Диспетчерлік орталықтандыру басқару негізі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесі
1.1 Диспетчерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі
1.2 Диспетчерлік орталықтандыру жүйе бойынша ұғым
2. Диспетчерлік орталықтандыру басқару негіздері мен басқа да жүйелерінің
тағайындалуы
2.1 Диспетчерлік орталықтандыру басқару негізі
2.2 Нева және Луч диспетчерлік орталықтандыру жүйелері
2.3 Микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру жүйелерінің
тағайындалуы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Диспетчерлік орталықтандыру - пойыздық диспетчерге орталық постыдан диспетчерлік шеңберге кіретін барлық бақыланатын пункттердің бағыттамалық бұрмалары мен сигналдарын басқаруға мүмкіндік беретін поездар қозғалысын жедел басқарудың техникалық құралы. Ең үлкен әсер пойыздарды тоқтаусыз шағылыстыру мүмкіндігі арқасында қос жолды ендірмесі бар бір жолды учаскелерде диспетчерлік орталықтандыруды қолдану береді. Темір жол көлігіндегі технологиялық процестерді жетілдірудің ең перспективалы бағыттарының бірі тасымалдау процесін басқаруды шоғырландыру және орталықтандыру болып табылады, бұл диспетчерлік орталықтандырудың қазіргі заманғы жүйелерін жаппай пайдалану кезінде ғана мүмкін болады. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылар кешені болып табылады:
станциялардағы бағыттамалар мен сигналдарды электрлік орталықтандыру;
аралықтарда автоблоктау (жартылай автоматты бұғаттау), автоматты локомотивті орталықтандыру және автоматты өтпелік орталықтандыру;
желілік станцияларға поезд диспетчерінің бұйрықтары мен орталық бекетке станциядағы құрылғылардың жай-күйі туралы ақпаратты беруге мүмкіндік беретін телебасқару және телесигнализация құрылғылары;
пойыздық диспетчердің автоматтандырылған жұмыс орны, пойыздар қозғалысын басқарумен байланысты қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орны;
темір жолдың үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін құрылғылар мен жүйелердің диагностикасы және мониторингі.
Қазіргі заманғы диспетчерлік орталықтандыру жүйелері сенімділіктің бірінші класының жүйелері болып табылады және жауапты бұйрықтарды беруге мүмкіндік береді, аралықтағы қозғалыс бағытын авариялық ауыстыру, жол релесі тоқтан ажыратылған кезде бағыттамаларды ауыстыру, бағыттамалы секцияларды жасанды түрде ажырату, өткелдерді және т. б. жабу тапсырмасын тоқтату. Станцияларда бағыттамалар мен сигналдарды басқарудан басқа диспетчерлік орталықтандыру жүйелері станция шегінде орналасқан өтпелерді басқаруды, бағыттамаларды қардан тазартуды, түйіспе автоматты ауыстырып қосқыштары бар бағыттамалық электр жетектерін жылытуды, жол монтерлерін құлақтандыруды, автобұғаттаудың және бойлық энергия-мен жабдықтаудың жоғары вольтті желілерінің ажыратқыштарын басқаруды, құрылғыларымен кіру бағдаршамдарының бұғатталуын бақылау мен алуды және т. б. көздейді.
1. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесі
1.1 Диспетчерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі

Диспетчерлік орталықтандыру микропроцессорлық жүйесі теміржол көлігімен алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету және пойыздар қозғалысының технологиялық процесті бақылау және басқарудың функцияларын автоматтандырудың есебінен байланысты және олардың ЖАТ құрылғыларымен қиылысуы кезінде есептеу техникасының құрылғыларын қолдану жолымен эксплуатациялық жұмысты басқарудың қазіргі заманғы принциптерін іске асыру үшін арналған. Микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру темір жол желілерінің бағыттарында және телімдерде қозғалысты диспетчерлік басқаруды автоматтандыру үшін қолданылады, жолдық және аймақтық орталықтардың торабтарында қозғалысты басқаруды ұйымдастыру. Үлкен бекеттердегі пойыздардың қозғалысын электрлік орталықтандырумен жабдықталған тұтасқан бекеттермен және өшірілген парктерге жылжумен басқару шоғыры.
Пойыз қозғалысының жоспарлық немесе есептік графигіне сәйкес автоматты режим кезінде пойыз қозғалысын басқару пойыздық диспетчер қатысуынсыз жүзеге асырылады. Автоматтандырылған режим кезінде пойыз қозғалысын басқару ДНЦ келесімімен жүзеге асырылады, ал ол қажет болған жағдайда, пойыз қозғалысы графигін өзгерте алады. Диспетчерлік орталықтандыру (ДО) жүйесінің аппаратурасы техникалық бөліктік ақаулары кезінде жұмыс жағдайында болады. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесінің барлық техникалық құрылғылар құрамына арнаулы аппараттық және программалық құралдар кіреді. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесі құралдарының техникалық жағдайы туралы ақпарат талдап тексерудің әр түрлі дәрежесіне АЖО-ға беріледі. Диагностикалау автоматты немесе қолмен өңдеу режимінде аппаратура жүйесінің, басқа да сымдардың, оның берілген талаптарға сәйкес жұмыс істеуін тексереді. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесінің аппаратурасы шекті жағдайына дейін қолданылатын, қайта қалыпқа келетін бұйымдар түріне жатады. Төзімділіктің берілген дәрежесін қамтамасыз ету үшін жүйенің негізгі сымдарын қосымшалау қарастырылады.
Пайдалану орнына жүйе құрылғыларының жұмыс жасау қабілетін қайта жиырма минуттай кетеді. Қайта қалыпқа келтірілгеннен кейін жүйе құрылғылары бір минуттан кейін іске жарамды болады. Диспетчерлік орталықтандыру жүйесінің аппаратурасы және оның программалық қамтамасыз етілуі рұқсатсыз кіруден қорғалған. Электр қорегінен ажыраған жағдайда жүйе құрылғыларындағы мәліметтер бұзылудан және жойылудан сақталған. Электр қуатын ұзақ уақыт бойына ажыратылған жағдайда мәліметтер сақталады және қосылғаннан кейін қалыпқа келеді. Пойыздық диспетчердің әр текті ақпараттармен жұмыс істеуге мәжбүр болады: ақиқат уақыттағы режимде түсетін СОБ құрылғыларының жағдайы туралы ақпараттармен және ережедегідей жиі емес өзінің өзектілігін жоғалтуға немесе төменгі шындыққа ие, уақыттық кідіріспен түсетін АСОУП хабарламаларымен. Қазақстан темір жол желісінде электромагниттік реле қолданылған бұрмалар мен сигналдарды орталықтандыру жүйелері қолданылып келген болатын. Бекеттер мен аралықтарда пойыздар қозғалысын басқару процесін автоматтандыру компьютерлік технологияны қолдау қатысында консервативті аймақ болып қалды.
Тек қана негізгі элементтік база ретінде Қазақстан темір жол желісінде электромагниттік реле қолданылған бұрмалар мен сигналдарды орталықтандыру жүйелері қолданылып келген болатын. Бекеттер мен аралықтарда пойыздар қозғалысын басқару процесін автоматтандыру компьютерлік технологияны қолдау қатысында консервативті аймақ болып қалды.
Ғылымды кеңінен талап ететін қуатты тұтынушылардың бірі, яғни мұнда бәрі бар: микроэлектроника құрылғыларынан қазіргі заманғы жылжымалы құрамға дейін темір жол көлігі болып табылады. Өндірістің негізгі құрылғылары физикалық және моральдық ескіреді, өндірістік және технологиялық базаны нақты жаңғырту мен модернизациялаусыз жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес.
Олардың үлкен таблоларында жарықдиодтарының және шамдардың көмегімен пойыздардың және басқа да темір жол техникасының қозғалысы кескінделеді. Көптеген бекеттерде кезекшілер бар. Кезекшілерге ақпарат құрамдардың жылжуын тіркейтін арнайы датчиктердің көмегімен келеді.
Кезекшіден барлық ақпарат бөлмесінде табло және компьютер орналасқан пойыздық диспетчерге келіп жетеді. Ол оның көмегімен бекеттегі пойыздық жолдардың бос еместігін жобалайды. Таблода кескінделетін телім шегіндегі пойыздардың қозғалысы туралы мамандар желі бойынша компьютер арқылы біледі, ал егер бұл мүмкіндік болмаса, онда көршілес бекет кезекшісінен телефон арқылы біледі. Мұндай технология толығымен толығымен сенімді.
Реле электрлік орталықтандырудың элементтік базасы ретінде іс жүзінде өзін аяқтады. Жаңа сапалы көрсеткіштерді алу және релелік орталықтандыру қызметтерін кеңейту әрекеттері релелердің санының, тұтынатын электроэнергияның, техникалық күтім көрсету шығынын, жобалау және монтаждық жұмыс көлемдерін ұлғайтуға әкеліп соқты.

1.2 Диспетчерлік орталықтандыру жүйе бойынша ұғым

Станса бастығы стансаға жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты адам. Ол станса жұмысың технологиялық үрдіс негізінде тиімді ұйымдастыруды, енбектің озық әдістемелерін енгізу және оны кең көлемде дамытуды, жүк қабылдаушылар мен жүк жөнелтушілерге, жолаушыларға жоғары дәрежеде қызмет көрсетуді техникалық жабдықтарды дұрыс қолдануды, шұғыл басқаруды қамтамасыз етуі керек. Станса бастығы стансаның барлық өндірістік және шаруашылық іс-әрекеттерін басқарады, еңбек өнімділігін арттыру, пойыздар мен вагондарды өңдеудің өздік құнын төмендету, техникалық құрылғыларды барынша ұтымды қолдану жүйесі мен оны жұмыс үрдісіне енгізу шараларын ұйымдастыруды және жобалауды іске асырып, осылардың барлығына тікелей жетекшілік жасау керек. Станса бастығығының маңызды міндеттері:
- мамандарды дұрыс тандау және олардын техникалық кәсіби біліктігін жоғарылату;
- жұмыс күшін тиімді пайдалану;
- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің техникалық қауіпсіздігі мен мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту шараларын жүргізу;
қызметткерлердің мемлекеттік және еңбек тәртіптерін тұрақты бақылап бекітіп отыру .
Станса бастығына ҚТЖ ҰК АҚ бекітілген заңдық ережелерге сәйкес жұмыскерлерді қабылдауға және қызметтен босатуға, жақсы жұмыс істегені үшін мадақтау немесе нашар жұмыс істегені үшін сөгіс беру құқықтары берілген. Ол өзінің қарамағындағы барлық жұмыскерлерге (жол мастеріне, электр механигіне, локомотив машинісіне, вагон тексерушілерге т.б.) стансаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті бұйрықтар бере алады.
Стансаның штаттық кестесі бойынша станса бастығының орынбасарының, станса кезекшісінің, бас инженердің сонымен қатар өндірістік-техникалық және басқа да бөлімшелер қызметкерлерінің міндеттері бекітіледі. Сұрыптау, жолаушы станцаларында және жұмыс көлемі үлкен жүктік, телімдік стансаларда станса жұмысын диспетчерлік басқару жүзеге асырады. Стансаның барлық шұғыл жұмыстарына ауысымдық айлалық диспетчер басшылық жасайды, ал егер ол міндетті атқарушы болмаса, оның міндетін станса кезекші атқарады. Айлалық диспетчер стансаның барлық цехтарының жұмысын үйлестіріп отырады. Жол бөлімшесінің кезекшісімен, локомотив депосының кезекшісімен, вагондарды техникалық тексеру бекетінің ауысымдық шеберімен бірге шұғыл жұмыс жоспарын жасайды және ол жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді. Екі бағытты сұрыптау стансасында сұрыптау жүйесінің жұмысын станса диспетчері, ал сұрыптау жүйесіндегі айлалық жұмысты айлалық диспетчер үйлестіреді. Жүктік операциялары ірі көлемдегі кейбір стансаларда станса диспетчерінен басқа жүк операциялары жүргізілетін бекеттерде, осы бекеттерден вагондарды алуға, беруге шұғыл жетекшілік жасайтын, тиеп-түсіру жоспарының орындалуын, жергілікті вагондардың бос тұру уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін жергілікті жұмысты атқаруға арналған айлалық диспетчер болады. Жергілікті жұмыстың айлалық диспетчері станса (айлалық) диспетчеріне тікелей бағынышты болады.
Станса кезекшісі пойыздарды қабылдап-жөнелтуге, өткізуге, стансаның бір ауданынан басқасына ауысатын айлалық жүріске, маршрут бойынша қозғалатын пойыздардың қиылысу арқылы және қиылыспай бас жолға шығуына толығымен жетекшілік етеді. Пойыздарды қабылдап жөнелтуге және айлалық локомотивтер қозғалысына қатысты станса кезекшісінің бұйрықтары станса жұмыскерлері мен бірге айлалық және пойыздық локомотив бригадалары мен вагондарды тексерушілер үшін де міндетті болып саналады.

2. Диспетчерлік орталықтандыру басқару негіздері мен басқа да жүйелерінің тағайындалуы
2.1 Диспетчерлік орталықтандыру басқару негізі

Диспетчерлік орталықтандыру басқару құрылғылары мынадай жағдайларды қамтамасыз ету керек:
бір бекеттен станса мен аралықтағы сигналдар мен бағыттамаларды басқару;
басқару аппаратынан бағыттамалардың бос еместігін және жағдайын, аралықтың бос еметігін, стансадағы жолдар мен оларға қосылатын блок-телімдерін, сондай-ақ, кіретін, шығатын, маршруттық бағдаршамның қайталап көрсетуін бақылайды;
пойыздарды қабылдап, жөнелтуге, бағыттама мен сигналдарды стансадағы резервтен басқаруға, маневр жұмыстарын жасауға немесе маневр жұмыстарын жүргізуге, жергілікті басқаруда бағыттамаларды беру;
жүріс графигінің орындалуын автоматты түрде жазу;
электрлі орталық пен автоблокирокаға қойылатын талаптардың орындалуы. Диспетчерлік орталықтан пойыз диспетчері қашықтығы 150-200 км. аралық стансаларының барлық бағыттамалар мен сигналдарды басқарады. Диспетчерлік орталықтағы автоблокировка құрылғылары, электрлі орталықпен, телемеханикалық бағыттамалар мен сигналдар барлық стансалардың бір бекетінен (диспетчерлік қосымнан) басқарылады.
Бір тармақты желіде автоматты емес жүйемен салыстырғанда өткізу қабілеті 20-40% өседі, жүк пойызының телімдік жылдамдығын 15-20% өсіреді. Сондай-ақ, диспетчерлік орталықтан 50 адамнан кем емес, жұмыскерлер санын қысқарту. Желідегі әрбір 100 км. сайын. Диспетчерлік орталықта Нева дамыған жүйе. Бұл жүйемен 1120 объектті басқарып және 1840 бақылауға болады. Телімдегі әр түрлі қиылысулар пайдалы, кез-келген тартым түрімен, жүк тасымалын ескермегенде. Диспетчерлік орталықтың барлық жүйесі қарастырылған:
пульт-таблоның басқару қоры, станса ғимаратында немесе реле қосымында орналасқан;
пульт-таблодағы маневр бағдаршамдары мен бағыттамаларды жергілікті басқару, реле қосымындағы маневр щитарымен немесе маневр колонкаларымен жүргізіледі;
қордан және жергілікті басқару диспетчер бұйрығымен жүргізіледі.
Диспетчердің орталықтандырылған аппараты көрсеткіш таблолардан тұрады, онда жол аралықтары мен айырым бекеттер, түймелі шүріппелер көрсетілген. Cондай-ақ, байланыс бөлімдері мен пойызграфтары бар. Бағытты жасау үшін, диспетчер алдымен таңдаған станса түймесін басып, содан соң пойыз жүретін бірінші және екінші маршруттық сигналдарды басады. Маршруттық-сигналды түймелердің жарық көрсеткіштері (ақ жолақ) және маршрутты дайындау үрдісін, сәйкес стансаның көрсетілген таблосында бақылайды.
Диспетчерлік орталықтандыру - теміржолдық автоматика мен телемеханиканың құрылғылар кешені, авто блоктаудан, стансада сигналдар мен бұрмалы бағыттамалардың электрлік орталықтандыруынан, телебасқару жүйесі мен телесигналдау жүйелерінен тұрады. Жалпы диспетчерлік орталықтандырудың бірнеше түрлері бар.
ДИАЛОГ диспечтерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі учаскедегі автоматика құралдарымен қамтамасыз ететін көлемде жол объекттерінің, электрлік объекттердің және жылжымалы бірліктердің жағдайын бақылау және көрсету, учаске станцияларындағы пойыздар қозғалысын және станциялардағы СОБ объекттерінің жағдайын басқару
НЕМАН диспетчерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі теміржол автоматикасы объекттерінің қашықтық бақылауы мен басқаруын жүзеге асыру мүмкіндігін беретін аппараттық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы болып табылады. НЕМАН диспетчерлік орталықтандырудың микропроцессорлық жүйесі қауіпсіздік бойынша диспетчерлік орталықтандыру жүйелеріне деген талаптардың есебімен тасымалдау процессін ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыратын түрлі технологиялық учаскелердегі автоматтандырылған жұмыс орындарын құруға арналған.
НЕМАН ДО кешені құрамындағы бағдарламалық және техникалық құралдар оларды телебасқару және өнеркәсіптің түрлі салалар объекттерін бақылау және басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру үшін қолдануға мүмкіндік береді. Неман ДО автоматтандырылған жүйесін құру идеологиясы станциялар бақылауының объекттерін (желілік пункттерін) және желілік пункттердің бақылауы мен басқаруын жүзеге асыратын орталық постты бірыңғай жүйеге біріктіруге негізделген.
ЮГ жүйесі пойыздар қозғалысы бақылауының басқару процесстерін автоматтандыру, теміржол көлігінің БАЖ-мен, ақпараттық өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету, оның негізінде аймақтық және жол диспетчерлік орталықтарын құру үшін арналған. Жүйе уақыттың нақты ауқымында технологиялық міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Жұмыс тәртібі - толассыз. ЮГ ДО құру тасымалдаулар процессін басқару тиімділігін арттыруды, пайдаланушылық шығындарды қысқартуды, жұмыс сенімділігінің, Теміржол автоматика, телемеханика және байланыс (ТАТБ) құрылғыларына техникалық қызмет көрсету сапасының және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыруды көздейді. Кешен басқарудың аймақтық орталығының диспетчерлік аппаратын, дабыл және байланыс қашықтықтарын, сонымен бірге басқа да желілік кәсіпорындарды жедел, ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған есептеу жүйесін құрады.
Пойыз диспетчері бір жерден отырып, пульт - табло арқылы барлық процесстерді басқара алады. Пульт - табло қамтамасыз ету керек:
бұрмалы бағыттамаларыды бір қосыннан басқаруды;
бұрмалы бағыттамалардың бос, бос еместігін, оның оң не теріс қалыпта тұрғанын көрсету;
станса жолдарының бостығын немесе бос еместігін көрсету; бағдаршамдардың көрсеткіштерін көрсету керек.
Теміржол стансасындағы станса кезекшісінің негізгі жұмыс орны болып басқару аппараты болып табылады. Басқару аппартына кіретін:
пульт - онда басқару органдарының орналасуы үшін арналған (тетіктер мен тұтқыштар);
табло - ақпаратты көрсету үшін. Таблода бағдаршамдарды қайталағыштар, лампалар, светтікдиодтар, светтік ұяшықтар орналасады. Пульт пен табло жекеленген немесе біріктірілген болуы мүмкін. Пульт - таблолар теміржол стансаларда жұмыс істеген уақытында өзін жақсы жағынан ұсынды. Бірақ, енді қазіргі кезде осы пульт - таблоларды жаңарту, жаңа түрлерін еңгізу оталары жүргізіліп жатыр. Мысалға, ескі пульт - таблоның бір отаға кететін уақыты 1 - 3 секундқа дейін алса, жаңартылған пульт - таблоның бір отаға кететін уақыты 1 - 0,3 секундқа дейін түсірілді. Соның арқасында теміржол стансасының жұмыс өнімділігі 20% - 35% дейін артады. Пульт - таблоның жарықтандырылуына кететін жарықдиодтарға пульт - таблоның ескі түрлерінде энергия көп кететін, ал жаңартылған-дарында аз энергия қамтитын жарықдиодтар орнатылады.

2.2 Нева және Луч диспетчерлік орталықтандыру жүйелері

Нева диспетчерлік орталықтандыру жүйесінің телебасқару (ТБ) және телесигнализация (ТС) сигналдарын тарату арналары, аппаратуралары және олардың тағайындалуы. ТБ сигналды тарату үшін жиіліктік модуляция қолданылады. Сигналдың жиіліктері 500Гц-актив, 600Гц-пассив, 700Гц-актив, 800Гц-пассив. ТС сигналы барлығы 22 импульстен тұрады. Екі жиілік қолданылады. Сигналдың ұзақтығы 176 м сек. 1,22-импульс қызметтік, 2,21-импульс жұмыcтық. ТС сигналы жиілік бойынша бөлінген 4 арнадан тұрады: 1) арна жиіліктері-1025-1225Гц
2) арна жиіліктері-1625-1825Гц
3) арна жиіліктері-2225-2425Гц
4) арна жиіліктері-2825-3025Гц
ТС сигналдарын қабылдау бойынша Нева ДО жүйесінің орталық пост аппаратуралары. Егер ТС сигналымен берілетін ақпарат алдыңғы циклда осы топқа келіп түскен ақпаратпен салыстырғанда өзгеріске ие болса, онда ол ақпарат қалыптасады. Егер өзгеріс болмаса, онда ақпарат өшеді. ТС сигналын қабылдауда және расшифровкалауда жүзеге асатын түйіннің құрылымдық сұлбасы келесілерден тұрады. Диспетчерлік орталықтандыру постына келіп түсетін әрбір ТС сигналы қабылдаушы құрылғылармен қабылданып кодадан шығарылады. ТС және ТБ сигналын бөлетін сүзгі-жиіліктік амалдарды күшейту, жиіліктік импульстерді тұрақты тоқ импульстеріне түрлендіруді және оларды активті, пассивті мәндеріне тәуелді жиіліктің демодулятор ДМ, 1000 Гц жиілік өндіретін тактілі жиіліктер генераторы ГТЧ, Д1:8 бөлгіш, таратқыш Р20, бірінші және екінші деңгейді жадында сақтаушы элементтер 1П жіне 2П. ТС сигналының жоқ кезінде 1П элементін бастапқы жағдайында жабатын және тактілі импульстердің Р20 таратқышына тұсуін тоқтататын К1 және К2 кілттер, атқарушы реле И.
Нева диспетчерлік орталықтандыру жүйесінің орталық постындағы ТС сигналдарын іске асыру сұлбасының жұмысы. Диспетчерлік орталықтан-дыру постына келіп түсетін әрбір ТС сигналы қабылдаушы құрылғылармен қабылданып кодадан шығарылады. ТС сигналын демодуляциялауды және тактілі импультерді қалыптастыруды жүзеге асыратын сұлбалар блогында орналасады. Онда екі контурлы күшейткіш транзистор Т1 орналасқан, яғни олардың К1 контуры ТС сигналының активті, ал К2 контуры пассивті жиіліктерін бөледі, жиілік импульстерді тұрақты тоқ импульстеріне түрлендіретін В1 және В2 түзетуші көпірлер, түзеткіштердің екі каскады:
бірі Т5, Т6 және Т7 транзисторларынан тұрып пассивті импульстарды күшейтеді және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пойыздық диспетчердің жұмысы
Диспетчерлік орталықтандыру құрылғылары
Басқару пунктін жасалуы
Дабыл және байланыстың құрылымдық бөлімшелеріндегі ДОБ құрылғылары
Дабыл және байланыс дистанциясымен, оның құрылысымен танысу
Диспетчерлік пульт
Телім жолы бой
«Диалог» микропроцессорлық орталықтандыруының жұмысы
Басқару объектісі
Теміржол автоматика жүйелерінің элементтері
Пәндер