ОРИОН ЖШС МЕКЕМЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ: МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
3
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 1.
«ОРИОН» ЖШС МЕКЕМЕСІНІҢ СИПАТТАМАСЫ _ _ _ _
5
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 2.
ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
12
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 3.
ҚоЗҒАЛТҚЫШТАРДЫ СЫНАУ бөлімшесін жобалАУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
19
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 4.
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
22
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ: 5.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
26
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _ _ _ _ _ _ _ _ _
38
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кіріу болып қала береді және көліктің негiзгi мiндетi халық шаруашылығы мен тұрғындардың тасымалдауға деген сұраныстарын өз уақытында, сапалы әрi толық қанағаттандыру, оның жұмысының экономикалық тиiмдiлiгiн және бәсекелестiк мүмкiншiлiктерiн арттыру болып табылады. Кез-келген мемлекеттiң көлік жүйесiнде автомобиль көлігі ерекше орын алады. Себебi, мемлекеттiң барлық өндiрiстiк және экономикалық салаларындағы тасымалдануға тиiстi жүктер мен жолаушылардың төрттен үш бөлiгiне дейiнгi көлемi осы автомобиль көлігінің жылжымалы құралдары көмегiмен тасымалданады. Автомобиль көлігі, басқа көлік түрлерiмен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшiн ең ыңғайлы және тиiмдi көлік түрi болып есептеледi.

Кез-келген мемлекеттің транспорт жүйесінде автомобиль транспорты ерекше орын алады. Себебі, мемлекеттің барлық өндірістік және экономикалық салаларында тасымалдануға тиісті жүктер мен жолаушылардың төрттен үш бөлігіне дейін осы автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Ал өз кезегінде автомобиль транспортының негізгі міндеті халық шаруашылығы мен мемлекет тұрғындарының тасымалдауға деген мұқтаждықтарын дер кезінде әрі сапалы, әрі тез және арзан қамтамасыз ету болып табылады. Автомобиль транспорты басқа транспорт түрлерімен салыстырғанда жақын маңға тасымалдау үшін ең ыңғайлы және тиімді транспорт түрі болып табылады. Автомобиль транспортының тиімді және үнемді жұмысы жүк және жеңіл автомобильдерден, автобустардан тіркемелерден және жартылай тіркемелерден құралатын көп салалы автомобиль паркін дұрыс әрі оңтайлы пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

Автомобиль транспортының жылжымалы құрамын техникалық жарамды жағдайда ұстап тұру үшін жұмсалатын еңбек және материалдық шығындары автомобиль транспортындағы жалпы шығындардың едәуір көп бөлігін құрайды. Техникалық ақаулар салдарынан транспорт құралдарының бос тұруы мемлекеттің, халық шаруашылығының мақсаты үшін көптеген материалдық шығындар келтіреді. Осы шығындарды азайту автомобиль транспорты саласындағы қызметкерлердің маңызды міндеті болып табылады.

Бұл материалдық және еңбек шығындарды өз кезегінде өндірістік процесстерді кең көлемде механикаландыру және автоматтандыру, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастыруды жетілдіру арқылы азайтуға болады. Бұл проблема бірінші жағынан, автомобиль жасау кәсіпорындарының сенімділігі жоғары және жаңа технологиямен автомобильдер шығару, ал екінші жағынан, автомобильдерді техникалық пайдаланудың тәсілдерін жетілдіру, еңбек өнімділігін арттыру, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының еңбек көлемін азайту, автомобильдердің жөндеу аралықтарындағы жүретін жол көлемін ұлғайту арқылы шешуге болады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегилық бағыттарында Республикамыздың транспорттық-коммуникациялық кешенін ары қарай дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағыттарды орындауда осы саладағы жас мамандардың орны ерекше болмақ.

  1. «ОРИОН» ЖШС МЕКЕМЕСІНІҢ мекемесінің сипаттамасы.

Автотранспорт кәсіпорнының толық аталуы: Шымкент қаласындағы «ОРИОН» ЖШС жолаушыларды тасымалдау автотранспорт кәсіпорны ( бұдан ары қарай «ОРИОН» ЖШС) .

Кәсіпорын орта және Оңтүстік климаттық аймақтарда орта және кіші сиымдылығы бар автобустарды кешенді қызмет ету үшін арналған. Автобустардың күту аймағы жабық, кәсіпорынның негізгі өндірістік аймақтары арасында ішкі транспорттық баланс қамтамасыз етілген.

Жеке ғимаратта ТҚК-1, ТҚК-2, АЖ, Д-1, Д-2, күту аймағы, шинамонтажды учаске және басқа цехтар қарастырылған. Өндірістік ғимарат калонналар сеткасы бар құрастырылған темір бетонды элементтерден жасалған, биіктігі 6, 5м.

Бас жоспар бойынша бірқатар көрсеткіштер:

АТК ауданы, га - 5, 0

Құрылыстар, м 2 н/е га - 1, 6

Парк жобалауға берілген тапсырма негізінде жасалған (20 сәуір 1985 жылы Қазақ ССР-і автомобиль транспорты министрлігі тапсырмасы негізінде) . Бұл жоба жаңа нормативті құжаттардың шығуымен, канализация, жылу және электр қамтамасыз етудің жаңа техникалық шарттарына байланысты, ескі типті жобаны ауыстыру үшін жасалған. Өндірістік ғимаратта ескірген технологиялық жабдықтар жаңасына ауыстырылған.

Автотранспорт кәсіпорыны Шымкент қаласының солтүстік шығысында орналасқан. Жанында “Қайнар” сауда орталығы орналасқан. Шымкент метеростанциясы берілгені бойынша және СНиП 2. 01. 01-82 бойынша құрылыс ауданы ІV-Г климаттық ауданға жатады. Климат сыртқы сыртқы ауаның жылдық және тәуліктік температуралары тез құбылмалы континентальды климатқа жатады. Ең суық периодтық орташа температурасы - 6 0 С, максимум температура +44 0 С.

Қала жүйесінен келетін 99, 74м 3 /тәулік шығыны бар су қамтамасыз етілген.

Қуаты 2189, 87 квт болатын электрмен қамтамасыз ету ПС 110/35/6 квт - пен 2 кабельді желі арқылы іске асырылады.

Телефондандыру және радиоландыру қалалық тораптардан жүргізіледі.

Кесте 1. 1. - Парктің тізімдік саны, қаңтар 2011ж.

№:
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: Жылжымалы құрам түрі, маркасы
Барлығы, бірлік: Барлығы, бірлік
Соның ішінде: Соның ішінде
№: КЖ дейін
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: КЖ кейін
№: 1
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: SETRA
Барлығы, бірлік: 31
Соның ішінде: 11
20
№: 2
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: UzOtayol
Барлығы, бірлік: 13
Соның ішінде: 13
-
№: 3
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: SHAOLIN
Барлығы, бірлік: 10
Соның ішінде: 10
-
№: 4
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: ПАЗ-3205
Барлығы, бірлік: 11
Соның ішінде: 11
-
№: 5
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: ГАЗель
Барлығы, бірлік: 4
Соның ішінде: 4
-
№: Шаруашылық машиналар
№: 6
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: ГАЗ-31029
Барлығы, бірлік: 1
Соның ішінде: 1
-
№: 7
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: УАЗ-452
Барлығы, бірлік: 1
Соның ішінде: 1
-
№: 8
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: ГАЗ-52
Барлығы, бірлік: 1
Соның ішінде: 1
-
№: 9
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: ЗИЛ-131
Барлығы, бірлік: 3
Соның ішінде: 3
-
№: 10
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: МАЗ-500
Барлығы, бірлік: 2
Соның ішінде: 2
-
№: 11
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: ЗИЛ (автокран)
Барлығы, бірлік: 1
Соның ішінде: 1
-
№: 12
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: КрАЗ-25661
Барлығы, бірлік: 1
Соның ішінде: 1
-
№: 13
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: НЗАС
Барлығы, бірлік: 1
Соның ішінде: 1
-
№: 14
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: ГАЗ-53
Барлығы, бірлік: 1
Соның ішінде: 1
-
№:
Жылжымалы құрам түрі, маркасы: Барлық парк бойынша
Барлығы, бірлік: 81
Соның ішінде: 61
20

Пайдалану жағдайы категориясы - ІІІ

Кесте 1. 2. - «ОРИОН» ЖШС АТК құрамындағы ғимараттар мен құрылғылар

№:
Ғимараттың аталуы және орнату: Ғимараттың аталуы және орнату
Жоспардағы өлшем, м2: Жоспардағы өлшем, м 2
№: 1
Ғимараттың аталуы және орнату: 2
Жоспардағы өлшем, м2: 3
№: 1
Ғимараттың аталуы және орнату: Өндірістік ғимарат
Жоспардағы өлшем, м2: 120х30
№: 2
Ғимараттың аталуы және орнату: Әкімшілік-тұрмыстық ғимарат
Жоспардағы өлшем, м2: 16х14
№: 3
Ғимараттың аталуы және орнату: Бақылап өткізу пункті
Жоспардағы өлшем, м2: 18х18
№: 4
Ғимараттың аталуы және орнату: Автомобильді жуу учаскесі
Жоспардағы өлшем, м2: 36х12
№: 1
Ғимараттың аталуы және орнату: 2
Жоспардағы өлшем, м2: 3
№: 5
Ғимараттың аталуы және орнату: Пайдаланылған суды қайта өңдеу учаскесі
Жоспардағы өлшем, м2: 12х24
№: 6
Ғимараттың аталуы және орнату: Электр станциясы
Жоспардағы өлшем, м2: 4х4
№: 7
Ғимараттың аталуы және орнату: Орталық жылу пункті
Жоспардағы өлшем, м2: 9х12

Кесте 1. 3. - Техникалық қызмет жұмысының негізгі көрсеткіштері

№:
Көрсеткіштердің аталуы: Көрсеткіштердің аталуы
Белгілену: Белгілену
Мәні: Мәні
№: 1
Көрсеткіштердің аталуы: Техникалық дайындық коэффициенті
Белгілену:
Мәні: 0, 69
№: 2
Көрсеткіштердің аталуы: Жалпы жай күрделі жөндеу, күн
Белгілену: Д к
Мәні: 22
№: 3
Көрсеткіштердің аталуы: Жалпы жай техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу
Белгілену: Д ТО, ТР
Мәні: 5
№: 4
Көрсеткіштердің аталуы: Техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу 1000 шақырым жүріс, күн
Белгілену:
Мәні: 3
№: 5
Көрсеткіштердің аталуы:

ТҚК және АЖ-ге кететін шығындар, теңге

а) жалпы

Белгілену:
Мәні: 5 777 900
№: б) жұмысшылар жалақысы, теңге
Көрсеткіштердің аталуы:
Белгілену: 5 256 000
№: в) қосалқы бөлшектер, теңге
Көрсеткіштердің аталуы:
Белгілену: 3 555 223
№: г) материалдар, теңге
Көрсеткіштердің аталуы:
Белгілену: 4 210 680

Кесте 1. 4. - 2010 жылдың аяғындағы негізгі қор құны

№:
Көрсеткіштердің аталуы: Көрсеткіштердің аталуы
Мәні: Мәні
№: 1
Көрсеткіштердің аталуы: Негізгі қаржының жалпы құны (жылжымалы құрамның құнынсыз), теңге
Мәні: 7 500 000
№: 2
Көрсеткіштердің аталуы: Негізгі қаржының бір автомобильге келетін құны
Мәні: 256 000

«ОРИОН» ЖШС АТК-ның транспорттық жұмысының негізгі көрсеткіштері

№:
Көрсеткіштердің аталуы: Көрсеткіштердің аталуы
Белгіленуі: Белгіленуі
Өлшем бірлігі: Өлшем бірлігі
Мәні: Мәні
№: 1
Көрсеткіштердің аталуы: Шығару коэффициенті
Белгіленуі:
Өлшем бірлігі: -
Мәні: 0, 69
№: 2
Көрсеткіштердің аталуы: Тасымалдау көлемі
Белгіленуі: Q
Өлшем бірлігі: Жолаушы
Мәні: 33120
№: 3
Көрсеткіштердің аталуы: Жолаушылар айналымы
Белгіленуі: P
Өлшем бірлігі:
Мәні: 37688
№: 4
Көрсеткіштердің аталуы: Нарядта болған орташа уақыт
Белгіленуі: T Н
Өлшем бірлігі: Сағ.
Мәні: 11, 0
№: 5
Көрсеткіштердің аталуы: Бір автомобильдің орташа тәуліктік жүрісі
Белгіленуі: l CC
Өлшем бірлігі: Км
Мәні: 180
№: 6
Көрсеткіштердің аталуы: Парктің бір жылғы жалпы жүрісі
Белгіленуі: L 2
Өлшем бірлігі: Км
Мәні: 35 600
№: 7
Көрсеткіштердің аталуы: Парктің жұмыс уақыты
Белгіленуі: Д ж
Өлшем бірлігі: Күн
Мәні: 365

1. 2. Қозғалтқыштарды сынау аймағының сипаттамасы

Қозғалтқыштарды сынау аймағы автомобильдер мен Қозғалтқыштарды сынаудың күрделі жөндеуге дейінгі болатын бұзылуларды және тағайындалған нормативтермен қамтамасыз ету үшін жүрістерді болдырмауға негізделген. Ағымдағы жөндеудің сипаттамалық жұмыстары: ажырату, жинау, слесарлы, пісіру, ақау, бояу, бөлшектермен Қозғалтқыштарды сынауды ауыстыру болып табылады.

Ағымдағы жөнделген Қозғалтқыштарды сынау мен жүріс түйіндерінің келесі техникалық қызмет көрсетуге дейін жақсы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуі тиіс. Ағымдағы жөндеу учаскесінде 5 күндік жұмыс уақытымен 8 сағат ұзақтылықпен жұмыс істейді. Ағымдағы жөндеу аймағында өртті сөндіруге қарсы жәшік және екі тақта орнатылған. Технологиялық жабдық негізінен ағымдағы жөндеу көлемі және техникалық қауіпсіздік жағынан істелген жұмыстарымен сипатталады.

Ағымдағы жөндеуді ұйымдастырудағы және жүргізу технологиясы жұмыстарындағы кемшіліктер.

Ағымдағы жөндеу бекеттері автомобильдің бнлгілі бір түрлеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге мамандандырылған. Бекеттік технологиялық карталар әртүрлі автомобильдердің түрлеріне арналған, жұмыс орындауға қажет операциялар және техникалық шарттардан бөлек информациялардың еңбекқуаттары туралы қажетті мағлұматтар жоқ.

Берілген өндірістің үздіксіз жұмыстың көбінесе өнімділігіне, сапасына және ағымдағы жөндеу аймағының жұмыстарын ұйымдастыруға тәуелді болады. Бұл үшін жоғарыда айтылған кемшіліктерді болдырмауға тырысу қажет, осы аймақ жұмыстарының технологиясымен ұйымдастыруды жүзеге ауыстыру қажет, технологиялық және экономикалық жағынан тиімдірек автотранспорт кәсіпорнының есеп-жоспарлы шешімдерін қолдану керек.

Берілген өндіріс сапалы және үздіксіз жұмыс істеуі үшін, техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама дұрыс орындалу үшін және қозғалыстағы құрылымның ағымды жөндеуіне өндірістің дайындау комплексіне жаңартулар енгізу керек.

Бұл комплекстік ең негізгі бөлігі айнымалы Қозғалтқыштарды сынаудың, тораптардың және бөлшектердің қосалқы түрлерінің болуы, олар жөндеу учаскелерінің және автотранспорт кәсіпорны толығымен қалыпты жұмысын қамтамасыз ету қабілеттілігі. Бұл сұрақ учаскедегі жұмысты ұйымдастыру, олардың техникалық жарқырауы, қойма шаруашылығын ұйымдастыру, Қозғалтқыштарды сынау мен тораптардың ақауына байланысты сұрақтарды шешу сияқты факторлармен тығыз байланысты. Осы сұрақтардың қалай шешілуіне байланысты біз мынадай көрсеткіштердің өзгеруін аламыз, автомобильдің техникалық дайындық коэффициенті, желідегі автомобильдердің шығару коэффициенті сияқты. Осыған орай жалпы жүрістің, жүк айналымының немесе барлық автотранспорт кәсіпорынының толығымен жұмыс өнімділігін айтуға болады.

Автотранспорт мекемесіндегі кез-келген цехты, бөлімді немесе учаскені жобалық жағынан дайындау кезінде атқарылатын жұмыстар технологиясына және еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру талаптарына сәйкес белгіленген обьектіде таңдап алынған технологиялық және көмекші жабдықтарды оңтайлы әрі тиімді орналастыру іске асырылу тиіс.

Қозғалтқыштар автомобильдердің ең ауыр, жөндеуі күрделі тораптарына жатады және де ағымдағы жөндеу аймағымен орнатылған байланыс Қозғалтқыштарды сынау цехын мүмкіндігінше ағымдағы жөндеу аймағы бекеттеріне жақын орналастыру мүмкіндігін тудырады.

Қозғалтқыштарды сынау аймағының жұмыс режимі ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұтымды ұйымдастырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Қозғалтқыштарды сынау аймағының жұмыс режимі

1. Бір жыл ішіндегі жұмыс күндері саны - Д р. г. = 253 күн.

2. Тәулік ішіндегі ауысымдар саны - с = 1.

3. Жұмыс ауысымының ұзақтығы - Т см = 8, 2 сағ.

4. Қозғалтқыштарды сынау бөлімшесінің жұмыс уақыты - Т = 7 сағ.

«ОРИОН» ЖШС қозғалтқыштарды сынау аймағында 1 слесарь жұмыс істейді. Цехта атқарылатын тиісті жұмысты орындауға қажетті технологиялық жабдықтар мен құрал-саймандар бар, бірақ олар жеткіліксіз. Жалпы алғанда қозғалтқыштарды сынау аймағының жұмысымен танысу барысында мынадай кемшіліктер анықталды :

  • технологиялық операциялардың операциялардың механизациялау деңгейі төмен, қозғалтқыштарды жөндеуге, ажыратып-жинауға, жуып-тазалауға арналған арнайы жабдықтар өте аз ;
  • автомобильдердің қозғалтқыштарды жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындер көлемі нормативтік көрсеткіштерден жоғары ;

2. ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

2. 1. Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісі

Автокөлік мекемесіндегі жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісі 2. 1-суретте келтірілген схема бойынша жүзеге асырылады.

2. 1-сурет. Автокөлік мекемесіндегі жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісі схемасы

Автомобильдерді желіден қабылдау . Желідегі жұмыстан автокөлік мекемесіне қайтып келіп жатқан барлық автомобильдерге кезекші механик тарапынан тексеру жүргізіледі. Автомобильдерді желіден қабылдаудың және оларды жұмысқа шығарудың екі түрлі нұсқасы болуы мүмкін: І - барлық жұмыстар техникалық бақылау бөлімінің бақылаушы механигі тарапынан орындалады; ІІ- автомобильдерді қабылдау мен шығару жұмыстары колонналардың механиктері тарапынан жүргізіледі.

Кезекші механик желіден келіп жатқан автомобильдерді қабылдау барысында ақаусыз автомобильдерді күнделікті қызмет көрсету аймағы мен сақтау алаңына жібереді.

Кезекті техникалық қызмет көрсетуге баруы тиіс автомобильдерді және ақаулары анықталған автомобильдерді кезекші механик, өндірісті басқару бөлімінің диспетчерінің нұсқауларына сәйкес, тиісінше диагностикалау, қызмет көрсету және жөндеу бекеттеріне немесе бекеттер бос болмаған жағдайларда, күту аймағына жібереді. Бұл ретте, кезекші механик автомобильдерді қарап тексеру негізінде есепке алу парағын немесе жөндеу парағын толтырады да, оны өндірісті басқару бөліміне береді.

Күнделікті қызмет көрсету . Автомобильдерді бақылау-тексеру жұмыстарын бақылау-техникалық бекетінің механигі мен жүргізушілер орындайды, ал тазалау мен жуу жұмыстарын, құрамына жинаушылар, жуушылар мен сүртушілер кіретін арнайы бригада жүргізеді, ал кішігірім автокөлік мекемелерінде бұл жұмыстарды жүргізушілер орындайды. Жанар-жағармайлар құю жұмыстарын жүргізушілер атқарады. Автокөлік жүргізушілері тарапынан орындалатын күнделікті қызмет көрсету жұмыстары, оның жұмыс режимінде ажыратылып көрсетілген дайындау-аяқтау уақытында орындалады.

Күнделікті қызмет көрсету жұмыстары орындалғаннан соң, автомобильді жүргізуші қабылдап алады. Техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлері автомобильдерді іріктеп, тексереді.

Бірінші техникалық қызмет көрсету автомобильдердің нақты жүрген жолдарына сәйкес жоспарланады және олар автомобильдің беттік парағында бейнеленеді. Бірінші техникалық қызмет көрсетуге ұсынылуы тиіс автомобильдер туралы мәліметтер ақпараттарды өңдеу мен талдау бөлімінің қызметкерлері тарапынан бақылау-техникалық бекетіне, жалпы диагностикалау бекетіне және бірінші техникалық қызмет көрсету аймағына, ең кемі бір тәулік бұрын беріледі. Бірінші техникалық қызмет көрсету алдынан автомобильдер, ақауларды анықтау мен қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуші агрегаттар мен жүйелердің техникалық жаңдайларын анықтау мақсатында, жалпы диагностикалаудан өтеді (Д 1 ) . Диагностикалау барысында ақаулар анықталған жағдайларда олар бірінші техникалық қызмет көрсетуге дейін ағымдағы жөндеу кешеніне жіберіледі.

Бірінші техникалық қызмет көрсету техникалық қызмет көрсету мен диагностикалау кешенінің, жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктеріне қарай әртүрлі мамандықтардағы жұмысшылардан құралған, мамандандырылған бригадалары тарапынан орындалады. Жасалынған жұмыстар сапасын бірінші техникалық қызмет көрсету аймағының бригадирі мен техникалық бақылау бөлімінің өкілі, жұмыстарды орындау барысында немесе жұмыстар аяқталған соң бақылайды. Бірінші техникалық қызмет көрсетудің орындалғаны жайлы мәліметтер техникалық қызмет көрсетудің жоспар-есебіне енгізіледі.

Екінші техникалық қызмет көрсету де автомобильдердің нақты жүрген жолдарына сәйкес орындалады. Екінші техникалық қызмет көрсетуден екі күн бұрын автомобильдер, түзетілуі үлкен көлемдегі жөндеу жұмыстарын қажет ететін ақауларын анықтау мақсатында, тереңдетілген диагностикалауға (Д 2 ) жіберіледі. Анықталған ақаулар екінші техникалық қызмет көрсетуге дейін ағымдағы жөндеу кешенінде жөнделеді. Автокөлік мекемесінде диагностикалау құралдары болмаған жағдайларда, жылжымалы құрам тереңдетілген қарау-бақылаудан өткізіледі.

Автомобильдерді тексеру мен диагностикалау нәтижелері есепке алу парағы мен диагностикалық картаға енгізіледі және олар басқару бөліміне, өндірісті дайындау үшін, беріледі.

Өндірісті басқару бөлімінің диспетчері, инженер мен аға инженер екінші техникалық қызмет көрсетуді дайындауды және орындауды қамтамасыз етеді. Екінші техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар кешені жұмыстардың бағдарламасына және нақты жергілікті жағдайларға байланысты, ағынды желіде немесе тұйық бекеттерде, мамандандырылған бригадалармен орындалады. Екінші техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдар жұмыс орындарына, өндірісті басқару бөлімінің диспетчерінің нұсқауымен өндірісті дайындау бөлімшесінің қызметкерлерімен жеткізіледі де, тікелей бригадирге, автомобильден шешіп алынғандарының орнына беріледі.

Екінші техникалық қызмет көрсету жұмыстарының орындалу сапасын тікелей екінші техникалық қызмет көрсету бригадирі және техникалық бақылау бөлімінің өкілдері, жұмыстарды орындау барысында немесе жұмыстар аяқталған соң тексереді.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету кешені мен бөлімшелерінің және жөндеу бөлімшелерінің мамандандырылған бригадаларымен, өндірісті басқару бөлімінің диспетчерінің нұсқауымен, жүргізіледі.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарын орындау үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен материалдар ағымдағы жөндеу кешеніндегі тікелей жұмыс орындарына, өндірісті басқару бөлімінің қызметкерлерімен жеткізіледі. Жұмыстарды бастау мерзімі, қосалқы бөлшектер мен материалдардың жоқтығынан немесе жұмыс бекеттерінің бос болмауы салдарынан кешігіп жатқан автомобильдер арнайы жасақталған күту аймағына жіберіледі.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасы оны орындау барысында және жұмыстар аяқталғаннан соң, бригадир мен техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлері тарапынан тексеріледі.

Автомобильдерді жұмыс орындарына беру, күту аймағынан жөндеуге беру жұмыстары арнайы жылжытушы жүргізушілермен орындалады.

Автомобильдердің жылжымалы құрамын желіге шығару . Ауысым басталар алдында автомобиль жүргізушісі автомобильді мұқият тексеруі, күнделікті қызмет көрсету жұмыстарын орындауы керек. Жол жүру парағын, автомобиль жүргізушісі, пайдалану қызметінің диспетчерлерінен алады. Автокөлік мекемесінің аумағынан шығар алдында жүргізуші жол жүру парағын ұсынады, ол желіге шығуға рұқсат беретін құжат болып табылады. Автомобильді желіге шығарар алдында ақаулар байқалған жағдайда, есепке алу парағында өтінім рәсімделеді де, ол құжат өндірісті басқару бөліміне берілгеннен соң, автомобиль жөндеу аймағына немесе күту алаңына жіберіледі.

  1. Жылжымалы құрамның орталықтандырылған жөндеу өндірісін ұйымдастыру.

Жылжымалы құрамға жүргізілетін орталықтандырылған жөндеу жұмыстары базалық мекеменің ағымдағы жөндеу кешенінде немесе орталықтандырылған жөндеудің филиалдардың территорияларында орналасқан, жекелеген бөлімшелерінде орындалады. Орталықтандырылған өндіріс жағдайларында жылжымалы құрамды жөндеу, әдетте, автомобильдердің (автобустардың) екінші техникалық қызмет көрсетуге келген кезінде, сонымен қатар автобустар мен жеңіл автомобильдердің шанақтарын жөндетуге келген кездерінде жүргізіледі. Жөндеудің орталықтандырылған түрлеріне берілетін өтінімдер филиалдардың өндіріс диспетчерлері тарапынан, автокөлік бірлестігінің базалық мекемесінің орталықтандырылған өндірісті басқару бөліміне беріледі.

Диспетчер, атқарылуы тиіс жұмыстардың көлемі мен түріне, қосалқы бөлшектердің бар немесе жоқ екендігіне және өндірістің жүктелуіне байланысты, әрбір автомобильдің (автобустың) жеткізілу уақытын белгілеп, оны филиалдарға хабарлайды.

Сонымен қатар, автомобильдер орталықтандырылған жөндеу өндірісіне тікелей желідегі жұмыс барысынан да келіп түсуі мүмкін. Жылжымалы құрамға жүргізілетін орталықтандырылған жөндеу жұмыстарының схемасы 2. 2-суретте көрсетілген.

2. 2-сурет. Жылжымалы құрамға жүргізілетін орталықтандырылған жөндеу жұмыстарының схемасы.

Жөндеу жұмыстарын орындау үшін келген автомобильдер (автобустар) оларды қабылдап алғаннан кейін, жуу орнына барады, сосын олар жөндеу аймағына келіп түседі. Автомобильдердің ақауларының сипатына байланысты, олар ақаулы агрегаттың, тораптың, жүйенің жағдайын анықтау мақсатында, элементік диагностикалауға (Д 2 ) немесе тікелей жөндеу аймағына жіберіледі.

Жөндеуге толтырылған өтінім мен диагностикалау нәтижелері негізінде өндірісті басқару бөлімінің диспетчері мыналарды белгілейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автокөлік мекемесіндегі жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу өндірісі
Ақша қаражаты операцияларының есебі
Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі
Теория негізінде баға және баға белгілеу
Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы
Киберқылмыс - Ақпараттық технологиялар саласында жасалатын қылмыстар
Жұлдыздардың пайда болуы
Мемлекеттік қызметінде аймақтық басқару органдарды қажеттілігі
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ЛАНДШАФТ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Астана Эколайф ЖШС мекемесінің қызметкерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz