Орыс христиан философиясы
СӨЖ
Тақырыбы: Орыс христиан философиясы
Орыс халқының философиялық ойлары - әлемдік философия мен мәдениеттің органикалық бөлігі. Орыс философиясы Батыс Еуропалық мәселелерді қарастырады, бірақ оның ерекшелігі ─ ойлау тәсілінің ұлттық сипатында болып отыр.
Православие діні - ежелгі орыс философиясының фундаменті. Христиан дінін орыс халқының 988 жылы қабылдауы, оның дамуының жаңа кезеңі болды. Ол кездегі ойшылардан, христан діні теоцентрлік көзқарасты талап етті. Орыс философиясы Византиялық философияның әсерімен дами бастады. Онда неоплатондық теоцентрлік мәселе басым болды.
Неоплатонизм - идеалистік ағым, оның мақсаты - Платон ілімін қатаң жүйелеу, ондағы қайшылықты жою және оны ары қарай дамыту. Платонның идеалистік теориялары неоплатонизмде мистикалық эманация (сәуле шашу, өту) туралы ілім формасында қабылданды. Материя әлемдік иерархияның төменгі буыны, әлемдік жанның эманациясы, олардан рух - жоғары тұрады, ал алғашқы жаратылыс немесе біртұтастық тіпті бәрінен де биік болмақ. Неоплатонизм бойынша философияның ең жоғарғы сатысында ақыл-ой, оған тәжірибенің көмегімен емес, мистикалық экстаздың көмегімен емес, мистикалық экстаздың арқасында ғана жетуге болады. Бұл философияда идеализм - теософияға айналады. Теософия (гр theos - құдай және sophia - даналық білім; сөзбе-сөз ─ құдайтану) - кейде теологиямен, кейде мистикалық, дінтанудан тыс формалармен теңесетін ұғым. ІХ-XVIII ғасырлардың бірінші жартысы - философиялық мәселелер мен басқа да қоғамдық сана сұрақтарына, әсіресе діни және эстетикалық тұрғыдан жауап іздеу кезеңі (Илларион, Андрей Рублев, Феофан Грек, Владимир Монамах). XVIII ғасырдың екінші жартысы - ХІХ ғасырдың бірінші ширегі - россиядағы философияның тарауы және ғылым мен мәдениетті ұғыну, әрі, Батыс Еуропаның философиялық ойы мен ағымдарына еліктеу мәнінде жүрді. ХІХ ғасырдың екінші ширегі - ХХ ғ. басында Орыс философиясының өз дамуы басталды. Орыс философиясының Кеңестік кезеңі ─ марксистік болды.
Илларион Киевский (ІХ ғ) - бірінші орыс Метрополиті. Оны Ярослав Мудрый тағайындады. Оның Слово о Законе и Благодати атты еңбегінде біраз философиялық және қоғамдық-саяси идеялар бар, ол Христиан дінінің негізгі түсінігін қарастырады. Илларион Көне өсиеттік қағидадағы құқықты ереженің мәнін ұғынуды ұсынады: құпияны, мәңгілікті білмей, бармен көңіл көтеру ─ аз нәтиже береді, құлдықты тудырады дейді. Евангелияда (інжіл) ақиқат игіліктен ажырмай, бүкіл адамзатты құтқарады, Көне өсиеттік Жаңа өсиеттікке ауысып, құлдық бостандыққа жетеді делінген. Адамзат тарихы дамуының мәні осында. Владимир Мономахтың негізгі шығармасы ─ Поучения (оқыту). Онда өзіне тән философия, моральдық-өнегелік кодекс, келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселелері бар. Орыс жері, оның тағдыры, елді біріктіру, қорғау мақсаты, жақсылық пен зұлымдық тақырыптары қарастырлады.
М. В Ломоносов. (1711-1765 жж.). Ең алғашқы орыс ғалым, Батыс Еуропалық рухани беделдерден өзін іштей тәуелсіз санаған.Ол орыс философиясындағы материалистік дәстүрді қалады. Материя атомдардан тұрады, ал атомдар өзара қосыла келе молекуланы құрайды, материя мен қозғалыс ажырамас бірлікте, материя үздіксіз қозғалыста болатынын атап көрсетті. Корпускуляр теориясы заттардың құрылымын қарастырады, барлық заттар мен материя ең ұсақ бөлшектерден ─ корпускулярдан, яғни атомдардан, материалдық монадан тұрады дейді. Танымдық ойлары: құбылыстар мен заттар сезім мүшелері арқылы қабылданады. Ол ой жүзінде талданып, қорытындылау барысында танылып іске асады. Ломоносов экспериментке, тәжірибеге, теориялық ойлауға үлкен мән берген. Әлеуметтік өмірде ағартушылық, гуманистік көзқараста болды. Ломоносовтың құдайға қатысы - деизм. Ол бір жағынан, Құдайдың бар екенін жоққа шығармайды, ал, екінші жағынан, ең жоғарғы күшті және мүмкіндікті оған ғана тән деп санамайды. Сондықтан ол діннің ғылымға араласпауын талап етті.
А. К Радищев. (1749-1802 ж) ─ тұрақты, табанды материалистік позицияны жақтады. Болмыстың материалистік бастамасын негіздеумен бірге, әлеуметтік-саяси философияға көп көңіл бөлді. Патша өкіметіне қарсылық көрсетіп, халық өкіметі үшін, құқықтық және рухани бостандық үшін күресуден тайынбады. Петербургтан Москваға саяхат деген еңбегінде шаруаларды басыбайлықтан революциялық жолмен босатуды талап етті. Оның әлеуметтік-философиялық көзқарасына француз революциясының зор әсері болды.
Орыс философиясының үшінші кезеңі ХІХ ғасырдың екінші ширегінен басталады. Осы уақытта ұлттық тіл, (Н. М. Карамзин, А. С. Пушкин), орыстың классикалық әдебиеті пайда болды, олармен бірге орыстың өзіндік санасы қалыптасты. Философиялық ойлар ақсүйектер дініне айналды, зиялы қауым діни мәселелерден арыла қоймайды.
П. Я. Чаадаев(1794-1856) орыс философиясының қалыптасуының басында тұрды. 1836 жылы Телескоп журналында өзінің философиялық хаттарын жариялай бастады. Онда ұлттың рухани дүниесі үшін православиеге қарағанда, католицизмнің маңызды екенін көрсетеді. Түкке тұрмайтын Византияға тәуелді болу, өркениетті Еуропадан бөліп тастады дейді. Оның пікірінше, адам материалдық және рухани субстанцияның қосындысы. Адам туған күнінен бастап өлгенге дейін ұжымда, қоғамда болғандықтан ғана тұлға, кісі болып қалыптасады. Ұжымдық сана толық түрде жеке тұлғалық ерекшелікті, субъективтілікті анықтайды. Ұжымдағы өмір - адамды хайуаннан ажыратын негізгі фактор. Ол индивидуализмге, эгоизмге қарсы болды. Жеке бастың пайдасын қоғамдық мүдеге қарсы қойды. Тарихи процестің негізінде Құдайдың көрегендігі жатыр. Дінді - Құдайдың еркін христиан діні іске асырады, ол тарихтың қозғаушы өзегі болып саналады. Тарихқа, мемлекетке және жеке адамның тағдырына әсер ететін негізгі фактор ─ географиялық жағдай. Жеке патшалық зұлымдығы - орталық өкіметтің диктаты, басыбайлылық. Құқық бұзылуының негізгі себебі: басқа елдерге қарағанда ұлан- байтақ шексіз жерінің болуы. Ресей дүниежүзілік тарихи процестен шығып қалды, оның келешектегі мақсаты - дүниежүзілік тарихи өріске оралу, батыстық құндылықты игеру. Бұл ойлар: славянфильдер және батыстық болып бөлінуге алып келді.
Славянофильдер ағымының өкілдері И. В. Киреевский, ағайынды Аксаковтар, А. С. Хомяков, т. б. болды. Олар мәдениетің үш негізгі бастамасын мақұлдады:
1. Православие, 2. Монархия, 3. Шаруа қауымы.
Православие бірыңғай тұтастық білім және жанның үйлесімдік жағдайының негізі - дейді А.С. Хомяков (1817-1860). Православие - бостандық пен қажеттілікті, жеке бастың діншілділігін шіркеу ұйымдарымен табиғи түрде байланыстырады. Адам өмірінің бұл жақтарын табиғи үйлестіру Соборность түсінігін тудырады. Соборность - жеке адамдардың шіркеуде өз еріктерімен бір-бірімен бірігуін білдіретін православиялық діни ілім және діни-философиялық термин. Славянофильдер: соборность - православие шіркеуінің шеңберінде өмір сүретіндер үшін түсінікті және солар ғана оны игере алады, бейімделмегендер мұны түсінбейді дейді.
Монархия - мемлекеттік құрылыстың идеалдық түрі. К.С.Аксаков (1817-60 жж.). Орыс халқы Батыстық Мемлекеттік болуды қаламайды. Ештемеден қымсынбайтын монархия орыс халқын саяси және құқықтық қатынастан, сонымен бірге революциялық зорлықтан қорғайды. Өкімет халықтың ішкі өміріне, әдет-ғұрыпқа және тұрмысына араласпауы керек деп санайды. Әлемдік рухани өмір, бір-біріне араласпау, принципінің қайта өркендеуі, Аксаковтың ойынша, орыс қоғамының келешегі мен тұрақтылығының кепілдемесі.
Шаруалар қауымы - бірыңғай өнегелік әлем ретінде. Славянофильдер консерваторлар немесе утопистер болған жоқ. Христиан діні позициясынан басыбайлылықты айыптады, адам адамның құлы бола алмайды дейді. Сонымен бірге, шаруа қауымын дворяндардың қамқорлығынан ажыратса, іріп-шіріген бюрократиялық өкіметтің езушілігіне тап болады дейді. Оны қорғау қиын. Қауымның қирауы - орыс мәдениет бастауының ең бір негізінің құлауы деп есептеді. Славянофильдер орыс халқы құдайшыл, патшашыл, діншіл, төзімді, олай болатын болса, Ресей патриархалдық жағдайда болуы керек деп, философияның немістік типін жоққа шығарып, отандық ерекше орыс философиясын жасауды ұсынды.
Батыстықтар.Славянофильдермен айтыста батыстық тұжырымдама қалыптасты. Бұл бағыттың өкілдері: В.П. Боткин, П.В. Аннеков, Т.Н. Гранновский, Н.В. Станкевич, А. И. Герцен, Н. П. Огарев, В. Г. Белинский, жазушылар арасында И. С. Тургенев және бұларға П.Я.Чаадаевты да қосуға болады. Дінді сынай отырып, материализмге құмарланды, бірақ философияға қарағанда олар гуманитарлық ойлаудың құшағында болды. Ресейдің батыстық жолмен дамуын қолдаған оларды жеке патшалық, шаруа құрылысын айыптау, ағарту идеяларын дамыту, Ресейді еуропаландыруға ұмытылу біріктірді.
А. Герцен (1812-1870 жж.) барлық орыс мәселелері басыбайлылық құқығында жатыр дейді. Гегельдің табиғаттың, қоғам мен ойлаудың жалпы заңдарын ашқан диалектикасын революция алгебрасы деп атады. Герцен идеялардың логикалық дамуы, Гегель айтқандай, шындықтың, табиғаттың дамуынан бұрын жүрмейді, деді. Ал керісінше, табиғаттан бұрын логикалық ойдың болуы мүмкін емес, табиғаттың өмірі үздіксіз, ал ой - соның бейнесі деп түйді.
Белинский - адамазаттың дамуында шек жоқ, адамзат өзіне тоқта, жетті, енді одан ары баратын жол, мақсат жоқ деп ешқашан айтпайды деді. Ол: 1. Диалектикалық тәсілді қолдануға шақырды, метафизика мен механицизмді сынады; 2. Агностицизм мен скептицизмді сынап, материалистік таным теориясын қолдады: дүниетанудың негізі - сезім мүшелерінің сыртқы дүниені, заттар мен құбылыстарды бейнелеуі; сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың нақты бейнесі адамның ақыл-ойында өңделіп, ұғымдар, идеялар, тұжымдарда көрінеді; танымның ақиқаттығының критерий практика, өмірдің өзі.
Орыстың революцияшыл демократтарының материализмі ХІХ-ғ 60-80 жж. Чернышевский мен Добролюбовтың көқарастарында көрінді:
1. Тап күресі - қоғам дамуының қозғаушы күші.
2. Тарихты патшалар мен қолбасшылардың іс-әрекеті жасайды, тарих солардың өмірбаянының жиынтығы деген идеалистік көзқарасқа қарсы шықты.
3. Бірақ олар тарихи дамудың объективтік заңдарын ашу дәрежесіне көтерілген жоқ.
4. Пролетариат тарихи міндетін түсінбеді, оған патшалық Ресейдегі қоғамдық өмірдің артта қалуы себеп болды.
Н. Г. Чернышевскийдің (1828-1889) пікірінше, Россия капитализмсізақ бірден социализмге өте алады. Ол үшін тіпті қатты шараларды да қолдану керек. Оның көзқарасы Не істеу керек деген романында берілген. Онда жаңа адамдар, әйелдерді азат ету, саналы эгоизм, революция мәселелері қойылды. Ол тарих пен материалистік философияның қорытындылары бұқара халықтың мүдделері мен тілектеріне сай келуі керек деді. Дүниенің материалдық принципін Чернышевский өзінің Философиядағы антропологиялық принцип деген еңбегінде жан-жақты ашты. Ол дүниеде қозғалып тұрған материя мен материяның жоғарғы ұйымдасу сатысында пайда болатын санадан басқа ештеңе жоқ екенін көрсетті. Ой, оны туғызатын материядан тыс өмір сүрмейді, бірақ материяның бәрі бірдей ойлай білмейді, ойлау - тек жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан материяның қасиеті. Организмнің бірлігі мен және онда мидың ерекше рөл атқаратынын жариялады. Чернышевский Фейербахтың ықпалымен өз философиясын антропологизм деп атады. Фейербахты сынап, кемшілігін ашып көрсете алмады. Диалектикалық материализмге жақындады. Қоғамтануда көп көрегендік пікірлер айтты.
Ф.М.Достоевский адам санасы, адам болмысы мәселелеріне өз еңбектерінде философиялық мән берді. Оның шығармалары: Жаза (1866), Нақұрыс (1868), Әзәзілдер (1871-72), Жас өспірім (1875), Ағайынды Карамазовтар (1879-80) романдары, хаттары және Жазушы күнделігі. Бұл еңбектерінде халықтың тұрмысы, әдептілік, дін мәселелері қаралды. Ол жазушы - психолог, негізінен адамның табиғи және әлеуметтік қажеттілігін, өте күрделі жағдайдағы мінез- құлқыының өзгерістерін қарастырады. Адамдардың ең терең рухани әлемінің құпиясын, оның психикасын, жанға бататын көріністерді талдады. Жеке мен қоғамның антагонизмін болжап, индивидуалистік этиканы қолдады. Сонымен бірге адамдардың табиғаты мен әрекетінде иррационализмнің бар екенін көрсетті. Адамдардың іс-әрекетін логикалық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz