Тарихи жырлар
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақ эпос жырларындағы философиялық толғаулар
Жоспары
Кіріспе
Эпостық жыр дегеніміз
Негізгі бөлім
Батырлар жыры
Әлеуметтік тұрмыс эпосы
Тарихи жырлар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі -- эпостық жырлар. Ә. Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген: 1)Архаикалық кезең. Ол -- исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шоламерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады; 2) Оғыз-қыпшақ дәуірі (VI -- XII ғғ.). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, Қорқыт ата кітабы, Алдар көсе, ҚозыКөрпеш -- Баянсұлу, т.б.; 3) Ногайлы дэуірі (XIII -- XVIғғ.) -- Бөгенбатыр, Едігебатыр, Қобыланды, Ер Сайын, Қамбарбатыр, Мұсахан, Орақбатыр, т.б.; 4) Қалмақ шабуылы дэуірі -- XVII -- XVIII ғасырлардағы құба қалмақ заманы. Олжабай, Қабанбай, Бөгенбай, т.б.; 5) Кейінгі дэуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.
Фольклорлың шығармалар -- тарихымызды зерттеудегі құнды деректің бірі. Жалпы қандай да болсын, фольклорлық шығарманың негізінде өмір шындығы бейнеленеді. Әрине, архаикалық фольклордан тарих іздеу қиын. Дегенмен де көне мифтік аңыз-әңгімелерден халықтық дүниетанымын, кейбір көне әдет-ғұрыптарының іздерін көруге болады. Ал түркі дәуірінен бергі фольклорлың шығармалардан сол замандағы тарихи-этнографиялық болмыстың елесін, жаңғырығын таба аламыз. Ал ноғайлы дәуірінен бергі замандағы фольклорлың шығармалардың ішінен тарихта болған оқиғаларға арналған, тарихи түлғаларға арналған жырларды фольклоршылар жеке жанрға -- тарихи жырлар деп бөліп қарастырады. Тарихы көбінесе ел жадында ауызша сақталып келген көшпелі қазақтар үшін осы тарихи жырлардың деректемелік орны бөлек. Дегенмен де фольклорлық шығармаларға дерек ретінде сүйенгенде, онда әсірелеудің, тарихи тұлғаларға типтік образдың портрет берілетіндігін ескеру қажет. Жыр-да тарихи нақтылы құбылыстар дәлме-дәл қайталанбайды.
Алпамыс жыры -- көшпелі түркі халықтарына ортақ эпостық шығарма. Белгілі фольклортанушы В.М.Жирмунский оның ең көне нұсқасын VI -- VIII ғасыр-ларға жатқызады. Алпамыстың бұдан кейінгі таралуы IX -- X ғасырларға -- оғыз, қыпшақ замандарына сай келеді. Алпамыс классикалық қаһармандық шығарма ретінде осыдан кейінгі кезеңде, қоңыраттар арасында көркемделіп жетілген деп есептеледі. Көне эпостық шығармаға қазақтың Құламерген, Жоя-мерген жыры жатады. Жырда Хазар (Каспий) теңізі, Орал тауы, Болгар шаһары аталады. Қазақтың эпостың жырларының ішінде оқиғалы жағынан ең көнесінің бірі -- Мұңлық -- Зарлық. Бұл шығармада да мифтік, ертегілік, аңыздың сюжеттер басым.
Батырлар жыры. Қазақ халқының көне эпостық жыр-ларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме-дәл көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс-тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады. Белгілі бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында қалу, соны тарихи дәлдікпен суреттеу эпосқа тән емес. Эпос өмірде болған оқиғалардың санын да, ретін де қуаламайды. Қазақтың қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне Алпамыс батыр, Қобыланды батыр, Ер Таргын, Қамбар батыр жатады. Ел жадындабатырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді. Рулар арасындағы әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпостың жырларында дәріптелмейді. Елін, жерін қоргауга, халықты басқа жұрттың езгісінен азат етуге жұмсалган батырлық қана ерекше ілтипатқа бөленіп, ел жадында қалады. Қобыланды -- қыпшақ елінің, Алпамыс -- қоңырат жұртының, Ер Тарғын -- бүкіл ноғайлы елінің намысын қорғаған батырлар. Бір кезде бүгінгі қазақ, ноғай, қарақалпақ ноғайлы елі деген жалпы атпен белгілі болған. Батырлық жырларындағы қазақтың негізгі жаулары -- қызылбастар, қалмақтар. Қызылбастар -- түркі жұрттары сонау ерте заманнан қақтығысып келген Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы иран тектес халықтар да, қалмақтар -- жоңғар-моңғол тектес халық. Мұрын жыраудан жазылып алынған жырларда ғана бір ындыс деп аталатын жұрт тарихта нақты белгісіз, индус болуы мүмкін. Өйткені Қушан, Моғолстан заманында түркілер үнділермен де қақтығысқан болуы мүмкін.
Қазақтың Қарасай -- Қази, Шора батыр, Қырымның қырық батыры, т.б. эпостанушылардың пікіріне қарағанда, ноғайлы елінің ыдырап, жеке-жеке жұртқа бөлінген дәуірінде (XV ғасырдың соңы) туған жырлар.
Әлеуметтік-тұрмыс эпосы. Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі -- длеуметтік-тұрмыс эпосы, оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұл шығармаларда ерлік, батырлық, ел қорғау мақсаты емес, жекебастың мүддесі -- махаббат еркіндігі мәселесі алға шығады. Кезеңдік дамуы жағынан алып қарағанда, ғашықтық жырлар -- архаикалық, қаһармандық эпостан кейін туындаған шығармалар. Фольклортанушылардың пікірінше, лиро-эпостық мұра -- көне эпостан жазбаша романга өтер жолдағы аралық саты, аралық деңгей.
Соңғы кезге дейін қазақтың лиро-эпосы ретінде Қозы Көрпеш -- Баян сұлу, Қыз Жібек, Айман -- Шолпан секілді санаулы жырлар ғана ауызға ілініп келген. Соңғы жылдары мұндай шығармалар қатарына қазақ халқына кең тараған, түп-төркіні Шығыс елдерінен келсе де, қазаққа төл туындысындай етене жақын болып кеткен бір топ ғашықтық жырларды да жатқызып жүр. Олар: Жүсіп -- Зылиха, Ләйлі -- Мәжнүн, Құсрау -- Шырын, Сейфілмділік, Таһир -- Зухра, Бозжігіт, т.б. Лиро-эпостың жырлардан, әсіресе тіні қазақ топырағында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz