Лептоспироздың экпресс - диагностикасына проф Б. К. Ильясовтың толық емес гемагглютинация тестісін қолдану


Ф. 7. 15 - 07
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА» КАФЕДРАСЫ
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
а. ғ. д. С. Е. Тулеметова
«___» 2017 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Лептоспироздың экпресс-диагностикасына проф. Б. К. Ильясовтың толық емес гемагглютинация тестісін қолдану
5В120100 мамандығы - «Ветеринарлық медицина»
Орындаған Амантай Асқар
Ғылыми жетекшісі
Ильясов Б. К
в. ғ. д. профессор
Шымкент, 2017ж.
Шымкент-2016
Аннотоция
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Жануарлар лептоспирозының балауын ТЕГАР реакциясымен жетілдіру». Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, өзіндік зерттеулерден құралған. Өзіндік зерттеу бөлімінде материалдар және зерттеу әдістері, жануарлар лептоспирозының Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында таралуы, аурудың этиологиялық құрылымы оның ішінде мал лептоспирозының этиологиялық факторлары келтірілген. Осымен бірге, жануарлар лептоспирозының клиникалық бейнелері, анатомия патологиялық өзгерістері, ауруға күрес шаралары және емдеуі баяндалған. Лептоспироздың Б. К. Ильясов, Т. И. Туғамбаев әдісімен дайындалған диагностикумы қолданылған. Дипломдық жұмыста өзіндік зерттеулерге талдау жасалған, еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау бөлімі, қоршаған ортаны қорғау, экономика бойынша бөлім, бизнес жоспарлау, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар қарастырылған. Дипломдық жұмыстың аяғында қорытынды және өндіріске ұсынулар жазылған.
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесі құжаттарға сілтеме жасалған.
МЕМСТ 1770-74 Мөлшерлі лабороториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензулкалар, колбалар, пробиркалар.
МЕМСТ 2. 701-84 КБҚЖ (ЕСКД) Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЕМСТ 16445-78 Комплементті байланыстыру реакциясына қажетті қан сарысуы
МЕМСТ 2. 304-81 КБҚЖ (ЕСКД) Сызбалық шрифттер
МЕМСТ 2. 301 -68 КБҚЖ (ЕСКД) Форматтар.
МЕМСТ 2. 601 -2006 КБҚЖ (ЕСКД) Пайдалану құжаттары.
МЕМСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі
МЕМСТ 2. 104 -2006 КБҚЖ (ЕСКД) Негізгі жазбалар
МЕМСТ 2888-68 Ветеринарлық термометр
МЕМСТ 5962-67 Этил спирті. Техникалық жағдайлар.
МЕМСТ С9147 -80 Лабороториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы фарфорлы. Техникалық жағдайлар.
МЕМСТ 24861-91 Бір реттік иньекциялық шприцтер.
МЕМСТ 7631 -85 Сапаны бағалаудың оргонолептикалық көрсеткіштері.
МЕМСТ 26678-85 Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар.
МЕМСТ 5556-81 Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар.
МЕМСТ 2. 321-84 КБҚЖ (ЕСКД) Әріатік белгілеу.
МЕМСТ 6709-72 Дистилденген су. Техникалық жағдайлар.
МЕМСТ 20730-75 Қоректік орта (ветеринарлық мақсаттар үшін) техникалық жағдайлар.
МЕМСТ 7636-85 Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау.
МЕМСТ 28085-89 Биологиялық препараттар
МЕМСТ 26668-95 Сынама алу
МЕМСТ 26670-91 Өсіру әдістері.
Мазмұны
Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе . . . 7
1 Негізгі бөлім . . . 9
Әдебиетке шолу . . . 9
1. 1 Лептоспирозды зерттеу тарихы . . . 9
1. 2 Ауылшаруашылық және үй жануарларының этиологиялық құрылым лептоспирозы . . . 12
1. 3 Жануарлардағы лептоспироз ауруы кезіндегі эпизотикалық процестің жүруі . . . 14
1. 4 Жануарлардың лептоспироз кезіндегі патологиялық өзгерістер мен клиникалық сипаттамасы . . . 21
1. 5 Лептоспироз диагнозы . . . 25
1. 6Ауыл шаруашылық жануарларының лептоспирозымен күресу шаралары . . . …27
1. 7 Қолданылған әдебиеттер жайлы түсінік . . . 30
2 Өзіндік зерттеу . . . 31
2. 1 Материалдар және зерттеу әдістері . . . 31
2. 2Оңтүстік Қазақстан облысындағы жануарлар лептоспирозының эпизоотияльқ ахуалы жэне этиологиялық кұрылымы . . . 32
2. 3 Лептоспироздың этиологиялық құрылымы . . . 40
2. 4 Лептоспиралардың биологиялық қасиеті . . . 41
2. 5 Эритроцитарлық антигендік лептоспироз диагностикумын дайындау үшін оның қорек қорын жетілдіру . . . 42
2. 6 Лептоспироз балауындағы иммуноферменттік талдаудың тиімділігін арттыру тәсілдері . . . 45
2. 7 Өзіндік зерттеулерді талдау . . . 52
3 Еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау бөлімі . . . 54
4 Қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлім . . . 66
5 Экономика бойынша бөлім . . . 72
6 Бизнес - жоспарлау . . . 79
Қортынды және ұсыныстар . . . 84
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 85
Түйін . . . 92
Қосымшалар . . . 93
Анықтамалар
Лептоспироз індетті сары ауру, иктерогемоглобинурия көбіне жіті түрде өтетін жұқпалы ауру.
Лептоспира серотоптарының түрлері - Leptospira Pomona, leptospira tarassovi, leptospira grippotyphosa, leptospira canicola, leptospira icterohaemorrhagiae, leptospira hebdomadis.
Лептоспира түрлерінің штамдары Wijnberg, каширский verdrat-batovia 46, еж 1, van tienen, 3705 москва -v, перепелицин.
Лептоспироз адам мен жауарлардың арасында кең тараған зооантропонозды инфекциялық ауру.
Гипериммундық қан сарысуы реакцияға оң нәтиже беретін реакция.
Иммунитет организмнің ішкі ортасының түрақтылығын бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғау қабілеті.
ИФА иммуноферменттік жоғары бағалануы барлық ғалымдардың жиагностикалық жұмыстарында Кең қолданылап келеді. Алғаш рет лептоспироз диагнозын ИФА арқылы 1974 жылы Tripathe et Mansson анықтаған.
Серологиялық диагностика бұл қанда, сүтте, зәрде лептоспирозға қарсы антидененің табылуы болып табылады.
Толық гемагглютинация реакциясы оң нәтиже беретін қан сарысуы.
Белгілер мен қысқартулар
МАЛР Микроагглютинация лизис реакциясы
МАР макроагглютинация реакциясы
ЕГР Еріту гемаглютиеация реакциясы
АР аглютинация реакциясы
ТГАР Толық гемагглютинация реакциясы
ИФА иммунноферменттік анализ
ҒЗИ гылыми зерттеу институты
Мг Миллиграм
СМ сантиметр
Мың\л мың литр
Млн\л миллион литр
Л литр
ӘБ әсер бірлігі
Т температура
Т. б. тағы басқа
АШМ ауылшаруашылық министрлігі
ҮСҚ үшсірке қышқылы
ДХН Дезоксихолатон
Мин минут
АҚШ Америка Құрамы Штаттары
ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы
ДСБ Дүниежүзілік денсаулық сақтау бөлімі
Мл миллилитр
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшіп, малды жеке фермерлер немесе акционерлік құрылым мен қожалықтарға ұстауға орай, жалпы мал шаруашылығын реформалауға байланысты, зооантропоноздар ошағының өсуіне жағдай туғызылып және санитарлық мал дәрігерлік бақылау біршама қиындатады. Республикамызды малдың жұқпалы инфекциялық ауруларының ішінде лептоспироз күрделі эпизоотологиялық және эпидеимологиялық қауіп төндіріп, ең қауіпті зоонозды аурулардың қатарына жатады.
Отандық және шетелдік зерттеушілердің пікірінше, осы мезгілге дейін лептоспироз проблемасы жөнінде көптеген ғылыми практикалық жұмыстар жүргізілсе де, жануарлар мен адам арасында оның ұшқындауы, энзоотиясы, тіпті кең етек алуы да тыйылған жоқ. Қазақстан республикасының бірқатар облыстары жануарлар лептоспирозынан әлі таза емес. Оның ішінде, әсіресе Оңтүстік облыстардың және Шымкент қаласы аумағындағы мал қожалықтарында лептоспироздың өршіп, көптеген экономикалық шығын болуда.
Медицина және мал дәрігерлігі мамандарының қазіргі кездегі алға қойған басты міндеттерінің бірі зооантропонозды инфекциялық аурулардың, оның ішінде лептоспироздың алдын алу, олар шыға ұалған күнде адам мен жануарларды емдеп, сауықтыру. Өкінішке орай соңғы он бес жылда лептоспирозбен ауырған мал азайған жоқ, оңтүстік өлкенің кейбір шаруашылықтарында керісінше өршуде.
Осыған байланысты аурудың станционарлық ошақтарын зерттеу, оны қоздырушының этиологиялық құрылымын анықтау және дер кезінде балау оған қарсы күрестің басты шарты болып табылады. Бұл тұрғыдан отандық ғалымдар (Борташевич, Черных, А. П. Шатров, А. Ф. Кирпичев В. А. Шамардин, Б. К. Ильясов Т. И. Туғанбаев Б. К. Ильясов көптеген ғылыми практикалық жұмыстар атқарған. [1, 2, 3]
Дегенмен, қажіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде жануарлардың арасындағы көптеген жұқпалы індеттік аурулар (құтырық, аусыл, оба, туберкулез, бруцеллез, топалаң) табиғи ошағы сақталуда және оған қарсы күрес шаралары өз дәрежесінде жүргізілмегендіктен ауылшаруашылығы экономикалық және әлеуметтік шығын әкелуде. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының сараптау комитеті жоғарыда аталған індетті ауруларды қоршаған ортада шиеленісуінің бір себебі аурудың алдын алу шараларының және зертханалық балау әдістерінің жоғары дәрежеде болмай отырғандығында делінген.
Мал шарушылығын өркендетуге және одан мол өнім алуда зиянын тигізіп отырған аурулардың қатарында - лептоспироз. [4, 5, 6, 7]
Лептоспироз - көптеген жануарлардың арасында кең таралған зооантропонозды инфекциялық ауру. Ауылшаруашылық малдарының арасында лептоспироз ең алғаш рет ірі мүйізді қарада, одан кейін басқа малдарда анықталған. Кейінгі жылдарда лептоспирлер шошқада, қойда, жылқыда анықталған. Лептоспирозбен түйе де сирек ауыратындығы белгілі.
Адам денсаулығына өте қауіпті болғанына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық малдарындағы лептоспироз жеткілікті зерттелмеген, тек республиканың кейбір аймақтарына ғана қамтыған жеке зерттеулер жүргізілген. Осылай, 1980жылға дейін эпизоотологияны зерттеу және лептоспирозбен күресу шаралары тек Оңтүстік-Қазақстан облысында ғана жүргізілді [8, 9] . Кейінгі жылдарда республиканың түрлі аймақтарында мал лептоспирозының тарату мәселелері, табиғи-климаттық, этиологиялық факторларға байланысты эпизоотикалық процестердің көрінуі және серологиялық сараптаманы құрумен бірқатар зерттеушілер айналысқан [1, 10, 11, 12, 13] .
Қазақстан территориясы аумағында жасалған мал лептоспирозымен күресу туралы нұсқаулар ауруды сараптау және оған қатысты күресу шаралары маңызды роль атқарса да, жалпы алғанда әсері күшті болмады, себебі Қазақстанның бірде-бір облысында толық сауықтандыру болмады. Оған себеп сараптау әдістерінің нашар жетілуі, түрлі факторларға байланысты эпизоотиялық үрдістің көрінуінің жеткіліксіз зерттелмегендігі, әсерлі терапияның болмауы. Лептоспироз табиғи-ошақты ауру болғандықтан, онымен күресу үшін Қазақстанның кең территориясының жеке аумақтарындағы эпизоотиялық процестің табиғи-климаттық ерекшеліктерін нақты анықтап алу керек. [14, 15, 16]
Жоғарыда айтылғанға байланысты, біз алдымызға төмендегідей мақсат қойдық: Қазақстан территориясындағы мал және түйе лептоспирозының індеттік ахуалын, балауын және күрес шараларын ұйымдастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді алға қойдық:
- Б. К. Ильясов дайындаған нозогеографиялық картаға байланысты әртүрлі жануарлар арасында лептоспироздардың эпизоотологиялық ахуалын оның ішінде түйе лептоспирозына көңіл бөлу;
- Оңтүстік Қазақстан республикасы шаруашылықтарындағы жануарлар лептоспирозының оның ішінде түйе лептоспирозының этиологиялық құрылымын анықтау;
- Б. К. Ильясов, Т. И. Туғамбаев әдісімен дайындалған лептоспироздың антигендік эритроцитарлық диагностикумымен түйе лептоспирозын анықтау (экспресс - диагностика) ; [17, 18, 19]
- Лептоспирозға жұқпалы індетті ауруына шалдыққан жануарлардың клиникалық белгілерін оның ішінде түйе лептоспирозының өту ерекшеліктерін тексеру.
- Түйе лептоспирозына қарсы емдік және күрес шараларын жүргізу
Қорыта келгенде, жоғарыды аталған жұмыстың негізгі мақсаты жануарлар лептоспирозын басқа әдістермен бірге серологиялық (ТЕГАР) реакциямен балау жасап, лептоспироз індетін анықтау.
- Негізгі бөлім
Әдебиетке шолу
- Лептоспирозды зерттеу тарихы
Ең алғаш рет адамның бұрын белгісіз болған ауруының клиникалық суреті 1886 ж. Вейлмен қоздырғышты анықтағанға дейін сипатталған болатын, ал Васильев эпидемиологиялық зерттеулер жолымен оны катаралдық сары аурудан дифференциалдады, соның нәтижесінде ауру «Вейль - Васильев ауруы» деген атқа ие болды /1/. Малдардың арасында ол алғаш рет иттерде «ит сүзегі» немесе «штуттгарттық ауру» деген атпен сипатталған болатын.
Жаңа Орлеанда W. Wchuffner /2/ сары безгек симптомымен көз жұмған адамды аша отырып, бүйректерінің Левадити бойынша күміспен импрегнацияланған кесулерінде спирохеттерді анықтады және оларды Spir. interrogans деп атады (олардың сұрақ белгісіне ұқсауы себепті) .
1914 ж. Инада, Хоки, Канеко және Ито /3/ вейль сары ауруымен ауру қанымен инфицизацияланған теңіз шошқасының бауырынан спирохеттерді анықтады. Осындай спирохеттерді сары аурумен ауру адамдардың қанынан, зәрінен және органдарынан анықтау оларды Вейль ауруын спецификалық қоздырғышы ретінде есептеуге және бұл спирохетты «Spirocheta icterohaemorrhagie» деп, ал ауруды «иктеро - гемморрагиялық спирохетоз» деп атауға мүмкіндік берді. Бұл аурудың атауы - иктерогемоглобинурия - екі басты сипатты көрсетеді: сары ауру (иктере) және қанды зәр (гемоглобинурия) . Бірінші орында сары ауру, ал екіншіде - қанды зәр тұр. Шындығында, төменде көрінетіндей, кейді біз сары ауру жоқ, тек қанды зәр ғана болатын ауру түрін кездестіреміз.
Кейінірек, бұл авторлардан тәуелсіз сары аурумен ауыратындарда спирохета Уленгутпен және Фроммемен анықталған болатын [4. 5. 6. 7. 8. 9. 10] . Екі спирохетте бірі-бірімен және Spirocheta icterohaemorrhagie-мен бірдей болып шықты.
Ветдәрігер-тәжірибеші Малахов В. Н. қызық тарихи анықтама ұсынды. Өткен жүзжылдық соңғы үштен бірінде Орджоникидз аймағында қанды зәрмен, сары аурумен жалғасқан және жергілікті жерде «шафран» атына ие болған ірі мүйізді қараның ауруы кездескен. Соған қарамастан ол 1932 ж. дейін ешкіммен сипатталмаған. [11, 12, 14, 15]
Ауылшаруашылық малдарының арасында лептоспироз алғаш рет ірі мүйізді қарада, одан кейін басқа малдарда анықталған, ал 1935 ж. Никольски С. Н, Десятов. Ф. М. және Марченко. Г. Ф. -мен безгекпен, көрінетін шырышты қабықтың сары ауруымен, гемоглобинуриямен сипатталатын өткір өтетін ауру ретінде сипатталған. Бұзаулар да, үлкен малдар да ауырып жатты. Осы жылы ірі мүйізді қараның лептоспирозды ауруы Михин Н. А. және Ажинов С. А. -мен [16, 17, 18, 19] сипатталған.
Кейінгі жылдары лептоспирлер шошқаларда, қойларда және аттарда анықталған.
Солармен инфекция 1928 ж. пайда болған, бірақ пироплазмос есебіне жатқан деген тұжырым айтылған. 1938 ж. «инфекциялы сары ауру» Кавказдың солтүстік аймағының көптеген аудандарын тек ірі мүйізді қараны ғана емес, сонымен қатар қойларды, ешкілерді, аттарды және басқа да үй жануарларын зақымдай отырып, шарпыған болатын.
Кейіннен бұл ауру Украинада [20, 21, 22, 23, 24], Арменияда [25, 26, 27, 28, 29, 30], Ресейде - [31, 32, 33, 34, 35, 36] сипатталған.
Шакарян Г. А. бірлесекен авторлармен бірге бұзауларда қанды зәр Арменияда 1934 ж. байқалғанын хабарлайды. Авроров А. А., Земсков М. В. Воронеж облысында сипаттады. Воронеж облысының шаруашылықтарында бұзаулар мен қозылар арасында лептоспирозды аурулар анықталған. Ауру 3 аптадан 5 айлық жастағы бұзауларды жаралады және күрделі және жеңіл түрде өткен. Септеу 60% - ға дейін жеткен. Дорофеев К. А. лептоспирозды Мәскеу облысында жасы үлкен ірі мүйізді қараның арасында анықтады. Мамыр мен маусым аралығында шаруашылықта қанды зәр шығарған 2 ауру сиыр мен 11 бұзау анықталған. Екі сиыр да құлады, ал 5 бұзау сойылды. [37, 38, 39, 40]
Любашенко С. Я. , Аизатуллов М. И. және Степанов И. И. Татарстанда жайлаудағы 2-7 айлық бұзаулар арасындағы ірі мүйізді қараның бірнеше лептоспирозының толқуын сипаттайды. Сондай-ақ 1938-1939 жж. қыста мал қорадағы орындарда ұстауда бұзаулар арасында кездейсоқ пайда болатын жағдайлар тіркелген. Худайбердиев Н. Д. бір шаруашылықта аттарда, ал екіншісінде 3 итте лептоспирозды сараптаған.
Малахов Ю. А. ойынша үй жануарларында лептоспироз иттердің инфекциялы сары ауруы /41/, иттердің штуттгартдық ауруы /42/, ірі мүйізді қараның иктерогемоглбинуриясы /1, 43/ секілді бұрыннан белгілі болған аурулар болып шықты. Бартошевич Е. Н. /6/ хабарлауы бойынша неміс әдебиетінде сулы безгек түріндегі лептоспироз «сазды, құрбан болғанның, лайлының, далалы және сулы безгек» диагнозымен белгілі.
Паусниц және Любинский /44/, Кате /45/, Бриля /46/, Отто Вернер /47/, Отто Гесс /48/, Лобмаейр /49/, Шульц /50/, Вернер Д. /51/ Силезияда, Жоғарғы Баварияда, Саксонияда, Пруссияда, әсіресе Одер, Эльба, Дунай, Варта және Висса өзендерінің алқабындағы күшті жауындардан кейін далалы немесе лайлы безгектердің бірнеше жағдайын бақылаған. Катеның /52/ хабарламасы бойынша далалық безгектің кездейсоқ пайда болатын жағдайлары Германияның эндемикалық орындарында жыл сайын, маусым мен қазан арасында кездеседі.
Солтүстік италияда бұл инфекция «күріш даласының лептоспирозы (безгек) » /53/ деген диагнозбен белгілі; Швецарияда - «сапалы лептоспироз» /54/ немесе «далалы безгек» [55, 56, 57] .
Голландияда «далалы безгек» жұғуының алғашқы табиғи жағдайы 1941 ж. Белгілі /58/, ал Данияда және Швецияда «лептоспироз Sejro» диагнозымен сипатталған /59/.
1922 ж. бастап америка әдебиетінде Ұлыбритания мен Норвегиядағы [60, 61, 62, 63, 64, 65] лептоспирозды инфекция жағдайлары сипатталған.
Солтүстік Америкада, Калифорнияда, Батыс Невадада ірі мүйізді қараның «иктерогемоглобинурия» деп аталатын ауру анықталған. Ол кезектесетін безгекпен, қанды зәрмен және сары аурумен жалғасады, өте өткір өтеді.
Оңтүстік Америкада, Чилиде осыған ұқсас ауру жасы үлкен ірі мүйізді қарада анықталған. Ауру «чилиялық қанды зәр» деп аталады. Жоғары температурамен, қанды зәрмен, сары аурумен және жүйке жүйесін зақымдаумен сипатталады. Өте өткір болады және жоғары өлімдікпен жалғасады.
Канадада, Солтүстік Африкада «гемоглобинуриялық сары аурулы безгек» атымен дәл сол негізгі сипаттармен: қанды зәрмен, өткір және орташа өткір түрде өтетін сары аурумен, өлім 5-тен 20% дейінгі сипаттармен сипатталатын ірі мүйізді қараның ауруы сипатталады. [66, 67, 68, 69, 70]
Италияда, Аустралияда «энтеротоксемиялық сары ауру» деп аталатын ауру ірі мүйізді қараның жастарын, әсіресе оның сүтті рационнан қатты жемге көшуі кезінде жаралайды. Негізгі симптомдар - қанды зәр және сары ауру.
Кейінгі жылдарда ірі мүйізді қараның лептоспирозы /112/ Аустралияда (1942), АҚШ-та (1943-1944), Аргентинада (1947), Канадада (1952), Ұлыбританияда (1949), Жаңа Зеландияда (1954), Швецарияда (1953), Турцияда (1950), Болгарияда (1946), Югославияда (1953), Венгрияда (1951), Алжирде (1949) және Тунисте (1951) ресми түрде тіркелген.
Хабарламадан белгілі болғандай, Қазақстанда лептоспироздар алғаш рет 1929 ж. Саватаев Н. И. - мен анықталған. 1929 ж. күзде Жамбыл облысының Шу станциясында Түркістан - Сібір магистралін салатын құрылысшылар арасында 100 адамды қамтыған иктерогеморрагиялық лептоспироз толқуы байқалған. Саватаев Н. И. аурулардың қаны мен зәрінде және реконвалиценттерде L. icterohaemorrhagiae анықтады. [71, 72, 73, 74, 75]
Алматы қаласында алғашқы лептоспироз толқуын Крепкогорская Т. А. 1936 ж. бақылады: қазан мен желтоқсан аралығында 61 ауру, 1937 ж. - 36 /62/, Крепкогорская Т. А. - мен 1941 ж. Карсакпайда лептоспирозды инфекция толқуы орнатылған; Семейде, Өскеменде, Талғарда, Шымкентте - 1942 ж. 1942 ж. Қызылордада салыстырмалы үлкен толқу байқалған. Жергілікті дәрігер Зак-Ленскидің деректері бойынша алғашы аурулар қыркүйекте анықталған, максимум қарашада, толқу соңы - желтоқсанда анықталған /63/.
Ірі мүйізді қара лептоспирозының қоздырғыштары 1942ж. Батыс Қазақстан облысына әкелінген малмен бірге келген. Ірі мүйізді қарада ауру облыстың барлық аудандарында тіркелген, қойларда - 10 ауданда. Біркелкі жағдайларда лептоспироз шошқаларда, аттарда және түйелерде анықталған /8/. Сонымен қатар, осы облыста Шапиро Д. М. -мен ірі мүйізді қара, аттар және түйелер арасында серологиялық және бактериологиялық әдіспен орнатылған. Қоздырғыштар L. Kazachstanica I және L. Kazachstanica IІ болып шықты. [76, 77, 78, 79, 80]
1. 2 Ауылшаруашылық және үй жануарларының этиологиялық құрылым лептоспирозы.
Ресейде алғашқы рет лептоспироз қоздырғышы Мәскеу облысындағы Белгород уезінде науқас жануардың қанында С. И. Тарасовпен Эпштейндер анықтаған. С. И. Тарасов анықтаған спирохетті L. grippotyphosa деп атаған. 1929 жылы В. И. Треских ұқсас лептоспираларды - «Дмитр штамм»-ды Мәскеу облысы Дмитр уезінде үш науқастың қанында тапқан.
Соңғы жұмыстар дәлелденгендей, Ресейде иктерогеморрагия бір-біріне сәйкес емес антигендік қасиеттері бар лептоспираның бірнеше түрімен қоздырылады. -ІІ түрдегі лептоспирамен және «Перелицин» штамы, «Каширский» штамы ерекшеленеді. Қиыр Шығыстағы иктерогеморрагиямен ауырған науқастың қанынан анықталған соңғы штамм, шет елдік төбет L. Canicola штамына сәйкес болып шықты. [81, 82, 83, 84, 85]
В. И. Терских 121 штамның егжей-тегжей серологиялық зерттеудің негізінде, оның 110 1929-1940 ж. ж аралығында адамдармен жануарлардан алынған болатын, КСРО аумағында лептоспироз алты түрлі серологиялық лепетоспира арқылы қоздырылады деген түйінге келген. Олар: L. grippotyphosa, «Дмитр» штамы, «Моняк» штамы, «Перепелицин» штамы, «Кашир» штамы, «Крисиный 41» штамы және L. akjami B штамы.
Шюффнер дербес 19 түрлі лептоспираларды көрсеткен. Олардың тең жартысы сары ауру емес науқас түрлерін қоздыра алады.
Қазіргі уақытта барлық белгіленген лептоспироларды екі түрге топтастыруға болады: патогендік-L. Interogans және патогенсіз(сапрофиттік) - L. biflexa. Патогендік лептоспиралардың топтастыру негізіне олардың антигендік құрылымы қойылған. Осы қасиетке байланысты лептоспироз қоздырғыштары серологиялық түрлерге, серотүрлерге бөлінеді. Жақын серотүрлер серологиялық топтарға біріктірілген.
Лептоспира - сапрофиттер еркін тіршіліктер деп те аталады. ТМД әдебиетінде судан бөлінетін патогендік лептоспиралар туралы екі хабарлама бар. Алматыда Крепогорская құдық суынан бастапқы L. icterohaemorrhagiae лептоспирасын тапса, Ростов облысында Каменецкая L. grippotyphosa тең штамы анықталды.
Шет елде 1924 жылы жұқпалы сары ауру лап еткен кезде L. icterohaemorrhagiae түрінің спирохеті дымқыл шахта едендерімен қабырға кірлерінде табылды. [86, 87, 88, 89, 90]
Лептоспиралар топтастыруымен Wolf пен Broon жеке штамдардың антигендік айырмашылық негізінде ұсынып, 34 серотүрмен 12 серологиялық топтарды суреттеп берген. 1966 жылы ВОЗ ғылыми топтың жариялаған тізімі бойынша 18 серологиялық топқа бөлінген 124 патогендік лептоспиралар серонұсқаны құрады.
Қазіргі уақытта патогендік лептоспиралар түрі 202 серонұсқа құрайды. Олар өздерінің антигендік туыстығына байланысты 23 серологиялық топтарға біріктірілген. Әрине, серонұсқа мен лептоспиралар серотоптары жаңа штамдардың сәйкестендіруіне, анықталуына байланысты көбейе береді. Мысалы, 1934 жылдан 1988 жылға дейін серонұсқалар 34-тен 202 -ге өссе, серотоптар 12-ден 23-ке дейін көтерілді. Лептоспирозаның этиологиялық құрылымының сан алуан түрлері әлемнің кез-келген жерлерінде анықталып отыр. [91, 92, 93, 94, 95]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz