Қазақ елінің мәдени мұрасы


Шымкент қаласы
физика - математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазақстан тарихы (ҚӘҚ)
Курстық жұмыс
Бөлімі: Мәдени өрлеу
Тақырып: Қазақ елінің мәдени мұрасы
Тақырыпша: «Мәдени Мұра» бағдарламасы еліміздің тарихи-мәдени дамуына қаншалықты үлес қосты?
(сөз саны 2892 )
Орындаған: Кабулова Аружан Ахметжанқызы
(қолы)
Жетекші: Сүлейменова Гүлжамила Марқабайқызы
(қолы)
Ішкі модератор
(аты-жөні, қолы)
Шымкент 2019 жыл
МазмұныКіріспе 2
Негізгі бөлім 3
А) Зерттеу сұрақтары 4
B) Зерттеу әдісі 8
С) Зерттеу қортындысы 9
D) Бағалау 11
Қорытынды бөлім 13
Пайдаланылған ресурстар тізімі: 14
Кіріспе
Тарих әрбір елдің құраушы элементтерінің бірі болып табылады. Тарихты білу және оған қызығушылықты көрсету әрбір адамның міндеті болуы тиіс. Қазақстан мемлекетінде еліміздің тарихы үлкен орын алады, сол себепті әрбір азамат Қазақ елінің тарихын баға жетпес қазына ретінде санайды. Осыған сүйене отырып, елімізде тарихи-мәдени саланың өрлеуіне үлесін қосу мақсатанда көптеген реформалар мен бағдарламаларды шығаруда және олардың жұмысын қадағалауда. Жобалардың арасында еліміздің тарихи-мәдени дамуына көп үлес қосқан «Мәдени Мұра» бағдарламасы да бар.
Менің бұл тақырыпқа тоқталуыма бірнеше жағдайлар әсер етті. Біріншіден, аталмыш жобаның бір уақытта бірнеше саланың дамуын қадағалайтыны, яғни «Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақ елінің рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік салаларда дамуына ат салысады. Бұл бағдарлама осы заманға сәйкес қазақ азаматтарының ғылым және білім салаларында жеткен жетістіктерін де, елімізде тіл мен ұлттық мәдениетке назар аударылып жатқан жобаларды да зерттейді. Екіншіден, «Мәдени мұра» бағдарламасының жұмыс істеп келе жатқан мерзімі және оның жетістіктері мені қызықтырды. 20 жылға жуық жұмыс атқарған жоба елімізге көптеген пайда әкелді және жоба барысында өткен заманда ата-бабаларымыз қалдырған көптеген қазына табылды. Бағдарлама мемлекет жағынан қолдау тапса, осы секілді ашылулар болашақта әлі өз орнын табады. Үшіншіден, Елбасының жолдауларында және «Қазақстан 2050» секілді ірі жобаларда әрбір қазақ азаматының өз тарихын білуі міндетті болып саналады. Сол себепті, осы тақырыпқа зерттеу жұмысын жүргіздім.
Қазіргі таңда тақырып өзекті мәселлердің бірі болып табылады. Елімізде қабылданған ұзақ мерзімді бағдарламларда тарихи-мәдени өрлеуге басым түрде назар аударады. Жыл сайын Қазақстанда осы тақырыпқа қатысты жиналыстар мен конференциялардың өтуін байқауға болады және мектеп оқушыларын «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында тарихи жерлер мен мұражайларға экскурсия жүргізуде. Үкімет пен жеке кәсіпкерлердің қолдауы арқылы археологиялық жұмыстар, тарихи зерттеулер жүргізілуде.
Менің курстық жұмысым мынадай зерттеу сұрақтарды енгізді:
- Мемлекет тұрғындарының «Мәдени Мұра» бағдарламасы жайлы ақпараттандырылуын сауалнамалар арқылы анықтау;
- «Мәдени Мұра» бағдарламасы арқылы жетілген белестерді анықтау;
- Аталмыш бағдарламаның ел тұрғындарының тарих жайлы біліміне әсері жайлы зерттеу;
- Бағдарламаны дамыту мен көркейтуге арналған жолдарды ұсыну.
Негізгі бөлім
А) Зерттеу сұрақтары
2004 жылы бастамасын алған «Мәдени Мұра» бағдарламасы еліміздің зерделі қазыналарының бірі болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы мемлекет тұрғындарының тек Қазақ еліның тарихын ғана емес, мәдениет пен өзге салаларында да білімі көбейе бастады. Одан бөлек, жасалып жатқан іс-шаралардың бәрі қазақ ұлтының тұтастығын сақтап қалу мақсатында жасалынып жатыр.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан іс-шараларда басты рөлді Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы атқарады, себебі бұл жерде бағдарламаға қатысты барлық кітаптарды табуға болады және жобаның ішіндегі құнды материалдар осы кітапханада саөталуда. Кітаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 158 «2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Жарлығына және Комитеттің бұйрығына сәйкес қабылданған. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 94 ақпараты мен мұрағаты ретінде қабылданды.
Жетістіктердің арасына «Мәдени мұра» бағдарламасына арнап жасалған ғаламтордағы веб-портал болып табылады. Өйткені технологиялар шарықтаған уақытта бұл интернет парақша қарапайым халықтың бағдарламаға оңай қол жеткізуіне жол ашады. Сол себепті үкіметтің ойынша аталмыш парақша бағдарламаның жұмыс атқаруына үлес қосып жатқан соң, оны дамыту қажет.
Бұл парақшада сіз тарих пен мәдениеттің бірегей ескерткіштері, археологиялық зерттеулер, әлемдік кітап дүкендеріне арналған барлау экспедициялары, қазақ халқының музыкалық дәстүрлері, әлемдік деңгейдегі классикалық әдебиеттің ең үздік шығармалары туралы ақпаратты таба аласыз. [2] (аударылған)
Ал онлайн түрде табылған ақпарат оқырмандарға ыңғайлы болып келеді. Себебі, адамдарға ғаламтордан қысқаша немесе үлкен түрде оқи салу кітапханаға барып, кітаптарды іздеп, олардан керектісін табуға қарағанда ыңғайлырақ болып келеді. Демек, «Қазақстан 2050» бағдарламасының аясында «Мәдени мұра» бағдарламасы да цифрландыру арқылы көркейе түскеніне көзіміз жетеді.
«Мәдени мұра» бағдарламасы қазақстандықтармен тек рухани-мәдени қатынас ғана байланыстырмайды, елімізде ол қоғам ішінен демеу және қолдай таба алды, көптеген қоғам қайраткелері бұл бағдарлама тарих пен мәдениетті жандануына үлкенүлес қосуда деп есептейді. «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы бүгінгі күні кезеңімен жүзеге асырылуда: 2004-2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдарға бөлініп үш кезеңнің құрылып, зерттеу жүргізілсе, одан кейін 20 жылға арналған ұзақ мерзімді бағдарламаға жоспар құрылып, қазіргі таңда оған қатысты түрлі іс-шаралар жасалуда. Мемлекеттік бюджеттен мәдени мұраны жүйелендіру, сақтау және дамыту мақсаттарында арнайы қаражат бөлінген. Бірінші кезеңінде 2, 7 млрд. теңге, екінші кезеңінде - 4 млрд. аса, үшіншіге - 5 млрд. аса қаражат бөлінді.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: тарих және археология ескерткіштерін жүйелендіру, сақтау және қалпына келтіру.
Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2 миллионнан астам құнды мәдени заттар бар деп есептелуде, ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы шатқалының петроглифтер кешені Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген, ендігі кезекте ЮНЕСКО тізіміне ескі Отырар қалашығын қосу жоспарда мақсат ретінде қосылды.
Тәуелсіздік жылдарында еліміздегі ескерткіштерді толық түгендеуіне қатысты көптеген жұмыстар атқарылды. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі құрастырылып, оған республикалық маңызы бар 218 объект және жергілікті маңызы бар 11, 5 мың объект кірді. [2] (аударылған)
В) Зерттеу әдістері
Курстық жұмысты жазу барысында бірнеше зерттеу әдіс-тәсілдер қолданылды. Елімізде көптеген мәдени үдерісті қолдайтын бағдарламалар бар, алайда «Мәдени мұра» олардың арасында жетілген жетістіктеріменен ерекшеленіп тұр. Сондықтан бағдарламаның еліміздің мәдени өрлеуіне қалай әсер еткені жайлы ақпарат жинақтадым. Ақпарат жинауда мен сауалнама, ғаламтормен жұмыс және сұхбаттасу жасадым.
Алғашқы зерттеу әдісі ретінде сауалнама жүргізілді. Онлайн-сауалнамаға 104 адам қатысты және ол 6 сұрақтан тұрды. Сұрақтар мен жауаптарды төмендегі диаграммалардан оқи аласыз.
Бірінші сұрақ бойынша жауап берушілер Қазақстанның мәдени-тарихи саласының қай деңгейде дамығанына баға беруі тиіс болды. Қуанышымызға орай, 64 % адам аталмыш сала жоғары деңгейде дамыған деп ойлайды, ал жауап берушілердің 25 % орташа дәрежеде деп есептесе, қалған 11 % адам оны төмен дәрежеде дамыған деп ойлайды.
Екінші сұраққа 88 % адам Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бай деп есептейді, ал 10 % адам «Білмеймін» деген нұсқаны таңдаса, тек жауап берушілердің 2 % Қазақстанның тарихын бай емес деген ойды қолдайды.
Үшінші сұрақ бойынша жауап берушілер үкімет тарихи-мәдени саланың өрлеуіне қалай ат салысып жатқаны жайлы сұрайды. Бұл сұраққа жауап беру барысында адамдар бірнеше нұсақаны таңдауға мүмкіндік алды. Сонымен, «бағдарламалар мен реформалар» деген жауап 24 %, «археологиялық және тарихи зерттеулер» нұсқасы 22 %, «отандық БАҚ:кино мен телехикаялар» нұсқасы 29 % және «халық арасында тарих пен мәдениетті үгіттеу» жауабы 25 % дауысты жинады.
Төртінші сұрақ бойынша жауап берушілер «Мәдени мұра» бағдарламасына 4 нұсқаның біреуін таңдау арқылы жауап беруі тиіс. 39 % адам оның жұмысына орта деген баға берсе, 37 % бағдарламаның жұмысына жоғары деңгейде деп есептейді. 12 % дауысты «төмен» деген нұсқа жинады. Таң қалдырған жәйттердің бірі 12 % адам бұл бағдарлама жайлы толық ақпарат білмейді, сол себепті баға бере алмайды.
Бесінші сұрақ бойынша жауап берушілер халқымыз тарихты білуі үшін не істеу қажет деген сұраққа жауап беру барысында бірнеше нұсқаны таңдау арқылы проблеманың шешу жолдарын ұсына алады. «Отандық кино арқылы көрсету» жауабы 28 % дауыс жинаса, «оқу орындарында тарих сағатын көбейту» нұсқасы 30 % дауысты жинау арқылы жауаптар арасында жеңімпаз болып тұр. «Мерекелерді атап өту», яғни ұлттық дәстүрлерді нақыштау 22 % дауысты жинаса, қалған дауыстарды «мәдениетті құрметтеуді үгіттеу» деген нұсқаға тиесілі.
Соңғы сұраққа жауап беру барысында жауап берушілер «Мәдени мұра» бағдарламасының болашағына болжам жасауы қажет. Сауалнамадан өткендердің 73 % жоба еліміздің тарихи-мәдени дамуына өз септігін тигізеді деп ойласа, 17 % адам өзгермейді және бір орында қала береді деген нұсқаға жақын келеді. Ал, жауап берушілердің 10 % бағдарламаны жоғалып кетеді деп болжады.
Екінші зерттеу әдісі ретінде ғаламтордан ақпарат жиналды. Сауалнама арқылы қажетті сұрақтардың жауабын қарапайым халықтан алған соң, қалған ақпаратты ғаламтордан іздедім. Интернетте ресми парақшаларда көптеген мәлімет болды. Қуанышыма орай, олардың барлығы статистикаға мол болды және ақпарат түрлері қайталанбады. Бұл қиындық тудырмайтын, әрбір адам қолдана алатын оңай әдіс-тәсілдердің бірі.
Үшінші және соңғы зерттеу әдісі ретінде сұхбаттасу жүргізілді. Сұхбатқа жауап беруші: Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектібінің тарих пәнінің мұғалімі- Жамелов Бағлан Алтайұлы. Сұхбаттасудың үзіндісін төменде оқуға болады.
- Қазақстанның тарихы өте бай болып табылады. Егер үңіліп қарайтын болсақ, көптеген зерттеулерді жүргізсек, айтылған тұжырымдаманың дәлелдерін әлем бойынша таба аламыз. «Мәдени мұра» бағдарламасының шетелдік зерттеулері жайлы не айта аласыз және жобаның осы күнге дейін атқарған жұмысы көңілізден шығады ма?
- «Мәдени мұра» бағдарламасы осы уақытқа дейін көптеген шетелдік зерттеулер атқарды. Қазақстанның тарихы Германия, Ресей және де басқа ТМД елдерімен тығыз қатынаста болғандықтан, қазіргі таңда зерттеулер де осы елдерде жүргізілуе бағытталған. Ресей Федерациясының орталық мұрағаттарынан, яғни Омбы, Орынбор қалаларынан 29000 жуық құжат алынса; көршілес Өзбекстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатынан 482 құжат табылды; АҚШ-тың Бейбітшілік және төңкеріс, соғыс Гувер институты мұрағатынан 20 құжат; Башқұртстанның Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатынан 1145 құжат алынды; Федеративтік Германия Республикасының Федералды мұрағаты, Сыртқы істер министрлігінің саяси мұрағаты, Бұрынғы Германия Демократиялық Республикасының қауіпсіздік министрлігінің мұрағатынан 93 құжат табылды; Ұлыбританияның Ұлттық мұрағаты, Британ кітапханасы және Азия істері бойынша корольдік қоғамы мұрағатынан 82 құжат зерттеу уақытында табылды; Түркия Республикасы Премьер-министрдің жанындағы Мемлекеттік мұрағаты, Осман мұрағаты Түрік тарихы мекемесінің мұрағатынан 168 құжат; Қытай Халық Республикасының Бірінші тарихи мұрағатынан, Қытай шекарасының тарихи географиялық зерттеу орталығынан, Шыңжаң қоғамдық ғылымдар академиясы кітапханасынан, Синьцзянь университетінің кітапханасынан 111 құжаттар мен кітаптар Қазақстанға жеткізлді.
Алайда шетел мұрағаттарынан құжаттарды іздестіру және алу жұмыстарының нәтижесі көңіл қуантқанмен, осы күнге дейін шешімін таппаған бірқатар проблемалардың барын жасыра байқауға болады. Қаражаттың жетіспеушілігінен біршама елдерде зерттеу жұмыстары жүргізілмеді және сол себепті еліміздің тарихы жайлы толық ақпарат жиналмады.
- «Мәдени мұра» бағдарламасы мәдени-тарихи саланы дамытуға бағытталғанымен, оның бір уақытта бірнеше саланы қамтитын және сол салаларға ықпал ететін қасиеті бар. Аталмыш жоба еліміздің мәдени туризмның дамуына қалай әсер етеді?
- Ұлы Жібек жолында орналасқан жерімізде тарихи рух пен байырғы дәстүрлер мен құндылықтар сақталған жерде мәдени туризм дамуы міндетті түрде болуы тиіс. Бұл үрдісті дамытуды еліміз соңғы бірнеше жылда стратегия ретінде алып, дамытуға кірісіп кетті. Бүгінгі күнге дейін біздің мол рухани қазынамыз әлемдік қауымдастық назарына жеткілікті ұсынылмай отыр, сол тұрғыдан қарағанда мәдени туризм де белсенді түрде дамымай келе жатыр. Мәдени туризмді дамыту мақсатында барлық тарихи орындарды мұражайландыру жүзеге асырылады. Әр мұражай халықтың басынан өткен күрделі тағдырды танытып, Қазақстан тарихын кезең-кезең бойынша көрсететін болады. Қорық-мұражайлар көшпелілер тұрмысын өз дәуірінің рухына сай көрсетуі қажет. Сонымен қатар, ақын-жазушылардың мерейтойларында, олар туралы көрмелерді өзге елдерде көре аласыздар. Одан бөлек, әлем бойынша болып жатқан дәстүрлі көрмелерде де Қазақстанды кездестіруге болады. Сонымен, шетелдіктер еліміз жайлы естіп, өз көздерімен салт-дәстүрлері мен мәдени ғұрыпын көрген соң, олардың елімізге деген қызығушылығы артады.
С) Зерттеу қортындысы
Барлық зерттеу әдістерін бастапқы мақсатқа жету барысында қолданған соң ортақ бір нәтижеге келдім. Әрбір әдіс-тәсіл тақырыпты өздігінше ашты және жаңа сұрақтарға әкелді. Сонымен, үш зерттеу әдісін қолданған соң ортақ қортынды жасау арқылы жаңа ақпарат түріне ие болдым.
Сауалнаманы жүргізіп болған соң, Қазақстанның халқының тарихи-мәдени саласына уайымдаулы екенің түсіндім және олардың «Мәдени мұра» жайлы көптеген ақпаратқа ие екеніне көзім жетті. Біздің ата-бабаларымыз көптеген жылдарды тәуелді болып өткізді және азаттық пен тәуелсіздікке жету үшін шайқасты, сол арқылы өз ұрпағына, яғни бізге үлкен мұрағат қалдырып кетті. Сондықтан аталмыш бағдарлама сияқты реформалар елімізге және болашақ ұрпаққа маңызды. Сауалнамаға жауап берушілердің көпшілігі қазіргі таңда аталмыш бағдарлама және де басқа тарихи-мәдени саланың өрлеуіне бағытталған факторлар БАҚ арқылы жақсы тарайды, яғни кино мен сериалдар, телевизорда көрсетілетін бағдарламалар аудитория жинай алады және тарих жайлы ақпаратты жеткізе алады. Мысалы, 2017-2018 жылдары түсірілген «Қазақ елі» тарихи телехикаясы көрермендер арасында үлкен мәртебе жинады және «жақсы» деген баға жинады. Алайда, бесінші сұрақтың жауаптарының арасында «тарих пәнінің сағаттарын көбейту керек» деген нұсқа 30 % дауыс жинап, үздік жауап атанды. Демек, жауап берушілер болашақ ұрпақ пен қазіргі жастардың білім беру жүйесіне Қазақстан тарихы пәнінен сағаттарды көбету арқылы айрықша жетістікке жетуге болады деп есептейді.
Бірінші зерттеу әдісінің нәтижелерін алған таңұқалдырған жәйттерге 12 % адамның «Мәдени мұра» бағдарламасы жайлы білмеуі. Егер сауалнамадан өткен 104 адамның ішінде 13 адам аталмыш жоба жайлы ақпаратқа ие болмаса, Қазақстанда тұратын 18 000 000 асатын тұрғындары жайлы не айталамыз. Сонымен қатар, соңғы сұрақта, болашаққа болжам жасауда жауап берушілердің 10 % бұл бағдарламаның болашағы жоқ, яғни жоғалып кетеді деген ойда. Егер сауалнамаға жауап берген 11 адам осылайша есептесе, еліміз өзге елдерге қалай таңылмақшы? Қазақта «Ел болғың келсе, бесігіңді түзе» демекші, балаларды кіші кезінен бастап қазақ мәдениетін құрметтейтін етіп тәрбиелеу қажет, оған елімізде қолданылып жатқан бағдарламаларды көрсету арқылы Қазақстанға деген сүйіспеншілікті арттыру қажет. Осылайша, еліміз биік шыңдарға жете алады.
2004-2011 жж. мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша бірегей мемлекеттік бағдарлама іске қосылды. Бағдарламада мәдени-тарихи саланы дамытуға арналған көптеген мақсаттарды қамтыды, олар өз кезегіңде көптеген салаларды біріктірді. Жоба аясында Отандық университеттердің жаратылыстану факультеттеріне аса көп назар аударылды. Себебі, олар тарих саласымен тығыз байланысты және оның болашақта көркейуіне ықпал етеді. Бағдарлама аясында кітаптар 600 атаққа ие болды және оларды жаңа кітаптарға аударудан бөлек, сандық технологиялар арқылы электронды форматқа ауыстырды. Олардың арасында «Бабалар сөзі», «Әлемдік философиялық мұра», «Әлем әдебиеті кітапханасы», «Қазақ халық пен ұлт ретінде философиялық мұра: бүгінгі күнге дейін», «Қазақ әдебиетінің тарихы», және тағы да басқа жұмыстар бар. Жүргізілген зерттеу жұмыстары арқылы көптеген ескерткіштер жаңарды, Отан соғысында қатысқан бауырларымыздың бейіттері табылып, жаңа тізімді электронды форматта жасап шығарды. Бағдарлама аясында тарихи тұлғалардың 105 ескерткіші қайта қалпына келтірілді және өзге елде орналасқан қазақстандық тұлғалардың ескерткіштеріне көңіл аударылды. Әл-Фараби кесенесі Дамаскіде (Сирия) және Каир(Египет) қаласында Сұлтан Бейбарыс мешіті қалпына келтірілді. «Қазақфильм» 20 астам тарихи фильмдер мен репортаждарды түсірді, олар тарихи тұлғалар мен Қазақ елінде болған жағдайлар жайлы болды. Жоба барысында «1000 қазақ әндері», «1000 қазақ күйі» секілді үн-таспалары жарық көрді және қазақ музыкасының дамуына біреге үлес қосты. [4] (аударылған)
Жүргізілген сұхбаттасу арқылы ғаламтор мен сауалнамада кездестірілмеген ақпарат көзі жиналды. Халық арасында бағдарламаның Қазақстанда атқарып жатқан істерін білгенімен, шет елдерде де бірқатар іс-шаралардың болып жатқаның бәрі біле бермейді. Зерттеу жұмыстары 20-дан астам елдерде жүргізіліп, 30 000 жуық кітаптар мен құжаттар Қазақстанға қайтып оралған. Осылайша, тарих беттеріне жаңа мәліметтер қосылып, белгісіз жәйттер белгілі болды. Сонымен қатар, сұхбаттасу арқылы «Мәдени мұра» бағдарламасының жаңа қырын аштық, яғни аталмыш жоба мәдени туризмнің дамуына өз септігін тигізетіні жайлы білдік. Демек, бағдарлама аясында болып жатөан шетелдік іс-шараларда шетелдіктер елімізге қызығушылық арттыруы арқылы Қазақстан туристтерді тартатын болады.
D) Бағалау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz