Сүлеймен Бақырғани өмірбаяны


Тақырыбы
: Сүлеймен Бақырғани өмірбаяны.
Сүлеймен Бақырғани (12 ғасырдың басы - 1186) - сопылық дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ойшыл, ғұлама, ақын, «Түркістан пірі» атанған Қожа Ахмет Яссауидің атақты төрт шәкіртінің бірі. Түркістан қаласында дүниеге келген. Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білім алған. Халық арасында Әкім ата деген атпен белгілі. Атақты түрколог А. Боровтың зерттеулері бойынша, Сүлеймен Бақырғани өз жырларын кезінде бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған оғыз-қыпшақ тілінде жазған. Ол сопылық поэзия үрдісін жалғастырып, түркі тілінде діни хикметтер жазған, әулие дәрежесіне жетіп, ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке үндеген. Ғұлама кітаптарының түпнұсқасы сақталмаған, көшірме нұсқаларының жазылу мерзімі 15 ғасырға жатады. 17 ғасырда жазылған қолжазба Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорында сақтаулы. Оның көлемі 652 бет, 119-489 беттері бірыңғай Сүлеймен Бақырғанидің хикметтерінен тұрады. Ғалымның «Ақырзаман», «Бибі Мәриям» кітаптары діни мектептерде оқулық ретінде пайдаланылған. «Ақырзаман» дастанының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің күресі, ақырзаман белгілері, махшар күні мен Мұхаммед пайғамбардың (ғ. с. ) өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. Ал «Бибі Мәриям» дастанында ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың (ғ. с. ) үмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ұсталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Орталық кітапханасында «Хакім ата» кітабының 1878 жылы Қазан университеті баспаханасында жарық көрген нұсқасының фотокөшірмесі сақталған. Кітап ақынның төл шығармасы емес, ол жайлы жазылған аңыз-хикаяттардың жинағы. Бұл? Сүлеймен Бақырғани жайлы тұңғыш баспа бетін көрген еңбек, Ф. Амашев деген адам бастырған, көлемі 20 беттік прозалық шығарма. Кітап түрлі кезеңдерде өмір сүріп, Яссауи үлгісінде хикметтер жазған ақындардың шығармаларынан тұрады, хикметтердің әрқайсысының соңында авторларының аты аталған. Жинақтағы Сүлеймен Бақырғани хикметтерінің көлемі 1200 жолдан асады. Кітапта 9 дастан берілсе, оның екеуінің «Расул Миғражы» мен «Исмайыл» қиссасы Сүлеймен Бақырғанидікі екендігі көрсетілген. «Расул Миғражы» қиссасы арапша ережеп айының 27-ші кешінде Алла әмірімен көкке көтерілген Мұхаммед пайғамбар сапарына арналған. Бұл оқиға Құран Кәрімнің 17-Ісра сүресінде айтылған. Ал 74 шумақтан тұратын «Исмайыл» қиссасы Құрбан айт мерекесінің шығу тарихын баяндайды, ол 37-Саффат сүресінен алынған оқиға негізінде жазылған. Мұхаммед пайғамбардың (ғ. с. ) қайтыс болуына байланысты дастандар Шәмсі асынікі, Мұхаммед пен Ибраһим жайлы дастан Ғұбайдулланікі, «Ақтым қиссасы» Хытаи сақынікі деп берілген, «Жарым алма хикаясы» дастанының авторы көрсетілмеген. Сүлеймен Бақырғани шығармаларының басты тақырыптары? сопылық ағым қағидалары, Аллаға деген сүйіспеншілік, оны мадақтау, Аллаға құлшылық етуге, исламның шарттарын мүлтіксіз орындауға шақыру. Шығарманы ежелгі дәуір әдебиетіне тән Аллаға мадақ айтудан бастап, соңында автордың өзі туралы мәлімет беруі, кейіпкерлердің аса мінсіз болып суреттелуі, сұлулықты асыл тастарға теңеу сияқты дәстүрлер Сүлеймен Бақырғани шығармаларынан да байқалады. Ақынның имандылықты, ізгілікті жырлаған, білімділікке, сабырға, төзімділікке шақырған, нәпсіқұмарлықты, дүниеқоңыздықты, менмендікті, тәкаппарлықты сынаған өлеңдері мен өмірдің өткіншілігі жайлы ой-пікірлері кейінгі кезең ақындары шығармаларында жалғасын тапты. Бақырғани кітабындағы қисса-дстандар желісімен 19 ғасырдың 2-ші жартысы мен 20 ғасырдың басында Ж. Шайхысыламұлы, М. -Ж. Көпейұлы, А. Сабалұлы, Ш. Жәңгірұлы, Е. Көлдейбекұлы, т. б. қиссашыл ақындар жыр жазды. Біздің заманымызға көшірме қолжазбалар арқылы жеткен ақын мұрасын жариялау ХІХ ғасырдың орта тұсында мықтап қолға алынды. Алғаш рет 1846 жылы Қазан университетінен қадим әліпбиімен басылған Бақырғани шығармалары өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін он алты рет жарық көрді. Кешегі кеңес заманында түркі халықтарының әдебиет тарихына қатысты томдар мен жинақтарда ақын хикметтерінен үзінділер жарияланды. Тек өткен ғасырдың соңына қарай 1991 жылы Ташкентте (Өзбекстан), 2000 жылы Қазанда (Татарстан) бұрын Қазан төңкерісіне дейін жарияланған литографиялар негізінде қайта басылды. Сондай-ақ Бақырғанидың бірнеше хикметтері Б. Сағындықов, Р. Ахметов және Н. Мәтбек тарапынан қазақшаға тәржімаланып, жарық көрді кітабы 1897 жылы Е. Маловтың «История общества археологи, истории, этнографии» (XIV) атты еңбегінде басылған. 19 ғасырдың соңында Е. Малов, Н. Маллицкий, Ф. Катанов, М. Көпрүлү, т. б. ғалымдар ғұлама еңбектерін зерттеген. Сүлеймен Бақырғани 82 жасында Түркістан қаласында дүние салады. Бұл кісінің еңбектері кейіннен орта және жоғары оқу орындарында еңбектері шыға бастайды, соның ішінде мұсылман елдерінің басылымдарында жарыққа шығады.
Еңбектері[өңдеу]
Оның басты және көпке танымал "Ақырзаман", "Бақырғани кітабы" еңбектерінде эстетика, этика, тазару, адам жанының үндестігі (гармония) мәселелеріне көңіл бөлінеді. Оның ойынша, мәңгілік әдемілік - Құдай. Алла - таза абсолюттік болмыс. Алла төрт бірліктен (от, су, жер, ауа) құралатын төрт тарап дүниені жаратты. Сосын өсімдіктерді, жәндіктерді, жан-жануарларды, оларға әмірін жүргізуші төрт мүшеден (аяқ, қол, бас, дене) түратын адамдарды дүниеге келтірді. Бақырғани пікірінше, қүдайдың сұлулығын пәни жалған пендесі танып-біле алмайды. Өйткені қарапайым адам мен Алла тағала арасында көзге көрінбейтін "перде" ілінген. Аталмыш "пердені" ысырып, құдайды танып-біліп, дидарына тәнті болғысы келген адам, ең алдымен, сопылық жолға түсіп, оның негізгі сатыларынан (шариғат, тарихат, хақиқат, мағрипат) өтуі қажет. Нәтижесінде "ішкі көзі" ашылып, рухани тазарған адам Аллаға бір табан жақын болады. Құдайды ақыл емес, оған деген махаббат арқылы танып-білуге болады. Махаббат - жоғары сезім. "Құдайды не үшін сүюге болады?" деген сұраққа Қасиетті Алла кітабының 61-аятымен жауап береді. Құдай сұлулығы - оның рақымшылдығында, кешірімділігінде, пенделеріне жасайтын шексіз жақсылығында. Жақсылығы өзі жаратқан пенделеріне деген махаббатында. Тек жаны жомарт, сабырлы, білімді адам ғана Құдайға жақын тұра алады. Алла адам мен оның жүрегінің ортасында. Бір кездері адамдар оның қол астына жиналады. Табиғат пен адамзат заңдары бір-бірімен байланысты. Адам өзін-өзі танып-білу арқылы ғана Құдайды тануы мүмкін. Менмендік, сараңдық, қызғаншақтық, көрсеқызарлық, ұрыс-керістен тазарған адам ғана толық рухани азаттық алмақ. Сопылыққа барар жол соқпақты. Қиындығынан қорықпай, белді бекем буғандарға алғы шарт - өзіне ұстаз белгілеп алу. Тарихат сатыларынан өтіп, кемелденген шәкірт дәрежесіне жеткенше, ұстазының қолында тәрбие көріп, білім алмақ. Ол үшін шәкірт бірнеше сатылардан өтеді. Тарихат деп аталатын бірінші сатыда ол толығымен тазарады. Ал екінші сатыда шәкірт біреу жайында жаман нәрсе айтпақ түгіл, сынай да алмайды. Үшінші сатыда жас сопы жан тыныштығына енеді. Адам әрқашан да кімге көмек қажет болса, соған көмектесуі керек. Бесінші сатыда адам жаны қанаттанады. Мұнда сопы Алла дидарын тамашалай алады. Сүлеймен Бақырғани және оның даналық сөздері
Қарахандықтар тұсындағы жазба әдебиеттің белді өкілдерінің бірі - Сүлеймен Бақырғани. Ол - түркі даласына сопылық ілімді алғаш үгіттеген әрі осы жолда жаңа бағыт салған Құл Қожа Ахмет Иасауидің сенімді шәкірттерінің бірі. Ұстазына рухани жағынан байланған ақын иасауия тариқатын берік ұстап, осы силсиланы жыр-жолдарымен үгіттеп отырған. Бақырғанидың осы салада жазған бірнеше даналық сөздері біздің заманымызға дейін жетіп келді. Оның қаламынан туындаған “Ақыр заман кітабы”, “Миғражнама”, “Бибі Мариям” секілді шығармалары сопылыққа ден қойған дәруіштердің қолдан тастамайтын негізгі діни кітаптарына айналған. Арада бірнеше ғасырлар өтсе де, ақын мұрасы кейінгі ұрпақ тарапынан бірнеше рет көшіріліп, атадан балаға жеткізіліп отырған. ХІХ ғасырға дейін осындай құймақұлақтар мен хұснихатшылардың негізінде аман-есен жеткен оның хикметтері Қазақ қаласында баспахана ашылған соң, онда жиі-жиі жарық көріп тұрды. Қолда бар деректерге қарағанда, Бақырғанидың “Ақыр заман кітабы” алғаш рет Қазақ университетінен 1846 жылы жарық көрсе, содан кейін түркі тілдерінде ұзын саны он алты рет баспа көріпті (1; 99) . Өкінішке орай, кезінде осындай сұраныспен жарық көрген ақын еңбектері біраз уақыт бойына қайта шығуына тиым салынып, кітапхана сөрелерінен алынып тасталды. Бірақ, шынайы ақиқаттың жерде жатпайтынындай, Бақырғани хикметтері араға бір ғасырға жуық уақыт салып барып, қайта жаңғыра бастады.
Орта ғасырлық шайырларда өз аттарын шығарудан бұрын, өздерінің туған жерінің даңқын өсіруді қалаған жақсы қасиет болған. Қожа Ахмет Иасауи, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Йугнеки, Бурхануддин Рабғұзи, Сейф Сараи секілді ақындар есімдерінің соңында арабтың қатыстық сын есіміне жалғанатын “и” дыбысын қабылдап тұрған Иасауи, Баласағұни, Йугнеки, Рабғұзи, Сараи деген аттар олардың қай жерден шыққанын анықтап тұр. Сүлеймен Атаның атымен қабаттаса жүретін Бақырғани деген атауға қарап, оның Бақырған қыстағында дүниеге келгенін аңғаруға болады. Бірақ, осы күнге дейін ақынның қашан әрі қай жерде туылғаны туралы ғылымда бір пікір қалыптасқан жоқ. Мысалы, “Оңтүстік Қазақстан. Шығармашыл зиялылар” деген кітапта ақынның туған жерін: “Хәкім Атаның туған жылы белгісіз. 1186 жылы Хорезмде қайтыс болғанымен туған жері Түркістан қаласының іргесіндегі Өзгент шаһары (Бұл күндері Жаңақорған ауданының кеңшары) ”, -деп (2; 8) берсе, Ташкенттен шыққан жинақта: “Ол Хорезмнің Бақырған деген кентінде туылып (туылған жылы анық емес), 1186 жылы дүниеден өткен”, - деген (3; 3) мәлімет келтірілген. Ал, “Қазақ совет энциклопедиясында” ақынның Арал теңізіне таяу, Қарақалпақыстан жеріндегі Қоңырат қаласының үстірт жағындағы темір жазығында туылғаны, Түркістан, Сайрам, Үргеніш сияқты кенттерден білім алғандығы хақында дерек келтірілсе (4; 115), «Түркістан» халықаралық энциклопедиясында оның дүниеге келген жері Қарақалпақыстандағы бұрынғы Бақырған қаласы деп берілген (5; 271) . Біз де, осы соңғы кітаптарға арқа сүйеп, оның Қарақалпақстан аймағында дүниеге келген болар деп қабылдаймыз. Ақынның туған жылына келер болсақ, бұл келешектің жұмысы екені анық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz