Мұрын қуысындағы бөгде заттар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Мұрын қуысындағы бөгде заттар. 4

2. Мұрының қосалұы қуыстары ауруларының асқынулары. 6

3. Жұтқыншақ - көмей аурулары. Бронхтар ауруы. Бөгде заттар7

Қорытынды8

Пайдаланған әдебиеттер9

Кіріспе

Медицина өз дамуында көптеген қателіктер мен адасуларға, жетістіктер мен түңілістерге толы күрделі жол кешкен көне ғылым. Әр дәуір өз білім дең гейінің дамуына сай сан алуан ауруларға көрсетілер дәрігерлік нақты ұсыныстар қалдырып отырған. Көне египет папирусының өзінен-ақ, Рамзес II табытынан әртүрлі ауруларды оның ішінде құлақты емдеу жолдарын табуға болады. Онда «құлақ ауырлығын кетіруге арналған емдік зат» деген рецепт бар. Көмей, мұрын қуысы және құлақ аурулары жайында гиппократ біршама нақтылау мәлімет берген. Ол дабыл жарғағының ботлатындығын бірінші біліп, оны «өрмекші торындай өте нәзік қабықша» деп сипаттаған. Ол жасаған хирургиялық емдер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ, айталық, сұқ саусақпен таңдай бездерін алу, теңіз кубкасы түйіршігі мен жібек жіпті пайдалану арқылы мұрын қуысындағы полипті (кішкене өскін ісіктер) алу. Ол құлақ ауруы кезінде есту жолдарына өсімдік майын тамызу керек деген кеңес береді. Ортаңғы құлақ қабығында ыстық суға, тағы басқаларға шылап алған жұмсақ мақта, дәке, шүберекспен құлақты орап қыздырма (компресс) жасауды да ұсынған. Цельс көз ауруынан гөрі, құлақ ауруы анағұрлым қауіптірек, өйткені ол аурудан адам жиірек өледі деген. Оның еңбектерінде сонымен қатар, есту жолдарындағы бөгде заттарды жуу, бүрку (спринцевание) арқылы немесе арнайы ілмекпен алу сияқты ұсыныстар айтылған.

Араб дәрігерінде де (Әбу Әлі әл Хусейн, 980 - 1037) Лор - мүшелері ауруларына көмек көрсету жолдары туралы ұсыныстар баршылық. Мысалы, Абуль-Казен құлақ қатты қатты ауырған жағдайда, құлақ қалқаны мңайындағы нүктелерді ыстық темірмен жеке-жеке күйдіріп емдеуді ұсынған.

Дегенмен, ол кезеңдегі мәліметтердіңбарлығы құлақ, мұрын және көмейдің көзге көрінетін жерлерінің аурулары туралы ғана еді.

Осыған қарамастан, көне заман мен орта ғасыр ғалымдарының қалыптасуына аса үлес қосқандары туралы арнайы атап айтқан орынды. 1314 жылы бірінші рет Мандино де Луцци өліденені союды жүзеге асырып, адам денесінің әртүрлі бөлімдері құрылымындағы ғажап жаңалықтар дүниесіне енуге жол ашты. Фаллопий (1523-1562) сондай жомен құлақ лабиринтін зерттеп суреттеді. Онда екі тесіктің (окон), иірімді өзектің, дабыл қуысының бар екендігін көрсетіп, оларға осы атаулады берген. Ол, әсіресе, бет нерві өтетін өзекті (канал) талдап зерттеген. Сондықтан өзек соның атымен аталады.

Евстахий (1570 жылы қайтыс болған) дабыл қуысы еттерін, дабыл қуысын мұрын-жұтқыншақпен байланыстыратын өзекті, яғни евстахий түтігін ашқан. Везалий (1513-1564) бірінші рет есту сүйекшелерін ашып, екеуін - балғаша мен төсше сүйекшелерін (әрі осы атауларды берген) анықтап суреттеген.

1. Мұрын қуысындағы бөгде заттар.

Емшектегі баланың кез келген риниті міндетті түрде ринофарингитке айәналады, өйткені бұл құбылыс бір мезгілде мұрын-жұтқыншақта, ал кейде көмей, кеңірдек, бронхтар және өкепеде де болады.

Ринофарингит - шырышты қабықтың бактериялық (микробтар, улы заттар), термиялық, механикалық және химиялық тітіркендіргішке нервтік-рефлекстік реакциясы. Емшектегі бала қоршаған ортаға және тамақ режимінің бұзылуына ерекше жеңіл жауап береді. Гипоторфиктер мен шала туғандар үшін ринофарингит - кейде өлімге әкелетін ауыр ауру. Тамақтың белгілі түрлері мен режим ауру туғызғыш агенттерді қабылдаушылықты өзгертуі мүмкін. Жіті ринофарингиттер емшектегі және ерте жастағы балаларда жиі кездеседі (6 айдан 2 жасқа дейінгі) . Оны аденовирус инфекциясы алып келеді (вирусты немесе безгек вирусы, назофарингиттер) . Бұл ауру жыл мерзіміне байланысты емес және ауа-тамаша жолымен беріледі.

Ринофарингит - бүкіл организм ауруы.

Клиникасы. Мұрынан су ағып, ол алдында ашық, мөлдір, кейін шырышты созылмалы немесе іріңді болады. Ол мұрын айналасы мен жоғарғы ерінді тітіркендіреді. Дене қызуы көтеріледі, кейде қалыпты жағдайда болады. Бірнеше күннен кейін бала жазылады. Вирусты назофрингитте шырышты-іріңді заттың аралас жолақты түрде жұтқыншақтың артқы жағынан, жұмсақ таңдайдың қызарған шетінен шығуы тән. Мойындырық венасы бойындағы және желкенің лимфа түйіндері үлкейген: ересектеу балаларда қабыну құбылысына барлық лимфоаденоидты жұтқыншақ сақинасы қамтиды. Жітілеу түрінде көбіне артқы тұмау пайда болады, мұнда мұрынның артқы бөліміне инфекциялы ірің іркіліп, соның әсерінен таралған ъоан тесігінен мұрын-жұтқыншаққа қиындықпен ағады. Артқы тұмау алдыңғы құрғақ тұмаумен бір мезгілдеболуы мүмкін. Алдыңғы құрғақ тұмауда сыртқа шығатын шырыш мұрын қуысынан мұрын кіреберісіне өтетін тар жерінде кеуіп қалады, өйткені бұл жердегі шырышты қабық бездеоге кедей және құрғақ.

Аурудың ауыр түрінде мұрынның бітетіні сонша, бала онымен дем алып, емшек еме алмайды. Бір-екі сорғанан кейін бала емшекті алмай қояды. Аузымен дем алып, содан кейін қайта сорады, тағы емшекті тастайды, тез шаршап, салмағын жоғалтады, ұйқысы нашарлап, (кейде олар осы құсудан басталады) , іш өтіп, кебуі мүмкін. Іштің кебуі (метеоризм) дем алуды одан әрі қиындатады. Ауызбен дем алғанда бала ауа жұтып (аэрофагия) іштің кебуін күшейтеді.

Кейде бала тез және үстірт дем алады, бұл жағдайда мұрын қанаттары қимылдамайды және мұнда пневмония деп атауға болатындай ыңқыл болмайды.

Мұрын қатты біткенде бала жеңіл дем алу үшін баласын арқа жібереді, яғни жалған опистотонус (дененің артқа қарай керіліп, сіресіп дірілдеуі) пайда болып, парентеральды инфекцияға әсер ретінде әрқашан баланың еңбегі қатайып тұрады. Кейде опистотонус тырыспадан кейін болады. Емшектегі баланың жоғарғы тыныс жолдарының вирусты инфекциясы 2-4 күндей өте жоғары, көбіне ұзаққа созылған үздік-үздік немесе үнемі болатын жоғары температурамен өтеді. Бұған ортаңғы отит немесе жұтқыншақ арты абесцесі, сонымен бірге трахеобранхит немесе несеп жолы инфекциясы себеп болады.

Уақыт өткен сайын бөлінетін зат қойылып, мөлшер азаяды ақырында бала жазылады. Көбіне рингофаригиттен соң бронхит, бронхоневмония немесе басқа инфекциялық ауру пайда болады. Ерте жастағы балаларда ринофрингиттің ең жиі асқынуына ортаңғы құлақтың жіті қабынуы жатады.

Дифференциялды (ажырату) диагностикасы. Жіті ринофарингиттен гонококты тұмаудың айырмасы, ол бала дүниеге келгенен басталады, көз ауруымен сәйкес келеді. Оны грамм бойынша бөлінген заттың түсін анықтау арқылы ажыратады. Туа болған сифилистік тұмау, әдетте баланың 3-4 апта өмірінде бөксе және шығыар тесік айналасы сифилисімен, бауыр және көкбауыр гипертрофиясымен бірге жүреді. Бірақ кейде сифилистік тұмау тек пысылмен сипатталады (мұрынның шырышты қабығының десквамативті құбылысымен түсіндіріледі) .

Одан арғы бақылау, қанның серологиялық реакциясы және қаңқаны рентгенологиялық зерттеу аударудың мәнін анықтауға көмектеседі.

Клиникалық көрініс бойынша (қабықтың жоқтығы) және бактериологиялық зерттеу негізінде дифтериялық тұмаудың жоқтығын дәлелдеуге болады. Ересектеу жаста біржақты тұмауды мұрындағы бөгде заттан ажыратуға тура келеді.

Емдеу. Мұрынның өткізгіштігін сақтау керек. 1: 1 адреналин ертіндісін баланы емізер алдында 4 тамшыдан әр мұрынға тамызып, соңынан 1% проторлог немесе колларголды 4 тамшыдан күніне 2 рет құю жалпы қабылданған әдіс болып есептеледі. Басқа дәрілерден 1% эфедрин пенициллинмен қоса (2ЕД), риванол ерітіндісі (1 : 1000, 5 тамшыдан күніне 2 рет) қолданылады. Витаминдер тағайындап, мұрынның кіреберіс жерін және жоғарғы ерінді вазелинмен майлау керек. 3 жасқа дейінгі балалардың мұрнына ментол препараттарын беруге болмайды, өйткені одан тырыспа болуы және дауыс саңылауы туралы мүмкін. Дұрыс тамақтандыру, аяқтарына ванна, грелка қою керек. Міндетті түрде кіші дәретін зерттеу керек.

Жіті тұмау. Жиі кездесетін аурулардың бір түрі. Оның себептеріне бактериялық, термиялық, механикалық және химиялық тітіркендіргіштер жатады. Олар нерв рацепторларына әсер етіп жіті тұмау тудырады. Ең жиі себебі - инфекция. Оған от басындағы бірнеше адамның бірінен соң бірінің аударуын және баланы уақытында бөлек шығармау салдарынан жаппай аударуды айтуға болады.

2. Мұрының қосалұы қуыстары ауруларының асқынулары.

Жергілікті тұмау - қабыршақты жұмсарып алып тастау, шырышты қабақтың секреторлық жұмысын жақсарту мақсатыныда тітіркендіргіш заттарды қолдану; мұрын қуысына 1% никотин қышқыл, сілті ерітінділерін (1% сода ерітіндісі, ең жақсысы - глицерин араластырған ) бүрку ( пульверизация ), сонымен біргі вазелин майымен бүрку, оны күніне 2 рет 5 тамшыдан әр мұрын тесігіне тамызу да жақсы болады. Егер қабыршақ түспесе мақта тығынын жасайды: стерилді вазеленге батырыған стерилді мақта тығынын күн сайын 1, 5-2сағатқа мұрын ішіне тығынды алған кезде онымен бірге қабыршақ та алынады . Шырышты қабықты тітіркендіру үшін люголь ерітінісін қолдануға болады. Түнге қарай мұрынға вазелеин немесе май жағады.

Хирургиялық әдіс шырышты қабықты және оның нерв рецепторларын қатты тітіркендіруден, мұрын қуысын тарылтудан тұрады, өйткені тар мұрын қуысында қабыршақтар аз жиналады.

Жас шамасына қарай әртүрлі әдістер қолданылады.

Температурасы 400-тан төмен емес химиялық жағынан таза

парафинмен мұрын пернесінің шырышты қабығы астына және мұрын түбіне бүркеді. Эмболия болмас үшін парафинді қатты күйінде кіргізеді.

Мұрынның шырышты қабығы астына парафин орнына бұзаудың

үлкен жіліншігі айдашығының кесіндісін жіберуге болады (оны алдымен арнайы тазартудан өткізу керек) .

3. Мұрын қуысын оның сыртқы қабырғасы немесе жоғарғы жақ қуысы арқылы тарылтады.

Аллергиялық тұмау. Мұрынның шырышты қабығы рефлекстік невроздың көзі болуы мүмкін. Бір тітііркендіргіштің өзі әртүрлі рефлекс туғызады; түшкіру, секіру, қан тамырының кеңеюі, (вазодилятация) - бұл организмнің тітіркендіргішке қалыпты жауабы. Кейде әлсіз тітіркендіргіш қарқынды реакция туғызады, дәл сол уақытта осы тітіркендіргіш басқаларында ешқандай реакция тудырмауы мүмкін. Бұл рефлекстік құбылыстарды (түшкіру, секірет бөлу, жас ағыу) ұзақ уақытқа созылуы басқа клиникалық көрініске өтіп, патологияға әкеледі.

Аллергиялық тұмау тобына тшөптік және вазомоторлық тұмау жатады. Бұл аурулар жеке мүше бұзылыстарымен бірге жүреді, мысалы, дауыс саңылауының тарылуы, қыз балаларда еттеккірдің мезгілсіз келуі (дисменорея) , қояншық ұсамасы.

Себептері:1) зат алмасудың бұзылуы, (мешел, арктритизм, диабет) ; 2) нерв және ішкі секреция бездері жүйесінің тұрақсыздығы (жыныстық жетілгенге дейін ер балалар жиірек, қыздар еттеккірден кейін жиірек аурады) ; 3) асқорыту жолының әсіресе бауырдың ауруы (егер бауыр биолокты заттарды жеткіліксіз ыдыратса, онда олар организмге улы ) ;

4) мұрын ішіндегі әртүрлі жағдайлар мұрын пердесінің тікенегі (шипы), полиптер - шырышты қабықтың үнемі созылмалы тітіркенуін тудырады. Осы факторлар әсерінде организм аллергиялы болады. Бұл жағдайларда қан ұюының жоғарылағынын, қан қысымының төмендегенін және қан құрамының өзгергенін (лейкопения және эозинофилия) байқауға болады.

3. Жұтқыншақ - көмей аурулары. Бронхтар ауруы. Бөгде заттар

Баспа (ангина ) - жұтқыншақтың (глотка) (көбіне таңдайдың) бадамша безінің лимфалық тканьдерінің қабынуы.

Бұл жалпы инфекциялық ауру. Оны стрептококк, стафилококк, пневмококк сияқты микроорганизмдер қоздырады. Ауру организмді қарсылығы төмендегенде және сырттан немесе мұрын, ауыз қуыстарынан ауру тудырғыш микроорганизмдер түскенде туады. Аурудың сипаты, орны, ауру не жеңіл өтуіне қарап катаральды, фолликулалы ( көпіршікті), лакуналы (шұңқырлы) баспа деп ажыратады. Катаральды баспада дене қызуы онша жоғары емес, бірақ кішкентай балаларда жоғары да болуы мүмкін. Ауру көбіне тамақтың құрғап қалуына, одан кейін жұтынғанда ауыратынына шағым жасайды.

Тексеріп қарағанда, таңдай бадамшасының ісіп қызарғаны көрінеді. Фолликулалы және лакуналы баспа ауырлау өтеді. Мұнда температура көтеріліп, жұтынғанда тамақ қатты ауырады, жақасты және иекасты лимфа түйіндері үлкейеді. Қанда лейкоцитоз (25*109 дейін), СОЭ ( 50 мм/с-қа дейін ) жылдамдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сиырдың тақия қарнына зонд енгізіп емдеу жайлы ақпарат
Көкірек қуысын зерттеудің клиникалық маңызы
Тыныс алу патофизиологиясы
Бет сүйектің сынуы
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды бақылау және күту
Тыныс алу жүйесін зерттеу және әдістері
Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлігі
АҒЗАНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛҒАН КЕЗДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz