Орыс діни философияның негізін қалаушы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: П. Я. Чаадаевтың тарихи философиясы

Жоспар:

1. Кіріспе бөлім.

2. Негізгі бөлім.

2. 1. П. Я. Чаадаев тарихи тұлға ретінде

2. 2. П. Я. Чадааевтың философиялық көзқарастары

3. Қорытынды бөлім.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өнімі ғана емес, мамандардың шағын ғана тобының нәтижесі ғана емес, ол ұлттың рухани тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет туындыларынан көрінетін оның интеллектуалдык әлеуетінің көрінісі. Ол философиялық және тарихи білімнің синтезі бола отырып, тарихи айғақтар мен оқиғаларды сипаттауды емес, оның ішкі мәнін ашуды мақсат тұтады. Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, ойткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі. Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі - XI- ХVІІ ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік филосо-фиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан бас-талған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағы-мында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай Отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бүл кезеңдегі оның негізін салаушылар : П. Я. Чаадаев, Ф. М. Достоевский, Н. И. Бердяевтер болды.

«Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпы адамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс. Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI-XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарамақайшылығы негізінде өтті. Мүның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалы-лықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты. Бүл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс. Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси түрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П. Я. Чаадаев (1794-1856) үлкен рөл аткарды.

Петр Яковлевич Чаадаев (1794-1856) - орыс жазушысы, философы, қоғам кайраткері. Орыс діни философияның негізін қалаушы. Чаадаевтың ғылыми-творчествалық кызметін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: бірінші 1828 жылға дейінгі декабристік, екінші «Философиялық хаттар» циклін аяқтау (1836), үшіншісі өмірінің ақырына дейінгі кезеңдер.

Чаадаев «Философиялық хаттарын» жариялағанға дейін де қоғамда танымал тұлға болды. 1829-1831 жылдары өзінің басты шығармасын жазады- «Философиялық хаттар». Олардың бірі «Телескоп» журналында 1836 жылы басылып шықты. бұл шығармадан соң басшылық бірден қанағаттанбайды, себебі ол Ресейдің «әлемдік адам тәрбиесінен алшақтатылғандығы» туралы жазады. Журнал жабылып, Надеждин баспагері айдауға жіберіліп, Чаадаевты - «алжыған» деп жариялады. Н. Н. Раевского-үлкеннің қызы Екатерина оны (шамамен1817 жылы), ең әйгілі, шүбәсіз, талассыз, Петербургтегі барлық жастардың арасындағы ең жарқын тұлға болды деп сипаттайды. Білімділігімен қатар ол өте тәрбиелі, жағымды мінезді болатын (М. Жихарев сөзері бойынша) . Оның достығын іздеп, достығымен мақтанатын. 1819 жылы Пушкин олмен Евгений Онегинді салыстырады, себебі өзінің батырын сол сияқты сипаттағысы келеді: «Екінші Чадаев, менің Евгенийім…». Оның дұшпаны болған Вигель оны «генийлікке таласқан жасөспірімдердің алғашқысы» деп сипаттаған.

Чаадаевтің шығармашылығын түсіну үшін оның жеке тұлғасының басынан өткен дағдарыстарын есепке алу керек. «1823-ші жылдарға дейін Чаадаевте ең алғашқы рухани дағдарыс кезең болды - діни жағына қарай. Чаадаев, бұған дейін онсыз да көп оқыған мистикалық әдебиетке қызығып кетеді. Оған Юнг-Штиллинг шығармалары қатты ықпал етті. Оның денсаулығы тым қатты рухани қысымдылықтан қозғалып кетіп, оған денсаулығын қалпына келтіру үшін шетелге кетуге тура келді. Ол жақта1826-шы жылға дейін болды. (бұл оны өлімнен құтқарып қалды, себебі ол әйгілі декабристтермен жақындасты) . Шетелден оралған кезінде Чаадаев тұтқындалып кетті, бірақ аз уақытта бостандыққа шығып, Мәскеуге қайтып келді. Бұл жерде ол өзінің екінші дағдарысын басынан өткізді.

П. Я. Чаадаев(1794-1856) орыс философиясының қалыптасуының басында тұрды. 1836 жылы «Телескоп» журналында өзінің философиялық хаттарын жариялай бастады. Онда ұлттың рухани дүниесі үшін православиеге қарағанда, католицизмнің маңызды екенін көрсетеді. Түкке тұрмайтын Византияға тәуелді болу, өркениетті Еуропадан бөліп тастады дейді. Оның пікірінше, адам материалдық және рухани субстанцияның қосындысы. Адам туған күнінен бастап өлгенге дейін ұжымда, қоғамда болғандықтан ғана тұлға, кісі болып қалыптасады. Ұжымдық сана толық түрде жеке тұлғалық ерекшелікті, субъективтілікті анықтайды. Ұжымдағы өмір - адамды хайуаннан ажыратын негізгі фактор. Ол индивидуализмге, эгоизмге қарсы болды. Жеке бастың пайдасын қоғамдық мүдеге қарсы қойды. Тарихи процестің негізінде Құдайдың көрегендігі жатыр. Дінді - Құдайдың еркін христиан діні іске асырады, ол тарихтың қозғаушы өзегі болып саналады. Тарихқа, мемлекетке және жеке адамның тағдырына әсер ететін негізгі фактор ─ географиялық жағдай. Жеке патшалық зұлымдығы - орталық өкіметтің диктаты, басыбайлылық. Құқық бұзылуының негізгі себебі: басқа елдерге қарағанда ұлан- байтақ шексіз жерінің болуы. Ресей дүниежүзілік тарихи процестен шығып қалды, оның келешектегі мақсаты - дүниежүзілік тарихи өріске оралу, батыстық құндылықты игеру. Бұл ойлар: «славянфильдер» және «батыстық» болып бөлінуге алып келді.

Славяншылдық - ХІХ ғасырдағы орыс қоғамымен философиялық ойларының ұлттық бағыты болып келеді. Славяншылдық бағытының мақсаты - Ресей қоғамының православ дініне сүйеніп, саяси және мәдени бірігуі және дамуы. Славяншылдық бағыт батысшылдыққа қарсы негізделген. Славяншылдықты жақтаушылар Ресейдің Батыс Европадан ерекше тарихи дамуының өз жолы болатындығына сенді. Славяншылдықтың басты теориялық негіздемелері А. Хомяковтың «Ескі және жаңа жөнінде» атты мақаласында көрініс табады. А. Хомяков 1838 жылы өзінің «Әлемдік тарих жөніндегі қолжазбалар» атты негізгі тарихи -философиялық еңбегін жазды. Қоғамдық қызметкер ретінде А. Хомяков либералды позицияны ұстанып, крепостық құқық пен өлім жазасының жойылуын, баспасөз, сөз бостандығын енгізуді қолдады. Ол 1850 жылы орыс православиесінің тарихы мен діни мәселелерге барынша назар аударды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Көзқарас және философия
Антика мәдениетіндегі философия
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Таным туралы жалпы ұғым философия тарихындағы таным мәселесі
Орыс философиялық ойлары
Негізгі еңбектері
Әлем философиясы
Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
Заттардың табиғаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz