Ши тоқу

Ши тоқу - көне кәсіп Ши тоқу - бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына ескі заманнан белгілі өнер. Зерттеушілердің айтуынша, ши орау өнері өте ерте заманда ХV ғасырдан бастап дамыған көрінеді. Осынау көне кәсіптердің бірі саналған ши тоқу өнері қазақ, қырғыз, түрікмен, жартылай отырықшы өзбектер мен қарақалпақтар өмірімен біте қайнасып, олардың тұрмысы мен шаруашылығында, мәдениетінде ерекше маңызға ие болған. Кез келген қолөнердің шығармашылық ізденіс екені ақиқат. Ал табиғатта кездесетін әр дүниені өз керегіне жарата білу, тіпті қу шидің өзін пайдасына асырып, оның күнделікті тұрмыста, шаруашылықта орнын айқындап, мәні мен маңызын аша білу - ата-бабаларымыздың тек біліктілігінің ғана емес, сондай-ақ шеберлігінің де арқасы деп түсінген жөн. Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, Ресей, Еуропа бөлігінің оңтүстік шығысында, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстігінде кездесетін ши өсімдігі Қазақстанның дала, шөлейт аймақтарында, тау беткейлерінде, әдетте, суға жақын жерлерде өседі. Қыста мал жайылымына таптырмас бұл өсімдіктің сабағын қазақтар ши тоқу үшін қолданған. Мірдің оғындай түп-түзу, әрі өте берік келетін шидің сабағы тұрмыста орны ерекше материалдың бірі ретінде кәдеге асты. Ыдыс-аяқ, қазан-ошақтан бастап, киіз үйдің құрамдас бөлігі ретінде, қоршау ретінде де қолданылған ши оған салынған әдемі ою-өрнегімен, келісті бейне-суретімен үй ішін де безендіріп тұратын. Мұндай кереметтерді жасауда шебердің жұмысы алдымен жиналған шидің сабағын қабығынан аршып, оның жарамды, жарамсызын бөліп алумен басталады. Негізінен ши бұйымын сыртқы көрінісіне қарап, үш түрге бөледі. Олар - ақ ши, ораулы ши және шым ши. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде бұл аталғандардың әрқайсысы өз-өз орнымен қолданылады. Киіз басуға, сүзгіге, мал сойғанда еттің астына салуға, құрт-ірімшік жаюға өре ретінде, сондай-ақ үйдің төбесін сыларда біркелкі тегіс, әрі ыңғайлы болу үшін ақ шиді қолданған. Ақ ши дегеніміз - қабығынан аршылған, оралмай тоқылған ши. Ақ шиді қазақ өре ши деп те атаған. Өн бойы тұтас оралмай, әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды. Әр тұсынан өрнек сала оралған бұл ши түрі көбіне сәндік үшін қолданылған, яғни үй ішін безендіріп, ою-өрнекпен, түрлі бейнемен суреттелген. Сондай-ақ орама шиді шым шимен бірге киіз үйдің керегесін айналдыра тұту үшін пайдаланған. Біркелкі оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды. Бұл шиді кейде жез ши деп те атау ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған болса керек. Өн бойы өрнектелген шым ши киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау ретінде пайдаланған. Өрнектеп шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық, жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын шаршы ою деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Осылай тұтас беті өрнектелген шым шиді түскиіз орнына да ұстайды. Сондай-ақ киіз үйлердің шым есігі де осы шым ши екені белгілі. Бұрындары ши орау және тоқу технологиясын жас қыздар апа-әжелерінің жанында отырып-ақ меңгерген. Осылай бұл өнер кәсіп ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып отырған. Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Сондықтан көбіне бұл арқалықтың биіктігі 120-130 см шамасында болады. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байлаған және бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады да, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиден қабаттап бекіту шарт емес, оны үш шиден де крест салып байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар шыбын қанат деп атайды. Тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезеңінде шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Мұның шидің екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауына себебі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің бұл бөлігін қарақұс деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды шибау деп атайды. Ал кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін шиді айналдыра тұтуды ши ұстау деп атайды. Ши ораудың екі әдісі бар. Біріншісі - тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау. Екіншісі - жаңа өрнек үлгісімен орау. Шеберлер ши бетіне салған түрлерін жүзтеру деп аталады. Шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін көбінесе пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ отпен де күйдіріп белгілейді. Бұл белгілеуді сызу деп атайды. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі-түсті жүннен орап үлгі салып, түр шығарады. Оралған шиді, салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастыруды шеберлер тізу деп атаған. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы. Қазақ халқында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі - ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер. Шиден түрлі бейнелер жасап, ою-өрнектермен өрнектеп базарлық, кәдесый ретінде нарыққа шығарып, бұл кәсіпті нәсіп етіп, пайдасына асырып отырғандар да қазіргі таңда жоқ емес.
Ши тоқу халқымыздың ерте заманнан келе жатқан өнер мұрасының бірі. Шиді қолданатын мақсатына қарай бірнеше түрге бөлген
1.Ақ ши,
2.Орама ши,
3.Шым ши.
Ақ шиді өре жасап құрт, ірімшік кептіруге пайдаланған.
Орама шиді жылылық үшін керегенің сыртынан айналдыра құрған.
Шым ши әр түсті жіппен, жүнмен өрнектеліп тоқылады. Бұл есіктің екі жақ босағасына ұсталған. Ши -- өте төзімді болып келуімен бірге, қүнделікті өмірде қолданылып, халық өнерінің қайнар көзіне айналды.
Ши еліміздің дала, шөлейт аймағында, тау беткейлерінде, әдетте суға жақын жерлерде өседі. Шилі жер қыста жақсы мал жайылымы. Шидің сабағынанши тоқылады, гүл шоғыры мен қысқа сабағынан сыпыртқы жасайды.
Ши тоқу (орау) -- бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне (мәселен, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін солардың астына төсеуге, сонымен бірге құрт жаю, тары сүзу т. б. ) кеңінен пайдаланылады.Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши болып үш топқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Атап айтқанда, қабығынан тазартылған аң ши ді көбінесе құрт, ірімшік т. б. жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы әр түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі болып табылады. Ал өн бойы тұтас емес әр жерінен аралатып оралған шиді орама ши немесе ораулы ши деп ат айды.Бұл да ши сияқты сәндік жиһаздарының біріҚазақтың ұлттық қолөнерінің ерекше бір түрі -- шым ши тоқу. Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылыстың маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданыл жүрген қазіргі барлық ою түрлері композициялық жағынан: жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою, екі жақты ұзындық ою болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын шаршы ою деп те атайды. Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді.Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне салған түрлері жүзіктеу деп аталады. Алты шаршылан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп-қонғанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып қалмау үшін алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін иінді айналдыра тұтулы -- ши ұстау деп атайды. Ши тарту, оны артып орау, жүн орап тоқу -- ауыл азаматтарының бәріне ортақ жұмыстар. Жалпы ши тоқу өнерімен кең түрде әйелдер айналысқан, осы өнерді білетін шеберлер шидең өздеріне керекті күнделікті тұрмысқа пайдаланатын заттарды тоқып алған. Ал шиді тарту, оны көлікке тиеп, түсіру ауыр жұмыстарын ер азаматтар атқарған. Тоқылатын шилі мал баспаған жерден ши өсіп жетілген кезінде тартып (суырып) алады. Шиді таңертең немесе жаңбырдан кейін тартады, мұндай кезде шидің түбі жібіп суырылғыш болады. Тартып әкелген шидің бәрі түгелдей тоқуға жарамайды, сондықтан олардың жарамдысын іріктеп алады, қабығын аршиды, содан кейін көлеңке жерге қойып келтіреді.Ши ораудың екі түрі бар.Біріншісі -- тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау;Екіншісі -- жаңа өрнек сүретінін үлгісімен тоқу.Шиді бірінші түрмен тоқу үшін оларды бір-бірлеп тоқылған даяр шидің өрнегінің үстіне салып, дәл келтіріп, әр түсті оралған шидің буындарын, санап отырып орайды. Осылай ораған шилерді араласып кетпеу үшін өрнегіне сәйкес келтіріп, өз алдына бөлектел шуда жіппен тізіп отыру керек.Шиді жаңа өрнек суретімен тоқудың айтарлықтай өзгешелігі болады; алдымен шиді орайтын үлгі жасалуы тиіс. Орайтын жіптердің түсі осы үлгідегі өрнектер суретте сәйкес болуы керек. Шидің бір шеті жұқа. екінші жағы қалың болып кетпеуі үшін, орайтын шидің түп жағымен шашақ жағын үнемі кезектестіріл, алмастырыл салып отыру керек. Ши тоқитын жіпті екі қабаттал ширатыл, бірнеше домалақ етіп дайындайды, бұл домалақтарды салмақты ету үшін темірге немесе тасқа орайды. Ши тоқу үшін атасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz