Қой қылауы мен пастереллез ауруының таралуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 125 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 15 - 06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Каримова Ажамал

Қой қылауы мен пастереллезінің алдын-алу шаралары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

051201 мамандығы - «Ветеринарлық медицина»

Шымкент 2017ж

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер . . .
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Анықтамалар . . .
:
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қысқартылған қолданылымдардың тізімі . . .
:
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Кіріспе . . .
: 3
: 1.
Нормативтік сілтемелер . . .: Негізгі бөлім. Әдебиетке шолу . . .
: 8
: 1. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Қой қылауы мен пастереллез ауруының таралуы . . .
: 8
: 1. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Қой қылауы мен пастереллезінің арнайы алдын алу . . .
: 19
: 2.
Нормативтік сілтемелер . . .: Өзіндік зерттеулер . . .
: 22
: 2. 1
Нормативтік сілтемелер . . .: Зерттеу материалдары мен әдістері . . .
: 22
: 2. 2
Нормативтік сілтемелер . . .: Сальмонеллалар вакциндік штаммдарының иммуногендік қасиеттері . . .
: 36
: 3.
Нормативтік сілтемелер . . .: Пастерелла өндірістік штамдарының биологиялық қасиеттері
: 49
: 4
Нормативтік сілтемелер . . .: Өзіндік зерттеулерді талдау . . .
: 62
: 5
Нормативтік сілтемелер . . .: Еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау бөлімі . . .
: 80
: 6
Нормативтік сілтемелер . . .: Қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлім . . .
: 92
:

7

8

Нормативтік сілтемелер . . .:

Экономика бойынша бөлім . . .

Бизнес-жоспарлау . . .

:

98

105

:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қорытынды . . .
: 109
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
: 110
:
Нормативтік сілтемелер . . .: Қосымшалар . . .
: 126

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы жұмыста төмендегі стандарттарға сілтемелер жасалды.

МЕМСТ 5962-67
96 %-дық спирт ректификат.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 6709-72
96 %-дық спирт ректификат.: Дистильденген су.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 6709-72
96 %-дық спирт ректификат.: Дистильденген су. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 20292-74
96 %-дық спирт ректификат.: Сиымдылығы 100, 200, 1000см 3 өлшегіш колбалар.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 20730-75
96 %-дық спирт ректификат.: Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 13805-76
96 %-дық спирт ректификат.: Бактерилогиялық мақсаттарға пайдаланылатын құрғақ пептон. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 4233-77
96 %-дық спирт ректификат.: Хлорлы натрий.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 4233-77
96 %-дық спирт ректификат.: Хлорлы натрий. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 3164-78
96 %-дық спирт ректификат.: Вазелин майы. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 6038-79
96 %-дық спирт ректификат.: Қант.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 17206-84
96 %-дық спирт ректификат.: Микробиологиялық агар. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 720803-85
96 %-дық спирт ректификат.: Алюмокалилі квасцалар.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 4. 452-86
96 %-дық спирт ректификат.: Биологиялық микроскоп - Биолам.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 64-2-10-87
96 %-дық спирт ректификат.: Шыны құтылар.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 3345-88
96 %-дық спирт ректификат.: Фармакопеялық формалин.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 42-2567-88
96 %-дық спирт ректификат.: Хлорлы кальций.
МЕМСТ 5962-67: МЕМСТ 20227-91
96 %-дық спирт ректификат.: Зертханалық шыны ыдыстар. Градуирленген пипеткалар.

МЕМСТ 202002-74Е Белгіленген пипеткалар

МЕМСТ 25336-82Е Химиялық пробиркалар

МЕМСТ 23932-79Е Колба, сиымдылығы 0, 5-1, 0л

ТШ 38, 006108-90 Резина тығын

ТШ 46-22-606-79 Лабораториялық центрифуга

ТШ 25-//-834-73 Магнитті шайқағыш

МЕМСТ 12026-66 Сүзгіш қағаз

ТШ 480-11-10-73 Шыныға жазатын қарындаш

МЕМСТ 25336 Конус колбалар Кн-2-100 ТХС

ОСТ 25336 Шыны стакандар, көлемі 40х 20х 85 мм, сиымдылығы

36см 3 немесе өлшем стакандары СВ 34/12 типті

МЕМСТ 25336 Стакандар В-1-250 ТС

МЕМСТ 25336 Воронкалар В-56(75) -80ХС

МЕМСТ 5962-67 Этил спирті 96%-ті ректификацияланған

АНЫҚТАМАЛАР

Осы дипломдық жұмыста келесі терминдер анықтамаларға сәйкес қолданылады:

Уыттылық - микробтардың зардаптылық көрсеткіші.

Агглютинация - агглютинин-қарсы дене әсерінен бактерия, эритроцит және басқа да корпускулярлық бірыңғай қоспадан бір-бірімен жабысып, желімдеу арқылы түйіршектеліп тұнбаға түсуі.

Иммунология - иммунитет жөніндегі ғылым.

Зардаптылық - микроорганизмдердің белгілі бір түрінің макроорганизмдердің белгілі бір түрінде патологиялық үрдіс тудыру қабілеті.

Иммунитет - ағзаның генетикалық тұрғыдан алғанда бөгде жұқпалы және жұқпалы емес агенттерді жұқтырмаушылығы.

Антиген - ағзаға енген кезде телімді қарсы денелер құрайтын және олармен өзара қатысу қабілетін танытатын коллоидтық құрылымы бөгде заттар.

Вакцина - жасанды белсенді иммунитет тудыратын препарат.

Серологиялық реакция - антиген мен қарсы дененің әрекеттесуі нәтижесінде жүретін реакция.

Антидене - антигендер енгенде жоғары топтағы жануарлардың лимфоидтық жасушаларынан шығатын телімді ақзаттар.

Иммуногенділік - антигеннің ағзада иммундық жауап тудыру қасиеті.

Штамм - генетикалық жағынан бір келкі, бір түр ішіндегі жекелеген клондардан пайда болған, өзіне тән қасиеттері бар микробтар мен вирустардың себіндісі.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

БДҰ - бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы

БСҰ - бүкіләлемдік сауда ұйымы

ЛПС - липополисахарид

ЕПС - етті пептонды сорпа

ЕПА - етті пептонды агар

ЛД 50 - өлімге ұшырататын дозаның 50 %-ы

АР - агглютинация реакциясы

ТЕГАР - тікелей емес гемаглютинация реакциясы

Т. т. б. - тізбек түзуші бірлік

К. т. б. - колония түзуші бірлік

ЖСА - жартылай сұйық агар

ҚазВҒЗИ - Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты

ОҚМУ - Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

ҚазҒЗИ - Қазақ ғылыми зерттеу институты

КІРІСПЕ

Қой шаруашылығы - Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы саласындағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыттағы мал басының көбейуіне және одан алынатын өнімдер сапасының артуына жұқпалы аурулар, соның ішінде қой қылауы мен пастереллезінің тигізетін кері әсері әлі де өзекті күйінде қалып отыр.

Қылау мен пастереллез жұғымталдық қасиеттері арқасында кең тарап, жылдан жылға халық шаруашылығының ойдағыдай дамуына кедергі келтіріп отырған кертартпа себептердің бірі болып отыр. Бұл - табиғи ортада сальмонеллалар мен пастереллалардың көптеген сероварларының кең ауқымда таралғыштығымен, қоздырушылардың зардаптылық факторларының көп түрлілігімен, жануарлар мен адамдардың ағзаларына ену жолдарының әр алуандығымен байланысты. Бұл аталған аурулардың әкелетін зияны тек малдардың ауруға және өлімге ұшырауынан келген тікелей шығындармен ғана емес, ауырып жазылған малдардың ұзақ уақытқа бактериятасымалдағыш ретінде қоршаған ортаны ластап, ауру қоздырушысын таратудың негізгі көзі болып қалуымен де сипатталады.

Соңғы жылдары жануарлардың қылау мен пастереллезі туралы мәліметтердің көбейе түскеніне қарамастан бұл аурулар туралы мәселе өзекті күйінде қалып отыр. Эпидемиологиялық жағдайларға жасалған талдау нәтижелері көрсеткендей, қылау мен пастереллездің адамдарға жұғу қарқындылығы төмендегені байқалмайды (Котова А. А. және басқалар, 1998; Дерновая В. Ф., 1996; Паратко И. Н. және басқалар, 1998; Б. К. Бияшев, 2004; С. Е. Ермаганбетова, 2004) .

Бұл жағдайлардың бәрі бұл аурулардың эпидемиологиясы мен індеттік жағдайын зерттеу қажеттігін, жұғу процессінің негізгі факторларын ашу, сондай-ақ, ветеринарлық-санитарлық шараларды жетілдіру және арнайы емдеу мен арнайы алдын алу жұмыстарын талап етеді.

Індетке қарсы шаралардың жүйесіндегі негізгі шара - арнайы алдын алу жұмыстары болып табылады. Қазақстанда қой қылауы мен пастереллезіне қарсы белсенді иммундеу үшін әр түрлі вакциналарды қолданады, негізінен олар: формолквасцты вакцина, формол-тиомерсал вакцинасы және қой қылауына қарсы тірі вакцина, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жануарларының пастереллез ауруына қарсы поливалентті вакцина мен ауыл шаруашылығы жануарларының пастереллез ауруына қарсы эмульгирленген вакцина.

Қазіргі уақытта малдарды кешенді және біріктірілген (ассоцированная) әдістермен иммундеу барынша тиімді болып есептелінеді. Бұл көрсетілген әдістерді қолдану мал дәрігерінің жұмысын жеңілдетеді, қысқартады және аз уақыт ішінде бірнеше жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет тудыруға мүмкіндік береді. Кешенді және біріккен әдістермен иммундеудің артықшылығы сол, әр түрлі моновакциналарды (жалғыз ғана ауруға қарсы вакциналарды) біріктіру нәтижесінде жануарларда бір мезгілде бірнеше жұқпалы ауруларды қабылдамаушылық қабілеті қалыптасаыды.

Осыған байланысты, қой қылауы мен пастереллезін арнайы алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі зерттеулер өзекті болып табылады.

Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - қой қылауы мен пастереллезіне қарсы кешенді иммундеу мүмкіндіктерін зерттеу.

Осыған байланысты осы жұмыстың орындалу барысындағы жүргізілген зерттеудің алдына қойған міндеттері мынандай:

1. Вакциндік сальмонелла штамының биологиялық қасиеттерін зерттеу.

2. Өндірістік пастерелла штамдарының биологиялық қасиеттерін зерттеу.

3. Вакциндік сальмонелла штаммы мен өндірістік пастерелла штамдарының иммуногендік қасиеттерін зерттеу.

4. Қой қылауына қарсы тірі вакцинаны және қой пастереллезіне қарсы поливалентті вакцинаны дайындау технологиясын жетілдіру.

5. Қой қылауы мен пастереллез ауруына қарсы кешенді иммундеу әдісін жетілдіру.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалықтары. Вакциндік сальмонелла штамының және өндірістік пастерелла штамдарының биологиялық қасиеттері (уыттылығы, улылығы, иммуногендігі және тағы басқалар) зерттелді. Жануарларды қылау мен пастереллезге қарсы қолданыстағы түрлі вакциналармен және ұсынылып отырған қой қылауына қарсы тірі және пастереллезіне қарсы поливалентті вакциналармен иммундеп, олардан кейінгі түзілген иммунитеттің тиімділігі салыстырылып бағаланды.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

- вациндік сальмонелла штамының және өндірістік пастерелла штамдарының биологиялық қасиеттері.

- қой қылауы мен пастереллезін кешенді иммундеу арқылы алдын алудың тиімділігі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс жалпы қабылданған үлгіде орындалды. Дипломдық жұмыс компьютерден терілген 119 беттен тұрады. Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспе, әдебиетке шолу, 7-бөлімнен тұратын өзіндік зерттеулер, алынған нәтижелерді талдау, қорытынды, тәжірибелік ұсыныстар, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар бөлімдерінен тұрады.

  1. Негізгі бөлім

Әдебиетке шолу

1. 1 Қой қылауы мен пастереллезінің таралуы

Қылау ауруы - күрес шараларының үздіксіз жүргізілетіндігіне қарамастан жұқпалы ішек ауруларының ішіндегі күн тәртібінен түспейтін аурулардың біріне жатады. Қылау қоздырушылары - адамға, жануарларға және құстарға өте қауіпті болғандықтан ерекше көңіл бөліп қарайтын аурулар болып табылады.

Қойдың қылауы буаздықтың екінші жартысындағы түсік тастаумен және төлдің өлі тууымен сипатталады. Ауру саулықтардың туғаннан кейінгі сепсистен өлуімен ұласады. Жаңа туған қозыларда ауру бактеремия түрінде өтеді, ал 2-6 айлық кездерінде пневмония және артриттер дамиды.

Инфекцияның негізгі көзі ауру мал мен ауырып жазылған мал болып табылады. Түсік тастаған уақытта ауру қоздырғышы - жатырдан түскен өлі төлмен, шумен қоршаған ортаға бөліне бастайды. Олар мал тұрған жерлерде, төсеніштерде, жайылымдарда, суда, азық қалдықтарында сақталып, инфекцияның көзі болып табылады.

Болгарлық зерттеуші И. Ивановтың (1) мәліметінде 1966-1970 жылдары 64955 түсікті зерттегенде, оның 69℅-ін S. abortusovis қоздырғышы тудырған. Сонымен қатар, қой қылауының таралуы көбіне малдардың жиі орналасуына байланысты болған. Қылау ауруының індеттік ерекшелігі - ол малдың жасына қарамай ауырады. Соңғы жылдары көбінесе 1 жасқа дейінгі тоқтылар түсік тастайтын болған. Ересек қойларда қалыптасқан иммунитет болады. Қылаудың екінші кезектегі бір көрінісі аурудың білінбей өтуі:серологиялық зерттеу кезінде арнайы антиденелердің титрінің жоғары болуы түсік тастаған қойларда ғана емес, сонымен қатар, 50-60℅ қалыпты жағдайда туған қойларда да байқалған. Қылаудан сау емес шаруашылықтардағы сау қошқарлардың енінен S. abortusovis өсіндісі бөлініп алынған. Көбінесе қылау инфекциясы аурудан таза отарға тұрақты ауру ошағынан тарап отырады екен.

N. Valcin (2) зерттеуі бойынша, түсік тастаған қойлардың 200 төлін зерттеп, оның 45-ін сальмонелла қоздырғышы тудырғанын айтады. Қой қылауы сальмонелла тасымалдаушылар арқылы бір жайлауда жайылғаннан және бір суаттан су ішкеннен жұғады. Қоздырғыштың таралу жолы шағылысқан кезде немесе шағылысқанда жыныс мүшелерінің қілегей қабықтары арқылы таралады.

D. Kane (3) мәліметінде, Жаңа Зеландияда 2027 қойларды сойғанда, 96-сында (4, 7℅ ) 1-2 айлық жастағыларда сальмонелла бөлінген, ауру наурыз айында (30℅) және сәуір айында (32℅) болған.

Көптеген факторлар- биологиялық, сондай-ақ социологиялық факторлар сияқты, жануарлар қылауының жұғуының негізгі көзінің біріне жануар тектес азықтар жатады. Бұл факторлар нақты анықталынған, олар БДМ (Бүкілодқтық денсаулық сақтау мекемесі) тексеру комитетінде қаралған (1978, 1984, 1989) . Ауру ауыл шаруашылығы малдарында көптеген жолдармен таралады: малдан малға жұғады; бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортада қоздырғыш сақталған кез келген нәрсемен (топырақ, құстар, кеміргіштер, жәндіктер, су және тағы басқалар) . Сұйық заттармен де таралуы мүмкін. Ол қоршаған ортадағы өзендер, бұлақ және жайылымдар.

М. А. Таги-Заде (4) мәлімдеуінде Азербайжанда аурудан сау саулықтардың ішінен 11℅ саулықтар екенін анықтаған. Бактериологиялық зерттегенде S. Abortusоvis-ті лимфа түйіндерінен, бауыр мен өт жолдарынан бөліп алған. Агглютининдер 1:100 және одан жоғары екендігін айтады.

Болгарлық зерттеушілер С. Станов, М. Милев (5) айтуында қойларда 10 күннен 8-9 айға, ал кейбіреулері 1, 5 жылға жететіндігін мәлімдейді.

И. В. Шура (6), А. А. Волков авторлармен (7), Н. Ж. . Жанузаков авторлармен (8), Г. К. Ковалев (9) мәліметтерінде, табиғатта әр түрлі экологиялық жайларға немесе табиғи жағдайларға байланысты сальмонелланың таралуына және ұзақ уақыт сақталуына жабайы құстардың атқаратын ролі бар деген. Олардың ішінде қоздырғыштың әр түрлі сероварлары ескеріледі. Жоғарыда айтылған бұл мәселе жабайы құстардың қылауының табиғи ошақтарын зерттеу мәселесіне көңіл аударуды керек етеді.

Қылау ауруының негізгі жұқтырушы көзі немесе тасымалдаушысы құстар, бұған неміс ғалымы W. Becker (10) берген мәліметтері дәлел. Ол қылау ауруымен ауырған сиырлар бұл ауруды көгершіндерден жұқтырғанын айтады. Сондай-ақ, бұдан басқа да 10 жыл ішінде 75 сальмонелла штаммын, оның ішінен 43-і S. tуphimurium var Copenhagen, 10-ы S. dublinді бөліп алған, яғни ол қойдың қылау ауруынан түсік тастағаны жөнінде мәлімдейді.

S. M. Wathes (11) ауыл шаруашылық малдарының қылау ауруын ауа арқылы жұқтыратынын зерттеген. Зерттеудің көрсетуі бойынша, аэрозольмен алдын алу шараларын жүргізгеннің өзінде қоздырғыш жануарлар ағзасына ауыз және мұрын қуысы арқылы таралып отырған.

Волкова А. А., Джамгырчиева Т. Д., Шалиев Ф. М. (7) Қырғызстанда саулықтардың және қозылардың арасынан қылау ауруы індетті түрде өріс алғанын хабарлайды. Ауру стационарлы, кең таралатын және ересек қойлардың арасында үлкен пайызды ауру көрсеткішімен сипатталатынын ескертеді.

А. А. Поляков, Н. Г. Усачева (12) мәліметтері бойынша, кейбір мемлекеттерде қылау ауруы жануартектес азықтардан 98, 1℅, өсімдіктектес азықтардан 53, 1℅ жұқтырылғаны жөнінде айтады.

Н. Д. Тишиннің (14) мәлімдеуінде, қой қылауының қоздырғышы S. abortusovis қыстыгүні борпылдақ қида 16-22 күн, ал қатқан қида 50 күннен аса сақталынған.

Тәжікстанда Б. И. Мамаченко (14) ветеринарлық-санитарлық шараларды талдап жүргізген кезде S. abortusovis қоздырғышы жыл мезгіліне қарамай шөптерде, бастырмаларда, су және тағы да басқа сыртқы орта обьектілерінде ұзақ уақытқа сақталып, аурудың негізгі көзі болып табылатыны жайлы ескертеді.

А. И. Нефедев (15), М. А. Таги-Заде (4), Б. И. Мамаченко (14) мәлімет-терінде, қойдың қылаудан іш тастауы қыс кезеңіндегі жайылымдықтағы шөптің тапшылығы, азық жетіспеушілігіне ұласқан қатаң қыс, құнарсыз азық, әсіресе А витаминінің жетіспеуі, саулықтарды төлдеуге жақын қалғанда айдау, темір жол арқылы тасымалдау, минералдық алмасудың бұзылуы (Са, Р), ірі және концентрленген азықтардың тапшылығы, мал шаруашылығы қораларының зоогигиеналық жағдайының , жануарлардың қорадағы тар орналастырылуы, жаздық жайылымға жауын-шашын және қар жауғанда айдау салдарынан жануарлардың резистенттілігінің әлсіреуінен туындайды дейді.

Бұл микроорганизмдердің ашылғанына жүз жылдай уақыт өтсе де, қылау ауруы туралы көптеген әр түрлі сұрақтар туады. Әсіресе, эпидемиологиясы, клиникасы, лабораториялық балаулар туралы мәліметтер көп. F. Kauffmann (16), P. Edwards, W. Ewing (17), I. Sedlak, H. Rische (18), W. Ewing (19) өздерінің монографияларында қоздырғыштың негізгі мәліметтері жөнінде көрсетіп, бірақ, сальмонелла қоздырғышының биологиялық жағдайларына аз көңіл аударылған дейді.

П. П. Попова, М. М. Ременцова, А. А. Ким (24) қылау ауруының таралуы жөніндегі мәліметтерге қорытынды жасай келе, бұл ауру ауыл шаруашылық жануарларының ішінде және адамдардың арасында республика бойынша 2, 2 есеге өсті деген.

Ауру малдарға көбінесе азықпен, сумен, тасымалдаған кезде, жайылымдарда және бір суаттан су ішкенде жұғады. Ауру малдан сау малға ауру тез тарайды. Қоздырғыш ауру малдың (нәжісінен, зәрінен, танаудан бөлінген сұйығынан, аузыннан аққан көбігінен) сыртқы ортаға шығаратын нәрселерінен бөлініп тарай бастайды, яғни бұлар негізгі факторларға жатады. Негізгі қауіптісі малдың түсік тастап, ұзақ уақыт болуы. Малдың бір түрінің өзі қылау ауруының көзі болып басқа малдарға жұқтырушы бола алатынын (К. Б. Бияшев, А. Ж. Макбузов, К. А. Тулкібаев, К. С. Курбанова 25) баяндайды.

Көптеген авторлар өздерінің жасаған жұмыстарынан қой қылауының қоздырғышы - S. abortusovis екендігін мәлімдейді (А. И. Нефедьев, 15, 26; Н. И. Николаенко, А. И. Нефедьев, 27; Б. А. Матвиенко, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34; М. М. Агабабян, 35; А. Актаев, 36; И. Иванов, 37; К. А. Түлкібаев 38; K. A. Inklater, 39; А. Ж. Макбузов, 40 және басқалар) .

Қой және қозы қылауын қылудың басқа сероварлары тудыра алады дейді-H. J. W. Botes (41) . Жаппай қозылар өлімге ұшырағанда, олардан S. dublin, S. typhimurium өсінділерін бөліп алғанын айтады.

M. Gitter, W. Soika (42) қылаумен ауырған қойлардың 580-і S. dublin қоздырғышынан ауырғанын және 30 қой түсік тастап, оның 23-і өлгенін жазады.

R. Robinson, W. Bowal (43) 141 қой фермасына зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, 12 айдың ішінде тек қылау ауруынан малдың өлгенін, зерттеуге жіберілген 1437 патматериалдан 437 рет сальмонелланы, оның 279-ы S. bovismorbificans және S. typhimurium болып бөліп алғанын мәлімдейді.

А. Г. Малявин авторлармен (44) бактериологиялық зерттеу кезінде, 18 өлген қозының патматериалынан 4 рет S. typhimurium, 2 рет S. dublin, 10 рет S. abortusovis және 2 рет басқа да сальмонелланың түрлерін бөліп алғанын көрсетеді.

А. А. Волкова авторлармен (45) Қырғызстанда аурудан сау емес шаруашылықтарынан қойлардан 1971 жылы S. helderberg қоздырғышының табылғандығын мәлімдейді.

П. В. Каймакан авторлармен (46) 1971-1973 жылдары Одесса облысынан қозылардан 2 рет S. dublin, қойлардан 37 рет S. abortusovis және қозыдан бір рет S. choleraesuis бөліп алғандарын айтады.

J. Long (47) Канадада 10 түсік болған төлден және 6 өлі туылған қозыдан S. arizona серотипі 061; К:1, 5, 7 бөліп алған. 3 түсік тастаған қойлардан түсік тастағаннан кейін 50-90 күннің ішінде қынабынан сальмонелланың серотиптерін бөліп алғанын мәлімдейді.

В. Ф. Свириденко, А. И. Жбрыкунов (48) ауырған қойлардан сальмонелланың 3 сероварын: S. avortusovis, S. dublin, S. typhimurium бөлінгенін, серологиялық тексеру кезінде S. abortusovisке көп нәтиже бергенін айтады.

P. Pardon et al (49) Францияда қойлар қылау ауруының S. abortusovis және S. typhimurium қоздырғыштарымен ауырғанын мәлімдейді.

D. Kane (3) және П. П. Попова авторлармен (24) қойларды қылау ауруының құрылымдық себебін зерттеп, олардың ішінен сальмонелла сероварларының алтауын: S. abortusovis, S. tyhhimurium, S. dublin, S. heidelberg, S. enteretidis, S. sendai атап көрсетеді.

И. В. Поддубский (50) бактерия тасымалдануының ұзақтығын терең ұғыну үшін 10 қойдың әр түрлі мүшелерінен ( лимфа түйіндерінен, көк бауырынан, жатырынан, он екі елі ішектен, өт жолынан) бактериологиялық зерттеулер жүргізген. Зерттеу нәтижесінде, S. abortusovis 19 күннен кейін; 4, 6 және 10 айдан кейін де бөлініп шыққан.

Р. С. Хрущудянц (51) сау қойларға ауру қоздырғышын жұқтырып, одан кейін нәжісінен 24-46 тәулікте, жатырынан 11-12 тәулікте, сүтінен 17-19 тәулікте қоздырғыштың бөлінгенін көрген. Автордың пайымдауынша, қоздырғыш аурудың қайталануында немесе жіті өтуінде осылай болатынын ескертеді.

А. Аливердиев, М. О. Раджабов (52) анықтау үшін лабораториялық жануарларға S. abortusovisтің уытты өсіндісін жұқтырып, оларды 65-100 күннен кейін өлтіріп, олардың миынан, көк бауырынан, бүйрегінен, бауырынан, өтінен және лимфа түйіндерінен себінді жасап, бактериологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрген. Зерттеудің қорытындысы бойынша, алдын ала иммундеу жүргізілген жануарлар190 күн аралығында болып табылады. Формолквасцты вакцинамен алдын ала иммунделген қойлардың 40 пайызы 6 ай аралығында болуы мүмкін.

M. Cortesi et al (53) мәліметі бойынша, союға кеткен 296 қойлардың соқыр ішегінің құрамынан, мезентеральді, краниальді, каудальді лимфа түйіндерінен сальмонеллалар бөлінгенін айтады. (оның 104-і қозыларда кездескен.

К. Бодас авторлармен (54) ; Р. А. Кадымов авторлармен (55) мәлімдеулерінде, сальмонеллалар қойлардың 45-50 пайызында түсік түскеннен кейін нәжісінен бөліне бастайды, ал 2 айдан кейін 20 пайызынан, 3 айдан кейін 17, 8 пайызынан, 6 айдан кейін 8, 3 пайызынан байқауға болады. Ал, буаз сау қойлардың өзінде 3, 9-15 пайызы болған. Екі айдай уақыт ішінде сальмонеллалар туу жолдарынан бөлініп отырады. Үлкен қауіп тудыратын иттер және атжалмандар, олар малдан түскен шуды, түсік болған төлді, төл қабықтарын, өлексені жеп, ауру қоздырғышын таратады. Ешкілер тез сальмонелламен жұқтырылады, жұғу алиментарлы жолмен немесе шағылысу кезінде тез жұғып үлгереді деп көрсетеді өз жұмыстарында М. Н. Никольский (56) және болгарлық ғалым И. Иванов (1) .

И. В. Шура (6) қылау ауруы алиментарлы жолмен және аэрогенді, сондай-ақ шағылысу кезінде тез тарайды деген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анаэробты дизентерия ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Пастереллез қоздырғышы және індеттік ерекшеліктері
Ірі қараның пастереллез ауруы
Қой қылауының індеттанулық мәліметтерді, клиникасы және диагностикасы
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Пастереллез
Ірі қара пастереллез ауруы
Пастереллез сипаттамасы
Жануарлардың туберкулезі
Паратуберкулез туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz