Пастереллез сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1.КІРІСПЕ 2

2.ӨНДІРІСТІК НЫСАННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 4

3.ӘДЕБИ ШОЛУ 7

3.1 Пастереллез сипаттамасы 7
3.2 Ауыл шаруашылығы жануарларының пастереллез ауруының алдын алу және
жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі 18

4.ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР 25

4.1 Зертте әдістерімен алған тақырыбына сәйкес мәліметтер 25
4.2 Зерттеу нәтижелері 26

ҚОРТЫНДЫ 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 29

ТІРКЕМЕЛЕР 31

1.КІРІСПЕ

Ауыл шаруашылық малдарының пастереллёз еліміздің ветеринария ғылымы
мен практикасындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ол зооантропонозды
инфекция ретінде ауру тараған аймақтардағы мал шаруашылығына үлкен
экономикалық шығын келтіріп қана қоймай, адамдардың деңсаулығына да қауіп
төндіруде. Пастереллёз — жануарлардың көптеген түрінде және адамда болатын
жұқпалы ауру. Оның  қоздырғышы — ауру немесе ауырып жазылған жануарлар
организмінде болатын пастерелла бактериясы.
Пастереллёзбен ауырған малдың тыныс алу, ішек-қарын жолдарының кілегей
қабығы қабынып ісінеді. Ауру малдың дене қызуы көтеріледі, жемшөптен
қалады, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейді. Егер тыныс алу жолдары
қабынса, танауынан іріңді сұйық ағады, тыныс алуы нашарлап жөтеледі. Ішек,
қарынның кілегей қабығы қабынса іші өтеді, әлсірейді, басы, мойны ісінеді.
Ауру асқынса мал өледі.
Аурудан сақтандыру үшін қора-жайды таза ұстап, малдың күтімін жақсарту
керек. Малдәрігерлік-санитарлық шараларды қатал сақтаған дұрыс. Емі: ауру
малға ем сарысуын егу, антибиотиктер, сульфаниламид дәрілерін ішкізу. Адам
пастереллёзға шалдықса қабынған жер абсцесс және флегмона түрінде өтуі
мүмкін. Көбінесе пастереллёз болған адамда остеомиелит, бронх қабынуы ауруы
жиі кездеседі. Ауру адамға малдан жұғатын болғандықтан пастереллёз малды
күт
Пастереллёз құс және мал өсіретін фермалардың жұмысшылары арасында жиі
кездеседі. Аурудың адамнан адамға жұққаны байқалған жоқ. Алайда,
инфекцияның анадан нәрестеге жұғып, ана мерзімінен бұрын босанып, нәресте
сепсиске шалдығып, қайтыс болған оқиғасы орын алған. Мұнда ана
эндомертиясынан пастереллалар бөлінген. Келтірілген мәлметтерге байланысты
біздің зерттеу жұмыстарымыздың мақсаты болып пастереллёз бойынша індеттік
жағдайының статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдау және
жүргізілетін алдын алу шараларының ұйымдастырылуын талдау табылды. Қойылған
мақсатты орындау үшін келесі сұрақтар бекітілді: статистикалық мәліметтерге
сүйене отыра Астана қаласы және жалпы Қазақстан республикасы бойынша
пастереллез ауруының таралуын мониторинг жасау

2.ӨНДІРІСТІК НЫСАННЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Ветеринарлық емханасына сипаттама
Зоосфера ветеринарлық емханасы Астана қаласы, Петрова көшесі 11
мекен жайында орналасқан. Емхана 1998 жылы құрылған, емхананың иесі
Шабдарбаева Г.С., ханым, менгерушісі Балғынбаева А.И., бас мал дәрігері
Нильер Ю, дәрігерлер: Майкотов А., Быков А.
Бұл емхана үй жануарларын (ит, мысық), ұсақ ауылшаруашылық жануарларын
және экзотикалық жануарларды (тоты кұс, кесірткелер, жыландар) емдеуге
негізделген. Мал дәрігерлік емханада келесідей мамандар жұмыс атқарады: 2
хирург, 2 терапевт дәрігер, 2 санитар комекші, 2 күзетші.
Дәригер хирургтар әр түрлі операцияларды орындайды – остеосинтез,
құлақты және құйрықты кесу, еркек пен ұрғашы жануарларды пішу, жарықтарды
емдеу, ісіктерді алып тастау және т.б.
Терапевт дәрігерлер жұқпалы емес және инвазиялық ауруларды емдейді.
Аурулардын алдын алу үшін егу шараларын жүргізеді.
Ветеринарлық емхана тәулік бойы жумыс істейді. Күндізгі ауысымдагы
дәрігерлер кабылдауды 9.00-ден 19.00-ге дейін жүргізеді.
Түнгі ауысымдағы дәрігерлер тек жумыс күндері сағат 19.00-ден 9.00-ге
дейін қабылдау жүргізеді, демалыс күндері жұмыс 9.00-ден 17.00 - ге дейін.
Дәрігерлер жұмысы жануарларды кабылдау, емдеу, кенес беруден, алгашкы
дәригерлик комек корсетуден турады. Санитар – комекшилердин жумысы емхана
ішіндегі және сол аумақтагы тазалыкты сактау.
Емхана 8 бөлмеден, онын ішінде күту бөлмесі, ветеринарлық дәріхана,
емдік диагностика бөлмесі, хирургиялык операция бөлмесі, тұрмыстық бөлме,
қабылдау бөлмесі, дәрігерлер дем алатын бөлме және стационардан турады.
Болімшенін дәл ортасында емдік-диагностикалық шараларды қолданғанда
қауіптілік пен ынғайсыздықтын алдын алатын станок бар.
Клиникаға әкелінген жануарлардын барлығы тіркеліп жазылады. Орталықта
қанды биохимиялық және жалпы анализге тексеру, қан сары суынын
диагностикасы, зәрді, нәжісті тексеру, паталогиялық анатомиялық союлар,
малдын инфекциялык ауруларына карсы вакциналар салу, әр түрли емдік - алдын
алу шаралары жасалады. Дәріханадан түрлі ауруларға қарсы препаратты алуға
болады.
Емхананын бөлмелерінін орналасуы:
1. Күту бөлмесі;
2. Емдік диагностика бөлмесі;
3. Қабылдау бөлмесі;
4. Тұрмыстық бөлме;
5. Мал дәрігерлік дәріхана;
6. Хирургиялық операция бөлмесі;
7. Дәрігерлер дем алатын бөлме;
8. Стационар;
9. Аула;
Операция жасайтын арнайы бөлме, онда басқа, әсіресе инфекциялык
ауруларды кабылдауға тиым салынады. Операция жасайтын болменін терезелері
күн жақта, көлемдері үлкен. Кабырғалары ақ түсті кафельдер. Едені енкейіс
болады аққан суйықтық және жұғын су оз бетімен ағып кетуге тиісті. Операция
кезінде сөйлесу немесе кажетсіз артық жүруге болмайды, оның барлығы жатқан
микробтарды көтеріп ауаға шығарып санын 100% дейін көбейтеді. Операция
жасардын алдында бактерицидтик лампаларды 1,5-2 сағатка қосады. Егер
бактерицидтик лампалар экрандалған болса онда оларды операция кезінде
ошірмеуге болады, себебі көзге зиян келтірмейді. Ереже бойынша
бактерицидтік лампалар операция жасайтын орыннан 2,5-3 метрден қашык
болмауы керек. Одан алыс болса әрекет күші азайып толық әсер етпейді
Операция жасайтын бөлмеге хирург онын комекшілері операциянын киімдерін
бірден киіп келеді.
Қабылдау бөлмесінде ауру мал иелерінін клиникаға келу себептері,
анамнез, оларды тіркеу сиякты жумыстар жүргізіледі.
Дәріханада жылжымалы сорелер бар ағаш шкаф және дәрілік заттарда
сактау үшін екі сейф бар (біреуіне күшті әсер ететін, екіншісінде улы
заттар сақталады) тоназытқыш және кол жуғыш бар. Аптека ішінде жаңа дәрілер
туралы мағлуматтар және мал дәрігерінін ұсыныстары бар.
Қабылдау бөлмесі малдарды әкелгенде қарауга және тіркеуге арналған,
бөлмеде тамызғы қыстыратын штатив, шыны заттар қоятын шкаф, қол жуғыш,
күнделікті қолданатын заттарды коятын шкаф, халат және бактерицидты лампа
ілетін ілгіш бар.
Операцияға дайындау бөлмесі операцияға дайындауға және ұсақ
жануарларға операция жасауға арналған. Бөлмеде операцияға дайындау столы,
Виноградовтын ұсақ жануарларға операция жасайтын столы, құрал жабдықтар
және танғыш заттар (гипс, бинт), үлкен қурал-жабдық салатын, стерильди
жиынтық №1 және №2 салатын тартпасы бар стол. Стерилизатор және жараны
өндеуге керекті заттарды салатын столдар (йодталған спирт, вишневский
жақпасы және тағы басқа) артық танғыш және тігетін жіп. Хирургиялық құрал
-жабдық, ұсақ жануарларды өлшейтін таразы, сейф бар (20 кг). Сонымен қатар
кварцтық лампа, шыны заттарды коятын шкаф және негатаскоп бар.

3.ӘДЕБИ ШОЛУ

3.1 Пастереллез сипаттамасы

Пастереллез Pasteurellosis - жіті өткенде өлітиюдің белгілерімен, ал
жітілеу және созылмалы кезінде негізінен өкпенің қабынуымен ерекшеленетін
сүтқоректілер мен құстардың көптеген түрлері ұшырайтын жұқпалы ауру.

Аурудың жұқпалы екендігін дәлелдеуге 1878 ж. Болингердің сиырдың
пастереллезін сипаттауы негіз болды. Аурудың қоздырушысын тауықтан Е.М.
Земмер 1878, Л.Пастер 1880, үй қоянынан Гафки 1881, сиырдан Китт
1885, бұйволдан Гресте 1887 бөліп алды. Аурудың атауы Пастердің
қоздырушы микробты өсіріп, әлсіретіп, онымен тауықты иммундеуге бағытталган
әйгілі тәжірибелеріне байланысты еді. Ғалымның құрметіне бұл микроб
пастерелла, ал ол қоздыратын ауру пастереллез деп аталатын болды.
Пасгереллез дүние жүзіне кең тараған. Әдетте оқтын-оқтын байқалып,
созылмалы түрде өтеді. Бірақ ауруды өршітуге ықпал ететін факторлардың
әсерінен індет түрінде кең жайылады.
Қоздырушысы - Pasteurella multocida - оншалықты ірі емес, грамтеріс,
козғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұпталып сирегірек қысқа
тізбек түрінде орналасатын бактерия.
Түрі мен мөлшері шыққан ортасына байланысты әртүрлі болады. Ауру малдың
ұлпасындағы пастереллалар ұсақ сопақша болады да, метилен көгі немесе
Романовский-Гимза әдісімен биполярлы екі шеті боялады. Жаңа өсінділерде
микробтың анық көрінетін қауашағы болады.
Пастереллалар - жартылаай ауасыбағалы микробтар. Кәдуілгі қоректік
орталарда 37° С кезінде жақсы өседі, жаңадан алынған өсіндерін өсіру үшін
қан сарысуы қосылған немесе етті ферменттік гидролиздеу арқылы алынған
қоректік орталар қолданылады. Бактериялар сорпада өскен қоректік орта
түгелдей лайланып, ЕПА-да үш түрлі шоғыр түзеді: тегіс S, бұдыр R және
кілегейлі М. Ферменттілік қасиеті төмен, өзгеше қасиеті болып триптофан
қосылған сорпада индол түзуі және нитратты нитритке дейін тотықсыздандыруы
есептелінеді.
Ұзақ уақыт бойы пастереллаларды зоологиялық тұрғыдан жіктеу орын алып
келді де, мал мен құстың әрқайсысына ауруды микробтың жеке түрі тудырады
деп есептелінді. Тек 1939 ж. Розенбуш пен Мергант пастереллалардың ауру
қоздырушы бір ғана түрі бар екендігін дәлелдеп, оны дербес түр P.multocida
ретінде қарастырды. Бұл тұқымдыстыққа жататын тағы бір дербес түр
P.haemolytica сиырда, әсіресе қойда пастереллезге ұқсас ауру қоздырады.
Пастереллалардың төзімділігі жоғары емес, сыртқы ортада тез өледі.
Көңде, қанда, суда тіршілігін 2-3 апта сақтайды, ал өлекседе 4 айға дейін,
мұздатылған құс етінде жыл бойы сақталады. Тура түскен күн сәулесінен бұл
микроб бірнеше минут ішінде, ал 70-90° С температурада 5-10 минутта өледі.
Барлық үйреншікті дезинфектанттар қолданылып жүрген концентрациясында
бірнеше минутта өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Пастереллезге үй және жабайы сүтқоректілер мен
құстардың барлық түрлері бейім. Онымен адам да ауырады. Тауық пен үй
қоянында ауру індет ретінде байқалады. Басқа жануарларда індет түрінде
таралағанымен де, мұндай жаппай ауру онша жиі байқалмайды. Ет қоректі
жануарлар біршама төзімді келеді.
Пастереллездің өлітиген түрінде жіті өтіп індет ретінде қаулауын ірі
қара мен жабайы күйіс қайыратьгн жануарларда біздің өлкемізде P.multocida В-
типі, ал Африкада P.multocida Е-типі қоздырса, құста - P.multoida А-тині
қоздырады. Пастереллездің оқтын-оқтын энзоотиялық пневмония ретінде
жітілеу және созылмалы өтетін түрін бұзауда P.multocida А-
типі және P.haemolytica, ал шошқада P.multocida А және D-типтері
мен P.haemolytica қоздырады.
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан
жазылған жануарлар. Алып жүру мерзімі жылдан астам болуы мүмкін.
Пастереллезге тән қасиет - сау жануарлардың арасында да қоздырушыны алып
жүрудің көп кездесуі. Сау шаруашылықтарда ауырмаған малдың пастереллаларды
алып жүруі сырт жерден ауруды әкелмей-ақ пастереллездің өзінен өзі
қаулауына себеп болады. Әдетте мұндай жағдай жануарларға әртүрлі қолайсыз
факторлардың әсер етуінен кейін байқалады.
Пастереллездің індеттік ерекшелігі оның бір жерге орын теуіп, энзоотия
ретінде байқалып, тұрақты індет ошағының қалыптасуы.
Сиыр мен қой пастереллезбен кез келген жаста ауырады, әйткенмен де жас
төлдің бейімділігі жоғары болып келеді. Ең жиі ауыратын жануар - бұйвол,
олардың сиырмен салыстырғанда өлім көрсеткіші 2 есе жоғары. Тропикалық
елдерде пастереллез ірі қарада әдетте індет түрінде жауынды маусымда жаппай
ауруға шалдығу және өлімге ұшырау 70-100 % арқылы байқалады. Қоңыржай
климатгы аймақта пастереллез негізінен күз бен көктемде ауруға шалдығу
көрсеткіші 5-50 % кездеседі. Ауырған мал қоздырушы микробты мұрыннан аққан
сора, дем алғандағы ауа, сілекей, нәжіс арқылы бөліп шығарады. Қоздырушының
берілу факторлары мен таралу жолдары алуан түрлі. Берілу факторларының
ішіндегі ең елеулілері: микробпен ластанған қоражай, ауа, жемшөп және құрал-
саймандар. Құстардың арасында пастереллездің таралуына Dermanyssus gallinae
және Aigas persicus кенелері айтарлықтай қызмет атқарады. Олардың денесінде
пастереллалар 60 күннен артық сақталады. Аурудан сау емес шаруашылықтарда
тышқандар мен егеу-құйрықтар қоздырушының бастауы және тасымалдаушысы бола
алады.
Қоздырғыштың негізгі көзі - ауру және ауырып, жазылған мал. Оларда ауру
қоздырғыштары бір жылдан артық сақталады. Пастереллезге тән нәрсе - сау
малдың да, ауру малдың да ауру қоздырғышын тасуы.
Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша аурудың таралуының негізгі
жолдарының бірі - пастереллезден таза емес шаруашылықтардан мал сатып алу
деп санайды. Шаруашылықтағы сау малдың пастереллалар тасуы аурудын, тез
тарауына себеп болады. Әдетте ауру малды күтіп-бағудың нашарлығына және
қолайсыз жағдайларға байланысты тарауы мүмкін.
Індет жағдайын ескермей жануарларды жөн-жосықсыз орын ауыстыру,
мөлшерден тыс тығыз орналастыру, ветеринариялық-санитариялық ережелерді
дұрыс орындамау, зарарсыздандырылмаған қасапхана қалдықтарын пайдалану
пастереллездің таралуына ықпал етеді.
Пастереллез кезінде ауруға шалдығу және өлім көрсеткіштері қоздырушы
микробтың уыттылығы, табындағы малдардын иммундік жағдайы және киімі,
қосалқы инфекциялардың болуы және сауықтыру шараларының дұрыс, уақтылы
жүргізілуіне байланысты болады.
Дерттенуі. Табиғи жағдайда пастереллалар жануар денесіне тыныс және ас
қорыту жолдары арқылы, ал ерекше бір жағдайда ғана зақымданған тері арқылы
енеді. Енген орнында микроб өсіп-өніп, сөлмен қанға өтеді де, септицемияның
әсерінен көп жағдайда жануар 12-36 сағат өткенде өледі. Дерттің өрбіп
денеге жайылуына пастереллалардың фагоцитозды тежеуі аяқталмаған
фагоцитоз, улы заттардың пайда болуы және оның нәтижесінде капиллярлардың
жаппай зақымдануы жағдай жасайды. Бұлардың нәтижесінде тері асты және
бұлшық еттер арасындағы шөл ауқымды мөлшерде домбығуға шалдығып,
геморрагиялық диатез пайда болады. Қоздырушы неғұрлым уытты болса,
солғұрлым тез өлітиеді.
Ауруға төзімді жануарға уыттылығы төмен пастереллалар енгенде
өлітимейді. Қоздырушы кейбір мүшелерде ғана, негізінен өкпеде, орын теуіп,
ауру жітіден төмен созылмалы өтеді. Пневмония крупозды немесе серозды-
қатарлы болады. Ауру өте жіті өткенде пневмония өрбіп үлгірмейді де, өкпеде
тек домбығу мен гиперемия байқалады.
Өтуі және симптомдары. Жасырын кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан 2-3
аптаға дейін. Жануарлардың әр түрінде пастереллезаса жіті, жіті, жітіден
төмен және созылмалы өтеді.
Сиыр мен бұйволда пастереллездің аса жіті түрі кезінде дененің ысығы
кенеттен 41-42° С дейін көтеріліп, өлітиюдің белгілері байқалады. Қауырт
өрбіген кезде жүрек қызметінің жетімсіздігінен, өкпенің домбығуы мен қан
аралас іш өтуден жануар бірнеше сағат ішінде өліп кетеді. Тіпті бұл
белгілер білініп үлгірмей-ақ малдың өліп кетуі мүмкін.
Ірі қараның танауы құрғап, салқындайды, күйіс қайтарудан қалады, сүт
шықпайды, аурудың басында ішек қимылы бәсеңдеп, сирек жапалайды. Жапасына
сұйық қан араласады, Көзінің кілегей қабықтары қабынып, жасаурайды. Зәріне
қан араласады. Септицемия белгілері айқын білінеді, жүрек қызметі нашарлап,
бір-екі тәулік ішінде өледі.
Мал ұзақ ауырған жағдайда дене қызуы оқтын-оқтын көтеріледі, денесінің
әр жері зақымданады. Бұл аурудың ісікті пастереллез, көкірек пастереллезі,
ішек пастереллезі деп аталатын түрлері болады.
Ісікті пастереллез кезінде мал тамағынын, астында, мойнында, қарны мен
аяқтарында басқанда сықырламайтын, бірақ ұлғайып, тез өршитін, ісік пайда
болады. Малдың мойны мен тілі ісінеді, тыныс алуы қиындап, ентігеді,
жылбысқы сілекей ағады. Көзге оңай көрінетін кілегей қабықтары көкшіл
тартып, әр жері қанталайды.
Көкірек пастереллезі кезінде малдың өкпесі қабынып, тыныс алуы
қиындайды, сыртқы орта реакциясына мыңқ етпейді, қарын қимылы тоқтап,
құрғақ ауырсындыратын жөтел пайда болады. Танауынан көбіктенген сілекей
ағады. Аурудың соңына қарай жапасы сұйылып, оған қан араласады. Көпшілік
жағдайда мал 5-8 күн ішінде өледі.
Ауру мал маңқасымен, сілекейімен және нәжісімен бірге сыртқы ортаға
қоздырғыштар шығарады. Пастереллез қоздырғыштары әр түрлі жолдармен
тарайды. Ең көп тарайтын жолдары – ауа, жемшөп, құрал-сайман және
қоздырғыштар түскен қора-жай.
Пастереллез, сондай-ақ, малының арасында осындай ауру байқалған
шаруашылықтарда қоздырғыш көзі бар екенін ескермей табынды бір-біріне қосу,
топтастыру, өндірістік технологияның бұзылуы, мал дәрігерлік ережелердің
сақталмауы салдарынан да шығады.
Пастереллез жіті өткенде мал күйзеліп, селқостанып, ыстығы 40° С-қа
жетеді, не одан да жоғарылайды. Қаңсары құрғап, суытады. Күйіс қайыруы
тоқталып, сүті қайтады. Аурудың бас кезінде ішек пен қарынның қозғалысы,
тезек тастауы баяулайды. Кейіннен нәжісі сұйылып, фибрин мен қанды
жалқақтар араласады. Кейде танауынан қан ағып, көзі қанталап, жіті
коньюнктивит өрбиді, несепте қан болады. Жануарларда өлі тиюдің айқын
белгілері мен жүрек қызметінің жетімсіздігі байқалып, 1-2 тәуліктің ішінде
өліп кетеді.
Ауру ұзаққа созылғанда дененің жалпы қызуы көтерілуімен қатар орны
шектелген өзгерістер де байқалады. Олардың клиникалық белгілері бойынша
пастереллездің домбыққан, көкіректегі және ішектегі түрлерін
ажыратады. Аурудың домбыққан түрінде төменгі жақтарының арасында,
әукесінде, төсінде, бауыр тұсындағы тері асты шелдерінде тез арада өршитін,
ыстық, басып көргенде ауырсынатын, сықұырламайтын домбығу болады. Тілі мен
мойыны домбыққанда тынысы қырылдап, қиындайды, шұбатылып сілекей ағады,
көзге көрінетін кілегейлі қабықтары көкшілденіп, қанталап тұрады. Кейбір
жануарлардың делебесі қозады бұзауда болатын пастереллездік
менингоэнцефалит.
Пастереллездің көкіректегі түрі кезінде крупозды фибринді пневмония
кездеседі, жануар күйзеліп, қимылдан қалады, таз қарынның атониясы,
тыныстың жиілеп, қиындауы байқалады, ауырсынып құрғақ жөтеледі, танауынан
көбік аралас сора ағады. Аурудың соңғы кезінде нәжісіне қан араласып іші
өтеді де, көп жағдайда 5-8 күн арасында өліп қалады.
Ішектегі түрі кезінде негізгі симптомдары ішектердің зақымдануына
байланысты болады да, пневмонияның белгілері онша біліне қоймайды. Аппетит
сақталғанмен жануар тез арықтап, қаны азайып, күйзеліске ұшырайды.
Созылмалы өткенде жануардың тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің зақымдану
белгілері ішектегі түрі мен салыстырғанда бәсеңдеу болады, бірақ іші өтуі
салдарынан арықтап, ахексияға ұшырайды.
Қойдың пастереллезі жіті өткенде бұл ауруға тән өлітиюдің клиникалық
белгілері сирек байқалады. Дененің ыстығы көтерілуі мен жалпы күйзеліске
ұшырауымен қатар алдыңғы тұла бойының тері астындағы шелі домбығып фибринді
пневмония өрбиді. Мал әдетте 2-5 күн ішінде өліп қалады. Жітіден төмен және
созылмалы өткенде баяу фибринді пневмонияның белгілері, кератит, ринит,
артрит байқалады, мал тез арықтайды. P.haemolytica қоздыратын пастереллез
кезінде пневмония жиі байқалады да, мастит сирек кездеседі.
Шошқада пастереллез аса жіті және жіті өткенде дененің ыстығы 41° С-қа
дейін және одан да жоғары көтеріліп, тынысы тарылып, фарингит, жүрек
қызметінің кемістігі байқалады, кейде иек асты мен мойынның тері асты шелі
домбығады. Жануар тыныс ала алмай 1-2 тәулік ішінде өледі. Ұзағырақ өткенде
фибринді пневмония болып, ентігіп, жөтеледі, ринит байқалады ауру 5-8 күнге
созылып, өліммен тынады. Пастереллез созылмалы өткенде пневмонияның
белгілері байқалып, жануар әлсіреп, күрт арықтайды, кейде буындары
шорланып, терісінде қабыршақтанған экзема болады.
Құста пастереллездің аса жіті өтуі індеттің бастапқы шағында кездеседі.
Құс кенеттен жалп етіп құлап, қанатын бірнеше рет қағады да, аурудың ешбір
симптомынсыз өліп кетеді. Ауру көп жағдайда жіті өтеді де, құс селқостанып,
қанатын салбыратып отырады. Қауырсындары үрпиіп, басын қанатының астына
тыға береді, немесе арқасына қарай кегжитеді. Денесінің ыстығы 44 С немесе
одан да жоғары болады, қозғалысы шектеліп, шөлдей береді. Тұмсығынан
көпіршіген сілекей ағады. Соңын ала қатгы, кейде қан аралас іші өтеді.
Айдары мен сырғасы көкшіл тартады. Тынысы тарылып, демі сырыл аралас
шығады. Құс құрыстанған немесе дел-сал күйінде өледі. Жітіден төмен және
созылмалы өткенде құстың біртіндеп қаны азайып, арықтайды, буындары
шорланып, бара-бара іріңдейді. Сырғасы зақымданған құстың күйі өзгермейді
де, бұндай жағдай сырға ауруы деп аталады. Созылмалы пастереллез кейде
тек кана ринит, синусит ретінде, көзі мен тұмсығында қоймалжың экссудат
жиналуы арқылы байқалады.
Үй қоянында пастереллездің жіті түрі ыстығы көтеріліп, күйзеліп,
козғалуы шектеліп, жоғарғы тыныс жолдарының зақымдану белгілері
тұмауратып, түшкіруі арқылы білінеді. Кейде іші өтеді. Жануар әлсіреп, 1-
2 күн ішінде өледі. Ұзақ уақыт ауру жайлаған шаруашылықта созылмалы түрде
ринит, коньюнктивит ретінде байқалып, кейде іші өтеді, фибринді -іріңді
пневмония, тері асты шелінің абсцессасы байқалады.
Tepiсі бағалы аңдар бұлғын, түлкі, күзен, құндыз ауру жіті өткенде
қатты күйзеліп, қозғалуы шектеліп, тәлтіректеп зорға жүреді. Ыстығы 42° С
және одан жоғары көтеріледі. Негізінен әсіресе қара түлкіде геморрагиялық
гастроэнтериттің белгілері байқалды. Күзеннің бас жағының тері асты шелі
домбығып, артқы аяғы салданады. Ауру 12 сағаттан 2-3 тәулікке дейін
созылады.
Патанамотиялық өзгерістер аурудың ұзақтығы мен клиникалык түріне
байланысты болады. Аса жіті және жіті өткенде өлген жануарлардың көптеген
ағзаларында, кілегейлі және сірі қабықтарында геморрагиялық диатезге тән
жаппай қанталаған өзгерістер кездеседі. Бауыр мен бүйректер өз қалпынан
ауытқып, көк бауыр аздап домбығады. Сөл түйіндері ісініп, қара қошқыл түсті
болады. Тері асты шелінде, әсіресе аурудың домбыққан түрінде, денесінің әр
жерінде сарысулы-фибринді жалқақтар болады.
Өкпе домбығып, онда крупозды пневмонияның бастапқы кезеңіне сәйкес
өзгерістер кездеседі. Ішектегі түрі кезінде қарын мен бүкіл ішекте фибринді
- геморрагиялық қабыну байқалады.
Пастереллез жітіден төмен және созылмалы өткенде өлген малдың
өлексесінің қатты арыған және қаны азайған белгілері болады. Көкірек және
құрсақ қуыстарының сірі қабықтарында тығыз фибринді жалқақ жабысып жүруі
мүмкін. Бронхалардың маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, қанталап тұрады.
Өкпеде қызыл және сұр "бауырлану" кезеңдеріне сай өзгерістер болады, кейбір
телімдері өліеттене бастайды, ал асқынған кезде іріңді-фибринді ошақтар
кездеседі. Көк бауыр ұлғайып, бауыры мен бүйректерінде өте ұсақ өліеттенген
телімдер кездеседі. Құста болатын патанатомиялық өзгерістер сүт коректі
жануарлардағыға тақылеттес келеді де, негізінен аурудың өту ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Балау. Пастереллезді індеттанулық деректер, клиникалық белгілері,
патанатомиялық өзгерістер негізінде, міндетті түрде бактериологиялық
тексеру жүргізіп анықтайды. Зертханаға емделмеген малдың өлексесінен
өлгенінен 3-5 сағаттан қалдырмай көк бауырдың, бауырдың, бүйректің
кесінділерін, өзгеріске ұшыраған өкпенің телімін сөл түйіндерімен қоса және
жілігін жібереді. Ұсақ жануардың өлексесін тұтастай жөнелтеді. Жаздың күні
патматериалды глицериннің 40 % ерітіндісімен консервілейді. Пастереллезге
тексергенде пастерелланың ақ тышқан үшін зардапты таза өсінін алуға баса
зейін қояды.
Ажыратып балау. Сақа ірі қарада топалаң мен қарасаннан және
нироплазмоздан, ал төлде - стафилококты және стрептококты инфекциялардан,
сальмонеллезден, колибактериоздан, вирустық пневмоэнтериттерден парагрип-
3, вирустық диарея, жұқпалы ринотрахеит. Қойда топалаңнан, пироплазмоздан,
секіртпе мен жыбырлақтан ажырату керек. Шошқада пасетереллезді обадан,
тілмеден, сальмонеллезден, ал тауықта – Ньюкасл ауруынан, микоплазмоздан,
жұқпалы ларинготрахеиттен, смирохетоздан ажырату кажет.
Аталған және басқа да аурулардан пастереллезді ажырату үшін кешенді
зерттеу әдісін қолданады, оның ішінде зертханалық тексеру шешуші рөл
атқарады.
Емі. Ауырған жануарды бөліп алып, жылы, құрғақ үйшікке орналастырып,
жұмсақ төсеніш төсеп, құнарлы жемшөппен коректендіреді. Микробтарға қарсы
ем ретінде антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қолданады.
Пастереллезге қарсы гипериммунді қан сарысуы ауру жедел өткен жағдайда,
уақыт өткізбей, алғашқы белгілері біліне бастаған аурудың бастапқы
кезеңінде пайлаланғанда ғана жақсы нәтиже береді. Оны бұлшық ет ішіне
немесе көк тамырға дауалық дозасынан екі есе артық мөлшерде пайдаланады.
Сарысуды антибиотиктер мен, сульфаниламид және симлтоматикалық дәрілерімен
қосып қолданғанда жақсы нәтиже береді. Малдың күй-жағдайын ескеріп емнің
курсын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пастереллез
Ірі қараның пастереллез ауруы
Жануарлардың патологиялық анатомиясы. Пастереллез
Ірі қара пастереллез ауруы
Сақау қоздырушысының зардаптылық қасиетін анықтау
Құс пастереллезінің диагностикасы
Қой қылауы мен пастереллез ауруының таралуы
Ауру қоздырушысының бастауы пастереллаларды алып жүретін аурудан жазылған жануарлар
Пастереллез ауруы
Шошқалардың пастерелез ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Пәндер