Қазақстан республикасының транспорт саласындағы дамуы және оның кемшіліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
"Қазақстан республикасының транспорт саласындағы дамуы және оның кемшіліктері''
Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
А) Зерттеу сұрақтары 4
B) Зерттеу әдісі 6
С) Зерттеу қортындысы 10
D) Бағалау 12
Қорытынды бөлім 13
Пайдаланылған ресурстар тізімі: 14

Кіріспе
Транспорт жүйесі әрбір мемлекеттің құраушы элементтерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде де бұл сала өзімдік маңызымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасы әлемде территория бойынша 9 орынды алып тұр, ал адам саны 18 миллионнан астам. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, елімізге транспорттық жүйенің дамуы қажет екенің түсінуге болады. Одан бөлек Қазақстанның әлемдік ашық теңізге шығуға мүмкіндігі болмағандықтан ішкі және сыртқы жолдардың сапасы жоғары деңгейде болуы тиіс. Өйткені импорт пен экспорт экономикаға пайда әкелемтін элементтер болып саналады, тек 2017 жылғы статистикаға назар аударсақ импорт арқылы қазынаға 2 661 500,20 АҚШ доллары таза пайда ретінде түссе, экспортқа 4 016 875 АҚШ доллары кеткен.
Бұл тақырыпқа тоқталуға маған тағы да бір себеп ықпал етті. Ол себеп біздің тарихымызда жатыр, тіпті ежелгі заманнан бері қазіргі Қазақстан мен Орталық Азия аумағында тұратын халық жаныңда өтетін Ұлы Жібек жолынан келетін пайданың көп екенің білген, оның жалпы ұзындығы Қытайдың оңтүстік-шығыс жағынан Түркиядағы Жерорта теңізінің жағалауына дейін 6,5 мыңнан астам км.созылып жатыр. Аталмыш жолда көптеген тауарлар мен халық арасында мәдениеттермен алмасу үрдістері орын алды. Осыны түсіне отырып, Қазақстан сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және оны қалпына келтіру үшін алғашқы қадам жасады.
Курстық жұмысқа таңдаған тақырыбым қазіргі таңда тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде өзекті болып табылады. Еліміз екі ірі мемлекеттің ортасында орналасқан және олармен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан транспорттық жүйені Қытай және Ресей елдерімен талқылау арқылы дамыту қажет. Алайда, әрбір зат міңсіздігіне жетуі қиын және бұл пікір біздің еліміздің транспорттық жүйесіне де қатысты болып келеді. Өкінішке орай, мемлекетіміздің барлық жолдары жоғары дәрежеде емес, сондықтан бұл мәселені тез арада шешу ойы мені қатты қызықтырғандықтан осы тақырыпты алуға бел будым.
Менің зерртеу жұмысым мынадай жоспарда негізделген:
Қазіргі таңдағы транспорт саласының жағдайын ғаламтор және саулнамалар арқылы білу;
Транспорттық жүйенің осал және мықты жақтарын анықтау арқылы, болашаққа деген болжау жасау;
Туындаған кемшіліктерді жоюға арналған шешімдерді іздеп табу;
Сауалнама және сұхбаттасу арқылы өзекті сұрақтарға жауап алу;
Аталмыш саланы дамуын септік ететін бағдарламалар мен тәсілдерді ұсыну.
Негізгі бөлім
А) Зерттеу сұрақтары
ХХ ғасырда тауарлар мен жолаушыларды тасымалдауды және қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қазіргі заманғы әлемдік көлік жүйесі қалыптасты. Көлік жүйесіне инфрақұрылым (жолдар мен теміржолдар, каналдар, құбырлар), терминалдар (теміржол және автобус станциялары, әуежайлар, теңіз және өзен порттары) және де басқа көлік құралдары кіреді. Транспорттық жүйе әлемдегі аумақтар арасындағы экономикалық және шаруашылық қатынастарды қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда Солтүстік Американың көлік жүйесі бүкіл әлемдік байланыс жолдарының жалпы ұзақтығы (әлемдік көлік торабының шамамен 30%) және көліктің көптеген түрлерінің жүк айналымы бойынша жетекші ел болып саналады. Солтүстік Америкадағы жолаушылар айналымы жайлы да қызықты фактілер бар: ол 83% жолмен (81% автомобильдермен және 2% автобустармен), 16% әуе арқылы, ал теміржол арқылы тек 1% қамтамасыз етілген. Құрама Штаттар мен Канада аумағының үлкен көлеміне байланысты Солтүстік Америкадағы көлік желісінің тығыздығы төмен.
Шетелдік Еуропаның көлік жүйесінің тығыздығы және трафиктің жиілігі өзге аймақтармен салыстырғанда өте үлкен дәрежеде тоқталып тұр. Одан бөлек жүк және жолаушылар айналымында көлік ең басты рөлді ойнайды.
ТМД елдерінің транспорттық жүйесі (әлемдік көлік желісінің 10%) жүк айналымының жалпы көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Мұнда темiр жолдардың ең үлкен жүк тасымалы орналасқан. Шетелдік Азияда көліктерді дамыту деңгейіндегі елдер арасында үлкен айырмашылықтар бар. Сол себепті Жапонияның жоғары дамыған көлік жүйесін, Қытайдың көлік жүйесін, Үндістан мен Пәкістанның жүйелерін әрдайым атап өтеді.
Солтүстік Америкадағы аймақтық көлік жүйесі жақсы дамыған. Мұнда байланыс жолдарының ұзақтығы ғаламдық көлемнің үштен бір бөлігін құрайды. Бұдан басқа, Солтүстік Америка тауар айналымында жетекші орынға ие. Көлік жүйесінің тығыздығы бойынша Батыс Еуропа алдыңғы қатарда орын алып тұр. Темір жолдардың рөлі болса, ол жылдан жылға біртіндеп төмендеуде. Ал көліктерге әлемнің барлық елдерінде артықшылық беріледі.
Жалпы алғанда, көлік жолы әлемнің дамыған елдерінде жетекші орын алады. Оның бөлігі тасымалдаудың жалпы көлемінің 40% -дан астамын құрайды. Темір жол көлігімен кішігірім тауашаны ғана алады(шамамен 25%). Өтпелі экономикасы бар елдерде басымдықтар біршама ерекшеленеді. Теміржол көлігі шамамен 60-65%, ал автокөлікке тек 9% басымдылықты береді. Төмендегі кестеден әлем бойынша жолдардың ұзақтылығына қанша шақырымдар берілгенін көруге болады.

Жалпы, дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан үшін көлік саласындағы басты міндет болып республикалық және мемлекетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ қолданыстағы инфрақұрылымды жаңарту саналады. Алайда осындай халықаралық маңызы бар іс-шараларды жеделдету үшін Қазақстанға инвестициялар қажет: темір жолдарды дамыту және модернизациялау, жер байланыстарын және әуе көлігін басқару жүйесін жаңғырту секілді іс-шаралар жасаланатын еді.
B) Зерттеу әдісі
Курстық жұмыс барысында бірнеше зерттеу әдістері қолданылды. Қазақстанның транспорттық-транзиттік жүйесі жайлы зерттеу жұмысы болғандықтан, ол басқа да салаларға ықпал етеді. Еліміздің көркін құраушы элементтердің бірі болғандықтан, ол жайлы мен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарынан бірнеше сұрақ қойдым, оны мен ғаламтор желісіндегі "survemonkey.com" парақшасы арқылы жүргіздім. Одан бөлек осы курстық жұмысты жазу уақытында мен өңіріміздегі бірнеше аймақта болып, сұрақтарымды бетпе-бет адамдарға қойдым. Менің осы зерттеу жұмысында қолданған екінші зерттеу әдісім ғаламтор болып табылады, яғни мен осы проблеманың өзектілігі мен потенциалы жайлы әр-түрлі мемлекеттік парақшалардан іздедім, өйткені тек осы жақтан сенімді дереккөздерді табуға болады. Ал үшінші зерттеу тәсілі ретінде осы саланы жақын білетін маманмен сұхбаттасу жүргізілді.
Зерттеудің бірінші әдісі бойынша жергілікті тұрғындардан сауалнама алынды. Бұл әдіс халықтың жеке ойын және көзқарасын білу мақсатында қолданылды. Азаматтар еркін жауап беру үшін сауалнама анонимді ( жасырын) түрде жүргізілді. Сауалнаманың алғашқы сұрақтары жауапкер жайында болды, толығырақ айта кетсем, жауапкердің жасы, жынысы және қоғамдағы орны туралы болды. Сауалнама зерттеу мақсаттарына негізделген 4-5 сұрақтардан тұрды. Сұрақтардың барлыға қиындық тудырмайтын, әрі жеңіл болып құрастырылды. Сауалнамаға 68 адам қатысты, олардың 34 ер адам болса, 34 әйел адам болды. Жастардың саны ересек адамдарға қарағанда көп болуы өз орнында қиындық тудырды. Одан бөлек кейбір адамдар немқұрайлықпен қарап,сауалнаманы тез уақытта өту үшін түсініксіз жауаптар қалдырған. Осы бірнеше кедергіні елемесек, жалпы алғанда сауалнама маған аса қиындық тудырмады.
Сауалнамадағы бірінші сұрақ бойынша адамдар Қазақстан Республикасынының транспорттық жүйесіне баға беруі тиіс болды. Жауаптар арасында төмен, орташа және жоғары деген нұсқалар болды. Шамамен 17 қатысушы төмендеген нұсқаны таңдаса, қалған 51 адам орташа деп есептейді. Жоғары деген жауапты ешкім таңдамаған.

Екінші сұрақ бойынша қатысушылар транспорттық жүйеде қандай кемшіліктер кездесетіні туралы айта кетулері қажет болды. Осы сұраққа кейбір адамдар немқұрайлықпен қарағандықтан, жауаптардың сапасы нашар болды. Оған қарамастан, жауаптар арасында нақты және керекті нұсқалар табылды. Кейбір аймақтарда жолдың сапасыздығынан тауарлардың баяу жеткізілетіні жайлы және әлеуметтік көліктін қымбаттығы жайлы айтылып кетті.
Ал үшінші сұрақта Қазақстанның транспорттық жүйесінің болашағы бар ма деген сұраққа сауалнамаға қатысушылардың барлығы иә деген жауап берді. Демек, біздің елімізде патриот және Қазақстанның мүмкіндігін жоғары деңгейде бағалайтын адамдар тұрады деген сөз.

Екінші зерттеу тәсілі ретінде ғаламтордан әртүрлі ақпарат пен статистикалық мәліметтерді алдым. ХХI ғасыр әлемнің күрт дамыған, нанотехнологиялар мен көптеген адам сенгісіз ашылулардың мезгілі болғандықтан, ғаламторда алуан түрлі мәліметтерді табуға болады. Мен бұл жерде тек бір ғана мәселемен қақтығыстым, ғаламтордағы барлық ақпарат шын бола бермейді, яғни әр бір парақшадағы жазылған мәліметке сене бермеу керек. Сондықтан, мен тек мемлекетке қатысы бар, фактілер мен суретпен дәлелденген ғана парақшалардан келетін ақпаратқа сүйене отырып, курстық жұмысымды жаздым. Олардың қатарына liter.kz, zakon.kz және де басқа парақшалар кіреді. Аталған желілер мемлекетпен тығыз байланысты және олардан тіке ақпаратты алғандықтан, оларға толықтай сенуге болады
Зерттеудің үшінші әдісі транспорттық жүйе жайлы деректерді нақты білетін арнайы мамандардан (эксперт) сұхбат алу болды. Сұхбатқа жауап беруші: ... ... . Алынған сұхбат мынадай сұрақтардан тұрды:
Транспорттық саланың дамуы Қазақстанға қандай жетістіктер әкеледі?
Көлік секторы бірте-бірте еліміздің маңызды және негізгі нүктелерінде орналасқан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын, республикалық бюджетті толықтыратын тұрақты секторға айналып бара жатыр, яғни көлік-магистральдар мен жүк ағындарының орналасқан аумақтарда негізгі орын алады. Мысалы, өткен онжылдықта еліміздің шығысында Қазақстан-Қытай шекарасында тұтас көліктік-логистикалық және логистикалық инфрақұрылым пайда болды. Атап айтқанда, Достық-Алашанькоу темiржол өткелi Трансазия темiр жолында халықаралық тасымалдауды қамтамасыз етуде айрықша маңызды рөл атқарады. Жоңғар қақпасының ауданында, жоғарыда атап өтілген өткелдің оңтүстік жағында Қорғас-Сарыөзек екінші халықаралық теміржол желісінің ашылуы күтілуде. Демек, осы аталған теміржолдар арқылы қарапайым халық жұмыс көзін ашу немесе теміржолға жұмысқа тұру арқылы мемлекет қазынасына пайда әкеледі.
Қазақстан көлік жүйесінің қандай кемшіліктері болашақта зиян келтіруі мүмкін деп ойлайсыз?
Еліміздің транспорттық жүйесінің проблемалары да бар, қазір мен оның басты 3 кемшілігін атап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логистиканың функционалдық салалары
Дистрибуциядағы қорларды басқару
Халықаралық әуе тасымалдары
Ішкі туризм саласының Қазақстанның жетекші саласы болуындағы сенімділігін арттыру
Теміржол көлігінің Қазақстан экономикасындағы маңызы
Автомобильдік және автобустық турларды ұйымдастыру, жоспарлау негіздері
Экономикадағы көлік саласы
Көлік түрлерімен саяхаттарды жоспарлау
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезенддері
Туристік кәсіпорындарда жарнама қызметі
Пәндер