Қонақүй туристік кешендер менеджменті



Жоспар:

I.Кіріспе
1.1 Менеджмент ұғымы, тарихы ... ... ... ... ... ... ..1

ІІ. Негізгі бөлім:
2.1 Қонақүй туристік кешендер менеджменті ... .2
2.2 Басқару әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3 Басқару стилі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.4 Қонақүйді басқару қызметтері ... ... ... ... ... ..13

ІІІ. Қорытынды
Менеджмент немесе басқару ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың басында Америкада пайда болды. Оған бірқатар факторлар түрткі болған. Соның ішінде елдің демократиялық, азаматардың еңбек сүйгіштілігін, білім алудың жоғары мәртебесін, сондай ақ мемлекеттің экономикаға араласпайтындығын атап өткен жөн. Ел ескіліктің кертартпа догмаларынан да болған. Ал монополияларды құру оларды басқарудың күрделуіне әкеп соқтырды. Осындай жағдайларда бизнес қажеттіліктерінен жауап ретінде ғылыми менедмент пайда болды. Ғылыми менедменттің негізін қалаушысы болып Редерик Уинслоу Тейлор деп саналады. Ол елдің қоғамдық және ғылыми өміріне ерте араласты. Сол жылдарда АҚШ – тың өнеркәсіп орталығы, реформаторлардың әртүрлі қозғалыстарының өнер кәсіпті жаңарту идеяларымен саналуан пікір таластардан бұрқанып жатқан жері Филадельфия деп саналады. Топтардың бірін менеджерлердің әсіресе, адамдармен техникаға бүкіл билікті әбден, сеніп тапсырған, шеберлердің рөліне наразы кәсіпқой инженерлер құрады. Олар машиналық модель деп аталатын өздерінің альтернативті жобасын ұсынады. Оның маңызы кәсіпорынды басқару машинаны құрастырғандай, дәл әрі болжамды болуы тиіс дегенге салды. Басқалары – бұл консервативті не орынды бағыттағы бизнесмендер өнеркәсіп иелері және саяси қайраткерлер енген еңбек реформаторлары олардың назарында жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өзара қарым қатынастары, социо – мәдени орта мен еңбек жағдайы мәселелері әртүрлі қайырымдылық жобаларымен бағдарламалары, мысалы, еңбек моралін жақсарту, өндірісте толық комфорт жасау тұрғын үй жағдайларын әлеуметтік сақтандыруды науқастармен қарттарға күтім жасауды жақсарту. Бұл ағымдар Ф. Тейлорға әртүрлі ықпал етті. Өз өмірін механикалық шеберханада қарапайым жұмысшының оқушысынан бастап, ол заводтың бас инженеріне дейін көтерілді.
Ғылыми басқару ұғымын тұңғыш рет 1910 жылы теміржол компаниялармен жанжал кезінде жүқ жіберуші фирмалардың мүддесін қорғаған Луис Брандейс енгізді.
Жоғарыда еңбек ресурстарын басқару проблемелары теориялық және методологиялық тұрғыдан қаралған, ал ұйым кәсіпорын деңгейінде бұл проблемалар персоналды басқару мәселелері болып табылады. Басқаша айтқанда жұмысқа алынған адамдарды фирма мейлінше тиімді қолданып өзінің көздеген мақсатына – максималды пайда түсіруге ұмтылады. Қанша өндіріс автоматтандырылса да оның негізінде еңбек жазылады – дамның материалдық игілік жасау бағытта күш салуы. Адамдардың еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыру туралы анықтама берсек, оны белгілі принциптер, ережелер мен шарттар жиынына сүйеніп берілген техналогия құрал жабдықтар, еңбек заттар жағдайында әр жұмыскердің еңбегінің шығыны мен нәтижесі арасында оптималды қатынасын құру. Бұл ұғыммен өндірісті
1. «Қонақүй шаруашылығы» – оқу құралы
Мазбаев О. Б., Омаров Қ. М.

2. www.google.kz

3. Атлас мира 2007 ж


4. Журнал «Gulnar tour»

5. «Менеджмент» кітабы, 1998 ж

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Менеджмент немесе басқару ғылыми пән ретінде 20 ғасырдың басында
Америкада пайда болды. Оған бірқатар факторлар түрткі болған. Соның ішінде
елдің демократиялық, азаматардың еңбек сүйгіштілігін, білім алудың жоғары
мәртебесін, сондай ақ мемлекеттің экономикаға араласпайтындығын атап өткен
жөн. Ел ескіліктің кертартпа догмаларынан да болған. Ал монополияларды құру
оларды басқарудың күрделуіне әкеп соқтырды. Осындай жағдайларда бизнес
қажеттіліктерінен жауап ретінде ғылыми менедмент пайда болды. Ғылыми
менедменттің негізін қалаушысы болып Редерик Уинслоу Тейлор деп саналады.
Ол елдің қоғамдық және ғылыми өміріне ерте араласты. Сол жылдарда АҚШ – тың
өнеркәсіп орталығы, реформаторлардың әртүрлі қозғалыстарының өнер кәсіпті
жаңарту идеяларымен саналуан пікір таластардан бұрқанып жатқан жері
Филадельфия деп саналады. Топтардың бірін менеджерлердің әсіресе,
адамдармен техникаға бүкіл билікті әбден, сеніп тапсырған, шеберлердің
рөліне наразы кәсіпқой инженерлер құрады. Олар машиналық модель деп
аталатын өздерінің альтернативті жобасын ұсынады. Оның маңызы кәсіпорынды
басқару машинаны құрастырғандай, дәл әрі болжамды болуы тиіс дегенге салды.
Басқалары – бұл консервативті не орынды бағыттағы бизнесмендер өнеркәсіп
иелері және саяси қайраткерлер енген еңбек реформаторлары олардың назарында
жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өзара қарым қатынастары, социо – мәдени
орта мен еңбек жағдайы мәселелері әртүрлі қайырымдылық жобаларымен
бағдарламалары, мысалы, еңбек моралін жақсарту, өндірісте толық комфорт
жасау тұрғын үй жағдайларын әлеуметтік сақтандыруды науқастармен қарттарға
күтім жасауды жақсарту. Бұл ағымдар Ф. Тейлорға әртүрлі ықпал етті. Өз
өмірін механикалық шеберханада қарапайым жұмысшының оқушысынан бастап, ол
заводтың бас инженеріне дейін көтерілді.
Ғылыми басқару ұғымын тұңғыш рет 1910 жылы теміржол компаниялармен
жанжал кезінде жүқ жіберуші фирмалардың мүддесін қорғаған Луис Брандейс
енгізді.
Жоғарыда еңбек ресурстарын басқару проблемелары теориялық және
методологиялық тұрғыдан қаралған, ал ұйым кәсіпорын деңгейінде бұл
проблемалар персоналды басқару мәселелері болып табылады. Басқаша айтқанда
жұмысқа алынған адамдарды фирма мейлінше тиімді қолданып өзінің көздеген
мақсатына – максималды пайда түсіруге ұмтылады. Қанша өндіріс
автоматтандырылса да оның негізінде еңбек жазылады – дамның материалдық
игілік жасау бағытта күш салуы. Адамдардың еңбегін ғылыми негізінде
ұйымдастыру туралы анықтама берсек, оны белгілі принциптер, ережелер мен
шарттар жиынына сүйеніп берілген техналогия құрал жабдықтар, еңбек заттар
жағдайында әр жұмыскердің еңбегінің шығыны мен нәтижесі арасында оптималды
қатынасын құру. Бұл ұғыммен өндірісті ұйымдастырумен байланысты көп
сұрақтар тығыз араласады. Бірақ та өзіне тән ерекше ой- желісі, тезистері
бар. Біріншіден, қай қызмет саласын алсақ та уақыт мөлшерін орнатудың
керектігі. Ол фирмадан жасаланатын көп есептер негізінде жатады: жұмыс
ұзақтығы, өндіріс циклы, қуаты, жалақы және т. б.
Екіншіден, жұмыс атқару кезінде міндеттер мен жауапкершілікті анық
бөлу. Бөлу негізі ретімен әр жұмыстың күрделігі мен ерекшелігі,
орындаушылардың дайындық дәрежесі біліктілігі, жасы, адал ниеттілігі және
де оған тән жеке қасиеттерін көз өткірлігі реакция жылдамдығы, ықыластылығы
және т. б. ескеру керек.

Қонақ үй туристік кешендер менеджменті

Соңғы уақытта біздің сөздік қорымызға "менеджер", "менеджмент",
"маркетинг" ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын
болсақ, онда "басқа біреу арқылы өз мақсатына жету" болып шығады екен.
Алайда сөзбе сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді.
"Менеджмент" (басқару) ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің
"манус", яғни "қол,күш" деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында,
дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен
бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және
ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік
беріледі:
1. Адамдармен қарым – қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. Билік және басқару өнері;
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. Басқару органы, әкімшілік бөлігі (І)
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық
адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз максатына жетуді
білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы
түрліше түсіндіріледі.
Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл
жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше,
басқару процессі - өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайға қарап
ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану.
Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару
ғылымды мен өнері туралы азын – аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз.
Қонақ үй менеджменті – қазіргі кездегі нарықтық экономика жағдайында
қонақ үй мекен жайларын тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін қонақ үй кәсіпорын
жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Қонақ үй менеджменттегі басты нәрсе - әр бір қызметші қонақ үй
кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою ("алдына мақсат қойған
менеджмент"). Ескі стильдегі қонақ үй кәсіпорын басшылығынан қазіргі қонақ
үй менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне
жататыны – қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді
кәсіпорын құру.
Қонақ үй кәсіпорынның ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан орындарды
ұсына алуы не бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Қонақ үй шаруашылығында – ең алдымен қызметшілер. Осыдан келіп бұл
терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент – бұл адамдардың,
қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Қонақ үй кәсіпорындағы адамдар қызмет көрсету процесінің маңызды
элементі болып табылады. Жаңа қонақ үй шаруашылығын құрарда жаңа
инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды рынок
капиталдарынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп
табу анағұрлым күрделі іс.
Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтық қатнастарды
игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар
әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайынын жұмысшыларды емес,
басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын
ұйымдастыру. Қонақ үй шаруашылығының жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер
мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды көздеу керек.
Сонымен, Менеджменттің 2 ұғымы бар.
Бірінші ұғым. Менеджмент – бұл басқару, басшылық ету органы. Екінші
ұғым. Менеджмент – бұл адамдарды басқару.
Менеджерлер деген кім? Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен
келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз.
Мәселен, тек ғылыми ізденістерімен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес.
Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине,
менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер
жөнінде де осыны айтуға болады.
Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен,
экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез
келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез – келген адам
да менеджер, әдетте, егер компания меншік иесін есептемесін, бұлар
тағайындалатын адамдар. АҚШ-та басшы кадрларды сайлау деген болмайды.
Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың
түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір
қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Европалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа
ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастырушы адамдар.
"Менеджер – бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ,
өзінің жанұясы – фирмасының гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс".
Жапониядағы менеджерлер мектебінің – негізгі жапон корпорацияларының
болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары
осы өсиетті күн сайын қайталайды.
Оның біріншісі – қолда бар ресурстардан нағыз тұтас өндірістік бірлік
құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда
дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, оны тек
түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, менеджер - әрі композитор, әрі
дирижерлік міндетті атқарады.
"Өндірістік бірлікті" құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз
буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық
күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына
тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс - әрекеті менеджердің кэз алдында
әрдайым елестеуі, ал қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріп отыруы тиіс.
Дирижер оркестрді қалай тыңдай білсе, менеджер де әрдайым тыңдай білуі,
кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс - әрекетін қадағалай
білуі тиіс.
Менеджердің екінші міндетіне – кез келген шешімді қабылдап, іс
әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болашағы,
перспективасы туралы да ойланып – толғануы жатады. Әрбір менеджерге – деп
атап көрсетеді. Дракер - өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген
істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін, олардың
қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.
Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол
мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты
міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі,
қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын
іріктейді т.б.
Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен
тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын
адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті – сыйлық беру,
марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер
ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.
Төртіншіден, менеджер ұйымның іс - әрекетін талдайды, нормалауды
белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын
бағалайды.
Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп,
жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де,
қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не
берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі – келіссөз жүргізе
білуі - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы
тиіс. Қонақ үй, мейрамхана т.б. менеджмент және маркетинг туристік бизнесте
ерекше орын алуға тиісті.
Барлық елдерде қонақ үйлер басқару жүйесінде менеджмент жетістіктерін
ұтымды жақтарын пайдалануға тырысады. Сондықтан да менеджерлер алдына
қоятын талап тілектер қалыптасқан.
Қонақ үй жүйесінде менеджерлер тобы және тікелей жұмыс атқаратын
адамдар тобы қалыптасқан.
Менеджерлер үш топқа бөлінеді:
- жеке қызметкерлер жұмысын реттейтін жетекші менеджерлер, олар басқа
менеджерлер қызметіне араласпайды;
- басқа менеджерлер жұмысын қадағалаушы менеджерлер, жоспарлау
саясатына ықпал тигізеді және басты міндеттерді шешуде үлкен роль
атқарады;
- қонақ үй басшыларына тікелей жауапты менеджерлер;
- қонақ үй кәсіпорынның даму стратегиясының қалыптасуына, ірі
мәселелерді шешуші мамандар.
Қонақ үй бизнесіндегі менеджер төмендегі бес негізгі іс - әрекеттерді
жүзеге асырады.
Біріншіден, ол – қарамағындағыларға бағдар бере алатын, мақсат қоя
білетін оның орындалуын талап ететін тұлға.
Екіншіден, менеджер – мақсатты огрындау бағытында сараптама жүргізе
отырып дұрыс шешім қабылдауы, проблема мәселесін топтамастырып, шешуде
қызметкерлерді жұмылдыра білуі қажет.
Үшіншіден, қонақ үй ұжымымен тығыз қатынаста болып, жұмысты
ұйымдастыра, жүргізе білу.
Төртіншіден, қонақ үй қызметкерлерінің әрқайсысының жұмысына баға
беріп, бағалау, марапаттау менеджерлердің функциясына жатады.
Бесіншіден, адамдардың кәсіби шыңдалуына, өсіп жетілуіне назар аудара
отырып, өзінің жетілуіне көңіл бөлу қажет.

Басқару әдістері

Басқару әдістері – бұл мақсатқа жетуге арналған басқарылып отырған
обьектіге әсер ету және қабылдау жиыны. Менеджмент әдістерінің көптігі және
олардың класификацияларының әр – турлі ыңғайлығына келу нақты басқару
міндеттерін шешкен кезде нәтижелі болып келеді.
Практикада басқарудың қонақ үй кәсіпорындарымен қатар көптеген
әдістер және олардың үйлесімділігі қолданылады. Негізгі әдістемелік топқа
қатысты:
1. экономикалық
2. ұйымдастыру - әкімшілік
3. әлеуметтік – психологиялық

Басқарудың экономикалық әдістері. Басқару қатынасы бірінші кезекте
экономикалық қатынастарымен және оның негізінде жатқан адамның қызығушылығы
мен қажеттілігін анықтайды. Содан да басқарудағы экономикалық әдістеріне
басты орын беріледі.
Бұл әдістерді қолдану туралы басқарылып отырған обьектіге
экономикалық ынталандыруға ұйымдастырудың қайырымдылығын қамтамасыз ету
керек. Өз бетімен жұмысқа негізделген жағдайларда ғана басқарудың
экономикалық әдісіне көшуге мүмкін болады: ұжым, материалдық қорды, түскен
пайданы, еңбек ақыны басқарады және өздерінің экономикалық көзқарастарын
іске асырады.
Экономикалық әдістер жаңа мүмкіндіктердің және қордың анықталуына
себеп болады, әсіресе нарықтық қатынастарға көшу мезгілі маңызды.
Өндірістік процесстің бар қатысушылары экономикалық қызығушылығымен жүйенің
материалдық ынталандыруының өзгеруі туралы айтылады.
Бұл бағыттағы барлық жұмыстың бас мағынасы басқару іс - әрекеттерінің
экономикалық салдарын максималды түрде толық ескеру секілді жағдайда қою.
Ұйымдастыру - әкімшіліктен айырмашылығы экономикалық әдіс басшылығы
жұмыстың ортақ жоспарлы экономикалық көрсеткіштері мен оларға жету
құралдарын ұйғарады. Экономикалық ынталандыруда жоғарылату нәтижесінде мына
жағдай пайда болады, бұл жағдайды еңбек ұжымы және мүшелері жұмысқа
әкімшілік қысымы нәтижесінде емес ( бұйрық, директивалар, жарлықтар)
экономикалық ынталандыру нәтижесінде талпынады. Басқарудың экономикалық
әдісі негізінде ұйымдастыру - әкімшілік және әлеуметтік – психологиялық
әдісі даму және нығаю қажет, кәсіпкерлік және оларды мәдени қолдануы
жоғарылауы керек.
Басқарудың ұйымдастыру - әкімшілік әдістері. Тіке директивтік
нұсқауда негізделеді. Басқару механизмі бөлігін құрайтын обьетивті
негіздегі қолданылған ұйымдастырылған қатынастағы әдістермен шығады.
Ұйымдастыру - әкімшілік қызметінің міндеті бағынушылар қозғалысының
үйлесімділігін құрайды. Ешқандай экономикалық әдістер ұйымдастыру -
әкімшіліктің ықпалынсыз болмайды. Ол айқындылықты және ұжым жұмысының
тәртіпке келуін қамтамасыз етеді. Қолайлықтың үйлесімділігі, экономикалық
және ұйымдастыру - әкімшілік әдісінің рационалдық байланысын анықтау
маңызды.
Экономикалық әдістерінің әсер ету саласы шығарып тастау, ұйымдастыру
әкімшілік басқару әдістерінің есебінен ғана кеңейеді, практикалық жағынан
да, ғылыми жағынан да заңды деп есептей алмаймыз, өйткені , әрекет ету
механизмі ерекшеленеді. Ұйымдастыру - әкімшілік әдістері негізінен
жетекшінің билігіне және оның құқықтарына сүйенеді. Бірақ та әкімшілік
әдістерін жетекшінің жігерлі және субъективтік әдістеріне ұқсастырмау
қажет, яғни, әкімшеліктелуімен.
Ұйымдастыру - әкімшілік әдістері еңбек тәртібін сақтау құралдарының
әкімшілік жүйесі, олардың орындалуын бақылау, ауызша және жазбаша түрде
берілетін жылдам нұсқа, бұйрық арқылы басқарылатын объектіге тікелей ықпал
жасайды. Олар ұйымдастырудың айқындылығымен еңбек тәрбиесін қамтамасыз
етуге белгіленген. Бұл әдістер шаруашылық заңдар және еңбек құқықтық
актілерімен реттеледі.
Ұйымдастыру - әкімшілік әдістерінің көрінісінің 3 түрі бар:
- міндетті жазылым ( бұйрық, тыйым және т.б. )
- келісімділік түрі ( кеңес, мәмілелердің рұқсаты )
- кепілдеме, тілек ( кеңес, түсіндіру, ұсыныс және т.б.)
Ұйымдастыру - әкімшілік әдістердің барлық түрі бір жүйеде болады: бұл
жоғарғы тұрған басқару мүшелерінің бұйрықтары және тікелей тапсырма, олар
заңдар мен қаулылар, өндірістік үрдістерді оптимизациялау мақсатындағы
басқарушылардың жарлықтары мен бұйрықтарын сақтауға бағытталған.
Ұйымдастыру - әкімшілік әдістерін басқа әдістерден ерекшелейтін
директивтердің анық мекен – жайлығы, бұйрықтар мен нұсқаулардың
орындалуының міндеттілігі, бұлардың орныдалмауы орындаушылық
дисциплиналардың тікелей бұзышылығы ретінде қаралады және белгілі бір
жазалар тағылады. Нақты мазмұн бойынша, ұйымдастыру - әкімшілік әдістер –
бұл зорлау әдістері, олар еңбек – адамның ең бірінші өмірлік қажеттілігі
болғанға дейін өз күшін сақтайды.
Ұжымдағы қызмет ететін басқару әдістеріне байланысты оларға сәйкес
келетін бағындыру жүйесі қалыптасады. Бұндай бағындыру түрі ең ақ жарқын
мазмұнда болу керек ұжымда прогреске себеп болу керек, және керек қорлық ,
қолайсыз жағдайларды, тітіркену, кейде стресс сияқты эмоцияларды туындырмау
керек, себебі олар басқаратын және басқарылатын жүйелер арасындағы кез –
келген арақатынастарды алшақтатады.
Практикада басқару әкімшілік әсері ереже бойынша 3 түрлі бағындыру
түрімен байланысты:
- амалсыз және сырттай көндіру, бұл жағымсыз тәуелділік сезіммен бірге
жүреді және бағынушылардың түсінігі бойынша жоғарыдан қысым боп
табылады.
- пассивті бағындыру, бұған өз бетімен шешім қабылдаудан босатылуға
байланысты қанағат тән.
- сезінген ішкі тұрақталған, бұл жетекшіні де, бағынышты да
қанағаттандырады.
Ұйымдастыру - әкімшілік басқару тәсілдерін қолдану басқарылатын жүйе
дамуны және тіршілігіне жағымды жағдай жасайды, басқару обьетісіне мақсатты
әсер етеді. Тікелей әскер етудің мазмұнды ерекшеліктеріне жетекші мен
бағыныштының тікелей байланысы жатады. Бірақта тікелей әсер ету ақырында
бағыныштылардың пассивтіліктерінің күшеюіне, ал кейде жабық түрде
көнбеушілікке әкеледі. Тапсырмалардың қойылуы мен ынталандырушы
жағдайлардың тууы арқылы жүзеге асатын әсер етудің әдістері өте нәтижелі.

Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері. Еңбектің нәтижесі көп
жағдайда психологиялық факторға байланысты екендігі белгіленген.
Осы факторларды ескере білу және олар арқылы мақсатты түрде жеке
жұмысшыларға әсер ету басқарушыға бір мақсатты және шешімді ұжым құруға
көмектеседі. Әлеуметтік зерттеулер шаруашылықты басқарушының ісінің табысы
15 % - мамандықты жақсы білуіне байланысты да, 85 % - адамдармен жұмыс
істей алатындығына байланысты екенін куәландырады.
Әр адамның мінезінің ерекшелігін біле отырып, оның мінез – құлқын
ұғымға қажетті бағытта болжауға болады. Әр топқа өзіндік психологиялық
климат тән. Сондықтан да еңбек ұжымдарының пайда болуының және дамуының
мәнді жағдайына, психофизиологиялық сәйкестік ұстанымының қадағалануы болып
табылады. Жапон социологтары мынадай пікірге келді: адамның жұмыс істеуге
деген көңіл – күй, тілегі және ұжымдағы өнегелік – психологиялық ортаға
байланысты, еңбектің өнімділігі шамамен 1,5 есе көбеюі не бірнеше есеге
азаюы мүмкін. Басқарудың әлеуметтік және психологиялық аспектілеріне
жеткіліксіз назар аудару ұжымдағы зиянды қарым – қатынасқа әкеледі, бұл өз
ішінде еңбектің өнімділігін азайтады.
Әлеуметтік – психологиялық әдістер еңбек ұжымдарында пайда болатын
тұлғалық қарым – қатынас пен байланыстарға, сонымен қатар олардың ішінде
болатын әлеуметтік үрдістерге әсер ететін спецификалық тәсілдер ретінде
таныстырылады. Олар еңбекке деген өнегелік ынтаны қолдану үшін негізделген,
әкімшілік тапсырманы парыз сезіну, адамның ішкі қажеттілігіне айналдыру
мақсатында жеке тұлғаға психологиялық амалдар арқылы әсер етеді.
Бұл әдістерді қолданудың негізгі мақсаты – ұжымда оң әлеуметтік –
психологиялық климат тудыру, осыған байланысты тәрбиелік, ұйымдастырушылық
және экономикалық тапсырмалар маңызды деңгейде шешіледі.
Жетекші тұлғаның биологиялық табиғаты мен ішкі дүниесін түсінуі, оған
ұжымның ұйымшыл және жанданған түрін таңдап алуға көмектеседі. Еңбек
ұжымында жұмысшылардың арақатынасы, олардың еңбек құралдарына және қоршаған
ортаға қатынасы әлеуметтік – психологиялық басқарудың объектісі болып
табылады.
Тәсілдер мен амалдардың әлеуметтік – психологиялық әсері жетекшінің
дайындығымен, оның біліктілігімен, әлеуметтік психология туралы біліммен
және ұйымдастыру қабілетімен анықталады. Басқарудың әлеуметтік –
психологиялық тәсілдері ұжымның басында жеткілікті білікті, басқарудың
әртүрлі амалдарын қолдана білетін адамдардың болуын талап етеді.
Әлеуметтік – психологиялық әсер етудің негізгі түрлері ретінде
мыналарды ұсынуға болады: еңбек ұжымдарының әлеуметтік дамуын жоспарлау,
тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу әдісі ретіндегі сендіру, экономикалық
жарыстар сын және өзіндік сын, ылғи болып тұратын өндірістік кеңестер, олар
басқару әдісі мен басқаруда еңбек ететіндердің қатысу формасы ретінде
шығады. Әртүрлі салттар мен рәсімдер, осыларды ұстанбау еңбек ұжымында
психологиялық дискомфортты тудырады.

Басқару стилі

Менеджерлердің қонақ үй және мейрамханалар индустриясындағы жұмысы
адам – адам жүйесінде басқару функцияларын орындау ретінде таныстырылады.
Бұл қонақ үй кәсіпорындарын басқару стильдерін таңдауда өз ізін қалдырады.
Стиль сөзі грек сөзінен шыққан. Алғашында бұл сөз балауыз тақтада
жазуға арналған стержень мағынасында қолданылды. Бұдан шығатын қорытынды:
басқару стилі – бұл менеджер ісіндегі қол, жазу деп санауға болады.
Басқару стилінің толық түсінікті анықтамасы – менеджерлердің практикалық
іс - әрекет амалдардың, тәсілдердің және түрлердің жүйесі. Бұдан басқа,
басқару стилі басқару шешімдерін реализациялау мен дайындау үрдісі кезінде
менеджердің өзін - өзі ұстау тәсілдері мен мәнері ретінде түсіндіріледі.
Көріп отырғанымыздай, басқару стилі мен әдісі белгілі бір бірлікті
болады. Стиль берілген менеджердің жеке мінездемесіне сәйкес жетекшіліктің
әдістері мен реализациялау түрі болып табылады. Қойылған жетекшілік әдістің
әрбіреуіне белгілі бір басқару стилі тән. Бұл әрбір әдіске өзінің
реализациясы үшін нақты қасиеттері бар тұлғалар қажет етеді деген сөз.
Тек қана өзіне сай басқару стилі бар менеджер өзінің ісінде
басқарудың әртүрлі әдістерін қолдануына болады.
Осыған байланысты, басқару стилі қатал жеке құбылыс, себебі ол нақты
тұлғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік сала мамандарын даярлау тарихы
Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі
Республикамыздағы қонақ үй бизнесінің даму жолдарын көрсету
Қонақ үйлердің қазіргі заманғы классификациялық жүйелігі және оның туризмдегі ролі
Қонақ үйлерде қабылдау және қызмет көрсету үдерісін классификациялау
Қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Бақылау басқару функциясы ретінде
Достық қонақ үйінің персоналы
Қазақстан Республикасының орналастыру орындары
Пәндер