Фармакогенетика


Фармакогенетика
Фармакогенетика - адам ағзасынын дәрі-дәрмек әсерлеріне қарсы тұқым қуалайтын реакцияларын зерттейді. Адамдардың кез келген фармакогенетикалық реакциялары адам популяциясында қазіргі кезде қолданылатын фармакологиялық заттарды қолданғанға дейін эволюция процесінде қалыптасқан кең көлемді генетикалык полиморфизмі негізінде дамиды.
Қолданылатын дәрі-дәрмектердің тиімділігі мен қосымша әсерлері әр түрлі топтарда және ағзаларда түрліше болатындығы дәрігерлік практикадан белгілі. Ағзаға дәрі-дәрмектің стандартты дозасын енгізгеннен кейін оның кандағы концентрациясы бір адамдарда оптимумнан (тиімді доза) төмен болса, яғни әсер етпесе, екінші біреулерде улау деңгейіне дейін жетеді.
Дәрі-дәрмектің ағзадағы тағдыры оның немесе оның сіңірілу, таралу (мүшелерге, ұлпаларға, жасушаларға, органеллаларға), рецепторлармен өзара әрекеттесу, метаболизм және ағзадан шығарылу кұбылыстарына байланысты. Осы фармакокинетикалық құбылыстардың әрбір кезендері генетикалық тұрғыдан бақылауда болатыны, яғни, арнайы (спецификалық) және арнайы емес (спецификалық емес) ферментгердің қатынасуымен жүретіні сөзсіз. Адам популяцияларында кең көлемді балансты полиморфизм болатынын ескерсек әрбір дәрі-дәрмектің фармакокинетикалық кезендердегі тағдыры полиморфты ферменттер немесе ақуыз жүйесімен байланысты екені өзінен-өзі түсінікті.
Ағзаның тұқым қуалайтын реакцияларының ерекшеліктері фармакокинетикалық құбылыстың барлык кұрамдык бөлімдерінде (сорылу, мүшелерде және ұлпаларда таралу, рецепторлар-мен әрекеттесу, метаболизм, шығарылу) сипатталған.
Қазіргі кезде дәрі-дәрмек қабылдағаннан кейін туындайтын патологиялық реакциялардың көптеген мутациялары табылған. Олардың тұқым қуалау типтері және алғашқы биохимиялық бұзылыстары зерттелінген.
Дәрі-дәрмектерге қарсы ағзаның тұқым қуалаушылық арқылы дамитын патологиялық реакциялары
Мына төмендеп 1 -кестеде түрлі дәрілік препараттарға тұқым қуалаушылықка байланысты көрінетін патологиялык реакциялар сипатталған (Н. П. Бочковтың мәліметі бойынша)
Глюкоза-6-фосфат
Дегидрогеназаның жеткіліксіздігі
Дитилинге сезімталдық
(аномальдық псевдохолинэстсраза)
Генетикалық материалдың мутациялық өзгерістеріне байланысты пайда болған тұқым қуаплайтын аурулар кезінде адамдардың дәрі-дәрмектерге жеке-дара сезімталдығы түрліше болады. Ендеше фармакологиялық эффектіліктің көріну сипатына қарай тұқым қуапайтын аурулар 4 топқа бөлінеді (Н. П. Скакун бойынша, 1981) .
1) Бірінші топтың тұқым қуалайтын аурулары кезінде дәрілік препараттардың әсері бірден жоғары дәрежеде көрінеді. Мысалы, хирургияда бұлшық ет релаксациясы үшін қолданылатын дитилин препараты қалыпты жағдайда аз уақытқа ғана тыныс алуды тоқтатады, өйткені ол қан сарысуындағы псевдоходинэстераза ферментінің әсерінен тез арада ыдырап кетеді. Егер псевдохолинэстераза ферментіне жауапты ген мутацияга ұщыраған болса фермент аномальды күйде синтезделіп, ағзаға енгізілген дитилиннің ыдырауы баяулап, тыныс алу 1 сағат не одан да ұзак уақытқа тоқтауы мүмкін. Бұл кезде ауру адамды жасанды жолмен тыныс алдыру арқылы ғана өмірін сақтап қалуға болады. Дитилинге сезімталдық аутосомалық-рецессивті тұқым қуалайтын белгі және псевдохолинэстераза жеткіліксіздігі бірқатар адам популяцияларында 1/3000 жиілікте кездеседі.
Көзге глюкокортикостероид ертіндісін тамызу кейбір адамдарда көзішілік қан қысымын өте жоғарылатса (глаукома), басқаларында қысым азғана көтеріледі, ал үшінші біреулерінде тіпті ешқандай өзгеріс байқалмайды.
2) Дәрілік препараттардың әсері төмендейді немесе тіпті байқалмайтын жағдайды туғызатын тұқым қуалайтын аурулар. Бұл топқа ферменттік кемістіктер жатады. Мұндай кемістіктер ағзаның түрлі дәрі-дәрмектерге толеранттылығын (тұрақтылығын) қамтамасыз етеді. Мысалы акаталаземия мен ауру адамдардың (Такагара ауруы) канында каталаза ферменті болмайды. Осындай ауру адамның аузы мен кеңсірігінің кілегейлі қабықшасындағы жарақатты сутегінің асқын тотығымен (Н 2 О 2 ) өңдеу ешқандай нәтиже көрсетпейді. Акаталаземиямен ауру адамдар метил спиртінің есеріне тұрақты келеді, өйткені оларда метил спиртін токсиндік формальдегидке дейін ыдырататын каталаза ферменті жоқ. Сол сияқты Гирке ауруы кезінде адреналиннің, глюкагон мен галактозаның гипергликемиялық эффекті азаяды немесе тіпті байқалмайды. Хартнуп ауруында никотин қышқылына тұрақтылық көрінеді. Осы аталған тұқым қуалайтын аурулар кезінде түрлі дәрі дәрмектерге тұрақтылықтың болу механизмі толық шешілмеген, бірақ олардың көпшілігі аутосо-малық-рецессивті тип бойынша тұқым қуалайтыны белгілі.
2) Каталаза. Апофермент пен коферменттен тұратын екі компоненті фермент. Коферменті 4 гем, құрамындағы темір үш валентті, ол сутегінің асқын тотығын суға және молекулалық оттегіне ыдыратады.
каталаза
2Н 2 О 2 →2Н 2 О + О 2
Каталазаның биологиялық маңызы
Каталаза біріншіден, жануарлар организмінде көп мөлшерде кездеседі, екіншіден, әсер ету куаты өте жоғары, сондықтан ол сутегінің асқын тотығын тез ыдыратып, оның организмге (клеткаға) тигізетін зиянды әсерінен қорғайды. Әсіресе эритроцит сияқты оттегімен тікелей ұшырасып отыратын клеткаларда каталазаның маңызы тіпті де зор болмақ.
Сутегінің асқын тотығы көбінесе амин қышқылдарының оксидазалары мен глюкозоксидазалар катализдейтін реакцияларда түзіледі. Бұлардың барлығы флавинферменттерге жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz