Қазақ халқының ұлттық ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда облысының білім басқармасы
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі

Педагогика және психология ПЦК-сы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық ойындарының тарихы, олардың бала тәрбиесіндегі рөлі

0111013-Қазақ тілі және әдебиеті

Құлман Карина
(оқушының аты-жөні жеке куәлікке сәйкес)
Ғылыми жетекшісі: Маханова Жанат

Қызылорда, 2016жыл
Мазмұны:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 6-13
2.2 Қазақ халқының ұлттық ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі ... ... 14-18
2.3 Қазақ халқының ұлттық ойындарының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-21
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
3.1 Қызылорда қаласындағы №112 орта мектебінде оқушылармен өткізілген Наурыз мерекесіне байланысты ұлттық ойындар сайысы ... ... ... ... ... ...22-24
ІV. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-26
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе

Бала тәрбиесі - өткен заманнан бастап адамзатты толғандырып келе жатқан өмірдің өзекті мәселесі. Қазақ халқы ежелден жас ұрпақты сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуін мақсат еткен. Баланы үнемі қамқорлыққа алып, жан-жақты тәрбиелеп отырған қазақ халқы мәдени мұраларға бай халық.
Сондай дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Халқымыздың өмірде дені сау, шыныққан бала тәрбиелеу жөнінде кейінгі ұрпақтарына үлкен де бай мұрасы - ұлттық ойындар.
Халықта Баланы ойын өсіреді деген даналық сөз бар. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі ширай түседі.Ұлттық ойындар арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайында таным түсініктері қалыптастасады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет - ойын.
Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенімізбен бүгінгі байланыстарымыз баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз. Ұлттық ойындар балаларды шапшаңдыққа, алғырлыққа, батылдық пен жүйріктікке,елін, жерін қорғауға, салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиелейді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ал ұрпақты жан - жақты келбетті етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің тәлім тәрбиелік, білім танымдылық рөлі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып - терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елен - жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс - әрекеті, басқалармен қарым - қатынасы атаулының барлығы салт - дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі.
Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп, қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан - ғасырға жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара қарым - қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни бұрыннан қалған жол - жосынды басшылыққа алады.
Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата - бабадан қалған материалдық және мәдениетке ие мұрагер болады. Мысалы халқымыздың Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар, Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер деуінің мәні бұрынғыдан қалған салт дәстүрімізді басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді.
Қазақ - дәстүрі бай және қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез - құлқы, наным - сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады.
Салт - дәстүр ұлттық тәрбие. ұлттық тәрбиені оқыту үшін мектепте мұғалім баланың жас дара ерекшеліктеріне сай қазақтың ойындары, мақал - мәтел және алуан түрлі салт - дәстүрді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу керек. Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту ұстаздың басты міндеті.
Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі.Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының ішінде тәрбиенің таптырмас құралы ретінде ойындар мен ойын өлеңдердің маңызы зор. Оларда адамдардың күнделікті тұрмыс әрекетінің сан қыры, еңбегі, ұлттық бастаулар, намыс, қайсарлық, ержүректік туралы түсінігі, ептілігі, шыдамдылықты, жылдамдықты, күш - қайратты, әсем қимыл - қозғалысты меңгерту тілегі, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, қоршаған ортадан алған әсерін шығармашылықпен көрсетуге, сонымен бірге жеңіске жетуге деген талпынысы айқын байқалады.
Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей - тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрлысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Ойын - бір жағы, дене қозғалысы, шыныққан денесінің шеберлігі, бір жағы: көңіл көтеру, дем алу, бір жағы бас қосып бірлесіп, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын- сауықтар жиі атқарылады.
Той-думан, ойын-сауық адамды, ел-жұртты жұртқа жібермейді, тұтастыққа, бірлікке тартады. Ойын-сауықта адам табиғатпен, табысты тынысын кеңейте алды, ұнатқандарымен жақындасты. Табиғи көркемдікке қызығу оның тамашалау көшпенділердің жас кезінен қанынан сіңірген қасиет. Ойын - ұрпақтар өмірін үйлестірудің дәстүрлі ән бимен өрнектелген сауық түрі. Ұлттық ойындар жасөспірімдердің ой қабілетін, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырады. Олар үшін ойын - баланың жан-тәнін қоздыратын тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңістің дәмін тартқызатын жеңімпаздардың мәртебесін көтеретін кеңестік пен қолдау тоғысы
Қазақтың ұлттық ойын сауығы достық пен қонақжайлылықтың белгісі және көптің басын біріктірудің кепілдігі, сүйкімді әнші мен әңгімешілерге мұқтаждықтың айғағы. Ойын сауықта жалғыздық сезім, арам ниет билей алмады, ойыншы үнемі ізденісте болады. Ондағы құдірет өнерпаздық, түсіністік және келісімге жол табу. Адамзат қашанда болмасын осы үш құдіретке тәнті болған, сол құндылыққа жетудің мүмкіндігін арнайы және үнемі іздестірумен әуреленген.
Мектеп оқушыларына дене күшін, қозғалыс дағдыларын дамытуға байланысты ұлттық ойындар түрлері физиологиялық, психологиялық тұрғыдан қазіргі заман талабына сай ары қарай дамытуды қажет етеді.
Мектепте оқушыларға ұлттық ойындардың құндылығын насихаттаумен қатар, оларды қолданудың озық тәжірибелерін жинақтау және дамыту керек.
Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.
Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына үлкен де бай мұра қалдырған.
Соның бірі ұлттық ойындар халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру ойнату әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көз-қарастың,мінез-құлқының қалыптасуы құралы деп те ерекше бағалаған. Бала кішкентайынан ата-ананың талап етуімен және өз еркімен әртүрлі ұлттық ойындарға қатысып өзінің икемділігін тапқырлығы мен батылдылығын байқатқан.

2.1 Қазақ халқының ұлттық ойындарының тарихы.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болам ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Балалар ұлттық ойын үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, ұлттық салт-дәстүрлермен танысып, қасиетін айқындай бастайды.
Ойын дегеніміз - адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды, - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, Сиқырлы қоржын, Көкпар, Асық секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Қазір бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Тоғыз құмалақ қуыршақ асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар арасында тараған ұлттық ойындар негізінде халық әртүрлі жсау арқылы денешынықтыру негізін қалады.
Мұның әлеуметтік тәлбиелік мәні де болды.Ұлттық ойындар кейіннен спорттық ойындар ұласты.
Мәселен: Қобыланды, Алпамыс батыр, Ер тарғын сияқты эпостық жырларда елі сүйген батырлардың жұртшылық,сүйіспеншілігіне бөленген ер жігіттің ең алдымен ұлттық ойындарда сайысып одан кейін көп кісі қатысқан ойын сауықтарда өздерінің мергендік, балуандық, шабандоздық шеберліктерін көрсеткендері туралы жан-жақты әңгімеленеді. Зерттеулерге жүгінсек домбырамен күй шерту аттың құлағында ойнау,су мен ойнау, аң сүйген, тоғыз құмалақ,асық ойнау сияқты қазақ тіліндегі сөз тіркестері бұл ойындардың халықтық көне мәдениетінің куәсі ретінде өте ерте заманда пайда болып біздің ата-бабаларымыздың кеңінен пайдаланған ұлттық ойындардың сан ғасырлар бойы өмір сүргендігін айқын көрсетеді.
Халық ауыз әдебиетін зерттеген көрнекті ғалым филология ғылымының докторы В.Ухатов өзінің Қазақтың халық өлеңдері атты іргілі монографиясында Ерте заманнан бастап балалар әртүрлі салтқа байланысты өтетін қазақтың ойын-тойларына қатысып жүрген.Олар жылдың басы Наурыз күндерінде бір жұмаға соғылатын үйлену тойларын да үлкендермен бірге қызықтап соның басы қасында болған деп халқымыздың ұлттық ойындарында орындалатын балалар өлеңдерінің ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Сондай-ақ жаздың жайма шуақ кеңшілігін пайдаланған ұзақты күн ойын соңында болып талай күлкілі ойын түрлерін ойлап тапқан
Қазақ халқының көне батырлар мен ғашықтар жыр дастарымда ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығын айқын көрінеді.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған, - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады, - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.
Ә.Диваев Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа - спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә.Диваев: Как киргизы развлекают детей деген мақаласында: бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған, - дей келіп, Бес саусақ ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі - орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі - халық данышпандығының белгісі.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы - халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев Игры сартовских детей атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.
Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жатқан дәстүрлі Гимчук тушты бошимга ойыны Ташкенттегі сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен жазылған Перепелиный спорт у Ташкентских сартов атты мақаласына өзбек халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері уақытында Құстар ойынын (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі.

Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды Казахские национальные виды спорта и игры (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың Тоғызқұмалақ ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары (Алматы, 1994) атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген.
Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың авторлығымен жазылған ғылыми монография Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады. Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты - бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және тағы басқалар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И.Давыдов ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды.
Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады.
М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде Қояндар (2-3 жасарларға), Аңшы мен ит және қояндар (4 жастағылар үшін), Торғай мен мысық (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген.
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан Физическое воспитание в детском саду кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде. Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын сапасы өскелең мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынының түп - төркіні сонау 6 - 8 ғасырдағы Орхан Енесей ежелгі түрік жазбаларынан басталады. Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің ертедегі ата - бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет жаудан қорғаған батыр жауынгер ғана емес, ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса сәулетші, мүсінші, ұста, зергер болғаны екенін дәлелденді.

2.2. Қазақ халқының ұлттық ойындарының бала тәрбиесіндегі рөлі.

Қазақ халқы - рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын сапасы өскелең мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынының түп - төркіні сонау 6 - 8 ғасырдағы Орхан Енесей ежелгі түрік жазбаларынан басталады. Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің ертедегі ата - бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет жаудан қорғаған батыр жауынгер ғана емес, ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса сәулетші, мүсінші, ұста, зергер болғаны екенін дәлелденді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ал ұрпақты жан - жақты келбетті етіп өсіруде халықтық салт - дәстүрлердің тәлім тәрбиелік, білім танымдылық рөлі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып - терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елен - жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс - әрекеті, басқалармен қарым - қатынасы атаулының барлығы салт - дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады
Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп, қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан - ғасырға жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара қарым - қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни бұрыннан қалған жол - жосынды басшылыққа алады.
Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата - бабадан қалған материалдық және мәдениетке ие мұрагер болады. Мысалы халқымыздың Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар, Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер деуінің мәні бұрынғыдан қалған салт дәстүрімізді басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді.
Қазақ - дәстүрі бай және қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез - құлқы, наным - сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады.
Салт - дәстүр ұлттық тәрбие. ұлттық тәрбиені оқыту үшін мектепте мұғалім баланың жас дара ерекшеліктеріне сай қазақтың ойындары, мақал - мәтел және алуан түрлі салт - дәстүрді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу керек. Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту ұстаздың басты міндеті.
Қазақтың ұлттық ойындары ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі.Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының ішінде тәрбиенің таптырмас құралы ретінде ойындар мен ойын өлеңдердің маңызы зор. Оларда адамдардың күнделікті тұрмыс әрекетінің сан қыры, еңбегі, ұлттық бастаулар, намыс, қайсарлық, ержүректік туралы түсінігі, ептілігі, шыдамдылықты, жылдамдықты, күш - қайратты, әсем қимыл - қозғалысты меңгерту тілегі, ұстамдылыққа, тапқырлыққа, қоршаған ортадан алған әсерін шығармашылықпен көрсетуге, сонымен бірге жеңіске жетуге деген талпынысы айқын байқалады. Мәселен, Асау мәстек ойыны ептілікке, шыдамдылыққа машықтануды және ат үстінде өнер көрсетуге қажетті басқа да қасиеттерді қалыптастырса, Қалай айтуды білемін ойыны табиғат құбылыстарынан хабардар болуды талап етеді. Жан - жануарлардың мінез - құлқын, олардың сыртқы көрінісін, жануарлардан шығатын дыбыстарды айнытпай салып беруі тиіс. Ойын аздап театрланған ойын - сауық түрінде өтеді, мұнда ән, жыр айта білу, көрген - білгендерін есте сақтай білу қабілетіне мән беріледі.
Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан балалар мен оқушы жастарға дене тәрбиесін берудің тұжырымдамасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ұлттық ойындардың маңыздылығы
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары және құралдары
Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны
Ұлт ойындарын балалардың жас ерекшелігіне және қызығушылығына байланысты іріктей білуі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ РӨЛІ
Дене тәрбиесін ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастырудағы спорт пен дене тәрбиесінің ролі
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуда ұлттық ойынның маңызы
Пәндер