Кішіпейілділік - кісіліктің белгісі
Кішіпейілділік - кісіліктің белгісі.
Кішіпейілділік дегеніміз жеке адамның жұрт мойындаған тәртіпке өз еркімен бағынуы, өзінің жеке бастық керек-жарағын сол қоғамдағы халықтың материалдық жағдайына сәйкес шектеуі, барлық адамға құрметпен қарап, өзінің ғана мүдделеріне қатысы бар жекелеген адамдардың ұсақ-түйек кемшіліктеріне төзімділік көрсетуі, сонымен қатар өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне сын көзбен қарауы.
Адам - әлеуметтік тіршілік иесі. Осыдан адамның басқалар алдындағы, қоғам алдындағы, табиғат алдындағы жауапкершілігі, міндет-парызы келіп шығады. Осыны сезіну оны кішіпейіл етеді. Ондай адам өзінің артықшылықтарына пәлендей мән беріп жатпайды, өзінен-өзі солай болуға тиісті нәрсе деп қарайды. Бұл сияқты адамдар көбінесе, шынында да, айтарлықтай артықшылықтары бар адамдар, өз еркімен қоғамға, адамзатқа қызмет істеуге бел буған кісілер болып келеді.
Кішіпейілділік, қарапайымдылық адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады.
Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан, өзінің қызметін дабырлатып марапаттамаудан көрінеді. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді. Өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды. Қарым-қатынаста тұрақтылық басым болып, аумалы-төкпелілікке жол бермейді. Бірақ мұның бәрі қандай жағдайда да өз пікірін ашық айтуға кедергі келтірмейді. Өйткені, ол өзіне де, өзгеге де жоғары талап қояды.
Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады. Кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге дайын тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол - мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін де халық: Кішіпейілділік - кішілік емес, кісілік деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.
Кіші пейілділікке қарнма-қарсы ұнамсыз қылық -- менмендік. Оның басты белгісі -- өзін артық, басқаны кем санау, соны үнемі сөзбен немесе іспен көрсетіп, байқатып, сездіріп қалуға тырысушылық.
Менмендік қоғамдық құбылыс ретінде адамдар арасында жіктеліс, тоң-торыс салқындық пайда қылады. Менмен адам кем-кетігін, кінәсын қаперіне алмай, өзін басқадан артық, жоғары санайды. Мақтауды ғана ұнатып, басқа сөзді естігісі келмейді, ақыл-кеңесті құлағына ілмейді. Сөйтіп, надандық батпағына батады. Даналық менмендікті ақылсыздықтың, ақымақтықтың белгісі, көрінісі ретінде қарастырады. Құрандада Жер бетінде кердендеп жүрме! Әрине, сен жерді тесіп жібере алмайсың, не болмаса, зорайып өсіп, таулармен де теңесе алмайсың, -- делінген {Исро сүресі, 37-аят). Сондықтан біздіңтәрбие жүйемізде кіші пейілділік пен қарапайымдылыққа адамдар арасындағы қарым-қатынас жарастылығының басты шарты өте ізгі, ең тамаша қадір-қасиет ретінде маңызды орын берілуі керек. Басқасын былай қойғанда, бір ғана тілдесу кезіндегі кіші пейілділік пен қарапайымдылық адамдар қарым-қатынасына қаншалық сүйкімділік, сұлулық, ұнамдылық, тіпті көңілділік дарытады десеңізші! Егер кішіпейіл, сыпайы түрде тіл қатып, бірдеңені сұрап не жауап қайтарудың орнына тасырандап не ыңыранып, не шікірейіп сөйлесер болса я болмаса, жоқ, болмайды деп қайтарып тастаса, ондай адамды қалайтәрбиелі, кемел, келісті жан деуге болады?! Ондайдан ортақ іске, оның өзіне де келер кесір аз болмайды. Осыны білетін, іскерлікке зор мән беріп, оның психологиясын терең зерттеген өркениетті елдерде адам бойында бұл қасиетті қалыптастыруға зор мән береді. Мәселен, Жапонияда адамдар бір-бірімен сөйлескенде, жоқ, білмеймін деген сияқты сөздерді қолданбауға тырысады екен. Олардың мәнін керісінше айтумен, яғни жағымды мағыналы сөздер арқылы білдіреді екен. Айталық, бір кесе шайдан кейін екінші кеседен бас тартқысы келгенде: жоқ, рақмет, болдыдеместен, қолындағы кесесін маған әбден жақсы болды деп кайтаратын көрінеді. Сондай-ақ танысы ұсыныс жасаған кісі оған: Ұсынысыңызды қабыл етпес бұрын әйеліммен кеңесейін, -- десе, оны сіз әйелінсіз аттап баса алмайтын жазған екен деуге асықпаңыз. Бұл -- оның жоқ дегенді білдіруінің бір тәсілі. Егерсіздің: Ертең сағат 18-де маслихат клубында кездесейік, -- деген ұсыңысыңызға ол: Сағат 18-де дейсіз бе? М-м, маслихат клубында ғой? -- деп қайталап сұраса, онда ұсынысыңыздың оның көңілінен шықпағаны деп біліп: Сізге қолайсыз болса, басқа жерде сөйлесейік, -- деуіңіз керек. Жас өркен тәрбиесіне атамыз қазақ бөлекше мән беріп, ерекше көңіл аударған. Кіші пейілділікті, қарапайымдылықты дәріптеп, менмендікті, кеудемсоқтықты ылғи да мінеп, ондай абыройсыз әдеттен аулақ болуды өсиет еткен.
Халқымыздың Ұлық болсаң, кішік бол, Болған адам болдым демес, болдым десе, болғаны емес деуі де, адам қанша болып-толса да, кемерінен асып төгілмеуі керектігін, кісілігі мен кішілігін, көпке деген ізеті мен инабатын үзбей, тіршілік етуі тиістігін айтқаны. Сондықтан халыктың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz