Валюталық қатынастар
КІРІСПЕ 6
1.ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1.Ақшаның қатынастарының теориялық негіздері 7
1.2. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану 9
1.3. Валюта бағамының (курсының) мәні 13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫ . ТЕҢГЕ 17
2.1. Теңгенің шығу тарихы 17
2.2. Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері 19
2.3. Қазақстан Республикасының банкноттары 20
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 31
3.1 Қазақстан Республикасы валюталық жүйесінің түсінігі мен белгілері 31
3.2. Қазақстан Республикасырың Ұлттық банкінің ақша.несие саясаты 33
3.3. Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың негізгі принциптері 34
ҚОРЫТЫНДЫ 38
ГЛОССАРИЙ 41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 42

Жалпы ақшаның дүниеге келуі өткен заманнан келе жатқан, көп ғасырларды қамтитын өте күрделі процесстердің бірі. Мен осы ақшаның шығу тегі, дамуы, қалыптасу кезеңдері, бізге жеткенге дейінгі тарихы, осы кездегі нарық заманында алатын орны туралы зерттеп, өз курстық жұмысымда басып шығардым.Ақша өмірге келмей тұрып, жалпы адамзат өздерінің қажетінше бір тауарды екінші тауарға айырбастау арқылы адамдарда өзара айырбас пайда болады.
Алғашында бұл процесс кездейсоқ түрде жүріп отырады, кейін келе олар сол тауарлардың ішінен айырбасқа жиі ілігіп жүрген тауарды ерекше бөліп шығарады да, оны ақша есебінде пайдалана бастайды. Сол кездері жердің әр аумағында ақша әр халықтың шаруашылығына байланысты болып келген. Мысалға алатын болсақ, мал шаруашылығымен айналысатындар айырбаста малмен өтелетін, егіншілер бидай, арпа, сүлы т.б. Бүл айырбас қолайсыз болды да кейіннен ерекше эквивалент ретінде ақша бөлініп шығады. Алғашында эквивалент рөлін металдар, кейіннен арнайы, өлшемі бар, мөрмен расталатын алтын немесе күміс металдар, одан әрі сол металдарды ыңғайлы түрде монета ретінде болды, содан көп ғасырлы даму сатысынан өтіп, бігінгі таңда қолда біз қағаз ақша үстап отырмыз. Осы жайлы Карл Маркс: "Біз" деген екен.
Және осы орайда ең маңызды, тақырыпты ашатын мәселе жайлы атап айтпай кетуге құқым жоқ. Осы орайда айта кеткім келіп отырғаны 1993 жылдың 15-қарашасында біздің еліміздің - Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы - теңгенің шығарылуы. Бүл тарихымыздағы елеулі өзгеріс, ол Қазақстан Республикасының, оның халқының, әрине бүл біздің де тарихымыз! Осы кезден бастап, нарықтық экономикада Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жаңадан алды. Ұлттық валютанын айналымға енуі экономикалық және саяси тұрғыдан алғанда көптеген өзгерістерге әкелді.

. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» 2005 жыл
2. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» 2005жыл
3. С.Б.Мақыш «Банк ісі» 2009жыл
4. «Экономикалық теория бойынша практика» 2006жыл
5. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы» 2005жыл
6. ҚошқаровЖ.Қ., Нысанбек М.Ә., Жұмағалиев Т.С. «Экономикалық теория» пәнінен курстық жұмысты жазу мен әрлеу әдістемелік құрал -2005жыл
7. Әубәкіров, Есқалиев «Экономикалық теория негіздері» 1998жыл
8. Смешанная экономика: Трансформационная модель развития Казахстана. 1997жыл
9. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» 2-ші басылым, 2004жыл
10. Майдан –Әли Байгісиев «Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық» 2004жыл
11. Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңы
12. М.Ф.Уркумбаев, М.М.Уркумбаева, Б.Б.Аманбаев «Новый – Жаңа глоссарий» 2006жыл
13. Р.Қ.Тоқсейітов «Экономикалық сөздік-анықтамалық» 1999жыл
14. Б.А.Көшенова «Ақша, несие, банктің валюталық қатынастары» 2000жыл
15. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2030жылға даму стратегиясы» 1997жыл
16. Ү.С.Байжомартов, Ө.Қ.Шеденов, М.Ә.Нысанбеков, Б.А.Жүнісов, Б.И.Комягин «Жалпы экономикалық теория» 2002жыл
17. Г.Чибриков «Трактовки модели экономического развития и ее элементов» 1995жыл
18.Я.А.Аубакиров «Экономическая теория условия рыночных преобразований учебное пособие» 2003жыл
19. А.Проховский «Национальные рыночные модели экономического развития» 1997жыл
20. www.nationalbank.kz

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
6
1.ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1.Ақшаның қатынастарының теориялық негіздері
7
1.2. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
9
1.3. Валюта бағамының (курсының) мәні
13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫ - ТЕҢГЕ 17
2.1. Теңгенің шығу тарихы
17
2.2. Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері
19
2.3. Қазақстан Республикасының банкноттары
20
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
31
3.1 Қазақстан Республикасы валюталық жүйесінің түсінігі мен
белгілері 31
3.2. Қазақстан Республикасырың Ұлттық банкінің
ақша-несие саясаты 33
3.3. Қазақстан Республикасындағы валюталық
бақылаудың негізгі принциптері
34
ҚОРЫТЫНДЫ
38
ГЛОССАРИЙ
41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
42
КІРІСПЕ
Жалпы ақшаның дүниеге келуі өткен заманнан келе жатқан, көп ғасырларды
қамтитын өте күрделі процесстердің бірі. Мен осы ақшаның шығу тегі,
дамуы, қалыптасу кезеңдері, бізге жеткенге дейінгі тарихы, осы кездегі
нарық заманында алатын орны туралы зерттеп, өз курстық жұмысымда басып
шығардым.Ақша өмірге келмей тұрып, жалпы адамзат өздерінің қажетінше бір
тауарды екінші тауарға айырбастау арқылы адамдарда өзара айырбас пайда
болады.
Алғашында бұл процесс кездейсоқ түрде жүріп отырады, кейін келе олар
сол тауарлардың ішінен айырбасқа жиі ілігіп жүрген тауарды ерекше бөліп
шығарады да, оны ақша есебінде пайдалана бастайды. Сол кездері жердің әр
аумағында ақша әр халықтың шаруашылығына байланысты болып келген. Мысалға
алатын болсақ, мал шаруашылығымен айналысатындар айырбаста малмен
өтелетін, егіншілер бидай, арпа, сүлы т.б. Бүл айырбас қолайсыз болды да
кейіннен ерекше эквивалент ретінде ақша бөлініп шығады. Алғашында
эквивалент рөлін металдар, кейіннен арнайы, өлшемі бар, мөрмен расталатын
алтын немесе күміс металдар, одан әрі сол металдарды ыңғайлы түрде монета
ретінде болды, содан көп ғасырлы даму сатысынан өтіп, бігінгі таңда қолда
біз қағаз ақша үстап отырмыз. Осы жайлы Карл Маркс: "Біз" деген екен.
Және осы орайда ең маңызды, тақырыпты ашатын мәселе жайлы атап
айтпай кетуге құқым жоқ. Осы орайда айта кеткім келіп отырғаны 1993
жылдың 15-қарашасында біздің еліміздің - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Валютасы - теңгенің шығарылуы. Бүл тарихымыздағы елеулі өзгеріс, ол
Қазақстан Республикасының, оның халқының, әрине бүл біздің де тарихымыз!
Осы кезден бастап, нарықтық экономикада Қазақстан өзінің тәуелсіздігін
жаңадан алды. Ұлттық валютанын айналымға енуі экономикалық және саяси
тұрғыдан алғанда көптеген өзгерістерге әкелді.
1.ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ХХ ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент
ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Халықаралық экономикалық
қатынастарда есеп айрысу валюталар – доллар, маркалар, иендер т.б. арқылы
жүзеге асады. Сонымен алтынның айналыстан шығуы және оның ақша қызметін
атқармайтын болуы демонетазациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз
алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ, эквивалент рөлін атқаруды
доғаруы. Осы жерде мынадай өте қиын теориялық сұраққа жақындаймыз.
Қазіргі ақшалардың мәні, табиғаты жалпы қандай? Өйткені кімге де болса
анығы қазіргі уақытта асыл метал ақша емес, қағаз ақша – ақша. Ақшаның
барлығы немен анықталады, оның тұрақтылығы неге байланысты?
Батыстың экономикалық теориясында бұл сұрақ бойынша пікір талас
жүріп жатқанына кемінде екі ғасыр болды. Егер қағаз ақша салыстырмалы
сиректік қасиетінен айрылатын болса, онда оның бағалылығы төмендейді.
Сондықтан қағаз ақшаның құны туралы мәселе айналысқа қажет қағаз ақшаның
саны туралы мәселемен тығыз байланысты.
Ақшаның пайда болуын маркстік және неоклассикалық мектептер айырбас,
сауданың даму процестерімен, шаруашылықтың рыноктық формасының нығаюымен
байланыстырады. Айырмашылықтары ең алдымен тауар табиғатын түсіндіруде
жатыр.
К.Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар. Ол ақшаның шығуын
құн формасының, яғни ауыспалы құн формасының дамуымен байланыстырады. Ол
форма төртеу: жай немесе кездейсоқ; толық немесе жан-жақты; жалпылама;
ақшалай.
Құнның ақшалай формасында барлық тауардың эквиваленті алтын болды.
Ақша сөйтіп, айырбас пен құн формасының ұзақ даму процесінің нәтижесінде
пайда болды. Тауар әлемі екі полюске бөлінді: бірінде тауардың жалпы
массасы, екіншісінде бір ғана тауар – ақшаның рөлін атқарған алтын.
Маркс бағаны құнның ақшалай формасы деген. Маркстің теориясында ақша
рөлін бағалы металдар - алтын мен күміс атқарған. Бұл ХІХ ғасырдың аяғы
мен – ХХғасырдың басындағы алтын стандарт жүйесінің болуымен дәлелденеді.
Алтынның ақшаның рөлін атқаруға үш себебі болды:
1. Сақталымдылығы;
2. Портативтілігі (шамалы көлемде жоғарғы құндылықтың болуы);
3. Экономикалық бөлінуі (алтын құймасы, яғни салмағы жағынан екі
есеге азаяды). Бұндай қасиет мал да, бағалы терілерде, інжу –
маржандарда, алмаздарда және т.с.с. жоқ.
1-кесте
Ақшаның қызметері
Негізгі Туынды
Құн өлшемі Айналыс құралы
Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи
даму кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша
айналымының басты компаненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк,марка, йена, крона
және т.б.) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары
белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма – қол
айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде
бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе
күміс монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін
атқарады.
2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі
алтынға айырбастала алмайды, алтынның өзін айналымнан ығыстырады.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталды.
Банктік ақшаға чектер, несие карточкалары және т.б. жатады.Алалған есеп
айырысу құралдары банктік депозиттерді де билейді. Қазіргі кезде қағаз
және несие ақшаларды шығаруды мемлекет өз билігіне алды.

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын
дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану
арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл
атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта
түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда
халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта –
теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай – ақ Қазақстан
Республикасы құрамындағы әкімшілік – аумақтық құрылымдар деңгейінде де
орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.
Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары
валюталық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады.
Валюталық операциялар – бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың
валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы
төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде
пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген
тәсілмен елге немесе елден әкелуәкету және жөнелту; ұлттық валютаға,
сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар
мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына
байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.
Валюталық ресурстар көбінесе мемлекеттің қарамағына
шоғырландырылады. Басым мәселелерді орындау үшін немесе жалпы
мемлекеттік ресурстардың бір бөлігі жергілікті органдарға берілуі
мүмкін. Бұдан басқа, биліктің жергілікті органдары валютаны валюта
рыногында сатып ала алады.Мемлекеттің уәкілетті органдары мен оның қаржы
агенттері де банкаралық биржада валютаны сатып алушылар бола алады.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: валюталық басқыншылықтарды - елдегі тұрақты ақша
айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен
анықталатын, реттелетін деңгейде қлттық валюта бағамын қолдап отыру
мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;
2) Қаржы министрлігі: қарыздар туралы келісім – шартпен белгіленген
уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі боынша жабу үшін; халықаралық
ұйымдардағы мүшелік жарналар төлеу; елшіліктердің, консульдықтардың,
өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын
қаржыландыру үшін;
3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді – тауарлар мен көпшілік
қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды
қанағаттандыру үшін;
4) Басқарудың жергілікті органдары – коммуналдық шаруашылықтың,
өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті
инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін.
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және
ұйымдардың валюта ресурстарының негізгі екі көзі экспортталатын өнімнен
алынған валюталық түсім – ақшаның бір бөлігін кәсңпорын салықтар мен
кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы
бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк
белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногында сатуға міндетті
болатын. Қолданыстағы тәртіп бойынша заң жүзінде белгіленген салықтар
мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңды тұлғалардың
қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша
жұмсалады.
Эспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер және
валютаға мұқтаждары, оны валюта рыноктарында ұлттық валютаны айырбастау
жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық - құқықтық түрлердің
шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын
қалыптастырудың келесі көзі – банктердің валюта кредиттері. Өнім
өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар,
саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды
немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын
компаниялар,фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттерді елдің
үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұндай практика коммерциялық
есеп қағидатын дамыту қажеттілігімен және қарыз қаражаттарын тиімді
пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдаланушыларға ауысумен
байланысты бірте – бірте шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас
бағыттарын қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға,
фирмаларға үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан
бөлінуі мүмкін.
Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер
үшін валюта ресурстарын толықтыруға осы шаруашылық құрылымдары
қатысушылардың валютадағы қосымша салымдары есебінен жетуге болады.
Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын көзі келісім
шарттарды, арбитраж органдары белгілеген контракттар бойынша
міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын
валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар
болып табылады.
Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында
шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар
субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі
мақсаттарына пайдаланылады. Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін
бағыттары мыналар болып табылады:
1) дүниежүзілік рыноктарда жұмыс істейтін компаниялардың,
фирмалардың экспорттық әлуетін ұлғайту;
2) импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе
мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге
асыру үшін валюталық ресурстар есебінен құрал – жабдық, саймандар,
материалдар, технологиялар, лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негізгі
құралдардың лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары
шақырылады, кадрларды оқытады;
3) валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны үшін пайыздар
өтеу;
4) мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы
рыноктерде операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін
комиссиялық сыйақылар төлеу;
5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың
қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;
6) сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің
шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;
7) ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін ұлттық валютаны сатып
алу;
8) ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну
және мәдени-тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрілік заттарды,
медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу.
Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы
ресурстарының басқаша пайдалануы да мүмкін.
Заңи тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік
инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми
зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің,
келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік
зерттеулерді қаржыландырудың және т.б. жалпы міндеттерін орындау үшін
біріктіруге құқылы.
1.3. Валюта бағамының (курсының) мәні
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі экономикалық операцияларды
ұлттық валюталардың бір- біріне айырбасынсыз жүргізу мүмкін емес.
Халықаралық сауданың дамуына байланысты ұлттық валюталардың айырбас құны
пайда болды және мұның өзі дүниежүзілік қауымдастықтың экономикалық
қызметінің ажырамас бір бөлігіне айналып отыр.
Валютаның бағамы (курсы) дегеніміз – жекелеген елдердің
валюталарының ара қатысы немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін
жеке бір ел валютасының бағасы. Қазақстандағы валюта курсы шетелдік
валюта бірлігіне айырбасталатын теңгенің санымен анықталады.
Валюта бағамы өте құбылмалы, ширақ қозғалысы болып келеді. Оған
елдің төлем балансының жағдайы, елдегі инфляция деңгейі еркін ауысатын
валюталарға деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатысы, жекелеген елдер
тауарларының дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестігі, саяси және әскери
факторлар, сондай – ақ бірқатар басқа да жанама факторлар әсер етеді.
Олардың валюта бағамының динамикасына әсері уақытша немесе тұрақты түрде
болуы мүмкін. Ал, валюталық операциялардың өздері валюталық құндылықтар
қозғалысымен тікелей байланысты.
Валюталардың айырбас курсы валюталық рыноктағы қажетті валютаға
деген сұраныс пен ұсыныс ара қатынасымен анықталады.
Валюталық рынок дегеніміз - сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік
валютаны ұлттық валютаға бағамы (курсы) бойынша сатып алу мен сатуды
жүзеге асыратын орталық.
Шетел валюталарының, бағалы қағаздарының немесе биржадағы
тауарларының бағасы дүниежүзілік практикада орныққан заңдық нормалар
арқылы баға белгілеу түрінде жүзеге асады.
Дүниежүзілік тәжірибеде баға белгілеудің екі әдісі қолданылады.
Тікелей баға белгілеу әдісіне сәйкес шетелдік валюта бірлігі ұлттық
валютаның белгілі санына теңестіріледі. Мысалы, Қазақстанда АҚШ-тың
бір доллары теңгенің белгілі санына теңестіріледі. Баға кесудің бұл әдісі
дүниежүзілік қауымдастықтың көптеген елдерінде қолданылып отыр.
Жанама баға белгілеу әдісі бойынша ұлттық валюта бірлігі шетелдік
валютаның белгілі санына теңестіріледі. Мысалы, Ұлыбританияның 1 фунт
стерлингі АҚШ долларының белгілі санына теңестіріледі. Бұл жүйе аз ғана
елдердің іс – тәжірибесінде қолданыс тауып отыр.
Өздерінің ауысу деңейі бойынша валюталардың сипаттамасы мынадай
болып келеді:
• еркін ауысатын валюта;
• жарым- жартылай, шамалы ауысатын валюта;
• ауыспайтын (тұйықталған) валюта;
• клирингтік валюта.
Еркін (толық) ауысатын валюта дегеніміз басқа елдердің валютасына
еркін және шектеусіз ауысатын валюта. Бұл валютаның толық ішкі және
сыртқы айырбасталу мүмкіндіктері бар. Ұлттық валюталардың еркін (толық)
ауысу мүмкіндіктеріне Австрия, Бахрейн, Ұлыбританя, Дания, Канада,
Кувейт, Малайзия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Біріккен Араб Эмираттары,
Оман, Сеймень аралдары, Сингапур, АҚШ, ФРГ, Жапония елдерінің валюталары
ие болып отыр.
Валютаның еркін ауысу мүмкіндігі ұлттық валютаны тұрақты даму
бағытындағы елдердің валюталарына тән. Сондықтан, ұлттық валютаның еркін
ауысу мүмкіндігіне декларативтік жолымен жетуге болмайды.
Еркін ауысатын валютаның бір бөлігі резервтік валюта деп аталады.
Олар халықаралық есептеулерді қамтамасыз ететін қаражаттар нысанында
құрылады да, басқа елдердің орталық банктерінде сақталады. Қазіргі
кезде резервтік валюталарға АҚШ – тың доллары, ағылшынның фунт
стерлингі, швейцариялық франк, жапондық иена, немістің маркасы жатады.
Аталған бес валюта дүниежүзілік валюталық резервтердің 100% - не дейінгі
сомасын құрап отыр.
Жарым –жартылай ауысатын валютаға шетелдік валютаның шектеулі
санына айырбасталатын және халықаралық төлем айналымының барлық түрінде
қолданылмайтын валюталар жатады. Мұндай валютаның қолданыстағы шектеулігі
елдің экономикалық жағдайының тұрақсыздығы және оның төлем балансының
теріс сальдосымен түсіндіріледі. Мемлекет тарапынан валютаның қолданылуын
шектеу саясаты заңдық және әкімшілік тұрғыдан валюта мен валюталық
құндылықтарға байланысты операцияларды регламенттеу (тәріптеу) ережелері
арқылы жүргізіледі.
Дүние жүзі елдерінің басым көпшілігінің валютасы, соның ішінде
Қазақстанның валютасы жарым –жартылай ауысатын валюталарға жатады.
Қазақстандық теңгенің еркін ауысу мүмкіндігіне жетуі үшін елдің саяси-
экономикалық және қаржы-қаражат тұрақтылығы, алтын-валюта резервтерінің
қорлануы, дүниежүзілік қауымдастық елдерімен валюталық ынтымақтастық
механизмінің қалыптасуы қажет.
Ауыспайтын (тұйықталған) валютаға шетелдік басқа валюталарға
айырбасталмайтын, тек ел ішінде ғана ұлттық ақша бірлігі есебінде
айналымда болатын валюта жатады. Оларды әкелу, әкету, сату, сатып алу,
мүмкіндіктері мемлекеттік шекарамен тұйықталған және мұндай
ақшаларға валюталық реттеудің қатаң шаралары қолданылады.
Клирингтік валюталарға банктік операцияларда тек қана бухгалтерлік
жазбалар түрінде кездесетін, төлем келісіміне қатысушылардың бір-
біріне жеткізетін тауарлары мен ақылы қызметтерін анықтайтын есептік
валюталық бірліктер жатады.
Валютаны сатып алу-сату әрекеттері валюталық рыноктарда жүзеге
асырылады. Валюталық рыноктар дегеніміз- сұраныс пен ұсыныс негізінде
шетелдік валютаны ұлттық валютаға курсына сәйкес сатып алу мен сатуды
жүзеге асыратын орталықтар.
Ұлттық валюта рыноктарының дамуы және олардың өзара байланысының
күшейіп, нығаюы арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта рыногы қалыптасты.
Оның өзі көпдеңгейлі, коммуникациялар арқылы байланысқан аймақтық
рыноктар түрінде көрінеді.
Валюталық рыноктың құрамында дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық валюта
рыноктары кіреді. Бұл рыноктар өздерінің көлеміне, валюталық операциялары
мен валюта сомаларының сипатына қарай ерекшеленеді. Әдетте, дүниежүзілік
валюта рыноктары дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланады.
Дүниежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз – банктердің маманданған
қаржы – несие институттарының топтасқан жері. Бұл орталықтарда
халықаралық валюта, несие, қаржы операциялары жүргізіледі және бағалы
қағаздармен, алтынмен байланысты келісімдер жасалады.
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТАСЫ - ТЕҢГЕ
2.1. Теңгенің шығу тарихы
Қазақ ұлысы Жібек Жолымен керуен тартып келген саудагердің әр
теңін бір теңгеге балап, ақша шығаруға бел байлады. Теңгенің тарихы XV
ғасырдың екінші жартысынан басталады.
Теңге - қазақтың тең деген сөзінің есімше түріне айналған
баламасы. Кейінгі тарих беттерін ақтарсақ: теңге дүниеге келгелі
халқымыздың әр кезеңдегі тұрмыс жағдайының айнасына айналған. Хақназар
хан тұсында бір жылқының құны бір теңге, Тәуке хан тұсында бес теңгеге
бір жылқы, Шығай ханның тұсында теңгенің құны төмендей түскен. Тарихшылар
мұның мәнісін Мәуренахыр алқабындағы үзіліссіз ұрыс- жанжалдан деп
түсіндіреді. Тәуке хан заманында теңгенің тегеуріні екі ғасырды араға
салып барып Тұрсын- Мұхаммед, Қасым, Абылай уақытында қайта көтерілді.
Бұл кезеңде теңге құрамына күміс қосып, қазіргі нейзильбер қоспасына
жақындай түскен ғажайып зергерлік өнер бұйымына ұқсатып соғылды.
Жібек жолының бойымен жосылып жатқан керуенге тең-тең асыл жиһаз
артқан саудагерлер әуелі қолына ұстаған ақшаның айрықша белгілерін
іздеген. Ол белгілер бойынша күміс аз қосылса, теңге тотыққыш келеді.
Мұны саудагерлер тотияйын ерітіндісіне салып я болмаса тіске салып
анықтаған. Егер жеңіл болуы үшін қалайы қосылса, онда теңгенің аумағы –
диаметрі көлемдірек келеді де аса қатты болады. Бұл теңгелер шетел
саудасына лайықталып жасалған.
Қазіргі ұлттық валютаны енгізу уақыты туралы пікірталас көп болды.
Ресей біздің республиканы рубль аймағынан шығуға мәжбүр ететін саясат
жүргізді.
Оның бірі 1993ж. маусымда Ресейдің жаңа рублінің енгізілуі және
1993ж. шілде-тамызда Ресейде ақша реформасының жүзеге асуы еді.
Қазақстанға басқа республикалардан ескі ақша бақылаусыз ағылды да, елдің
қаржы жүйесі қожырап, инфляция күн санап өсті, халықтың тұрмыс деңгейі
барынша нашарлап кетті. Сондықтан өзіміздің ұлттық валюта – теңге
айналысқа 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап енгізілді.
Біздің ел үшін ұлттық валюта айналысқа енгеннен кейінгі алғашқы
екі жыл өте ауыр болды. Қазақстан үкіметі бағаны ырқына жібергендіктен
және өндірістің құлдырауына байланысты (ішкі жалпы өнімнің 1993 жылғы
төмендеуі -9,2%, 1994ж. -12,6%) инфляция шарықтап кетті (1993ж – 2165 %,
1994ж – 1158%). Мемлекет тарапынан берілетін дотация мен субсидия
тоқтатылды.
Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ұлттық банк экономикаға
тиетін соққыны жұмсартуға қажетті барлық шараларды қолданды, осының бәрі
кейіннен қаржы секторын және азаматтардың әл-ауқатын төмендетпей
сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Республикада ақша айналымына металл ақшамен қатар, мерейтойлық
және ескерткіш металл ақшалар қолданылуда. Мерейтойлық және ескерткіш
металл ақшалар белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ
олар негізінен мәдени- ағарту мақсатында шығарылған.
2001ж. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне мерейтойлық
үш металл ақша: Сәулет және тарихи ескерткіштері металл ақша сериясынан
Алтын адам бір алтын ақшасы, Қолданбалы өнер сериясынан Нарқобыз,
Қазақстанның Петроглифтері сериясынан Ұмай, Қазақстанның Қызыл
кітабы сериясынан Сайғақ күміс ақшалары шығарылған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жанынан 1997ж. ақша мұражайы
ашылды. Осы шаңырақта әлемнің көптеген елдерінің ақша, валюта үлгілері
жиналған. Арнайы көрмеде қазақ сахарасының Жібек Жолы бойынан табылған,
он бес ғасырға жуық саудагерлерге қызмет еткен, қолдан қолға өткен мыс,
жез, алтын, күміс, қола ақшалардың ғажайып ақшалардың ғажайып үлгілері
қойылған. Олар Атыраудан Алтайға дейінгі аралықта сауданың қаншалықты
қарқын алып, дамығанын дәлелдейтін асыл белгілер. Басылымның бір
томында: б.з.д. 704-766 ж. Таразда құйылып, айналымға енген теңгелердің
бетінде түргеш қаған теңгесі немесе Түркінің көк ханының теңгесі
деген анықтама жазулар бар.

Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық
валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет
енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің
ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген
ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал
Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің
1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.
Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100
тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
• 1,3,5,10,20 және 100 теңгелік банкноттар;
• 1,3,5,10,20 теңгелік монеталар;
• 1,3,5,10,20 және 50 теңгелік монеталар (бастапқыда қағаздан
жасалған)
Кейіннен айналысқа:
• 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы
үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;
• 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;
• 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;
• 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа
дизайны);
• 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
• 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік
банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы:
• 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар
( дизайны өзгертілген );
• 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны
ішінара өзгертілген );
• Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001
жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар ;
• 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара
өзгертілген ).
2002 жылы :
• 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
• 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар
( дизайны ішінара өзгертілген ) шығарылды.
2003 жылы :
• 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.
Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және
ескерткіш монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар
оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие , бірақ олар
негізінен мәдени - ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар
қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының
аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.

2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған,
суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен
орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін
көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің
табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.
Банкноталардың бет жағында орталық бөлігінде "Астана-Бәйтерек"
монументі - қазіргі заманғы қазақстандық сәулеттің, конструкторлық және
инженерлік ойдың жетістігі, тәуелсіз Қазақстанның даму нышаны
орналастырылған. Банкнотаның ортасында түрлі-түсті жолақтарда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері бейнеленген,
оларға номиналдың сандық белгісі жазылған. "Бәйтерек" ескерткішінің сол
жағында бір түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы
салынған. Оң жақ жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік жалаудың бейнесі.
Банкнотаның төменгі бөлігінде сенімді, шынайылықты және әділеттілікті
білдіретін классикалық геральдикада ашық алақан бейнеленген. Номиналы 200
және 500 теңге банкноталарда номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік
белгілеуі оң жақ төменгі бұрышында тігінен, номиналы 1000, 2000, 5000
және 10000 теңге банкноталарда төменде сол жақта орналасқан. 200 және 500
теңгелік номиналдардағы "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу мемлекеттік
елтаңбаның астына, ал 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік номиналдарда
тігінен төменде оң жақта орналастырылған.
Сериялық нөмірлері бет жағына жазылған және банкноталардың қарама-
қарсы екі бөлігінде орналастырылған.
Банкноталардың сырт жағында ландшафтардың және елдің аумағындағы
қазіргі заманғы сәулет объектілерінің бейнелері бар. Олар Қазақстан
картасының контурымен жиектелген. Сол жақта төменде және оң жақта
жоғарыда банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс
тіліндегі әріптік белгілеуі орналастырылған. Жоғары жақта ортада
"Қазақстан ұлттық банкі" деген жазу және эмитент банктің логотипі басып
жазылған.
Банкноталарды қорғау тұрғысынан алғанда жаңа дизайн түпнұсқалылықты
қарапайым және шапшаң анықтауға бағытталған, бұл ретте ақшаны қолдан
жасаудан қорғайтын, ортақ бейнеге үйлесіммен кіріккен классикалық және ең
жаңа, неғұрлым күрделі қорғаныш құралдары пайдаланылған. Осыған дейін 200
теңгеден 2000 теңгеге дейінгі банкноталарды ауыстырған кезде, сондай-ақ
айналыста жүрген 5000 және 10000 теңгелік соңғы екі номиналды ендірген
кезде де осындай кейбір қорғаныш элементтері пайдаланылған болатын. Жаңа
дизайндағы банкноталарда арнайы құралдарсыз анықталатын, яғни визуалды
және жарыққа көрінетін, сондай-ақ саусақтың ұшымен анықтауға болатын
қорғаныш элементтерінің барынша мүмкін саны пайдаланылды. Банкноталарда
арнайы техникалық құралдардың көмегімен танылатын жасырын элементтер де
кездеседі, бірақ ақша белгісінің түпнұсқалылығын шапшаң және қарапайым
анықтауға негізгі акцент жасалған.
Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:
• Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа
тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден
тұрады.
• Қорғаныш жіп. Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және
банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді.
Екінші, үзік-үзік жіп - банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық
көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде
қағаздың бетіне шығарылған.
• Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық
орындағы полимерлік лентадағы сурет.
• Қосарланған бейнелер. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz