Әдеби теориялық ұғым туралы жалпы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
ХХІ ғасыр - толассыз ақпараттар ғасыры. Өткен дәуірлердегі ғылым мен техниканың қалыптасып, даму кезеңдері айқындалып, аяқталып, шарықтау шегіне жеткен заман. Бүгінгі таңда кез келген ғылым саласы өзіне сай біліммен қаруланып, жаңа ақпараттар мен жаңа технологиялармен толығу үстінде. Сондықтан да ХХІ ғасыр адамының алдындағы басты мақсат - сапалы да саналы, бәсекеге қабілетті, жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіру болмақ.
Бүгінгі ғаламтор ғасырында, оқушылар бұрынғыдай кітапхана жағаламайтын заманда көркем шығарманы оқушы санасына сіңіру - осы пәннің әр ұстазының бас қатыратын мәселесі болса керек.
Әдебиет пәні адамның ақылшы серігіндей, сырлас досыңдай, асқақ армандар мен құзар шыңдарға жетелейтін, таза да пәк болуға ұмтылдыратын
қоғамтану мен өміртанудың басты құралдарының бірі. Әдебиетті ғалымдар сөз өнері, ал, әдебиет пәнін адамтану, адамды тәрбиелеудің құралы деп түсіндіреді. Яғни, адам бойындағы асқақ арман, ізгі қасиет, берік сенім, сұлулық пен әсемдікке, өмірге құштарлық пен таза шынайы сезім т.б. қасиеттер қалыптасуына әдебиет пәні ерекше әсер етеді.
Көркем әдебиетті оқытуда оның мазмұнын меңгертіп қана қоймай, әдеби-теориялық тұрғыдан талдай білуге үйретудің маңызы зор.
Бүгінгі таңда оқушыларға әдеби-теориялық түсініктерді төменгі сыныптардан бастап меңгерту, әрбір теориялық мәліметтерді оқушылардың терең түсінуі үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу, жоғары сыныптарға көшкен сайын түрлі әдеби шығармаларды талдау барысында бағдарламаға сәйкес білімдерді жаңа қырынан таныта білу қажет.
Әр сыныпта әдебиет теориясына байланысты ұғымдар әр түрлі деңгейде оқытылады. Оқушының ортаңғы сыныптарда алған әдеби ұғымдары жоғарғы сыныптарда жеке ақын, жазушы шығармаларының әр түрлі көркемдік қырларымен танысуы арқылы тереңдей түседі. Көркем шығарманы оқып, мазмұнын біліп қана қою оқушы үшін аздық етеді. Әдебиет әлемінің тұңғиығына бойлап, оның өнер ретіндегі сипатын зерделеп, көркем туындының мазмұны мен пішініне теориялық талдау жасай білу оқушы үшін өте қажет білім. Олай болатын болса, оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін шығарманы оқыту барысында қалыптастыру - оны оқытудың басты міндеттерінің бірі.

Шығарманы талдау барысында онда кездесетін түрлі көркемдік элементтерді табу, тану оңай емес. Ол үшін шығарманы оқып қана қоймай, тереңіне бойлай білген жөн.
Бұл жайында белгілі ғалым Т.Ақшолақов былай дейді: Әдебиеттен білім беретін мұғалім жер астынан асыл кен іздеген инженер-геологқа пара-пар, немесе адам ағзасынан кінәрат іздеген дәрігерге ұқсас. Міне, мұғалім де солар сияқты шығарманың өн бойынан өзіне қажет інжулерді, шәкірт жанына нұр себер, жақсылық нышандарға жетелер, жан әлеміне ыстық леп берер, алаулаған арпалыс, ашу-кек туғызар штрих-детальдарды іздеуге тиіс. Ал, оны А.Пушкин айтқандай рухани көзбен оқыса ғана мұғалім таба алмақ.
Әдеби-теориялық ұғымдарды түсініп, білу, көркем шығарманы талдау, олардың көркемдігін бағалау, туындының тілін талдау барысында қажеттілігі айқындала түседі. Шығармада суреттелген өмір шындығы - оның мазмұны, қнадай көркемдік тәсіл (бейнелі образ т.б.) арқылы берілгенін, оны ажырату арқылы оқушы шығарманың түрін, мазмұнын анықтай алады.
Ақын-жазушылардың туындысының мазмұнын ашуда образдар жүйесі ерекше қызмет атқару сәтінде оқушылардың түсінуіне бағыт, бағдар беруде мұғалім шеберлігі қажет.
Әрбір бейнелеу құралдары жазушы идеясын танытатынын, әр шығарманың белгілі бір тақырыпты ашып көрсетуі, сюжеті, композициясы т.б. жайында оқушылар дәлелді мәліметтер алуы арқасында шығармадағы оқиғалардың әр штрих, әр деталь, әр оқиға жігін тауып қиюласа орналасатынын ұғынуы қажет .

2.1.Әдеби теориялық ұғым туралы жалпы түсінік
Әдебиет теориясы әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол -- сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. -- зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бірінші топтың зерттеу объектілеріне әдебиеттің адамзат қоғамы өміріндегі рөлі, жалпы өнер, мәдениет жүйесіндегі орны, әдеби шығармашылықтың тұтас болмысы, суреткер дүниетанымының эстетик. қуаты, оның даралық талғамының шығармашылық ортақ заңдылықтармен үндесуі, әдеби шығармашылыққа бүтіндей баға беру принциптері жатса, екіншісі әдебиеттің тарихи дамуы, жанрларының, тек пен түрінің ортақ заңдылықтарының қалыптасуы және әдеби процес (ағым, бағыт, кезең, дәуір, әдеби байланыс), көркем шығарманы талдау, қабылдау заңдылықтарын қамтиды. Ә. т. көрсетілген осы мәселелерді зерттеу барысында әдебиет тарихымен қиылысады да, ортақ методол. принциптерді қалыптастырады. Келесі топ әдеби шығармалардың көркемдік-эстетик. сапасын, яғни стиль мен әдеби тіл, сюжет пен композиция, жанрлар үндестігі, типологиясы, тарихилығы мәселелерімен айналысады. Бұл бағытта Ә. т. поэтикамен үндеседі. Соңғы топта, әдебиет рухани-эстетик. құндылық тұрғысынан қарастырылады және ондағы мәңгілік құндылықтар мен өтпелі дүниелерге шынайы баға берілуі, әдеби процестің өз кезеңіндегі үрдістер сараланады. Ә. т. бұл жолы эстетикамен тұтасып, өнердің ортақ теориясымен және әдеби сынмен қиылысады. Жалпы, Ә. т. өз пәнінің даму сапасына (көркемдік, эстетик., стильдік т.б.) қарай үнемі өзгеріп отырады; көркем әдебиеттің жетістіктері негізінде таптауырын болған ғыл. тұжырымдардан ажырап, онда жаңа бағыттар қалыптасады. Ә. т-ның тарихы ежелгі дәуірдегі (Үндістан, Қытай, Ежелгі Грек, Ежелгі Түркі елдеріндегі т.б.) сөз өнеріне қойылған талаптардан басталады. Әлемдік Ә. т-ның бастауында Аристотель мен Әбу Наср әл-Фараби еңбектері тұр. Аристотельдің "Поэзия өнері туралы" трактатының, басқа да ежелгі дәуір эстетикасы туралы жазған еңбектерінің танымдық қуаты мол болып табылады. Әбу Наср әл-Фарабидің "Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатының" да Ә. т. тарихында алар орны ерекше. Ал қазіргі заманғы әлемдік әдебиеттану ғылымына зер салсақ, сөз өнерінің теориялық деңгейін жоғары биікке көтерген американдық ғалымдар Р. Уэллек пен О. Уорреннің "Әдебит теориясы" (1949) зерттеуі болып табылады. Ол түрік (1960 ж.), орыс (1978 ж.) т.б. тілдерге аударылған. Орыс әдебиеттану ғылымында Ә. т. бойынша орыс ғалымдары Б. В. Томашевский, Л. И. Тимофеев т.б-дың еңбектерін айтуға болады. Теор. болжам және филос. таным тұрғысынан М.М. Бахтиннің еңбектері (1895 -- 1975) ерекшеленеді. Онда көркем сөздің көп мағыналығы, үндестігі, көп дауыстылығы т.б. мәселелер терең талданған. Қазақ ғалымдарынан Ә. т. жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш. Уәлиханов болды. Ол қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең т.б.) жүйелеп берді. А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқышы" (1926, 1989, 1991) осы саладағы іргелі ғыл. еңбек. Алайда бұл құнды мұра алпыс жылдан астам ғыл. айналымнан тыс қалып келді. "Әдебиет танытқыш" -- қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі, Ә. т. мен әдебиеттану методол., ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі түзілген аса маңызды еңбек. Онда сөз өнері ғылымына тән барлық факторлар қамтылып, ана тілінің қорынан ұғым-терминдер, жанрлар атаулары жасалып, жүйеленіп берілген. Түрлі идеологиялық тосқауылдарға қарамастан 20 ғ-дың 30-жылдары қазақ ғаламдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ. Жұмалиевтің "Әдебиет теориясы" (1938, 1964, 1969) атты еңбегі негізінен орта мектептер мен жоғары оқу орнына арналды. Сондай-ақ, Е. Ысмайыловтың "Әдебиет тееориясының мәселелері" (1940) атты орта мектепке арналған оқулығы жазылды. 1970 ж. З. Қабдоловтың "Әдебиет теориясының негіздері" атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып "Сөз өнері" деген атпен 2 рет (1976, 1982) қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Ә. т-ның бірден-бір оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. З. Ахметовтың "Қазақ өлеңінің құрылысы" (1970), "Өлең сөздің теориясы" (1973) атты еңбектері -- осы салада соны пайымдауларымен көрінген құнды ғыл. зерттеулер. Ә. т-ның басты ғылыми ұғымдары мен терминдері жүйеленіп берілген "Әдебиеттану. Терминдер сөздігі" (1997, 1998) жарық көрді.
Гипербола(әсірелеу)- өмірде кездесетін әртүрлі құбылыстарды не белгілі бір нәрсені шамадан тыс асырып айт тәсілі. Әсірелеу батырлар жырында, ертегілерде, мақал-мәтелдерде көп қолданылады.Мыс, "Көп түкірсе- көл"(мақал).
...Астындағы бурылдың
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп...

("Қобыланды батыр")
Баллада-орта ғасырларда француз, испан, итальян поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше түрі.
Градация(дамыту)- алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу(түйдектеу, баяулату болу бөлінуі).
Импровизация-өлең- жырды тұтқиылдан суырыпсалып айту өнері.Ауыз әдебиетінде өлеңді табан астында суырыпсалып айтуға қабілеті жоқ адамды нағыз ақын деп санамаған.
Инсценировка-прозалық не поэзиялық туындыларды сахна, теледидар, радио қойылымдарына лайықтап, шығарма мазмұнын, идеялық мәнін, көркемдік ерекшеліктерін сақтай отырып, драмалық формада жазып шығу түрі.
Көркемдік қиял- көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде,өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді,жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету әдісі, тәсілі.
Көркемдік қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік тұтастығына негізделеді.
Көркемөнерде тақырып таңдау,оның тереңіне бойлау, өмір құбылыстарының ішкі қабаттарына барлау жасау, солардың әлеуметтік-эстетикалық мәнін ұғыну, сан алуан кейіпкерлердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс- тұрысын суреттеу көркемдік қиялға байланысты. Сайып келгенде, "Неғұрлым жазушы қиялға бай болса,пікірге шебер болса,соғұрлым шығарма сөзі пікірлі, әсерлі болып шықпақ" деп көрсетеді А.Байтұрсынов. Бұл жерде ескертетін жайт- көркем әдебиеттегі шындыққа сай келетін өмір көріністері де, сондай-ақ армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын болжам, әдемі елес түріндегі, мыс, қиял ғажайып ертегілерде кездесетін бейнелерді ойдан шығару, көркемдік қиял негізінде туады.
Метафора(ауыстыру)-екі нәрсені, құбылысты, салыстыру мен жанастырып жақындату негізінде жасалған, астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз не сөз тіркесі. Мыс, Абай өлеңдерінде кездесетін жастық оты,жүрек көзі, дүние есігі, өмірдің өрі.Сондай- ақ:

Көздің жасы жүректің қаныменен
Ерітуге болмайды іштің мұзын.
(Абай)
Мотив- тақырыптық сарын, қалыптасқан дәстүрлі тақырыптық әуен, оқиға желісіндегі кезең. Бірнеше жазушының шығармасында, әртүрлі әдеби нұсқаларда, әр дәуірдің әдебиетінде белгілі бір сарындар қайталанып келеді.
Әдеби термин ретінде ХХғ-дың 20-жылдарынан бері А.Веселовский, В.Я.Проп еңбектерінде зерттеле бастады. Бұл зерттеушілер әр халық әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші, дәуірден дәуірге көшіп жүрген сюжеттік сарындар бар деп қарайды.Алайда ұқсас сюжеттік сарындарды өз дәуірінен, нақтылы шығармалардағы көркемдік шешімнен,ұлттық әдеби үдірістен бөліп алып, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді. Ұқсас сарындар көп жағдайда өмірдің өзінен туады, оларды халықтардың өмір тұрмысындағы ұқсас жағдайлардың әдебиеттегі көрінісі деуге лайық.Кейде олар сараланып, іріктеліп, қалыптасқан дәстүрлі сарындар болады не шығарманың құрамындағы бір жеке бөлігі сияқты болып келеді. Мыс, ауыз әдебиетіндегі сиқырлы айна, ақымақ қатын бейнесі, әкесі мен баласының жекпе-жегі, абжыланның ханшаны ұрлап әкетуі, т.б. Кейбір жанрда тұрақты сарындар, мотивтер ұшырасады.
Көптеген әдеби мотивтер мифологиясымен бірге адамзат мәдениетінің рухани қазынасына келіп қосылады.
Мысал-өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма. Мысал тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады.Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесіде болады.

Нақыл өлең- ғибратты,тағылым берерлік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды түрде жеткізетін, өткір нақышты сөздерге негізделетін терме жырлар, өлеңдер.

Новелла (итал.novella)- көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма,кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы- онда әдеттен тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады.Оқиға желісі таңғаларлықтай қызықты етіп өріледі же тосын, күтпеген жерден аяқталады.

Өмір шындығы же көркем шындық- көркемөнерде, оның ішінде әдебиетте шығарма өмір шындығына сүйеніп жазылады.Нақтылы өмір құбылыстарын, оның сырын, қайшылықтарын терең түсінбей, тебіреніп- толғанбай, сезінбей көркем шығарма тумайды. Тарихи же қоғамдық шындық әдеби туындының бастау көздері болып табылады.Әлеуметтік өмір, саясат,халық тұрмысы- бәрі де өмір шындығын танытатын жағдайлар.Ешбір жазушы өмір шындығынан, оның нақты болмысынан алшақ кетпейді.

Көркем шындық- өмірді образды түрде бейнелеп, оны озық көзқараспен,
жоғары эстетикалық мақсат тұрғысынан терең ашу.Адам үшін маңызды деген жайларды типтік дәрежеге көтеріп бейнелеу. Жинақтау- тұжырымдау, типтендіру тәсілін ұтымды қолданып, өмірлік- қоғамдық құбылыстардың ақиқатын суреттеу. Өмірді көркемдік шындықпен суреттеу үшін жазушы ойдан шығару, фантазиялық қиялдау тәсілдерін қолданады. Бұл қасиеттер өмір шындығымен үйлесіп жатуы тиіс. Ол үшін творчестволық тәжірибе, ерекше қабілет керек.
Параллелизм- екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі. Мыс, Ер Тарғынның қиналған тұстағы монологі психологиялық параллелизм арқылы былай беріледі:

Асыл туған Ақжүніс,
Күнді байқап қарасам
Күнді бұлт қоршайды
Күн жауарға ұқсайды
Айда бұлт қоршайды,
Айды байқап қарасам-
Түн жауарға ұқсайды,
Бойды байқап қарасам
Қол - аяғым көсіліп,
Аузы - мұрным ісініп,
Алланың хақ бұйрығы
Маған таяғанға ұқсайды.

Осы жерде Ер Тарғынның мертігіп жатқандағы көңіл- күйі табиғат көрінісімен қатар алынып суреттелген.Ай мен күнді бұлт қоршап, жауын жауатындығына ұқсауы батырға қауіп төнгенін меңзейді.
Пейзаж- әдеби шығармадағы жаратылыстың яқи табиғаттың әсем көрінісі, көркем бейнесі. Ж.Аймауытовтың "Қартқожа" романында мынадай табиғат суреттері бар:
1."Аспанда ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар".
2."Жаздың бір түні.Көреген аспандағы көп жұлдыз бен көк торғынға шашылған бриллиант тасындай жылт-жылты етеді. Айдын көлге шомылған аққудай көк торғындай көкте сұлу ай жүзеді.
Пьеса- драматургиялық шығармалардың жазылу түрі. Трагедия да, драма да, комедия да пьеса түрінде жазылады.Пьесада прозадағы, поэзиядағы сияқты авторлық суреттеулер, мінездеулер, баяндаулар болмайды. Шығарманың барлық оқиғасы, ойы, кейіпкерлер бейнесі- бәрі кейіпкерлердің өз сөздері арқылы жасалынады.
Сұхбат(интервью)- пікірлесу, сұрақ- жауапқа өте ұқсас болғанымен, өзінің жеке ерекшілігі бар. Сұхбат, негізінен, еркін түрден гөрі ресми жағдайға байланысты жүргізіледі. Радио, теледидар, газет- журнал,т.б тілшілері кез-келген тақырыпта сұхбат ала береді. Бұл бір же бірнеше адамдар арасында бір мезгілде кезекпен, тез ауысып сөйлесу арқылы жүзеге асады.

Сұхбат кезінде әңгіме тақырыбы жағдайға байланысты өзгеріп отыруы
мүмкін, сұхбатқа қатысушылардың тез сөйлеуіне,бірдей жауап беруіне
байланысты ойдың қысқа айтылып жеткізілуі қажет.

Сценарий(итал. scenario, лат. scena, scena- "сахна" дегенді білдіреді)- кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық түрі, негізі. Сценарийдің әдеби- драматургиялық шығарма ретіндегі ерекшеліктері кино мен теледидардың синтетикалық сипатынан туындайды. Сценарий- драматургияның да, прозаның да тәсілдерін бойына сіңірген, сондай-ақ болашақ кино не телешығарманың дыбыстық, музыкалық әліптелуін де қамтитын өзгеше драматургиялық түр. Сценарийдің өзіндік бітімі бар әдеби, публицистикалық туынды екенін мойындай отырып, оның ең әдемі экрандық қойылым үшін жазылатындығын ескерген жөн.Сценарий образдық жүйе экранда бейнеленгенде ғана тәмамдалған , толыққанды сипатты иеленеді.

Драматургиялық түр санатындағы киносценарий же теледидар сценарийі болып бөлінеді.
.

Әдеби-теориялық ұғымды оқыту
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығарма мен тығыз байланыста, оны оқып үйрену кезінде қалыптасады.
Оқу бағдарламасында оқушылардың жас рекшеліктеріне, сыныптарында, одан оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларда оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы үғымдарына түсінік беріліп отырады. Мысалы, мысал жанрына берілеген шығармадан кейін мысал деген не, оның негізгі сипаттамалыр туралы анықтама беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға берілетін әдеби-теориялыұ үғымдар жүйелі түрде көркем шығармамен байланыста. Оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде әдебиет танудың маңызды бір саласы дәрежесінде оқытылады. Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқылатын көркем туындылардың құрамына қарай отырып әр сынып бойынша төмендегі жүйеде әдебиет теориялық ұғым беруге болады деп есептейміз:
5- сынып:
1. Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік. Әдебиет туралы кіріспе әңгіме
2. Ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары: мақал, мәтел, жұмбақ, батырлар жыры, қиял-ғажайып ертегілер, әдеби ертегілер туралы алғашқы ұғымдар
3. Мысал жанры. Әдебиеттегі дәстүр туралы, аударма туралы алғашқы түсінік.
4. Өлең, оның өзіндік ерекшелігі құрылысы жайында кіріспе әңгіме
5. Әңгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы түсінік
6. Әдеби кейіпкерлер олардың портреті
7. Лирика. Табиғат лирикасы туралы алғашқы ұғым
8. Гипербола. Эпитет. Теңеу
9. Көркем шығарманың тақырыбы туралы алғашқы әңгіме
10. Монолог, повесть, баллада туралы алғашұы үғым
6-сынып:
1. Шыншыл ертегілер, аңыз әңгімелер, жаңылтпаштар туралы ұғым.
2. Өлең құрылысы, ұйқас түрлерінен хабар беру.
3. Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсініктерін кеңейту.
4. Өмірбаяндық әңгіме жанры туралы алғашқы ұғым
5. Сюжетті өлеңдер туралы түсінік. Лирака туралы алғашқы ұғым
6. Теңеу, эпиттет, метафора туралы төменгі сыныпта алған білімдерін толықтыру.
7- сынып
1. Батырлар жыры туралы ұғымдарын тереңдету.
2. Оптимизм, романтика, риторикалық сұрақтар, аллитерация, ассонанс туралы түсінік
3. Табиғат лирикасы туралы білімдерін тереңдету
4. Ирония, сатира, эпитеттің ұлғайған түрі, антитеза жайында хабар беру
5. Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашқы ұғым.
6. Публицистика жанры, көркем шығарма түрі, поэтикалық туралы ұғым
7. Суреттеу, баяндау, әңгімелеу жайындағы білімдерді жетілдіру.
8. Суреткер ақын, Лирика ақын ұғымына түсінік беру
8-сынып
1. Поэма туралы ұғымдарын тереңдету.
2. Сюжет, компазиция, көркем шығарма, тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту
3. Тип, прототип туралы алғашқы ойлар,
4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет теориясы ұғымдарының жалпы сипаттамасы
Әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту
Еңбекті толық оқыту немесе арнайы оқыту
Әңгіме жанрын оқытудың негізгі әдістері
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Терминологиялық бірліктердің лексикографиялық сипаты
Мектептегі әдебиет курсының мазмұны
Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі
Шәкәрім мұрасы
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХИ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер