ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ЖОБАЛАУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 219 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

білім және ғылым министрлігі

М. Х. Дулати атындағы

Тараз мемлекеттік университеті

Б. Ү. Үсенбаев

ҒИМАРАТТАР МЕН

ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ

ЖАҢҒЫРТУДЫ ЖОБАЛАУ

Техникалық жоғарғы оқу орындары

білімгерлеріне арналған оқу құралы

«Тараз университеті»

баспасы

Тараз, 2012

ӘОЖ 626/627

КБЖ 22. 253

У 69

Үсенбаев Б. Ү., Иманбердиева Ж. Т.

Ғимараттар мен құрылымдарды қайта жаңғырту. Оқу құралы. - Тараз. Тараз университеті, 2012. - 155 б.

ISBN 9965-37-038-9

Пікір жазғандар:

Әлімбаев Б. Ә. - техника ғылымдарының докторы, профессор

М. Х. Дулати атындағы ТарМУ;

Сұлтанаев К. Т. - техника ғылымдарының кандидаты, доцент

М. Х. Дулати атындағы ТарМУ.

Оқу құралында "Ғимараттар мен құрылымдарды зерттеу және қайта жаңғырту" курсының негізгі міндеті, қайта жаңғыруды жобалаудағы және тұрғын, қоғамдық, өндірістік ғимараттар мен құрылымдарды казіргі заманды материалдарды, конструкцияларды, технологияларды, машина және механизмдерді пайдала отырып, өз ерекшеліктеріне байланысты, күшейтудің, құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізудің тәсілдері мен әдістерін білімгерлерге жеткізіп үйрету.

Оқу құралы «Құрылыс» «Сәулет» мамандықтарының білімгерлері үшін дайындалған. Оқу құралы, «Ғимараттар мен құрылымдарды қайта жаңғырту» курсы бағдарламасына (силлабус) енген барлық сұрақтар қамтылған, кезектілікпен берілген 12 тараудан тұрады.

КБЖ 22. 253

М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дің Ғылыми кеңесінің мәжілісінде қаралып баспадан шығаруға ұы\сынылған (хаттама №4, 15. 12. 2012 ж. ) .

ISBN 9965-37-038-9

© Усенбаев Б. ., Иманбердиева Ж. Т., 2012

© М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, 2012

АЛҒЫ СӨЗ

Құрылыс индустриясын дамытудың жаңа бағыттарында соңғы жылдары жоғары білікті мамандар дайындау бағдарламаларына көптеген маңызды өзгерістер енгізіліп отыр. Осыған байланысты ғимараттар мен құрылымдарды жаңғыртуды жобалау мақсатында білімгерлерге тыңғылықты білім беруді көздеп, осы оқулықты "Ғимараттар мен құрылымдарды зерттеу және қайта жаңғырту" пәні негізінде жаңғыртуды жобалау мысалдарын бере отырып, оның практикалық қолдану өрісін кеңейту мақсатында мазмұнын тереңдету көзделіп дайындалған.

Оқулық құрамына ҚР-ҚНжЕ 2. 01-26-2011" . . . " талаптарына сай сәйкес өзгертулер енгізілген

Жалпы құрылыс саласында, ғимараттарды қайта жаңғыру ең бір магистралды бағыттардың бірі болып табылады. Оның көлемі жылдан жылға үздіксіз ұлғайып келеді. Ғимараттарды қайта жаңғыру, жаңа құрылыс нысандарын салуға қарағанда, жобалауда және құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізгенде, өзіне тән ерекшеліктері көп болғандықтан, бұл бағытта жұмыс жасайтын инженерлік мамандарды арнаулы дайындайтын қажеттілік туындайды.

"Ғимараттар мен құрылымдарды зерттеу және қайта жаңғырту" курсы комплексті мазмұнда болып, "Ғимараттар және кала құрылысы сәулеті", "Тас және теміртас конструкциялары", "Бетон және темірбетон конструкциялары", "Метал конструкциялары", "Ағаш және пластмасса конструкциялары", "Негіздер мен іргетастар", "Құрылыс өндірісі технологиясы", " Құрылыс өндірісін жоспарлау мен ұйымдастыру", "Құрылыс экономикасы" сияқты профильді пәндерге негізделеді.

Қазіргі кезде, қазақ тілінде оқитын студент жастар орыс тілінде жазылған оқулықтар мен оқу құралдарын пайдаланып даярланады, ал құрылыс мамандығы бойынша қазақ тілінде жазылған оқулықтар жоқтың қасы. Сол себепті ұсынылып отырған оқу құралы - қазақ тілінде оқитын жастар мен инженер мамандары үшін керекті құрал.

"Ғимараттар мен құрылымдарды зерттеу және қайта жаңғырту" курсының негізгі міндеті, қайта жаңғыруды жобалаудағы және тұрғын, қоғамдық, өндірістік ғимараттар мен құрылымдарды казіргі заманды материалдарды, конструкцияларды, технологияларды, машина және механизмдерді пайдала отырып, өз ерекшеліктеріне байланысты, құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізудің тәсілдері мен әдістерін білімгерлерге жеткізіп үйрету.

Пәнді оқып үйренудегі бағытта қайта жаңғыру мәселелері, оларды жүргізудің ретіне байланысты, мынадай ретпен беріліп отыр: 1) қайта жаңғыру қажеттілігін негіздеу; 2) жобалау үшін қажетті деректерді жинап зерттеулерді жүргізу, техникалық жағдайын бағалау; 3) қайта жаңғыруды жобалауға конструктивтік шешімдер қабылдау; 4) қайта жаңғырудың технологиясы, ұйымдастырылуы мен басқаруы және экономикасы.

Бұл оқулықта инженерлік құрылымдар мен коммуникацияларды қайта жаңғырту мәселелері қаралмаған.

Өндіріс орындарын қайта жабдықтау және жаңғыру кезінде, қосымша жаңа өндірістік ғимараттар, қоймалар және тағы басқа қосалқы нысандарды салу қажеттілігі туындайды. Мұндай нысандарды салудың кәдімгі жаңа құрылыс кешендерін тұрғызудан айтарлықтай ерекшелігі болмағандықтан, бұл оқулық көлемінде олар қарастырылмаған.

Болашақта, оқулықты қайта өңдеп толықтыру кезінде, ғимараттар мен құрылымдарды қайта жаңғырудағы жобалық - сметалық құжаттарды дайындау, құрылыс монтаж - жұмыстарын жүргізу және олардың технологиясы мен ұйымдастырылуы мәселелерін қарастыру көзделіп отыр.

Оқулықтың толық мазмұны әр жылдары пайдаланып келген лекциялар курсына сай және авторлары А. Л. Шагин, Ю. В. Бондаренко, Д. Ф. Гончаренко, В. Б. Гончаров «Ғимараттар мен құрылымдарды қайта жаңғырту» оқу құралын М. «Высшая школа» 1991 ж. негізге ала отырып дайындалған.


КIРІCПЕ

Ғимарат құрылысы қазіргі кезде ең басты даму этаптарының біріне айналды. Оған дәлел еліміздегі және шет елдердегі құрылыс объектілерінің әр түрлі деңгейде көптеп салынуы. Соның ішінде тұрғын үйлер, түрлі саладағы өндірістік ғимараттар, спорттық және мәдени-сауықтыру комплекстері, көптеген ірі көрме залдары, аэропорттар, теңіз порттары, темір жол және автовокзалдар, әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар т. б. Құрылыстың мұндай қарқындылығы дамыған және дамушы елдерде қарыштап дамып келеді.

Қазақстан Үкіметі 2010 жылғы 8 қыркүйектегі отырыста 2010-2014 жылдарға арналған құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын өндіру бағдарламасының жобасын мақұлдады. Аталмыш бағдарламаны орындау нәтижесінде 2014 жылы Қазақстанда ішкі нарықтың талабы 80 пайызға өсіп отандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әлеуметтік-тұрмыстық құрылысы дамуына ерекше көңіл бөлінуінде.

Қазақстанда көптеген ірі кәсіпорындардың салынуына, күрделі құрылыстың жүруіне сәулетшілер мен құрылысшылардың үлесі зор. Күрделі құрылысқа Қазақстан Республикасында өте мол қаржы жұмсалады. Бұл қаржыларды ұтымды пайдалану, негізгі қорлардың сапалық құрылымын одан әрі жақсарту және өндірістік қуаттарды барынша игеріп іске қосу. Құрылыс мерзімін елеулі түрде қысқартып, құнын кеміту - құрысшылар мен сәлетшілердің алдына қойылып отырған маңызды міндеті.

Еліміздің экономикасын өркендетудің бағдарламасын іске қосу, материалдық өндірістің барлық сапасының дамуы, халық шаруашылығын белгілі нәтижеге келтіру күрделі құрылыстың қарқындылығы мен сапасына байланысты. Бұл міндетті ойдағыдай шешу үшін күрделі қаржыны, шикізат және еңбек шығымын азайту, индустрияландыру дәрежесін арттыру, құрылысты жоспарлау мен ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс өндірісі технологиясын жетілдіру қажет. Аталған талаптарды іске асыруда жоғары оқу орындарының үлесі мол. Бүгінгі күнде жоғарғы оқу орындарының алдына қойылған жауапты міндет - білікті мамандарды даярлау.

Бұл дипломдық жобада жобаланатын әкімшілік ғимарат - “Тараз қаласындағы Бизнес орталығы”. Яғни, мұндай құрылыстар салу арқылы біз өлкеміздің көркеюіне, көптеген жұмыс орындарының ашылуына және жеке кәсіпкерлердің жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызамыз.

Күрделі құрылыс жүргізу мемлекет экономикасында өте маңызды орын алып отыр. Қазіргі таңда республикамыздың бірнеше қала, аудандарында үлкен масштабта құрылыс жүргізіліп жатыр. Бұның өзі ел экономикасының қарыштап дамып келе жатқанның белгісі. Ел басымыздың жолдауындағы дамыған елу елдің қатарына ену стратегиясына орай Қазақстанның барлық аймақтарында салынып немесе күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі заман талаптарына сай әлеуметтік-тұрмыстық құрылыс саласы кеңінен өркендеуде.

Құрылыс дегеніміз, жаңадан құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған негізгі фондтарда үлкейтумен және қайта жаңғыртумен қамтамасыз ететін, халық шаруашылығының жетекші саласы болып табылады.

Бүкіл халықтың материалдық мәдени деңгейлердің көтерілуіне, еңбек өніміділігінің артуына, өндірістің барлық салаларының дамуына, күрделі құрылыс саласының қосар үлесі зор.

Қазіргі заманғы құрылыс дегеніміз, бір-бірімен үйлесіп жатқан әртүрлі күрделі жұмыс комплексі. Уақытты үнемдеу шарттарын орындау үшін жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру деңгейін көтеру қазіргі күн талабында тұрған мәселе.

Ғимараттар, тұрғын үйлер, инженерлік ауылшаруашылық құрылыстар салуды ұйымдастырудың тиімді жолы - құрылысты кешенді әдіспен және технологиялық ретімен жүргізу. Жұмысты бұлай ұйымдастырудың негізгі ережелерімен нормалардың біріңғай жүйесі, жұмысты ұйымдастыруды жобалау, құрылысты жоспарлау және басқару болып табылады.

Жұмыс көлемдерінің ұлғаюы, объектілердің күрделенуі, жұмысты тосқынды әдістермен орындауды үлкен жетілдіруді талап етеді.

Соғылатын комплекстердің немесе жеке объектілердің көлемдерінің қуаттарының ұлғаюы, құрылыстың соғылуының жоғары болуына, соғылу мерзімінің кішіреюіне, қойылатын талаптардың өсуіне, үйлердің жинақтық деңгейінің көтерілуіне, құрылыс ұйымдарының жоғарғы өнімді машина механизмдермен жабдықталуын, құрылысқа жеке мамандандырылған құрылыс мекемелерінің көптеп таралуын, құрылыс өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру деңгейін көтеруді талап етеді.

Салынатын әлеуметтік-тұрмыстық құрылыс ерекшелігіне қарай құрас­тыру жұмыстарының көлемін, орындау тәсілдерін және жұмыс кезеңінде қолданылатын құрастырушы механизмдері мен құралдарды анықтап отыратын жан-жақты көлемдік-жоспарлы және құралымдық шешімдері болады.

Құрастыру жұмыстарын жетекші процесс ретінде үздіксіз, бірқалыпты орындап отыру - құрастыру пpoцeciн тиімді ұйымдастырудың негізгі принципі болып табылады, үймереттерді құрастырудың тасқынды әдісі кешенді құрастыру процесін бөлшектеп жіберу негізінде және жекелеген құрастыру звенолары мен механизмдер арқылы жүзеге асырылады. Алдын ала қалыптасқан жағдайға орай белгілі бір уақыт ішінде механизмдермен белгілі бip жұмыс мөлшері орындалады, түрлі құрас­тыру және жалпы құрылыс жұмыстары біріктіріліп атқарылады.

Құрастыру әдісін таңдамас бұрын көлемдік-жоспарлық шешімдерге талдау жасалады, үймерет үлгісінің статискалық жұмысы терең анықталады. Құрамалы құралым элементтерін жобаға сәйкес орнату үшін құрастырушы крандарын талапқа сай ор­наластыру алдын ала қарастырылады.

Құрамалы құралымдарды құрастыру тәсілдері көтергіш-құрастыру қондырғыларының қолданылуына, көтерер алдында құра­малы бөлшектердің немесе блоктардың жобаға сай орналасуына, құрастыру процестерін дамыту бағытына, төмен жатқан тірек құралымдарының бағыттау, орналастыру әдістеріне қарай белгіленеді. Барлық жағдайда да кез келген тәсілді қолдану барысында құралымдар дәлме-дәл орнатылып, үймереттердің беріктігі толық қамтамасыз етілуі қажет.

Әлеуметтік-тұрмыстық ғимараты белгілі бір технологиялық жүйемен салынады, бұл жүйе технологиялық жабдықтарды күні бұрын құрастыруды қамтамасыз ету ушін салынатын объектілердің көлемдік-жоспарлық және құралымдық шешімдеріне және пайдалануға берудің кезегіне қарай белгіленеді.

Үймереттердің жер үсті бөлігін салу кезінде құрамалы болат құралымдарын құрастыру жұмыстары жетекші процесс болып табылады. Құрастыру жұмыстарын тиімді жүргізудің бірден-бір жолы - бұл жұмысты басқа да құрылыс процестерімен байланыстыра жүргізу (шатырды жабу, электр және санитарлық-техникалық жұмыстарды жүргізу, технологиялық жабдықтарды құрастыру; еден және әрлеу жұмыстарын жүргізу) .

Құралым бөлшектерін құрастыру орнына жеткізіп тұруға байланысты құрастыру орнында элементтерді алдын ала орналастырудың әртүрлі әдістері құрастырушы краны жұмыс істейтін аймақта және жылжымалы тасымал құралдардан құрастыру тәсілдері белгіленіп, тағайындалады.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылап, жобаланатын әлеуметтік-тұрмыстық ғимарат құрылысының жобасын жасап, қаңқа элементтерін есептеп - жобалап және онының жинақтау жұмыстарын дипломдық жобада көрсетеміз.

Біз экономикасы тез дамып келе жатқан елде, Қазақстанда тұрамыз! Еліміздің қалалары, әсіресе ел ордасы - Астана мен Алматы гүлденіп, көркемденуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. 2030жылға қарай құрылыс саласын өзінің шыңына жету үшін құылыстың жетілуін, капиталды шығындардың көтерілуін, құрылыс уақытының қысқаруын, сонымен бірге сапалы болуын қамтамасыз ету керек. Бұл себепті құралатын және қайта құралатын ғимараттардың жобаларын ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере отырып, неғұрлым аз уақытта жасау керек. Оларды іске асырғанда ғимараттар тұрғын, қоғамдық ғимараттар мен үймереттер техникалық озық болу керек және қазіргі заманғы халықаралық талаптарға жауап беру керек.

Қазіргі өміріміз де шетелдік өмір салтына ұқсас. Өмір қарқындылығы бізді күннен күнге техника мен технология ғажайыптарына жақындатуда. Автокөлік те қазіргі заманда ең негізгі қажеттіліктердің біріне айналды.

Қаламыздағы тұрғындардың ¾ бөлігінде жеке автокөліктері бар, кейбіреулерінде екі-үшеуден. Осыған байланысты автокөліктерді жөндеу, жуу, диагностика жасау жұмыстары дамуда.

Құрылыстың техника-экономикалық деңгейін елеулі жоғарылату, құрылыс өндірісін біріңғай индустриялы процеске айналдыру, сапаны жоғарылату және құрылыс объектілерінің, құрылымдардың құнын төмендету, құрылыс мерзімін қысқарту және өндірістің қуаттылығын жоғарылату керек. Бұл мәселелер ғылыми-техникалық процесті жылдамдату негізінде және құрылысқа күрделі қаржы бөлудің тиімділігін, құрылыс жұмыстарын одан әрі индустрияландыруды, құрылыс өндірісін ұйымдастыруды жақсартуды, жобалық-сметалық жұмыстарды жетілдіруді қамтамасыз ететін қорлардың табылуы негізінде шешілуі тиіс. Құрылыс өндірісін ұйымдастыруды жақсартуға шаруашылық механизмдерді жетілдіруге және құрылыс кешенін басқаруға индустриялық әдістерді енгізуге, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау құрылыстағы технологиялық тәртіпті ұйымдастыру жұмыстарын ұйымдастыру жобаларын енгізу міндеттілігін, объектілерді, құрылымдарды мөлшерлі уақыт мерзімінде қамтамасыз етуге, құрылыс өнімдерінің сапасын жоғарылатуға ерекше мән беру керек. Кез-келген құрылыс процесінде уақытылы дер кезінде табылған кемістіктерді жоюға жұмсалған шығындарды қоса есептегендегі жалпы шығынның ең аз мөлшеріне ұмтылуға тура келеді.

Өзімнің дипломдық жұмысымның тақырыбын бұл мәселеге сәйкес алған себебім де осында.

Дипломдық жұмысым «Техника жөндеу орталығы ғимараты» автокөліктер жұмыстарын орындайтын орталық болып табылады. Сонымен қатар келген адамдарға ыңғайластырып, ішінде автокөлік жуу да бар. Ал жоғарғы қабаттарда тұтынушылардың уақытын үнемдеу үшін арнайы асхана және де демалыс үшін қонақ үй бөлмелері ескерілген.

Дипломдық жұмысым, негізі, қазіргі заманның экономикалық, қажеттілік талаптарын және ғылымның жаңа жетістіктеріне сай келеді деп ойлаймын.

Ғимараттарды қайта жаңғырту дегеніміз - олардың функционалды тағайынын түбегейлі, жарым- жартылай өзгерту, олардың көлемдік-пландық және конструктивтік шешімдерін, аймағын көріктендіруді, айбаттандыруды нормаларға сәйкестендіру қажеттлігін шешу. Яғни ғимараттың негізгі техникалық - экономикалық көрсеткіштерін өзгерту болып табылатын шаралар комплексін айтамыз.

Қайта жаңғыру өндірістік және азаматтық ғимарат нысандарына, қала, ауыл, аймақтарына, аудандарына немесе жергілікті орынға, тұғын массивтеріне, әлеуметтік және тұрғын комплекстерге, мәдени және демалыс орталықтарына, өндіріс және жұмыс орындарына техникалық өзгеріс жасауда жүргізіледі (пайдаланып жүрген көлемін немесе ауқымын, сыйымдылығын, өткізу қабілеттілігін арттыру) . Ғимараттың қайтадан жаңғыртылуы, қажеттілік туған жағдайда, конструкцияларды күшейту немесе құрылымдарды қалпына келтіру шараларымен бірге жүреді. Нақтылап айтса, ғимараттар үшін пландық өзгерістер, көлемдік өзгерітер, ғимараттарды күшейту, конструкцияларды алмастыру, қабат санын кеміту немесе өсіру, қасбеттерді жаңғыру жұмыстары жүргізіледі.

1993 жылдан бастап біздің елімізде инвестициялық және әлеуметтік саясат пен ақуалдың күрт өзгеруіне байланысты ғимараттарды қайта жаңғыртуға курделі қаражат бөлу тез өсті.

Бұл өндірісті өзгерту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа өнімдер шығару ж. т. б. қажет етті. Бұлай болу себебі жаңа құрылысқа қарағанда ғимараттарды қайта жаңғыртуға:

-күрделі қаражаттың аз жұмсалуы,

-шығынның қайырымы 2-2, 5 есе жылдам болуы,

- құрылыс мерзімінің кететін уақытының 1, 5-2 есе аз болуы үлкен әсер етті.

Алдымызда жоспарланып отырған мақсаттар бойынша, ғимараттарды қайта жаңғырудың үлесі жалпы азаматтық және өніндірістік құрылыстың жартысынан кем болмайтындай болып, жоспарланып отыр.

Бүгінгі қалыптасып отырған тұрғын үйлердің өте зәрулігі, салынған ғимараттырдың тозу дәрежесінің жоғары болуы, олардың жекешеленіп кетуі және инженерлік құрылымдардың түгелдей дерлік ескіруі, оларды қайта жаңғыруға едәуір қаржы бөлуге мәжбүрлеп отыр. Бұл әсіресе 1960-1980 жылдары салынған ғимараттарға қатысты және олардың үлесі жалпы құрылыс көлемінің көп бөлігі болғандықтан. Әсіресе, аталған ғимараттардың соңғы қабылданған нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмеуі.

Ғимараттарды қайта жаңғыру комплексті мазмұнда болуы қажет-олар, қалалармен тұрғын аймақтардың, өндіріс орындарының ұзақ мерзімді даму бас жоспарымен тығыз байланыста болуы қажет.

Жалпы алғанда ғимараттарды қайта жаңғыру кезінде құрылысты жүргізу көбінде, қолайсыз сығылыстық жағдайда жүргізіледі. Бұл машина мен механизмдерді оптималды пайдалануға, құрылыс материалдарын жинақтау және олардың нормативтік қорын жасауға мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан бұл күрделі мәселе болып ғимараттарды қайта жаңғырудың, жалпы құрылысқа қарағанда, өзіндік ерекшелігі барын көрсетеді. Тіпті кейде, көтергіш механизмдерді, крандарды қолдану және жалпы индустриалды - конструктивтік шешімдерді пайдалану мүмкіндігі жағдайы болмайды. Сондықтан аталған қиындықтарды шешу үшін көптеген тың ұсыныстар мен шешімдер, жаңа типті және берік құрылыс материалдарын пайдалану және тағы басқа ұсыныстармен әдістерді табуға тура келеді. Бұл да бір ғимараттарды қайта жаңғырудың өзіндік қиындығы мен ерекшелігі болып табылады.

Ғимараттарды қайта жаңғыру олардың пайдалану көрсеткіштерін жоғарылату, көтергіш конструкцияларын күшейту және алмастыру мен тығыз байланысты. Аталған жұмыстар әр туындалған мәселеге арнаулы шешімдер мен әдістер қабылдауға әкеліп тірейді және бұл жаңа құрылысқа қарағандағы оның ерекшелігі болады.

Өндісістік ғимараттарды қайта жаңғыру кезінде қосымша өте күрделі қиындықтар туындайды. Себебі бұл өндірісті тоқтатуға, соған байланысты үлкен шығынға ұшырауға әкеліп соғады. Сол себепті өндісістік ғимараттарды қайта жаңғыру кезінде, мейлінше өндірісті тоқтатпауды қөздеу қажет. Бұл үшін арнаулы күшейту әдістерін пайдалану қажет, конструкцияларды бұзу және монтаждау жұмыстары ерекше жоспарлану керек және т. б.

Біздің тәуелсіздікке қолы жеткен жас Қазақстан Республикасы экономика саласында көптеген табыстарға қолы жетті. 20 жылдан астам уақытта Қазақстан Республикасы біріккен ұлттар ұйымының толық мүшесі болып, көптеген мемлекеттер мен саяси қатынастар жасап отыр. Дұрыс ұстаған саясаты арқасында, Қазақстан Республикасы ТМД елдер ортасында ең бірінші нарықтық қатынас орнатылған ел болып танылды.

Қазақстан Республикасы үшін ғимараттарды қайта жаңғырудың алатын орны ерекше. Қазақстанның алдыңғы қатарлы, өндірісі дамыған, ауыл шаруашылығы мол өнім өндіріп және оны өңдей алатын өндірістік мемлекеттер арасынан орын алуы үшін, көптеген зауыттар мен өндіріс орындарын, гидротехникалық құрылыстарды салу немесе кайта жаңғыру керек. Бұған тек темірбетон конструкцияларын түрлерін, металл және ағаш конструкцияларын, соңғы үлгідегі технологияларды пайдалана отырып пластмасса және пластикалық бұйымдарды құрылыста көптеп пайдалану арқылы, Республика ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді конструктивті шешімдерді іс жүзінде қолдану арқылы қол жеткізуге болады.


І БӨЛІМ

ҒИМАРАТТЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДЫҢ, ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚАЛАҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ СӘУЛЕТТІК НЕГІЗДЕРІ

1 тарау

ТҰРҒЫН ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҒИМАРАТТАРДЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ

1. 1. Ғимаратты қайта жаңғырудың, әлеуметтік - экономикалық, қалақұрылыстық және сәулеттік мәселелерді шешудегі ролі

Жалпы құрылыс үлесінде қалалық және ауылдық құрылымдардағы тұрғын және қоғамдық ғимараттардың көлемі күн өткен сайын өзгеріп келеді. Олардың түрі, типтік шешімдері, пәтерлердің жобалану ерекшеліктері жылдар өткен сайын өзгеріп отырғандықтан, жалпы түбегейлі, тіпті принципиалды ерекшеліктердің пайда болуымен сипатталады.

Түрлі елді мекендер аумағында тұрғын үйлердің үлесі шамамен пайыз бойынша мынадай болып келеді:

Ірі және аса ірі қалалар (тұрғыны 500 мыңнан аса) . . . 35

Үлкен қалалар (тұрғыны 100 мыңнан аса) . . . 27

Орташа қалалар (тұрғыны 100 мыңнан аса) . . . 10

Кіші қалалар . . . 28

Салыну мерзімі бойынша тұрғын үйлер үлесі пайыз мөлшерімен мынадай болып келеді:

Өткен ғасырдың бірінші жартысы . . . 30

Екінші жартысынан бүгінге дейін . . . 70

Салынған тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жобалық шешімдері салынған жылдарына байлынысты мынадай үлестермен ерекшелінеді, өткен ғасырдың екінші жартысынан бүгінге дейінгі ғимараттардың типтік жобамен салынғандары шамамен 40% құрайды, қалғандары жеке тұрғын үйлермен арнаулы жобамен салынған қоғамдық ғимараттар.

Типтік жобамен салынған ғимараттардың көбісі дерлік шамамен 100 жылдық мерзіммен пайдалануды көздейді. Әсіресе олардың ішінде ірі панелді ғимараттардың өзіндік үлесі жоғары және шамамен 35% құрайды. Жеке тұрғын үйлер мен арнаулы жобамен салынған қоғамдық ғимараттардың пайдалану мерзімі, олардың негізгі конструктивтік шешіміне тікелей байланысты. Әсіресе олардың ішінде жергілікті құрылыс материалдарын қолданып салынған жеке тұрғын үйлердің пайдалану мерзімі төмен және шамамен 35-40 жылды құрайды.

1. 1. 1. Ғимаратты қайта жаңғырудың, зерттеудің, сынаудың міндеттері. Оларды классификациялау

1. 1. 2. Қоғамдық және тұрғын ғимаратты қайта жаңғыру, зерттеу, сынау. Оларды классификациялау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс объектілерінің жіктелуі
Ғимараттың класы класс
Стандарттың негізі - баланың әлеуметтік және отбасылық тәрбиесін оңтайлы үйлестіру идеясы
Тау-кен жұмыстарын жер асты тәсілімен жүргізу
Кәсіпорындарда ақпараттық жүйелерді енгізу
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті
Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі
Құрылыс құралымдарын құрастыруға арналған нұсқаулар
Өнеркәсіптік ғимараттың темір - бетон фермаларын қайта құру технологиясы
Азаматтық ғимараттардың сәулеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz