Халықаралық компаниялардың іскерлік этикасы


Кіріспе3
1. Этикет туралы түсінік4
2. Іскерлік этикет қалыптасқан іскерлік қарым-қатынастың тәртібі ретінде. 5
3. Халықаралық компаниялардың іскерлік этикасы7
Қорытынды9
Пайдаланған әдебиеттер10
КіріспеІскерлік қарым-қатынас этикасы - профессионалдық іс-әрекетте жүзеге асырылатын өзін-өзі ұстау нормалары мен арнайы және әмбебап мінез-құлықтық талаптар жүйесі. Іскерлік қарым-қатынасқа кіреді:
• Организацияның сырқы және ішкі саясатының этикалық бағасы;
• Организация мүшелерінің моральды принциптері;
• Организациядағы моральды климат;
• Іскерлік этикет нормалары.
Мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптары
Мемлекеттік қызмет этикасы қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени - ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік - философиялық пән болып табылады. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым - қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді.
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік.
Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.
Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.
Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де - мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі.
Талап ету - сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.
Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс.
Этика - адамдар арасындағы қарым - қатынастылықты реттейтін нормалармен талаптар, өнегелікпен мораль жайындағы ілім. Неміс философы, И. Канттың тұжырымдауынша осы ілімнің ғылымның көмегінсіз адамдарға жетекшілік ету мүмкін емес. Қазіргі кезеңде имиджді құру мәселелері бойынша этикаға деген мақсаттылық пен қызығушылық артуда. Осындай образ (кейіп) өзгере, түзетіле алады, алайда ол қоғамның талаптарына жауап бере алуы қажет, яғни өзге адамдармен тұлғалық қарым -қатынастылықтағы мінез - құлық. Орыс философы Н. Ф. Феодоров жекелей тұлғалық ерекшеліктердің жалпы қоғамдық талаптармен сай келуіне аса көңіл бөлген. «Адам жеке бақытына ұмтыла отырып, мақсат, күш жігері арқылы қол жеткізілуі тиісті» деп тұжырымдаған. Менеджердің мінез - құлық этикасы жекелей пайдасын ойламастан, өз ұжымы, мекемесі, кәсіпорыны үшін қызметтелуімен, жасалынатын іс - әрекеттерді есепке ала отырып шешім қабылдау мен сипатталады. Француз зерттеушісі Ф. Сейт - Марк, «оның тағдырымен мемлекетінің тағдыры байланысты, тәуелді болатын жолды, адамның өзі таңдап алады». Адамның әлсіздік немесе ұлылық ерекшеліктерінің қай түріне басымдылықпен қараймыз? Қоғамның адаммен, жеке тұлғаның қоғаммен қарым - қатынастылық формасында анықталатын, этиканың басты сауалы. Қандай мақсаттылыққа кемелдене қол жеткізу қажет және неден бас тарту сауалнамаларына этика ғылыми жауап береді. Осы тұста, өнегелік адамдардың бір - біріне деген қарым - қатынастылығымен құндылықтарымен сипатталады.
Орыс теоретигі Б. А. Крапоткинаның этика саласы бойынша концепсиясы (ой - пікірі), өзара қарым - қатынастылық идеясымен құрылған аумақты эксперименталды жұмыстарға негізделген. «Этика» деп аталатын еңбегінде автор: «Адамдар бір - біріне көмектесуі арқасында өмір сүре ала отырып, дамудың жаңаша өнегелі деңгейіне шыға алады» деген тұжырымдама жасайды. Менеджерге белгілі бір әлеуметтік экономикалық статусты ұсына отырып адамның қоғамға деген қатынастылығы бойынша ережелер мен шарттарды бекітеді. Қоғам тарапынан менеджерге ұсынылатын талапта моральды бағыттағы іс -әрекеттер болса, ол менеджер жағынан қоғаммен үндесу типтері мен түрлері, сонымен қатар өнегелілік жүйе (берілушілік, орындаушылық және тағы сол сияқты) . Этика, менеджердің әлеуметті - жауапкершілік мінез - құлықтарын, іс - әрекеттерін қарастыра отырып экономикалық инфра құрылымында қалыптасатын құқықтық құжаттарда бағаланады. Қоғамдағы адамдардың ролі тек қана жоғарғы буынға байланысты екендігіне көз жеткізуде қос моларьды көзқарастар пайда болады. Демократиялық қоғамда, менеджердің жалпы адамдық жоспарына ізгі ниеттілікпен қатынасуы, және шеберліктілігі адамның құнды ерекшеліктер мен оның имиджін интеграциялайды. Өндірістік іс - әрекеттіліктің тиімді критериялары, оған жұмсалатын тірі еңбектің оның орындаушыларымен қатынастырылу жағдайында қалыптасады. Еңбекті орындаушылардың көңіл - күйіне зиян нұсқан келтірмеу шартында еңбек қамтамасыз ете отырып толық орындалады. И. Кант былай деп жазды «Мақсатты, мұраттылық хандығында барлық жағдайлар бағаға немесе артықшылық, қадір - қасиеттілікке ие болады, бағалы зат, өзіне ұқсас эквивалентті өзге затпен алмастырылуы мүмкін». Имиджді құруға қажетті қадір - қасиеттілік сезімі қоғамдағы адамдардың өзара қарым - қатынастылықтарымен, оның материалды және рухани ерекшеліктерімен сипатталады, көрініс табады. Қадір - қасиеттілік, ел үшін тауар өндіру мен қызметтер көрсетудегі өндірістік және өндірістік емес салаларда көрінуі тиісті. Қасиеттілік пен беделділікті сақтау, қоғамдық қатынастылықтағы экономикалық, әлеуметтік - саяси, құқықтық және мәдени жүйелермен байланысты. Осы аталған жүйеде менеджер іс - әрекеттеледі. Сондықтан менеджердің әрекеті мен қызметі қорғаудың әлеуметтік кепілдігі болуы тиісті. Менеджменттегі шыншылдық, әділдік - қоғаммен бекітілген ережелерді сақтау.
Кез - келген жағдайдағы этикалық мінез құлықтың негізін қалаушы принциптері ежелгі тұлғалармен ұсынылған: өзгелерді өзіндей қадірлей біл, «өлтірме», «ұрлық жасама», «өтірік айтпа», «өзгеге жамандық ойлама», «өз әке шешеңді қадірлей біл». «Адам баласын қадірлей білуден артық ештеңе жоқ» - деп айтқан Конфуций.
2. Іскерлік этикет қалыптасқан іскерлік қарым-қатынастың тәртібі ретінде.Жаңадан құрылып жатқан азаматтық қоғамдағы кездесетін практикалық қиыншылықтар, адам баласының бойындағы тәрбиелік аспектоларының жетіспеушілігін куәландырады. Адам баласының өзін - өзі тәрбиелеу, дұрыс жолмен жүрудегі іс - әрекеттері, оның ішкі рухани дүниесіне байланысты. Өнегелілік сапа ерекшеліктерінің дамуы, жоғарыда аталған сапа формалары мен әдістемелерінің практикалық іс - жүзінде асыруына байланысты. Ой саналы талаптар мен көзқарастарды қамтамасыз ету - менеджер мінез - құлық этикасының маңызды фактысының шарттары болып табылады. Тұлғаның өнегелі сапа ерекшеліктерімен талаптарының өзара байланыстылықтарын, адамның нақты жағдайдағы көңіл - күйін анықтай алатын кең жоспарлы аумақта қарастыру қажет.
Осы кезеңдегі қанағаттандырылған адам, қанағаттандырылмаған адамнан іскер қарым - қатынастылықтағы бағыт - бағдарлануымен ерекшеленеді. Талаптарды қанағаттандыру мәселелерімен байланысты, қоғамда этикалық қатынастылықтарды мүмкін болатын және мүмкін емес, анықталған және анықталмаған талаптарға бөлу проблемалары туындайды. Өзінің теріс сипаттарына байланысты, қоғаммен, оның мүшелері мен қабылдана алмайтын талаптардың сандық және сапалық түрлері бар. Сондықтан, талаптардың шектерімен түрлеріне қатынасты этикалық бағыт менеджмент саласында ерекше орын алады. Тұтынудың құралдары мен мүмкіншіліктері менеджердің этикасы мен мәдениеттілік деңгейін анықтайды. Тұтынушылыққа масқану (масқандылық, тізе бүгу) ой - саналы тұтынушылық пен талаптарға қарама - қайшы.
Нақтылай заттар адам талаптарының қызметшісі болған жағдайда - жеке тұлға құндылана отырып, тұтынушылықтың шамасын жоғарылатуға, гумманизациялау мен адамдылыққа жүйелеуге мүмкіншіліктер туындайды. Тұтынудың ой - саналы және мүмкін болатын түрлері, типтері - этикет пен тұрмыстық мәдениеттіліктің, моральдық көзқарастардың принциптері ретінде өрнектеледі. Тұлғаның құзырлылық және ақпараттау ерекшеліктері -менеджердің моральды оң функциясы түрінде қабылданып, оның жеке дүниесінің өнегелі жетілуін көрсетеді.
Осындай деректі ұғымдарға мына төмендегідей тұлғалық қасиеттер кіреді: іскерлік, білімділік, нақтылай, ептілік, жігерлілік, белсенділік, қоғамдық белсенділік, мақсатты бағыттала білу, стратегиялық және ағымды мәселелерді шешудегі іс - әрекеттіктердің тиімді, ұтымды бағыттарын үйлестіре білу, ерекшеліктері. Менеджердің біліктілігі мен ақпараттану жүйелерін обьективті әдістемелеуде мынадай тұлғалық ерекшеліктерді міндетті түрде есепке алу қажет: зерделілік және эмоционалды ерекшеліктері, жігерлілік, рухани дүниесі, шығармашылық. Менеджер ой -саналы және сезімталды ортада іс - әрекеттеле білсе оның зерделі және моралды қуаты жоғары. Менеджермен этикалық ережелердің сақталуы, ақпараттылықты, шыншылдықты сақтауда және талас - тартысты жағдайларда қолдану өте қажетті. Әлеуметтік - мәдени ортадағы этикалық проблемалар ішкі және сыртқы аспектылар мен сипатталады.
Біріншіден, ұжымның өзінде іс - әрекеттіктерді ұйымдастырудағы этиканың сақтау мәселелері.
Екіншіден, осы аталған ұжымдар мен мекемелер, өнегелі ағарту ісінде, жалпылай адамдық құндылықтарды таратуда, ел арасында моралдық принциптерді дамытуда үлкен роль атқарады. Менеджердің өнегелі тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына өз іс - әрекеттіліктерімен мінез - құлықтарын мақсатты жүйеде ұйымдастыруы, мейірімділік пен шапағаттылық акцияларын ұйымдастыру әсер етеді. Мейірім жасаған адамдарға марапатты болыңдар. Қиянатты іс жасамаңдар. Өз ар - намысыңызды, ар - ожданыңызды мәжбүрлейтін істер жасамаңдар. Шыншыл болыңыздар, ашуланбаңыздар -деп тұжырымдаған. Осы аталған іс - әрекеттіліктер бағытында жеке -тұлғалық ерекшеліктер, ептіліктер мен әдеттер, өз істеген ісіне жауапкершіліктер, жоғарғы өнегеліліктің мінез - құлықты тәжірибелері қалыптасады. Менеджер имиждінің қалыптасу белгілері өз тарапынан орындалатын іс - әрекеттеріне, қол жеткізуі, өз мүмкіншіліктерін іске асыра білуі, жетекшілік ететін немесе қызметтелетін ұжымының қол жетістіктері.
3. Халықаралық компаниялардың іскерлік этикасыҚазіргі таңда компаниялар жаңа факторлардың қысымымен өздерінде басқарма, əкімшілік мүшелері мен қатардағы қызметкерлер тəртібін анықтайтын іскерлік этика кодекстерін енгізуге мəжбүр. Ал халықаралық компанияларға, одан əрі, шетелдік жеткізушілеріне де жекелеген жағдайларда тиісті елдердің заңнамасы талап еткеннен де қатаңырақ этикалық нормаларды бекітуге тура келеді. Компаниялар (əсіресе қаржылық компаниялар) өздері үшін іскерлік этика кодекстерін əзірлегенде мұндай кодекс компанияның корпоративтік басқаруының ажырамас бөлігіне айналуы үшін көп факторларды ескеруге мəжбүр.
Іскерлік этика - бұл əр қызметкер өзінен не күтілетінін дəл білетін стандартты бекітуге тырысу.
Осы мағынада, іскерлік этиканың корпоративтік кодексі - бұл бір тараптан əр қызметкер өзінен этикалық тұрғыдан не күтіліп тұрғанын білетін стандартты бекітуге тырысу, бірақ екінші тараптан бұл қатардағы қазметкерлердің, əкімшілікті жəне басқарма мүшелерін барлық қызметкерлердің ортақ құндылықтар жүйесін басшылыққа алып, ойлануды жəне шешім қабылдауға түрткі болуға тырысу. Олар бұл құндылықтарды қандай көздерден алады?
Мұндай көздердің бірі - компания қызметін жүзеге асырып жатқан елдің заңнамасы. Алайда, қазіргі кезде компаниялар тек ұлттық заңнамаларды басшылыққа алмайды. Олар сонымен қатар лауазымды тұлғаларға пара беріп, оларды сатып алумен күресу бойынша ЭЫДҰ Конвенциясы сияқты, халықаралық келісімдерді де есепке алуға мəжбүр. Сондықтан көп елдер өз заңнамасын халықаралық нормаларға сəйкес келтіруге ұмтылады.
Мұндай корпоративтік басқару үшін халықаралық құжат ЭЫДҰ «Корпоративтік басқару принциптері» болып табылады.
Көп елдерде осы халықаралық құжатты негіз ретінде қабылдайтын ішкі корпоративтік басқару кодекстері коммерциялық қызметке лицензия алу үшін міндетті шарт болып табылады. Мемлекет сонымен бірге еркін салалық ұйымдардың заңның ең аз талаптар шеңберінен шығатын этикалық нормаларды енгізу өкілдіктерін кеңейтеді.
Іскерлік этиканың ішкі кодексі мен корпоративтік басқаруға көшуге тағы бір ынталандыру - бұл корпоративтік əлеуметтік жəне азаматтық жауапкершілік концепциясы немесе іскерлік əлемде жиірек айтылатын тұрақты даму концепциясы.
Тұрақты дамуда тек ұйымның коммерциялық мақсаттары ғана ескеріліп қана қоймай, олардың айналадағыларға - қызметкерлерге, инвесторларға, жұртшылыққа келетін салдары да ескерілетін коммерциялық шешімдерді қабылдауды талап етеді.
Осылайша, іскерлік этика принциптері əзірленгенде стандарттар мен құндылықтар арасындағы айырмашылық есепке алынады. Осы айырмашылық салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Стандарттар - бұл компания мен оның қызметкерлері үшін міндетті нақты ережелердің жиынтығы болып табылады. Осы ережелер мысалы, паралармен күресудегі ұлттық заңнама үшін негіз болып қызмет етуі мүмкін, лауазымды тұлғаларды сатып алумен күресу бойынша ЭЫДҰ Конвенциясына сүйенуі мүмкін.
Стандарттар өте нақты жəне қиындық тудырмау керектігіне қарамастан, компаниялардың көбі олардың орындалуын қадағалауға мəжбүр. «Транспаренси интернашенал» компаниялар өздерінде осындай бақылау жүйесін жасауға көмектесетін нұсқаулық шығарды. Сарбейнс-Оксли заңы (корпоративтік басқару туралы əйгілі американдық заң) қаражат пен активтерді басқару бойынша есеп беру стандарттарын анықтайды.
Этиканың жалпы принциптеріне қатысты идеялары іскерлік этиканың корпоративтік кодекстерімен негізге алынатын негізгі құжаттардың бірқатары бар.
Олардың ішіндегі ең белгілілерінің бірін ОАР-да апартеидамен күресу жылдары епископ Леон Салливан жазған. Қазіргі кезде бұл құжат кез-келген елде жəне кез-келген кезде қолданылатын əмбебап этикалық принциптер жиынтығы болып танылған Қайта өңделген жəне кеңейтілген түрдегі Салливана принциптері БҰҰ-ның Жаһандық шартының Он принциптерінің негізіне жатады. Жаһандық шарт - кəсіпкерлік бірлестікті бірыңғай принциптердің айналасында біріктіруге жəне кəсіпкерлік қызмет пен басшылықтың барлығына ортақ нормалары арқылы əлемдік дамуға тұрарлық үлес енгізуде жасалған ерекше талпыныс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz