Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер

Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзiн көне аңыздар мен дастандар, ертегiлерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үндi мен гректердi жатқызса, қазақ елi де олардан кем түспейтiн болар, өйткенi өне бойы көшiп-қонып жүрген халықтың бiр ғана байлығы болды - ол оның тiлi, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбi жаңа ғана жарық көрiп, философиялық тұрғыдан талдануда.
Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл Дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дұние негiзiнен жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше-түрлi қайшылыққа толы : жер мен күн, өмiр мен өлiм, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.
Аспанға көз жiберген ежелгi түрiк бабаларымыз оны Тәңiр, Жаратқан әлемiне жатқызған. Адамдар мен басқа тiршiлiк өмiр сүрiп жатқан дүние - ол Жер мен Су әлемi, ал өлгендердiң паналайтын орны - ол Жер асты әлемi. Бiлге қаған мен Күлтегiннiң құрметiне тасқа ойылып жазылған ескерткiште Дние былайша суреттеледi: "Биiкте көк Тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда, екеуiнiң арасынан адам баласы жаратылған...
Тәңiрге, Жер-Суға табынудың пайда болуы адамда әуелде қалыптасқан жағалай ортаға деген бiр жағынан тәуелдiлiк, табиғаттың стихиялық күштерiнен үрейлену, екiншi жағынан ризашылық сезiмдермен байланысты болса керек. Өйткенi, олардың түсiнiгiнше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсiмдiктердiң жемiстерiн сыйлаған.Сонымен қатар, көне түрiктердiң нанымында ерекше орынға ие болған әйел құдай - Ұмай болды . Ол үйдiң, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушiсi, содан кейiн өнердiң қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келедi. Кейбiр ғалымдар Ұмайды ежелгi үндi құдайы Ұмамен салыстырады, ол да Ұмай сияқты мiндеттердi атқарған. Ұмай деген сөздiң өзi "бала орны, "ана iшi сияқты ұғымдарға сай келедi. Тұқым тарату құдайы болып табылатын ұмай балалардың туылуында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады. Тувадағы Ұйық өзенiнiң бойынан табылған түрiк ескерткiшiнде былай деп жазылған: "20 жасымда мен елiммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлiк даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менiң сүрген өмiрiм! Мен сендердi тастап кетiп барамын, туыстарым. Жас жiгiт майдан даласында өлiп бара жатып, өзiнiң соңғы осы өмiрдегi сәтiнде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзi өсiре алмаған кiшкене балалар алдындағы кiнәсiн, туысқандарының артқан үмiтiн ақтай алмағанын айтады. Мұның өзi туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадiр-қасиетiнiң зор маңыздылығын көрсетедi.
Аңшылар мен малшылар әлемiн әр қилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап, әр-тұрлi заттар мен өсiмдiктерге, жануарлар құдiретiне Тәңiрдей сыйыну елеулi орын алған. Түрiктер өзiнiң тотемi ретiнде әсiресе қасқырды ең жоғары орынға қойған. Бугуттағы жазу түрiктердiң шығу тегi жайлы аңыздан бастап, түрiк мемлекетiнiң 30 жылын сипаттауға мүмкiншiлiк бередi: үстiнде тұрған басты бөлiгi - қаған белгiсi - қасқырдың бейнесi арқылы берiлген. Бұл аңның тотемдiк сипаты өз көрiнiсiн тұрiк қағандарының патшалық рәмiздерiнен тапты - олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке қорғаушыларын "бөрiлер деп атаған.
Бұл жануардың көне түрiктердiң негiзгi тотемiне айналу себебi - сол көшпендiлiк өмiр салтына байланысты болса керек, өйткенi, қасқыр жыртқыш аң ретiнде малшылардың баққан табынынан онша алыстамаған, үйiрдегi әлсiреген, ауру жануарларды қырып отырған, ал малшылардан аса сақтықты, қырағылықты талап еткен. Кiм бiледi, бiздiң арғы бабаларымыздың "сақ деген өз атының өзi осындай себептермен байланысты болуы мүмкiн. Өзiнiң күнбе-күнгi өмiрiнде жиi кездесетiн аң болғаннан кейiн малшылар оның мiнез-құлқын терең зерттеп оның батылдығы мен қатар сақтығына, шыдамдылығына, айла-амалына, үйiрлiк өмiрiне т.с.с. қасиеттерiне қарап қайран қалып, соларды өз бойынан табуға тырысқан. Өзiнiң "қасқыр мiнездiлiгiнiң арқасында қазақ халқы трагедияларға толы тарихында "мың өлiп, мың тiрiлсе де көп көшпендiлер сияқты жойылып кетпей, мiне, бүгiнгi таңда өзiнiң дербестiгiне қолы жетiп, жаңа өмiрге ұмтылу үстiнде. Бүгiнгi таңдағы бiздiң қасқыр бейнесiн ысырып тастап "Орта Азиялық барысқа елiктеуiмiз жоғарыда айтылған тұрғыдан қарағанда бiздiң жаңа өмiрге деген ұмтылысымыздың символы болса керек. Бiрақ барыс басы бiрiкпейтiн, қысқа қашықтыққа секiргенмен, алысқа шаба алмайтын жануар екенiн ұмытпағанымыз да жөн болар.
Ежелгi түрiктер жер не су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбiр бөлшегiнде киелi күштер бар деп есептедi. Қазақтардың бұгiнгi күнге дейiн ағашқа, басқа да нәрсеге жыртыс байлауы, "киелi қасиеттi жер деп санауы ислам дiнiнiң ғұрпына жатпайды, бұл сонау көне заманнан берi келе жатқан архаизмдер.
Ежелгi түрiктер үшiн қайырымды рухтар - ата-баба рухтары (аруақтар) болды. Оларға сыйынып, ақ мүйiздi, аша тұяқ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының мифологиясы мен оның өзіндік табиғаты
Қазақ мифологиясы
Теориялық дінтану
Философия және Миф
Қазақ мифологиялық фольклорындағы ұлттық таным
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Қазақ мәдениет шеңберіндегі отандық философия
Грек философиясы мен мәдениеті
Көне түріктердің діні
Пәндер