Мектепке дейінгі мекемелерді тәрбиелік оқыту мазмұны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі мекемелерді тәрбиелік оқыту мазмұны
Мектепке дейінгі білім беру - бұл үш пен жеті жас аралығындағы баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу, қарау және күту. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Жеті жасқа дейінгі балалар бірдеңені шындап үйрену үшін тым кішкентай болып көрінеді, алайда жете дайындалуынсыз балаға кейіннен мектепте оқу қиын болады.
Мектепке дейінгі мекемелердегі сабақтардың мектептегі сабақтардан айырмашылығы айтарлықтай. Кішкентай балалар бір орнында қырық-қырық бес минут отыра алмайды. Сондықтан балабақшаларда және даму орталықтарында сабақтар әдеттегідей қысқа, олардың ұзақтылығы отыз минуттан аспайды.
Білім балаларға ойын түрінде ұсынылады, мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы сабаққа көңілін аударуға оңай. Ойын түрінде қажетті дағдылар қалыптап, олар ойын барысында пысықталады. Бұл ретте оқытушылар мектепте оқығанда керек болатын дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аударады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" бес білім беру саласына негізделген.
"Денсаулық" білім беру саласы.
"Денсаулық" білім беру саласы дене бітімі қасиеттерін дамытуды; негізгі қимыл түрлерін жетілдіруді; қимыл дағдыларын қалыптастыруды; қимыл ойындарының түрлерін ұйымдастыруды және өткізуді; спорттық жаттығуларды орындауды (шанамен, шаңғымен сырғанау, велосипед тебу, жүзу); спорттық ойындардың (футбол, баскетбол, бадминтон және басқалар) элементтерімен танысуды қамтиды.
"Денсаулық" білім беру саласының мазмұны баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға; шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, тәрбиеленушілердің қимыл белсенділігіне сұраныстарын жетілдіруге бағытталған.
"Денсаулық" білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:
* дене шынықтыру;
* қауіпсіз мінез-құлық негіздері.
"Коммуникация" білім беру саласы.
"Коммуникация" білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті байытуды, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, балалар әдебиетімен таныстықты дамытуды, мәнерлеп оқуды және мазмұндауды; мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді дамытуды қамтиды.
"Коммуникация" білім беру саласының мазмұны ересектермен және балалармен еркін араласу дағдыларын дамытуға; зейінділікке, сөйлеуге, балалар әдебиетіне қызықтыруға бағытталған.
"Коммуникация" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
* сөйлеуді дамыту;
* көркем әдебиет;
* сауат ашу негіздері;
* қазақ (орыс тілінде оқытылатын топтарда), орыс (қазақ тілінде оқытатын топтарда) және шет тілдерінің бірі;
* драма.
"Таным" білім беру саласы.
"Таным" білім беру саласы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды: жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіруді, геометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлауды; құрылыс, табиғи және қалдық материалдар және конструктордың бөліктерінен құрастыруды; тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық құбылыстар, өсімдіктер туралы білімін кеңейтуді, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік-мәдени құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы, адамдардың ортақ мекені ретінде Жер планетасы, оның табиғатының ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамтиды.
"Таным" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
* қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бөбек жасы топтарында (1 жастан 3 жасқа дейін) - сенсорика;
* құрастыру;
* жаратылыстану.
"Шығармашылық" білім беру саласы.
"Шығармашылық" білім беру саласы сурет салу; мүсіндеу, жапсыру және өнер туындыларын қабылдау мен түсінуді дамытуды, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты қалыптастыруды; өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруды; музыканы, отандық композиторлардың шығармаларын, ұлттық музыкалық аспаптарды, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдауды; көркем шығармалардың кейіпкерлеріне жанашырлықты ынталандыруды; балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске асыруын қамтиды.
"Шығармашылық" білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
* сурет салу;
* мүсіндеу;
* аппликация;
* музыка.

Мектепке дейінгі баланың дамуы
3 жасынан 6-7 жасына дейінгі дәуірде балада ой-өріс дамуы жылдамдасады, қоршаған дүние жөніндегі танымы қалыптасады, өмір ағысындағы өзін-өзі және өз орнын түсіне бастайды, өзіндік баға беру ептілігі шыңдала түседі. Оның бұл күндөгі негізгі іс-әрекеті -- ойын, енді бірте-бірте ойынның жаңа септүрткілері басты рөл атқара бастайды, бала өзін қияли жағдайларға салып, сондағы қимыл-әрекеттерді орындауға тырысады. Бұл кездегі басты үлгі -- ересектер. Егер кешегі күні өнегелік әсерлерді анасынан, әкесінен, тәрбиешілерінен алатын болса, бұл күнде ол теледидардың өрескел ықпалына түсіп, қарақшылардың, тонаушылардың, зорлықшылардың, ланкестердің қылықтарын қайталағанды қызық көреді. Бала-лар экранда не көрсе, соның бәрін тікелей тұрмыста қайталауға құштар келеді. Осыдан, баланың психикалық және әлеуметтік дамуында өмір шарттары мен тәрбие шешуші рөл атқаратыны жөніндегі тұжырымның дұрыс екеніне көзіміз жетіп жүр. Табиғи қасиеттер, нышандар тек тәрбие жағдайлары бола келіп, бірақ бала дамуында қозғаушы күш міндетін атқара алмайды. Бала қалайынша қалыптасады, қалай ол өседі -- мұның бәрі оны қоршаған адамдарға тәуелді, олардың қалай тәрбиелеуіне бай-ланысты. Мектепке дейінгі балалық шақта даму үдерісі барша бағыттарда өте қарқынды жүріп жатады. Оның миі әлі жетіле қойған жоқ, қызметтік ерекшеліктері дараланбаған, қызметі шектеулі. Сәби бала өте икемді, оқу әрекетіне берілгіш. Оның мүмкіндіктері ата-аналары мен педагогтардың шамалағанынан көп жоғары. Осы кезеңдік ерекшелікті тәрбиедө толығымен пайдалана білу қажет. Сонымен бірге тәрбиенің жан-жақты және үйлесімді сипатын қамтамасыз етуге тырысу керек. Тек қана ізгілік дамуын тән-дене тәрбиесімен, еңбек қабілетін көңіл-күймен, сананы эстетикалық сезіммен табиғи байланыс-тыра отырып, мектеп жасына жетпеген баланың барлық сапа-қасиеттерін бірқалыпты және үйлесімді дамытуға болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың қабілеттері дәл, сезім-тал қабылдауға, күрделі жағдайларда жол таңдауға епті, сөз байламы пайымды, бақылағыш және тапқыр келеді. 6 жасқа жақындағанда арнайы, мысалы, музыкалық, көркемөнөрлік -- қабілеттері дами бастайды.
Баланың ойлау қабілеті оның таным-білімімен байланысты, неғұрлым көп білген балада жаңа ойлар құрастыруға қажет ұғымдар қоры ұлғая түседі. Бірақ, жаңа білімдерді жинақтау барысында бала өзінің алғашқы ұғымдарын жетілді-ре түсумөн бірге, мағынасы күңгірт, белгісіз болған болжаулар мен түсініксіз сұрақтар шеңберіне шырмалады. Бұл қарқынды дамудағы танымдық үдеріске кедөргі жағдайларды тудырады. Түсініксіздерге кезіккен бала дамуы өнді сәл тоқырауға кез бо-лады. Ойлау үдерісі жас шектеуіне кезігіп, балалықтан шыға алмай әурө болады. Әлбетте, әртүрлі айла жолдарымен бұл жағдайдан аттап өтуге болар, бірақ, 6 жасар баланы оқыту тәжірибесі көрсеткендей, мұнымен айналысудың қажеті жоқ.
Кіші жастағы бала өте қызыққыш, көп сұрақтар беріп, қапелімде жауабын талап етеді. Бұл жаста ол шаршап-шалдығуды білмейтін зерттеушіге айналады. Педагогтардың көпшілігі мұндай жағдайда баланың талғамдарын қанағаттандырып, құмарын басу үшін ол неге қызықса, не жөнінде сұрап жатса, соған жауап беріп, үйрету, оқыту орынды болатынын алға тартады.
Бұл жаста баланың сөйлеу тілі жемісті дамуда болады. Сөздік қоры ұлғайып (4000 сөзге дейін), тілдің мағыналық та-рапы өрістей бастайды. 6-7 жаста балалардың көпшілігі дұрыс дыбыстауды игереді.
Бірте-бірте балалардың үлкендермен қатынастар сипаты өзгеребастайды.Әлеуметтікшарттармен еңбекдағдыларының қалыптасуы жалғаса түседі. Осы жаста дағдыланған өзін-өзі күту, жуыну, тіс тазалау сияқты әрекеттері өмірлік әдеттерге айналады. Егер осы қасиеттердің қалыптасу дәуірін байқамай, өткізіп алсақ, онда олардың орнын толтыру өте қиынға түседі. Бұл жастағы баланың сезімі ауысымды, қозғыш келеді. Әр күні көретін теледидардағы қысқа хабарлардың өзі оның денсаулығы үшін өте зиянды. 2 жасар баланың ата-аналарымен бір сағат, кейде одан да артық теледидар алдында отырып қалатын жағдайлары көп ұшырасады. Бала әлі өзінің не тыңдап, не көріп отырғанын түсіну дәрежесіне жеткен жоқ. Сондықтан, оның жүйке жүйесі үшін шектен тыс тітіркендіргіш болған теледидар оны шаршатып, көз жанарын әлсіретеді. 3-4 жастан бастап балаға кішкентайларға арналған хабарларды аптасына 1-3 рет 15-20 минут уақыт арасында қарап тұруға рұқсат берген жөн. Егер жүйке-жүйесінің қозулары жиі және ұзақ қайталанатын болса, бастауыш мектеп жасында-ақ бала жүйке сырқаттарына тап болуы сөзсіз. Кейбір деректердің айғақтауынша, мектеп жасына жеткен балалардың төрттен бірінің ғана денсаулығы күмәнсіз өз қалпында. Қалған балалардың қандай да науқас белгілеріне шалдығуының басты себепшісі -- телөдидар. Күн ұзақ экранға үңілген сәби қалыпты тән-дене дамуынан қалады, қажетсіз жүйкесін шаршатады, тіпті керек болмаған ақпаратпен әлі жетіліп болмаған миін ластайды. Ал ата-аналар болса, педагогтар мен дәрігерлердің кеңесін жол-жөнекей тыңдап, құлақ асқысы келмейді. Мектепке дейінгі жастың соңғы кезөңінде балаларда саналы белгіленген мақсат және ерік-күшімен байланысты ырықты, белсенді зейін нышандары көрінеді. Ырықты және ырықсыз зейін бірінің орнына бірі келіп, алмасып тұрады. Зейіннің бөліну және ауысу қасиеттері әлсіз дамыған. Сондықтан да, бала бір орнында отыра алмайды, алаңдағыш, назары шашыраңқы. Мектеп алды баласы көп нәрсе біледі және көп нәрсені орындай алады. Бірақ, оның ақыл мүмкіндіктерін, былдырлаған тіліне қызығып, артықша әсірелеуге болмайды. Ойлаудың қисынды қалпы әлі онда қалыптаспаған. Бұл кезеңдегі жетілген ақыл-ес дамудың қортындысы -- көрнекі-бейнелі ойлаудың ең жоғары түрі. Баланың ақыл дамуында математикалық ұғымдар маңызды рөл атқарады. Кейінгі он жылдықтарда әлемдік педагогика 6 жасар балаларды оқыту мәселелеріне орайлас логикалық, математикалық, жалпы абстракт ұғымдарды қалыптастырудың көптеген қырларын түбегейлі зерттеді.
Танымдық процестерді дамыту
Танымдық процестерге түйсік, қабылдау ойлау, сөйлеу және қатынас, қиыл, ес кіреді.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды.
Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оньщ алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: "қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе" деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.
Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 110 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi.
И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi -- миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) -- мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады.
Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсi, дыбысы, дәмi, иiсi, формасы т. б. қасиеттерi тұтас күйiнде бейнеленедi. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда бiздiң анализаторларымызға оның қызыл түсi, хош иiсi, тәттi дәмi т. б. осындай қасиеттерi бiр мезгiлде әсер етедi де, миымызда тұтас зат бейнесi пайда болады. Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Кiсi бұлардың бәрiн бiрдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейдi. Егер бала өмiр бойы поезды көрмей өссе, оны бiрден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенiң заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңiлу емес, белсендi қабылдау. Белсендi қабылдау ғана дүниенi тереңiрек тануға мүмкiндiк бередi.
Қабылдау -- ми қабығының күрделi анализдiк және синтездiк қызметiнiң нәтижесi. Қабылдаудың физиологиялық негiзiне бiрнеше тiтiркендiргiштердiң жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексi деп атаған. Мәселен, көру анализаторында оеындай қатынас рефлексiнiң жасалуы (яғни тiтiркендiргiштердiн бiр-бiрiмен байланысы) заттың түрi түсi, мөлшерiне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкiндiк бередi.
Сөйтiп, қабылдау -- түйсiктегiдей бiр анализатордың ғана қызметi емес, бiрнеше анализаторлардың бiрлесiп қызмет iстеуiнiң нәтижесi. Мәселен, киноны көру екi анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс iстеуiнен болады.
Ес дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтiн процесс.

Балаларды оқыту үрдісі
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып , басты қажеттілік ретінде қабылданған еді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып , педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен ,олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап ,бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етіп отыр.
- Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануда ; -Білім беру мазмұнын , оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды реттеп; - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен физикалық дамуын сақтауды бағдарлап ; - Баланың дамуының әрбір жас кезеңінде әлеуметтік ахуалды іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етіп; - Баланың жас кезеңдері сабақтастығы негізінде біріңғай білім беру кеңістігі сақталып ; -Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары және бастауыш мектеп арасында сабақтас байланыс реттеліп ; - Отбасы әлеуетін және мектеп жасына дейінгі тұлғаның толық қанды дамуына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дамыту ортасының психологиялық-педагогикалық негізін пайдаланып; -Әлеуметтік - мәдени міндеттер шешу - мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа үлгісін қалыптастыруда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары, отбасы, әлеуметтік орта бірігіп; - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беру қамтамасыз етілуде.Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты.Сондықтан да , қазіргі кезде болып жатқан тарихи-әлеуметтік өзгерістер жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ,тәрбиеленуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы.Сондықтан, бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласының басым бағыттарының бірі мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу туралы ...Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде "бетбұрыс" жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс. Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек - деген болатын. Қазіргі таңда балабақшалар жаңа заман талабына сай жабдықталған, балабақшаның әр тобында балалардың жатын, ойын, киім шешетін, жуынатын, әжетхана, спорттық зал, үйірме бөлмелері қамтылған.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа алған балабақша ұжымдары Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін жүзеге асыруда. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдай жасалды. Мемлекеттік бағдарлама дене шынықтыру арқылы денсаулықты нығайту әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды, балалардың тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда көркем сөзді қолдануды, Шығармашылық білім беру саласы бойынша жобалық іс-әрекетті негізге ала отырып мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын дамытуды жүзеге асыруды нақты міндет деп санап отыр. Мектепке дейінгі балалық шақ -- баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді. Өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру.Мектепке дейінгі балаларды оқытып тәрбиелеуде және жан - жақты дамыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917-1960 жылдардағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасуы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ БАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазақ педагогикасының өзіндік төл ерекшелігі
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Баланың мектепке даярлығының педагогикалық проблемалары
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестеріне талдау беруге көшелік
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы туралы
Пәндер