Буын. Зерттелуі және түрлері
Буын. Зерттелуі және түрлері.
1. Буын мәселесінің зерттелуі және оның түрлері.
2. Буын жігі.
3. Буынның алмасу түрлері.
Қай тілде болмасын буын жүйесі ерекше орын алады. Қазақ тіліндегі буынның маңызы ерекше екені белгілі. Фонетикалық заңдардың көпшілігі осы буынмен тікелей байланысты. Буын - ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы . [8, 57]
Буынның зерттелуі
Буын мәселесі, оның дыбыстық құрамы, байланысы, түрлері туралы зерттеулер XIX ғасырда басталды. Қазақ тіл білімінде ең алғаш буын мәселесін қарастырған ғалымдар: Ахмет Байтұрсынов Тіл-құрал, Тіл тағлымы, Қ. Жұбанов Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, Ж. Аралбаев Қазақ тілі бойынша этюдтер, Н. Сауранбаев Қазақ тіл білімінің проблемалары,I. Кеңесбаев Қазіргі қазақ тілі, К. Бейсенбаева Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, К. Аханов Тіл білімінің негіздері, Б. Қалиев Қазақ тілінің фонетикасы, С. Мырзабеков Қазақ тілінің фонетикасы т. б.
Қазақ тіліндегі буынның түрлеріне келсек, А.Байтұрсынұлы 1914 жылы жариялаған "Тіл құрал" еңбегінде буынның екі түрін (ашық және бітеу), 1928 жылы "Тіл жұмсарында" буынның үш түрін (ашық, тұйық, бітеу) көрсетеді. Ол буын түрін айырғанда, буыншы әріптердің тұрған орнына қарай айыратынын айтады. А. Байтұрсынов Буын һәм дыбыс және Сөз һәм буын деген мақалаларында сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен дыбыс желісін бірінен-бірін туындатып арасын үзбей өзара байланыстырып қарады. Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп, буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға бітеу деп ат қойыңдар, буын аяғы буыншы әріпке тірелсе, ол буынға ашық деп, ал буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға тұйық деген ат қойыңдар [1, 177-178] деп буынның түрлерін саралап берді. Сондай-ақ, қазақ тілінде буын құрауға бейім дауысты: а, о, ү, е, и әріптерін көрсетіп, оларды буыншы әріптер деп атады. Бір сөздің өзі бірнеше буыннан тұрады. Ал сол буынның ішінде бірнеше дыбыс болады. Мәселен, не?, же!, ат, аш деген сөздердің ішінде бір-бір буыннан бар. Мұндағы һәр буында екі-екі дыбыстан бар деп, буынның дыбыстық құрамы туралы да сөз еткен. [1, 145-146 б] Осылайша, А. Байтұрсынов ең алғаш қазақ тілінде буын жүйесінің, буын түрлерінің және оның дыбыстық құрамын көрсетіп кетті.
Лингвистика саласында буынға қатысты келелі пікір айтқан, буын мәселесін өзінше саралаған келесі ғалым - Құдайберген Жұбанов. Ол қазақ тiлiндегi буынның алты түрін (ашық, жалаң, ауыр тұйық, ауыр бітеу, жеңіл тұйық, жеңіл бітеу) анықтайды. Құдайберген Жұбанов 1966 жылғы Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер деген еңбегінде буын туралы біраз мәселелерді қозғап оның түрлеріне де тоқталған.
Сөзді дыбыстарының қалпын бұзбай, бөлшектегенде пайда болатын дыбыс үйірлерін буын дейміз. Ғалым Ахмет Байтұрсыновтың ережелерін негізге ала отырып, зерттеу жүргізді. Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың атауларына қатысты болды. Қ. Жұбанов буын жайында өзінің 1934 жылы Ауыл мұғалімі журналында жарық көрген Буын жігін қалай табуга болады? атты мақаласында: қазақ тілінің табиғатын дұрыс тану үшін буын жүйесін жете білу керек. Буынды жақсы білмесең, емлені де білмейсің: сөз тудыру, сөз түрлендіру сияқты морфология негізін де ұга алмайсың, буынды білмейінше сөз екпіні, сөз сазы секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының да сырына қана алмайсың, буынды аңғармасаң, ажарлап сөйлеу, әсерлеп оқу сияқты сабақтарды да дұрыс меңгере алмайсың деп буынның маңыздылығын айта келе, қазақ тілінің буындарын буын ішіндегі дыбыстар санына қарай, буын ішіндегі дыбыстардың түзілу тәртібіне және буынның аяқ дыбысының түріне қарай жіктеді. Тілдегі буындарды құрамындағы дыбыстар санына қарай 4 түрге жіктеді: бір дыбысты буын, екі дыбысты буын, үш дыбьісты буын, төрт дыбысты буын. Сондай-ақ, қазақ тілінде бір буында төрттен артық дыбыс болмайтыны туралы да айтады. [2, 300 б]
Буынның аяқ дыбысының түріне қарай жіктегенде 2 түрлі буын болады: ашық буын, тұйық буын. Буынның аяғы дауысты дыбыспен тынса ашық буын дейміз, аяғы дауыссыз дыбыспен тынса тұйық буын дейміз. Бұлайша топтастыру - алдыңғыға қарағанда дұрысырақ. Себебі, буынның ашық не тұйық екендігін білуімізбен буынның тілдік қасиеттерінің бірқатарын ұғып қаламыз. Сөйтсе де, бұл жеткіліксіз. Бұл таптастыруда мысалы, аш, шаш, шарт деген 4 түрлі буынды бір қораға қамап, тұйық буын деген бір атпен айтамыз. Шындыгында бұлардың айырмасы бар. Бір ғана емес, күшті.
Буын ішіндегі дыбыстардың түзілу тәртібіне қарай таптастырғанда 6 түрлі буын болады.
жалаң буын (тек дауысты)
ашық буын (дауыссыз-дауысты)
жеңіл тұйық буын (дауысты - дауыссыз)
жеңіл бітеу буын (дауыссыз-дауысты-дауысыз)
ауыр тұйық буын (дауысты-созылыңқы дауысты-қатаң дауыссыз)
ауыр бітеу буын (дауыссыз-дауысты-созымды дауыссыз-қатаң дауыссыз).
Жалаң буын жалғыз-ақ дыбыстан жасалады, ол дыбыс та дауысты дыбыс болады. Мысалы, А, неғыл дейсің? О, осының дұрыс! Ә-кел, ұ-зын, ө- ріс деген сөздердегі а, о, ә, ү, ө буындары сияқты.
Ашық буын екі дыбысты болады, алдыңғысы дауыссыз, соңғысы дауысты. Аягы дауыстыға біткендіктен ашық деп те атаймыз. Мысалы, мә!, жә!, те-ре-зе, су-ла-ма дегендегі буындар осы түрге жатады.
Жеңіл тұйық буын алды ашық болып тұрып, аяғы дауыссызға тірелгендіктен, мұны тұйық буын дейміз. Мысалы, ас, ер, ән, ат, өс, ер-ке, ән-ші, іс-кер деген сөздердің бас буындары осы жеңіл тұйық буын болып табылады.
Дауысты дыбыс ортада қалып, екі басы бірдей бітеу, дауыссыз болғандықтан бітеу буын дейміз. Қар, жел, сол, жөн, түр, сіз - бәрінде бітеу буындар. Осы айтылған буынның төртеуі - қазақ тілі буындарының негізгі түрлері болып саналады. Ең көп ұшырайтыны да осылар. Бұл төрт түрлі буынды бірге қосып, жеңіл буындар деп атаймыз. Себебі, бұлар құрылыстары жағынан ең ретті, айтылыстары жағынан ең жеңіл құрылған буындар. Ал қалған екі түрлі буынды ауыр буындар дейміз, өйткені оларда екі дауыссыз қатар келіп айту мен естілуді ауырлатады.
Ауыр тұйық буында дауысты дыбыстан кейін сол буынның өз ішінде екі дауыссыз қатар келеді. Бірақ көрінген дауыссыз қатар келе бермейді, белгілі түрлері ғана келеді. Мысалы, айт, елт, өрт, әуп! аңц. Дауысты дыбыстан кейін, соңгы дауыссыздың алдында й, л, м, н, ң, р, у, м дыбыстар ғана тұра алады. Бұл дауыссыздарды ғылым тілінде сонор дауыссыздар не созымды дауыссыздар дейді.
Ал ауыр бітеу буында бас дыбысы дауыссыз, екінші дыбысы дауысты, үшіншісі - созымды дауыссыз, төртіншісі - қатаң дауыссыз болады. Мысалы, сарт, селт, тәйт, дүңк, қант, тарт т. б. Бұл арада ескеріп кететін нәрсе сол: бұл ауыр буындардың соңғы екі дауыссызының алдыңғысы созымды, соңғысы қатаң болатындығы деп буын түрлеріне жаңаша атау беріп, олардың бір-бірінен айырмашылығын атап өтеді. [2, 300-307 б]
Ж. Аралбаев Қазақ тілі бойынша этюдтер (1977ж.): Буын - сөз ағымындағы бір немесе әлденеше фонемалық тобынан жасалған фонетикалық единица. Қазақ тіліндегі буын өзгешелігінің бірі - буын жасаушы дауысты дыбыстар өзімен бір үйлесежүретін дауыссыздардың акустикалық көрсеткіші болып келеді. Егерде буындағы дауысты жіңішке болса, үйіріндегі дауыссыздар ды жіңішке болады, жуан болса, дауыссыздар да жуан болады.
Ж. Аралбаев Буын біздің байқауымызша әртүрлі дыбысталу күшінен құралған арнаулы фонетикалық комплекс. Мәселен тал деген сөзде бір буын бар, осы сөзде үш фонема бар, оның алдыңғысы мен кейінгісі дауыссыздар. Ол дауыссыздар айтылу жағынан бірдей емес, буын басындағы дауыссыз дыбыс күштірек айтылады. Қазақ тілінде буын ішіндегі біртүрлі дауыссыздар біркелкі күшті айтылады: ыссы, қатты. Мұндай жағдайды тең күштілер дейміз. Қазақ тілінде сөз ішінде сөз аралығындағы біркелкі дауыссыздар буын жігін көрсетеді - түбірде: ләз-зат, із-зет, қосымшалы сөздерде: тас-саң, хат-ым.
Демек, дауыссыздар бітеу буында әр-түрлі экспирация басқыштармен айтылады.
Буын ішіндегі дыбыстардың санына қарай қазақ тілінде буындар үш түрлі болып келеді: ашық, жалаң, тұйық.
Ашық буын дауыстыға біткен (а-ла). Жалаң буын жалғыз дауыстыдан құралады. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын дейміз (ақ, өрт, ат). Тұйық буын дыбыс құрамына қарай жай және ауыр тұйық болып екіге бөлінеді.
1. Жай тұйық буын дегеніміз (дты+дсыз) екі дыбыстан құралған (ас, ал,өс).
2. Ауыр тұйық буын дегеніміз үш фонемадан құралады (дты+дсыз+дсыз). Мысалы: ант, өрт, арт.
Қазақ тілінің буын жөніндегі бір ерекшелігі - буындар қалай болса, солай келе бермейді. Жалаң буын мен тұйық буын сөздің басында ғана кездеседі. Тұйық буынга жалаң буынды қосатын болсақ, онда буын жиі өзгереді (өрт-і, төрт-еу).
Дауысты дыбыс алды-артына да дауыссыз дыбыс қойып буын жасайды. Бұны бітеу буын дейміз. Бұл буын да ауыр және жай буын болып бөлінеді.
1. Жай бітеу буын дегеніміз - алды-арты дауыссыз жалаң, сонор немесе салдырдан тұрады. Мысалы: мал, нан, тас, жаз.
2. Ауыр бітеу буын дегеніміз - бір жағы екі дауыссызға біткен буын. Мысалы: төрт, булт.
Бітеу буынның:
а) басы ауыр бітеу буын;
ә) аяғы ауыр бітеу буын.
Әуелгі буында дауысты мен дауыссыз бірге келіп, одан кейінгі буын дауыстыдан басталса, онда әуелгі буынның алдындағы дауыссыз екі дауыстының аралығында қалып, буынға жіктелгенде соңғы буынға жылысады. Мысалы: куп-ім, ку-нім.[3, 97-105 б ]
H.Сауpанбаев төpт түрін (жалаң, ашық, тұйық, бiтеу) анықтайды. Н. Сауранбаев Қазақ тіл білімінің проблемалары еңбегінде: Өкпеден келген ауаның үзіліп-үзіліп шығатын толқынына сәйкес сөз бөлшегін буын дейміз дей буын құрайтын дауысты дыбыс және бір буында дауысты дыбыс бірден артық болмайды. Сондықтан буынның түрлері де дыбыстың қай орнында тұратынына қарай айрылады. Сөздің жуан я жіңішке болуы ішіндегі дауысты дыбыстың жуан жіңішкелігімен байланысты деп, қазақ тіліндегі буындарды төртеу деп көрсетеді. Ғалым ашық, тұйық, бітеу буындар өз алдына, оған қоса сөздің жуан-жіңішкелігі туралы да сөз етеді. Мысалы, тор деген сөздің дыбыстары жуан, ал төр деген сөздің дыбыстары жіңішке. Осы сияқты ал дегенде жуан айтылған дыбыстар, әл дегенде жіңішке айтылып тұр. Себебі, тор, ал деген сөздердегі дауысты о мен а жуан, ал төр, әл дегендегі дауысты ө, ә дыбыстары жіңішке. Демек, сөздер құрамындағы дыбыстардың жуан, жіңішкелігін біз сөздің мағынасына қарап айырамыз. [4, 33 б]
М. Томанов: Алтай тілдерінде, оның ішінде түркі тілдерінде буынның негізгі екі түрі кездеседі: бірі - ашық, екіншісі - бітеу буын. Бұдан басқа сөз басында тек дауыстыдан не дауысты-дауыссыздан кұралған буындар да бар. Буындардың осы түрлерінен басқа , тек түркі тілдерінде ғана кездесетін буын түрі - дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз буын. Мұндай буындардың соңынан екінші дауыссызы р, л дыбыстарының бірі болып келеді деп буындарды топтастыруда әр тілдер тобының ерекшелігін ескере отырып жіктейді. Қазақ тілі түркі тілдерінің құрамына енетіндіктен буынга қатысты тілдік заңдылықтардың ұқсас жақтары да болары сөзсіз. [5, 137 б]
Қазақ тiл бiлiмiнде буын типологиясы туpалы жан-жақты зеpттеу жүpгiзiп, пiкip айтқан ғалымдардың бipi - I.Кеңесбаев. Оның 1954 жылы "Қазақ ССP Ғылым академиясының Хабаpшысы" жуpналының бipiншi нөмipiнде "Қазақ тiлiнiң буын құpылысы" деген мақаласы жаpық көpдi. Бұл кейiн ғалым еңбегiнiң бip тарауы болғаны мәлiм. I.Кеңесбаев буын категоpиясын талдап қана қоймай, Л.В.Щеpбаның идеясына сүйене отыpып, буын жiгiн анықтау мәселесi жөнiнен де келелi пiкip айта бiлген. Оның ойынша, буын экспиpация аpқылы - өкпедегi ауаны сыpтқа шығаpу аpқылы - жасалады. Буын жасаушы басты элемент - дауысты фонема. Сондықтан дауысты фонема жеке тұpып та немесе дауыссыздаpмен бipiгiп келiп те буын құpай алады. Әp буында бipден аpтық дауысты фонема болмағандықтан, сөз iшiнде неше дауысты фонема болса, сонша буын болады. I.Кеңесбаев буын iшiндегi дауыссыздаpдың экспиpациялық күшiне қаpай күштi бас дыбыс және күштi соңғы дыбыс болатынын айтады Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады дей келіп, осы, буын түрлерін ашық, тұйық және бітеу деп үш топқа бөледі де, олардың алты түрлі дыбыс құрамын көрсетеді.
Қазақ тілі буынның нормасы бойынша дыбыстардың саны байырғы сөздерде төрт түрлі болған:
а)бір дыбысты буын (әке, ала);
ә) екі дыбысты буын (ат, от, ет);
б)үш дыбысты буын (қаз, ұлт, ант);
в)төрт дыбысты буын (қант, жұрт).
I. Кеңесбаев буынның үш түрін көрсетеді:
Ашық буын
Тұйық буын
Бітеу буын
Ашық буын - бір дауысты немесе дауыссызға басталган және дауыстыға аяқталған фонемалардан тұрады. Қос дыбысты ашық буын жалғыз тұрып сөз бола алады. Қазақ сөздерінің көбіне басында, ортасында және соңгы позицияларында да келе береді.
Тұйық буын - дауыстыға басталып, дауыссызға аяқталады. Буынның екі түрлі дыбысты және үш дыбысты деген түрлері бар. Тұйық буын өз алдына сөз болып көбінесе сөз басында кездесіп отырады. Мысалы: ой, ал, өрт, алау, алмац, өртке, т.б.
Бітеу буын - дауыссызға басталып, дауыссызға аяқталады, дауысты
дыбыс ортасында тұрады. Бітеу буын үш дыбысты және төрт дыбысты болып келеді. Төрт дыбысты болып келген бітеу буынның соңы қатаң болып, алдында үнді дыбыс тұрады.
Алмасу жайлы сөз еткенде І.Кеңесбаев төрт түрлі алмасуды көрсетеді:
а)екі дыбысты ашық буыннан соң жалаң ашық буын немесе тұйық буын келсе, қатар тұрған дауыстының алғашқысы түсіп ықшамдалып қалады. Мысалы: сары ала -- сарала, т.б.
ә) жалаң ашық буын екі дыбысты тұйық буыннан кейін келсе дауыссыз дыбыс кейінгі буынға сырғып кетеді. Мысалы: ант-ы, арт-а, т.б.
б)екі дыбысты тұйық буыннан кейін тұйық буын келсе алғашқы соңғы дауыссызы кейінгі буынға сырғиды.Мысалы: атаң.
в)үш дыбысты тұйық буын, үш дыбысты бітеу буыннан кейін келсе, алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейінгі буынға жылысады. Мысалы: жоқ + алт - жоғалт
Академик Кеңесбаев сөздердің буын құрамы жайлы да сөз етеді.
Бір буынды сөздер үш түрлі жолмен жасалады:
* жалаң дауысты (Е, солай ма!)
* тұйық буыннан (өт, ат, ет)
* бітеу буыннан (бал, кел)
Көп немесе екі буынды сөздер:
* бір түбірлі тұлғалы сөздер (ата-ана)
* қосымшалар жалғанған сөздер (ат-ты)
* бірігу жолмен жасалған сөздер (биыл - бұл+жыл). [6, 413-417 б].
К.Бейсенбаева Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы (1973 ж.) еңбегінде буын жайлы біршама анықтама берген.
Сөйлеу толқынында сөздердің фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын, түгелімен жіктеп айтылатын әрбір бөлшегі буын деп аталады.
Тілімізде буынның өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыстың бәрі буын құрайды
2. Егер екі буынды сөз дауыстыдан болса, сөз басындағы жалаң ашық буын өзінен кейінгі ешбір буынның ықпалына түспей тиянақты түрде, оқшау айтылады.
Сөздің буын құрамындағы буын санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздер:
бір буынды (ай, ат, бал);
екі буынды (а-на, ә-же);
үш буынды (мұ-ға-лім, қа-на-ғат);
төрт буынды (фо-не-ти-ка);
бес буынды (у-ни-вер-си-тет). [7, 52-57 б]
Ә. Хасеновтың Тіл білімі еңбегінде: Буын - сөйлеу сегментациясының табиғи единицасы, сөйлеу легінде дауыстың белгілі бір дәрежеде көтеріңкі айтылуы. Артикуляциялық түрғыдан алганда, буын - сөйлеудің ең қысқа, единицасы деп анықтама береді де, буын қүраушы дыбыстардың барлығы дауысты дыбыстардан бола бермейтіндігін айтады. Әдетте, буын қүрайтындар - дауысы дыбыстар. Бірақ тіл-тілде үнемі бұлай бола бермейді. Мәселен, чех тіліндегі бір буынды - ргзі(саусақ), екі буынды - игЬа(верба), иік(қасқыр), сербхорват тіліндегі рі(бұғаз) сөздерінде буын құраушылар - г, 1 дауыссыздары. Біздің қазақ тілі жэне орыс, ағылшын, француз тілдерінде буынның негізінде дыбыс жатады. Ал қытай, бирма, вьетнам тілдері буынды немесе буын құрылысты тілдер деп те аталады. Бұл тілдерде буын морфема жігі дегенге мүлде багынбайды. Бұларда сөздегі фонологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz