Тау жыныстарын тиеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында Хромтау қаласының маңында Алмаз-Жемчужина, Миллионное, Первомайское және №21 атты хромитті кен орындары орналасқан. Қаладан оңтүстік бағытта 1, 5км-де №21 кен орны орналасқан.

Облыс орталығы Ақтөбе қаласы Хромтаудан 90км-де батыс бағытта орналасқан, ал Оңтүстік Оралдың үлкен өндіріс орталығы Орск қаласы солтүстік бағытта 130км-де жатыр. Никелді кен орны Батамшы ауылы және «Октябрға 50 жыл» мыс кеніші Хромтау каласына жақын болып келеді.

Экономикалық тұрғыдан кен орны ауданында ауыл шаруашылығы, сонымен қатар тау-кен өнеркәсібі дамыған, негізгілері жоғарыда аталған кен орындары. Хром кенінің негізгі тұтынушылары: кәсіпорын АҚ «ТҰК Казхром» - Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары, ал қалған бөлігі экспортқа шығарылады.

Электрқуатымен ауданның өндірістік кәсіпорындары Батамшы аулынан «Актюбэнерго» электржүйесімен 110кВ жоғарывольтты желілері арқылы қамтамасыз етіледі.

Отын ретінде газ, резерв ретінде мазут қолданылады. Шығыс бөлігінде аудан Бұхара-Орал газ құбырымен қиылысады, осы құбырлардың тармағы арқылы Хромтау және Ақтөбе қалалары газбен қамтылады.

Қазымдалып жатқан кен орындары хромды кендердің тұтынушыларымен Батыс Қазақстан теміржол желісі арқылы Донское және Хромтау станцияларымен байланысқан. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласымен Самара-Шымкент тас жолымен байланысқан.

Техникалық сумен қала және кеніш Жарлыбұтақ және Моласай суқоймаларымен, ал ішуге жарамды сумен Донской және Қайрақты тоғандарымен қамтылады.

Кен орны шегінде рельеф тегіс. Абсолютті нүктелер +385 - +420м аралығында.

Аудан климаты - шұғыл континентті. Ауаның орташа жылдық температурасы +4, 2 0 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері -285мм. Оның ең көп бөлігі жаз уақытына сәйкес келеді. Тұрақты қар жамылғысы караша айының үшінші онкүндігінде жатады. Қар жамылғысының орташа биіктігі 96мм жетеді. Климаттың өзіндік ерекшелігі желді күндердің көп болуы. Жел жиі батыстан және солтүстік-батыс бағыттан соғады. Жылдық орташа жылдамдығы - 3, 45м/сек.

«Центральная шахтасы I кезекті жобаны түзету» (Уралгипроруда, 1987г. ) жобасына сәйкес «Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10жылдығы» шахтасындағы тау-кен жұмыстары «Миллионное» кен орнының №1 кеншоғыры бойында -160м ÷ ±0м деңгейжиектерінде кеннің В+С 1 категориялы 21млн. т. қорында жүргізіледі.

I кезекті кен қорын ашу және қазымдау үшін құрылыс 61, 2млн. т. жалпы кен қоры +240 ÷ -320м деңгейжиектерінде жобалық межеге дейін 3 оқпан үңгіленген: «Скипті-Клетті», «Көмекші» және «Солтүстік-Желдетіс». -160м, -80м, ±0м деңгейжиектерінде негізгі тау-кен күрделі кен қазбалары үңгіленген.

I кезекті құрылыс 2млн. тонна өнімділікті қамтамасыз ету үшін шахтаүстілік кешен тұтынуға берілді, оның құрамындағы өндірістік-техникалық обьекттер: желдетістік, компрессор, көтеру қондырғылары (скипті, клетті) және басқа көмекші ғимараттар.

Iкезекті өндірістік алаңда II кезекті кенорындарын, сонымен қатар, №21 кенорнын ашу үшін, -601м (тереңдігі 1007м) межеге дейін «Клетті» оқпан үңгіленген. Мұнаралы копер тұрғызылған, көпарқанды көтеру машиналарының және вагоншаларды ауыстыру жабдығының монтажы жүріп жатыр.

1 КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯСЫ

1. 1 Кен орны аймағының геологиялық сипаттамасы

Хромитті кен орындар Кемпірсай ультранегізгі сілемінде орналасқан. Сілем субмеридиональды бағытта 82км-ге созылған. Сілемнің ені 1км солтүстік бөлігінде және 31, 6км оңтүстікте Степное-Сусановка ауылдарының ортасына дейін созылған. Сілем перидотит, дунит және бұлардың туындыларынан құралған серпентиниттерден тұрады, оңтүстік бөлігінде кеңінен серпентинизирленген дунит және дунитті серпентиниттер дамыған, осылармен хромитті кен орындары байланысты. Ауданның хромитті кен орындары жоғары сапалы кенмен сипатталады.

Жанас және жабатын интрузивті сілем ішінде тау жынысы 4 құрамды жікқабат ерекшеленеді: протерозойлық, ордовик-төменгідевондық, ортадевон-намюрлық және мезозой-кайнозойлық.

Мезозой-кайнозойлық қопсытқыш түзілімдер тыстың барлық бөлігінде жатады.

Бірінші 3 қабатжіліктің тау жыныстары жоғары дислокацияға ие, күрт құламалы қанатымен өте сығымдалып орналасқан. Тау жыныстарының созылымы Кемпірсай сілемінің созылымына жақын.

Тұтас алғанда кенмолды аймағының құрылымы кен орны қимасына кіреді:

- кенүстілік қалыңдығы 300-700м перидотиттер деңгейжиегі, үстінде габбро-амфиболит интрузиясы немесе мезокайнозойлық заманының қатпарыжабылған;

- қалыңдығы 300-700м кенмолды серпентинизирленген дунитті деңгейжиек, бұл деңгейжиекте хромитті кен орындары шоғырланған;

- гарцбургит және дунитті кенастылық деңгейжиек, ашылған бөлігінде, 500-600м қалыңдыққа ие.

Барлық ультранегізді тау жыныстарыәр түрлі дәрежеде серпентинизерленген.

Ірі кен шоғырларының көбі бағана тәрізді пішінді және желі тәрізді тарамымен бағытталған. Кіші және орта кеншоғырлары жиі линза тәріздіпішінге ие. Тереңдеген сайын кеншоғырлардың пішінінің жалпы қарапайымдылуы және олардың күрделі конфигурациялармен бірігуі байқалады.

Жалпы кеншоғырдың созылымы субмеридиональды және кенмолды аймақ созылымымен сәйкес. Кен жатысының көпшілігі оңтүстік бағытқа 10-15˚ бұрышпен құлайды. Көлденең құлаудың кеңінен дамуы сатылы-блокты пішінді шоғыр түзілуіне негіз болады.

Кеншоғырдың құлауы - шығысқа және батысқа жайпақ; кеншоғыр көлденең қимада күрделі линза тәрізді пішінде құлауға ие емес.

Барлық өнеркәсіптік кен орындарында кеншоғырлардың нобайы жанас жыныстармен бірігіп кездеседі. Секпілді кеннің дунитті серпентинитке көшуі кедей кенді кен орындарында ғана кездеседі.

Кеншоғырларды жанайтын тау жыныстары серпентинизирленген дуниттер болып келеді, кейде серпентинизирленген пироксенді дуниттер және перидотиттер.

Ультрабазит нобайымен байланыстағы габбро-амфиболиттер аймағында 100м-ден астам қалыңдықта тау жыныстар қарқынды езгіленген және тақтатасталған. Ұқсас тау жыныстарының әлсізденген аймақтары кеншоғырлармен жанасу аймақтарында анықталады.

1. 2Кен орнының геологиялық сипаттамасы

«Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахта алабына Алмаз-Жемчужина, Миллионное, Первомайское және №21 кен орындары кіреді, бұлар үшін, сонымен қатар Кемпірсайлық ультранегізді сілемнің басқа да кен орындары үшін, оқшаулау жағдайы және жатыстың шама-шарттары ұқсас және 1. 1 бөлімде келтірілген.

Алмаз-Жемчужина кен орны кеннің балансты қоры бар 60 кеншоғырын қамтиды. Кеншоғыр ұзындығы - 44м-ден 1750м-ге дейін, ені -40м-ден 690м-ге дейін, қалыңдығы - 2, 7м-ден 285м-ге дейін, барланған жатыстың тереңдігі 1500м.

Миллионное кен орнының созылымы 1500м, ені 130-260м. Кен орнында 1100м тереңдікте қалыңдықтары 130м-ге дейін №1 және №2екі кеншоғырыжәне біршама аз қалыңдықтағы кеншоғырлар ашылды.

Первомайское кен орны оншақты кеншоғырынан және көптеген ұсақ линзалардан құралады. Кенмолды аймағының жалпы ұзындығы - 600м-ге дейін пландағы максималды ені 170м-ге дейін. Жатысының тереңдігі - 230м-ге дейін.

№21 кен орнының кеншоғырлары секпілді, дунитті серпентинитте жатады. Кеншоғырлардың өлшемі қалыңдық бойынша бірнеше метрден бірнеше ондаған метр аралығында, ал созылымы бойынша бірнеше жүз метрге дейін созылған. Кеншоғырлардың жалпы саны - 88. Пішіні бойынша кеншоғырлар әр түрлі өлшемдегі линзалармен қалыптасқан, кейде желі тәрізді және бағана тәрізді пішінге ұқсайтын кеншоғырлары кездеседі. Кеншоғырлар тектоникалық бұзылыстармен әр түрлі бағытта араласқан блоктарға бөлінген. Кеншоғырлардың ұзындығы 80-280м, ені 26-145м, қалыңдығы 3, 7-45м, жату тереңдігі 350м.

Жалпы 10 кеншоғыры(81а, 81, 88, 89, 90, 90а, 91, 92, 93, 94, 95) қазымдалады. Қабаттағы қазымдау деңгейжиектері +240м-ден басталып ±0м-ге дейін. Кеншоғырлардың құлауы шығысында да, батысында да 10˚ бастап 30˚ дейін. Кеншоғырлардың еңісі оңтүстікке 10˚ бұрышында.

Барлық Оңтүстік-Кемпірсай аймағының кен орындарындағы табиғи түрдегі хромитті кендер, ал технологиялық кеннің сұрыпы - құрамындағы хром мен кремний тотығымен анықталады. Кен түрлерінің сипаты кесте 1. 1 келтірілген.

Кесте 1. 1 - Табиғи және технологиялық кеннің түрлері

Р. б

Табиғи кен түрлерінің атауы
Құрамы, %
Кеннің сұрыпы
Ескерту
Хромшпи-нелидтер
Хром тотығы
Кремний тотығы
№Р. б: 1
Табиғи кен түрлерінің атауы: Тұтас
Құрамы, %: 90 астам
Кеннің сұрыпы: 55-63
Ескерту: 0-5
Бай
Балансты
№Р. б: 2
Табиғи кен түрлерінің атауы: Тығыз секпілді
Құрамы, %: 70-90
Кеннің сұрыпы: 45-55
Ескерту: 5-10
Бай
Балансты
№Р. б: 3
Табиғи кен түрлерінің атауы: Орташа секпілді
Құрамы, %: 50-70
Кеннің сұрыпы: 30-45
Ескерту: 10-20
Бай
Балансты
№Р. б: 4
Табиғи кен түрлерінің атауы: Сирек секпілді
Құрамы, %: 30-50
Кеннің сұрыпы: 10-30
Ескерту: 20 астам
Кедей
Балансты емес

Хромитті кеннің минералды құрамы едәуір қарапайым. Кендер хромшпинелид және цементтің минералынан құралған, бұл серпентинит, оливин және карбонаттан тұрады. Сонымен бірге, кен кедей болған сайын, серпентинитті құраушысы көп болады.

Кендердің құрамында хром тотығы 45% астам болса, байытуды қажет етпейді. Бұлар кен орнының 86, 7% қорын құрайды (208013м. т/240197м. т×100) . Құрамы бай кендерде хром тотығы - 52, 3%, ал қарапайымдарда - 38, 9% болады.

№21 кен орнының балансты қорлары 5876м. т, сонымен қатар құрамында 45%- 3472м. т (59%) .

«Молодежная» және «Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахталарының кенін сараптап өңдіруденақты бай кеннің тауарлай кенге шығуы:

- «Молодежная» шахтасында өтелген қордан 45, 8%;

- «Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасында өтелген қордан 60%.

Бай кеннің тауарлай кенге шығуы кезінде 2 есе азайып шығуын келесідей түсіндіруге болады:

- құлату жүйесі жұмысымен;

- өңдіру кезінде көп мөлшердегі құнсызданумен, орта есеппен 17, 1% құрайды;

- таңдаусыз өңдіруде, блоктан кенді шығарудағы планограмманы сақтамауынан туады.

1. 3 Кен орнының инженерлік-геологиялық және тау-техникалық қазымдауының жағдайы

«Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасының тау-кен телімі ауданы төбешік жазығында орналасқан, олЖарлыбұтақ өзеніне қарай оңтүстік-батысқа жалпы еңіске ие. Алмаз-Жемчужина, Первомайское, Миллионное және №21 кен орындары шегіндегі жер бетінің абсолюттік белгілері - 380м-ден 420м-ге дейін өзгереді. Ашық қазудың нәтижесінде кен орындардың үстіңгі бөлігі Миллионное, Алмаз-Жемчужина, №21 беттері күрделенген техногенді пішінді жер бедерімен ерекшеленеді: «Миллионный», «Объединенный» және «Мирный» аршықтарымен, тереңдіктері сәйкесінше 165м, 180м және 118м құрайды, тау жынысының үйіндісі 45м биіктікке дейін жетеді.

Жер бетінде тау-кен телімі шегінде сазды және борпылдақ тау жыныстары түзілген:

- төрттік элювиальды саздақ 1, 5м қалыңдыққа дейін;

- палеогенді түзінділер (саз құмды қабатшамен) 19, 7м қалыңдыққа дейін;

- борлы жүйенің шөгіндісі (алевриттер және алевритистті саз құмды қабатшамен) 21, 6м қалыңдыққа дейін;

- мезозойлық түзілген қабаттың үгілуі серпентинизирленген ультранегізді тау жыныстарында және габбро-амфиболитте (құрамды саз, шағылдық және қиыршық тасты топырақ) 40-85м дейін қалыңдықта.

Сазды және борпылдақ сынғыш түзілулер тек қана аршық және шахталық оқпан арқылы ашылады. Бұл тау жыныстары өте орнықсыз болып келеді. Шахталық оқпан арқылы жерасты суларынан төмен аралықты үңгілеген кезде, бұл тау жыныстарының сумолдылығынан қиындықтар тууы мүмкін. Сазды тау жыныстарын үңгілеу кезінде бұлардың аққыш қасиеттері көрінуі мүмкін - тұтқырлы иілімді саздың сығылуы жұмсақ иілімді және аққыш иілімді консистенцияда қазбадағы саздың аққыш консистенциясы кенеттен жарып өтеді. Борпылдақ сынғыш түзілімді үңгілеу кезінде суды суффозионды құмды-сазды бөлікшелердің шығуын байқауымыз мүмкін. Осындай құбылыстың алдын алу үшін күрделенген аралықты қазуда арнайы тәсіл керек: цементтеу, мұздату және т. б.

Кенге жанас тасты сілем барлық кен орындағы шахта алаптарында серпентинизирленген ультранегізді тау жынысымен, оңтүстік бөлігінде жіңішке габбро-амфиболитпен жабылған. №21 кен орнында байқалмайды.

Шахта алабының тасты сілемі елеулі құрылымды және механикалық бірыңғай емес болып сипатталады. Бірінші кезекте бұл едәуір тектоникалық бұзылыстарында байқалады. Сілемнің құрылуынан кейінгі қарқынды тектоникалық жылжу, габбро-амфиболитпен жабылған ультранегізгі сілемнің шегінде қуатты уатылған аймақтың түзілуіне және сілемнің ірі тектоникалық блоктарға бөлінуіне алып келді. Бұдан басқа, серпентинизерленген ультранегізді тау жыныстарының болуы тау жынысының 10-15% көбеюіне және сілемде кернеудің өсуіне алып келді, бұның салдарынан әртүрлі фонды жарықшақтылық және блоктылық түзілуі байқалады.

Миллионное кен орнын геологиялық барлау бұрғылауы нәтижесінде 6 тектоникалық бұзылу табылды, Алмаз-Жемчужина - 3, Первомайское - 3 және №21 -1. ұсақтау аймағының орта қалыңдығы: Миллионное - 1, 6м, Алмаз-Жемчужина - 19, 5м, Первомайское - 31, 9м.

Сілемдегі кен орны жаратылысы бойынша жіктеліп, 2 негізгі жарықшақ түрімен ажыратылады: біріншілік және екіншілік.

Көбіне біріншілік жарықшақтар таралған. Бұлар азғана ұзындыққа (0, 1м-ден кем) және біршама аз қалыңдыққа ие. Осындай жарықшақтар жіңішке (жіктелуі бойынша СНжЕ 2. 02. 02-85 - VIII реттік жарықшақтар) немесе жіпше (ИГД терминологиясы бойынша) жатқызылады. Жиі осы жарықшақтар құрылымды блоктарда болады. Жарықшақтардың қарқындылығы өте мықты 20-30дана/м аралығында өзгереді, кейде бөлек бөліктерде 40дана/м жетеді.

Екіншілік жарықшақтар үлкен ұзындыққа - 10м-ге дейін аралықтағы және қалыңдығы 10см-ге дейін өлшемдерге ие. Осындай жарықшақтар жіктелуі бойынша СНжЕ 2. 02. 02-85 ұсақ және орташаға жатқызылады (VII және IV реттік) . Орта статистикалық жарықшақтардың қарқындылығы 7дана/м құрайды, ал тектоникалық бұзылуы бар аймақта 15-20дана/м. Орта статистикалық қалыңдығы 0, 9-1, 5см аралығында болады. Тәжірибе және лабораториялық сынақтар үлгісі бойынша екіншілік жарықшақтар беріктілікке және сілемнің деформациялық қасиеттеріне негізгі әсер етеді. Осы жарықшақтар анықталған бағытқа тартылады және сілемді бөлек құрылымды блоктарға бөледі. Құрылымды блоктың өлшемі бойынша ВИОГЕМ институты жарықшақтың 5 санатын көрсетті және регрессия теңдеуінің негізінде бұлардың барлау ұңғымасынан шыққан тау жыныс үлгісіне тәуелділігін анықтады [1] .

Кесте 1. 2 -Тау жыныстарының жарықшақтық дәрежесі бойынша жіктелуі

Тау жыныстар жарықшақ-тығының санаты
Тау жыныстар тобы

Блоктың орташа сызықтық өлшемі,

М

Барлау ұңғымасындағы үлгі тау жынысының сипаты

Меншікті жарықшақтылық

(1м үлгідегі саны)

Ұсақталған тау жыныс мөлшері, %
Үлгінің шығуы, %
Тау жыныстар жарықшақ-тығының санаты: 1
Тау жыныстар тобы: Тұтас
Блоктың орташа сызықтық өлшемі,М: >0, 6
Барлау ұңғымасындағы үлгі тау жынысының сипаты: <2
-
90-100
Тау жыныстар жарықшақ-тығының санаты: 2
Тау жыныстар тобы: Аз жарықшақты
Блоктың орташа сызықтық өлшемі,М: 0, 25-0, 6
Барлау ұңғымасындағы үлгі тау жынысының сипаты: 2-4
<5
60-90
Тау жыныстар жарықшақ-тығының санаты: 3
Тау жыныстар тобы: Орта жарықшақты
Блоктың орташа сызықтық өлшемі,М: 0, 15-0, 25
Барлау ұңғымасындағы үлгі тау жынысының сипаты: 4-7
<25
40-60
Тау жыныстар жарықшақ-тығының санаты: 4
Тау жыныстар тобы: Өте жарықшақты
Блоктың орташа сызықтық өлшемі,М: 0, 07-0, 15
Барлау ұңғымасындағы үлгі тау жынысының сипаты: 7-15
<50
15-40
Тау жыныстар жарықшақ-тығының санаты: 5
Тау жыныстар тобы:

Ұсақталған

тау жыныстары

Блоктың орташа сызықтық өлшемі,М: <0, 05
Барлау ұңғымасындағы үлгі тау жынысының сипаты: 20
>50
<15

Зерттеу нәтижесі бойынша, ВИОГЕМ институты жүргізген аршықта 5 негізгі жарықшақ жүйесін көрсетті, әр қайсысы үшін беттің морфологиялық сипаты және бітеуіштің мәліметі берілген. Статистикалық саралау нәтижесінде «Қазақстанның Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасындағы жерасты кен қазбаларының геологиялық документациясында және ИГД АН РК жеке бақылауынан, әртүрлі бөлікте орташа 3-тен 4-ке дейін жарықшақ жүйелерінің қиылысуының кездесетіні белгіленді. Екіншілік жарықшақтар, негізінен, күрт құламалы. Құлау бұрышы 60˚-тан 85˚-қа жарықшақтың 95% сәйкес келеді.

1979-1984жж. ВИОГЕМ институтымен физика-механикалық сынақ жүргізіліп, таңдалған барлау ұңғымаларынан тасты сілемнен сынама алынды. Кен орнының геологиялық құрылымының есептеуімен және тәжірибе нәтижесінде тау жыныстары және кен 4 инженер-геологиялық кешенге топтастырылды: габбро-амфибалитті, кен үстілік, кенді және кен астылық. Әрбір кешен ішінде тектоникалық бұзылу үлгісі есепке алынды (тұтас, біріншілік және екіншілік жарықшақпен) және инженер-геологиялық элементтердің байланыс үлгісі бөлек көрсетілген.

Сынақ нәтижесі, жарықшақты үлгінің мықтылық қасиеті және инженер-геологиялық кешендегі байланысқан үлгіні тұтас үлгімен салыстырғанда 2-5 есе мықтырақ көрсеткіштер көрсетеді.

ВИОГЕМ институтымен үлгілердің мықтылық қасиетін зерттеуде қорытынды жасалды, бұл бойынша петрографиялық ерекшеліктер тек қана аз жарықшақты үлгіде болатыны анықталды. Әртүрлі құрамдағы тау жыныстарының ұсақтану қасиетінің сипаты ұлғаю шамасы бойынша ұқсас және тек қана жарықшақтарды бітеуіш арқылы анықталады. Бітеуіштің минерологиялық құрамы бойынша және бітеуіштің 4 негізгі түрін мықтылығы бойынша көрсетеміз: кремнийлі-карбонатты, талька-слюдалы, серпентинитті айналы сырғанауы және серпентинитті айнасыз сырғанауы. Кремнийлі-карбонатты бітеуіш габбро-амфиболитті тау жыныс кешенінде кездеседі. Талька-слюдалы құрамды жарықтарды бітеуіш (флагопит, хлорит, тальк, хризотил, каолин, серпентин) бүкіл тау жыныс кешенінде болуы мүмкін, бірақ кенастында бұл салыстырмалы сирек кездеседі. Бұған сипатты айналы сырғанаудың болуы және мықтылықтың төмен көрсеткіштері. Серпентинді бітеуіш айналы сырғанау ізімен күрделі құрамға ие (серпентин, серпофит, антигорит және азғантай талька-слюдалы материал қоспасы) және дунит-пердотитті қатарындағы тау жыныстарының жарықшағын бітейді. Серпентинді бітеуіш жарықшақ бойынша айнасыз сырғанаулы серпентинитпен, оливин және пироксенмен көрсетілген және көбіне тереңдегі кен орны бөлігіне тән және жоғары мықтылық көрсеткішіне ие.

Осының негізінде қорытынды жасалды, сілем тау жынысының мықтылық қасиеті тау жынысының құрамына тәуелді емес, ал бітеуіш материалдың қасиетімен және жарықшақ қабырғасының бұдыр болғанынан анықталады. Сонымен қатар жарықшақ бітеуішінің мықтылығының төмендеуі 7-60% сумен қанығуынан болады, ал үгілу негізінен - 10-40%.

Есептеу шама-шарты ретінде біріншілік жарықшақтарды сынаған үлгі көрсеткішінен алған жөн. Шахта алабында мықтылықтың сығуға шегінің мәнін тау жынысы үшін 60МПа қабылдаймыз және кен үшін - 35МПа, ал созуға мықтылық шегі тау жынысына - 6МПа және кенге - 3, 5МПа.

Кен орны кендерінің орташа тығыздығы:

- 3, 92т/м 3 Миллионное

- 3, 87т/м 3 Алмаз-Жемчужина

- 3, 66т/м 3 Первомайское

- 3, 77т/м 3 № 21.

Барлық кен орындары үшін орташа тығыздық -3, 86т/м 3 .

ВИОГЕМмен Дөң КБК-ның шахталары үшін тау жыныстарының мықтылық бойынша жіктемесі қабылданды. Жіктеме кен қазбаларындағы тау жыныстар орнықтылығына, мықтылығына тәуелді және жарықшақ санаты бойынша негізделді.

Кен сілемі бекемді кесектермен (ұсақталған) және сусымалы әртүрлі хром кенімен көрсетілген. Сонымен бірге күрделі араласуы бекемді және жұмсақ кеннің әр 5-10м сайын бақыланады; кеншоғырлар қалың жарықшақ желісімен бөлінген, қарқынды ұсақталған үлкен аймақта, қалыңдығы 2-10м аралығында, ал кейде 40м-ге дейін жетеді. Көптеген ұсақталған кен Алмаз-Жемчужина және №21 кен орындарында белгіленген.

№21 кен орнының бекемділік және борпылдақ сынғыштығы бойынша айырмалық қатынасы: 62, 9% - бекемді және 37, 1% - борпылдақ сынғыш құрайды. Кен жарықшақтылық дәрежесі бойынша орнықтылығы төмен тобына жатқызылады және кен қазбаларын үңгілегенде бекітуді қажет етеді.

Тұтасымен кен орнының инженер-геологиялық өңдеу жағдайы күрделіге жатқызылады. Тағы бір хромитті кенді кен орнын игеруде күрделі ететін фактор - жоғары жарықшақты аймақта және жергілікті сипаты бар аймақта сутегі газының бөлінуі.

1. 4 №21 кен орнындағы кеншоғырдың сипаттамасы (жерасты өндіру)

Кесте 1. 3 - №21 кен орнындағы кеншоғырдың сипаттамасы (жерасты өндіру)

Кеншоғыр №
Кеннің қиылсу саны
Кескіндегі өлшемдері, м
Жату тереңдігі, м
Кеншоғырдың жатудағы элементтері, бұрыш шамасында
Қалыңдығы, м
ұзын-дығы
Ені
баста-лады
дейін
созы-лымы
құлау ұзын-дығы
құлау бұрышы
макс
мин
Кеншоғыр №: 81
Кеннің қиылсу саны: 21
Кескіндегі өлшемдері, м: 240
Жату тереңдігі, м: 120
Кеншоғырдың жатудағы элементтері, бұрыш шамасында: 150
Қалыңдығы, м: 194
35
305
15
39
14
Кеншоғыр №: 81а
Кеннің қиылсу саны: 2
Кескіндегі өлшемдері, м: 80
Жату тереңдігі, м: 26
Кеншоғырдың жатудағы элементтері, бұрыш шамасында: 154
Қалыңдығы, м: 160
30
300
10
7
4
Кеншоғыр №: 88
Кеннің қиылсу саны: 19
Кескіндегі өлшемдері, м: 285
Жату тереңдігі, м: 80
Кеншоғырдың жатудағы элементтері, бұрыш шамасында: 177
Қалыңдығы, м: 220
60
330
5-15
25
3
Кеншоғыр №: 89
Кеннің қиылсу саны: 15
Кескіндегі өлшемдері, м: 240
Жату тереңдігі, м: 145
Кеншоғырдың жатудағы элементтері, бұрыш шамасында: 218
Қалыңдығы, м: 280
0
90
25
36
25
Кеншоғыр №: 90
Кеннің қиылсу саны: 8
Кескіндегі өлшемдері, м: 125
Жату тереңдігі, м: 135
Кеншоғырдың жатудағы элементтері, бұрыш шамасында: 211
Қалыңдығы, м: 234
315
45
8
25
4
Кеншоғыр №: 91
Кеннің қиылсу саны: 19
Кескіндегі өлшемдері, м: 250
Жату тереңдігі, м: 90
Кеншоғырдың жатудағы элементтері, бұрыш шамасында: 247
Қалыңдығы, м: 352
315
45
5-80
45
4

1. 5 №21 кен орнының гидрогеологиялық қазымдауының жағдайы

Тау-кен телімі шегінде шахтада 2 жерасты суы дамыған: қуыстық - бор және палоегенді түзінділерден және жарықтағы - тасты палеозойлық сілемде. Қуыстық сулар №21 кен орнында кездеспеген, бұлар Алмаз-Жемчужина және Первомайское кен орындарының оңтүстік бөлігінде жайылған.

Оқпанды үңгілеу кезінде бор және палеогенді түзінділердегі жерасты суының жоғары сукелімі қауіпті емес, бірақ қатты күрделенуге алып келуі мүмкін - ісінуі, бұзып өтуі, топырақтың суға қанығуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Карьерлердегі таужыныстарды қазу-тиеу жұмыстарының параметрлерін есептейтін бағдарламалық жүйе құру
Теміржол көлігін қолданғандағы қазу жүйелері
Ұңғыма тесудің ендігі бір тәсілі айналымды бұрғылау
Карьер жолдарының құрылысы
Тас блоктарын өндіру технологиясы
Автосамосвалды тиеу әдісі
Кен орнының қорлары
Карьер көлігі жұмыстарының қауіпсіздік техникасы
Бұрғылау және жару жұмыстары
Тау жыныстарын ашуға дайыдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz