Эссе жазу кезеңдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе

Эссе автордан логикалық жағынан жүйелі ақпаратты талап етеді. Эссеист өзінің ой-толғанысында бір немесе бірнеше пікірді жақтайды немесе оларға қарсы шығады. Автор өз ойын факт пен логикалық негіздеу арқылы дәлелдеп қана қоймай, бұл ақпаратты аудиторияға түсінікті түрде жеткізу керек. Мысалы Қазақстан жазушысы Марат Қабанбайдың Қазақ қайда барасың? атты шығармалар жинағында : Қазақ тілі, ділі, діні жүретін аумақтар Арал теңізіндей тартылып барады. деген үзіндінің өзінде Ханнан да, қарадан да биік ана тіліміздің күні не болады? атты эссенің тақырыбын толық ашу үшін оқырманға түсінікті, әрі актуалды теңеу қолданады. (619) Мәтін хронологиялық тәртіпке келтіріліп, бірден түсінуге қиын ой-пікірлер мысал келтіру арқылы, ал соңында ойды қорытып, түйіндеп жазылған эссені эссе деп атауға болады. Бұл жанрға арналып жазылған ағылшын, француз, американ әдеби теориялық шығармаларда ХХ - ғасырдағы эссеның көкейкестігі, өміршеңдігі туралы көп айтылады. Дональд Друэрри өзінің Varieties Of The Essay еңбегінде эссенің әдебиет формасының шегінен асып, мерзімді баспасөз, баспадан жаңа шыққан кітап сияқты өте маңызды екенін жазады. Телевидение мен радионың өзінде эссе жанрдағы материалдар жиі дайындалынады.
Ағылшын ғылымдары Роберт Скулз бен Карл Клаустың еңбектерінде эссе Платонның ақиқат ұлылығымен байланысып қарастырылады, ал бұндағы жанрдың негізігі функциясы - сендіру(persuasion).(33) Эсседегі бізбен ой бөліскен адам бізді өзінің көзқарасының дұрыстығына сендіреді, әрі оқырман эссеге көз жүгірткенде, білімі терең, дүниетаным деңгейінің көкжиегі кең, өресі биік, аз сөзбен көп мағынаны қамти алатын, өмір, қоғам, тіршілік туралы өз тарапынан ой қоса алатындай болуы тиіс. Мысалы Қазақстан әдеби сыншысы, журналист Амангелді Кеңшілікұлының Гогольдың өлімі атты шығармасында: Өмірінің соңында жазған Гогольдің Жазушының жан азасы еңбегін оқыған сайын өмір дегеніміздің адам мен сайтанның арпалысы екендігіне көзім жете түскендей болады. Сол сайтанды жеңу-халықтың ар-ұятының өлшеміне ғана байланысты ... Менің ойымша, өз халқының келешегі үшін шын жаны ашитын жазушы оны өтірік мақтап емес, Гоголь сияқты ашына сүю керек, ашына!(78)
Г. Марсель, П. Телар де Шарден, С. Вейля, М. Мерле-Понти және т.б. философтардың эссе жанрындағы шығармаларында француз менталитетінің ерекшеліктері ішінде философиялық және көркем өнер саладағы ойлардың туыстығын анық көрсете білген. ХХ ғасырдағы эссеист, сын метафизигі М. Бланшо өзінің әдеби-сын эсселерімен танымал болған. Ол Әдеби кеңістік атты эссесінде философия мен әдебиеттің жақындастығын дәлелдеу үшін Новалистің: Біз бүкіл Ғаламшарға саяхат жасауды армандаймыз, сонда әлемнің өзі бізде емес пе? деген сөзін қолданады.
Сонымен, эссе ғылыммен, публицистикамен және көркем әдебиетпен байланысты, дегенмен олардың ешқайсысына да тікелей қатысы жоқ жанр. Эссе көбінде сараптамалық әдебиетке жақын болып келетін және философия, әдебиет, саясат, сын, өнеге, эстетика, идеологияны объект ретінде қолданып, соларды сараптайтын жанр. Эссе үшін ең маңызды факторлар: өзектілілік, экспрессивтілік және бейнелілік. Жалпы сәтті жазылған эсселердің авторлары философтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, өнер зерттеушілері, жеке салада хабардар журналистер бола алатынына өмірдің өзі дәлелдеп жүр, демек эссе жанры автордың интеллектуалдық байлығына, өмірден білген, көрген, сезінген, түйгенін халыққа жеткізу стилінің өзіндік ерекшелігіне байланысты деген қорытындыға келуге болады.

2.1 Эссе. Оның түрлері

Эссе жанры - тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Әдебиеттегі эссе-соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеист интелектуалдық байлығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.(2378) Эссе сөзі француз тілінен аударғанда тәжірибе, шығарма, мүмкіншілік деген бірнеше мағына береді. Бұл жанрдың негізін салушы француз ойшылы Мишель Монтень (Опыты, 1580-1588 г.г.) Н.Л. Лейдерман, Л.В. Куприяновский, З.И. Кирнозе, Г.М. Цвайг сияқты зерттеушілер бұл жанрды автобиография, биография, күнделік, мемуарлар, очерк, эпистолярлық әдебиет, құжаттық драма және т.б. қатарына жатқызады. Осы жанрлар кейінгі антика дәуіріндегі өнер түрімен ұқсас болып келеді, ал тарихы көркем-құжаттық әдебиет ғылымға талпыну мен адамды, қоғамды, тарихты көркемдік жағынан зерттеу кезі - Қайта өрлеу дәуірінде бастау алады. ХХ ғасырда фактілік әдебиет туралы Иржи Гаек былай деп жазады: Репортаждар, лирикалық, поэтикалық эсселер, биографиялық новеллалар-бұлардың барлығы дерлік сюжеті жоқ, перифериялық жанрлар және қазіргі таңда олардың ролі өте зор. Олар әдебиеттің маңызды және ажыратылмас бөлшегіне айналды. З.И. Кирнозе бұл феноменді ХХ ғасырдағы романның құлдырауымен байланыстырады.(31) Бүгінде эссе жанры жаңа рөлге ие, маңызды функция атқарады, нақты айтатын болсақ, Республика деңгейінде өтетін кейбір шығарма бәйгелері осы жанрда ұсынылып жарияланады, бұның себебі-эссе жанры жеке тұлға тарапынан баяндалатын хабарламаны талап етеді.
Соңғы жылдары эссе жанры баспасөз беттерінен қайта көріне бастады. Бұның себебі - эссенің газет беттеріне қайталамас реңк, ерекшелік әкелуінде. Қазіргі заманғы эссенің негізі - қоғамдық өмірдің әр саласындағы құбылыстарынан пайда болған теория, анықталған концепцияны ерекше бейнелеу мен жеткізуде жатыр. Эссеистың ойлау деңгейі глобальдылық. Глобальды деңгейде ойланудың маңыздылығы ең алдымен адамдардың күнделікті өмірде негізгі мәселелердің ішінде көкейкесті, өтпелі кезеңдерді анық байқауға көмектеседі.
А.А. Тертычный қазіргі баспасөздегі эссенің бірнеше түрлерін қарастырады, біз солардың ішіндегі ең көп таралған 4 түріне тоқталайық:
Публицистикалық эссе. Бұндай эссенің ерекшелігі күн тәртібіндегі, аудиторияны қызықтыратын мәселелерді қозғауында (мысалы өлім жазасына мораторий жариялау, терроризм т.с.с.).
Әдеби-сын эссе. Бұл әдеби шығармалар жайында жалпы ой-толғаныстар. Әдеби-сын эссенің рецензиядан айырмашылығы-эсседе шығарма детальды түрде талданбайды. Эссеист әдеби шығарманың жалпы заңдылықтарын көрсетуге тырысады, нақты шығарма арқылы өз пікірін білдіреді, идеясын өрбітеді.
Философиялық эссе. Автор эссенің бұл түрінде көбіне болмыстың жалпы мәселелерін, оның қоғамға, жеке адамға әсері туралы сөз қозғайды. Материя және рух, өмір және өлім, олардың бірлігі мен күресі-авторды толғандыратын тақырыптар осы.
Ғылыми эссе. Бұл эсселер жалпы ғылыми мәселелерге байланысты болып келеді. Техникалық жетістіктер, өркениет тағдыры, техника мен адам арасындағы қақтығыстар, ғылымның ізгіліктендірілу жолындағы әдістер мен мақсаттар және т.б.
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал эссе сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру
Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу мәдениетін қалыптастыру болатын. Сол мақсатыма жетудің бірден бір жолын СТО бағдарламасымен танысқаннан кейін белсенді жүрді деп айтуға болады. Бүгінгі күні эссе жазу арқылы студенттерімнің шығармашылық қабілетін дамыту арқылы жазу мәдениетін де қалыптастырып жатырмын деп айтуға болады . Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді.Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай, стилі жеңіл болу керек. Яғни, бұл ерте ме, кеш пе әрбір шығармашыл болмыс назар аударатын философиялық, әдеби, тарихи - библиографиялық проза жанры. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: Эссе - бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма деген анықтама берілген.
Классикалық эссе - бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты - әр түрлі тезистер,дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі. Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады. Қолыңа не үшін қалам алғаныңды ең алдымен өзің түсініп ал. Мінсіз эссе жазудың дайын ережесі жоқ және болмайды да, бірақ эссе жазу дағдыларын жүзеге асыруға көмектесетін ережелер мен нұсқаулар бар.Ең алдымен өзіңнің хабарлайтын, жазатын, ой тол-ғайтын, талқылайтын нәрсең туралы анық білуің керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакция-сын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек. Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет - тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу. Эссе жазуға қалай дайындалу керек? Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен мына сұрақтарға жауап беру керек сияқты: Мен неге және не үшін жазып отырмын?, Менің жұмысымды кім оқиды?, Мен қандай идеяларды айтқым келеді?, Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?, Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін? Эссе жазудың нақты мақсаты қандай? Ол: -Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу; -Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту; -Оқырмандарды ақпараттандыру; -Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу; -Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рахатқа бөлеу; -Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу; -Іс-әрекетке түрткі болу.
Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын білсе және өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады. Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықтауға тырысу керек. Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес оқырмандар-ға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмекте-седі. Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқың-ыз келетінін айқындай отырып,өзіңізге де эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз. Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кей-бір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді,ал кейбіреулері дәлел және фактілерсіз болады. Сондай-ақ,тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор позициясының негізінде автордың жеке әсері,толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана, интернет ресурс-тары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпарат-тарды қажет. Сұрақ және эксперимент те болуы мүмкін. Келесі кезең - дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау. Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: фактілерді тексеру керек, өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар материал-дарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек. Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтас-тықты анықтауға көмектеседі. Ең жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да маңыздырақ ақпараттар алынады. Тезистері мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады? Жүйелі ақпарат,идеяларды нақтылайтын фактілер болып, автор оларды қандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен қатар өзінің хабарламасымен қандай нәтижеге жеткісі келетінін көре білсе - тезистерді ойды мағыналы баяндауға айналдыру қажет.
Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім. Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және мінсіз (өзіндік болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертп т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. Егерде эссенің жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады. Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді, жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әр түрлі айқындау құралдары қолданылады. Қорытынды бөлімде әдеттегідей қорытынды жасалады, жазылған мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-күй мен сезімді анықтайды.
Эссенің қорытынды бөлімі негізгі бөлімнің көлемімен бірдей болу керек. Ал, баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады. Автор неден бастап жазса да өз еркінде. Мүмкін кіріспе бөлімнен бастап, жайлап қорытындыға қарай Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни мағыналық байланыс-тылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің дұрыс-тығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. Екінші нұсқа бойын-ша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баян-даудың жатықтығына,ойдың логикалық сабақтас-тығына, байланысына назар аудару керек. Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы, тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді. Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде жағымсыз сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану барысында мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады. Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңа оқырманның көзқарасыимен қарауға тырысу,ең соңында адамдар-дың пікірін білу. Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек

2.2. Эссе жазуға қойылатың талаптар

Бүгінде мектептерде берілген біліміді бағалау үшін ЭССЕ көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда ерекше көңіл тағы да ЭССЕге бөлінеді. Азғантай тәжірбиеммен бөліссем деп едім ...
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:
:: Жеке көзқарастың көрінісі;
:: Фактілі дәлелдер (аргументтер);
:: Теоретикалық негіздеме;
:: Терминдерді қолдану;
:: Цитаталарды келтіру;
:: Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
:: Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
:: Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
:: Сауаттылық (пункт., орфогр.);
:: Юмор, сарказм;
:: Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні".
Жиі кездесетін қателіктер:
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың болмауы.
Бағалау талаптары. Бірінші әдіс:
1. Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарас, позиция, қарым-қатынас көрініс табуы. 2-1-0.5-0
2. Проблема теоретикалық деңгейде негізделіп терминдер дұрыс қолданылуы. 1-1-0.5-0
3. Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер. 1-1-0-0
Эссе - бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эссені жазу кезеңдері
Эссеге дайындалу мен оны жазу жолдары
Эссе жазу тәртібі
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Мәтіндік тапсырмалар арқылы оқушылардың оқылым, жазылым, тыңдалым әрекеттерін дамыту
Қазақстан Республикасында ветеринариялық санитария ғылымының қалыптасу кезеңі, тарихы
Жазба жұмысын жоспарлау
Академиялық жазу және мәтін
Эссені бағалау
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Пәндер