Өттас ауруы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Өттас ауруы 4
2. Өттас ауруының биоxимиялық негіздері 4
3. Өт тас ауруы қалай анықталады? 8
Қорытынды 13
Пайдаланған әдебиеттер 14
Кіріспе
Өт тастарының құр-амына көптеген органикалық және бейорганикалық заттар кіреді. Олардың негізгі компоненттеріне: холестерин, билирубин, өт қышқылдары, ақуыздар, гликопротеидтер, түрлі тұздар, кальций және басқа да органикалық және бейорганикалық қосындылар енеді. Өт тастарының дамуында холестерин және өт пигменттері негізгі орын алады, сондықтан тастардың барлығының негізгі екі тобын: холестеринді және пигментті түрлерін ажыратады. Холестеринді - бұл, негізі холестериннен тұратын, ал пигментті - билирубин және оның полимерлерінен тұратын тастар.
Тастардың құрылысы олардың құрамына байланысты. Холестеринді тастар дөңгеленген түрде болады. Тастың көлденең кесіндісінен шеткері бөліктерінде орналасқан радиалды жолақтануды көруге болады, себебі холестерин шеткері радиальды жолақтар түрінде, пигмент және кальций тұздарының айқын көрінетін кристалдарын (холестерин-пигмент-әк тастары) түзеді. Пигментті тастар - бұл, гомогенді, қатты, сынғыш, қара түсті тастар. Көп жағдайда олар қырлы болады, және көптеп кездеседі. Кальций тастары әдетте ақшыл-қоңыр немесе қошқыл-қоңыр түсті, кальций карбонатынан тұратын тастар. Жиі олардың тікеншелер тәрізді өсінділері болады.
Өтте тас байлану, холелитиаз - адам организмінде зат алмасу, әсіресе май алмасу процесінің бұзылуынан туатын ауру. Дерт өт қабығында көлемі, құрамы және сыртқы пішіні әр түрлі тастардың түзілуімен сипатталады. Өтте тас байлану көне заманнан белгілі. Бұл ауру туралы деректерді Гиппократ, Әбу Наср әл-Фараби, ежелгі римдік энциклопедист-ғалым А.К. Цельстің еңбектерінен кездестіруге болады. Бұл ауру семіру, қант диабеті, холецистит, ұйқы безінің қабынуы (холецистопанкреатит) дерттерінің салдарынан болуы мүмкін, сондай-ақ әр түрлі жұқпалы ауруларды дер кезінде емдемеуден де болады. Өт қабы мен өт жолында бөгелген өт бауырды қысады, соның нәтижесінде өттегі холестерин шала ыдырайды. Осыдан өт қабы мен өт жолы қабынып, ісініп тарылады, өт баяу жүреді, ал оның құрамындағы заттар бірте-бірте шөгіп тасқа айналады. Өт жолын тас бітегенде адамның денесі сарғайып, жиі кекіру басталады. Ауруды ультрадыбыспен зерттеу арқылы анықтайды. Аурудан сақтану үшін тамақты аз-аздан, тәулігіне 5 - 6 рет ішу керек; рационнан аса майлы тағамдарды шығарған жөн.
Өт айдайтын дәрі-дәрмек беру (консервативті ем) арқылы өт қабығындағы тастарды ерітіп немесе үгітіп ішекке шығару арқылы іске асырылады. Бірақ бұл жолмен емдеуден соң өтте тастың қайта пайда болуы жиі байқалады. Сондықтан бірден-бір тиімді емдеу жолы - хирургиялық операция жасау. Мұның 2 тәсілі бар:
1. дәстүрлі түрде жасалынатын операция (холецистэктомия),
2. лапараскоп. аспаптарды қолдану арқылы (лапараскопиялық холецистэктомия) өтті ішіндегі тастармен қоса алып тастау.
1. Өттас ауруы
Өттас ауруы (cholelithiasis) өт көпіршігінде тастың болуымен немесе сирек бауыр және өт жолдарында пайда болуымен сипатталады. Бұл ауру кең таралған. Өт тасы ауруы 50 жастан бастап қартайғанға шейін, әсіресе әйелдерде, көбіне бала тапқандарда кездеседі. Еркектер өт тасы ауруымен әйелдерге қарағанда шамамен 6 еседей сирек ауырады. Сонымен қатар өт қуығындағы тас бұл аурудың клиникалық көрінісін бермеуі мүмкін. Мұндай тастарды "тыныш", "тым-тырыс", өт тасы деп атайды.
Этиологиясы және патогенезі. Бұл ауру барлық зат алмасулардың бұзылысына жатады, ал тастың пайда болуы мына бұзылыстан болады; инфекция және өттің жүрмей қалуы. Және де аурудың пайда болуына семіздік, уақытында тамақ ішпеу, жоғарғы каллориялық тағам, өт көпіршіктерінің (холициститтер) қайталанған қабынуға алып келеді. Эндогенді себептер өттің тұнып қалуына себеп болады, одан өт химизманың және тастардың пайда болуын өзгертеді.
Тас құрайтын негізгі элементтер - холестерин, билирубин және кальций - ерітінді күйінде өтте болады. Өтте холестеринді еріген күйінде ұстап қалуы ең бастысы өт қышқылдарына байланысты. Өтте холаттың (тұз) болуының төмендеуі холестерин кристалданады және тұнады.
Өт көпіршігіндегі сұйықтықтың тұрып қалуы сол жерде тас пайда болуна әкеп соғады, өйткені сұйықтықтың үлкен концентрация және ондағы холестеринмен билирубиннің концентрациясының көбеюіне себеп болады.Ал өт қышқылының біртіндеп сорылуы өтте болатын холетеринмен билирубиннің мөлшерінің азаюына әкеп соғады. Бұған қоса тұрып қалған сұйықтықтық инфекцияға қолайлы жағдай туғызады. Сұйықтықтың тұрып қалуына негізгі факторлар, өт көпіршігінің және ағыстың жиырмалы функциясының нейрогуморальды реттелуінің бұзылуы (дискенизея), өт жолдарының анатомиялық өзгерулері (спайк, бүгілу т.б.) және өт көпіршігінің босауын бұзатын себептер; ішкі қарын (внутрибрюшного) қысымының жоғарлауы (аяқ ауыр кезінде және т.б.) ішкі мүшелердің төмен түсуі, іш қату, аз қозғалу, жиі тамақ қолдану және т.б.
2. Өттас ауруының биоxимиялық негіздері
Өт қабындағы тастар - өт қабында түзілетін қатты бөліктер. Өт қабы - бұл алмұрт тәрізді шағын ағза, іштің жоғарғы оң бөлігінде бауырдың астында орналасқан.
Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт қабында бір үлкен тас, жүздеген ұсақтары, немесе шағын және үлкендері де болуы мүмкін. Өт қабындағы тастар іштің жоғарғы оң бөлігіндегі кенеттен пайда болатын ауырсынуды туындатуы мүмкін. Бұл өт қабының түйілуі аталады, өт бөлінетін түтіктердің тастармен бітелуінде пайда болады.
Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыр, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.
Бауыр - адам организміндегі ең үлкен ағза. Ол іштің оң жақ қабырға аумағында орналасқан. Бауыр екі бөліктен тұрады - үлкен өлшемді оң бөлігі және кіші сол бөлігі. Бауыр бірқатар маңызды қызметті атқарады. Ол қаннан зиянды заттектерді сыртқа шығарады. Сондай-ақ, бауыр асты қорытуға көмектесетін ферменттер мен өтті өндіреді. Бауыр тағамдық заттектерді зат алмасуында, организмнің өсуі мен дамуында қатысатын ұсақ қосылыстарға дейін ыдыратады. Бауыр қанды екі қантамыры арқылы алады. Негізгі тамыр - бауырдың қақпа венасы. Екіншісі - бауыр артериясы.
Өт қабы - бауырдың астында орналасқан қалташа тәрізді. Ол бауырда өндірілетін өтке толған. Өт ішекке майларды қорытуға көмектеседі.
Өт тасы ауруының себептері қандай?
Өт құрамына кіретін заттектердің үйлесімсіздігі өт қабындағы тастардың түзілуіне бейімдейді. Өттің құрамында холестерин, билирубин көп болса немесе өт тұзы көп болса, өт қабында тастар пайда болады. Бұл үйлесімсіздіктің пайда болу себептері соңына дейін анықталмаған. Сондай-ақ, тастар өт қабының толық емесе немесе жеткіліксіз босатылуында пайда болуы мүмкін.
Өт тастарының екі түрі болады: холестериндік және пигменттік:
* Холестеринді тастар, әдетте, сары-жасыл түсті, негізінен, холестериннен тұрады. Көптеген жағдайларда өт тастарының 80% астамы холестеринді болады.
* Пигменттік тастар қошқыл түсті және билирубиннен тұрады.
Өт тастарының түзілу қаупі кімде болады?
Кейбір адамдарда өт тастарының түзілуінің жоғары қаупі болады:
* Әйелдер ерлерге қарағанда өт тасындағы тастардың түзілуіне бейімірек болады. Эстрогеннің көптігі өттегі холестерин деңгейінің артуына және өт қабының жиырылуының азаюына ықпал етуі мүмкін, нәтижесінде, өт тастарының түзілуіне алғы шарттар пайда болады. Әйелдерде эстрогеннің көптігі жүктілік кезінде, гормондық алмастыру емдеуінде немесе ұрықтануға қарсы таблеткаларды қабылдауда пайда болуы мүмкін.
* Өт қабындағы тастардың түзілуіне 40 жастан асқан адамдар бейім келеді.
* Отбасылық өт тас ауруының тарихы болуында өт қабында тастың пайда болу қаупі жоғары болады.
Өт тас ауруының пайда болуының басқа қауіп факторларына жататындар:
* Семіздік. Семіздікке шалдыққан адамдарда, әсіресе, әйелдерде өт тасының түзілуінің қаупі жоғары болады. Семіздік өттегі холестерин деңгейінің артуына ықпал етеді, бұл тастардың түзілуін туындатуы мүмкін.
* Тез салмақ жоғалту. Организмнің ұзақ уақыт бойы ашығуы және тез салмақ жоғалту кезінде майлардың жаппай ыдырауы жүреді, бұл кезде бауыр өтке түсетін холестериннің артық көлемін өндіре бастайды. Тез салмақ жоғалту да өт қабының босатылуының бұзылысына апаруы мүмкін. Төмен калориялы емдәмдер және бариатриялық операциялар - желінетін тағамның көлемін азайтуға немесе қоректік заттектердің сіңірілуін төмендететін операциялар - тез салмақ жоғалтуға апарады және өт тастарының түзілу қаупін арттырады.
* Емдәм. Зерттеулерге сай, калориялар және тазартылған көмірсулардың мөлшері жоғары және талшықтың мөлшері төмен болатын емдәмдер өт тастарының түзілу қаупін арттырады. Тазартылған көмірсулар - бұл өңделіп, қоректік заттектері және талшығы болатын ұрығынан тазартылған дәндер. Тазартылған көмірсулардың мысалдары - ақ нан мен ақ күріш.
* Кейбір ішек аурулары. Қоректік заттектердің сіңірілуінің қалыпты үрдісі бұзылатын аурулар, мысалы Крон ауруы, өт тастарының түзілуімен байланысты.
* Метаболикалық синдром, диабет және инсулинге тұрақтылық. Бұл аурулар кезінде өт тас ауруының пайда болу қаупі артады. Метаболикалық синдромда, сондай-ақ, аурудың асқынуының пайда болуы қаупі аратады. Метаболикалық синдром - артық дене салмағымен және семіздікпен байланысты аурулар тобы, бұл кезде жүректің аурулары және 2 типті қант диабетінің пайда болу қаупі бар.
Пигменттік тастар науқастардың келесі санатында пайда болуы мүмкін:
* Цирроз - бұл ұзақ және созылмалы зақымдануы салдарынан бауырдың баяу түрде бұзылуы, қызметінің бұзылысы орын алатын жағдай.
* Өт түтіктеріндегі инфекция.
* Ауыр гемолитикалық анемия - эритроциттер ұдайы бұзылатын ауру, мысалы, орақ тәрізді жасушалы анемия.
Өт тас ауруының симптомдары мен асқынулары қандай?
Өт тас ауруы бар көптеген адамдарда қандай да бір симптомдар байқалмауы мүмкін. Симптомдары болмайтын өт қабының тастары симптомсыз немесе үнсіз аталады. Симптомсыз тастар өт қабының, бауырдың немесе ұйқыбезінің қызметін бұзылысқа ұшыратпайды.
Өтті шығаратын түтіктердің таспен бітелуінде өт қабында қысым артады, бұл өт қабының түйілуінің ұстамасын туындатады. Ауырсыну, әдетте, бір сағаттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Өт қабының түйілуі ауыр тағамды қабылдауға байланысты және әдетте, кешке немесе түнде болады.
Өт тасы орналасуын өзгертіп, өт түтігін бітемейтін болғанда өт қабының түйілуі басылады. Егер өт түтігі бірнеше сағат бойы бітелген болса, асқынулар пайда болуы мүмкін. Асқынуларға жататындар: өт қабының қабынуы және зақымдануы немесе өт қабының, өт түтіктерінің немесе бауырдың инфекциялары.
Ұлтабардың қасында, жалпы өт түтігінде тұрып қалған және ұйқыбезінің түтігін бітеген өт тасы өт тасты панкреатитті - ұйқыбезінің қабынуын туындатуы мүмкін.
Емдеу болмаған жағдайда, өт түтіктерінің немесе ұйқыбезі түтігінің бітелуі өлім-жітімге апаруы мүмкін.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz