Газ қауіпті жұмыстар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ГАЗ ҚАУІПТІ ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

Ж О С П А Р

I. Кіріспе
Жұмыс жасау барысында газ қауіпті жұмыстарды пайдалануды ұйымдастыру

II. Негізгі бөлім
а) Газ қауіпті орындардың жұмыс жасауына қойылатын негізгі талаптар
б) Өндірістердегі ерекше талаптар
в) Химиялық улы газдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік нұсқамалары

III. Қорытынды бөлім
Зиянды заттар бөлінетін процесстер және реакциялар жүретін аппараттардағы қауіпсіздікті сақтау міндеттемелері

Газ қауіпті жұмыстарға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Егемен еліміздің Ата заңының негізінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы № 188-V Заңында көрсетілген.
Газ қауіпті жұмыстар
Газ қауіпті орындардың тізімін ұйымның техникалық бастығы бекітеді. Газ қауіпті орындардың тізімін барлық жұмысшы және инженер-техникалық қызметкерлер хабардар етіледі.
Газ қауіпті орындардағы жұмыс технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Барлық жұмыскерлер жеке сүзгіш противогаздармен қамтамасыз етіледі.
Қауіп-қатерлі жұмыстарға цех басшысы немесе оның орынбасарының (механикпен) наряд - рұқсатнамасымен жіберіледі. Жөндеуші тұлғаға берілген наряд - рұқсатнамада жөндеуге дайындау және жұмыстарды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болады.
Аппараттардың, резервуарлардың, өлшегіш-ыдыстардың, цистерналардың, құдықтардың және тағы басқалардың ішінде жүргізілетін жұмыстар технологиялық регламентте көрсетілген қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Өндірістердегі ерекше талаптар
Жарылыс қауіпті және жарылыс өрт қауіпті заттарды пайдаланатын бөлімшелер мен цехтарды жобалау, пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Сұйық аммиак қоймаларын жобалау және оларды пайдалану олардың нормативтер және құрылыс талаптарына сәйкес іске асырылады.
Сұйық аммиак құйылған теміржол цистерналарын қабылдау, оны қоймалық резервуарларға (ыдыстарға) құйып алу және босатылған цистерналарды жүруіне дайындау технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Нитрофосфат және нитрофосфаттың басқа да қосындылары өндірісінің цехтары үшін азот қышқылы қоймаларының құрылғысы мен жобасы Азот өндірісін өндіру қауіпсіздік талабына сәйкес жүзеге асырылады.
Теміржол құрамы қоймаға кірер алдында және қоймадан шығар кезде ескерту мақсатымен алдын ала дыбыс белгісі, ал түн мезгілінде қосымша жарық белгісі беріледі.
Фосфатты, бор және магнезитті шикізаттарды және соданы шикізаттарды қабылдауға және оларды өндіріске жіберуге арналған тасымалдау құрылғыларымен жабдықталған, жабық ыдыстарда (силостар, бункерлер) немесе шикізаттар қаптарда болса шатыр түріндегі қоймаларда сақтайды. Фосфат, бор шикізаттарын және соданы кәсіпорын аймақтарында ашық алаңда сақтауға рұқсат етілмейді.
Силостық тік қоймалар атмосфералық жауындардың және ылғалдардың, бөгде заттардың түсуінен қорғайды.
Силостық тік қоймалардың жоғарғы жақтары барлық люктері мен тесіктерін жабық ұстайды және кез келген санкциясыз ашылудан сақтандырады.
Фосфатты шикізат салынған бункерлер мен силостық тік қоймалардың ішіндегі тұрып қалған қақтарды түсіру үшін арнайы құрылғымен жабдықтайды. Бункерлер мен силостық тік қоймалардың ішіндегі тұрып қалған қақтарды қолмен түсіруге болмайды.
Апатиттік концентрат, фосфорит ұндарын, бор және магнезитті шикізаттарды сақтайтын қоймалардағы қабылдау траншеялары құрылғылармен жабдықталып, толық жарықтандырылады, қоршалады және өтетін кішкене көпірлермен және вагон едені деңгейінде жүк түсіру алаңымен жабдықталады.
Жүк тасымалдағыш құрылғылардың қозғалысы басқару орнынан қарағанда машинистің көзіне толық көрінуін қамтамасыз етеді.
Сусымалы материалдарды тасымалдауға арналған ұңғылы пневмосорғылар шекті қысымға реттелген бақылау-өлшеу және автоматты аспаптармен жабдықталады.
Компрессорларды, пневмосорғыларды және пневмалық тасымалдағыштардың тасымалдағыш құбырларын орнату және пайдалану қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдаланудың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және компрессор құрылғыларының, ауа құбыры желілерінің және газ құбыры желілерінің құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдалану талабына сәйкес іске асырылады.
Шаң-тозаңданушы немесе зиянды газдар бөлінетін заттарды тасымалдаушы барлық транспорттық құралдар атмосфераға шығарар алдында бөлінген ауаны шаң мен фторлы газдардан тазалайтын құрылғысы бар, ауа сорғыштармен жабдықталынады.
Фосфат шикізаттарын соңғы өңдеу бөлімшесінде және дайын өнім қоймаларын өніммен, ғимараттардың құрылыс құрылымымен және кран астылық жолдардың тіреу құрылымымен басып, жабуға жол берілмейді.
Фосфат және басқа фосфатты тыңайтқыштарды қазуға, қоймаларды толтыруға арналған аспалы жүк көтергіш крандардың құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдалану жүк көтергіш крандардың құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдалану талабына сай жүргізіледі.
Жабдықтарды жұмыс істеп тұрған аспалы жүк көтергіш кранның астына орналастырған кезде тұрақты жұмыс орны аспалы жүк көтергіш кранның астында болмауы қадағаланады.
Кесек-кесек күкіртті ашық қоймада сақтаған кезде олар қабатталып жиналады.
Кесек күкіртті өңдейтін және тасымалдайтын жұмыс орындарында ұшқын шашпайтын және үйкелуші бөліктері қызбайтын құралдар мен аспаптар пайдаланылады.
Балқытқыш, сүзгі, балқытылған күкірт жинағыштары және күкірт құбыры желілері, сыртқы жақтарынан жылуды шығармайтын қаптамамен қамтамасыз етіледі.
Барлық күкірт құбыры желілері сыртқы бу жылытумен жабдықталады.
Балқыту және пеш бөлімшесіндегі сұйық күкірт ыдыстары мен жинағыштары булы жылытқышы бар ауа шығарғыштармен жабдықталады.
Сұйық күкірт ыдыстары мен жинағыштары және балқытылған күкірт тұндырғыштары сұйық күкірттің асып төгілуін болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.
Сұйық күкіртті құйып алу, құю және тасымалдау сұйық күкіртті электрлі жылыту жүйесі бар теміржолдық цистерналарда құйып алу, құю және тасымалдау туралы технологиялық регламенттің талаптарына сай іске асырылады.
Жанатын газдарды пештерге жіберу және оның өртенуін дайындалған және арнайы оқытылған, сәйкес куәліктері бар жұмыскерлер қадағалайды.
Күкірт қышқылы өндірісіндегі күкіртті сутекті өртеуге арналған пештер күкіртті сутек көлемнің немесе қысымының өзгеруі немесе ауа жіберетін желдеткіштердің істен шығуы туралы белгі беретін арнайы дабыл қаққышпен жабдықталады.
Олеум қоймасындағы сорғы бөлмелері жылу жүйелерімен жабдықталады.
Қышқылдарға арналған резервуарлар құрылымы резервуар ыдысты барлық жағынан қарап, қышқыл аққан жерлерді жоюға ыңғайлы фундаменттерге (биіктігі резервуардың түп деңгейінен санағанда 1 м кем емес) орналастырылады.
Химиялық агрессивті сұйықтықтар мен газдарға арналған сақтағыш ыдыстардың, резервуар-ыдыстардың, жинағыштардың және мұнаралық құрылғылардың төбелерімен жүруге рұқсат етілмейді.
Химиялық агрессивті сұйықтықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Істе тұрған және жөндеуден өткен құбырлардың іске жарамдылығын бақылау және бағалау. Белгілі аймақтағы құбырларды бағалауды жүргізу
Магистральдық газ құбыр ресурстарын тексеру есебі. Құбыр ресурстарының есебін жүргізу
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi
Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ Еңбек қорғау
Ағымдағы жер асты жөндеудің жобасы
Құрылысты салу кезіндегі техникалық қауіпсіздік
Талдықұдық компаниясында барлау бойынша орындалған жұмыстар
Жаңажол кенорынындағы ұңғыманы газлифті пайдалану
Мұнай және газ саласында қолданылатын қауіпсіздік техникасы
Пәндер