Ауыз әдебиетінің түсінігі мен түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ . . . 3-6

ІI. Негізгі бөлім

2. 1 Ауыз әдебиетінің түсінігі мен түрлері . . . 7-13

2. 2 Мақал - мәтел, жұмбақтарды таныту . . . 13-17

2. 3 Ертегі жанрын таныту . . . 17-20

ІІI. Тәжірибелік бөлім.

3. 1. ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІC-ТӘСІЛДЕРІ . . . 21-24

ІV. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25-27

V. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

Кіріспе

Ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk - халық, lore - білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.

Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” - халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” - прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б. ) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас. Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол - көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да - халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум. -қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді. Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ.

Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. Сондықтан да ол қай заманда да белгілі бір топтың (немесе таптың) ғана мұрасы болған жоқ. Бұған өткен қоғамдарда қазақ ауыз әдебиеті туралы пікір білдірген адамдардың әр түрлі мамандық иелері болуы да дәлел бола алады. Олар өздеріне қажет елдің тарихы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, мінез-сипаты, дүниетанымы, моральдық-этикалық нормалары, заңдары, діні, дәрігерлік тәжирібесі, қару-жарақ, киім-кешек, жер-су, мекен, тау-тас, көл, өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтерді алдымен осы фольклордан тапқан.

Қазақ А. ә-нің қуатты қайнар көзі ауызша жырлаудың небір саңлақтарын дүниеге әкелді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 - 15 ғасырлардағы Сыпыра жырау, Асан Қайғыдан бастап кешегі Жамбыл, Нұрпейіс, бүгінгі халық ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп еткен жолы еді. Авторлық ауызша әдеби мұраны ауыз әдебиетінің қатарына қоспағанымызбен оның төл тарихы содан басталатынына ешбір күмән жоқ. Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б. ), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар . . . - міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. Рас, ауыз әдебиетінде сөзден басқа әншілік және орындаушылық өнер де айрықша қызмет атқарады.

Ақындық, музикалық және театрлық шығармашылықтың мұнда қабаттаса қолданылуы табиғи жағдай. Алайда ауыз әдебиетінде сөзден басқа өнердің түрлері қосымша қызмет атқарады. Себебі ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні, ең алдымен, бейнелі сөзге негізделген. Әрине сөз өнеріне жазба әдебиет те жатады. Фольклор мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді.

Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей. Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес. Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Әрі мұндай қайталаулар мен ортақ белгілер ауызша жырлаудың белгілі бір дәрежедегі “қалыптық” сипатымен байланысты, яғни ауызша айту қалыптасқан үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Ал жазба әдебиет табиғаты бұл жағынан мүлде бөлек. Жазбаша шығарманың жазылу процесінде тыңдаушыға тәуелді уақыт шектеушілігі мұнда болмайды.

Жазушы мен жазба ақынның көркем шығарманы жарату кезіндегі уақыт еркіндігі мол. Осыған орай даяр үлгімен шығару, шығарманың түрлі деңгейлеріндегі қайталаушылық пен біркелкілік жазба әдебиетке жат. Бұл өзгешелік сөз өнерінің осы екі түрінің көп нұсқалы болу-болмау сипатына да тікелей қатысты.

Ауыз әдебиеті-ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау - ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол - шығармашылық процесс.

2. 1 Ауыз әдебиетінің түсінігі мен түрлері

Аңыз әңгімелер. Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы - аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.

Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т. б. - бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.

Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді.

Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған.

Көсе образы - қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т. б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді.

Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай - сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сарандық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады.

"Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші - әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйітуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды.

Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", - деп аяқ астында оларды масқара етеді.

Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен уақиға аяқталады.

Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтында алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді.

Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.

ШЕШЕНДІК ӨНЕР

Шешендік - қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік - сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.

Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз "Сөз қадірін білмесең, өз қадірінді білмейсің", "Сөз сүйектен өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік" деп, сөз өнерін ерекше тани білген.

Шешендік сөздер - ғасырдан-ғасырға ұласып, халық игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі. Қысқа да нұсқа, бейнелі, мағынасы терең, шымыр, қисынға құрылған бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып оны сөзсіз иландырады.

Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М. В. Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды. Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ. ), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ. ) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті.

Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ. ), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі - XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.

Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары - жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.

Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В. В. Радлов (XIX ғ. ) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар . . . мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", - деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.

Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі - Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.

Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі - М. Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж. ) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А. Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж. ) . Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.

Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.

Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", - деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы - сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.

Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", - деп толғайды. Бұлар - "Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі". Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер - көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер.

Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:

. . . Көш бастау қиын емес -

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес -

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын -

Шешімін таппас дау бар, -

деп дұрыс аңғартады.

Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.

Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер. Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.

Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
Рухани құндылықтардың қалыптасу ерекшелігі
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың сөйлеуін тікелей оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде дамыту құралы ретінде фольклордың шағын түрлерін пайдаланудың тиімділігін негіздеу
Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары
Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану
Фольклордың шағын жанрлары
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz