Атақты әлеуметтік желілер мен микроблогтар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Реферат

Тақырыбы: Атақты әлеуметтік желілер мен микроблогтар

Өскемен қ, 2018 ж.
МАРК ЦУКЕРБЕРГ - FACEBOOK АВТОРЫ
Марк Цукерберг - Facebook танымал желісінің негізін қалаушы әрі соның өңдеушісі, тарихтағы ең жас миллиардер. Ол америкалық Time журналының версиясы бойынша 2010 жылы жыл адамы деп танылды. Журнал 26 жасар миллиардердің неліктен таңдалғанына былай: ол жарты миллионнан астам адамдарды біріктірді және олардың әлеуметтік қатынастарының картасын жасады, ақпарат алмасудың жаңа жүйесін жасап, біздің өмірімізді өзгертті,- деп түсініктеме береді.
Осы әлеуметтік желі 2011 жылдың наурызында өзінің ең жоғары нарықтық құнына жетіп, $85 млрд-қа бағаланды.
2010 жылы Facebook-ты пайдаланушылар саны 500 млн. адамнан асты, ал Цукерберг бейнесін мифологиялаған Голливуд - 2010 жылдың жазында Facebook - тың құрылуы мен дамуы жайлы Әлеуметтік желі деп аталатын фильмді экранға шығарды.
Жас миллиардердің өзі былай дейді: Әлеуметтік құрылымдар бәрінен жоғары тұратын әлемде виртуальды, қол жетімді досье - ақпараттық бомбамен бірдей. Жалпы миы бар адам өз уақытының көбісін және жетістіктерінің нәтижесін жұмыс берушіге бере отырып, өзіне жұмыс істемеуге моральдық құқы жоқ.

Марк Цукербергтің өмір жолы
Марк Цукербергтің балалық және студенттік шақтары
Марк Нью-Йорк штатының оңтүстік-шығысындағы Уайт-Пленс қаласында 1984 жылы 14 мамырда туған. Ол тіс дәрігері мен психологтың зиялы отбасындағы төрт баланың екіншісі, әрі жалғыз ұл. Ол әлемнің бағдарламалаушылар мен пайдаланушылар болып бөлінетінін 10 жасында-ақ білді және сол кезде оған алғашқы ДК (Intel 486 процессорлы Quantex 486DX) алып берді.
Пайдаланушылар компьютерде жұмыс істесе, ал бағдарламалаушылар компьютер көмегімен әлемді өзгертеді. Марк компьютер алғаннан бастап өзін ересек сезініп, бастапқыда жаңа ойыншығынан тіпті шықпай қойды. Екі ай өтер-өтпестен оны тек бэкграундтың түсін өзгертіп отыру әбден жалықтырды, содан ол ақылды кітаптар оқуға кірісіп, пайдалы бір нәрсені, нақтысы, бағдарламалауды үйренгісі келді.
Оқығаны пайдаға жарады. Марк бағдарламалауға қажетті біліктерді тез меңгеріп алды, жоғары сыныптарда оқып жүрген кезінің өзінде бірнеше шағын бағдарламалар жазды, мысалы, столда ойнайтын танымал Risk ойынының компьютерлік нұсқасын жасады. Алайда оның жазғандарының барлығы бірдей соншалықты қарапайым нәрсе емес еді.
Бұл жайында Цукербергтің өзі былай дейді: мен бірден өте ауқымды нәрсе жасағым келмеді, ал бірақ көптеген шағын тартымды бағдарлама жазумен қуана айналыстым, мысалы, Synapse соның бірі болатын. Бұл бағдарламаны ол өзі үшін ғана жазған болатын. Бұл бағдарлама ақылды mp3-плеер еді, ол иесінің қандай музыканы, қай кезде, тәуліктің қай мезгілінде және қаншалықты жиі тыңдайтындығын нақты зерттеп біліп, соған сәйкес иесінің осы сәтте қандай тректі тыңдауды қалайтындығын жорып, соның плей парағын өздігінше жасай алатын.
Мұндай ерекше бағдарлама тіпті Microsoft-тың өзін қызықтырды, ал Цукербергтің өзін Microsoft-та, AOL-да қатарына тартқысы келді. Алайда жас дарын бұл алпауыттардың Synapse-ты сату жөніндегі ұсыныстарын қабылдамады, содан соң бірге істеу жайлы шақыруларын сыпайылықпен қабыл алмады. Міне осылай жай ғана Марк бірнеше ондаған, мүмкін бірнеше жүздеген мың доллардан және әлемнің ең мықты IT корпорацияларының бірінде жұмыс істеуден бас тартты.
Цукербергтің осыншама нәрсемен айналыса жүріп, математика мен жаратылыс тану ғылымдарынан өте жақсыға үлгеруі таңғалдырарлық жағдай еді. Сол сияқты ол онша белгісіздеу спорт түрі - семсерлесумен шабыттана айналысты. Ежелгі грек-рим тілдерін оқып-үйренуге ден қойды. Сөйтіп ол үш ай каникулын жазғы ежелгі грек тілі курсында өткізді. Дегенмен ол университетке түсерде ол бөлімге түспеді, бірақ осы екі классикалық тілде оқып-жаза алу біліктілігінсақтап қалды. Ал университеттің күтпеген, бірақ түсінуге келерлік пәнін - психологияны таңдады.
Университеттегі үлгерімі онша болмады: бағдарламалауға құмарлық өте көп уақытты алды. Емтиханға әзірлік кейде әдеттен тыс, мысалы, өнер тарихы курсы бойынша 500 картинамен болған жағдайдағыдай шешімді қажет етті. Сол уақытта емтихандарға екі күн қалған, әр полотно бойынша бірдеңе оқып шығу мүмкін емес-ті. Цукерберг тездетіп сайт құрды да, әр бетке бір-бірден картина орналастырып, курстастарынан осы шығармалар жайында жазуын өтінді. Екі сағаттан соң әр картина түсініктемелерге толып кетті, сөйтіп мен ол емтиханды өте жақсыға тапсырдым,-дейді өнертапқыш.

Facebook-тың жасалуы
Гарвардтың ішкі компьютерлік желісінде студенттер өздерінің суреттері мен жеке мәліметтерін салатын тарауы болатын. Фотолар әдеттегі алдынан және жанынан түсірілген беттердің ширыққан кескіні еді. Осыны жөндегісі келген жас Марк кездейсоқ екі суретті таңдап және соларды салыстырып, соның тартымдысын анықтауды ұсынатын бағдарлама жазып, осы сайтқа орналастырды. Содан бастап салыстырмалы талдау жасаудан желі босамады.
Бірінші күннің кешінің өзінде сайтты төрт мыңға жуық адам қарады. Қараушылар саны жиырма мыңнан асқанда сервер ауыртпалықты көтере алмай істен шықты. Марк компьютерді бұзғандық жөніндегі комиссияға шақырылды. Әрине бұл жағдай үшін Цукербергтің басынан ешкім сипай қойған жоқ, тиісінше жазаланды. Міне сол кезде-ақ ол мұндай нәрсе жұртта қатты қызығушылық тудыратынын байқады. Гарвардта әлі күнге дейін осы шатаққа түсініктеме беруден қашқақтайды. Міне осылай келешек коммуникациялық кереметтің негізі қаланған болатын.
Марк 2004 жылдың 4 ақпанында Гарвард студенттерінің бір-бірімен пікір алысатын сайты ретінде ойластырған The Facebook деген әлеуметтік желісін іске қосты.
The Facebook студенттер арасында негізінен жоғары оқу орындарында бұрыннан бар топтар, курстар мен кештерді оффлайн бойынша өздерінше ұйымдастыруға қолайлылығы жағынан тиімді болды. The Facebook-ты ашып алып биыл таныстардың қайда тұратынын, қандай әдемі қыздар барлығын, жаңадан оқуға түскендер кімдер және т.б. тез білуге мүмкіндік көп. Міне бұл бастамасы ғана болатын.
Сайт іске қосылғаннан кейін Цукерберг баспасөзге арнап былай деді: Facebook бар болғаны бір аптада жазылып бітті, ал бұл идея басымда пісіп жетілген еді және ол кассадан кетпей жатып тезарада жүзеге асырылды.
Бұл жобамен айналысып, оны іске асыруда оған оның курстастары Эдуардо Сэверин, Дастин Московиц, Эндрю Мак Коллум және Кристофер Хьюз көмектесті. Цукерберг құрған әлеуметтік желі кампус (ол кезде әлі кластастар мен твиттерлер пайда болмаған) шекарасынан тез шығып кетті, сол 2004 жылдың көктемінде оған Плюш лигасының бүкіл колледждері енді.
Пайдаланушыларға желіде өзінің суреті мен кез-келген ғылыми және шығармашылық қызығушылығынан бастап, гастрономиялық және махаббат оқиғалары жайлы материалдарын да орналастыру ұсынылды. Сол сияқты оған суреттер, суреттер, суреттер ... қанша болса да енгізе беруге болатын.

Facebookтың дамуы
Әлбетте ірі және келешекке бағытталған жобалар бастапқы белсенді даму кезеңінде барынша көп қаржы құюды қажет ететіні белгілі. Өмірдің өзі көрсеткеніндей егер мақсатқа жетуге ден қойылса, бұл мәселелер де шешімін табады екен.
Марк бизнесіне оның оқуына деп ата-анасының жинаған бар қаржысын жаратты, бірақ ол мұндай мегажобаға жетпеді. Сондықтан да жазда Цукерберг сәті түсіп жатса, пайдасы тиер деп қызықты идеялары бар Силикондық аймаққа тартып кетті.
Жігерлі жасқа мұнда да сәттілік алдынан шықты. Бірде кешкілік көшеде келе жатып Napster файл алмасу бағдарламасын жасаушысының бірі, интернетте аты шыққан тұлға Шон Паркермен кездесіп қалады. Әңгімеден, Паркердің Пало-Альтоға көшіп келгені, бірақ әлі оның үйі жоқтығы белгілі болады. Содан біз (Марк пен оның достары) оған жай ғана түнеп шығуды ұсындық,- дейді Марк.
Міне осы Паркер Цукербергті PayPal төлеу жүйесінің тең құрылтайшысы Питер Тилмен таныстырады. Тәжірибелі бизнесмен он бес минуттық әңгімеден соң жирен шашты жас бала үшін 500 мың доллар инвестиция құяды.
Цукерберг кезіндегі Гарвардтық шала оқыған - Билл Гейтске ұқсап, университетке мерзімсіз академиялық демалыс сұрап арыз береді.
Жарты миллион бір қарағанға ғана көп ақша сияқты. Нақтылап жұмсай бастағанда көпке жетпейді екен. Сонда да Марк пен оның командасы Пало-Альтодағы жалдаған үйде: бірі-сынық орындықта, бірі-еденде отырып өз туындысын жетілдіре берді. Сервер тұрған бөлмелерде желдеткіш болмады. Калифорнияның 45 градустық ыстығында пластикалық тіреулердің жиектері балқып жатты.
2004 жылдың қарашасында пайдаланушылар саны жарты миллионнан асты. Енді бір жарты жылдан соң Питер Тилдің көмегінің арқасында компанияға Accel Partners-дан қомақты 12,7 миллион доллар қаржы алынды. 2005 жылдың күзіне қарай белсенді клиент саны 5 млн-нан асты.
Осыдан көп өтпей-ақ портал нақты адресі бар кез-келген пайдаланушының еркін тіркеле алатынын жариялады. Осыдан соң жасы 30-дан асқан клиенттер саны күрт өсті және Facebook Интернеттегі көшбастарларға қосылып, Американың танымал сайттары арасында жетінші орынға тұрақты орналасты.
Цукербергке 2006 жылы компанияны сатып алу жөнінде ұсыныстар түсе бастады. Бастапқыда ұсынған сомасы онша көп болмағанмен, келе-келе ол сома тез артты. Әуелде 750 млн доллар ұсынылды, бірақ Марк оған келіспей, бұл соманың нақты талқыланатын сомадан кемінде үш есе аз екендігін жеткізді. Кейіннен, жоғарыда аталған Yahoo-мен келісімде миллиард сөз болды, бірақ Цукерберг оған да жоқ деді. Мұндай ұсыныс Google-ден де түсіпті, ол одан да көп ұсыныпты деген сыбыстар айтылып жатты, алайда Facebook бұрынғы Цукерберг қолында одан әрі дамуда.
Сайтта уақыт өте келе адамдар саны ғана артып қойған жоқ, сонымен бірге оның кейде сәтті, кейде алаңсыз ештеңеге жарамсыз жаңа сервистері де көбейіп жатты. Компаниядағы әр қызметкер үлкен ақшаның үстінде отырғанын анық сезді, бірақ пайдаланушылардан сол ақшаны сыпайы тәсілмен алудың жолын ойлап табудың өзі оңай міндет емес-ті.
Сайтта жарнамалардың контекстік, барынша тартымды тәсілдерінің түрлерін енгізуге тырысып бақты.
Осыларға байланысты, нақтысы, мәліметтердің ресми еместігі және өз аккаунттарын алаңсыз жоюға болмайтындығы жайлы жанжалдар шықты.Осылай болуы заңды да, неғұрлым комьюни тилер көбейген сайын, толқулар да ауқымдырақ бола түсетіні анық қой.
Facebook үшін 2007 жыл нағыз өзгеріс жылы болды. Алғашында Microsoft компанияның 1,6% акциясын 240 млн. долларға сатып алды. Microsoft-тың түсінігінше Facebook компаниясының толық құны өлі президенттің портреті бар 15 миллиард қағазға теңесетінін есептеу қиын емес еді. Ал қаражаттары шағын Yahoo мен Google-нің онымен иық теңестірер шамасы қайда.
2009 жылы Facebook ресми түрде барлық тілек білдірушілер үшін платформаның кодтарын ашты, енді әрбір адам сайт үшін ол ойыншық па, не гороскоп па, не күнтізбе ме немесе тіпті басқа нәрсе ме, қойшы әйтеуір, небір жаңа нәрселерді жасауға мүмкіндік алды. Сонымен енді күн сайын сайт 140 жаңа қосымшамен толығатын болды.
Әлем есінен адасты десе боларлық. Енді тіпті кездейсоқ танысу түрі де өзгерді. Бұрынғы Телефоныңызды бермес пе екенсіз сөзі Facebook-тағы профайлға сілтеме жасау туралы өтінішпен алмасты. Бұл шын мәнінде ыңғайлы еді: енді мына адамның саған сәйкес келу-келмеуін бұрынғыша түрлі әдістермен тексеріп жатудың орнына, оның жеке парағын қарап шығудың өзі жеткілікті.
Facebook-тың танымалдығы оффлайнда бұрыннан бар немесе жаңа құрылған мүдделер топтарының өздігінше ұйымдасуына қолайлы жағдай туғызды.

Кек алушы ұры ма немесе күншілдердің құрбаны ма?
Жобаны іске қосу жанжалмен қосарлана жүрді. Сайттың ашылуынан алты күннен соң жоғары курс студенттері ағайынды Кэмерон мен Тайлер Уинклвосстар және Дивья Нарендра Цукербергті идеямызды ұрлады деп айыптайды. Олардың түсіндіруінше, 2003 жылы олар Цукербергті HarvardConnection.com әлеуметтік желісінің жасалуын аяқтау үшін жалдаған. Ал Цукерберг жасаған жұмысының нәтижесін оларға бермей, қайта сол дайындаған жұмысын Facebook-ты құру үшін пайдаланған болып шығады.
Осы жылы Уинклвосстар мен Нарендра атын ConnectU деп өзгерткен өз желілерін іске қосады. Сонымен қатар Цукербергке шабуылдауын жалғастырып, Гарвардтың әкімшілігіне және Harvard Crimson газетіне арызданады. Алғашында Цукерберг журналистергеHarvardConnection.com үшін не істегенін көрсетіп, жасалған дайындықтардың Facebook-ке еш қатысы жоқ екендігін түсіндіріп, оларды арызды жарияламауға иландырады. Бірақ сол кезде Гарвардтың тағы бір студенті жеке әңгімесінде Цукербергтің оның бір идеясын Facebook үшін ұрлағанын айта бастайды. Содан газет мақаланы жариялайтын болады, сонысымен ол Цукербергті қатты ренжітеді.
Цукерберг Harvard Crimson-нан өшін алды. Silicon Alley Insider ресурсы жазғандай, 2004 жылы ол жаңа іске қосылған Facebook-ты пайдаланып, екі журналистің пошта жәшіктерін бұзып ашады. Ол өздерінің газетке қатысы бар екендігін көрсеткендерді тауып, олардың логын(тарихын) қарайды, сөйтіп Facebook-қа жалған парольмен кіргендерді анықтайды. Олар газеттің екі қызметкері Facebook-қа өз пошталарының парольімен кіргісі келіпті. Осы жайлы Silicon Alley Insider: Цукербергтің жолы болды, ол редакция мен HarvardConnection.com-ның өзара пікір алысқаны жайлы түсініктемені қызыға оқып шықты,- деп жазады.
Ағайынды Уинклвосс пен Нарендра сотқа арыз береді, бірақ сот арызды қарамайды. Бірақ олар тағы да арызданады. Екінші сот бастапқы кодқа экспертиза жүргізіп, оның шынымен де ұрланғандығын анықтауға тырысады. Бірақ шындық осы күнге дейін анық емес. Экспертиза нәтижесі жария етілмеді: 2009 жылы Цукерберг ConnectU компаниясына сотқа дейінгі процедураларды реттеу шеңберінде $45 млн ($20 млн-ды ақшалай, ал қалғанын Facebook акциясымен) төлеуге келіседі. Осыдан соң іс жабылады. Сол сәтке дейін ConnectU-де 100 000, ал Facebook-тың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өз ісіңізді ұйымдастыру үшін қызмет түрін таңдап., SWOT талдау жасау
Вконтакте әлеуміттік желісі
Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің әлемдегі және Рунеттегі бірқатар даму беталыстары
Өзінің Бақылау революциясы
Әлеуметтік медиа ұйымды жылжыту құралы ретінде
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
Ұлт және құндылық
Ақпараттық қауіпсіздік нарығының дамуын талдау
Интернетке тәуелділік
ХАКЕРЛІК ТОПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАСАҒАН КИБЕРШАБУЛДАРЫ
Пәндер