Ломоносов философиясы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
СӨЖ
Тақырыбы: Ломоносов философиясы
Жоспар:
Кіріспе:
Михаил Васильевич Ломоносов
Негізгі бөлім:
Жалпы мәліметтер
Негізгі педагогика жұмыстары
Ломоносовтың шығармашылық қызметі
Еңбектері мен зерттеулері
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) - орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, философ, суретші, тарихшы, ағартушы. Орыс философиясындағы материализмнің негізін салған М. В. Ломоносов (1711-1765) . Шығармалары: „Жер қабаттары туралы", „Жылу мен суықтың себебі туралы толғаныстар" Ол эксперимент жүзінде матрия атомдық-молекулалық құрылымнан тұратынын және молекулалар үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдеді. „Корпускулярлық" теорияны ұсынды. Оның пікірінше, материя дегеніміз, денелерден тұрады. «Бір орында қаншалықты жоғалса, екінші орынды соншалықты толтырады» деп материяның сақталу заңын ашты.
Жалпы мәліметтер
Тәрбиенің мақсаты Отанға және халыққа қызмет етуге дайындау, тәрбие негізі адамның ойы мен құлқын жетілдіретін ғылымда деп білген. Елдегі түрлі техникалық, ғылыми, мәдени бастамалардың бастаушысы, ғылым мен ағартудың ұйымдастырушысы болған. Мәскеудегі бірінші орыс университетінің негізін қалаған.
Ресейде алғашқы бөлігі материалистік дүниетану, дін мен ғылымды айыру негізіндегі педагогика теорияны жасаған. Білімнің, тіпті университеттің сословиясыз болуын жақтаған. Зияраттық білім идеясын және жас ұрпақтың ғылыми білім алуын қостаған. Орыс педагогикасында алғашқы болып классикалық, ғылыми-табиғи және шынайы білімдердің араласуына жақтаушы болған. Оның оқыту әдісінде политехникалық білім әлементтері көрінеді. Есте сақтау мен ой қабілетін дамытатын тиімді жүйе ретінде сыныптық сабақтық жүйенің жақтаушысы болып, емтихандар мен үй тапсырмаларына да жақтаушы болған. Оқыту процесінде тәжірибеге, тәжірибелер қоюға көп мән берген. Оқытудың көрнекілік, қол жететін оқу, оқушының белсенділігі мен өздік жұмыс істеуін дамыту сияқты қағидаларын жасаған. Ресей мемлекетінде орыс тілінде «жоғары ғылымның» тарауын мақсат еткен. Орыс тіліндегі алғашқы грамматика, шешендікке басшылық, тау ғылымының негізін калайтын т. б. оқулықтар жазған.
Негізгі педагогика жұмыстары:
« Шешендікке қысқаша кеңес »;
« Ресейлік грамматика »;
« Ежелгі Ресей тарихы »;
« Ресей халқын сақтау мен көбейту туралы »;
« Мәскеу гимназияларының регламенті жобасы » т. б.
Ломоносовтың шығармашылық қызметі
Ломоносовтың шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерт- теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды.
М. В. Ломоносов химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңының (1756 ж. ) жалпы негіздік сипатына назар аударды;
(1741-1750 ж. ) өзінің корпускулалық (атом-молекулалық) ілімінің негізін жариялады, ол тек 100 жылдан кейін ғана дамыды;
(1744-1748 ж. ) жылудың кинетикалық теориясын ұсынды;
(1747-1752 ж. ) химиялық құбылыстарды ұғындыру үшін физиканың қажеттігін түсіндірді және химияның теориялық бөлімі үшін « физикалық химия », тәжірибелік бөлімі үшін « техникалық химия » атауларын ұсынды.
Еңбектері мен зерттеулері
Оның еңбектері табиғи философияны тәжірибелік жаратылыстанудан бөліп қарайтын ғылымның дамуына негіз болды. 1748 жылға дейін Михаил Васильевич Ломоносов көбінесе физикалық зерттеулермен айналысты, ал 1748-1757 жылдар аралығында оның еңбектері негізінен химияның теориялық және тәжірибелік мәселелерін шешуге бағытталды. Атомдық түсініктерді дамыта отырып, ол алғаш рет денелердің «корпускулалардан», ал олардың өз кезегінде элементтерден тұратындығы туралы пікірін айтты. Бұл тұжырым қазіргі заманғы молекулалар мен атомдар туралы түсініктерге сәйкес келеді.
Ол салыстырудың нақты әдістерін жасап шығарды, сандық талдаудың көлемдік әдістерін қолданды. Пісірілген түтіктерде металдарды күйдіру тәжірибесін жасау кезінде (1756 ж. ) олардың салмағы қыздырудан кейін өзгермейтінін көрсетті және Р. Бойльдің металдарға жылулық материя қосылуы туралы ойының қате екендігін көрсетті.
Денелердің сұйық, газ тәрізді және қатты күйлерін зерттеді. Ол газдың кеңею коэффициентін айтарлықтай дәл анықтады. Тұздардың әртүрлі температурадағы ерігіштіктерін, электр тогының тұздардың ерітінділеріне әсер ететіндігін зерттеді, таза еріткішпен салыстырғанда тұздарды еріту және ерітіндінің қату нүктесін төмендету кезінде температураның төмендеу деректерін анықтады.
Әртүрлі аспаптарды (вискозиметр, вакуумдық сүзу жабдығы, қаттылықты анықтайтын құрылғы, газды барометр, пирометр, жоғары және төменгі қысымда заттарды зерттеу қазандығы) ойлап тапты, термометрлерді жеткілікті дәлдікпен градуирледі.
Көптеген химиялық өндірістердің (бейорганикалық пигменттердің, глазурлердің, шынының, фарфордың) негізін қалаушы. Мозайкалық суреттерді жасау үшін қолданған түсті шынылардың әдістемесін және технологиясын әзірледі. Форфорлық массаны ойлап тапты. Кендерді, тұздарды және басқа өнімдерді талдаумен айналысқан. «Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі» еңбегінде әртүрлі металдардың қасиеттерін қарастырды, оларды бөлу және алу әдістерін сипаттады. Химия бойынша басқа әртүрлі жұмыстармен қатар бұл еңбек орыстың химиялық тілінің негізін қалады.
Табиғаттағы әртүрлі минералдардың және кенсіз денелердің пайда болу мәселелерін қарастырған. Топырақ гумусының биогенді түзілу идеясын айтқан. Мұнайдың, тас көмірдің, торфтың және янтарьдың органикалық түзілуін дәлелдеген. Темір купоросының, мыстың мыс купоросынан, күкірттің күкіртті кендерден, кварцтың, тұз, азот және күкірт қышқылдарын алу үрдістерін сипаттаған.
Орыс академиктерінің алғашқысы болып химия және металлургия бойынша кітаптар (« Физикалық химия курсы », 1754 ж. ; « Металлургияның алғашқы негізі немесе кендер ісі », 1763 ж. ) дайындады.
Мәскеу университетін құрудағы (1755 ж. ) еңбегі зор, оның оқу бағдарламасын және жобасын өзі жасаған. Оның жобасы бойынша 1748 жылы Петербург ҒА-ның Химиязертханасын салу құрылысы аяқталды. Қазіргі заманғы орыс әдеби тілінің негізін жасады. Ол ақын және суретші болған. Тарихтан, экономикадан, филологиядан бірқатар еңбектер жазған
Қорытынды:
Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстанудың негізін салды. Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында табиғаттың негізгі заңы - материяен қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір толық және дәл анықтамасын берді.
М. В. Ломоносовтың ғылымға сіңірген еңбегін европа ғалымдарының - замандастарының мойындауының объективтік дәлелі болып табылатын оның швеция академиясын құрметті мүшесі (1760ж) және Балон академиясының құрметті мүшесі (1763ж) сайлануы, ал француз ғалымы Н. Леклерктің мойындауынша М. В. Ломоносовтың есімі “адамзат ақыл-ойының жинамасында бір дәуірді құрайды” деп жоғары баға берген болатын-ды.
Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін мектептер ашуға тоқталды.
Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің өзінің “регламенті” (жарғысы) болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер берілуі қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz