Оқушылардын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Кіріспе
Бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселелерінің біріне мектеп оқушыларының дұрыс сөйлеуге дағдыландыру және жетілдіру жұмыстары жатады. Ертеңгі күнгі тіліміздің хал-жағдайын бүгіннен ойлап, алдымен дұрыс сөйлеу- ге балаларды бірінші сыныптан бастап дағдыландыру арқылы ғана қазақ тілін таза күйінде сақтауға болады. Бұл қажет те. Бұл тұрғысында академик Р.Сыздықова былайша пайымдаған: Қажеттіктің бір себебі-жалпы мәдениетіміздің, оның ішінде тіліміздің әлеуметтік қызметінің дамуында болып отыр. Сол дамуға талаптың да күшейуінде болып отыр. Бұл - бір. Екінші жағынан, бұрын-соңды қазақша тіл, сөйлеу мәдениеті деген мәселелер қазіргідей белгілі бір мақсатты көздеп, кең түрде жан-жақты сөз бол- ған емес. Сондықтан кезегі жеткен жайт болып отыр. Үшінші бір себебі, жасыратыны жоқ, ауызша сөйлеу практикамызда не білместіктен, не немқұрайлықтан, не өзге себептерден қабақ шыта қынжылар кейбір ақаулар етек алып бара жатқандығынан болып отыр. Сондықтан мектеп оқушыларының дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастырудың жоғарыда айтылған жайттардан басқа да бірнеше маңызды қажеттіліктері бар. Біріншіден мектеп оқушыларының дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру арқылы олардың адамгершілік қасиеттері тәрбиеленіп, жеке бас тұлғасын ізгілендіруге болады, екіншіден. топ алдында қысылмай сөйлеуге дағдыланған оқушының бойында лидерлік қабілет жетіліп, өзіндік ой-пікір айтуға үйренеді. Үшіншіден, айтар сөзін, жазар ойын нақты, әрі толық жеткіз- уге дағдыланған оқушы сабаққа қызығып, білім үлгерімі жоғарылайды, төртіншіден, сөйлер сөзінде әрбір сөзді орнымен, өз мағынасымен қолдануға дағдыланған шәкірт ертеңгі күні қазақ тілінің мәртебесін көтерер ұлттық тәрбие негіздерімен сусындайды.
Оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдыларын мақсатты түрде әрбір сабақ сайын әдістемелік жүйеде қалыптастырып отырылған жағдайда ғана олардың пәнге деген қызығушылықтары оянып, сабақтағы белсенділіктері артады. Сонымен бірге балаға сөйлеу барысында ым, ишара, дауыс ырғағы, жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамның неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажет етеді. Тек қана оқу процесінде ғана емес, маңыздылығы зор болмақ. Оқушылардың дұрыс сөйлеу дағыдыларын қалыптастыру жұмыстарының көздеген басты мақсаты - шәкірттердің білімдік, тәрбиелік біліктіліктерін жетілдірумен қатар олардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытып, тілдік қарым-қатынаста сөйлеген сөздерінде жаргон, варваризмдер мен қыстырма сөздерден арылту. Біз өз жұмысымызда мынандай дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тиімді екені анықтадык: Оқушылардың айтатын ойларын жинақты, әрі толық жеткізу дағдысы. Оқушылардың дұрыс сөйлеу тілінде айтылатын ойларына қатысы жоқ сөздер көптеп кездеседі. Кейбір сөйлемдерде бір сөз бірнеше рет қайталанып, оқушының не айтайын деп тұрғанын түсініксіз етеді. Ондай кемшіліктер баяншының дұрыс сөйлеу дағдысының төмен екендігін көрсетеді.
Оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың айтатын ойларын жинақы, әрі жеткізу үшін маңызды рөл атқарады. Бұл үшін мынандай мәселелер ескерілуі керек. - оқушыдан өз ойын шашыратпай, жинақы айтып беруі талап етіледі. Сұрақ жауап әдісі арқылы шағын диалог немесе монолог құрғызу жолдары - қазақ тілінен алған білімдерін мен біліктіктерін пайдалана алуы. Оқушылардың сөйлеген сөздерінде, тілінде кездесетін тағы бір кемшілік -күнделікті сөйлеу тілінде жауыр болған, әбден ести-ести құлаққа түрпідей тиетін дайын формаларды пайдалануы, сонымен бірге тілдерінде мақал-мәтелдерді көп қолдануы. Негізінен оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп тұрса да, оны сөйлегенде пайдаланбайды. Мұндай кемшіліктер бала тілінің әсерлілігін бәсендетеді. Сонымен қатар оқушы- лардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың сөйлеу әуендеріне, сөз нақышына келтіріп сөйле- уіне қатты назар аударылады. Әрбір ойдың, сөйлеген сөздің өзіне тән әуені болады. Жоғарыда аталған жайттардың барлығы оқушылардың дұрыс сөйлеу дағдыларының қалыптасуының негізгі белгілеріне жатады. Ескертетін бір жайт, дұрыс сөйлеу дағдыларының қалыптасуының негізгі белгілерінің барлығы бірден, бір сабақта, бір сыныпта ғана қалыптасып дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруда олардың эстетикалық талғамдарымен қатар, сөздерді орынды, мағыналық реңктеріне қарай өз орнында қолдана алу талғамдарының болғаны да ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, оқушылардың өз пікірін дәл, әрі анық айтуға да оның сөйлеу дағдысының қалыптасуында басты рөл атқарады. Себебі, топ алдында өз ойын әсерлі де түсінікті айтуға дағдыланған оқушы сөздерді орынды қолданып қоймай, сөйлеудің әсерлілігін игереді.
Оқушылардын сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың тілін ұстартуға арналған жазбаша жұмыстардың түрі көп.Жазбаша жұмыстар сауаттылық үшін де,алған білімдерін тексеруде де қолайлы болып келеді.Жазбаша жұмыстар оқушыларлы ойлау еңбегін дағдыландырады,қосымша материалдарды пайдалану мащықтарды жетілдіреді.Себебі,балалардың жазбаша жұмыстарды орындау кезінде асықпай ойлауға,ойланып жазуға уақыты,мүмкіндігі көп болады,ауызекі сөйлеуде ондай жағдайлар бола бермейді.Ауызша сөйлегенге қарағанда балалар жазба жұмыстарында небір айшықты,шебер сөздерді пайдалана алады,тіл кестесінің бедерлі түсуі үшін ізденеді,жазғандарын мұқият оқып,қайта түзеуге мүмкіндік алады.Жалпы жазба жұмыстары тіл дамытумен қатар,балаларды ойлай білуге,ізденіске жетелейді.5-7-сыныптардағы жазба жұмыстарының ең ауқымдысы-мазмұндама.Мазмұндама мынадай бірнеше түрге бөлінеді:
а)Мәтінге жуық жазылатын мазмұндама. Мұнда оқиға эпизод, диалог, монолог, баяндау,суреттеу сияқты элементтер сақталынып жазылады.
ә)Ең басты оқиғаларды ғана теріп жазатын мазмұндама.
б)Бір оқиғаның айналасында ғана жазылатын мазмұндама.
в)Шығармашылық бағыттағы мазмұндама.Оны жазған кезде оқушылар тек оқиғаны,болған істі ғана мазмұндай бермейді,әңгімені өз жағынан баяндайды,дәйектемелер алады,өз пікірі,сезіміне ерік бере алады.Мұғалім нұсқауымен кейбір сөздердің синонимін,баламасын тауып жазады.Мысалы,жоғарыда сөз болып кеткен Бай баласы мен жарлы бласыәңгімесі бойынша егер мұғалім шығарашылық бағыттағы мазмұндама жаздырса,мына сөздердің синонимін тауып,мазмұндамасына пайдалану туралы ақыл-кеңес береді: айғай салып (ойбай салып деуге болады),бір мезгілде(бір уақытта)деп онымен ісі болмайды(онымен жұмысы болмай).
Мазмұндаманың түрлері мұғалімнің оқу-тәрбие мақсатына байланысты өзгеріп отырады. Егер мұғалім көркем туындының бас кейіпкеріне ерекше назар аударса, онда Үсен Асанды қалай еліне жеткізедінемесе Үсеннің тапқырлығыдеген тақырыптарда кейіпкер іс-әрекетін баяндайтын мінездемеге жақын түрін жаздырды. Ал оқушылар әңгіме мазмұнын қалай меңгергенін білгісі келсе, мәтінге жуық оқиғаларды толық қамтыған мазмұндаманы қалап алады. Тақырыптың ең негізгі, дәні, түйінін жаздырғысы келсе, Еңбек бәрін де жеңбекдеген тақырыпты алып,сол бойынша тұжырымды, қысқа мазмұндама жаздыру да аса тиімді. Себебі, бала ең негізгісін,ең керегін бөліп ала білуге дағдыланады,мұның өзі оқушы білімін тиянақтайды, ойын ұғынықты етіп жазуға жетектейді.
Шығармашылық бағыттағы мазмұндамаларды 8-9-сыныптарда да жүргізу тиімді.Әсіресе,шешендік қақтығыстар,Сырым, Қазыбек би жыраулар мұраларына байланысты мазмұндама оқушыларды шешендікке,көркем сөйлеуге баулиды.Осы тақырыптарға жаздыратын мазмұндама күрделі болып келеді,себебі,олардан шешендік сөздердің дәнін сақтау,сұлбасын нақты беру талап етілелі.Бала жұмысын жеңілдету мақсатында,әрі шешендік оралымардың,ұтымды,тапқыр сөздердің оқушы жадында жақсы қалуы үшін,мұғалім үлестірме көмектер де таратады.Бұл үлестірме көмектерде мазмұндамаға міндетті түрде пайдаланатын шешендік оралымдар,жекелеген образды сөздер беріледі.Мысалы,Жиреншенің қаңбақ айтты деген: Сұраған сен ақымақ па,сұратқан хан ақымақ па?сияқты сөздерінің құрылысын бұзбай,сол қалпында беруге үйрету-бала тілін дамытуда болсын,дүниетанымын танытуда болсын,аса тиімді.
Оқушыларға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі - пәнді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: Қазақ тілін, әдебиетін дамыту дегеніміз - гуманитарлық тұрғыда қуатты қаруды шыңдау, қоршаған ортаны парықтап, бағалаудың бір құралын жетілдіру деген сөзі тіл мамандарына бағыт - бағдар іспеттес. Ортақ мүддеміз де - осы.
Әр мұғалім мектепте жұмыс атқару барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрған жөн. Сол жағдайда ғана жыл сайын оқушыларының білім деңгейінің өсуін байқауға болады.
Мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат - тіл дамыту мақсаты болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мақсат - оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету.
Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөзді қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз - тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн. Басқа да әдістемелік әдебиеттерге шолу жасағанымызда, сөзді меңгеруде тақырыптық жүйенің дұрыстығын айтады. Яғни, әр түрлі лексикалық тақырыптарға байланысты айналаны, қоршаған ортаны бейнелейтін, танытатын сөздерді меңгерген ұтымдырақ. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.
Оқушылардың меңгерген сөздік қорларын бекітіп, білімдерін молайтып, сауатты да мәдени-эстетикалық деңгейде сөйлесе алуға үйретуге болады. Сөздік қордың бір жүйемен жүргізілуі, оның тоқсан сайын, жыл сайын артып отырылуы көзделу қажет. Оқушы әр сабақ сайын жаңа сөз үйреніп, оны сабақ барысында бірнеше рет қайталап, жазбаша және ауызша жұмыс түрлерімен байланыстырып, санасына берік сақтаса ғана ол сөздік қорына енеді.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде[4]. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор.
Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс - дегеніміз сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құрылады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылар түсініп, меңгерулері тиіс. Мәтінмен жұмыс істеуді мынадай түрде меңгеруге болады: толық мәнерлеп оқу, мәтінді екіге бөліп екі қатарға тапсырма беру, оқушыларды өздеріне тиісті мәтінді оқып, бір-біріне мазмұнын айтып беруді дағдыландыру, кейін оларды бір-біріне сұрақ қойып оған жауап беруі тиіс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады. Осындай жүйелі жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере алады.
5 сыныпта көбінесе үлестірмелі суреттермен, ойындармен жұмыс жүргізуге болады. Мұнда оқушылар ізденеді, олардың әр орындаған жұмыстары бағаланады және бағыт-бағдар беріледі.
Жұмыс барысында мақал-мәтелдерге назар аударған жөн.Алдымен оқушыларға мақал мен мәтелдердің айырмашылығы түсіндіріледі, оларды оңай жаттау үшін сұрақ қойылады, мысалы: Отан неден де ыстық? Жауап: Отан оттан да ыстық. Ағаш немен мықты, адам кіммен мықты? Жауап: ағаш тамырымен, адам досымен мықты. Кейін оқушылар мақал-мәтелдерді меңгергеннен соң, олардың мәнін түсіндіруге, өз пікірлерін айтуға үйреткен дұрыс.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға шақыру қажет.Осыған орай оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әр тоқсанда келетін демалыс күндері ертегілер, аңыздар, белгілі жазушылардың әңгімелерін оқуға талап қою керек. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан - жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.
Оқушылардың тілді меңгеру мақсатында, қоршаған ортаны танып білуіне байланысты белгілі тақырыптар бойынша қысқаша мәлімет, бағыт-бағдар беруге болады, ал олар өз бетінше оны толықтырып, кейін сабақта айтып береді, бұл жұмыстың түрі монолог деп аталады...
Тіл дамыту мен оқуға арналған тақырыптар:
1. Біз оқимыз әрі еңбек етеміз.Бұл тақырыпта жазғы кездегі еңбек түрлері(ауылда, қалада) және адам өмірінде кітаптың алатын орны туралы айтылады.
2.Туған жер. Мұнда туған жердің табиғаты, байлығы, достық байланыстар, экономикасы, шетелмен байланысы туралы әңгіме қозғалады.
3.Асыл мұралар. Бұл тақырыпқа тарихи орындар, қалалар, ескерткіштер, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтың мұражайлары, өлкелік мұражайлар жатады.
4. Халық музыка аспаптары. Белгілі күйші, сазгер, әнші, жыршы, әртістер.
5. Тамаша адамдар өмірінен. Белгілі ғалым, жазушы, ғарышкер, ақын, спорт жұлдыздары.
6. Республикадағы халықтар достығы. Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаевтан басталған ұлтаралық достық. Оқушылар арасындағы достық.
7. Ұлттық өнер. Зергерлік бұйымдар, киіз үй жабдықтары, ұлттық тағамдар. Белгілі күйші, әншілер. Ұлттық киімдер.
8.Ұлттық мерекелер. Республика нышандары, тәуелсіздік күні, наурыз мейрамы...
9.Ұлттық ойындар. Ұлттық ойын түрлері.
10.Жыл мезгілдері.Жылдың төрт мезгіліне байланысты еңбек түрлері, оған оқушылардың қатынасы.
11. Қазақтың тәлім-тәрбие тарихынан. Ұлттық тәрбие туралы ауыз әдебиеті үлгілері. Бала тәрбиесі, бата беру, алғыс айту.
12. Біздің тұратын қаламыз. Аудан орталығы, емхана, мәдени орындары, қаланың көшелері, табиғаты туралы әңгіме құрылады.
Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог. Оны құрастыру үшін бір тақырып бойынша оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын түсіндіре отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады.
Сөйтіп, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әр түрлі тіл дамыту жұмысын жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Жұмыс жүргізудің нәтижесін төменгі сызбадан көруге болады:
Сонымен Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді - деп Әбу Насыр әл Фараби айтқандай тіл дамыту жұмыстары саналы меңгеріп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, болашақ ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда беретін әсері мол. Оқушыларды қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Тілді жақсы білу - толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға негіз болатын маңызды фактор. Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, оның әрекет ету аясы кеңейді. Бұған басты себеп - қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы білім берілуі деп білемін.
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру біздің жеке адамдардың, қоғамның және еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр[1]. Осы міндетттерге сәйкес қоғам дамуының бүгінгі деңгейі мен әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттер арасындағы халықаралық экономикалық және мәдени байланыстардың қарқыны мен күн сайын нығая түсуі жағдайында өскелең ұрпақтың болашақ өмір жолын құзыреттілікпен таңдау мүмкіндіктерінің аясын кеңейте түсу педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірінен саналады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. [2]. Бұл өз кезегінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектептің сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы баланың кез келген әлеуметтік ортаға жетістікпен бейімделуін көздейді.
Адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде өмірінің алғашқы айларынан бастап эмоционалдық байланыс жасау мұқтаждығынан жеке тұлғалық қатынас жасау мен ынтымақтастыққа қарай дамитын өзге адамдармен байланысқа түсу қажеттігін басынан кешіреді. Қатынас құзыреттіліктері күрделі әрі сан қырлы іс -әрекет бола тұра тұлғаның аға ұрпақтың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру процесінде иеленген айырықша білімдері мен құзыреттіліктіліктері негізінді қалыптасады.
Ел боламын десең, бесігіңді түзе деген нақыл сөзді ұстанған халқымыз бала тәрбиесіне ерте бастан-ақ ерекше көңіл бөлген, мектепке дейінгі тәрбие мәселесін басты назарда ұстап отырған. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының ашылуы, олардың дамуы, аталған мекемелерде тәрбие беру үдерісін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу мәселелері М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова сынды азаматтардың еңбектерінде ұсынылған
Дегенмен, мектепке дейінгі топ балалардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің зерделенуіне және психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың жағдайына сипаттама жасай келе, аталған аспектілердің толық ашылмағандығын анықтадық. Атап айтқанда, коммуникативтік құзыреттіліктің, оның өлшемдерінің және көрсеткіштерінің мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай қалыптасуының мазмұны жеткілікті зерттелмеген. Мектеп жасына дейінгі, оның ішінде ересек топ балалардың, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруды оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің бірізділігі, ойын-сабақта және ойын-сабақтан тыс уақыттарда аталған іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері толық анықталмаған.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық және практикалық тұрғыдан жете зерделенбеуі, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қалыптастыру механизмдерінің жасалмауы және жүзеге асыратындай сапалы әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалды.
Мектеп жасына дейінгі баланың өзара қатынасқа деген қызығушылығы барысында туындайтын қиындықтар олардың өзімшілдік, үстемдік ету секілді мінез-құлқын көрсетеді, бірлескен ойын барысында шындықты бұрмалап бұзуы баланың топ ішіндегі әлеуметтік статусының төмендеуіне әкеледі, оның айналасындағылармен тұлға аралық қатынастарының дамуына қажетсіз келеңсіз кедергілерді туындатады. Баланы құрдастарының бірлескен ойынға тартуының маңызды шарты - баланың бірлескен ойында, бірлескен іс-әрекетте қатынасқа түсе білу деңгейі.
Баланың әлеуметтік ортада өз мінез-құлқын еркін басқара білуінің қалыптасу ерекшелігі:
1. Мектепке дейінгі ересек топ балаларда айналасындағылармен қатынасқа түсуде қажетті мінез-құлықтың негізі болып табылатын еріктілік үдерісі пайда бола бастайды (Л.И.Божович, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин).
2. Баланың өзін өзі жалпы бағалауы жоғарылайды, ол еш нәрсеге тәуелділік танытпаушылықпен, тұрақтылыққа қатыстылықпен сипатталады. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі ересек балалардың алдын ала болжауы негізінде әділ бағалауге талпынысы байқала бастайды (алдағы орындалатын іс-әрекетті алдын ала бағалау) (Р.Б.Стеркина, В.В.Кучерова, Т.Б.Тагиева).
3. Мектепке дейінгі ересек шақта балалардың қызығушылығында өзін-өзі тексеру қабілеті пайда болып, бала игерген ережелері мен адамгершілік нормалары негізінде өзін-өзі бағалауға ұмтылады ( Д.Б.Эльконин, А.Н.Леонтьев, В.А.Горбачева).
4. Мектепке дейінгі ересек шақта бала өзін ұжымдық іс-әрекеттің және ұжымдық өзара қатынастың субъектісі екендігін жетік түсінеді (А.А.Бодалев, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Т.В.Пуртова).
5. Мектепке дейінгі кезеңнің соңына қарай қатынас емін-еркіндікке ауыса бастайды. Қатынастың мазмұны мен құрылымы саналы түрде қабылданған міндеттерге, ережелерге, талаптарға сай сипаттала бастайды (А.В.Запорожец, Я.З.Неверович, М.Г.Маркова, Е.Е.Кравцова, Т.В.Пуртова, С.Н.Силина).
6. Алты топ балалардың тілдік құралдарды саналы қолдануы және оларды таңдау деңгейлерінің жоғарлауы байқалады (В.В.Гербова, Г.М.Лямина).
7. Мектепке дейінгі ересек жаста әлеуметтік эмоциялардың дамуы жүзеге аса бастайды. Баланың маңызды қызығушылыққа бағдарлануының дамуы алдымен еркін қабылданған жоспарлар негізінде жүзеге асса, содан соң қиялда жүзеге асады. Эмоционалдық қиялдың дамуы қиялдан туған іс-әрекеттердің әртүрлі варианттарының айналасындағы адамдар үшін қажетті екенін сезіне отырып, алдын ала жоспарсыз әрекет ету барысында байқалады.
Сонымен, коммуникация дара және қоғамдық жетілген ақпараттар арасындағы делдалдық құрал қызметін атқарады. Оның атқаратын қызметінің басымдықтағы маңыздылығы ақпаратты жеке үдерістен, дараға және көпшілікке әсер ететін әлеуметтік маңызды үдеріске аудару механизмі болып табылады. Бұл механизм адамдардың тілдік әрекетінде қаланған және ол арқылы әлеуметтік шарттас нормалар мен қатынас ережелері жүзеге асады.
Ал құзыреттілік жалпы психология ілімінде адамның іс-әрекетті орындау тәсілін игеруі ретінде түсіндіріледі немесе субъектінің алған білімі мен дағдысының қосындысымен қамтамасыз етелетін әрекетті орындау тәсілін игеруі.
Біздер ғылыми-зерттеу жұмысы барысында психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге, жүргізілген зерттеу қорытындыларына талдау жасай келе, мектепке дейінгі ересек топ балалардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру жайын былайша түйіндедік:
- біріншіден, қатынас екі немесе одан да көп адамдардың өзара іс-әрекетке түсу үдерісі ретінде қарастырылған;
- екіншіден, мектепке дейінгі ересек жас қатынасты дамытудың, яғни коммуникативтік құзыреттіліктерді мақсатты түрде қалыптастыруды қамтамасыз етудің тиімді кезеңі болып табылатыны анықталған;
- үшіншіден, мектеп жасына дейінгі ересек топ балалар коммуникативтік іс-әрекеттің субъектісі және оның белсенді тасымалдаушысы, сондай-ақ, қатынас барысында мінез-құлқын және тәртібін еркін басқаруға және әділ бағалауға талпынысы балалардың коммуникативтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz