Тоңазытқыш машиналары
Мазмұны
Кіріспе
1. Тоңазытқыш машиналары
1.1 Тоңазытқыштың жұмыс істеу қағидасы
1.3 Тоңазытқыш агенті
2. Тоңазыту қоңдырғысының циклы
2.1 Айналма немесе циклдылық процесстер
Кіріспе
Республикамыздың халық шаруашылығын дамытудың негізгі міндеттеріне өндірістік процестерді кешенді автоматтандыру қарқынды жан-жақты арттыруда, әсіресе, қосалқы жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру,қол еңбегі үлесін барша азайту жатады. Осы міндеттерді шешуде автоматты басқару жүйесін өндіруге, адам денсаулығына зиянды және қауіпті жұмыстарды механикаландыруға,өнім сапасын жақсарту әрі өзіндік құның кемітуге мүмкіндік беретін микропоцессорлық техникамен өндірістік жұмыстарды кенінен пайдаланудың үлкен маңызы бар.Автоматтандыру деп, адамның тікелей технологиялық процеске қатысудан босататын автоматтық құрылғыларды пайдалану және енгізуді айтады. Автоматтандырудың теориялық және ғылыми негізін автоматика құрайды. Автомат (грек тілінен аударғанда өздігінен әрекет ететін ) өндірістік процесті адамның қатысуынсыз тек оның басқаруымен жүзеге асатын құрылғы. Автоматика мен есептеу техникасының дамуына көптеген атақты ғалымдар өз үлесін қосты. Қазіргі реттеушілердің негізі болып саналатын автоматтық реттегішті 1765 жылы И. И. Ползунов ойлап тапты. Ползунов реттеуішінде тура және кері принціп алынған. Санк-Петербург технологиялық институтының профессоры И.А.Вышнеградский 1877 жылы автоматты реттеу теориясының негізін қалады. Қазіргі кезде ЭВМ-сіз, микропроцессорлық техникасыз елестету мүмкін емес. Өндірістік процестерді автоматтандыруды дамыту бағытын талдай келіп, өз күрделілігі жағынан әртүрлі міндеттер шешімін тапқан үш негізгі сатыны айдап өтуге болады. Жұмыс циклін автоматтандыру бірінші сатысы-негізгі көңіл автоматтар мен жартылай автоматтарды жасауға бөлінеді. Бұл сатыда технологиялық процестерді автоматтандыру өңдеудің кейбір операциялары ғана қамтиды,ал дайын өнім жанау,бақылау және қаттау қолмен не машиналық құралдармен жүргізіледі.Автоматтандырудың екінші сатысы-өңдеу, бақылау, жинау, қаттау т.б. операцияларды біріктіретін автоматтық машина жасауға тіреледі.Автоматтандырудың үшінші сатысы-өндірістік процестерді кешенді автоматтандыру, яғни ЭВМ-ді кенінен пайдалана отырып,автоматтық учаскі, цех пен зауыттар, өндірісті автоматты басқару жүйесін, сапаны басқару жүйесін, икемді жұмысты кешенін құру жатады. Бүгінгі танда автоматтандыру бағытында өздерінің келелі еңбектерімен жер жүзіне таныла бастаған Қазақстан ғалымдары да аз емес. Солардың ішіндегі профессорлар Ә. Әшімов, Қ. Асаубаев, Д. Сыздықов, И.Гринмен, С.Цой еңбектері орны ерекше.
1 Тоңазытқыш машиналары
Тоңазытқыш - температурасы қоршаған ортаның температурасынан төмен болатын, жоғарғы температурада микроорганизмдер әсерінен жылдам бұзылатын азық-түлік өнімдері мен тағамдарды сақтауға арналған құрылғы немесе арнаулы камералар. Тоңазытқыш (тұрмыстық). Тұрмыстық тоңазытқыштардың компрессиялы және абсорбциялы деп аталатын екі түрі шығарылады. Олар бір-бірінен тоңазыту агрегатының әсер ету принципі (суық шығару әдісі бойынша) және осыған сәйкес конструкциялық жасалу ерекшеліктері мен техникалық сипаттамалары бойынша ажыратылады. Компрессиялық түрдегі тоңазыту агрегаты электр двигателінен шығатын жетегі бар компрессордан, буландырғыштан, конденсатордан және сүзгі-кептіргіштен құралады. Тоңазытқыштың камерасы буландырғыштың каналдарындағы суытқыш агенттің (хладон-12) компрессор арқылы циркуляциялануы (айналыс жасауы) нәтижесінде салқындайды. Компрессиялық тоңазыту агрегатының аумағы шағын, тоңазытқышты пайдалану кезінде қозғалмалы детальдарын алмастыруды және майлауды қажет етпейді. Компрессор-мотор жұмыс істеген кезде одан шамалы дыбыс білінеді және тоңазытқышты аздап дірілдетеді. Бұл оның басты кемшілігі болып табылады. Егерде компрессор-мотор жақсы реттелген және тоңазытқыш орнықты орнатылған болса, онда әлгі кемшілік мүлде азаяды. Көп позициялы автоматты реттеуіш тоңазытқыштың камерасында қажетті температураны ұстап тұру үшін тоңазыту агрегатын ауық-ауық жұмыс істетіп және тоқтатып тұрады. Жылытқыш генератордан,конденсатордан, буландырғыштан және абсор-ден тұратын абсорбциялық тоңазыту агрегатында суық абсорбция жолымен -- қатты немесе сұйық заттардың (абсорбердің) суытқыш агенттің, әдетте аммиактың буын жұтуымен шығарылады. Жүйедегі суытқыш агенті электрлік жылытқыш (генератор) арқылы циркуляцияға түседі. Абсорбциялық тоңазыту агрегатында қозғалмалы механикалық бөліктер жоқ, сондықтан ол шусыз жұмыс істейді. Компрессиялық тоңазыту агрегатының салқындатуы абсорбциялық түрге қарағанда күшті. Компрессиялық тоңазытқыштардың тоңазыту камерасында салқындату мен төмен температура шығару процесі едәуір тез өтеді және абсорбциялық тоңазытқыштағыдан төменірек температура алынады. Бұған қоса компрессорлық тоңазыту агрегатының ауық-ауық қысқа мерзім жұмыс істеуі (тоңазыту камерасының тиісті түрде жылулық оқшаулануы болғанда) электр энергиясын үнемдеп жұмсауға жағдай жасайды, абсорбциялық агрегаттардағы генератордың тоқтаусыз жұмыс істеуі электр энергиясы шығынын көбірек кетіреді. Жаңа типтегі Кристалл-9 абсорбциялық тоңазытқышы бұған жатпайды, бұл көптеген көрсеткіштері бойынша компрессиялық түрдегі тоңазытқышқа ұқсайды, соның өзінде абсорбциялық түрдегі тоңазытқыштарға тән артықшылықтарын сақтап қалған. Бір камералы және қос камералы тоңазытқыштар да бар. Бір камералы тоңазытқыштың тоңазыту камерасының төменгі температуралы бөлімі бар (мұздату бөлімі немесе мұздатқыш), онда -- 6˚С-тан -- 12˚С-қа дейінгі (кейбір тоңазытқыштарда -- 18˚С-қа дейін) температура сақталады, ал тоңазыту камерасының өзінде 0 -- 6˚С температура болады. Мұздату бөлімінің температуралық диапазондары тоңазытқыштың қақпағында жұлдызша немесе қар ұлпасының бейнесімен белгіленген: бір жұлдызша -- 6˚С, екі және үш жұлдызша тиісінше -- 12˚С және -- 18˚С температураға сәйкес келеді. Тоңазыған күйде сақталатын көптеген азық-түліктер үшін -- 12˚С-тан -- 18˚С-қа дейінгі температура тиімді болып табылады. Қос камералы тоңазытқыштардың төменгі температуралы бөлімі тоңазыту камерасынан іс жүзінде оқшауланған, сондықтан ол өзіндік температуралық режимі бар жеке тоңазыту камерасы болып табылады (қос камералы деп аталуы да осыдан). Мұндай тоңазытқыштарда оның ішіндегі ауаның циркуляциялануынан (алмасуынан) болатын камералар арасындағы жылу алмасу құбылысын болғызбау жағы қарастырылған. Күнделікті тұрмыста мұздату камерасы тоңазыту камерасына қарағанда едәуір сирегірек ашылатындықтан қос камералы тоңазытқышты мұның жұмыс режимі бір камералы тоңазытқыштағыдан едәуір тұрақты болады. Мұның үстіне камераларды оқшаулау энергияны аз жұмсап, мұздату камерасында айтарлықтай төменгі температура ( -- 18˚С) тудыруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде азық-түлікті ұзақ уақыт - сақтауға қолайлы жағдай жасалады, буландырғыштың сыртында пайда болатын қар қырауының қалынбауы баяулайды және тоңазытқыштың камераларына берілген температураны ұстап тұруға қажетті электр энергиясының шығыны кемиді.Екі бөліктен құралған тоңазыту қондырғыларының (мысалы, Минск -- 22 немесе Бирюса -- 15) әдеттегі қос камералы тоңазытқыштардан айырмашылықтары бар, оның мұздату камерасының көлемі үлкен -- 120 -- 140 дм-қа жетеді және 2 тоңазыту агрегатынан тұрады, бұлар тоңазыту камерасы мен мұздату бөліміне жеке-жеке қызмет етеді. Көп мөлшердегі азық-түлікті ұзақ уақыт тоңазытылған немесе өте салқындатылған күйде сақтау кезінде осы тоңазытқыш қондырғыларды пайдаланған жөн. Әдеттегі жағдайларда бір камералы, ал сыйымдылы ғы 27 -- 45 дм[3] төменгі температуралы бөлімі бар қос камералы тоңазытқыш жеткілікті болып табылады. Отандық өнеркәсібіміз аумақ өлшемдері, тоңазыту камерасы мен мұздату бөлімінің сыйымдылығы, тұтыну қуаты (кестені қараңыз) әр түрлі тоңазытқыштар шығарады, сондықтан тоңазытқыш таңдаған кезде оның қажетті пайдалы сыйымдылығын ескерген жөн.
Tоңазыту машиналары сырттан келтірілген энергия арқылы жасанды салқындату (суыту) процесін тоңазыту машинасы жүзеге асырады. Ол компрессорлық, жылулық, термоэлектрлік болып бөлінеді. Компрессорлық тоңазыту машинасының жұмысы газды немесе буды сығымдау арқылы температураны өзгерту процесіне, жылулық тоңазыту машинасы жылу энергиясына негізделген. Термоэлектрлік тоңазыту машинасында тоңазыту процесі Пельте эффектісіне негізделген. Тоңазыту машиналарындағы сығу процесі тоңазыту агенттерінің көмегімен атқарылады. Фреондар, аммиак, көмірсутектер (пропан, этан, этилен), аммиактың судағы ерітінділері, бромды литий, су буы тоңазыту агенттері қызметін атқарады. Қазіргі кезде мұздату камерасының сыртында пайда болған мұзды автоматты түрде ерітетін құрылғысы бар екі камералы тоңазытқыштар кеңінен қолданылады.
1.1 Тоңазытқыштың жұмыс істеу қағидасы
Тоңазытқыштың 4 негізгі құраушы бөлігі бар:
1. Хладагент - айналып жүретін және жылуды тасымалдайтын заттек. Хладагент ретінде фреон газы қолданылады.
2. Компрессор - насос қағидасы бойынша жұмыс істейтін және хладагентті шеңбер бойымен айдайтын мотор.
3. Конденсатор - ол арқылы жылу сыртқа, қоршаған ортаға шығады. Конденсатор - бұл тоңазытқыштың артқы қабырғасындағы тор.
4. Буландырғыш - ол тоңазытқыштағы жылуды алып шығады. Әдетте ьоңазытқыштың артқы қабырғасы буландырғыш қызметін атқарады.
Тұрмыстық тоңазытқыштың негізгі бөліктері:
1 - буландырғыш, 2 - конденсатор, 3 - кептіруші-фильтр, 4 - капилляр, 5 - компрессор
Компрессор буландырғыштың ішінен хладагентті жұтады. Бұл кезде хладагент бу күйінде болады. Компрессор қысыммен оны конденсаторға жүктейді. Хладагент қысымнан сығылып, газдан сұйық күйге ауысады. Сонымен бірге температурасы көтеріледі. Ыстық газ конденсатордың трубаларымен өткенде қоршаған кеңістікке жылуын береді және нәтижесінде бөлме температурасына дейін суиды. Содан кейін өте тар саңлау арқылы (капилляр) хладагент буландырғыштың ішіне түседі. Оның қысымы бірден азайып, және соның арқасында хладагент буланады. Ол қайнап, буға айналады. Сонымен бірге ол қатты суиды. Нәтижесінде буландырғыштың қабырғасындағы жылуды алып, ал буландырғыш өз кезегінде тоңазытқышты және оның ішіндегі азық-түліктерді суытады
Осылайша, хладагент мына цикл бойынша жұмыс істейді: конденсатордың ішінде ол жоғары қысымның әсерінен сұйықтыққа айналады және жылу бөлу арқылы сұйық күйге ауысады, ал буландырғышта төмен қысымның әсерінен қайнайды және жылуды жұтып газға айналады.
Компрессиялы тоңазытқыштың жұмыс істеу сызбасы. 1 - конденсатор, 2 - капилляр, 3 - буландырғыш, 4 - компрессор
Тоңазытқыштың міндетті түрде жылу реттегіші болады. Оның көмегімен тоңазытқыш камерасын суыту температурасы қойылады. Осы температураға жеткенде жылу реттегіші электр тізбегін ажыратады және компрессор тоқтайды. Біраз уақыттан кейін тоңазытқыштың ішіндегі температура қайтадан көтеріле бастайды (қоршаған ортаның әсерінен). Сонда жылу реттегішінің түйісулері ажырайды және мотор-компрессордың электр қозғалтқышы қорғаушы реленің көмегімен іске қосылады. Тоңазытқыш ішіндегі температура қажет шамаға дейін төмендемейінше бүкіл цикл басынан қайталана береді. Сондықтан тоңазытқыштың дүркін-дүркін шуылдап, кейін қайтадан тынышталғанын еститініміздің себебі осыда. Бұл компрессордың электр қозғалтқышының қосылып өшуі. Кептіруші-фильтр хладагентті тазалау және кептіру үшін қажет. Кептіруші-фильтр ылғалды жұтатын заттекпен (силикагель немесе цеолит) толтырылған цилиндр болып келеді. Хладагент сұйықтыққа айналатын жоғары қысымды жерден, қысымы төмен жерге барады. Ол жерде хладагенттің қысымы төмендеп және ол буға айналады.
1.3 Тоңазытқыш агенті
Тоңазытқыш машиналарындағы тоңазытқыш агенті салқындатылған ортадағы жылуды өзіне тартып алып, конденсациялық процесі кезінде қоршаған ортаға береді. Тоңазыту агенттеріне қойылатын талаптар Тоңазытқыш агентін таңдау оның термодинамикалық, физика-химиялық, физиологиялық, экономикалық және экологиялық қасиеттеріне байланысты жүргізіледі. Термодинамикалық талаптар: Үлкен көлемде суық-өндіргіштік, жұмыс температурасы және қысым, заттың қатты және аумалы күйдегі температурасы. Өндірістің көлемі ұлғайғанда буды сору көлемі азаяды, яғни компрессорлар мөлшері азаяды.Тоңазытқыш қондырғылары жұмысының үнемділігін төмен температурадағы атмосфералық қысымдағы қайнау және жоғары температурадағы конденсация жоғарылатады. Тоңазытқыш агентіндегі қайнау қысымы атмосфералық қысымнан анағұрлым жоғары болса, ауаны атмосферада сору болмайды, ендеше, ылғал жүйесінде де кедергі кездеспейді. Конденсация қысымының төмендеуі тоңазытқыш машиналарының жоғарғы аппарат жағын және компрессорлар құралымын жеңілдетеді.Тоңазытқыш агентінің жұмысы тоқтамау үшін қату температурасы жұмыс қайнау температурасынан төмен болуы қажет. Конденсация процесін жандандыру үшін заттың аумалы күйіндегі температурасы қоршаған ортадағы температурадан жоғары болуы қажет. Тоңазытқыш машиналарының жұмысының үнемділігі үшін тоңазытқыш агенті айналымының мөлшерін түсіру есебінен буға айналдыру жылуы жоғары болуы керек.Физикалық - химиялық талаптар: Тоңазытқыш агентінің біршама тұтқырлығы, тығыздығы болуы оның жүйесінің қарсыласу қозғалысын төмендету үшін қажет. Жылу алмастыратын аппараттардың жұмысын жақсарту үшін жылу беру және жылуды өткізу жоғары болуы керек.
Майда ерімейтін тоңазытқыш агенті компрессордан булану жүйесіне аз кетеді, булану температурасы өспейді, булағышта көбік болмайды. Бірақ майда ерігіш тоңазытқыш агентінің өз артықшылығы бар: Тоңазытқыш агентінің майы компрессордың әрең жететін жеріне өтіп, майлануын жақсартады. Тоңазытқыш агенті суда ерісе, тіпті жақсы болар еді. Керісінше жағдайда ылғалдың тоңазуы және мұзды қалтқылар капиллярлы құбырларды дроссельдегенде жөнге салатын бұрандаларда пайда болады. Сол сияқты, жүйеге түскен су металдың мүжілуіне жағдай туғызады. Тоңазытқыш машиналарын жасағанда тоңазытқыш егенті металдарға, басқа материалдарға да инерциялы болуы қажет. Тоңазытқыш машинасында тығыз емес аңқыштың мөлшері ең аз болу қажет, сонымен қатар тоңазытқыш агенті жоғары не болмаса төмен температурада жануға, атылуға, ыдырап бұзылуға тиіс емес.Физиологиялық талаптар: Тоңазытқыш агенті адам организміне қауіпті болмау керек, тұншығу, көздің шырышты қабығын, мұрынды, тыныс жолдарын тітіркендірмеуі қажет. Тоңазытқыш агенті тағамдардың, азықтардың сапасына кері әсер етпеуі керек. Экономикалық талаптар: Тоңазытқыш агентінің қолайлығы - оның төменгі бағасы. Экологиялық талаптар: Қоршаған ортаға түскен тоңазытқыш агенті оған зиянды әсерін тигізбеуі керек. Тоңазытқыш агентін нақты жағдайда таңдау тоңазытқыш машинасы құралымының жұмыс шартын белгілеуге байланысты.
Тоңазытқыш агентіне сипаттама Халықаралық стандарттау комитеті дайындаған тоңазытқыш агенттері жүйесінің белгілері: R - атаулары. Әріптен кейінгі сандар былайша түсіндіріледі: 1- метанды қатар; 11-этанды қатар; 21-пропан қатары, 31-бутанды қатар. Одан кейінгі сан фтор мөлшеріне тең. Егер сутегі атомы тоңазытқыш агентінде болса, оның мөлшерін бірінші (туынды метан) не болмаса екінші (басқа қатардағы туынды) есебіне қосады. Тоңазытқыш агентінің шығуы органикалық, болмаса 700 саны қосу молекулярлы масса болып белгіленеді.Қазіргі кезде анағұрлым көп таратылған тоңазытқыш қондырғылары - фреон 134А (фреон-12 орнына), фреон 404А, фреон 502, фреон 507 тоңазытқыш агенттері. +5°С төмен емес температураны алу үшін тоңазытқыш агентіндегі кондиционерлік жүйелерде су пайдаланылады.Аммиак. Ащы иісті түссіз газ, термодинамикалық қасиеттерң жақсы. Атмосфералық қысым кезінде 0,1 МПа аммиактың қайнау температурасы- 33,6°С. Күнделікті жұмыс жағдайындағы булағыштағы қысымы атмосфералық қысымынан жоғары. Конденсатордағы қысымы - 0,8-1,3 МПа , 8-13 кгссм2. Аммиактың суық өндірігіштігіне үлкен мөлшер қатынасы компрессорға түскен тоңазытқыш агентінің кішкене мөлшерімен салыстыра келістірілген, сол себепті аммиакты машиналар біртұтас.Аммиак майда ермейді, бірақ суды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz