Шет тілдерін оқыту әдістемелік ғылым ретінде


ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Кез- келген оқыту әдістемесі ғылым болғанымен, теоретикалық ғылым емес: ол ірі құбылыстың не үшін қандай жағдайда жүретіндігін түсіндіреді, ол тарихта, астрономияда, материалдар кедергісінде қандай орынға ие екенін, құбылыстардың осы қатарда жүретін заңдар қандай екендігін, ол мысалы механикада, химияда, психологияда қандай орынға ие екендігін түсіндірмейді. Әдістемеде жетекші мәселе болып белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу қажет және қандай бағытта жүру керектігі табылады. Сондықтан, оқытудың әдістемелерін практикалық деп табамыз. Ол ешқандайда техникалыққа жатпайды және техникалық пәндерді ғылымға жатқызсақ, онда әдістеме де ғылым емес. Бірақ мұндай жауап бізді қанағаттандыра бермейді, кеме құрылысы, техникалық химия, архитехтура және т. б. Техникалық пәндердің ғылымилығына ешкім күмән келтірмейді. Осыдан ғылымилықты басқа жерлерден іздеу керектігін байқаймыз.
Дөрекі, қарапайым эмпериядан қаншалықты алшақтаған сайын, біз соншалықты техникалық пән шеңберіне енетін нақты құбылыстарды мүшелей аламыз және теортикалық пән мағлұматтарын қаншалықты көп қолдасақ, біздің техникалық пәніміз соншалықты ғылыми бола түседі. Осы бағыттағы көптеген әдістемелер ғылымлығы төмен болып отыр, өйткені олардың көбісі осылай жасадық және жақсы нашар болып шықты, басқаша әрекет еткен едік, жақсы бола бастады деген формулаға сәйкес дөрекі эмперия негізделген еді. Бір ғылымға үйретудің бүкіл процесі, мағлұматтардың осы циклін оқу процесі әлі де толық мүшеленбей отыр, бұл құрамдық элементтердің жекелеп оқытуға мүмкіндік бермейді, оқыту әдістемесімен байланысты ғылымның теориялық ережелері өте аз тартылып отыр.
Қазіргі кезеңде бұл элементтердің эмперияларын оған эксперимент принципін ендіріп рациокалдайды. Екі бірдей топта екі түрлі әдіспен оқытып, ал қалғандарында бұрынғы әдіспен жүргізіп, нәтижелерін салыстыру қолданылуда. мұндай қадамдарды әрине қолдау қажет. Бірақ мұндай эмперия түріне өзіндік кемшіліктер тән. Бір-бірінен айырмашылығы көп, ұқсас емес амалдарды жүзінде тексеру қиын.
Дөрекі эмперизм беделді ғылыми жетістік деп қабылданады. Американдық әдіскерлер немістердің эмпериментальды педагогикасы артынан “эмпериментальды әдістемені ” модаға ендіреді, ол әсіресе тілдерді оқыту саласында орын алады. американдық мектептің қол жеткізген нәрселерін терістемей (мысалы, оқыту психологиясы, Buswell`a және т. б. еңбектері), “экспериментальды” дәлелдеумен бір жинақпен оқыту басқа әдістермен салыстырмалы эмперияның элементталды формасы болып саналады. Ол бірнәрсені түсіндіруі мүмкін, бірақ ештеңені негіздемейді, толық түсіндірмейді.
Сонымен қатар нәтижелерді тексеру таң қаларлықтай болмайды, өйткені американдық педагогтар қолданатын әдісі оқушының жеке тұлғаның ерекшелігін жасырады да, қабылдау жағдайындағы кездейсоқтықтар көрініс бермейді. (бұл кемшіліктерді үлкен сандар әдісі жоя алады, бірақ бұл жерге ол қолданыла алмайды) . “Экспериментальды әдістің” бүкіл әдісі тәжірбиесі жоқ қолда өте жалған шешімдерге әкелуі мүмкін. Ең негізгі қателік “экспериментальды әдістеме” жолыққан кемшіліктерді жоймайды. Ал әдістемелік әр адам бір қатар моменттерден құрылып, біреуі жақсы болса, екіншісі олай болмай, ақырғы нәтиже өздігінен сенімді болғанымен бұл сенімдіктің неге жататыны анықтауға мүмкіндік бермейді. “Экспериментальды” сөзі бұл әдісті ғылыми етеді.
Сонымен, тек осымен қарайтын, тәжірбиелі мамандарға ғана өз ісіндегі эксперименттер үлкен мағынаға иеленеді, бірақ ол басқа мағлұматтармен байланыстырылса ғана. “Экспериментальды әдіс” қатардағы педагогика, немесе маман - психологқа, бірақ пәнді оқытпайтын мұғалімнен басқаларға, шындыққа кілт беретін талисман деп ойлау қауіпті қателік. Мысал үшін ұзаққа барудың қажеті жоқ. Туған тілінде оқыту психологиясы бойынша қызықты мағлұматтарды алған Американдық педагогтар талдамай, талқыламай оны шет тілдерді оқытуда қолданды. Олар лингвист болмағандықтан мұны кешіруге болады, бірақ ол ғылымға жатпайды. Ал іс жүзінде осы әдістемелердің бөліктері біздің әдістемізге ендіріп, ресми бағдарламаларға қосылып, шет тілінде мәнерлі оқуға үйретуге ұсынылған. Сонда оқушы осы әдіспен үйретілетін болса, ол фразаның грамматикалық құрылымымен қалай түсінеді және оның нәтиже үніне алады ма деген сұрақ туындайды. әр білімді лингвинстке ең алдымен айтудың мәнерлігі (фраза интонациясы мен ретимі) осы фразаның мағына қызметі екендігі түсінікті. Формасы бойынша мәнерлік тілдердің айырмашылығын көрсетеді, сондықтан оқушыны дұрыс айтуға үйрету арқылы шет тілін оқытуды дұрыс жолға қоя аламыз.
Оқытылып жатқан құбылыстарды мүшелеу бөліп қарау мағынасындағы оқыту әдістемесі басқа техникамен салыстырғанда, өте төмен дәрежеде тұр. Меніңше ғылымилықтың басқа белгісінің жағдайы дұрыс сияқты: барлық оқыту әдістемесі қосымша болып табылатын басқа ғылымның теоретикалық мағлұматтардан қолдану қажет. Мұндай ғылымдарға ең алдымен дидактика жатады, ол өзі де практикалық пән, содан соң психология.
Басқа ғылымдардың ережелері әр түрлі пәндердің оқытушы әдіскерлермен кеңінен қолдануы сөзсіз. Дидактикалық өзі жарық зерделенбеген ғылым болғандықтан және психлогиялық жағдайда жарқырап тұрмағандықтан оқыту әдістемесі өз ізденістерінде осы ғылымдардың дұрыс мағлұматтарына сүйене алмайды.
Нәтижесінде, оқыту әдістеменің төмен сатыда тұрғынды ғана оның практикалық пән болғандығы емес, ол практикалық пәндерді ғылыми ететін нәрсе аз болғандығы себеп болып отыр.
Элементарлы эксперизм оқыту әдістемесіне салмақ түсіріп, өздігінен анти ғылыми емес, өйткені барлық ғылым дөрекі эмперия негізінде туындайды. (мысалы алхимия), кей бірде ол әрі қарай иеленуші күш болады. (мысалы әр түрлі дәрілерді қолданып тексеру) ; бірақ осы ғылым қаншалықты дамыған болса, қолданып көрелік формуласына қарағанда саналы құрылған экспериментке жол беріледі, яғни жасанды дараланған құбылысқа көп мән берілмейді
Бұл пәнді оқыту әдістемесі мен дидактика арасындағы қатынастарды терең ойласақ, онда іс жүзінде ерекше пән ретінде ешқашан оқыту болмайды екен: бұл дидактика бірақ ол белгілі бір материалға ғана қолданады. Шын мәнінде дидактикаға толығымен әдістеме үшін ерекше міндетті көз алдымызға елестете алмаймыз. Тек жалпы дидактика және жеке дидактика жайлы ғана айтуға болады., әр оқыту әдстемесі жеке дидактиканың бөлігі болып табылады. Тілдерді оқыту әдістемесінің ең ірі өкілі Эрнст Отто (Ernst Otto) өзінің “Methodik and Didaktik les neusprachlichen Vnterricdhts” кітабы деп атады. Мәселе оның атауында емес, бірақ шет тілін оқытуды әңгімелескенімізде осы факт шет тілін оқытуды ғылыми пән ретінде қарауға мүмкіндік береді. Сол кезде оның психология мен байланысы айқын көрінеді, өйткені теоретикалық пән ретінде психологиямен байланыстылығы тығыз.
Басқа ғылыми пәндерден байланыстылығы бойныша шет тілдерді оқыту әдістемесі ерекше орынға ие. Мысалы физиканы оқыту әдістемесі мен физика ғылымының байланысы мен шет тілдерді оқыту мен тілдер ғылымымен байланысы екі түрлі нәрсе. Іс жүзінде ауыз екі әдістемесінің бірі бір құбылыстардың ғылыми білімін сіңіруді әңгімелейді, ал шет тілдерді оқыту әдістемесінде тілдерді ғылыми түрде білу емес, тіл ғылымын игеруде емес, бұл игеруді құбылыс заңдарына тәуелсіз әлеуметтік құбылысты игеру болып отыр. Физиканы оқыған адам физик болады. Ал ағылшын тілін оқыған адам мүдделі линегвист болмайды, ол англистте болмайды. Англист болу үшінде ағылшын тілін ауыз екі білу жеткіліксіз. Ол үшін теоретикалық лингвистикалық, игеру механизмін білу қажет.
Тіл құбылыстарын басқаратын заңдар, физиканы басқаратын құбылыстарға қарағанда шынайы емес деу теріс. Бұл заңдарды білу физика мен химияны оқыту пәні, ал тілді үйрету заңдарды білуге емес әрекеттерді игеруге негізделген, яғни адамдардың бір ұжымыдық қызметіне үйренеді. Осы жерде физик - әдіскер, химик әдіскер мен тіл үйрету әдістері арасындағы едәуір айырмашылық бар. Сондықтан ағылшын тілі - әдіскері ағылшын тілін білу мен қатар толыққанды лингвист - теоретик болуы тиіс. Өкінішке орай біздің көптеген мамандар табиғи ағылшын мен табиғат француз тілін игеру тіл үйретуші мұғалім болуға жарайды деп санайды. Бұл тілді гувернаткадан үйренетін кезеңнің сарқыншағы. Ал іс жүзінде білімді лингвист ағылшын тілін туған тіліндей білетін адамнан артық. Қандайда бір іс әрекетке үйрену кезеңде оны өзің істей алумен қатар оның механизмін түсіну қажет. Музыкалық құралға үйрену кезінде, музыкалық аспапта осылай алумен қатар, қандайда бір нәтижені алу үшін не істеу керектігін білуі тиіс: виртиоздар көбінде нашар мұғалім, ал жақсы нашар виртиоз болады. Өкінішке орай психо - әлеуметтік салада ол қылықтар көп тілді саласында оның ішінде мәнерлі оқытуды үйрету саласындағы жеңісті тұстарды сөз етуге болады. Бұл лингвистканың дамыған гуманитарлы ғылымы болып отырғандығы нәтижесінде.
Осылай біз мынадай маңызды қорытындыға келеміз, шет тілдерді оқыту әдістемесі басқа әдістемелерге қарағанда психология ғылымының жетістіктерімен қолдануымен қатар, жалпы немесе теоретикалық тіл білімі ғылымының жетістіктерін қолданады. Бұл әдістенің ғылыми дәрежесін көтеру мен қатар әдістеменің дидактикадан бөлініп қолданбалы сала ретінде жалпы тіл білімінің техникалық қосымшасы болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz