Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
МАЗМҰНЫ
1.КІРІСПЕ 2
2.ӨНДІРІСТІК НЫСАННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 3
3.ӘДЕБИ ШОЛУ 5
3.1 Ауески ауруына сипаттама 5
3.2 Ауески ауруы кезіндегі қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар 9
3.3 Жануарлардың Ауески ауруын алдын-алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ережесі 13
4.ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР 20
4.1 Зертте әдістерімен алған тақырыбына сәйкес мәліметтер 20
4.2 Зерттеу нәтижелері 21
5.ҚОРТЫНДЫ 22
6. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 23
7.ТІРКЕМЕЛЕР 27
1.КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылық малдарының ауески ауру еліміздің ветеринария ғылымы мен практикасындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ол зооантропонозды инфекция ретінде ауру тараған аймақтардағы мал шаруашылығына үлкен экономикалық шығын келтіріп қана қоймай, адамдардың деңсаулығына да қауіп төндіруде.
Ауески ауруы - жіті өтетіп, өкпенің қабынуымен, орталық жүйке жүйесінің закымдануымен, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұкпалы ауру.
Ауески ауруы жалған құтыру -- мал індеті. Мұнымен, көбінесе, сиыр, қой-ешкі, жылқы, шошқа ауырады. Негізінен орталық ми жүйесі мен тыныс алу жолдары зақымданады. Аурудың қоздырғышы -- герпес вирусы. Вирус мал қиында, жем-шөп құрамында 40 -- 60 күн, ал тышқан өлекселерінде 185 күнге дейін сақталады.
Ауески ауруын көпке дейін құтырықпен шатыстырып келді, тек алғаш рет 1902 ж. Ауруды сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы Аладар Ауески. 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылығына тигізер зияны айтарлықтай. Ауру коздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар вирусты тұмсығынан, көзінен, қынаптан аққан сорамен, несеппен, және сүтпен бірге бөліп шығарады.
Келтірілген мәлметтерге байланысты біздің зерттеу жұмыстарымыздың мақсаты болып пастереллёз бойынша індеттік жағдайының статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдау және жүргізілетін алдын алу шараларының ұйымдастырылуын талдау табылды. Қойылған мақсатты орындау үшін келесі сұрақтар бекітілді: статистикалық мәліметтерге сүйене отыра Жанақорған ауданы және жалпы Қазақстан
2.ӨНДІРІСТІК НЫСАННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Қызылорда облысы Жанақорған ауданы Жаңақорған кентінің мал дәрігерлік бөлімшесі 11.08.2007 жылғы Қазақстан Республикасының №339 Ветеринария туралы Заңының 9 бабы 2 тармағына сәйкес 2010 жылы Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімі, Заңның 11 бабының 2 тармағына сәйкес тиісті әкімшілік аумақтарда ветеринариялық бөлімшелермен Жаңақорған кенттік ветеринариялық станциясы құрылды.
Шаруашылыққа Республикамыздың мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау бойынша заңның 14-1 бабына сәйкес функция 2014 жылдың Қыркүйек айының тоғызыншы жұлдызында берілді.
Жаңақорған кенті бойынша шаруашылықта мемлекеттік мал дәрігерлер саны 8. Ал Жаңақорған аудан бойынша штат кестесімен салыстырып қарайтын болсақ 120 мал дәрігері жұмыс жасайды.
Мал басы:
Аудан бойынша МІҚ-62,297;УАҚ МАЛ-203,511;ЖЫЛҚЫ-14,416;
Түйе-1096 бас
Кент бойынша МІҚ-5171;УАҚ МАЛ-33,683;ЖЫЛҚЫ-845;ТҮЙЕ-63.
Қызметтік функциялары:
1) Аудан аумағында эпизоотиялық қауіпсіздік бойынша іс-шараларды
2) Тиісті әкімшілік-аумақтық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру
3) Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру
4) Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру
5) Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету
6) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру
7) .Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу.
8) Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
3.ӘДЕБИ ШОЛУ
3.1 Ауески ауруына сипаттама
Ауески ауруы Могbus Аujeszky, болезнь Ауески - жіті өтетіп, өкпенің қабынуымен, орталық жүйке жүйесінің закымдануымен, шошқа, күзен және бұлғыннан басқа жануарларда денесі қышынған белгілерімен ерекшеленетін жұкпалы ауру.
Ауески ауруы жалған құтыру -- мал індеті. Мұнымен, көбінесе, сиыр, қой-ешкі, жылқы, шошқа ауырады. Негізінен орталық ми жүйесі мен тыныс алу жолдары зақымданады. Аурудың қоздырғышы -- герпес вирусы. Вирус мал қиында, жем-шөп құрамында 40 -- 60 күн, ал тышқан өлекселерінде 185 күнге дейін сақталады. Биотермиялық өңдеуден өткен мал қиында вирус 8 -- 15 күннің ішінде, формальдегид, күйдіргіш натрий ерітінділерінде 5 -- 20 минутта өледі. Індет негізінен ауру мал арқылы тарайды, әсіресе, оның маңқасы, зәрі өте қауіпті. Аурудан жазылған мал 2 -- 3 жылға дейін вирус таратқыш болып қала береді. Табиғи жағдайда ауру залалданған жем-шөп, су, кеміргіштер арқылы тарайды. Ауру алғашқы 5 -- 10 күнде білінбейді, кейіннен малда жөтел пайда болып, пысқырады, аузы-мұрнынан маңқа ағады. Тыныс алуы қиындап, жұтқыншағы түйіледі, теңселіп бір орнында айнала бастайды. Денесі тырысады, басы желкесіне қарай тартылып кетеді. Ауру жылқы үркек келеді, қызуы 400С-қа жетіп, үсті қышиды, дірілдеп, кейде шойырылып қалады. Қой мен сиыр бұған қосымша қылғынып, жұтына алмайды, ауру 2 -- 3 күнге созылады. Індетті белгілері бойынша қарап және бактериол. зерттеулермен анықтайды. Індетке шалдыққан малды бөлек бағады, мал қорасы залалсыздандырылады.
Ауески ауруын көпке дейін құтырықпен шатыстырып келді, тек алғаш рет 1902 ж. Ауруды сипаттап, құтырықтан ажыратқан венгер ғалымы Аладар Ауески. 1930 жылдардан бастап көптеген мемлекеттерде байқалады. Қазіргі уақытта оның шошқа шаруашылығына тигізер зияны айтарлықтай. Қоздырушысы - Suid (alpa) herpesvirus Құрамыда ДНҚ бар герпес вирустар тұкымдастығына жататын, торшаның ядросында көбейетін вирус.
Табиғи жағдайда ауруға ең жиі шалдығатындар: шошқа, ит, мысық және синантропты кемірушілер. Сирек ауыратын жануарлар ірі қара мен терісі бағалы андар. Жұмыр тұяқтылар мен приматтар төзімді келеді де, табиғи жағдайда сирек ауырады.
Ауру коздырушысының бастауы - ауырған жануарлар. Олар вирусты тұмсығынан, көзінен, қынаптан аққан сорамен, несеппен, және сүтпен бірге бөліп шығарады.
Ауески ауруы шыққан шошқа шаруашылығы, егер уақтылы сауықтыру шаралары жүргізілмесе, бұл ауру тұрақтанып, оның энзоотиялық ошағы пайда болады. Індет ошағының тұрақты болу себептері: ұзаққа созылатын вирус алып жүру, табынды үздіксіз жас мегежіндермен толықтыру, шаруашылықтың өзінде өсірілген төлдің ауруға бейім жануарлардың санын молайтып отыруы. Сондыктан бір басталған індет шаруашылыкта үздік-создык, бірнеше рет кайталанып, талай жылдарға созылу мүмкін.
Вирустың денеге ену жолына, жануарлардың түр және жас ерекшеліктеріне карай дерттің дамуы әртүрлі өтеді. Ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары аркылы енгенде вирус инфекция қақпасында шошқаның денесінде тез, ал баска жануарларда баяу көбейеді. Тері аркылы енген вирус кірген жерінде тез көбейіп, гематогендік және лимфогендік жолмен денеге тарағанымен миды онша зақымдай коймайды.
Инкубациялық кезең негізінен 1-8 күн кейде 3 аптаға дейін созылады. Оның ұзақтығы жануардың түріне, жасына және табиғи төзімділігіне және вирустың уыттылығы мен енген жеріне байланысты. Ауру жіті өтеді.
Шошкада аурудың клиникалық белгілері ең алдымен жасына байланысты. Ересек шошкада негізінен зілсіз өтеді, 1-3 күн бойы аздап ыстығы көтеріледі, жабырқау тартып, тәбеті бұзылады, кейде кұсады. Жануардың көпшілігі елеусіз түрде ауырады. Кей жағдайда ересек шошкалардың ауруы күшті болуы да мүмкін. Онда аталған белгілерімен қоса мұрнынан сора ағып, жөтел, ентіге дем алу, теңселіп жүру, сілекей ағу, аяғы, жұтқыншағы мен көмейі салдану байкалады. Жануар есеңгіреген күйінде өліп кетеді.
Ауруды өлі тиген, эпилепсиялык, дел-сал және аралас түрлерге бөледі. Жана туған торайларда 10 күнге дейін ауру менингоэнцефалитгің белгілерімен өтеді. Ауырған торайдың жылжуға, емуге және дыбыс беруге шамасы келмейді Қалшылдап, сілекейі ағып, жұткыншағы сіреседі. Бір күннің ішінде өліп қалады. 10 күннен 4 айға дейінгі торайларда аурудың өлі тиген және менингоэнцефалит түрлері аралас өтеді. Бас кезінде дененің ыстығы 41°С және одан да жоғары көтеріледі, жабырқау тартып, әлсіреп кұсады, шөлдейді. Кейінірек орталық жүйке жүйесінің закымданған белгілері байқалып, не қозу эпилепсия, не тежеу дел-сал процестері басым болады.
Эпилепсиялық түрі кезінде торай алға ұмтылып бір жерді айнала береді. Мойын және жак еттері құрысып, тістерін шыкырлатып, омыртқасы иіледі. Қайта-кайта серендеп, әбден сіресі кұриды. Вирус анка мен жұткыншакта көбейсе ларингофарингит пайда болып, танаудан сора ағады, шыңғырған даусы қырылдап шығады, немесе дыбысы мүлдем шыкпайды афония. Көзі мүлдем көрмей қалады, тұла бойьның бүлшык еттері салданады.
Дел-сал түрі кезінде жабырқау тартып, басын салбыратып, танауымен жер тіреп, ебдейсіз тұрады. Сирақтарын бауырына қарай тартып, жүргенде тәлтіректейді. Жатқан сикы ебдейсіз болады. Менингоэнцефалитен тыс жүрегі дүрсүлдеп, бүйрігімен дем алады. Сонғы кезенде өкпенін. домбығуы мен қабынуы байкдлады. Эпилепсиялык және дел-сал түрінің екеуінің де үзақтығы бірнеше сағаттан 2-3 күнге дейін созылады. Кейбір торайлар ыстығы көтеріліп, құсып ішінен кан кетіп, тез арада өліп кетеді ішектегі түрі. Ересек шошкалардай торайларда да орталық жүйке жүйесі закымданбай өкпедегі түрі кездеседі. Өлі тию белгілері кауырт өрбіп, жоғарғы тыныс жолдары кабынып өкпенің домбығуы мен қабынуынан жануар 1-2 күн ішінде өледі.
Алдын ала диагнозды індетганулык және клиникалық белгілері, патанатомиялык тексерудің нәтижесі аркылы қояды. Түбегейлі диагноз зертханада міндетгі тұрде үй қояны мен жас мысықта қойылатын биосынаманың нәтижесі бойынша, бактериологиялык тексерудің нәтижесін ескере отырып қойылады. Ауруды балау үшін серологиялық әдістерді де қолдануға болады. Олардың ішінде үй қоянында, торайдың бүйрек торшаларынын өсіндісінде вирусты бейтараптау реакциясын, сонымен қатар комплементті байланыстыру, диффузиялық прецинитация, қосалқы гемаглкутинация және иммунофлуорес-ценция реакциялары қойылады.
Барлық түліктерде кұтырықтан, шошқада -обадан, сальмонеллез, колибактериоз, листериоз, тұмау, Тешен ауруы, пастереллез, ас тұзынан улану, авитаминоз, әртүрлі менингиггер мен энцефалиттен ажырату қажет.
Емі. Өзіне тән емдік дәрмек ретінде Ауески ауруына карсы гипериммунді сарысу мен иммунді глобулин қолданылады. Емдеу уақтылы, жануар ауыра бастағанда жүргізілсе ғана нәтижелі болады. Қосалкы микробтарды тежеу үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер және симптоматикалык ем үшін витаминдер қолданылады.
Ауырып жазылған жануарда бірнеше жылға жететін күшті иммунитет калыптасады. Ауылшаруашылық жануарларын иммундеу үшін шошқа, сиыр және койдың Ауески ауруына қарсы өсіннен алынған кұрғақ ВГНКИ вакцинасы колданылады. Шошқаны егу үшін сонымен катар БУК-628 штаммынан даярланған вирус-вакцина колданылады.
Аурудың алдын алу шаралары мал фермаларында және оның маңайында індеттің синантроптық және антропургиялык жасырын табиғи ошағы пайда болатындай кең территорияда жүргізіледі.
Ауру шыққан жағдайда шаруашылыққа фермаға карантин қояды. Ауырған және күдікті жануарларды бөліп алып, иммуноглобулинмен, антибиотиктермен, симптоматикалық дәрілермен емдейді. Клиникалық сау жануарларды егіп, сонымен қатар сыртқы ортаны зарарсыздандыру шараларын жүргізеді. Ауру жануарларды оқшаулаған қора-жайды күн сайын, ал сау жануарлар тұрған жерді апта сайын дезинфекциялайды. Ауру басылған соң, ауырып жазылған малды түгел әкеткеннен кейін, барлық сауықтыру шаралары орындалған сон карантинді бір ай аң шаруашылықтарында 15 күн өткен соң алады. Карантин алынғаннан соң бір жыл бойы шектеу сақталып, барлық жануарлар егіледі.
3.2 Ауески ауруы кезіндегі қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар
1. Ауески ауруының әкелінуінен қорғау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) табынды жинақтау үшін жануарларды Ауески ауруы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден сатып алады, жаңадан келіп түскен барлық жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде ветеринариялық бақылаумен профилактикалық карантинде ұстайды;
2) фермалардың, жайылымдардың аумағында, мал шаруашылығы қора-жайларында, мал азығы ас үйлерінде, қоймаларда, диірмендерде, құрама жем зауыттарында үнемі кеміргіштермен күрес жүргізіледі.
2. Кеміргіштер жаппай қырылған жағдайда өлу себебін анықтау үшін олардың өлекселерін ветеринариялық зертханаға жібереді:
1)қаңғыбас иттер мен мысықтардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағында болуына жол бермейді;
2) шарасыздан сойылған жануарлардан алынған ет және ішек-қарындарды пісірілмеген күйі, сондай-ақ союдың, асхананың және ас үйдің пісірілмеген қалдықтарымен шошқаларды, терісі бағалы аңдарды, иттерді және мысықтарды азықтандыруға жол бермейді.
3. Жануарларда Ауески ауруына күдік тудыратын белгілер байқалған жағдайда жануарлардың иелері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға дереу хабарлайды және ол келгенге дейін мынадай шараларды қабылдайды:
1) ауырған жануарларды оқшаулау, еметін торайлар ауырғанда қолайсыз ошақтың аналығымен қоса барлық ұяластарды, ал аналықтан бөлінген торайлар ауырғанда барлық топты оқшаулау;
2) ауру жануарлар немесе олардың өлекселері болған станоктарды, үйшіктерді және тасымалдайтын жәшіктерді механикалық тазарту және дезинфекциялау, сондай-ақ күту заттарын Қазақстан Республикасында тіркелген дезинфекциялық заттармен дезинфекциялау;
3) бөгде адамдардың қолайсыз ферманың аумағына және қора-жайларына кіруіне жол бермеу, осы ферманың (шошқа қора, мал ауласы, қой қора, тәлімбақ) қолайлы фермалармен шаруашылық байланысын тоқтату;
4) жануарлар өлген жағдайда өлекселерді станоктар мен торлардан жару бөлмесіне алып тастау немесе оларды ветеринариялық дәрігер келгенге дейін суық жерде жабық жәшікте сақтау.
4. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жануарлардың ауруы туралы хабарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) диагнозын анықтау үшін ветеринариялық зертханаға жануардың өексесін немесе патологиялық материалды жібереді;
2) аурудың шығу себептерін, көзін және аурудың әкеліну жолдарын анықтайды, шаруашылық жүргізуші субъектінің эпизоотиялық жағдайын нақтылайды және аурудың таралуын болдырмау жөніндегі шаралар жүргізуді ұйымдастырады.
5. Жануарлардың Ауески ауруымен ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп жарияланады және карантин қойылады.
6.Карантиннің шарты бойынша мыналарға:
1)Ауески ауруына сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелуге (кіргізуге) және одан әкетуге (шығаруға), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде де және қоралардың іштерінде де қайтадан топтастыруға;
2) шаруашылық жүргізуші субъектіден алдын ала зарарсыздандырмастан, былғарыны, қой терілерін, терілерді, сондай-ақ қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында дайындалған және сақталатын маңыздандырылған, шырынды азықтарды және көлемді жем-шөпті (шөп, сабан) әкетуге. Бұл азықтарды ауырып жазылған және вакцинациядан өткен жануарларды азықтандыру үшін сол жерде пайдаланады;
3) шаруашылық жүргізуші субъектіде жануарларды шағылыстыруды жүргізуге, асханадан қалған қалдықтарды азықтандыру үшін пайдалануға;
4) жануарларды өлшеуге және таңба басуға, аңдардың түбіттерін тарауға;
5) шошқаларды оларды алдын ала қайнатпастан маңыздандырылған және шырынды азықтармен (сүрлемнен басқа) азықтандыруға жол берілмейді.
7. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде:
1) жануарлардың барлық мал басын клиникалық тексеруден және оларды іріктеп термометрлеуден өткізеді;
2) ауру және ауруы күдікті жануарларды оқшауландырады және емдейді;
3) кейіннен карантинді алып тастау алдында қорытынды дезинфекциялай отырып, қора-жайларды және күту заттарын мұқият тазартады және ауық-ауық дезинфекциялайды;
4)қолайсыз фермалар мен шаруашылықтардың аумағында мал шаруашылығы және қосалқы қора-жайларда кеміргіштерді жою және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша іс-шаралар жүргізеді;
5)қора-жайлардан күнделікті қи мен төсенішті биотермиялық зарарсыздандыру үшін көңқоймаға шығарады. Қиды немесе бөкпені алдын ала зарарсыздандырмастан егін алқабына және бақшаға тыңайтқыш үшін шығаруға жол берілмейді;
6) Ауески ауруынан шарасыз өлтірілген немесе арам өлген жануарлардың терілерін және қойдың терілерін сыпырып алады және жануарлардан алынған шикізаттарды дезинфекциялау жөніндегі нұсқауға сәйкес зарарсыздандырудан өткізеді;
7) Жануарлардың өлекселерін өртейді. Шошқа өсіретін шаруашылықтарда-ғы іс-шаралар
8. Шошқа өсіретін қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде қосымша:
1)барлық жас топтарындағы жануарларды тек станоктарда азықтандыруды ұйымдастырады. Әрбір азықтандырғаннан кейін астауларды мұқият тазартады және кейіннен сумен әбден шая отырып, дезинфекциялайды;
2)Ауески ауруымен ауырған аналық шошқаларды, қабандарды және төлдерді бордақылауға қояды және союға өткізеді.
9.Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан және одан аурудан сауыққан жануарларды шығарғаннан, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін бір айдан кейін алынады.
10. Ауески ауруы бойынша қолайсыз пункттерде мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді:
1) ауру және ауруы күдікті жануарларға Ауески ауруына қарсы емдік дозада глобулин егеді;
2) ауру жануарлармен жанасуда болған жұқтыруы күдікті жануарларға профилактика дозасында глобулин егеді, ал 2-3 апта өткеннен кейін олар Ауески ауруына қарсы вакцинамен иммундалады;
3) шошқалар Ауески ауруымен ауырған шошқа қораға тікелей жақын орналасқан ірі қара мал мен қойларға да вакцинация жасайды;
4) Ауески ауруы жұғуы күдікті сиырлардан алынған сүтті адамдарға тағам ретінде тек пастерленген немесе қайнатылғаннан күйінде беруге жол беріледі. Клиникалық ауру және ауруы күдікті сиырлардың сүтін қайнатып зарарсыздандырады және жояды.
11. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантинді ауру тоқтағаннан және ветеринариялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін бір ай өткеннен соң алады. Аң өсіретін шаруашылықтар мен қызмет көрсететін иттердің тәлім бақтарындағы іс-шаралар
12. Аң өсіретін фермаларда (қызметтік ит өсіретін тәлімбақтарда) мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді:
1) Ауески ауруы вирустарының болуына күдікті ет азықтарын рационнан дереу алып тастайды;
2) ауру және ауруы күдікті аңдарға (иттерге) емдік дозада ерекше глобулин егеді және симптоматикалық емдеу жүргізеді. Шартты түрдегі сау аңдарға, иттерге Ауески ауруына қарсы вакцина егеді;
3) шарасыздан сойылған және қырылған терісі бағалы аңдардың терілерін зарарсыздандырады. Құндылығы жоқ жазғы терілерді өлексемен бірге жояды.
13. Ауески ауруы бойынша қолайсыз аң өсіретін шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан, ауырып жазылған мал шығарылғаннан, қора-жайларды санитарлық жөндеуден өткізгеннен және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күннен кейін алынады.
3.3 Жануарлардың Ауески ауруын алдын-алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ережесі
Осы Жануарлардың Ауески ауруын алдын-алу және жою жөніндегі Ветеринариялық ережесі (кейін - Ветеринариялық ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде ветеринариялық шаралардың жүргізуін ұйымдастыру және орындау тәртібін анықтайды.
1. Жалпы шаралар
1. Ауески ауруы - өте жұқпалы, ауылшаруашылық және басқа да үй жануарларының, терісі бағалы аңдардың және кеміргіштердің вирустық ауруы. Ауру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz