Ценуроз - күйіс қайыратын малдардың ауруы
Кіріспе Қазақстан аумағы бойынша ценуроз барлық аймақтарда таралған,
əсіресе, бұл кесел инвазияның экстенсивтілік мөлшері дамыған қой
шаруашылығында жылдан жылға артуда. Қой шаруашылығына елеулi зиян
келтiретiн, өте кең тараған ауру [1]. Ценуроз - бас миының, кейде жұлынның
зақымдалуымен жəне олардың қызметінің бұзылуымен, қан қысымынан бас
сүйектің атрофияcының дамуымен жүретін үй жəне жабайы күйіс қайыратын
малдардың ауруы. Халық арасында белгілерін байланысты ценуроз айналма деп
те аталады. Айналманы тудыратын құрттың жыныстық жетiлген сатысы иттiң,
кейде қасқырдың, қорқау қасқырдың жəне түлкiнiң ащы iшегiн, ал көпiршiк
ларвоциста кезi қойдың орталық жүйке жүйесi ұлпаларын (миында жəне
жұлынында) мекендейдi. Ценурозбен көбінесе қозылар мен бір жасқа дейінгі
тоқтылар ауырады. Практикада істейтін мал дəрігерлері ценуроздан өлген
малдың 99 %-да қозы мен 1 жасқа дейінгі тоқтылар, тек 1 %-ы ғана ірі қойлар
екендігін есептеген
Қой ценурозы - бұл жіті түрде өтетін, жиі кездесетін, таспа құртының
ларвоцисталары қоздыратын, өте қауіпті, мидың, жұлынның зақымдануымен,
ерекше клиникалық белгілерімен сипатталатын гельминтоз ауруы.
Ценуроз (айналма, тентек, миқұрт) — қой шаруашылығында елеулі зиян
келтіретін, өте кең тараған ауру. Айналманы тудыратын құрттың жетілген
сатысы иттің, кейде қасқырдың, қорқау қасқырдың жəне түлкінің ащы ішегін,
ал көпіршік ларвоциста кезі қойдың, сирегірек ешкінің, бұзаудың, кейбір тақ
тұяқтылардың орталық жүйке жүйесі ұлпаларын (миында жəне жұлынында)
мекендейді. Ценуроз шаруашылыққа айтарлықтай экономикалық шығын келтіреді,
ол қойдың жалпылай өлімінен, ауру малдарды лажсыз союдан құралады, ауру
қойлардың ұшалары өте арық болады, олар техникалық утильдеуге жіберіледі.
Тоғышардың 3 сатысы бар: имаго, жұмыртқа және балаң, яғни көпіршік.
1. Қоздырушысы Coenurus cerebralis – ценур, бұл көпіршік, үлкендігі
тауықтың жұмыртқасындай, сырты мөлдір, нәзік қабықшамен қоршалған. Іші
түссіз сұйыққа толы болады. Ішкі жағынан бүртік секілді, нүктедей болып
көрінетін көптеген сколекстер байқалады, бұлардың саны жүзден асады да,
олар топ-тобымен оқшауланып тұрады. Көпіршік қойдың, сирек те болса
ешкінің, бұзаудың, кейбір тағы тұяқтылардың және өте сирек адамның орталық
жүйке жүйесінің ұлпарында (миында және жұлынында) тоғышарлық күнелтеді.
2. Имаго, яғни пісіп- жетілген сатысы Multiceps multiceps - оның ұзындығы 1-
1,5 метрге дейін, сколексі қарулы, онын 4 сорғышы және ілмекшілері бар,
денесі 200-250 бунақтардан құралады. Пісіп-жетілген соңғы бунақтардағы
жатырдың 9-дан 26-ға дейін тармақтары болады. Имаго иттердің және басқа да
ет қоректілердің ащы ішегінде өмір сүреді.
3. Жұмыртқалардың пішіні дөңгелек, майда, сыртқы қабаты қалың, оның
көлденең сызықтары бар.
Қоздырушысы. Көпіршігі (Coenurus cerebralis) – іші түссіз сұйыққа толы,
диаметрі 10 см-ге дейін, домалақ немесе сопақ, мөлшері өсу сатысына,
орналасқан жеріне жəне жануардың түріне байланысты болады. Ішкі жағынан
бүртік секілді нүктедей жүзден артық сколекстері байқалады. Мида 2-3 ценур
кездеседі, олардың үлкендігі кейде тауық жұмыртқасындай болады. Имаго –
Multiceps multiceps – ұзындығы 1 м-ге дейін барады, денесі 200-250
бунақтардан құралған, оның орташа ені 5 мм. Аралық иелері – қой, ешкі, ірі
қара, сирегірек шошқа, жылқы жəне т.б.
• Тұқымдасы: Taeniidae
• Туысы: Multiceps
• Түрі: M. multiceps (имагосы, ет қоректілердің ащы ішегінде
• мекендейді)
• Ларвоцистасы: Coenurus cerebralis (ценур, ми құрт)
Қоздырушының биологиясы. Дефинитивті иесінің ішегін мекендейтін жүздеген
мультицепстің əрбір пісіп-жетілген буылтығында мыңдаған жұмыртқалар болады.
Күн сайын ондаған бунақтар құрт денесінен үзіліп нəжіспен сыртқы ортаға
шығып отырады. Бунақтар жауын-шашын, жел-су ықпалымен ыдырайды да, ал
олардан ажыраған жұмыртқалар өсімдікке, суға түсіп, мал өрісіне тарайды.
Малға айналма дерті гельминт жұмыртқасымен былғанған шөп, су арқылы жұғады.
Құрт жұмыртқасы мал асқазанына түсісімен сыртқы қабықтарынан айырылады,
одан босап шыққан онкосфера ішекті тесіп өтіп, қан тамырларына енеді, қан
арқылы миға немесе жұлынға орналасып, 3 ай ішінде ценурға, яғни тентек
көпіршігіне айналады. Ит, қасқыр, түлкі өлген немесе сойылған ценурозбен
ауырған қойдың басын жеу кеміру арқылы зақымданады. Иттің ішегіне түскен
балаңқұрт орта есеппен 40-50 күнде жыныстық сатысына жетіліп, иттің
организмінде мультицепстер 6-8 ай тіршілік етеді.
Даму циклы.
Биогельминт, екі иесі бар.
Ақтық иелері – ет қоректілер (ит, қасқыр, шибөрі, түлкі, т.б.).
Аралық иелері – қой, ешкі, бұзаулар және т.б. тұяқтылар.
Тұрақты иелерінің ішегінде өсіп жетілген таспа құрттардың іші жұмыртқаларға
толы, пісіп-жетілген бунақтар өздігінен үзіліп, нәжіспен бірге сыртқа түсіп
отырады. Бір бунақтың ішінде 20-26 мыңға дейін жұмыртқа болады. Жұмыртқа
ішіндегі құрт ұрығы – онкосфера – бірнеше қабықшамен қоршалған. Олар сыртқы
орта жағдайына өте төзімді келеді.
Індеттік деректер. Ценуроз Қазақстанның қой өсіретін барлық
шаруашылықтарында кездеседі. Айналмамен көбінесе бір жасқа дейінгі қозылар
аурады. Ал екі жастан асқан қой бұл дертке сирек шалдығады. Малдың
ценуроздан өлімі жылдың барлық айларында тіркеледі. Цестодалардың
жұмыртқасы сыртқы ортаның əсерлеріне өте төзімді.
Патогенезі. Ценуроз қоздырушысының мал денесіне тигізер ықпалы балаңқұрт
ащы ішек қабаттарын тесіп өткенінен-ақ байқалады. Ценур орналасқан жер
зақымданып қабынады. Біртіндеп өсіп жетілген көпіршік түзіліп, ол орталық
жүйке жүйесінің қызметін бұза бастайды. Бұл гельминтоз өте зардапты дерт.
Иммунитет. Ценурозда малдың жасына қарай иммунитет қалыптасып, жекеленген
иммунитет байқалады, жергілікті мал бұл ауруға төзімді болып келеді.
Аурудың белгілері. Ценуроз қоздырушысы балаң құрттардың орналасқан санына
жəне оның ми бөлшегінен орын тепкеніне байланысты. Сондықтанда кейбір
клиникалық көріністеріне қарап-ақ мидың, немесе жұлынның қайсысының
тұстарына орналасқанын ажыратуға мүмкіншілік туады. Ауру сырт белгілеріне
қарай 4 сатыға бөлінеді.
Бірінші сатысы алты қармақты ұрықтың малдың ішегінен миына ауысу кезеңі.
Қой үркеді, шошынады, оқыс қимылдар танытады. Көзінің шыршық қабықшалары
қызарады. Кейбір кезде аурудың бірінші белгілері байқалғаннан кейін 4-5
күнде қой өліп қалады. Екінші сатысы жануар зақымданғаннан кейін 17-29 күн
өткен соң басталады. Мал аз жусап, күйісті шала қайтарады, денесі
дірілдейді, тісін қайрайды, елеңдеп, жоқтан өзгеден үркіп, дүрлігіп, кейде
жатқан орнынан атып тұрып, құлақтарын қайшылап, шошынған қалып танытады.
Бұл кезең 2-7 күнге созылады. Үшінші сатысы немесе екінші жасырын
кезеңіндегі малдың күйі кəдімгідей жақсарады, аталған клиникалық белгілер
өзінен-өзі жойылып, білінбей кетеді. Миқұрттың бұл сатысы 2-8 айға
созылады. Төртінші сатысында ценуроздың ерекше айқын белгілері анықтала
түседі. Ауру асқынған кезде қойдың жүріп келе жатып мелшие қалу, бағытсыз
жүріп кетуі, отардан бөліне қашу, кілт тоқтап артқа шегіну, оқтын-оқтын
тұра қалып басын бір жағына қисайту, көбіне бағытын жоғалтып, бір орнында
айнала беру сияқты белгілері байқалады. Міне осындай белгілеріне қарай
халық бұл дертті айналма, тентек деп атайды. Егер ценур жұлында өссе,
малдың жүрісі өзгеріп тəлтіректейді, ақырында артқы екі аяғын баса алмай,
шойырылып жатып қалады, өте арықтап, күйі қатты қашады. Негізінде ценурозға
шалдыққан малдың барлығы өлімге ұшырайды немесе амалсыз сойылады.
Клиникалық тексеріс барысында денедегі табиғи тесіктердің (көз, құлақ,
ауыз) кілегейлі қабықтарының түсі ақшыл-қызғылт екені анықталды. Тері жүні
табиғи жылтырлығын сақтаған, денесін толық жауып орналасқан. Тері қабаты
серпімді, ешқандай зақымдану түрлері байқалмады. Тері асты шелі майы қоры
орташа мөлшерде, ондағы қан тамырлары қанға толған. Беткейлі орналасқан
лимфалық түйіндердің (жақ астыңғы, жауырын алдыңғы, шап тұсындағы)
көлемдері ұлғаймаған, ақшыл-сұрғылт түсті, консистенциясы нығыздау, кесіп
қарағанда қыртысты жəне милық қабаттарының шекарасы анық көрінеді. Қаңқаның
бұлшық еттері ақшыл-қызғылт түсті, шамалы босаңсыған, кесіп қарағанда
талшықты құрылысы сақталған. Ішек қабырғасында түрлері бір біріне ұқсас
жіпшелер түрлерінде бауырда, бүйректерде, өкпеде, талақта, миокардта жəне
мида ирелеңдеп орналасқан іздер көрінеді. Жүрек миокардында макроскопиялық
өзгерістер ретінде саналатын ақшыл түсті түйіндер орналасқан, олардың
ұзындығы 0,5 см дейін жетеді. Бауырда (барлық сойылып зерттелген қозыларда)
(2-, 3-суреттер) көптеген ақшыл-сұр түсті нүкте немесе ирелеңдеп орналасқан
ұзындағы 0,5-1 см-ге дейін жететін, жіңішке іздер 219 байқалды. Бұл
анықталған жолдарды біз, онкосфералалардың миграциясы кезінде мүшеге
механикалық əсер ету нəтижесінде түзілген үңгу жолдары деп санадық.
Мұндай үңгу жолдар бауырдың капсуласы астында жəне кесіп қарағанда
паренхимасында терең орналасқанын жиі кездестірдік, кейбір жерлерінде
гамогенді некрозды массалар орналасқан. Кейбір жерлерінде эритроциттер
жиналған, лейкоциттердің бұзылуы жəне фибрин талшықтарының түсуі байқалды.
Өкпеде плевра астында нығыздау келген, ұзындығы 1 см-ге дейін жететін ақшыл
түсті ирелеңдеп орналасқан жіңішке іздер кездесті. Бұл ошақтар өкпенің
үстіңгі жəне терең қабаттарында орналасқандығы анықталды. Сонымен бірге,
өкпенің терең қабатында, диаметрі 2-3 см дейін жететін, ұстап көргенде өте
қатты, кедір бұдырлы, пышақпен оңай кесілмейтін, түсі ақшыл келген
құрылымның пайда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz