Жұмыссыздық- экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихында ең өткір мәселенің бірі


ЖОСПАР
1. Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
2. Жұмыссыздық- экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихында ең өткір мәселенің бірі.
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы - тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір суру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл қардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын талтыруға тиіс еді.
Оның есесіне жұмыскерге белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нақты кепілдік берілетін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың елдерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.
Кадрларды тұрақтандыруда «жас маман» институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін пәтер беруге уәде ету, бір кәсіпорында істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты жанама әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы - қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні - адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек, ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына екбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7, 5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлегі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2, 6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ-тағыдан төмен.
2. Жұмыссыздық- экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихында ең өткір мәселенің бірі.
Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға, мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтық экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жерде жұмыссыздықтың көбеюі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы коғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып кана коймай, өзінін абыройын да жоғалтады. ІІІетелде жұмыстан айырылуды психологиялык зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Үкімет талай жылдан бері экономикалық өсімнің макроэкономикалық факторларын бағалау кезінде жұмыспен қамту мәселесіне енжар қарап келді. Әлеуметтік - экономикалық дамудың макроэкономикалық бағдарламаларының әртүрлі нүсқалары, әдетте, жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне, инвестицияның мөлшеріне, электр қуатын жеткізушілер бағасының өсу серпініне, Халықаралык валюта қоры кредиттерінің алынуына немесе алынбауына байланысты есептеледі.
Еңбектің халықаралық ұйымының анықтамасына сәйкес жұмыссыз деп саналады, егер:
1. Еңбекке жарамды әрі қабілетті жасқа жеткенде.
2. Тұрақты жұмысы болмаса.
3. Еңбек биржасында тіркелген болса.
Жұмыссыздық деңгейі халықтың еңбекке жармады бөлігі мен жұмыссыздар санының қатынасына тең.
Мемлекеттің міндеті- жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің табиғи дең-гейден асып кетпеуін бақылау болып табылады.
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының “Қазастан Республикасындағы еңбек туралы” жаңа Заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының “Халықтың жұмыспен қамтылу туралы” және басқа заңдары күшіне енді. Ол заңдар азаматтардың ҚР-дағы Еңбек еріктілігіне деген конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайрын еңбек қатынастарымен, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қоса халықтың жұмыспен қамтылуы сферасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Сонымен қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау жүйесінің және болашақ жоспарларында күрделі әрі басты мәселелерінің бірі ретінде жұмыссыздық танылуда. Оның салдарынан қоғамымызда әртүрлі келеңсіз жағдайлар орын алуы экономика үшін үлкен зиянын тигізуде. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамның барлық саласында аса ірі өзгерістер болды. Мемлекетімізде құрылыс, экономиканы реформалау және саяси жүйені либерализациялау бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz