Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің себеп - салдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің себеп-салдарын, бар тауқыметін біліп, түсіну үшін аз ғана уақыттың оқиғаларына иек артып, содан қорытынды шығару дұрыс еместігі белгілі. Ол үстірт пікір айтуға, жаңсақ сөйлеуге жетелейтіні күмәнсіз. Десек те, патша өкіметі тұсында да, одан кейінгі қызыл империя кезінде де елдің пікірі әрқилы болып келді. Бұл - тарихи шындық. Алайда, әр нәрсенің екі жағы болады. Мәселен, қазір жылдар, ғасырлар бойы алдымен патшалы Ресейдің, одан кеңестік империяның езгісіне түсіп, көрмегенді көрген, тіпті жер бетінен ұлт ретінде құрып бітуге айналған немесе құрып кете жаздаған бодан елдер, жеке халықтар дербестік алғандарына 5-6 жылдың қарасы өтсе де әлі естерін жия алмай, қиюы қашқан тіршілігінің түйінін қалай шешерін, не істерін білмей қиналған, тығырықтан шығар жол іздеп шарқ ұрған күйге түсті. Осының барлығын біздер өткеннің белгісі, ұзақ уақыт бойы жүйелі жүргізілген отарлау саясатының зардаптары деп түсінеміз. Ал, шын мәнінде бұл қалай болып еді?
Күні кешеге дейін тарихта айтылып, жазылып келгеніндей 1916 жылғы көтеріліс патшаның июнь жарлығына қарсы бағытталған стихиялы түрде болған бас көтерулер мен толқулар ма, жоқ, әлде соңғы кездері айтылып жүргеніндей саналы түрде ұйымдасқан жалпы халықтық ұлт-азаттық көтеріліс пе еді?
Патшалы Ресейдің Қазақстанды XIX ғасырдың екінші жартысында толық жаулап алғаны тарихтан белгілі. Осыған орай қазақ халқының басына қара күндер туды. Салықтар мен түрлі зекеттердің саны да, мөлшері де көбейді. Мұны аз дегендей халықтың шұрайлы жерінің күшпен тартылып алынуы қазақ ауылындағы іштей қарама-қарсылықты тудырып, мал шаруашылығының тұралауына әкеп соқтырды. Осындай үсті-үстіне шиеленіскен әлеуметтік-экономикалық жағдайлар XX ғасырдың басында ұлт наразылығын туғызып қана қоймай, оның күрт өсуіне де себеп болды. Осы күреске ел жақсыларымен қатар Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы, Орынбор жоғары оқу орындары мен училищелерін бітіріп, қазақ интеллигенциясын құраған бір топ көзі ашық жастар да кірісіп кетті. Бұл күресте ірі саяси қайраткер, белгілі ғалым-экономист, Алаш партиясының ірге тасын қалаушы, Кадеттер партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Мемлекеттік думадағы мұсылмандар фракциясының мүшесі Ә.Бөкейханов ерекше көрінді.
XX ғасырдың басында патшалы Россияның озбырлығынан мезі болған түркі тілдес халықтардың бас қосып, бірігуі басталды. Осының нәтижесінде 1905-1906 жылдары Россия мұсылмандарының I-IIІ құрылтайлары шақырылып, Мұсылман партиясының қоғамы құрылды, Мемлекеттік думаның құрамында мұсылмандардың парламенттік фракциясы пайда болды. 1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында кадет партиясының программасын қабылдаған Семей облысынан басқа бес облыстың делегаттары қатысқан съезі өткізілді. Съезге қатысушылар А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев бастаған ұлттық қозғалыстың бағытын өздері діттеген арнаға түсіруге әрекет қылды. Сөйте тұра олар отарлау саясатын сынға алды. Мәселен, Мемлекеттік думаның мүшесі Б.Қаратаев өз сөзінде қазақтардың шұрайлы жерлерінің тартып алынуына қарсылық білдірді. Ол: Біздің мемлекетте шиеленіскен мәселелерді қоныс аударушы шаруаларды далалық облыстардың, атап айтқанда Орал, Торғай, Ақмола және Семей жерлеріне көшіру арқылы шешпекші, - деп жер ісі және жерге орналастырушы басқарма бастығымен әңгімесінде орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуларын уақытша болса да тоқтата тұруларын сұрады. Бірақ, өкінішке орай, Қаратаевқа Қазақстанда жердің көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт - азаттық қозғалыс
Түрікшілдік және ұлт - азаттық көтеріліс қазақ баспасөзі беттерінде
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
Қарқара көтерілісі
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы
Пәндер