А. Н. Радищев философиясы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
СӨЖ
Тақырыбы: А. Н. Радищев философиясы
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Александр Николаевич Радищев (20(31) . 8. 1749, Мәскеу, - 12(24) . 9. 1802, Санкт-Петербург) - орыс жазушысы, философ, революционер. Пажеск корпусында (1762-66), Лейпциг университетінде (1767-71) оқыды. Оның көзқарасының қалыптасуына француз ағартушыларының, әсіресе К. А. Гельвеция шығармаларыерекше рөл атқарды. 1773 жылдан Петербкргте Финляндия дивизиясы штабының обер-аудиторы (заң жөніндегі кеңесші) болды. 1775 ж. отставкаға шықты. 1777 ж. Коммерц+коллегияға қызметке орналасты, 1790 жылдан Санкт-Петербург кеденінің басқарушы болды.
Радищев философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыда шеше отырып, дүниені шексіз танып білуге болатындығы идеясын жақтады. Таным - сезіну арқылы, ақыл-ой, тәжірибе арқылы жүзеге асырылады. «Таным күші» әр қилы болатындығына қарамастан, оның өзі «бөлшектеуге келмейтін, біртұтас» құбылыс болып есептеледі. Материяның басты қасиеті - болмыс, қозғалыс, кеңістік және уақыт. Ойдың материалдық органы - ми; адамның айырым ерекшелігі - сөзі, - деп көрсетті ол. Тарихи процесті Радищев регресс дәуірлері («адасушылық», «құлдық») прогресс дәуірлерімен («ақиқат», «еркіндік») ауысып отыратын айналмалы даму деп қарады. Осыдан келіп ол революция болмай қоймайтын құбылыс деген қорытынды жасады. Адам - қоғамдық қана емес, сонымен қатар белсенді жан иесі. Демек, тарихи процесте адамдар қозғаушы күш болып табылады. Міне сондықтан ол тәрбие мәселелеріне өор маңыз берді, сөз ерекше рөл атқаратын (әдебиет, поэзия, шешендік өнері) атап көрсетті. Сөздің белсенді, өзгертуші, жасампаздық күші туралы «Дүниенің жаралуы» (1779-82 ж. ш. ), «Ломоносов туралы сөз» т. б. шығармларын жазды. Радищев тарихи және саяси концепцияларының қорытындысы іспетті «Еркіндік» одасы (1783 ж. ш. ) - революцияшыл орыс поэзиясының тұңғышы болды.
80 жылдардың орта кезінен бастап Радищев өзінің басты еңбегі - «Санкт-Петербургтен Мәскеуге саяхатты» жазумен шұғылданды. Бұл шығармасын өз үйіндегі баспаханада 1790 ж. майда басып шығарды. Бұл еңбегінде орыс өмірінің барлық салаларын жайлап алған заңсыздық пен құқықсыздық туралы айта келіп, мұның бәрі самодержавие мен крепостнойлық құрылыс туғызған қырсық екенін тура атап көрсетті. Өмірді өзгертудің бірден-бір дұрыс жолы - халықтық революция арқылы саяси және әлеуметтік қатынастартолық қирату, самодержавиелік-крепостнойлық құрылысты жою екеніне оқушылардың көзін жеткізе дәлелдеді. Сонымен қатар Ресейде революция үшін әлі қолайлы жағдай тумағанын да атап көрсетті.
Кітап шыққан соң 3 аптадан кейін тергеу басталды. Бұл істі Екатерина ІІ өзі басқарды. Радищев 1790 ж. 30 маусымда Петропавл қамалына жабылды. Сот оны өлім жазасына кесті. Императрица үкімді өзгертіп, Радищевті он жылға Сібірге жер аударды. 1797 ж. Павел І Радищевке Калуга губернаторындағы әкесінен қалған имениелердің бірі - Немцово селосына тұруға рұқсат етті. Александр І патша болғаннан кейін Радищевке «кешірім» берілді. Заң жобаларын жасайтын комиссияға орналасты. 1801- 02 ж. жазған заң жөніндегі еңбектерінде бұрынғы идеяларын жақтап, крепостнойлық құқық бен сословиелік артықшылықтардың жойылуын талап етті. Тағы да жер аударылу қауіі туды. Заңсыздық, құқықсыздық қорлығына наразылық ретінде Радищев уланып өлді.
Радищевтің негізгі шығармалары 1905 жылға дейін тыйым салынған күйінде сақталып келді, олар жасырын көшіріліп, қолдан қолға тарап жүрді («Саяхаттың» 80-ге жуық, «Еркіндіктің» 9 көшірмесі белгілі) . Радищев идеялары А. С. Пушкинге, декабристерге, А. И. Герценге, олардан кейінгі орыс революционерлері ұрпақтарына, орыс поэзиясына және орыс әдебиетінде реализмнің дамуына елеулі ықпал етті. Мәскеудегі Радищев атындағы көшеге 1950 ж. ескерткіш орнатылды. Пенза облысының Кузнецк ауданындағы Радищево селосында да (бұрынғы Верхнее Аблязово) Радищев музейі ұйымдастырылды.
А. Н. Радищевтің педагогикалық көзқарастары.
Орыс халықының дарынды ұлы, өз отанының жалынды патриоты А. Н. Радищев орыстың революциялық ағартушылық ой-пікірдің негізін салушы болып табылады. Негізгі философиялық мәселелерді Радищев материализм тұрғысынан шеше білді. Барлық қоршаған дүние Радищевше, материалды. Адам табиғатында материалдан тыс ерекше рухтың болуы мүмкін емес. Өзінің шығармаларында ол революциялық жігермен патша үкіметіне ашу-ызамен қарсылық білдірді. Радищев сонымен қатар езілген халықтың өздерін қанап отырғандарға- патшаға және помещиктерге қарсы революциялық күрестің қажеттілігі мен заңдылығын дәлелдеді. Басы байлы шаруалардың қиын жағдайы туралы, олардың балаларын тәрбиелеудің қолайсыз көріністері туралы Радищевтің “Петербургтен Москваға саяхат” кітабында хабарлады. Бұл еңбекте Радищев шаруа балаларының көрген қиыншылығының ауыр жағдайын суреттеп берді.
Тәрбиенің мақсаты Радищев өз халқының бақыты үшін күресуге қабілетті және оны қанаушыларға жеккөрушілікпен қарайтын адамды - азаматты қалыптастыру деп есептеді. Өзінің “Отанының ұлы туралы әңгіме” деп аталатын еңбегінде Радищев тәрбиенің негізгі міндеті ең алдымен өз отанын сүйе білетін, өзін халқының мүддесі үшін күреске арнайтын, жоғары адамгершілікті адамды тәрбиелеу болып табылады деп жазды. Ол нағыз патриот дегеніміз тек ғана революционер, патша үкіметімен күреске дайын азаматты айтады.
Тәрбиенің алдына революциялық міндет “Отанның ұлын” қалыптастыруды ұсына отырып, Радищев патриотизмді түсінуде ресми патшалық педагогикадан түбірлі алшақтықты аңғартты. Сол уақытта үкімет мекемелерінде (кадет корпустарында, институттарында, мектептерде, тәрбие үйлерінде) балалардан патша өкіметі мен шіркеуге шын берілген қанауға негізделген құрылысты жақтайтын жалған патриоттарды даярлауға ұмтылды. Радищев шын патриотты тәрбиелеу туралы мәселе қойды. Шын мәнінде нағыз отанның ұлы шын жүректен жауыздық, жалғандық, хаюандық сияқты қасиеттерге жеккөрушілікпен қарайды және осы жағымсыз қасиеттерге қарсы күреседі.
Радищев орыс (Бецкой) және батысеуропалық педагогтарды (Руссо және басқалар) сынай отырып, олардың баланы қоршаған ортадан аластату туралы айтқан көзқарастарын сынға алды. Ол адам орта үшін дүниеге келеді, баланы ортасынан, шындық өмірден оқшаулау индвидуалистерді, тек ғана өз қара басының мүддесін ойлайтын, қоғамды өзгертуге қатысуға, идеялық күрескер болуға қабілетсіз адамдарды тәрбиелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz