Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Кіріспе
Жас тәуелсіз мемлекетіміз өз егемендігін алып, небір қиыншылықтарды артқа тастап, бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да елімізде ақсап жатқан кейбір келелі мәселелер бар екендігі де жасырын емес.
Соңғы кездері құқық бұзушылық теріс әрекеттердің қоғамда өршуі жастарға құқықтық тәрбие берудің кемшін тартып, жас ұрпақтың құқықтық санасының төмендеуін немен түсіндіруге болады. Бұл айғақты мәселені ата-бабамыздың "Ел боламын десең - бесігіңді түзе" деген нақыл сөзін алға тарта отырып бала тәрбиелеудегі жауапкершілікті тек ата-анаға ғана жүктемей, қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін білім беру аясы арқылы кеңейте түсуіміз қажет. Әсіресе, болашағымызды зайырлы, құқықты мемлекет тағдырымен терең байланыстыру үшін ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастыру талабын арттыру - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Білім мен тәрбие байланысы әрқашан күн тәртібіндегі басты мәселе болып келгендігі баршаға аян. Еліміздің экономикалық, саяси және мәдени өркендеуі білім беру мен тәрбие ісі арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында -- Қазақстан Республикасы зінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 - бабында: Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, -- деп баян етілген.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі - азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдиениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі - адам құқығының мәдениеті. Адам құқықтары туралы ақпаратпен жүйелі қамтамасыз етудің қажеттілігі маңызды екенін ескерсек, онда бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі - білім беру ұжымдары десек қателеспейміз.
Қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі - қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу. Бұны бүгінгі таңда барлық деңгейдегі шенеуніктерден бастап, құқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар мен ата-аналар, азаматтар да түсінуде. Құқық бұзушылық жөнінде Құқық бұзушылық дегеніміз - адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі, -- деп көрсетілген. Қоғамда тәртіп орнамаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Бұл бәрімізге белгілі және оны жақсы түсінеміз. Дегенмен, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да кездеседі және бұл -- құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады, сондықтан құқық бұзушылық -- қоғам өміріне тән қауіпті дерт. Құқық бұзушылықтың себептеріне қатысты ықылым заманнан осы күнге дейін әр түрлі пікірлер айтылып келеді. Солардың ішінде құқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқауға болады.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті сезінуге өз үлесін қосатын, атсалысатын субъектілердің бірі -- оқу орындары болып табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б. қасиеттерін дамыту және қалыптастыру процесі жүзеге асырылады. Бұл ұжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді.
2.1 Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Мақсаты:
-Оқушылардың құқықтық тәрбиесін, азаматтық бейнесін, жауапкершілігін күшейту.
-Құқық бұзудың алдын алу.
-Заң нормаларын білуге, сақтау мен құрметтеуге баулу.
-Құқықтық білім беруде тәрбие саласы мамандарының жұмыстарын үйлестіру.
Міндеті:
oo Кәмелетке толмағандарға құқықтық тәрбие беру;
oo Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
oo Құқықтық білімді қолдану арқылы түрлі өмірлік жағдайларда іс-әрекеттің заңды тәсілдерін жобалау қабілеттерін қалыптастыру
Білім беру жүйесін жетілдіру жағдайында тәрбие ісі оқу орындары қызметіндегі басты бағыттардың бірі болып келеді. Өскелең ұрпақ өкілдерін құқықтық, демократиялық мемлекетіміздің жасампаз азаматы ретінде тәрбиелеу-Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл жылдам өзгеріп жатқан қазіргі уақытта азаматтық қоғам алдында тұрған маңызды мәселелердің ең өзектісі.
Мектеп оқушысы тек белгілі бір дәрежедегі ілім-білім иесі ғана емес, сонымен бірге, азаматтық тұрғыдан алғанда үлгілі тұлға да болуға тиісті. Осыған байланысты мектептердің алдында тұрған ең бір көкейкесті және әлеуметтік маңызды міндеттерінің бірі бүгінгі күні, сөз жоқ, оқушылардың құқықтық мәдениетін, профилактикалық процестер тиімділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту жолдарын іздестіру болып табылады. Құқық бұзушылықтың алдын алу оны тудыратын себептер мен жағдайларға кешенді түрде ықпал жасағанда ғана нәтижелі болатынын ескере отырып, мектептің әлеуметтік-профилактикалық қызметі қылмыстың әр түрлі жағдаяттарын тудыратын факторларды анықтауға және оларды ретке келтіруге бағытталуы тиіс.
Тәрбие жұмысы-бүкіл педагогикалық ұжымның қызметі. Жекелеген мұғалімдердің күшімен тәрбие жұмысын жетілдіру ісінде елеулі табыстарға жету мүмкін емес. Бірыңғай басшылықпен, бірыңғай жоспармен біріккен педагогикалық ұжымның мүшесі ретінде әр қызметкердің іс-әрекетінің жүйесі ғана бұл күрделі істе табыс әкеле алады. Бұндай жүйені жетілдіру мектеп жұмысында бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады. Тұлғаның құқық саласындағы дамуы (құқықты тану, өзін тұлға ретінде сезіну, құқықты сыйлау және т.б) құқықтық тәрбиенің мақсатын құрайды.
Оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізі құқық нормаларын тану болып табылады. Барлық тәрбиелеу шаралары сияқты, құқықтық тәрбиелеу үрдісі де екі бағытта (сабақ барысында, сабақтан тыс) жүзеге асатыны белгілі.
Тәрбиенің әдістері дегеніміз- тәрбиенің мақсатына жету жолдары, тәсілдері, құралдары және амалдары болып табылады. Тәрбие әдістері арқылы тәрбие үрдісінің әрбір элементінің шешілуге тиісті педагогикалық мәселелері жан-жақты қарастырыла отырып, оны шешудің тиімді амал-тәсілдері таңдап алынады. Тәрбие әдіс-тәсілдерін терең және шебер меңгерген, тәрбие теориясы мен педагогикалық үлгілі іс-тәжірибелерді ұтымды ұштастыра алатын, оқушының әлеуметтік-психологиялық ахуалынан толық мәліметі бар педагог қана тәрбие мұратына жете алады.
Тәрбие әдіс-тәсілдерінің ықпалын неғұрлым күшейтуге қол жеткізу үшін жасөспірімнің ақыл-парасаты, ой-санасы, ар-ожданы, психикалық тұрақтылық көрінісі, мінез-құлық сапа деңгейі, отбасылық, туысқандық, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынас ерекшеліктері, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді тиімді пайдалану мүмкіндіктерін алдын ала терең зерттеп, мәлімет жинаудың маңызы зор.
Қазіргі жас ұрпаққа құқықтық білім беру мен тәрбиелеудің кәсіби-сауатты модельдерінің құрылуы әр баланың қызығушылығын, икемділігі мен қабілетін ескере отырып, жоғары сынып оқушыларын өз тілектерімен болашақта белгілі бір мамандықты меңгеруіне жағдай туғызып оқыту, кәсіби бейімдеу алдындағы құқықтық дайындығын жүйелі ұйымдастыру мәселесінің өзектілігін арттыруда.
Педагогикалық қызметтің құқықтық тәрбиеден кеткен қателігі болашақта, ересек кезеңде тұлғаның құқықтық мәдениетінен көрініс алады. Осы орайда А.С.Макаренконың: анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін, әуелден дұрыс тәрбие беруге тырысу керек деген пікірін ұмытпаған жөн. Адамның құқықтық санасы мен мәдениетін дамыту құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты болып табылады.
Педагог мамандардың қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындай отырып, мектептегі оқу-тәрбие ісінің барлық кезеңдерінде және мектептен тыс жүргізілетін іс-шаралар арқылы құқықтық тәрбие беруді жүзеге асыруы тәрбие ісінің маңыздылығын арттыра түседі. Құқықтық тәрбиелік, алдын-алушылық қызметтерін мақсатты түрде және тиімді пайдалана білуі, оқушыларды азаматтық міндеттерін саналы орындай білуге дайындауы мұғалімнің кәсіби біліктілігінің деңгейіне байланысты болады.
Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып, қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруда педагогтарға қойылатын талаптар қандай ?
Заңдарды білу, әрине, мұғалімнің құқықтық білімі мен оның атқаратын қызметіне байланысты және ол екеуі сайма-сай келгені жөн. Құқық негіздері пәнін жүргізетін мұғалім осы әлеуметтік құбылыстардың негізгі анықтамаларын, ұғымдарын білуі қажет. Ал заңдар туралы мәлімет беретін басқа пәндердің мұғалімдері(тарих, әдебиет, география,т.б) өз ілімдеріне қатысы бар заңдардан хабардар болмаса, оқушыларға құқықтық тәрбие беруі күмәнді жағдай туғызады.
Ең алдымен мұғалімнің оқушыларға заңдарды түсіндіре алатын қабілеті болуы керек. Мәселе оқушыларға қандай заңдар бар екенін айтуда ғана емес, сол заңдардың не үшін қажет екенін, олардың қоғамда атқаратын рөлін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнатып, барлық халықтың, әрбір жеке адамның заңды мүдделерін қорғап, іске асыратын құдіретті құрал екенін оқушыларға түсіндіре алуында.
Құқықтық тәрбие берудің тағы бір ерекшелігі- оқушылардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін оқытушылар заңдарды өздері сақтаумен қатар, сол заңдардың жүзеге асуына атсалысатын азаматтарға айналуы қажет. Білім, сенімділік және әрекеттер мызғымастай берік, біртұтас болуы міндет.
Мұғалім әрбір оқушының құқықтық санасының шынайы дәрежесін біліп, оған әсер ететін басқа жағдайлардан хабардар болғаны жөн. Әсіресе, көңіл аударатын жәйт - оқушылардың тұрмыс жағдайы, мектептен тыс уақытта араласатын ортасы.
Адамгершілік тұрғысынан қарағанда мұғалім терең білімді, мінсіз таза болуы-оған қойылатын заң талабы. Мұғалім мектепте де, үйде де, түзде де жастарға өз әрекетімен, өмірімен, жүріс-тұрысымен нағыз үлгі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы қылмыстық жауапкершілік
жасын жалпы қылмыстар үшін 16 жастан, ал саналы түрде істелген ауыр қылмыстар үшін 14 жастан белгілеген. Ал кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Жас балалардың құқық бұзушылығына- бос уақыттың көптігі, пайдалы іспен айналыспау, ата-ана және мектеп тарапынан бақылаудың өз дәрежесінде болмауы, құқықтық білімнің аздығы, сан-салалы жақсы істермен қызықтырып, өзіне тартатын пайдалы қосымша іс-шаралардың, қоғамдық ұйымдардың дұрыс жолға қойылмауы басты себептер болып табылады. Жалпы айтқанда, кәмелетке толмағандарға құқықтық тәрбие берудің міндеті олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Құқықтық мәдениеттің негізгі белгілері: заң нормаларын білу; заң талаптарын орындау; қоғамдық тәртіпті бұзбау; заң күшіне сену,т.б. құқықтық мәдениеті дамыған тұлға - құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы. Тұлғаның құқықтық мәдениетімен қоса құқықтық санасын қалыптастырып, дамыту - құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі. Адамның құқықтық санасы қалыптаспай, оның құқықтық мәдениеті жетілмейді. Сол себепті құқықтық сананы қалыптастыру мәселесіне көп көңіл бөлген дұрыс.
Құқықтық сана - Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалауына, құқыққа, құқықтық құбылыстарға деген сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Тұлға құқықтық білім алмай заңды әрекет пен заңсыз әрекетті ажырата алмайды; сондай-ақ заң мен құқықтың күшін сезінбейді; өздерінің құқықтары мен бостандықтарын біліп, қорғай алмайды; өз міндеттерін орындамайды. Осы орайда тұлғаның алған құқықтық білімі арқылы құқықты ұғыну үрдісінің жүзеге асатындығына көзіміз жетеді. Әрине, кез-келген адамның санасындағы құқық ұғымы құқық нормаларының ортаға оң немесе теріс әсер етуші норма сипатында, яғни жалпылама түсінік ретінде орын алатындығы анық. Сол себепті бұл жағдайда құқықтық білім беру - оқушының құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды.
Құқықтық ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру - құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асатыны белгілі. Себебі бала тәрбиесі біздің өміріміздің ең маңызды саласы. Дұрыс берілген тәрбие - бұл бақытты болашақ, ал нашар тәрбие - бүкіл ел алдындағы кінәміз болып табылады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім - тәрбиенің қолайлы объектісі болып табылады. Сонымен тұлғаның құқықтық санасы мектептегі құқықтық білім беру мен тәрбиелеу жүйесі арқылы қалыптасатындығына көзіміз жетеді.
Жалпы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім берудің тәрбие тұжырымдамасында жалпы білім беретін мектептердің І-ХІ сынып оқушыларына арналған сыныптар бойынша құқықтық тәрбие жұмыстарының бағыттарына сәйкес атқарылатын жұмыстың мазмұны берілген. Олар:
-қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу;
-құқықтық және саяси мәдениетке тәрбиелеу;
-әскери-патриоттық тәрбие;
-кәсіби бағдарға тәрбиелеу.
Мақсаты: қоғамдық қатынастарға араласуға дайындығын және өз құқықтарын қорғауын қамтамасыз ету қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
-өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындығын, құқықтық нормаларды жұзеге асыру барысында жауапты шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру;
-заң терминологиясы мен заңдық пайымдауларды дұрыс қолдану қабілеттерін қалыптастыру;
- құқықтық білімді қолдану арқылы түрлі өмірлік жағдайларда іс-әрекетін заңды тәсілдерін жобалау қабілеттерін қалыптастыру;
-өмір құбылыстарына, өзінің және басқа адамдардың іс-әрекетіне заңды баға беру қабілетін қалыптастыру;
-арнайы заң білімін қажет етпейтін кейбір ресми қағаздарды (арыз, сенімхат, еңбек келісім шарты,т.б) дұрыс толтыра білу қабілеттерін қалыптастыру;
-түрлі жағдайларды сараптау және жауапты шешім қабылдау қабілеттерін қалыптастыру;
-іскерлік қарым-қатынас жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.
Осы бағыттағы жұмыстың түрлері мен бағыттарын жетілдірген жағдайда, оқушының құқықты білуге деген қызығушылығы оянары сөзсіз. Айта кететін бір нәрсе, адамның құқықтық сауатының жоғары болуы оның құқықтық мәдениетіне қатысты болатынын ұмытпағанымыз жөн. Ал құқықтық мәдениет дегеніміз- қоғамның қазіргі даму кезеңінде құқықтық жетістіктерін айқындайтын азаматтардың құқықтық білімінің мазмұны, сипаты, деңгейі мен дағдысы.
2.2. Құқықтың тәрбиенің мазмұны, міндеттері. Құқықтық тәрбиенің нысандары мен әдістері
1. Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес.
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар:
- тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
- оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды откізу.
Құқықтың тәрбиенің бір үшы жыныстық тәрбиеге де байламысты екені даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету - бәрі де жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі студент - ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де ете керек. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің: "өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа" дегенін қайда қоймақпыз.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олңылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет.
Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал-жабдықтары бар.
Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі әскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы - құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі - оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол ашып отыр.
Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардық жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды.
Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осыжылдары адамгершілігі, дүниетінымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдьщ тәртілті сақтау да енеді. Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады:
1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін оқушының білуі.
2. Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері.
Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғпм өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді.
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы. Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады.
Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу -- құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті -- күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз.
Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш -- адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz