Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың жолдары және оның құралдары 4
2. Математика пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері. 7
Қорытынды 11
Пайдаланған әдебиеттер 13

Кіріспе
Математиканың оқыту әдістемесі (МОӘ) соңғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, ғылыми әдіс-тәсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласы. Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, методикалық зерттеулерді, есеп шығаруды және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістемесін, оқушыларды оқу-ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педагогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары мектеп қабырғасында жүргенде игеруі тиіс.
Математиканы оқыту әдістемесі математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым сондықтан да ол қазіргі қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Математиканы оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімінпрактикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды.
1. Математиканы не үшін оқыту керек?
2. Нені оқыту керек? Қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек?
3. Математиканы қалай оқыту керек?
Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:
1. Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі.
2. Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі.
3.Математиканы оқытудың нақты әдістемесі.
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі мектеп математикасының бүкіл курсын қарастырады және оқытудың идеология бағытын, оқыту мазмұны мен әдістерінің бірлігін, оқыту түрлерінің арасындағы байланыстарды, әртүрлі курстардың (алгебра, геометрия, анализ бастамалары) арасындағы сабақтастықтарды оқу процесіндегі тәрбие жұмысы элементтерінің тұтастығын қамтиды. Оқушылар бөлімінің саналығы мен баяндылығы қамтамасыз етеді.
Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі Оқушылардың жасына оқу материалы мазмұнының ерекшеліктерінесәйкес курсты оқытудың дербес мәселелерін қарастырады. Арнайы әдістеме белгілі-бір тақырыпты немесе бағдарламаның бір тарауын оқытудың реті жайында нұсқау береді. Оқу құралдарын қалай қолдану жөнінде ұсыныс жасап оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар мен жаттығуларға арналған тапсырмалар үлгісін көрсетеді.

1. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың жолдары және оның құралдары
Білім алудағы, өмір сүрудегі мақсат-дүниені тану. Дүниені тану арқылы адам күн көреді, өмір сүреді, іс-әрекетіне өзгерістер енгізеді, қоғамды дамытады, өмірде өз орнын табады.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас күрделі мәселе. Дұрыс түсіну үшін оны біртұтастықта қарау керек. Дүниені дүниеге көзқарас арқылы танимыз. Дүниеге көзқарас - бізді қоршаған табиғи және қоғамдық болмыс, адам, оның өмірде алатын орны туралы түсінік, ұғымдардың жиынтығы. Адамның дүниеге қарым-қатынасы сан қилы. Соған сәйкес көзқарастың түрлері де көп. Бірақ кез келген көзқарастың негізін философия құрайды. Ол жеке ғылымдардың қолы жеткен табыстарын жинақтап қорытады да, өмір, болмыс туралы біртұтас көзқарасты қалыптастырады. Философияның негізгі мәселесі - дүниеге көзқарас. Оны шешуге байланысты көзқарастың басты екі түрін - материалистік және иедалистік түрлерін айырамыз. Көзқарас - адамдардың әлеуметтік болмысының бейнесі. Ол белгілі бір тарихи кезеңдегі адамдардың біліміне және қоғамдық құрылысқа байланысты.
Кейінгі кезде ғылыми дүниетанымның төрт түрлі құрамын (компоненттерін) көрсетіп жүр:
а) ғылыми білім жүйесі;
ә) дүниетану;
б) сенім;
в) адам мұраты.
Сонымен біз осылардың әрқайсысына тоқталып көрейік:
а) Білім - объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім - қалыптасудың және дүниетанымның дамуының ғылыми үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде ғылыми білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.
ә) Дүниетаным - жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адам баласының пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Материалистер мұндай мәселені ғылыми дүниетаным (матриалистік) тұрғысынан дәлелдесе, иеалистер идеалистік тұрғысынан дәлелдейді, яғни бірінші кезекте идея ма, жоқ материя ма деген сұрақтарға жауап іздейді.
Жалпы дүниетанымға сенім керек.
б) Сенім - терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік ұстанымның беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізі - шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру. Сенімде эмоционалдық толқу, интеллектуалдық сезім, бірбеткейлік, қайсарлық, теоретикалық ой үлкен орын алады. Сенімге мұрат керек.
в) Адам мұраты - жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары өмірге ұмтылушылығы. Мұрат - жеке адамды немесе қоғамдық талаптардың мінез-құлқымен арман тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын рухани бейне, үлгі, белгілі мақсатқа бағытталған адам қызметінің жалпы формасы.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі үдеріс, оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным үдерісінде әртүрлі факторлар әсер етеді: әлеуметтік орта, оқыту, тәрбиелеу, ақпарат құралдары, саясат т.б. Олардың әрқайсысы іс-әрекетке әр түрлі ықпал етеді.
Ғылыми дүниетаным қоғамдық сананың ең жоғары түрі. Бұл - философиялық, экономикалық және саяси-әлеуметтік көзқарастың жиынтығы. Дүниетанымдық идеяның жиынтығы табиғаттың, қоғамның, ой-өрістің дамуымен байланысынан туындайды да, оқушылардың санасынан орын алады. Алғаш көзқарас болжам болып санаға енеді де, біртіндеп ол ақиқатқа, сенімге ауысып қоғамдық, әлеуметтік, табиғат дамуының себептеріне ғылыми көз жеткізуге болады. Алғаш көзқарас болжам болып санаға енеді де, біртіндеп ол ақиқатқа, сенімге ауысып қоғамдық, әлеуметтік, табиғат дамуының себептеріне ғылыми көз жеткізуге болады. Дүниетаным, дүниеге көзқарас психикалық тұрғыда мына жағдайда қаралады:
а) Дүниені қабылдау, дүниені сезіну, дүниені елестету-дүниетанымның алғашқы қадамы, яғни дүниеге сыртай қарау.
ә) Дүниені түсіну, дүниені бағалау, дүниемен қатынас - дүниеге көзқарасты бекітіп сенімге жетелейді.
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарастарының қалыптасу үдерісі дүниетанымдық идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.
Дүниетанымдық білімін оқушылар дене және ақыл-ой күшінің дамуына, білім дәрежесіне сәйкес бірте-бірте игереді. Бастауыш сыныптан жоғары сыныпқа қарай дүниетанымдылығы кеңейеді, тереңдейді, толықтырылады.
Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің мазмұны, тереңдігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемлекеттік оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылған. Сондай-ақ оқулықтарда бағдарламаларға сәйкес оқушылардың жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған.
а) 1-4 сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстары, республикадағы, шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие үдерісінде Қазақстан халқының бүгінгі тыныс-тіршілігі, кешегі бабаларымыздың, бүкіл дүниежүзі халықтарының өмірі туралы түсінік қалыптасады.
ә) 5-9 сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика, гуманитарлық пәндерді оқыту үдерісінде дамиды. Сөйтіп олардың көзқарасы қалыптасады. Олар бүгінгі өмірге бейімделеді. Экономика, бизнес, сауда, еңбек, т.б. маңызын түсініп, бұрынғы масылдық көзқарастан арыла бастайды. Шәкірттердің өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлеуметтік тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың тәжірибелік іс-әрекеттеріне үлкен ықпал жасайды. Өйткені осы ортада әрбір оқушы өмір сүреді, тіршілік етеді, өмірге бейімделеді.
б) 10-11 сынып оқушыларының табиғат және қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңиді, тереңдейді, диалектикалық ойлай білуі, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлеледеп түсіндіре білуі қалыптасады. Олар жинақталған адамгершілік идеяға төселу үшін өздерінше жете түсінуге, шындықты іздеуге, өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық өмірлік істерде әділетті, адал болуға тырысады.
Ғылыми дүниетаным тек оқу үдерісінде немесе тәрбие үдерісінде ғана дамып қалыптаспайды. Ол күнделікті өмірде, тартыс-таласта, отбасында да қалыптасады. Бірақ ол ғылыми дүниетанымға сүйеніп таразыланады. Әрине, оған жоғарыда көрсеткеніміздей өзіндік көзқарас, сенімнің атқаратын рөлі ерекше.
Шәкірттердің дүниетанымын қалыптастыруда сол дүниетанымның өзіндік атқаратын қызметін білгеніміз жөн. Себебі, дүниетаным дүниетаныммен шектеліп қоймайды. Ол өзінше қоғамдық қызмет атқарады:
а) ағартушылық қызмет. Дүниетанымның ағартушылық қызметі бар. Сананы сауаттандырады, әлеуметтік, саяси жат көзқарастан тазартады.
ә) тәрбиелік қызмет. Дүниеге көзқарасты қатайтып сенімге айналдырады.
б) даму қызметі - адамның ой-өрісін кеңейтеді.
в) ұйымдастырушылық қызмет - адамның практикалық іс-әрекетіне басшылық жасайды.
г) болжам қызметі. Өмірдегі іс-әрекетті ғылыми түрде болжау, соны іске асыруға жәрдемдеседі.
Сонымен, оқыту және тәрбие жұмыстарының әр түрлі құралдарын, әдістері мен тәсілдерін жинақы пайдаланудың нәтижесінде шәкірттердің ғылыми көзқарастары, сенімі және мұраты қалыптасады.
Ғылыми дүниетанымның қарапайым түрі бастауыш сыныпта пәндер арқылы беріле береді. Баланың ойы, санасы, көзқарасы қайшылықтар арқылы қалыптасады.
Жеке адамның дүниеге көзқарасының ұтымдылығы және тиімділігі, сол көзқарастың өмірдегі қайшылықтарынан туындайды. Дүниеге көзқарас, дүниетаным қайшылықтары арқылы айқындалады. Дүниетанымдық сана баланың сезіміне, еркіне ықпал жасайды, ал сезім сананы бекітеді, ерікке дем береді. Ерік сана арқылы сезімді басқарады.
Сана - объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғары формасы.
Сана адамның өз болмысы мен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуіне белсенді қызмет атқаратын психикалық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Баланың санасы ғылымды меңгерудің арқасында қалыптасады, көзқарасы, сенімі бекиді.
Сезім - адамның дүниеге қатынасын, көңіл-күйін білдіретін болмыстың мида ерекше бейнелеу түрі. Сезім күрделі құбылыстардың бірі. Сезім сұлулық, әдемілікке, өнер арқылы тәрбиелеу барысында қалыптасады. Оған ерік керек.
Ерік - адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Ерік еңбек, спорт арқылы қайсарлыққа тәрбиелеу нәтижесінде пайда болады.
Мектепте дүниеге көзқарас, ғылыми дүниетаным оқу-тәрбие барысында қалыптасады. Түрлі пәндер жүйесі, ақпарат құралдары, әдебиеттер, т.б. дүниетанымның қалыптасуының басты құралдары. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұнына табиғат пен қоғамның заңдарын ашатын және дәлелдейтін көп мүмкіншіліктердің негізі салынған.
Жоғарыда айтып өткендей 1-11 сынып оқушыларының әрқайсысы өзіндік ерекшеліктер мен пәндер арқылы ғылыми дүниетанымдарын қалыптастырады. Ана тілі, дүниетаным, жаратылыстану, матеамтика ғылымдарымен танысу процесінде оқушылар теориялық және практикалық белгілі білім көлемін игереді.
2. Математика пәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері.

1.Математика әдістемесінің алдына қойылатын ең күрделі мәселе-мазмұнды іріктеу, сұрыптау мәселесі, яғни мұхият мол қорланған математикалық мұра ішінен қазіргі заман талабына сай, оқушылардың ой-өрісіне, күш-қабілетіне лайық келетіндерін таңдай білу проблемасы.Осыған байланысты математика оқу пәнінің мазмұны үнемі өзгеріп отырады.Бұл өзгерістер мынадай негізгі себептердің салдарынан туындайды:
а) оқыту мақсаттарының кеңеюі және қоғам дамуы мен оның техникалық-экономикалық мұқтаждығына байланысты мектепке қойылатын жаңа талаптар;
ә) ғылымның (математиканың) үздіксіз дамуы, онда жаңа пәндер пайда болуы;
б) қоғамның даму барысында оқушылардың жалпы дамуының күшейе түсуі, сәбилер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканыесептер арқылы оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Математикалық мазмұн ұғымы
Математика оқыту методикасы
Математиканы оқыту әдістемесі
Математикадан логикалық есептер жинағы
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Математика пәннің оқыту әдістемесі
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Алгебралық есептерді шешуде математикалық индукция әдісін қолданудың жаңа қырларын көрсету
Пәндер