Лептоспироз індетінің эпизотологиялық ахуалы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 110 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 15 - 07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

а. ш. ғ. д. С. Е. Тулеметова

«___» 2017ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Лептоспироз індетінің эпизотологиялық ахуалы

5В120100 мамандығы - «Ветеринарлық медицина»

Орындаған Әбдилда Асылжан

Ғылыми жетекшісі

Ильясов Б. К

в. ғ. д. профессор

Шымкент, 2017ж.

Аннотация

« Лептоспироз індетінің эпизотологиялық ахуалы » тақырыбына жазылған дипломдық жұмыс 124 беттен тұрады. Дипломдық жұмыста 9 сурет, 10 кестелермен қамтылған.

Бұл дипломдық жұмыста кіріспе, негізгі бөлім, өзіндік зерттеу қамтылған, өзіндік зерттеу бөлімінде материалдар және зерттеу әдістері, лептоспироз ауруының Қазақстан аймағына таралуы, аурудың этиологиялық құрылымы оның ішінде адам лептоспирозының этиологиялық факторлары баяндалған. Осымен бірге адам және мал лептоспирозының клиникалық белгілері, патологиялық - анатомиялық өзгерістері, ауруға күрес жариялау және емдеуі қамтылған.

Лептоспироздың экспресс диагностикасына Б. К. Ильясов, Т. И. Туғамбаев әдісімен дайындалған диагностикумы қолданылған. Дипломдық жұмыста өзіндік зерттеулерге талдау жасалған, еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау бөлімі, қоршаған ортаны қорғау, экономика бойынша бөлім, бизнес жоспарлау, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар қарастырылған. Дипломдық жұмыстың аяғында қорытынды және өндіріске ұсынулар келтірілген. Қорытынды бөлімде жүргізілген жұмыстың нәтижесі көрсетілген.

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 5

Анықтамалар . . . 7 Белгілермен мен қысқартулар . . . 8

Кіріспе . . . 9

1. Негізгі бөлім . . . 11

  1. Лептоспироз инфекциясының шығуы және зерттелу нәтижелері…. …… . . . 11

1. 2 Төрт түлік малдың, үй жануарлары және адам лептоспирозының эпизоотиялық ахуалы және этиологиялық құрылымы . . . . . . … . . . 14

1. 3 Адам және жануарлар лептоспирозының клиникалық белгілері және патологиялық ерекшеліктері . . . …26

1. 4Адам және жануарлар лептоспирозын балауының

ерекшеліктері . . . … . . . …. 31

1. 5 Адам және жануарлар лептоспирозына қарсы күрес шаралары және емі . . . 33

2. Өзіндік зерттеу . . . 39

2. 1Материалдар және зерттеу әдістері . . . 39

2. 2 Оңтүстік Қазақстан кеңшарларындағы мал лептоспирозының эпизоотологиялық ахуалы . . . …40

2. 3 Табиғи ошақтардың Оңтүстік региондағы ауыл шаруашылық малдары лептоспирозының эпизотологиясындағы орны . . . …. 42

2. 4 Үй жануарлары лептоспирозының эпизотологиялық

байланыстары … . . . 50

2. 5 Лептоспироз кезінде иммунологиялық зерттеуге диагностикалық баға беру . . . …. 54

2. 6 Мал лептоспирозының эпизоотологиялық процесіне сыртқы орта мен жыл маусымының әсері . . . …. 59

2. 7 Лептоспироздың эритроцитарлық антигендік диагностикумын дайындау мүмкіндігі………. . . . . . . …. 64

2. 8 Ауыл шаруашылық малдары мен адамдардың арасында лептоспироздың таралу байланысы . . . . . . 69

2. 9 Лептоспирозбен ауырған жануарлардың организміне лазер сәулесінің әсері . . . . . . 71

2. 10 Өзіндік зерттеулерді талдау. . . 75

3 Еңбек және тіршілік қауіпсіздігін қорғау бөлімі . . . 77

4 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі . . . 91

5 Экономика бойынша бөлімі . . . 98

6 Бизнес - жоспарлау бөлімі . . . 109

. . . 114

Пайдаланылған әдебиеттертізімі . . . 115

Түйін . . . 123

Қосымша А Лептоспирозбен ауырған бұзау. ……… 124

Қосымша Б Лептоспирозбен ауырған ит. 125

Нормативтік сілтемелер

Осы дипломдық жұмыста келесі құжаттарға сілтеме жасалған.

МЕМСТ 2. 301 -68 КБҚЖ (ЕСКД) Форматтар.

МЕМСТ 2. 601 -2006 КБҚЖ (ЕСКД) Пайдалану құжаттары.

МЕМСТ 12. 1. 008-76 Еңбекті қорғаудың стандартты жүйесі. Биологиялық қауіпсіздігі

МЕМСТ 2. 104 -2006 КБҚЖ (ЕСКД) Негізгі жазбалар

МЕМСТ 2888-68 Ветеринарлық термометр

МЕМСТ 16445-78 Комплементті байланыстыру реакциясына қажетті қан сарысуы

МЕМСТ 2. 304-81 КБҚЖ (ЕСКД) Сызбалық шрифттер

МЕМСТ 1770-74 Мөлшерлі лабороториялық шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензулкалар, колбалар, пробиркалар.

МЕМСТ 2. 701-84 КБҚЖ (ЕСКД) Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЕМСТ 5556-81 Гигроскопиялық медициналық мақта. Техникалық жағдайлар.

МЕМСТ 2. 321-84 КБҚЖ (ЕСКД) Әріптік белгілеу.

МЕМСТ 6709-72 Дистилденген су. Техникалық жағдайлар.

МЕМСТ 20730-75 Қоректік орта (ветеринарлық мақсаттар үшін) техникалық жағдайлар.

МЕМСТ 5962-67 Этил спирті. Техникалық жағдайлар.

МЕМСТ С9147 -80 Лабороториялық ыдыстар және қондырғылар. Шынылы фарфорлы. Техникалық жағдайлар.

МЕМСТ 24861-91 Бір реттік иньекциялық шприцтер.

МЕМСТ 7631 -85 Сапаны бағалаудың оргонолептикалық көрсеткіштері.

МЕМСТ 26678-85 Тоңазытқыштар және мұздатқыштар. Жалпы техникалық жағдайлар.

МЕМСТ 7636-85 Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау.

МЕМСТ 28085-89 Биологиялық препараттар

МЕМСТ 26668-95 Сынама алу

МЕМСТ 26670-91 Өсіру әдістері.

МемСТ 7636 - 85 - Сынама алу әдістері. Сынаманы зерттеуге дайындау МемСТ МемСТ 7631-85- Сапаны бағалаудың органолептикалық көрсеткіштері

МемСТ 282373 - шыны термометр

МемСТ 556681 - ылғал тартқыш мақта

МемСТ 20292 -74Е - әртүрлі көлемдегі шынылар

МемСТ 25336-82Е - бактериологиялық пробиркалар

МемСТ 1770-74Е - шыны цилиндрлер

МемСТ 6709-72 - дистилденген су

МемСТ 3118-77 - тұз қышқылы

МемСТ 5962-67 - ректификацияланған спирті

МемСТ 20929-76 - сутегінің асқын тотығы

Анықтамалар

Лептоспироз - адам мен жануарлардың арасында кең тараған зооантропонозды инфекциялық ауру.

Серологиялық диагностика - бұл қанда, сүтте, зәрде лептоспирозға қарсы антидененің табылуы болып табылады.

ИФА - иммуноферменттік жоғары бағалануы барлық ғалымдардың диагностикалық жұмыстарында кең қолданылап келеді. Алғаш рет лептоспироз диагнозын ИФА арқылы 1974 жылы Tripathe et Mansson анықтаған.

Стерильді иммунитет - ауырып жазылғаннан соң организм микробтан мүлде арылып иммунитет қалыптасуы

Стерильсіз иммунитет - аурудан жазылған соң организм микроб алып жүруші болып қалуы

Премунция - микроб сақталған жағдайда ғана болатын стерильсіз иммунитеті

Иммунитет организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын бөгде заттардан, оның ішінде зардапты микробтардан қорғау қабілеті.

Трансовариальді иммунитет - бұл жұмыртқа арқылы қалыптасқан иммунитет

Колостральды иммунитет - уыз арқылы берілген иммунитет

Биологиялық сынама - ауруды зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагноз қою

Дезтосқауыл - ферманың өндірістік аймағына көлік қақпаның аузындағы дезинфекциялық тосқауыл арқылы өтеді

Дезинфекция - оның баламасы зарарсыздаңдыру яғни, жұқпайтын ету

Дезинсекция - сыртқы ортадағы зиянды жәңдіктерді жою

Дератизация - кемірушілерді (тышқандарды, атжалмандарды) жою

Анемия - қан аздық

Интоксикация - денені уландыру

Белгілер мен қысқартулар

АҚШ - Америка Құрамы Штаттары

ТМД -Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы

ДСБ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау бөлімі

ТГАР - Толық гемагглютинация реакциясы

МАЛР - Микроагглютинация лизис реакциясы

МАР - макроагглютинация реакциясы

ЕГР - Еріту гемаглютинация реакциясы

АР - агглютинация реакциясы

ИФА - иммунноферменттік анализ

ҒЗИ - ғылыми зерттеу институты

АШМ - ауылшаруашылық министрлігі

ҮСҚ - үшсірке қышқылы

ДХН - Дезоксихолатон

Мин - минут

Мл- миллилитр

Мг - миллиграм

СМ - сантиметр

Мың\л - мың литр

Млн\л - миллион литр

Л - литр

ӘБ - әсер бірлігі

Т - температура

Т. б. - тағы басқа

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Мал дәрігерлік және медициналық ғалымдар бірлесе жұмыс істей отырып, жұқпалы індеттік аурулардың эпизоотологиясы мен эпидемиологиясын зерттеуде, клиникасы мен балауында, әр түрлік малдарда індеттің байқалуы мен оны емдеуде, алдын алу шараларын, емдік препараттарын өндіру мен ұсынуда айтарлықтай табыстарға жетуде. Дегенмен, қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдерінде жануарлардың арасындағы көптеген жұқпалы індеттік аурулар (құтырық, аусыл, оба, туберкулез, бруцеллез, топалаң) табиғи ошағы сақталуда және оған қарсы күрес шаралары өз дәрежесінде жүргізілмегендіктен ауылшаруашылығы экономикалық және әлеуметтік шығын әкелуде. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының сараптау комитеті жоғарыда аталған індетті ауруларды қоршаған ортада шиеленісуінің бір себебі аурудың алдын алу шараларының және зертханалық балау әдістерінің жоғары дәрежеде болмай отырғандығында делінген.

Мал шарушылығын өркендетуге және одан мол өнім алуда зиянын тигізіп отырған аурулардың қатарында - лептоспироз.

Лептоспироз - адам мен жануарлардың арасында кең таралған зооантропонозды инфекциялық ауру. Ауылшаруашылық малдарының арасында лептоспироз ең алғаш рет ірі мүйізді қарада, одан кейін басқа малдарда анықталған. Кейінгі жылдарда лептоспирлер шошқада, қойда, жылқыда анықталған.

Лептоспирозбен сондай-ақ адамдар да ауырады, бұл өте күрделі эпидемиологиялық қауіп болып табылады.

Pomona серотобының лептоспироздары Қазақстанның оңтүстік бөлігінде адамдардың ауруының этиологиясында маңызды роль атқарады, бұл серологиялы және штамдардың белгіленуімен дәлелденген [1, 2, 3, 4] .

Адам денсаулығына өте қауіпті болғанына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылық малдарындағы лептоспироз жеткілікті зерттелмеген, тек республиканың кейбір аймақтарына ғана қамтыған жеке зерттеулер жүргізілген. Осылай, 1980жылға дейін эпизоотологияны зерттеу және лептоспирозбен күресу шаралары тек Батыс-Қазақстан облысында ғана жүргізілді [5, 6, 7, 8] .

Кейінгі жылдарда республиканың түрлі аймақтарында мал лептоспирозының тарату мәселелері, табиғи -климаттық, этиологиялық факторларға байланысты эпизоотикалық процестердің көрінуі және серологиялық сараптаманы құрумен бірқатар зерттеушілер айналысқан [9, 10] .

Қазақстан территориясы аумағында жасалған мал лептоспирозымен күресу туралы нұсқаулар ауруды сараптау және оған қатысты күресу шаралары маңызды роль атқарса да, жалпы алғанда әсері күшті болмады, себебі Қазақстанның бірде-бір облысында толық сауықтандыру болмады. Оған себеп сараптау әдістерінің нашар жетілуі, түрлі факторларға байланысты эпизоотиялық үрдістің көрінуінің жеткіліксіз зерттелмегендігі, әсерлі терапияның болмауы. Лептоспироз табиғи - ошақты ауру болғандықтан, онымен күресу үшін Қазақстанның кең территориясының жеке аумақтарындағы эпизоотиялық процестің табиғи-климаттық ерекшеліктерін нақты анықтап алу керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Лептоспироз індетінің эпизотологиялық ахуалы

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді алға қойдық:

- Б. К. Ильясов дайындаған нозогеографиялық картаға байланысты әртүрлі жануарлар арасында лептоспироздардың эпизоотологиялық ахуалын анықтау;

- Қазақстан республикасы шаруашылықтарындағы адам және жануарлар лептоспирозының этиологиялық құрылымын тексеру;

- Б. К. Ильясов, Т. И. Туғамбаев әдісімен дайындалған лептоспироздың антигендік эритроцитарлық диагностикумымен ауруды анықтау (экспресс - диагностика) ;

- Лептоспирозға жұқпалы індетті ауруына шалдыққан жануарлардың клиникалық белгілерін бақылау.

- Лептоспирозға қарсы емдік және күрес шараларын жетілдіру .

1 Негізгі бөлім

Әдебиетке шолу

  1. Лептоспироз инфекциясының шығуы және зерттелу нәтижелері

Лептоспироз табиғи ошақты зооантропонозды жұқпалы инфекциялық жануарлар және адам патологиясы. Аталған ауру жануарлардың барлық түрлерінде және көптеген елдерде тіркелген. Ол мал шаруашылығына нұқсан келтіріп олардың өліміне, түсікке, ауруға қарсы өткізілген ұйымдардың шығынына алып келген. Ең бастысы лептоспироз адам өміріне де өте қауіпті [11, 12] .

Ең алғаш рет адамның бұрын белгісіз болған ауруының клиникалық суреті 1886 ж. Вейлмен қоздырғышты анықтағанға дейін сипатталған болатын, ал Васильев эпидемиологиялық зерттеулер жолымен оны катаралдық сары аурудан дифференциалдады, соның нәтижесінде ауру «Вейль - Васильев ауруы» деген атқа ие болды. Малдардың арасында ол алғаш рет иттерде «ит сүзегі» немесе «штуттгарттық ауру» деген атпен сипатталған болатын [13, 14] .

W. Wchuffner жаңа Орлеанда сары безгек симптомымен көз жұмған адамды аша отырып, бүйректерінің Левадити бойынша күміспен импрегнацияланған кесулерінде спирохеттерді анықтады және оларды Spir. interrogans деп атады (олардың сұрақ белгісіне ұқсауы себепті) [15, 16] .

Инада, Хоки, Канеко және Ито Вейль (1914 ж. ) сары ауруымен ауру қанымен инфицизацияланған теңіз шошқасының бауырынан спирохеттерді анықтады. Осындай спирохеттерді сары аурумен ауру адамдардың қанынан, зәрінен және органдарынан анықтау оларды Вейль ауруын спецификалық қоздырғышы ретінде есептеуге және бұл спирохетты «Spirocheta icterohaemorrhagie» деп, ал ауруды «иктеро - гемморрагиялық спирохетоз» деп атауға мүмкіндік берді. Бұл аурудың атауы - иктерогемоглобинурия - екі басты сипатты көрсетеді: сары ауру (иктере) және қанды зәр (гемоглобинурия) . Бірінші орында сары ауру, ал екіншіде - қанды зәр тұр. Шындығында, төменде көрінетіндей, кейде біз сары ауру жоқ, тек қанды зәр ғана болатын ауру түрін кездестіреміз [17, 18, 19, 20] .

Бұл авторлардан тәуелсіз сары аурумен ауыратындарда спирохета Уленгутпен және Фроммемен анықталған болатын. Екі спирохетте бірі-бірімен және Spirocheta icterohaemorrhagie-мен бірдей болып шықты [21, 22] .

Малахов В. Н. қызық тарихи анықтама ұсынды. Өткен жүзжылдық соңғы үштен бірінде Орджоникидз аймағында қанды зәрмен, сары аурумен жалғасқан және жергілікті жерде «шафран» атына ие болған ірі мүйізді қараның ауруы кездескен. Соған қарамастан ол 1932 ж. дейін ешкіммен сипатталмаған.

Төрт түлік малдарының арасында лептоспироз алғаш рет ірі мүйізді қарада, одан кейін басқа малдарда анықталған, ал 1935 ж. Никольский С. Н, Десятов. Ф. М. және Марченко. Г. Ф. -мен безгекпен, көрінетін шырышты қабықтың сары ауруымен, гемоглобинуриямен сипатталатын өткір өтетін ауру ретінде сипатталған. Бұзаулар да, үлкен малдар да ауырып жатты. Осы жылы ірі мүйізді қараның лептоспирозды ауруы Михин Н. А. және Ажинов С. А. мен сипатталған [23, 24, 25, 26] .

Кейінгі жылдары лептоспирлер шошқада, қойда және жылқыда анықталған.

Солармен инфекция 1928 ж. пайда болған, бірақ пироплазмос есебіне жатқан деген тұжырым айтылған. 1938 ж. «инфекциялы сары ауру» Кавказдың солтүстік аймағының көптеген аудандарын тек ірі мүйізді қараны ғана емес, сонымен қатар қойларды, ешкілерді, жылқыларды және басқа да үй жануарларын зақымдай отырып, шарпыған болатын.

Кейіннен бұл ауру Украинада, Арменияда, Ресейде сипатталған.

Бірлескен авторлармен бірге Шакарян Г. А. бұзауларда қанды зәр Арменияда 1934 ж. байқалғанын хабарлайды. Авроров А. А., Земсков М. В. Воронеж облысында сипаттады. Воронеж облысының шаруашылықтарында бұзаулар мен қозылар арасында лептоспирозды аурулар анықталған. Ауру 3 аптадан 5 айлық жастағы бұзауларды жаралады және күрделі және жеңіл түрде өткен. Септеу 60% - ға дейін жеткен. Дорофеев К. А. лептоспирозды Мәскеу облысында жасы үлкен ірі мүйізді қараның арасында анықтады. Мамыр мен маусым аралығында шаруашылықта қанды зәр шығарған 2 ауру сиыр мен 11 бұзау анықталған. Екі сиыр да құлады, ал 5 бұзау сойылды [27, 28, 29, 30] .

Татарстанда Любашенко С. Я. Аизатуллов М. И. және Степанов И. И. жайлаудағы 2-7 айлық бұзаулар арасындағы ірі мүйізді қараның бірнеше лептоспирозының толқуын сипаттайды. Сондай-ақ 1938-1939 жж. қыста мал қорадағы орындарда ұстауда бұзаулар арасында кездейсоқ пайда болатын жағдайлар тіркелген. Худайбердиев Н. Д. бір шаруашылықта жылқыларда, ал екіншісінде 3 итте лептоспирозды сараптаған [31, 32, 33, 34] .

Ресей ғалымы Малахов Ю. А. ойынша үй жануарларында лептоспироз иттердің инфекциялы сары ауруы, иттердің штуттгартдық ауруы, ірі мүйізді қараның иктерогемоглбинуриясы секілді бұрыннан белгілі болған аурулар болып шықты. Бартошевич Е. Н. хабарлауы бойынша неміс әдебиетінде сулы безгек түріндегі лептоспироз «сазды, құрбан болғанның, лайлының, далалы және сулы безгек» диагнозымен белгілі.

Паусниц және Любинский, Кате, Бриля, Отто Вернер, Отто Гесс, Лобмаейр, Шульц, Вернер Д. Силезияда, Жоғарғы Баварияда, Саксонияда, Пруссияда, әсіресе Одер, Эльба, Дунай, Варта және Висса өзендерінің алқабындағы күшті жауындардан кейін далалы немесе лайлы безгектердің бірнеше жағдайын бақылаған. Катеның хабарламасы бойынша далалық безгектің кездейсоқ пайда болатын жағдайлары Германияның эндемикалық орындарында жыл сайын, маусым мен қазан арасында кездеседі [35, 36, 37, 38] .

Солтүстік Италияда бұл инфекция «күріш даласының лептоспирозы (безгек) » деген диагнозбен белгілі; Швейцарияда - «сапалы лептоспироз» немесе «далалы безгек».

Голландияда «далалы безгек» жұғуының алғашқы табиғи жағдайы 1941 ж. белгілі, ал Данияда және Швецияда «лептоспироз Sejro» диагнозымен сипатталған.

1922 ж. бастап Aмерика әдебиетінде Ұлыбритания мен Норвегиядағы лептоспирозды инфекция жағдайлары сипатталған.

Солтүстік Америкада, Калифорнияда, Батыс Невадада ірі мүйізді қараның «иктерогемоглобинурия» деп аталатын ауру анықталған. Ол кезектесетін безгекпен, қанды зәрмен және сары аурумен жалғасады, өте өткір өтеді.

Оңтүстік Америкада, Чилиде осыған ұқсас ауру жасы үлкен ірі мүйізді қарада анықталған. Ауру «чилиялық қанды зәр» деп аталады. Жоғары температурамен, қанды зәрмен, сары аурумен және жүйке жүйесін зақымдаумен сипатталады. Өте өткір болады және жоғары өлімдікпен жалғасады.

Канадада, Солтүстік Африкада «гемоглобинуриялық сары аурулы безгек» атымен дәл сол негізгі сипаттармен: қанды зәрмен, өткір және орташа өткір түрде өтетін сары аурумен, өлім 5-тен 20% дейінгі сипаттармен сипатталатын ірі мүйізді қараның ауруы сипатталады.

Италияда, Аустралияда «энтеротоксемиялық сары ауру» деп аталатын ауру ірі мүйізді қараның жастарын, әсіресе оның сүтті рационнан қатты жемге көшуі кезінде жаралайды. Негізгі симптомдар - қанды зәр және сары ауру.

Он тағызыншы және жиырма бірінші ғасырда ірі мүйізді қараның лептоспирозы Аустралияда (1942), АҚШ-та (1943-1944), Аргентинада (1947), Канадада (1952), Ұлыбританияда (1949), Жаңа Зеландияда (1954), Швецарияда (1953), Турцияда (1950), Болгарияда (1946), Югославияда (1953), Венгрияда (1951), Алжирде (1949) және Тунисте (1951) ресми түрде тіркелген .

Қазақстанда лептоспироздар алғаш рет 1929 ж. Саватаев Н. И. - мен анықталған. 1929 ж. күзде Жамбыл облысының Шу станциясында Түркістан - Сібір магистралін салатын құрылысшылар арасында 100 адамды қамтыған иктерогеморрагиялық лептоспироз толқуы байқалған. Саватаев Н. И. аурулардың қаны мен зәрінде және реконвалиценттерде L. icterohaemorrhagiae анықтады.

Ірі мүйізді қара лептоспирозының қоздырғыштары 1942ж. Батыс Қазақстан облысына әкелінген малмен бірге келген. Ірі мүйізді қарада ауру облыстың барлық аудандарында тіркелген, қойларда - 10 ауданда. Біркелкі жағдайларда лептоспироз шошқаларда, жылқыларда және түйелерде анықталған. Сонымен қатар, осы облыста Шапиро Д. М. - мен ірі мүйізді қара, жылқылар және түйелер арасында серологиялық және бактериологиялық әдіспен орнатылған. Қоздырғыштар L. Kazachstanica I және L. Kazachstanica IІ болып шықты.

Алматы қаласында алғашқы лептоспироз толқуын Крепкогорская Т. А. 1936 ж. бақылады: қазан мен желтоқсан аралығында 61 ауру, 1937 ж. - 36 ауру, Крепкогорская Т. А. - мен 1941 ж. Қарсақпайда лептоспирозды инфекция толқуы орнатылған; Семейде, Өскеменде, Талғарда, Шымкентте - 1942 ж. Қызылордада салыстырмалы үлкен толқу байқалған. Жергілікті дәрігер Зак-Ленскидің деректері бойынша алғашқы аурулар қыркүйекте анықталған, максимум қарашада, толқу соңы - желтоқсанда анықталған [39, 40, 41, 42, 43] .

1. 2 Төрт түлік малдың, үй жануарлары және адам лептоспирозының эпизоотиялық ахуалы және этиологиялық құрылымы

ТМД елдерінде алғашқы рет лептоспироз қоздырғышы Мәскеу облысындағы Белгород уезінде науқас жануардың қанында С. И. Тарасовпен Эпштейндер анықтаған. С. И. Тарасов анықтаған спирохетті L. grippotyphosa деп атаған. 1929 жылы В. И. Треских ұқсас лептоспираларды - «Дмитр штамм»-ды Мәскеу облысы Дмитр уезінде үш науқастың қанында тапқан [44, 45, 46, 47] .

Ресейде иктерогеморрагия бір-біріне сәйкес емес антигендік қасиеттері бар лептоспираның бірнеше түрімен қоздырылады. ІІ түрдегі лептоспирамен және «Перелицин» штамы, «Кашир» штамы ерекшеленеді. Қиыр Шығыстағы иктерогеморрагиямен ауырған науқастың қанынан анықталған соңғы штамм, шет елдік төбет L. Canicola штамына сәйкес болып шықты .

В. И. Терских 121 штамның егжей-тегжей серологиялық зерттеудің негізінде, оның 110 1929-1940 ж. ж аралығында адамдармен жануарлардан алынған болатын, Қазақстан Республикасының аумағында лептоспироз алты түрлі серологиялық лептоспира арқылы қоздырылады деген түйінге келген. Олар: L. grippotyphosa, «Дмитр» штамы, «Моняк» штамы, «Перепелицин» штамы, «Кашир» штамы, «Крисиный 41» штамы және L. akjami B штамы .

Шюффнер дербес 19 түрлі лептоспираларды көрсеткен. Олардың тең жартысы сары ауру емес науқас түрлерін қоздыра алады. [48, 49, 50, 51]

Соңғы жылдары барлық белгіленген лептоспироларды екі түрге топтастыруға болады: патогендік - L. Interogans және патогенсіз(сапрофиттік) - L. biflexa. Патогендік лептоспиралардың топтастыру негізіне олардың антигендік құрылымы қойылған. Осы қасиетке байланысты лептоспироз қоздырғыштары серологиялық түрлерге, серотүрлерге бөлінеді. Жақын серотүрлер серологиялық топтарға біріктірілген.

Лептоспира - сапрофиттер еркін тіршіліктер деп те аталады. ТМД әдебиетінде судан бөлінетін патогендік лептоспиралар туралы екі хабарлама бар. Алматыда Крепогорская құдық суынан бастапқы L. icterohaemorrhagiae лептоспирасын тапса, Ростов облысында Каменецкая L. grippotyphosa тең штамы анықталды.

Европа елдерінде 1924 жылы жұқпалы сары ауру лап еткен кезде L. icterohaemorrhagiae түрінің спирохеті дымқыл шахта едендерімен қабырға кірлерінде табылды.

Лептоспиралар топтастыруымен Wolf пен Broon жеке штамдардың антигендік айырмашылық негізінде ұсынып, 34 серотүрмен 12 серологиялық топтарды суреттеп берген. 1966 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау бөлімі (ДСБ) ғылыми топтың жариялаған тізімі бойынша 18 серологиялық топқа бөлінген 124 патогендік лептоспиралар серонұсқаны құрады. [52, 53, 54, 55]

Патогендік лептоспиралар түрі 202 серонұсқа құрайды. Олар өздерінің антигендік туыстығына байланысты 23 серологиялық топтарға біріктірілген. Әрине, серонұсқа мен лептоспиралар серотоптары жаңа штамдардың сәйкестендіруіне, анықталуына байланысты көбейе береді. Мысалы, 1934 жылдан 1988 жылға дейін серонұсқалар 34-тен 202 -ге өссе, серотоптар 12-ден 23-ке дейін көтерілді. Лептоспироздың этиологиялық құрылымының сан алуан түрлері әлемнің кез-келген жерлерінде анықталып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаларды экпорттау және импорттау кезінде қойылатын ветеринариялық талаптар
Лептоспироз иа кезіндегі иа сойыс иа өнімдерін иа ВСС иа және иа санитарлық иа бағалау
Дәрілік заттар түрлері
Ірі қара пастереллез ауруы
Ойтоған ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері
Лептоспироздың экпресс - диагностикасына проф Б. К. Ильясовтың толық емес гемагглютинация тестісін қолдану
Ірі қараның пастереллез ауруы
Жылқының инфекциалық анемиясы
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу
Індеттен сау емес пункт құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz