Әлеуметтік әріптестік


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Әлеуметтік әріптестік4

2. Әлеуметтік әріптестік қатынастарын дамыту және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарылып жатырған шаралар5

Қорытынды8

Пайдаланған әдебиеттер9

Кіріспе

Әлеуметтік әріптестік дегеніміз - атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі. Әлеуметтік әріптестік-әріптестер арасындағы жасалатын өзара келісім арқылы жүзеге асырылады. Келісім қызметкерлердің еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша міндеттемелерін айқындайтын, әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын құқықтық акт.

Қазақстан Республикасында әлеуметтік әріптестік мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

1. Әлеуметтік және еңбек қатынастарын және соларға байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау

2. Қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін обьективті түрде ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу

3. Қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру

4. Барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялармен келіссөздер процесіне жәрдемдесу

5. Ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.

Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестікпен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық, және аудандық комиссиялар (бұдан әрі -аймақтық) қамтамасыз етеді. Аймақтық комиссия-әлеуметтік әріптестертер мүдделерін үйлестіруді тиісті келісімдерімен ресімделетін консультациялар және келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілермен қызметкерлердің өкілдері аймақтық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.

Комиссия жұмысының басты мақсаты- жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын ұжымдық шарт арқылы реттеу, қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және халықты жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады.

Ауданымыз бойынша 2018 жылға арналған еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі аудандық үш жақты комиссиясының жұмыс жоспары бекітіліп, жұмысын жасауда.

1. Әлеуметтік әріптестік

Әлеуметтік әріптестік - жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), және мемлекеттік органдардың арасындағы еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу сұрақтары бойынша мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қарым-қатынастар жүйесі.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік әлеуметтік әріптестік органдарының қатысуымен тараптардың өзара әрекеттестігі формасында қамтамасыз етіледі:

- республикалық деңгейде -Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиямен;

- салалық деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялармен.

- аумақтық деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық, қалалық және аудандық комиссиялармен.

http://fprk.kz/wp-content/uploads/arep.png

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестермен негізге алынатын құжат 2018 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және жұмысшылардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Бас келісімболып табылады.

Сондай-ақ, 2018 жылғы сәуір айындағы жағдай бойынша бекітілген құжаттар саны:

  • 20 салалық (тарифтік) келісім
  • 10 аумақтық (облыс деңгейіндегі) келісім.
  • 77 500 (кәсіпорындарда бекітілген) ұжымдық шарттар.
2. Әлеуметтік әріптестік қатынастарын дамыту және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқарылып жатырған шаралар

Орал қаласы әкімдігі, қызметкерлердің аймақтық кәсіподақ бірлестіктері және жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы 2018 - 2020 жылдарға арналған КЕЛІСІМ қабылданды.

Осыған байланысты Тараптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып, «Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның үшінші жаңғыруы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде,

әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріндегі үш жақты келіссөздер мен консультациялар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауға міндеттене отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде 2018 − 2020 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын айқындайтын 2018 − 2020 жылдарға арналған осы Қалалық келісімді (бұдан әрі − Келісім) жасасты.

Орал қаласы әкімдігі жанындағы, Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссия өз жұмысын бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде жүргізеді.

2018 жылы қалалық үшжақты комиссияның 7 отырысы өткізілді. Үш жақты комиссия отырыстарында келесі мәселелер қаралды:

· Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссиясы «Парыз» республикалық сайысына қатысқан кәсіпорын басшылары марапатталды.

· Әлеуметтік сұхбат ұйымдастыру жөнінде атқарылып жатырған жұмыстар туралы мәлімет (ұжымдық шарттар, меморандумдар, еңбек шарттары, біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында міндетті зейнетақы аударымдарын және еңбекақы төлемдерін дер кезінде толық аударылуы) тыңдалды.

· Міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарының қысқаруына жол берген кәсіпорындар мен ұйымдар атқарылған жұмыстары жөнінде ақпарат тыңдалды.

· 2018 жылға еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үш жақты комиссияның жұмыс жоспары бекіту.

· Қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, «Локальный профсоюз Су арнасы по городу Уральск» АҚ кәсіподақ мүшелерінің «Батыс Су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласы әкіміне өтінішін қарау.

· Қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, Орал қаласы әкімдігімен «БҚО кәсіподақ орталығы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2018 - 2020 жылдарға арналған келісімді талдау және жұмыс тобын құру.

· Қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, күн тәртібінде Орал қаласы әкімдігімен «БҚО кәсіподақ орталығы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2018 - 2020 жылдарға арналған келісімді талдау жүргізілді.

· Қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, Орал қаласы әкімдігімен кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2018 - 2020 жылдарға арналған келісімге қол қойылды.

· Қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, 2018 жылға арналған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруда жаңа жұмыс орындарына орналасу бойынша жоспарланған жұмыс туралы мемлекеттік мекемелердің («Құрылыс бөлімі» ММ, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» ММ, «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Орал қалалық білім бөлімі» ММ) ақпараты тыңдалды.

· «Еңбек инспекциясы» ММ-нің ұжымдық шарттарды жасау және ұзарту жөнінде, сонымен қатар еңбек қорғау мен қауіпсіздігі мониторингі қорытындысы туралы баяндама тыңдалды.

Үшжақты комиссия отырысының шешімімен келесі тапсырмалар берілді:

· Міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарының қысқаруына жол берген кәсіпорындар мен ұйымдар бақылауға алынсын;

· 2018 жылға еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу мен әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үш жақты комиссияның жұмыс жоспары бекітілсін.

· Қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, «Локальный профсоюз Су арнасы по городу Уральск» АҚ кәсіподақ мүшелерінің «Батыс Су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласы әкіміне өтінішін қаралып, қызметкерлерімен барлық даулы мәселелерді ортақ мәмілелесіп шешу ұсынылды.

· Орал қаласы әкімдігімен «БҚО кәсіподақ орталығы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2018 - 2020 жылдарға жұмыс тобын құрылсын.

· Орал қаласы әкімдігімен «БҚО кәсіподақ орталығы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2018 - 2020 жылдарға жасалған келісімге қол қойылды.

· Қалалық үш жақты комиссия отырысы өткізіліп, 2018 жылға арналған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруда жаңа жұмыс орындарына орналасу бойынша жоспарланған жұмыс туралы мемлекеттік мекемелердің («Құрылыс бөлімі» ММ, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы» ММ, «Кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Орал қалалық білім бөлімі» ММ) ақпараты тыңдалды, мемлекеттік жобалар бойынша барлық бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы негізінде жүзеге асыру туралы ұсынылды.

· Ұжымдық және жеке еңбек шарттарын жасау жөнінде түсіндіру жұмыстары күшейтіу ұсынылды.

Орал қаласы әкімдігі, қызметкерлердің аймақтық кәсіподақ бірлестіктері және жұмыс берушілердің бірлестіктері арасындағы 2018 - 2020 жылдарға арналған КЕЛІСІМ

Біз, Орал қаласы әкімдігінің, жұмысшылар бірлестіктері мен жұмысберушілер бірлестіктерінің (бұдан әрі - Тараптар) уәкілетті өкілдері, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағыттары бойынша анағұрлым ауқымды және іргелі жұмыстарды бастау қажет деп есептейді.

Осыған байланысты Тараптар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау негізінде әрекет ете отырып, «Қазақстан-2050» стратегиясын, Қазақстанның үшінші жаңғыруы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде,

әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу және еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлеріндегі үш жақты келіссөздер мен консультациялар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтауға міндеттене отырып,

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізінде 2018 − 2020 жылдары әлеуметтік-еңбек қатынастарын және олармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша Тараптардың келісілген ұстанымдарын айқындайтын 2018 − 2020 жылдарға арналған осы Қалалық келісімді (бұдан әрі − Келісім) жасасты.

Қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЖС құрудың қағидалары мен басқару тетіктері
Ұжымдық шарт институтының құқықтық реттелуі
Аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамытуда МЖӘ рөлі
Шет елдер тәжірибесінде әлеуметтік әріптестік жүйесінің үлгілері
Еңбектік құқықтық қатынастар
Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптасуы
Латын Америкасының экономикалық ұйымдары
Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік
Қалада азаматтық бастаманы дамыту
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ СТАТИСТИКАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz