
20196

КЖ ге дейін
Lк.орт
400000
316800
20196х16
323136

2.3.2 ТҚ жүргізудің айналымдық графигі

Бір айналымдағы бір автобусқа техникалық әсер етулер саны айналымдық жүрістің әсер етудің берілген түріне дейінгі жүрген қашықтығымен анықталады.
Есептеулерде LК-ға тең жүріс кезінде айналымдағы соңғы ТҚК-2 жүргізілмейді де, автобус бірден КЖ-ге жіберіледі деп қабылданған. Мұнан басқа ТҚК-2 құрамына ТҚК-2 мен бір уақытта жүргізілетін ТҚК-1 кіретіндігі ескерілмеген, сондықтан біздің есептеулерімізде бір айналымдағы жүргізілетін ТҚК-1 санына ТҚК-2 қызметін жүргізу жатқызылмайды.
КҚК (күнделікті қызмет) көрсетуді орындаудың кезеңділігі автобустардың орташа тәуліктік жүрісіне тең деп қабылданған. Осы тұжырымдауларды ескере отырып, ТҚК жүргізудің айналымдық графигін құруға болады.

2.3.3 ТҚК пен КЖ-дің жылдық бағдарламасын есептеу
Бір айналымдағы жылжымалы құрам бірлігіне техникалық әсер етулер саны берілген әсер ету түріне дейінгі айналымдық жүріс қатынасынан анықталады [6]:
NК = LЦ LК.орт = LКLК=1 (2.8)

N2 = LК.орт L2 − NК (2.9)

N1 = LК.орт L1−(NК+ N2) (2.10)

NЕО = LК.орт lс.с. (2.11)
мұндағы: LЦ − жылжымалы құрамның айналымдық жүрісі: LЦ= LК
Сонда автобустарға бір циклдегі техникалық әсер етулер саны
ПАЗ-32054 үшін:
NK=1;
N2 = (31920019800)- 1=15,1;
N1 = (319200 4950) - (1+15,1) =48,4;
NК.Қ.К = 319200 280 =1140.

ҚХР үшін:
NK=1;
N2=(31680019800)-1=15;
N1=(316800 4950)-(1+15) = 48;
NК.Қ.К=316800297=1067.
Енді бір айналымдағы техникалық дайындық коэффициентін анықтаймыз [6]:
αт=Дэц(Дэц+Дрц) (2.12)

мұндағы: Дэц - бір айналымда автобустың техникалық жарамды күйде
болу күндерінің саны;
Дрц −бір айналымда автобустың техникалық қызмет пен
жөндеуде бос тұру күндерінің саны.
Дэц −шамасының мәнін 1 әдебиеттің 35 бетіндегі өрнекті
пайдалану арқылы анықтаймыз [7,8]:
Дэц= LКортlсс (2.13)
ПАЗ-3204 үшін:
Дэц = 319200 280 = 1140 күн.
ҚХР үшін:
Дэц = 316800 297 = 1067күн.
Дрц − шамасының мәнін төмендегі өрнектен анықтаймыз [6]:
Дрц= ДК + ДТҚ.АЖ (LКорт -К41000) (2.14)
мұндағы: ДК= ДК + ДТ, ДК − автобустың күрделі жөндеуде тоқтап, бос
тұру күндерінің саны [7,8],
ДК−автобустың зауытта күрделі жөндеуде номинальдық
бос тұру күндерінің саны;
ДТ −автобусты зауытқа және кері бағытта тасымалдауға
жұмсалған күндердің саны. Бұл күндердің санын
күрделі жөндеуде нормативтік тоқтап тұру күндерінің
10...20%-іне тең деп алу керек 1, 36 бет;
ДТҚ.АЖ −жылжымалы құрамның техникалық қызмет пен
ағымдық жөндеу жүрісінің 1000 км-ге шаққандағы
күндермен алынған меншікті бос тоқтап тұруы;
К4 −жылжымалы құрамның техникалық қызмет пен
ағымдық жөндеуде бос тұруының пайдалану
басындағы жүріске тәуелді меншікті ұзақтығының
нормативтік түзету коэфффициенті.

Нұсқалған мәндерді өрнектегі орындарына қойып, анықтаймыз:

ПАЗ-32054 үшін:
Дк=20.
Дт = 0,2-20=4 күн
Дто,тр = 0,4 күн1000км

ҚХР үшін:
Дк=20.
Дт = 0,2-20=4 күн
Дто,тр = 0,4 күн1000км

Бұл шамалардың осы анықталған мәндерін және (2.14) өрнектеріне қоя отырып, анықтаймыз:
ПАЗ-32054 үшін:
Дрц = (20+0,4)·319200·1,35 1000 = 172
ҚХР үшін:
Дрц = (20+0,4)·316800·1,55 1000 = 196

Сонда техникалық дайындық коэффициенті мынаған тең болады:
ПАЗ-32054 үшін:
αт = 1140 (1140 + 172) = 0,87.
ҚХР үшін:
αт = 1067 (1067 +196) = 0,84.

Айналымдағы жылдық жүрістің үлесін көрсететін коэффициент немесе айналымнан жылға өту коэффициенті төмендегі өрнектен анықталады (4) :

ηж = LжLКорт (2.15)
мұндағы: Lж − автобустың жылдық жүрісі.
Автобустың жылдық жүрісін төмендегі формула жәрдемінде анықтаймыз [4,6]:
Lж= Джұм.ж lсс αт (2.16)

мұндағы: Джұм.ж − кәсіпорынның бір жылдағы жұмыс істеу күндерінің
саны. Ол автомобильдің жол бойында жұмыс істеу
күндер санына тәуелді шама болып табылады. [4]
көздің нұсқауы бойынша Джұм.ж=365 күн деп
қабылдаймыз.

Осы қабылданған мәндерді (2.15) өрнегіне қойып, одан шыққан мәнді (2.16) өрнекке қоя отырып, іздеген шаманың мәнін анықтаймыз:

ПАЗ-32054 үшін:
Lж = 365 · 280· 0,87 = 88914 км.
ηж = 88914319200 = 0,27
ҚХР үшін:
Lж = 365 · 297 · 0,84 = 91060,2км.
ηж = 91060,2316800 = 0,28;

Бір автобусқа шаққандағы техникалық қызмет пен күрделі жөндеудің жылдық санын төмендегі өрнектен анықталады [6]:

NК.Қ.К.ж = NК.Қ.Кηж (2.17)
N1.ж = N1 ηж (2.18)
N2.ж = N2 ηж (2.19)
NК.ж = NК ηж (2.20)

Мәндерді жоғарыдағы өрнектерге қоя отырып, бір автобусқа шаққандағы техникалық қызмет пен күрделі жөндеудің жылдық санын анықтаймыз:

ПАЗ-32054 үшін:
NК.Қ.К.ж =1140 0,27= 307,8;
N1.ж =48,4·0,27 = 13,068;
N2.ж =15,1·0,27 = 4,077;
NК.ж =1·0,27= 0,27;

ҚХР үшін:
NК.Қ.К.ж = 1067·0,28=298,76;
N1.ж =48·0,2 =13,44;
N2.ж =15 0,2 =4,2;
NК.ж =1·0,28 =0,28;
Бүкіл паркке шаққандағы техникалық қызмет пен күрделі жөндеудің жылдық саны төмендегі өрнектен анықталады [6]:

∑ NК.Қ.К.ж = NК.Қ.К.ж Ас (2.21)
∑ N1ж = N1.ж Ас (2.22)
∑ N2ж = N2.ж Ас (2.23)
∑ NК.ж = NК.ж Ас (2.24)
ПАЗ-32054 үшін:

∑ NК.Қ.К.ж = 307,8·33 = 10157,4;
∑ N1ж = 13,068·33 = 431,244;
∑ N2ж = 4,077·33 = 134,54;
∑ NК.ж = 0,27·33 =8,91

ҚХР үшін:

∑ NК.Қ.К.ж = 298,76·8 = 2390,08;
∑ N1ж = 13,44·8=107,52;
∑ N2ж = 4,2·8 = 33,6;
∑ NК.ж = 0,28·8 = 2,24.
Есептеулер нәтижесін 2.3- кестеге енгіземіз.
Кесте 2.3.
ТҚК және КЖ бойынша жылдық өндірістік бағдарлама



Көрсеткіштер аталуы
Белгіленуі
Көрсеткіштердің мәні

ПАЗ-32054
ҚХР
1
Бір циклдегі жылжымалы құрамға техникалық әсер етулер саны
КЖ
NK
1
1

ТҚК-2
N2
15,1
15

ТҚК-1
N1
48,4
48

КҚК
NКҚК
1140
1067
2
Техниалық дайындық коэффициенті
αт
0,87
0,84
3
Автобустың жылдық жүрісі, км
L1
88914
91060,2
4
Бір жылдағы бір автобусқа техникалық әсер етулер саны
КҚК
NКҚК ж
307,8
298,76

ТҚК-1
N1ж
13,068
13,44

ТҚК-2
N2ж
4,077
4,2

КЖ
NKж
0,27
0,28
5
Бір жылдағы барлық автобусқа техикалық әсер етулер саны

КҚК
∑ NКҚК ж
10157,4
2390,08

ТҚК-1
∑Nlж
431,244
107,52

ТҚК-2
∑N2ж
134,54
33,6

КЖ
∑NKж
8,91
2,24

2.4 ТҚК және АЖ бойынша жұмыстың жылдық көлемін есептеу

2.4.1 ТҚК және АЖ бойынша жұмыстардың еңбек сыйымдылығын анықтау
Автобус паркі бойынша ТҚК және АЖ жұмыстарының көлемі адам-сағаттарда анықталады және кәсіпорынның КҚК, ТҚК-1, ТҚК-2, АЖ және өзіндік қызмет жұмыстарының көлемдерінің жиынтығынан құралады. Осы көлемдер негізінде өндірістік аумақшалар мен аймақтардағы жұмысшылар саны анықталады.
Қалыпты (нормативтік) еңбексыйымдылықтарын таңдау және оларды түзету [4] әдебиеттің 20 бетіндегі 2.2-кесте бойынша орындалады.

ПАЗ-32054 үшін:
tКҚК(н)=0,7 адам-сағат;
t1(н)=5,5 адам-сағат;
t2(н)=18 адам-сағат;
tАЖ(н)= 5,3 адам-сағат;
ҚХР үшін:
tКҚК(н)=0,7 адам-сағат;
t1(н)=5,5 адам-сағат;
t2(н)=18 адам-сағат;
tАЖ(н)= 5,3 адам-сағат;
Күнделікті қызметтің есептік еңбексыйымдылығын анықтаймыз [4]:

tКҚК = tКҚК(н)К2К5 Км (2.25)

мұндағы: tКҚК(н) −күнделікті қызметтің қалыпты, яғни нормативтік
еңбексыйымдылығы, адам-сағ;
Км −еңбексыйымдылығының күнделікті қызмет
жұмыстарын механикаландыру есебінен төмендеуін
ескеретін коэффициент.

Бұл коэффициенттің мәні төмендегі өрнектен табылады [4]:

Км = 1 − М100 (2.26)

мұндағы: М −механикаландырылғн әдіспен орындалатын күнделікті
қызмет жұмыстарының үлесі, М=45% [4].
Сонда:
Км =1−45100=0,55.

Мәндерді (2.25) формулаға қойып, есептейміз:

ТҚК-1 үшін:

t1(ПA3) = 5,5 · 1,25 · 0,90 = 6,2 адам-сағат;
t1 (ҚХР) = 5,5 · 1,25 · 0,90 = 6,2 адам-сағат.
ТҚК-2 үшін:

t2(ПA3) = 18 · 1,25 · 0,90 = 20,25 адам-сағат;
t2 (ҚХР) = 18 · 1,25 · 0,90 = 20,25 адам-сағат;

ТҚК-1 және ТҚК-2 нің түзетілген еңбексыйымдылықтарын төмендегі формула жәрдемінде анықтайды [4]:
ti = ti(н) К2К5 (2.27)

мұндағы: ti(н) −ТҚК-1 және ТҚК-2 нің қалыпты (нормативтік) еңбек
сыйымдылығы, адам-сағ. Оның мәнін 1 әдебиеттің 29
бетіндегі 2.2-кестеден аламыз.
Ағымдық жөндеу үшін меншікті қалыпты түзетілген еңбексыйымдылығын төмендегі формула жәрдемінде анықтайды [4]:

tАЖ = tАЖ(н)К1К2К3К4К5 (2.28)

мұндағы: tАЖ(н) −ағымдық жөндеудің қалыпты (нормативтік) меншікті
еңбек сыйымдылығы, адам-сағ. Оның мәнін 1
әдебиеттің 29 бетіндегі 2.2-кестеден аламыз.

Мәндерді (2.28) формулаға қойып, есептейміз:

tАЖ(ПАЗ) = 5,3·1,1·1,25·0,90·1,35·0,90 = 7,96 адам-сағат1000км.

tАЖ(ҚХР) = 5,3·1,1·1,25·0,90·1,55·0,90 = 9,15 адам-сағат1000км.
2.4.2 ТҚК және АЖ бойынша жұмыстардың жылдық көлемін анықтау
Бір жылдық КҚК, ТҚК-1, ТҚК-2 бойынша жұмыстар көлемі ТҚК санының ТҚК тің берілген түрінің еңбексыйымдылығының қалыпты (түзетілген) мәнінің жиынтығымен анықталады [7,8]:
ТКҚК ж = ∑NКҚК ж tКҚК (2.29)
Т1ж = ∑N1ж t1 (2.30)
Т2ж =∑N2ж t2 (2.31)

Мәндерді (2.29), (2.30), (2.31) формулаларына қоя отырып, төмендегілерді табамыз:

ПАЗ-32054
ТКҚК ж =10157,4 0,433 = 4398,2 адам-сағат
Т1ж = 436,59 6,2 = 2706,8 адам-сағат;
Т2ж =133,65·20,25 = 2706,4 адам-сағат;
ҚХР:
ТКҚК ж=2374,08 0,433 = 1027,9 адам-сағат
Т1ж = 107,52 6,2 = 669,6 адам-сағат;
Т2ж = 33,6 20,25 = 680,4 адам-сағат;
Ағымдық жөндеу жұмыстарының жылдық көлемін төмендегі өрнектен табамыз [7,8]:
ТАЖж = LжAсtАЖ100 (2.32)

Мәндерін формулаға қоя отырып есептейміз:
ТАЖж(ПАЗ) = (88914·33·7,96) 1000 = 23356 адам-сағат;
ТАЖж(ҚХР) = (91060,2 · 8 · 9,15) 1000 = 6060,9 адам-сағат;

ТҚК-1 және ТҚК-2 аумақшаларының жұмыс объектісіне еңбексыйымдылықтарын анықтау кезінде ТҚК-1 кезіндегі 5-7 адам-мин көлемінде алынған деректі ағымдық жөндеудің қосымша еңбексыйымдылығын және ТҚК-2 кезіндегі 20-30 адам-минутқа дейінгі қосымша еңбексыйымдылығын ескерген жоқпыз.
ТҚК және АЖ бойынша жұмыстардың ТҚК-1 және ТҚК-2 жүргізу кезіндегі дәйектерді есепке ала отырып табылған жылдық көлемі [7,8]:

Т1(АЖ)ж = Т1ж + Тспр(1)г, (2.33)
Т2(АЖ)ж = Т2ж + Тспр(2)г, (2.34)
ТАЖ[] = ТАЖ.ж− (Тспр(1)г + Тспр(2)г), (2.35)

мұндағы: Тспр(1)г және Тспр(2)г − сәйкесінше алынған ТҚК-1 және ТҚК-2
жүргізу кезіндегі дәйекті ағымдық
жөндеудің жылдық еңбек сыйымдылығы,
адам-сағ.
Тспр(1)г = САЖТ1ж , (2.36)
Тспр(2)г = САЖТ2ж , (2.37)

мұндағы: САЖ −автобустың жасына тәуелді болатын дәйекті ағымдық
жөндеудің үлесі: САЖ = 0,15...0,20.

Мәндерді (2.37), (2.36), (2.35), (2.34) және (2.33) формулаларға қоя отырып есептейміз:

Тсп.рПАЗ(1)г = 0,2 · 2706,95 = 541,4 адам-сағат;
Тсп.рПАЗ (2)г = 0,2 · 2706,4 = 541,3 адам-сағат;
Тсп.р ҚХР (1)г = 0,2 · 669,66 = 133,9 адам-сағат;
Тсп.р.ҚХР (2)г = 0,2 · 680,4 = 136,08 адам-сағат;

ТҚК-1 бойынша жылдық жұмыс көлемі:

Т1ПАЗП(АЖ)ж= 2706,95+ 541,1 = 3248,4 адам-сағат,

T1ҚХР(АЖ)ж= 669,6 + 133,9 = 803,9 адам-сағат;

ТҚК-2 бойынша жылдық жұмыс көлемі:

Т2ҚХР (тр)г= 680,4+ 136,08= 816,48 адам-сағат;

Т2ПАЗ (тр)г= 2706,4+ 541,3 = 3247,7 адам-сағат;

ТҚ-1 және ТҚ-2 жүргізгенде:

ТҚХР (тр)'г=6060,9-(133,9-136,08)= 5790,9 адам-сағат;
ТПАЗ(тр)'г = 23356 - (541,4 +541,3) = 22273 адам-сағат;

Есептеу нәтижелерін 2.4-кестеге енгіземіз.

Кесте 2.4.
Күнделікті қызмет және КЖ-дің жылдық бағдарламасы

Техникалық әсер ету түрлері
∑жыл
ti адам-сағат
ti орта әсерін ескергенде
Тжыл, адам-сағат
Т1жыл
(АЖ еске-рілгенде)
1. ПАЗ-32054
КҚК
10157,4
0,433
0,433
4398,2
13303,06
ТҚК-1
431,244
6,2
6,2
2706,95
6331,44
ТҚК-2
134,54
20,25
20,25
2706,4
8125,92
АЖ
8,91
7,96
7,96
23356
46644,14
2. ҚХР
КҚК
2390,08
0,433
0,433
1027,9
2384,18
ТҚК-1
107,52
6,2
6,2
669,6
1218,89
ТҚК-2
33,6
20,25
20,25
680,4
1579,01
АЖ
2,24
9,15
9,15
6060,9
12399,6
3. Жалпы еңбексыйымдылық
КҚК
12547,5
-
-
5426,1
5426,1
ТҚК-1
538,764
-
-
3376,55
3376,55
ТҚК-2
168,14
-
-
3386,8
3386,8
АЖ
11,15
-
-
29416,9
29416,9
2.4.3. Жәрдемші жұмыстардың көлемін анықтау және ТҚК пен АЖ
жұмыстарының көлемдерін аймақтарға бөлістіру
ТҚК және АЖ бойынша жұмыстардан басқа, кәсіпорында жәрдемші жұмыстар да орындалады, олардың көлемі жылжымалы құрамның ТҚК және АЖ бойынша жұмыстарының жалпы көлемінің белгілі бір бөлігін құрайды.
Бұл жұмыстардың құрамына өздеріне қызмет ету бойынша жүргізілетін жұмыстар кіреді. Жәрдемші жұмыстарды кәсіпорын бойынша жуықтап үлестіру [4] әдебиеттің 42 бетінде келтірілген. Бұл жұмыстардың көлемі жылжымалы құрамның ТҚК және АЖ бойынша жұмыстарының жалпы жылдық көлемінен 20...30%-тін құрайды [4]:

Тжж = (0,2...0,3)(ТКҚК.ж + Т1.ж + Т2.ж + ТАЖ.ж) (2.38)

Мәндерді (2.38) формуласына қойып анықтаймыз:

ТжжПАЗ=0,25· (4398,2 +2706,95+2706,4+23356)=8291,8 адам-сағат

ТжжҚХР=0,25 ·(1027,9+669,6+680,4 +6060,9)=2109,6 адам-сағат
Өзіндік қызмет бойынша жұмыстардың жылдық көлемі жәрдемші жұмыстардың жылдық көлемінен алынған пайыздық қатынаста орнатылады.
Ірі кәсіпорындарда парктің өзіне қызмет көрсету бойынша жұмыстарын бас механик бөлімінің (БМБ, (отдел главного механика − ОГМ)) жұмысшылары орындайды.Сәйкес келетін аумақшалар жұмыстарының жылдық көлемін анықтау кезінде өзіне қызмет көрсету жұмыстарының еңбексыйымдылығын ескерген жөн.
ТҚ және АЖ жұмыстарының еңбексыйымдылықтарын түрлері бойынша үлестіруді [4] әдебиеттің 42-44 беттерінде келтірілген 2.5-кестедегі нұсқаулар бойынша жүргіземіз. Үлестіру нәтижелерін 2.5-кестеге енгіземіз.

Кесте 2.5.
Еңбексыйымдылықтың түрлері бойынша үлестіру

Жұмыс түрлері
Жалпы еңбексыйым
дылық, %
Еңбексыйымдылық, адам·сағат

Автобустар маркасы

ПАЗ-32054
ҚХР
1
2
3
4
КҚ
Тазалау
45,0
1979,19
1072,881
Жуу
35,0
1539,37
834,463
Сүрту
20,0
879,64
476,836
БАРЛЫҒЫ:
100,0
4398,2
1027,9
ТҚК-1
Диагностикалық
8,0
216,544
53,568
Бекіту
50,0
1353,4
334,8
Реттеу
9,0
243,612
60,264
Майлау - жанармай құю
20,0
541,36
133,92
Электротехникалық
6,0
162,408
40,176
Қоректендіру жүйесін баптау
3,0
81,204
20,088
Шендеуіштік
4,0
108,272
26,784
БАРЛЫҒЫ:
100,0
2706,8
669,6
ТҚК-2
Диагностикалық
7,0
189,448
47,628
Бекіту
48,0
1299,072
326,592
Реттеу
7,0
189,448
47,628
Майлау - жанармай құю
10,0
270,64
68,04
Электротехникалық
6,0
162,384
40,824
Қоректендіру жүйесін баптау
3,0
81,192
20,412
Шендеуіштік
2,0
54,128
13,608
Қораптық
17,0
460,088
115,668
БАРЛЫҒЫ:
100,0
2706,4
680,4
АЖ
Бекеттік жұмыстар
Диагностикалық
2,0
210,204
257,3184
Реттеу
2,0
210,204
257,3184
Бөлшектеп-шашып жинау
28,0
2942,856
3602,4576
Дәнекерлеу-қаңылтырлау
6,0
630,312
771,9552
Бояу-сырлау
7,0
735,714
900,6144
БАРЛЫҒЫ:
45
10510,2
5789,664
Аумақтық жұмыстар
Агрегаттық
17,0
2183,786
2187,2064
Слесарлы-механикалық
8,0
1027,664
21663,836
Электротехникалық
8,0
1027,664
1029,2736
Қоректендіру жүйесінің аспаптарын жөндеу
1,0
128,458
128,6592
Шендеуішті монтаждау
2,5
321,145
321,648
Вулканизациялық
3,0
385,374
385,9776
Ұсталы-рессорлық
1,5
192,687
192,9888

Кесте 2.5. Жалғасы.

1
2
3
4
Мыстау
1,0
128,458
128,6592
Дәнекерлеу
1,5
192,687
192,9888
Қаңылтырлау
4,0
513,832
514,6368
Арматуралау
3,0
385,374
385,9776
БАРЛЫҒЫ:
55,0
12845,8
25654,277
АЖ БОЙЫНША БАРЛЫҒЫ:
100,0
23356
46644,14
Көмекші жұмыстар
Өзіндік баптау
47,0
8742,5358
2065,8474
Көліктік
10,0
1860,114
439,542
Автобустарды қуу
20,0
3720,228
879,084
Материалдарды қабылдау, сақтау және үлестіру
8,0
1488,0912
351,6336
Үймереттер мен аймақтарды тазалау
15,0
2790,171
659,313
БАРЛЫҒЫ:
100,0
1864,14
4395,42

3. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕН ЖӨНДЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 Техникалық қызметтің тәуліктік бағдарламасын есептеу
Техникалық қызметті ұйымдастырудың қандай түрін қолданудың тиімділігі қызмет көрсету посттарының санымен анықталады. Бекеттер саны болса әрбір техникалық қызмет түрлерінің тәуліктік бағдарламасына тәуелді.
Техникалық әсер етулердің тәуліктік бағдарламасы төмендегі өрнектен анықталады [9]:

NКҚКт = ∑NКҚКжДажк; (3.1)
N1т = ∑N1жД ажк; (3.2)
N2т = ∑N2жД ажк; (3.3)

мұндағы: Дажк - аймақтағы бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.

Дпс = 365 күн; ДКҚК= 365 күн; ДТҚК-1= 305 күн; ДТҚК-2= 305 күн деп алатын болсақ, ТҚК бойынша тәуліктік бағдарлама:

NКҚКт= 12531,48365 =34,3;
N1т = 544,1305= 1,78;
N2т= 167,25305 =0,55;

Тәуліктік еңбексыйымдылық [9]:

ТКҚКт = NКҚКт · tкқк; (3.4)
T1т = N1т·t1; (3.5)
Т2т = N2т · t2; (3.6)

мұндағы: tкқк, t1, t2 - бір КҚК, ТҚК-1 және ТҚК-2 жұмсалатын
еңбексыйымдылық, адам-сағ.

tКҚК = ТКҚКж ∑NКҚКж; (3.7)
t1 = T1ж∑Nlж; (3.8)
t2 = T2ж ∑N2ж (3.9)

мұндағы: ТКҚКж = ТКҚК;
T1ж , T2ж − ТҚК-1 және ТҚК-2 -нің АЖ мен бірге
алғандағы жылдық еңбексыйымдылығы.
Мәндерді орнына қоя отырып, аламыз:
tКҚК = 5426,112531,48= 0,433 адам-сағ.
t1 = 3376,55544,11 =6,2 адам-сағ.
t2 = 3386,8 167,25 =20,25 адам-сағ.

КҚК пен ТҚК-тің тәуліктік еңбексыйымдылығы:

ТКҚКт = 34,3·0,433 = 14,8 адам-сағ.
Т1т = 1,78·6,2= 11,04 адам-сағ.
Т2т = 0,55 ·20,25 = 11,14 адам-сағ.

3.2 Өндірістік жұмысшылар санын есептеу
Парктегі жұмысшылар құрамына күнделікті қызмет және ағымдық жөндеу бойынша атқарылатын жұмыстарды тікелей орындайтын өндірістік жұмысшылар мен жәрдемші жұмысшылар кіреді. Есептеу кезінде жұмысшылардың технлогиялық қажетті Рт және штаттық Рш сандарын анықтау қажет болады.
Жұмысшы уақытының жылдық қоры күнтізбе және парк жұмысының тәртібі бойынша есептеледі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техникалық қызмет және жөндеу жұмыстарының мерзімділігін жұмыс жағдайына келтіру
Өндіріске төлемдер құрамы
Жолаушылар айналымын сараптамалау
Тараз автобус парк ЖШС кәсіпорынның бас жоспары
Автобус паркінің структуралық құрылымы
Қозғалтқыштарды сынау аймағының сипаттамасы
Жұмыстардың жылдық көлемін есептеу
«Автомобиль тасымалдары» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Өндірістік ғимараттағы ағымдағы жөндеу аймағын жаңарту жұмыстарын жүргізу
Тараз қаласындағы Тараз ТрансМоторс ЖШС-ның автобустарына техникалық қызмет көрсету аймағының жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер