Азаматтық құқық - дәрістер жинағы


Тақырып 1: Азаматтық құқық түсінігі
Мақсаты: Студенттерді құқық саласы ретiнде азаматтық құқықтың түсiнiгiмен таныстыру.
Сұрақтар:
1 Азаматтық құқығының түсінігі.
2 Азаматтық құқық принциптері.
3 Азаматтық заңдар.
4 Азаматтық қүқық ғылым ретінде.
1. Азаматтық-құқықтық нормалар реттеп отыратын қоғамдық қатынастар ауқымын азаматтық қүқықтың нысанасы деп түсінеді.
Мүлікті - заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік қатынастар деп түсінеді. Әдетте, мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болады.
АК-ның 1-бабы сондай-ақ мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастарды да атайды. Бұл ең алдымен интеллектуалдық меншік объектілерін - ғылым, өнер, техникалық шығармашылық туындыларын, азаматтық айналымға қатысушыларды дараландыру құралдарын және т. с. с. жасаудан туындайтын қатынастар. Бұл объектілер мен құқықтардың өздігінен тікелей мүліктік мазмұны мен ақшалай бағасы болмайды. Бірақ олар, бұл мүліктік емес өзіндік қатынастар мүліктік қатынастармен тығыз байланысты болғандықтан, азаматтық-құқықтық реттеу саласына жатады, оларды азаматтық құқықтарды қорғау құралдары қамқорлығына алады.
АК-ның 1-бабы азаматтық құқықтың нысанасы болып табылатын қатынастардың ішінен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ өзіндік қатынастарды да атайды. Мысалы, азаматтың есіміне, оның ар-намысына, тұрғылықты жерді таңдау мүмкіңдігіне, жеке жазбаларын (күнделіктерін, хаттарын) жарияламауға, бейнесіне қол сұғылмайтынына, денесіне тиіспеушілігіне және т. с. с байланысты қатынастар. Азаматтық құқық кейбір шарттар сақталғанда мұндай қатынастарды өзі реттеп отырады, айталық: егер оларды құқықтың басқа салалары (мысалы, қылмыстық құқық) реттемейтін болса, егер олар мүліктік емес өзіңдік қатынастардың мәніне (мысалы, ішкі сырлас жақындық саласында) қайшы келмейтiн болса.
Сонымен, қатынастардың осы нысанасын құрайтын мүліктік және (немесе) мүліктік емес сипаты азаматтық құқық нысанасының бірінші айқындайтын белгісі болып табылады.
Құқықтың салаларына сипаттама беру үшін оның нысанасын ғана емес, сонымен бірге азаматтық-құқықтық реттеу әдісін де анықтаудың маңызы зор.
Қатынастарға қатысушылардың керекті мінез-құлқын қалыптастыра алатын құралдар мен әдістер жүйесін реттеу әдісі деп түсінеді. Тыйым салу және міндеттеу әдістерінен өзгеше, азаматтық-құқықтық реттеу әдісінің жалпы сипаттамасы жалпыға рұқсат ету ретінде түсіндірілуі мүмкін, яғни азаматтық айналымға қатысушылардың өздері қалайтын кез келген іс-әрекетті жасауына мемлекеттің рұқсат етуі ретінде көрсетілуі мүмкін.
2. Азаматтық құқық принциптері деп оның негізгі бастауларын, яғни заңмен тұжырымдалған немесе оның ұйғарымының мағынасынан туындайтын, азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұны мен мәтінін дұрыс түсінуге, оларды бара-бар түсіндіруге, арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге септігін тигізетін, заңдардың олқы тұстарын толықтыруға жәрдемдесетін іргелі идеяларды түсінеді.
Азаматтық құқықтың мынадай принциптерін атауға болады:
- азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық мәртебесінің тендігі;
- меншікке қол сұғылмайтындығы;
- азаматтық-құқықтық шарттың еркіндiгi;
- мемлекеттің және барлық үшінші тұлғалардың жеке істерге және жеке өмірге араласпауы;
- азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері - кәсіпкерлермен тұтынушыларды қорғау;
- несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
- азаматтық құқықтардың қорғалуы.
Барлық азаматтық-құқықтық нормативтік актілер, ең алдымен - ҚР АК аталған принциптерге сай келеді (сай келуі тиіс) . Олардың көпшілігі АК-ның 2-бабында көрсетілген және «Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары» деп аталады. Бұл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты, бiрiн-бiрi толықтырады және бiртұтас заңды жүйе болып табылады.
3. Азаматтық заңдар. Азаматтық құқық нормалары көпшілікке түсінікті болуы үшін ерекше жазбаша мәтіндермен бейнеленуі тиiс, құзыретті органдар қабылдайтың нормативтік құқықтық актілер осындай мәтіндер болып табылады. Белгілі шектерде құқық нормалары өзге (тіпті ауызша) нысанда да бейнеленуі мүмкін. Бірақ бұл - айтарлықтай сирек кездесетін жағдай, оны кейінірек қарастыратын боламыз.
Азаматтық-құқықтық нормалардың негізгі бөлігі жазбаша түрде нормативтік құжаттарда жазылады - заңдар, Президенттің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары және т. с. с. шығарылады. Нормаларды олардың аяқталған күйіне дейін жеткізудiң мұндай түрі олар арналған адамдарды, яғни оларды орындаушыларды нормалармен толығырақ таныстыруға мүмкіндіктер туғызады. Бұл нормаларды жүзеге асырудың және олардың міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етудің маңызды құралы болады. Біріншіден, жазбаша мәтiн құқықтық норманың мазмұнын нақ, анық әрі бір мағыналы етіп баяңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл кез келген мүдделі адамды норманың дәл мазмұнымен таныстыруды оңайлатады. Үшіншіден, бұл оның түрліше түсінілуін және қарама-қайшылықтарын жою мақсатыңда нормаларды асқан дәлдікпен салыстыруға мүмкіндік береді.
Құқық пен заңдардың айырмашылығы мынада: құқық дегеніміз - бұл заңдық нормалардың жиынтығы, ал заң дегенiміз - осы нормаларды білдіретін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.
Құқық пен заңдардың құрылымында өзара айырмашылықтар бар. Құқық нормаларының тобы бір ғана іргелі заң - Азаматтық кодекске сүйенетіңдіктен және барлық нормалар үшін бірыңғай обьективтік белгі - реттеу нысанасы мен әдісі бойынша құрылатындықтан, құқықтың бір саласы - азаматтық құкық аталған белгілер бойынша біртекті нормаларды ғана қамтиды.
Заңдар болса, заң актiлерін қабылдау мақсаттарын, оларды қолдану міндеттері мен жағдайларын ескере отырып, субъективтік жолмен қалыптастырылады. Сондықтан нақты заң шығару актісі немесе өзгеше нормативтік құқықтық акт азаматтық, әкімшілік, iс жүргізу және құқықтың өзге де салаларының нормаларын қамтуы, яғни кешенді сипатта болуы мүмкін. Мысалы, Кеден кодексі осыған мысал бола алады.
Заң актілерінің оларды неғұрлым тиімді зерттеу және қолдану мақсаттарын көздейтін кешенді тобы да болуы мүмкін. Заңдардың кешенді салалары (сала тармақтары) - құрылыс заңдары, көлік заңдары, кооперативтік заңдар және т. б. субъективті қалыптастырылады.
АК-ның 3-бабы азаматтық заңдардың құрамына, біріншіден, ҚР Азаматтық кодексі, оған сәйкес республиканың өзге де заңдары, ҚР Президентінің Заң күші бар жарлықтары, Парламенттің және оның палаталарының қаулылары; екіншіден ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары және Үкіметтің қаулылары кіреді деп анықтайды.
Аталған нормативтік актілердің бірінші тобы заң актілері деген ұғымға бірігеді. Екінші тобы, заң актілерімен қатар, заңдар деген едәуір кең ұғымға кіреді. Заң актілерімен, заңдармен және өзге нормативтік құқықтық актілердің арасын межелеудің зор практикалық маңызы бар, өйткені ол белгілі бір құқықтарды немесе міндеттерді нақ қандай нормативтік актілердің белгілеуге құзіретті болатынын тікелей көрсетуге мүмкіндік береді.
Азаматтық заңдардың толып жатқан актілерінің ішінен іргелі және жүйе түзуші заң актісі - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін бөліп көрсету керек.
АК-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурыздан, ал Ерекше бөлімі - 1999 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізілді. 1124 баптан тұратын, Қазақстан Республикасының көлемі жөнінен ең үлкен заң актісі - Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық реттеу нысанасының құрамына кіретін - жалпы ережелер бөліміңдегі және жеке институттардың ерекшеліктері бөліміндегі - қоғамдық қатынастардың барлық салаларыңдағы маңызды барлық азаматтық-құқықтық нормаларды қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы әрекет азаматтық құқықты біртұтас, іштей үйлестірілген құқық саласы ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Ал бұл, өз кезегінде, Азаматтық кодекстен басқа заң актілерінде қамтылған азаматтық-құқықтық нормалардың оған қайшы келмеуін талап етеді, АК-ның 3-бабының 2-тармағында бұл жөнінде тікелей айтылған.
Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы туралы ережелердің практикалық маңызы мынадай бірнеше принциптік қағидаларға сыяды:
а) егер азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заң актілері жаңа заң бойынша оның құқықтық қатынастар пайда болғанға дейінгі түрінен өзгеше анықталған болса, онда мұндай құқықтық қатынастардың заңдылығы олар пайда болған кезде қолданылған заңдармен бағаланады;
б) заңдардың өзгеруі өздігінен азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерте бермейді, олар заңды түрде пайда болған күйінде сақталады;
в) егер заң бұған дейін тыйым салынбаған әлде бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын болса, онда мұндай әрекеттер тоқтатылуы тиіс.
Бұл ережелер «заңның кері күші болмайды» деген принциптің мазмұнын құрайды.
Алайда аталған принциптен мынадай кейбір ауытқуларға жол беріледі, оларды заң белгілейді: 1. заңға кері күш беру және оны ол қабылданғанға дейінгі қатынастарға тарату. Мысалы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 ж. 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) қолдануға енгізу туралы» Қаулысы АК-ның қолдануға енгізгенгедейін пайда болған коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары 1998 ж. 1 қаңтарға дейін АК-да көрсетілген нысандарға өзгертілуі тиіс деп көзделген; 2. жаңа заң қабылданғанға дейін пайда болған қатынастарды сақтайтын ережелердің нұсқаулары сақталғанымен, олардың мазмұны өзгереді. Мысалы, пәтер ақы, коммуналдық төлемдер мөлшерінің өзгеруі жене т. с. с.
Қазақстандық азаматтық заңдардың кеңістікте қолданылуына келетін болсақ, онда бұл жерде бір ғана бастапқы ережені қолдануға болады:
- бұл заң халықаралық шарттарға немесе жалпыға бірдей қабылданған халықаралық әдеттерге байланысты мемлекеттің аумағына жататын жер көлемін немесе жер бетін қоса алғанда, (аумақтағы сулар, Қазақстан Республикасының туы астында жүзетін кемелер) Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
ҚР Конституциясы 12-бабының 4-тармағына және АК-ның 3-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан заңдары бұл аумақта Қазақстан азаматтарына, қазақстандық заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғаларға бірдей дережеде таралады. Тікелей заң актілерінде белгіленетін жағдайларда ғана бұл ережеден ауытқушылық орын алуы мүмкін.
4. Азаматтық қүқық ғылым ретінде. Азаматтық құқық және азаматтық заңдар ұғымына, жүйесіне және олардың қолданылуына қатысты барлық мәселелер көлемін зерттейтін құқықтық ғылым саласын азаматтық құқық ғылымы деп атайды.
Азаматтық құқық ғылымының міндеті - азаматтық-құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындарының пайда болуы мен мазмұнының ерекшеліктерін анықтайтын жағдайларды зерттеу. Егер азаматтық-құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық құқық ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы - нақ азаматтық-құқықтың өзі болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтық қүқықтың нысанасы.
2. Азаматтық құқық принциптері.
3. Құқық пен заңдардың айырмашылығы.
Тақырып 2: Азаматтық-қүқықтық қатынастар
Мақсаты: азаматтық құқықтық қатынастардың түрлерiн, элементтерiн және мәнiн анықтау.
Сұрақтар:
1 Азаматтық-құқықтық қатынастар үғымы және олардың түрлері.
2 Азаматтық-қүқықтық қатынастардың мазмүны.
3 Азаматгық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері.
4 Азаматтық-қүқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері.
1. Азаматтық-құқықтық қатынастар үғымы және олардың түрлері. Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен занды тұлғалар үнемі өзара ер түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады.
Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық қүқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық қүқық сондай-ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынастардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматгық-қүқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматгық-құқықтық қатынастар дегеніміз - азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктер і азаматтық-құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Азаматтық-құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіңдегі теңдігі.
Азаматтық-құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық-құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады.
Азаматтық-құқықтық қатынастардың түрлері. Азаматтық-құқықтық нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:
1) мүліктік қатынастар;
2) мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;
3) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіңдік қатынастар.
Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық-құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жұрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) мiндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптарың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құның төлеуге міндетті.
Азаматтық-құқықтық қатынастар заттық және мiндеттемелік азаматтық-құқықтық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінiң затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады (“өзі әрекет ету” құқығы) . Заттық құқықтың субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанағаттандыра алады. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы (“бөгде әрекет” құқығы) . Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға мiндетті.
Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі - зат болмауы мүмкiн.
2. Азаматтық-қүқықтық қатынастардың мазмүны. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері оның мазмұнын құрайды. Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатың мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы) мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде әрекеттер құқығы - талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді. Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін. Керісінше, жалға берушінің өз мүлкін жалға беру шартында көрсетілген мерзім өткен соң қайтару жөніндегі құқығын міндетті адамның тиісті әрекеттер жасауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер - субъективтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінуі мүмкін.
Иелерімен тығыз байланысты құқықтар өзіндік құқықтар деп аталады (мысалы, белгілі бір аппараттың өнертапқышы аталу құқығы), осыған орай, барлық басқа өкілеттіктерді берілетін құқықтар деп атауға болады
Субъективтік міндет дегеніміз - міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Азаматтық-құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның қатысушыларының міңдеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше. Құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне келесі тараптың осындай әрекеттер жасауға бағытталған субъективтік міндеті сай келеді. Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасау жөніндегі субъективтік құқығына құқықтық қатынастардың келесі қатысушысының бұл қүқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау міндеті сөйкес келеді.
3. Азаматгық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілері. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектiлерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастарға құқық берiлген немесе міндетті адам ретінде қатысу мүмкіндігі құқық субъектiлiктiң болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттілігі мен әрекет қабiлеттiлiгiн қамтиды. Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабiлетiн құқық қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленiп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ мiндеттерді белгілеп, орындау қабiлетi әрекет қабілеттілігі болады.
Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастардың қатысушылары:
1) азаматтар;
2) заңды тұлғалар;
3) мемлекет;
4) сондай-ақ әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер (АҚ - 1-бап, 1 т. ) .
Құқықтық қатынастардың объектісі азаматтық-құқықтық қатынастардың да объектiсi болады.
Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері АК-ның 115-бабында аталған, мұнда олар мүліктік және мүліктік емес өзіңдік игіліктермен құқықтарға бөлінеді. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға, атап айтқанда, заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілетін қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктiк құқықтың өзі де жатады. Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау, құқығы және басқа материалдық емес игіліктері мен құқықтары жатады.
4. Азаматтық-қүқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Қықтық қатынастар пайда болуы үшін нақты адамдар арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-жайлар қажет болады.
Азаматтық-қүқықтық қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшінде осындай мен-жайлар қажет болады.
Мүдай мән-жайларды заңдық фактілер деп атайды.
Заңдық факті дегеніміз - заң құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын онымен байланыстыратын мән-жай.
Құқықтық қатынастардың тууына себепші болатын ықпал ету тетігіне қарай заңдық фактілер мынадай топтарға бөлінуі мүмкін: құқықтық қатынастардың болашақ немесе осы сәттегі қатысушыларының іс-әрекеттері; үшінші түлғалардың іс-әрекеттері; оқиғалар.
Нақты жігерлі мінез-құлық актілерін іс-әрекеттер деп түсінеміз.
АК-ның 7-бабы оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркінен тыс пайда болатын мән-жайларды да заңдық фактілерге жатқызады. Кейбір жағдайларда құқықтық нәтижеге жету үшін бірлі-жарым заңдық фактінің пайда болуы да жеткіліктi. Кейде үш, төрт, бес және одан да көп зандық фактілердің жиынтығы бойынша ақырғы зандық салдар туады. Қарастырылатын мұндай жиынтықты әдетте іс жүзіндегі немесе заңдық құрам деп атайды.
Заңдық күй деп аталатын жағдайды зандық фактілердiң ерекше санатына жатқызуға болады. Бір реттік актілерді жасамаудан емес, заң құқықтық маңыз беретін тұлғаның немесе заттың белгілі бір құқықтық немесе іс жүзіндегі қасиеттері болуынан байқалатын мән-жайларды зандық күй деп түсіну керек. Мысалы, қайтыс болган адаммен жақын туыстық байланыс - мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болу негiздерiнiң бiрi.
3аңдық фактілердiң құқықтық қатынастардың дамуына ықпал етуіне қарай оларды құқықты туғызатын, құқықты тоқтататын және құқықты өзгертетін фактілерге бөлуге болады. Мұның алғашқысы бұрын мұндай зандық байланысы (шарт, зияң келтіру)
болмаған адамдар арасында құқықтық қатынастардың тууына әкеп тірейді. Екіншісі (мерзімінiң өтуі, шарттың бұзылуы) - заңдық қатынастардың тоқтатылуына әкеп соғады. Үшіншісі - қалыптасқан құқықтық қатынастардың мазмұнын өзгертуге себешпі болады. Заңдық фактілер өздерінен кейін туатын құқықтық салдарға түрліше ықпал етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz